Шәкәрім және оның заманы



Кіріспе

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1.2. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы.
1.3. Шәкәрім Құдайбердіұлы және қазақ тарихының мәселелері.

ІІ.тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлы қоғам қайраткері
2.1. ХХғасырдың І.жартысындағы қазақ жеріндегі қоғамдық.саяси жағдай.
2.2. Шәкәрімнің қоғамдық саяси қызметі.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім және оның заманы
Кіріспе

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1.2. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы.
1.3. Шәкәрім Құдайбердіұлы және қазақ тарихының мәселелері.

ІІ-тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлы қоғам қайраткері
2.1. ХХғасырдың І-жартысындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси жағдай.
2.2. Шәкәрімнің қоғамдық саяси қызметі.

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында
туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан
ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында
тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында
дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте
кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы
өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста
әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы
Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін,
тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында
Шәкәрім өлең жаза бастады.
Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы
ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер -
білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка
өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста
жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста
Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел
ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды.
Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды. Ел ішінде береке-
бірлік бұзып, әрекет шығаратын дау дамайлар мен арыз-жалаларды керіп-білу,
оған үлкен өмір мектебі болды. Қазақ қауымының тірлігін тереғдей білді.
Сонымен бірге ол отаршыл патша өкіметінің түгелдей қазақ халқын аздырып,
тозды-руға негізделіп жасалған ел билеу жүйесі мен жергілікті патша
әкімдерінің сұрқия саясатының түпкілікті мақсат мүддесін түсінді.
Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып
кірісуі кырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа-тұс келеді. Туған халқының
бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен
батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз,
Физу-ли, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушұкин, Толстой сынды
керкем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті
насихатшысы болды. Бұрынғы езі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса
араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп, жоғарыдағы әйгілі
жазушылардан тамаша аудармалар жасады.
Ғылым-білім жолына біржола бет бүрған Шәкәрім Қүдайбердіүлы, дамылсыз
ізденісте болып, жер көріп, еларалады. Ол 1903 жылы қазақ даласындағы сол
кездегі бірден бір ғылыми-зерттеу орны болған Императорлық географиялық
орыс қоғамының батыс сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып
қабылданды.
Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыс
тану, жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі
оқып-зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-
арманын әрі қарай жалғастырады Шәкәрім
өмірінің толысқан кезі бүкіл Ресей мен Қазақ даласындагы болып өткен не бір
ірі оқиғалар мен зор өзгерістерге тұстас болды. Ресейдегі 1905 жылғы, 1907
жылғы революциялар мен Столыпин реакциясының көп жалғы ауырпалығы, 1914
жылғы 1 дүние жүзілік соғыс, 1916 жылғы қазақ даласындағы дүрбелен
оқиғалар, 1917 жылгы Ақпан, Қазан төңкерістері, соны-мен бірге ақын өскен
Шыңгыстау, Семей өңіріндегі Қолчак ылаңы, аласапыран алмағайып заманда
туған халқының тағдыр-талайына арашашы болған интеллигенциясының алаш
қозғалысы, қазақ даласындағы ақ пен қызыл соғыстары, қазақ даласында Кеңес
өкіметінің орнау, оның саясатындағы адам төзгісіз бұрмалаулар мен асыра
сілтеулер; 1920—1921 жылғы ашаршылықтар, аша тұяқ қалдырмауға бекінген 1928
жылғы конфискация науқаны осылардың барлығы да ақын көзқарасына, бол-мысына
өз ізін қалдырды, әуреледі, азаптады. Алайда, туған халқына қызмет етуді
мақсат еткен ол, бұл оқиғалардан сырт қалған жоқ. Оның өмірге, қоғамдық
мәні бар өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге
ұшырады, тіпті жасы ұлғайған қарт қаламгердің түңіліп, жалғыздық көрген
тұстары да болды.
Шәкәрімнің өмірдегі және өнердегі жолы, шынында да М.Мағауин айтқандай,
“ұзақ та ұлағатты, келісті әрі күрделі”. Адамгершілік асыл қасиеттерді
өміріне арқау етіп, оны ақындық құдірет-дарыны және биік азаматтық ісімен
халқына үйретуге ұмтылған ғұлама ойшылдың жан дүниесіндегі қуаныш-күйініш
сезімдерінің сырын бірден дөп басып, ашып айту қиын. Шәкәрім өмірінің соңғы
кезіндегі өз көңіл күйін “Қорқыт сарынымен” жазған өлеңі арқылы бейнелеген.
Байқаған жанға онда көп сыр жатқаны анық.

1.2. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында
Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі
шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына
сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып,
араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы
шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады ("Жастық шақ туралы",
"Кәрілік", "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық"), адам ниетінің
түзулігін, адалдықты жырға қосты ("Өмір", "Сәнқойлар", "Құмарлық",
"Қалжыңбас"), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті
жырлады. ("Жастарға", "Анық асық әулие", "Шын сырым").
Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы,
күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл
мәселелерді "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Айсұлу-Нартайлақ"
поэмаларында, "Әділ-Мария" романында ашып көрсете білді.
1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады.
Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген
жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша
"Түрік", қырғыз, қазақ және хандар шежіресі" және "Мұсылмандық шарты"
еңбектерін жазды. "Ләйлә-
Мәжнүн" (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз
етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан
төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады.
Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары
болғанына қармастан, "Кеңес өкіметінің жауы" деген жалған айыппен түрмеге
жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың
қолынан қаза табады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Үш анық" аталатын философиялық "Мұсылмандық шарты"
деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі
аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің "Дубровский" және
"Боран" повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің
туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін
жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең
тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.
Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия,
этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі
композитор ретінде де танылды.
Қазақ әдебиетінің  бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас
мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым .
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан
адамдар. Шәкәрім
Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі
туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері,
"Мұтылғанның өмірі" поэмасы, "Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі", "Үш
анық" кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар
қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін
тигізетіні анық. Ақынның талассыз
ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: "Түрік, қырғыз-қазақ һәм
хандар шежіресі" (Орынбор, 1911 жыл), "Мұсылмандық шарттары" (Орын-бор,
1911 жыл), "Үш анық" (Алматы "Қазақстан" 1991 жыл), "Иманым"— өлеңмен
жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, "Еңілік-Кебек",
"Қалқаман-Мамыр", "Нартайлақ пен Айсүлу", "Ләйлі-Мәжнүн", "Дубровский"
сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер
дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды,
халқымыздың рухани қазынаына айналды.
Ғалымның 1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы
сапары туралы ақын шығармаларывда аз-ды-көпті айтылғанына карамастан ол
арнайы зерттеуге тұратын кәделі нәрсе. Шәкәрім өзінің
қажы сапары туралы: "... Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға
барғанда тақияны кердім"— деп жазды, Семей облысының сол кездегі уақытша
генерал-губернаторы генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8 наурыздагы дала
генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында: "Предсгавляя при сем
четыре заграничных паспорта за 88 6411, 64, 6443 и 64 4 отобранные от
возвратившихся ог паломничества киргиз Бугулинской волости Семипалатинского
уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана Джулджасарова из Чингизской волости,
того же уезда Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина, донопшу, что
означенные паломники, по прибытии в пределы своего уезда, были
сквидетельствованы в состоянии здоровья и оказались здоровыми",— деп жазған
екен. Бүған қарағанда Шәкәрімнің қажы сапарының бары келіс жолы жөнінде
толық ақпарат беретін архивтік құжаттар табылып калар деген сенім бар. Ал
жоғарғы архив құжатын қарап, Шәкәрім Құдайбердіүлының Меккеге барарда алған
шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін білуге болады. Шәкәрімнің Мекке бару
сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының құдай үйіне тәу етіп, кажы
ата ту емсесті. Өзінің дін төркіндерін зерделеу ниетінен туған ғылыми
сапар деп үғыну керек. Оған оның қажы болып келгеннен кейінгі жазған
еңбектері далел бола алады. XX
ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары
болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, "Түрік, қырғыз қазақ һәм
хандар шежіресі", і(Мұсылмандық шарттарын бастырып шығарса, 1912 жылы
Семейде "Ярдем" басласынан, "Қазақ айнасы", "Қалкаман Мамыр", "Жолсыз
жаза  ("Еңлік-Кебек"), үш бірдей кітабын бастырып шығарды.
1931 жылы қазанда аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, жолсыз жазаға
тартылып ГПУ қызметкерлері тарапынан оққа ұшып қаза болды. Ұлы талант,
ғұлама ғалым көмүсіз, кебінсіз айдалада ұзақ жылдар бойы іздеусіз жатты.
Ақын опат болғаннан кейін, тоталитарлық кеңес өкіметі ұзақ жылдар
бойында буржуазиялық ұлтшыл "Алаш" партиясының қызметінде болды, коллектив-
тендіру науқаныңца бай кулактармен ниеттес болып, кеңес құрылысына
қастандық жасады деп заңсыз, дәлелсіз қаралап келді, тек 1988 жылы ақталып
Шәкәрім Құдайбердіұлы халқымен қайта табысты.

1.3.
өр кезде халық ішшен шыққан шежірешілер өз оілгендерін наоихаттап, үрпақка
қалтыруды мақоат еткен. (лэның бірі Ш. Қүдайбфдіүлы болатын.Шежірелер өлең
шежіре. эңгіме шежіре деп екі топқа
іінеді. Сондай прозалық шежіренің бірі — Түріқ, қырғыз,
қазақ һөм хандар шежіресі. Бөрімізге мөлім, XIX ғаоырдың
аяғывда ғылымның барша оалалары жаңа бір кезеңдік даму
үрдісіне ие болды. Әсіресе тарихи- философиялық, өдеби -
ідени салаларывда көптеген ізденістф пайда болды. Қазақ
дапасыңда бүл процеоо шежіренаманың да көркеюіне жол
ашты.
Шөкәрімнің Түрік, қырғыз, қазақ һөм хаңдар шежіресі
1 911 жылы Орынбор қаласыңца 1000 данамен басылған жөне
гез гарап кеткен. Сол кезде Қазақ газеті 1913 жылдың 30
наурькымдағы еанында Қазак, тежіресі бүтін қазақ, қырғыз,
баоқа түрік жүрттарьшың һөм хаьщарының шеяаресін анықтап
ШШШ ТЗРИХ Шшбът — деп бағалады. Осы газетгің 1913
ШҒЫ № 2 еаншда ГЯЗет оқырманы жарияланған шежіре
:.ында ой бөлісіи, кейбір ескертпелерді жасайды. Шөкөрім
шған газетгің 1914 жылғы № 61 еанында сол оқырманға
жауап қайтарады; ... Шежіремді бағасынан артық
мақтағаныңызға қуанбасам да, қазақіы шежіре окуға
зықтырғаныңызға төңірі жарылғаоын. Яғни, Шөкөрім газет
ырмандарының оңды пікіріне ризалығын білдіріп, кең қауым
көңілінен шыққанын аңғарды.
Шәкөрім шежіреге қайта толықтыруларды енгізіп,
і елерін түзетіп, қайтадан бастырмақ болған. Бүл мақсаты
галы өзінің Қазақ газетіңде жариялған бір мақалаоында
ашық жазады.сҚазақ, 1915ж.,15 қа:зан) Мақала хат жанрыңда
жазылады, Барша қырғыз-қазақ білімділеріне ашық хат деп
аталады.Сол хаттан үзіі-зді келтіреміз: Кем- кетік боса да
^Қазақ шежіреоін жазып, бір мың кітап бастырып едім. Ол
алып бітгі. Өмір болса, тағы баотырмақ едім. Сол себепті
ны оқып көргеңдеріңізден отінемін: штыотан ©отігеңціктен,
)гі аталарда қатесі болса, шын, анығын тауып, не хат арқылы
\іе. не Качг-ж гязеті яшн.ш бі.тгпіповн-і^леп е.лгі Ғгаппр. япрм
ғана мешкі дүрыс деген сөз толық болмайды,
Әрине, өркім өз атасын анық біледі. Әр таптың талапкерлері бір-бір шежіре
жазып бастырғаны жақеы. Мысалы, Қуаңдықты, Сүшңціжті, Атығай, Қарауылды
дегендей. Әрқайсысын бір-бір кітапша қылса, жарар еді, Әйтеуір, басьш біз
бастадық, еңцігісін өзі жазоа да яки бізге кешіктірмей анық хабар қылса да
толықгырмақ әр таптың талаптарына міңдет деп білемін Шәкәрім
Шөкөрім шежіресінде қамтылған мөселелер аумағы, мазмүндылығы өте кең және
бай деп көрсеіуге өбден түрарлық. Оған кітап гараулары куә — Қазақтың
қайдан шыққаны, Қазақтың үш жүзге бөлінгені? Үлы жүз жайы туралы. Кіші жүз,
Орта жуз. Арғын, Әмір-темір нөсілі, Шыңғыс хан, т. б.
Кңбекті ғылыми монографияға жатқызудың еш қисьшеыэдығы жоқ. Автордың
өзіңдік оұрыптаулары, ткірлері кігаіггың қай жерінде болмасын, иңдивщуаддық
сипатын деле^щеп береді, өзінше к^ызық,
Кейбір деректфдің мазмүнын келтіре отырып, Шөкөрім ертегі оьпфілды
қиоынсыз оөз деп келіопей немеое өз ойынша төменгі сөзге қисывдырамыи
деп ой-пікір жарыстырады. Айтқаны дөлелді болу үшін оқыған кітантарына
сілтемелер жаоаңды. Сәйтіп, ол қазақ тарих ғылымында осы күнге дейін дүрыс,
терең, ғылыми шешім таппай келе жатқан қазақтың қаңдан шыкданы, үш жүзге
бөліну себептері, (злардың атақты адамдары, таңбалары, т.б. ерекшеліктері
оияқты проблемаларды зерттеу, шешу қажеттілігіне көңіл бөледі, ой тастайды.
Шөкөріммен Қазақтың қалмақган жеңіліп, Ақтабан шүбырывды көргені,
Әбілмансүр Абылай ханның кежчені 9ИЯҢТЫ тарауларда да нақтылы деректф.
аңыздар, өлеңцер келтіріледі. Сол сияқты қалмақпен ооғыоқан кезде қазақ елі
1723 жылы үлкен сөтоіздікке үшырап, Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама
атаульіБЫ көргені, оның мазмүны мен жайы, сыры туралы сөз қозғайды. Бүдан
бүрын кем де кем тарихшы

2.1.
ХХ ғасыр басындағы ұлт–азаттық қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі —
оның жетекші күші ретінде алға жаңа саяси элитаның, яғни зиялыларының шығуы
еді. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған
жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең
өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси
билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен
зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге
бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен
қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының
өрши түсуі соның айғағы болатын. Жаңа өмірге келген Алашорда өкіметінің ең
алғашқы жасаған әрекеттері де қайткен күнде ұлттық бірлікке жетуге
бағытталды. Съез өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда өкіметі Сырдария
қазақтарының съезін шақыру туралы тиісті адрестерге жеделхаттар жолдады.
Қазан революциясы мен патшалы Ресей империясы
аумағында басталған ішкі қантөгісті қырғын, Азамат соғысы, Қазақ даласына
орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан
қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен
біржола көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі
қазақ халқының шамамен бестен бірі еді. Ал 1921—1922 жылдардағы ашаршылық
қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы
жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын
көбейтіп жіберді. Кеңес үкіметі орыстық өктемдіктің жаңа, қазақ халқы үшін
бұрынғыдан да қатыгез сипат алған жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл
жағдайларды көзімен көріп, басынан кешірген озық ойлы қазақ зиялылары
жаппай экономикалық және рухани тоқырау жағдайында, болып жатқан
өзгерістерді талдап түсінуге, өз мүмкіндіктерінше халқы үшін тиімді бағытқа
бұруға тырысты. Олар орталықтан ерекше құзырмен келіп, өктем сөйлейтін
көптеген партия мен үкімет өкілдерінің жергілікті жағдайды түсінбейтінін,
тіпті түсінгісі келмейтінін көрді. Бұл жағдай, әсіресе, Қазақстанда жаңа
қоғам құрудың әдістері арнайы және принципті түрде сөз болған Қазақ партия
ұйымының ІІІ конференциясында айқын байқалды. Ол 1923 ж. 17—22 наурыз
аралығында Орынбор қаласында өтті. РК(б)П ОК-нің өкілі Е. Ярославский мен
РК(б)П Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен
сөйлеген сөздерінде ұлттық мүддеден бас тартуды, кедейлердің таптық санасын
көтеруді негізгі мәселе етіп қойды. Негізгі мақсат “кедейдің әлі оянбаған
таптық инстинктін шайқау, көтеру”, тіптен “...ең дұрысы кедейді байға тік
қарсы қою, сол арқылы кедейлерге кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екенін
сездіру” деп баса көрсетті. Біз осы мәселеге байланысты коммунистердің
марксизм-ленинизмнің таптық күрес туралы теориясын бетке ұстай отырып,
қазақтарды бір-біріне қарсы қоюға, жауластыру, жаңа қырғынға ұшыратуға
ұмтылысын байқаймыз. Бұл әрекет сондай-ақ “таптық күрес” теориясының зиянды
жағының айқын дәлелдерінің бірі. Не тәуелсіз ел болмай, не сенген Кеңес
үкіметі мен оның өкілдері жақсылық жасаудың орнына жағдайын қиындатқан
қазақ халқы терең экономикалық әрі рухани күйзеліске бет бұрған еді. Оны
көріп, біліп отырған С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Темірәлиев, Х.Нұрмұхамедов
сияқты жергілікті кеңес және партия қайраткерлері елді тағы да байлар мен
кедейлерге бөле отырып, қырғынға ұшыратуға үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар
елдегі жағдайды қантөгісті күрес тәсілімен емес, бейбіт экономикалық және
саяси әдістермен реттеуді ұсынды. Дәлірек айтатын болсақ, С.Сәдуақасов:
“Қазіргі уақытта қырғыз (қазақ — авт.) кедейлері біреудің қанауынан емес,
жұмыссыздықтан азап шегуде. ...Қазіргі кезеңде ел сілкіністерге емес, бейбіт
еңбекке мұқтаж. Елді жаңа экспроприациялар емес, еңбек пен ғылым құтқармақ.
Экспроприация идеясы билікке қарсы көтеріліс немесе соған жақын нәрсе.
Бізге патша үкіметі тұсында мұндай қоздыру туғызу қызық болғанымен, біздің
жағдайымызда қазақ даласында ондай жасанды қоздырулар туғызудың қызығы
шамалы. Мемлекеттік адамдар мемлекет мүддесі тұрғысынан ойлауы керек” деді.
Бұл кезеңде байлармен күресті революциялық
төтенше шаралар арқылы емес, бейбіт жолдар арқылы жүргізуге толық жағдай
бар еді. Өйткені, біріншіден, билік Кеңес үкіметінің қолында тұрды.
Екіншіден, қазақ ауылында кедей және орта шаруалар басым көпшілік болатын.
Бірақ жергілікті жағдайды терең түсінбеген Ярославский мен Вайнштейн
С.Смағұловтың дұрыс дәлелдемелеріне қазақ қоғамын социалистік негізде қайта
құруға көрсетілген қарсылық, байларды жақтаушылық ретінде баға беруге
тырысты. Ал аймақтық ерекшеліктерді ескеруді талап еткен ұлттық
қайраткерлерге революциялық өзгерістерге даяр емес, білімсіз, тар өрісті
“ұлтшылдар” есебінде қарады. Соны жақсы түсінген С.Меңдешев, Ә.Асылбеков,
С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Н.Нұрмақов сияқты бір топ
қайраткерлер, барлығы 14 адам Е.Ярославскийдің атына наразылық білдірген
хат жолдады. Онда біріншіден, байларға қарсы, екіншіден, орыстық шовинизм
мен жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күрес жүргізу, үшіншіден, қазақ ауылында
таптық күресті күшейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, орыс басшылардың қазақ
коммунистеріне сенімсіздікпен қарайтыны көрсетілді. Бірақ бұл
қайраткерлердің қазақтарды тапқа бөлу арқылы қырқыстыру, ұлт ретінде
төменшіктету бағытына қарсы күресі кеңестік орталық үкіметтің саясатына
қайшы еді. Кеңестік отаршылдық саясаттың бұл бағытын шағын топ болып жеңу
іс жүзінде мүмкін емес болатын. Сондықтан да осы кезден бастап ұлттық
интеллигенция мен кейбір партия қайраткерлері өздерінің ұлтшыл емес,
интернационалист екенін дәлелдеп отыруға мәжбүр болды. Бұл іс жүзінде
орталық пен ол жіберген өкілдер алдында қазақ басшылары мен
интеллигенттерінің сағының сынып, төменшіктеп отыруына әкелді. Осылайша
тоталитарлық жүйенің қазақ жеріндегі саяси өктемдігі мен озбырлығы
қалыптаса бастады.
“Кіші Қазан” науқаны. “Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске
асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы
Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-
тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай
саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген
ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан”
науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған,
сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды.
Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық
дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс
өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір
сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин
түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың
негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі
талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес,
керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар
рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын.
Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі
жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті
малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926
ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және
жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта
бөлу туралы” заңы негізінде басталды. Шабындық
және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында
басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы
баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384
десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді:
“Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл
жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу
дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда
Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын
мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып
алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл
ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин
1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші
Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз
аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі
әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық
және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми
мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға
кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың
айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с
өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді
және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың
бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда
жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер
бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен
ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық
кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір
ауылдық кеңестер төрағалары осыған байланысты орындарынан алынды”.
“Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған
Голощекин қолындағы билікті пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа,
тікелей күшпен тәркілеу бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да
қатерлі бағыт еді. Қазақ ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты.
БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың
белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес
үкіметінің қазақ жерін отарлауы басталды. Бұдан кейін қабылданған шешімдер
мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта
тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады. Ол негізінен,
интернационализм — барлық ұлттар мен халықтар теңдігі идеясын бетке ұстай
отырып іске асырылды. Іс жүзінде ол орыстардың ғана мүддесін қорғап,
қолдаған жалған интернационализм саясаты еді. 1927 ж.
қарашада өткен VІ жалпықазақстандық партия конференциясы байлардан мал мен
мүлкінің бір бөлігін алуға мүмкіндік беру қажет деп есептеді. Кешікпей,
желтоқсан айында, тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия
құрылды. Ал келесі 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың шаруашылығын тәркілеу
туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық
жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы” деп аталған
екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылықтың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді.
Малмен қоса, бау-бақша, ауылшаруашылық құралдары — соқа-сайман, арба, шана,
тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп,
619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының
қолымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды бір-біріне айдап салу, өзара
қырқыстыру әрекеті тереңдей түсті. Сөйтіп, дүние-мүлкін талан-таражға салу,
өндіріс құралы мен негізгі тіршілік көзінен айыру қолға алынды. Дәстүрлі
шаруашылық құрылымының күйреуі барысында басты күнкөріс құралы — малдан
айырылған қазақтар әлеуметтік-экономикалық күйзеліске, жаппай қайыршылыққа
бет бұрды. Голощекин жалпы Одақ
көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне қолайлы жағдайларды ұтымды
пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды.
Солардың бірі ескі (салыстырмалы түрде — М.Қ.) революцияға дейінгі,
анығырақ айтқанда, алаштық интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі
құйтырқыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы
қою болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың басында жоғары билікке енді ғана
араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана
бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан
түрлі топтар (меңдешевшілдер, сейфуллиншілдер, сәдуақасовшылдар т.б.)
біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болды сияқты айып таққан. Олардың
арасында кезінде билікке қарсы әрекеттер жасаған алаштық интеллигенцияны
ғайбаттап, жаңа өкіметтің Қазақстандағы өкілдеріне жағынып, қызмет бөлісуді
көздегендер де бар еді. Басқаша айтқанда, ескі патшалық тәртіп тұсындағы
болыстық үшін талас, енді жаңа жағдайда өзге сипат алды, рулық бөлудің
орнын таптық бөлу басты. Тек ұлттық тұтастық негізде ғана шешілуі мүмкін
жалпыұлттық міндеттер тағы да кейін шегерілді. Аға буын интеллигенцияның
ескі империялық тәртіпке қарсы күресі өзіне тиесілі бағасын алу емес,
тіптен оның бұл күресте жиған тәжірибесі де керексіз боп табылды.
Билікте жүрген интеллигенцияның өзара
бақастықта саяси күрестен аласталған алаштық интеллигенциямен байланысты
көлденең тартуы, түптеп келгенде, оның өзіне бәле болып жабысқанын сезбей
қалды, ал қоғамдық-саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ
зиялыларының бұл кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалана білді. РКП(б) Қазақ
обкомының жауапты хатшылары Коростелев пен Нанейшвили түрлі топтар арасында
тепе-теңдікті сақтау саясатын ұстанды. Дегенмен әр түрлі айлақорлықпен
қазақ интеллигенциясын түрлі топтарға бөліп тастап, оларды өзара
қырқыстырып қоюда ерекше “табысқа жеткен”, әрине, Голощекин еді. Ол қазақ
интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа, яғни кеңестік интеллигенция
деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да жіктеді.
Халықтың тарихи жолынан хабарсыздық
түрлі надандықтарға жол ашатыны мәлім. Мұндай кемшілік мемлекеттік қызметте
бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай, Шәкәрім мұрасындағы рухани тұтастық немесе жантану ілімі жайында
Қайта өрлеу дәуірі музыкасы
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы
Абай мен Шәкәрім кесенесі
Шәкәрім және парсы әдебиеті
Тауарих хамсада тарихи - этнографиялық деректердің орын алғанын, қазақ халқының күнтізбесіне байланысты мәліметтердің кездесетінін
Шәкәрім тойы – елдің тойы
Пәндер