«Қазіргі әлемдегі аймақтық шиеленіс ошақтары (Иран,Ирак,Таяу Шығыс)»


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Мемлекетінің Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институты

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Қазіргі әлемдегі аймақтық шиеленіс ошақтары (Иран, Ирак, Таяу Шығыс) »

Орындаған: Сапарова С.

Тексерген:п. ғ. к. Қасенов С

Алматы 2008

Жоспары

  1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Иран мемлекеті

в) Ирак мемлекеті

с) Таяу Шығыс мемлекеттері

3. Қорытынды

КІРІСПЕ

Менің қарастыратын мәселем қазіргі әлемдегі аймақтық шиеленіс ошақтары (Иран, Ирак, Таяу Шығыс) болып табылады. Бұл елдерді шиеленіскен ошақтар деп айтудың себебі, қазіргі оқиғалар негіз бола алады.

Сонымен бірге елдердің байлығыда басқа елдердің назарын өздеріне аударып отыр. Қызығушылығын тудыруда.

Осы шиеленіскен оқиғалар елдердің халықтарының жағдайын, тұрмыс тіршілігін әлсіретіп отыр.

Сонымен қатар сонғы қақтығыстар діндер арасында алауыздықты туғызып отыр.

Террорлар саны күннен- күнге өсуде. Осы оқиғалар өз шегіне жетпей жалғасын таба берсе бұл бүкіл әлемдік қауіпке айналуы мүмкін. Енді төменде осы елдерге рет-ретімен тоқталып өтейін.

ИРАН МЕМЛЕКЕТІ

1. Тегеран2. Кум3. Орталық остан4. Казвин5. Гилян6. Ардебиль7. Зенджан8. Шығыс Азербайжан9. Батыс Азербайжан10. Күрдістан:

1. Тегеран

2. Кум

3. Орталық остан
4. Казвин

5. Гилян

6. Ардебиль
7. Зенджан

8. Шығыс Азербайжан

9. Батыс Азербайжан

10. Күрдістан

11. Хамадан12. Керманшах13. Ислам14. Лурестан15. Хузестан16. Чехармехаль и Бахтиария17. Кохгилуйе и Бойерахмед18. Бушир19. Фарс20. Хормозган:

11. Хамадан

12. Керманшах

13. Ислам

14. Лурестан

15. Хузестан

16. Чехармехаль и Бахтиария

17. Кохгилуйе и Бойерахмед

18. Бушир
19. Фарс

20. Хормозган

21. Систан и Белуджистан22. Керман23. Йезд24. Исфахан25. Семнан26. Мазендеран27. Голестан28. Солтүстік Хорасан29. Хорасан Резави30. ОңтүстікХорасан:

21. Систан и Белуджистан

22. Керман

23. Йезд

24. Исфахан

25. Семнан

26. Мазендеран

27. Голестан

28. Солтүстік Хорасан
29. Хорасан Резави
30. ОңтүстікХорасан

Иран ( 1935 жылға дейін ПЕРСИЯ) - Азияның оңтүстік-батысында бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде ТМД мен, батысында Түркиямен, Иракпен, шығысында Ауғаныстанмен Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде-Каспий теңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман шығанақтары. Жері 1, 6 млн. км. Халқы 30, 9 млн (1972) . Астанасы Тегеран қаласы.

Иран 30 останға бөлінеді:

Жерінің көбі тау, ол Армян таулы қыратының оңтүстік Табиғаты

Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан-шығысы жағы мен. Иранның шет жақтарын Солт. Иран және Оңт Иран шығ Иран таулары орталық бөлігін Кухруд жотасы Деште-Лут шөлдері алып жатыр. Геологиялық құрлымы жағынан алғанда Иранның жері альпілік геосинклиналь аймағы құрамына кіреді. Пайдалы қазындылары -мұнай газ, тас көмір, хромит т. б

Климаты субтропиктік, континентік жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңт жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Иран территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді. Олар-Солтүстік Иран, Оңтүстік -батысында Иран таулары, Шығыс Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңтүстік Иран таулары, Оңтүстік Иранның теңіз жағалауындағы ойпаттары, Солтүстік Иранның ойпатты жазықтары.

Тарихы

Фашистік Германия мен милитаристік Жапонияның талқандалуы 1945-46ж Иранда демокр антиимпералистік қозғалыстың жаңадан өрістеуіне қозғау салды. 1946ж өкімет басына келген кавама-әс-Салтане үкіметі Ақш пен Ұлыбританияның қолдануына сүйеніп, Ирандағы демокр қозғалысты күшпен басты. 1950-1951ж басында ағылшын -иран мұнай компаниясына қарсы тағы да күшейе түсті.

1951ж казанда барлық мұнай кәсіпшіліктері мен мұнай айыру заводтарынан ағылшын мамандары түгелдей қуылды. 1953 Ұлыбританиямен дипломатиялық қатынасты қалпына келтірді.

1954ж Оңтүстік Иран мұнайын пайдалануға беру туралы Халықар. Мұнай консорциумымен келісімге қол қойды. 1955ж Иран агрессияшыл Бағдад пактысіне қосылды.

Иран таулы қыраты - Алдыңғы Азиядағы таулы қыраттардың бірі. Иран таулы қыраттының батыс бөлігінде жанаса Армян таулы қыраты, шығысында Памир таулары жатыр. Ауданы 2, 7 млн км, батыстан шығысқа 2500 км-ге, солтүстіктен оңтүттікке 1500 км-ге жуық созылып жатыр. Шамамен 2/3 бөлігі Иранда, қалғаны Ауғанстан мен Пакистанда; солтүстік шеті СССР жерінде, батыс аймағы Иракта. Рельефі аса күрделі, қатпарлы - жақпалы таулар, таулы қыраттар және аккумуляциялық жазықтар алмасып жатады. Альпі орогенезі қамтыған аймақта жатқандықтан, онда жердің көтерілуі мен сілкінуі болып тұрады. Иранның таулы қыраттарының ішкі аймағын таулар доғаша қоршап жатыр. Солтүстік лоға Эльбурс, Түркмен - Қорасан, Мекран тауларының бірнеше жотасынан тұрады. Шығыс бөлігі Киртхар, Сүлеймен тауларынан, Спингар, Хиндурадж жоталарынан құралған.

Иран Шығыс Азия мен Ислам елдеріндегі әлемдік экономикадағы ірі держава. Иран Евразияның маңызды жерлерінің бірінде орналасқан. Мұнда мұнай мен газ, ядролық бағдарлама бар. Машина құрастыру мен мателл өндіруменде айналысады. Негізгі серіктестері болып Қытай, Жапония, Германия, Италия, Түркия елдері.

1979 жылы Ислам революциясынан кеін өз тәуелсіздігін алған.

1980 жылы Иран АҚШ пен КСРОның көмегімен Хузестан мұнайын меңгерді. Сонымен бірге Иран- Ирак елдерінің арасында соғыс болған.

Иран әлем елдерімен дипломатикалық қатынас орнаған.

Қаіргі таңдағы Қазақстан мен Иран арасындағы қарым -қатынас.

Ромин Мехманпәрәст, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі: Бізге осыншама шүйліккен АҚШ-қа алғыстан басқа айтарымыз жоқ

алады. Солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа ағылған тасымал екі елге де пайдалы болып табылады. Соның нәтижесінде өте бір сәтті транзиттік жағдай қалыптастыруға қол жеткізе аламыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері екі ел арасында екіжақты ынтымақтастықтың үздік үлгісі қалыптасты. Сөйтсе де, менің ойымша, қатынасқа қарқын бітіру үшін бауырмалдық межесін айқындап алу керек болады. Бұл байланысты ширату ірі қадамдарға баруымызға ұйытқы болып табылады. Сондықтан бұл сапар сол бауырмалдық межесін айқындайды деп есептеймін. Оның дәлелі ретінде дүниеде қазіргі қалыптасып отырған жағдайды айтуға болады. Бұл - бір. Екіншіден, экономикада айтарлықтай жетістікке қол жеткізген Қазақстан кәдімгідей алыс-жақын елдерді елеңдетіп отыр. Соның нәтижесінде Қазақстан қазір аймақ деңгейінде өзіндік келбетке ие болды. Иран да аймақ және әлем деңгейінде ерекше стратегиялық жағдайға ие болып табылады. Қазір "құланның қасынуына мылтықты басатын" сәт. Осы сапар барысында Қазақстан мен Иран аймақтағы маңызды да құдіретті елдер ретінде өзара байланысына тағы да қан жүгіртіп алуды ойластыруда. Біз экономикалық тұрғыда байланысымызды дамыту бағытында, тек қана сауда, тек қана экспорт-импортпен шектелетін деңгейден әлдеқашан өтіп кеттік. Қазір біз екіжақты байланыс деңгейін ірі жобаларға кірісіп, техникалық және технологиялық салада білім алмастыратын, біріккен инвестициялық жобаларды кәдеге жарататын дәрежеге жеткіздік қой деп ойлаймын. Ендігіде шикізатты басқа елге болмашы бағаға сатып емес, шикізаттан өнім жасап, тиісінше оны оңды бағаға сатып, экспорттау абзал. нақты қазір Иранда Қазақстанмен бірігіп, ортақ мұнай өңдеу зауытын салуды ойластырып отырмыз. Біріккен инвестиция нәтижесінде өнім өндіріп, оны "шикі" бағаға емес, шын бағасына өткізе алатын мүмкіндік қалыптасады. Иран оңтүстігіндегі Әсалуйе жеріндегі газ өңдеу зауыты үшін де ортақ инвестиция мәселесішешетін болсақ, Қазақстан табиғи газ емес, сұйытылған газ эказ бағасымен салыстырғанда, әрине, әлденеше есе жоғары болады. Сондай-ақ металлургия саласында да кеніштерге ортақ инвестиция құйып, одан өзімізге тиесілі пайдаға қол жеткізу ойда бар. Бұл екі ел экономикасын одан әрмен ұштап, жетілдіруде таптырмайтын мүмкіндік болып отыр. Осы орайда біз бір-бірімізге стратегиялық әріптес бола алатын елдерміз.
Бұған қоса, Қазақстан мен Иранның жағрафиялық жағдайы да екі елді де болашақта өнім мен энергетика тасымалы жолдарына айналдыра

Еуропа мен Иран арасындағы байланыс

Біз Еуропа Одағымен саяси, экономикалық тұрғыда өте жақсы қарым-қатынас ұстанып отырмыз. Еуропа елдерінде АҚШ-тың алдында Иранды көпе-көрінеу жығып бере салмайтын салиқалы басшылар жеткілікті. Мұндайда Иранның ядролық бағдарламасына қарсылықтың бар болғаны саяси сипат иеленіп кеткенін ескеруге тиіспіз. Небір түрлі бақылау технологиялары мен құрылғыларына ие Американың өзі де біздің мақсатымыздың тек бейбітшілікке негізделгенін тамаша біледі. Біз ешқашан да ядролық қаруға ықылас танытқан емеспіз. Біз де Халықаралық атом агенттігінің (МАГАТЭ) толыққанды мүшеміз. Ядролық қаруларды таратпау келісіміне қол қойған елдің бірі ретінде біз де ядролық қару өндіруге қарсымыз. Біз Таяу Шығыс аймағының ядролық қарудан ада аймақ болуын жақтаймыз. Біз алпауыт елдердің де өздері бас болып, ядролық қаруларын жоюын қалаймыз. Адің алдымызды бөгеуге барын салып жатыр. Тіпті қоқан-лоқы жасап, үркітуден де тайынып отырған жоқ. Бізге қарсы заңдар қабылдануда.
Бұл мәселе Иранда әлдеқашан шешіліп қойған еді. Біз толықтай атом энергетикасын өндіру технологиясына қол жеткізіп отырмыз. Біздің осы бағыттағы іс-әрекеттеріміз толықтай бейбіт мақсатқа негізделген. Халықаралық атом агенттігі сан мәрте Иранға инспекторларын аттандыра отырып, тексере келе заңға қайшы әрекеттердің болмағандығына көз жеткізді. Агенттік басшысы Мұхаммед Әл-Барадеи мұны қуаттап, АҚШ-тың өзеуреуіне қарсылық білдірді. Қазір Иран мен агенттік арасында техникалық және құқықтық салаға байланысты бірнеше мәселе бар, ол да әне-міне дегенше шешіліп қалуы керек. Бұл мәселелер тек Иранға ғана қатысты емес, агенттікке мүше елдердің барлығына да қатысты болып табылады. Таяуда Мәскеуде Саркози Путинмен кездескенде де осы мәселе талқыланды. Путин сонда Иранның атом энергетикасын әскери мақсатқа пайдаланғанын дәлелдейтін ешқандай дәйектің жоқ екендігін айтты. Сондықтан жанжал тудырып, аттан салудың жөні жоқ.
Жалпы, АҚШ Иранда ислам төңкерісі жеңіске жеткен 29 жылдың ішінде әр жыл сайын әр немені сылтауратып, бізге тиісіп отыруды дағдыға айналдырып алды. Кейде демократия жоқ, кейде әйелдер еркін емес деп шығады. Әр кезде әртүрлі сылтау табады. Ядролық бағдарламаға қатысты шу да көп ұзамай доғарылатын болады. Дегенмен АҚШ бұл мәселенің мәнісі белгілі болғанда

Өте жақсы әсер етті. Өйткені Иран халқы 29 жыл бойы өз тәуелсіздігін қорғап келеді. Осы аралықта әлемге үстемдік етпекке ұмтылған алпауыт елдер бізге қысым көрсетумен келеді. Санкция қабылдап көрді. Саддам Хусейн тәрізділерді бізге айдап салып, шабуыл жасап та байқады. Ел ішінде лаңкестерді қолдап, басшыларға қастандық жасады. Қысқасы, ирандықтар агрессиядан көз ашпады. Қауіпсіздік кеңесінде тағы да қабылданғалы жатқан санкциялар біздің халқымыздың асқақ рухына нұқсан келтірмек емес. Қайта соның бәрі бізге оң әсер беретінін көріп отырмыз. Олай дейтінім, халқымыз ел тәуелсіздігінің бәрінен де қымбат, маңызды екендігін түсінеді. Алпауыт елдер Иранды өз дегеніне көндіру үшін қатты шығындалуда. Мұның өзі халықты тәуелсіздікті оң бағалауға жетелейді. Тәуелсіздік біздің де басты құндылығымыз болып табылады. Біздің ең қымбат гауһарымыз да осы - тәуелсіздік. Зорлықшылар сол гауһарды бізден тартып алғысы келеді. Халық соны жақсы түсінеді. Өзгелер бізге қанша тізе батырып, қисынға келмейтін әрекет көрсеткен сайын біздің халқымыздың да бірлігі сонша арта түседі. Мұның бәрі елдің ерік-жігерін жанитын болады. АҚШ болсын, Еуропа елдері болсын, тіпті Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығына ие елдер болсын, біздің елге қарсы әділетсіз әрекетке барған сайын санкция қабылданған сайын, бағымызға орай, халқымыз сол ілім жолына өзі жетуі керек екендігіне көз жеткізіп отыр. Бұл басқалардың ғалымдарының бізге қажет емес екенін көрсетеді. Осылайша келгенде, америкалықтар бізге кәдімгідей көмектесіп жатыр. Олардың бізге деген дұшпандығы мен қысымы артқан сайын біздің ел бір адым алға дамып отырады. Соның арқасында біздің ел қазір қатты дамып келеді. Жастарымыз халықаралық байқаулардың көбінде жеңімпаз атанып, жаңашылдығымен танылып жатыр. Біз ғылыми деңгей жағынан әлемдегі алғашқы үштікке енеміз.

Ирак мемлекеті.

Ирак Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд- Арабиясы мемлекеттерімен және тағы басқа елдермен шектеседі. Оңтүстік - шығысында Парсы шығанағы. Жері 434, 9 миллион . Астанасы Бағдат қаласы. Құрамында Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың ½ бөлігі кіреді. Әкімшілігі жағынан 16 мұхабазға (губерния) бөлінеді.

Тарихы.

1932 жылы - тәуелсіздігін алған.

1958 жылы республика болып жарияланған.

1979-2003 жылдар арасында елдің президенті- Саддам Хусейн болған.

1980-1988 жылдар арасында- Иран-Ирак арасында соғыс болған.

1990 жылы - Кувейтке Ирак басып кірді.

1991 жылы Заливте соғыс болған.

1998 жылы «Ашық даладағы түлкі» деген операция болған.

2001 жылы Нью-йорктегі оқиғадан кейін АҚШ президенті Д. Буш Ирак елін халықаралық террорларға көмек көрсетіп отыр деп айыптаған.

2005 жылғы конститутция бойынша Ирак- федеративті парламенттік республика болып саналады. Халқы : араб-шиитер, араб-суниттер, курдтар. Саны- 27 миллион адам. Тілі - араб, курд.

Ресми діні-ислам (халқының 95 пайызы мұсылмандар) Тигр, Евфрат, Шатт-әл-Араб өзендері бойында, солтүстігіндегі тау етегіндегі халық өте жиі қоныстанған.

Әр қалада орналасқан халық саны, ауданы көрсетілген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым - Ислам конференциясы Ұйымы
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Ирактағы ішкі саяси жағдай
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz