Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері


СОДЕРЖАНИЕ
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері:5
1 1, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ7
2 ӘДІСТЕМЕЛІК
2. 1 Алғашқы және қорытынды конференциялар16
2. 2 Студентке мектеп үйірмесіне басшылық жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар17
2. 3 Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар17
2. 4 Сынып жетекшіге көмекші студентке арналған әдістемелік нұсқаулар18
2. 5 Сынып ұжымын зертеу және мінездеме дайындау үлгісі19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ22
ҚОСЫМША А25
ҚОСЫМША Ә26
Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау26
ҚОСЫМША Б27
ҚОСЫМША В28
ҚОСЫМША Г31
ҚОСЫМША Ғ32
ҚОСЫМША Д33
ҚОСЫМША Е34
ҚОСЫМША Ж35
ҚОСЫМША З36
ҚОСЫМША И37
ҚОСЫМША Й39
АЛҒЫ СӨЗ
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.
Н. Ә. Назарбаев
(Мұғалімдердің ІІ съезінде
сөйлеген сөзінен)
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Л. Н. Гумилев атындағы ұлттық университетіндегі лекциясында Қазақстанның әлемдегі елу дамыған, бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру туралы стратегиясы ұсынылды. Онда негізгі басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен алдыңғы қатарлы ғылымды дамыту деп аталып өтілді.
Жастардан жаңа ғасыр талаптарына жылдам бейімделіп, бәсекеге қабілетті болу талап етіледі. Университеттердің алдында жоғары білікті мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Ол үшін студенттер әрқашан жаңа білімдерді игеріп, өзін- өзі жетілдіру жұмысын жүргізуі қажет.
Педагог мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды роль атқарады. Ол оқу тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің практикамен байланыстылығын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық тәжірибе студенттің болашақ кәсіби ісәрекетке дайындығын алғашқы күрделі тексеру құралы және түлектің дайындығын бағалау өлшемі болып табылады.
Кәсіби мамандарды даярлау көп жақты процесс, онда үзіліссіз педагогикалық тәжірибе маңызды орын алады.
Педагогика кафедрасы педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін бірқатар әдістемелік нұсқаулар басып шығарды. 2005 жылы А. К. Игибаева, Н. А. Завалко, Н. С: Мышко, Л. Р. Аубакирова, Г. Т. Тохтарова, М. К. Кусаинова, Н. Б. Игисинова, Н. И. Сухановалардың авторлығымен «Үздіксіз кәсіби дайындық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру» атты әдістемелік нұсқау жарық көрді.
Бұл әдістемелік нұсқау І және ІІ курстағы ҮПТ міндеттері мен мазмұнын кеңірек ашып көрсетеді. Бұл үздіксіз педагогикалық тәжірибелер қазіргі кезде оқу- таныстыру, кәсіби- таныстыру, оқу - тәрбиелік тәжірибелер деп аталады.
Бұл басылым аталған әдістемелік нұсқаулармен бірге (Өскемен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ; 2005ж. ), Типтік оқу бағдарламалары. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Үздіксіз педагогикалық практика. 050100 «Білім беру» мамандықтары үшін. Алматы, 2005., Панкеевич Г. И. С. И. Сысоеваның «Педагогическая практика» М., 1999; Е. Б. Весна «Профессиональная педагогическая практика» М., 1999 сияқты құжаттар мен еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Г. Ю. Гущина «Формирование образовательного потенциала студентов в ВУЗе» (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университеті) атты педагика ғылымдарының кандитдаты ғылыми дәрежесіне ізденушінің диссертациялық зерттеуі және « Методические рекомендации в помощь студентам и преподователям пед. институтов по организации непрерывной пед. практики» . - Алма Ата, - 1986 атты оқу әдістемелік құралдар мен нұсқаулар негізінде дайындалды.
ҮПТ студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп, перспетивті мүмкіндіктерін аша түседі. Яғни болашақ педагогтар тиімді білім беру потенциалын қалыптастыруды қажет ететін ортаға түсіп, студенттер алған білімдерін, іс- әрекет тәсілдерін іс жүзінде қолданып, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесін жинақтап, эмоционалды құндылықты қарым- қатынас пен әлеуметтік қасиеттерге ие болады.
Тәжірибе студентке күтілетін іс- әрекет аясында педагогтың жұмыс мазмұны мен міндеттерімен танысуға және теориялық, практикалық курстарды зерттеу барысында өзінің білімі мен іскерлігін бектіпі тереңдетуге мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру;
- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;
- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;
- балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.
Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:
- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;
- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
- әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;
- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;
- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;
- өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру;
- сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;
- сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т. б. өңдеу ) ;
- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;
- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;
- оқушылардың күнделіктерін тексеру;
- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;
- жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;
- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық) ;
- балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;
- мұғалімдермен, дотарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.
1 1, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
І курс студенттерінің тәжірибесі педагогикалық мамандықтың негіздерін игеруден басталады. Олар жалпы білім беретін мектептерге бөлініп, педагогика пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес мектептің жұмыс тәжірибесімен, пәнді оқыту әдістемесінің негіздерімен танысады.
І, ІІ курс студенттерінің іс- әрекеттеріне :
1. Танысу:
- мектеп, сынып ұжымының негізгі бағыттарымен, оқу жылына арналған жұмыс жоспарларымен танысу;
- мектептің санитарлық- гигиеналық жағдайымен танысу;
- мектептің пәндік кабинеттерді ұйымдастыру тәжірибесімен, әдістемелік кешенмен, дидактикалық материалдармен танысу.
2. Меңгеру қажет:
Оқушыларды зерттеу әдістемелік кешенін меңгеру (бақылау әдісі, әңгімелесу, сауалнама, іс- әрекет нәтижелерін талдау), алған нәтижелерді талдау.
3. Оқу- тәжірибе жұмыстарына қатысу.
Студенттердің ҮПТ іс- әрекет мазмұнына балалармен, жасөспірімдермен, ата- аналар қауымымен тәжірибе жұмыстары кіреді.
ҮПТ мазмұны төмендегі іс- әрекеттерді де қамтуы тиіс:
-өз пәні бойынша оқушылармен жұмыс;
- сабақтан тыс тәрбие жұмыстары;
- қоғамдық- ұйымдастырушылық жұмыстары;
- кәсіби- бағдарлау жұмыстары.
Аталған іс- әректтерді І- ІІ курс студенттері сынып жетекшісінің, психологтың, пән үйірмесінің жетекшісінің көмешісі ретінде орындайды.
Студенттердің тікелей тәжірибелік іс- әрекеті жұмыс жағдайын зеттеуден басталады:
- болашақ педагогтар оқу- тәрбие мекемесінің материалдық- техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және мектептердің міндеттерімен танысу;
- бастауыш сынып мұғалімдері ( ББПМ мамандықтары) және әр түрлі пән мұғалімдерінің іс- әрекет ерекшелігімен танысу;
- сабаққа дидактикалық материалдарды таңдап алуға көмектесу;
- сынып жетекшісінің іс- әрекетін зерттеу;
- сынып ұжымының жас және дербес ерекшеліктерін зерттеп, оқушыны зерттеуге арналған әдістемелік зерттеу кешенін игеру;
-ҮПТ процесінде студент педагогтың жұмысын бақылап, олардың және әдіскерлердің көмегімен оқушыларды зерттеп, өз іс- әрекетін жоспарлау;
- студент сынып сағаттарына қатысып, сынып жетекшілерімен әңгімелесіп, сынып сағаттарын, таңертеңгіліктерді, мерекелік шараларды өткізуге және дайындауға көмек жасау;
Студентердің жұмысына жоспарлар, есептер, журналдар, оқушылардың жеке істері, мед. карталар сияқты құжаттарды зерттеп, үлкен көмек жасайды. Студенттердің өзіндік жұмысына шығармашылық, зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар беріледі. ҮПТ тиімділігінің негізі- оның шығармашылық, оқу- тәрбиелік сипатында, мазмұны мен ұйымдастыруна кешенді келу, оны өткізудің жүйелілігі мен бірізділігі.
І және ІІ курс студенттерінің іс- әрекет мазмұны төмендегі кестелерде (1, 2, 3, 4) берілген.
Кесте 1 - 1 курс (1 семестр) студенттерінің іс- әрекет мазмұны
1 кестенің жалғасы
1 кестенің жалғасы
Кесте 2 - 1 курс (2 семестр) студенттерінің іс әрекет мазмұны
2 кестенің жалғасы
Кесте 3 - 2 курс (үшінші семестр) студенттерінің іс-әрекет мазмұны
кестенің жалғасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz