Қазақстан қалаларында қолөнер мен сауданың дамуы



І Кіріспе.
Қазақстанның ежелгі қалалары.
ІІ Негізгі бөлім.
2.1. Тараз . саудагерлер қаласы.
2.2.Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың бірі . Отырар.
2.3.Жетісудағы қалалрдың бірі . Талхир.
2.4.Қазақ ССР астанасы.
2.5.Ұлы Отан соғысына дейінгі және кейінгі экономикалық жағдайы.
ІІІ Қорытынды.
Елорда және Елбасымыздың жарлығы.
IV Пайдаланған әдебиеттер.
Қазақстан – ұшы-қиырсыз кең–байтақ ел.Оның осынау жалпақ төсіне Тянь–Шаньның тәкаппар,ақбас шыңы да,Сарыесік–Атырау мен Маңғыстау шөлдері де,ну орманды Алтай таулары мен Орал жазығы да сыйып жатыр.Ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір қалалардың атаулары халық аузындағы аңыз-әңгімелерде ғана кездесіп қалады. Ал көбінің аты тіпті белгісіз. Тек осы қалалардың қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тамаша өлең шығарып, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлық шежіресі бар ата-бабалар өмірін еске салады. Алайда олар із-түссіз жоғалып кеткен жоқ. өткен күннің өрнектерін бүгінгі заттардан, ән-жырдан, халық жадынан көруге болады.
Бүгінде елімізде өзен–көлдері бойлай көптеген жаңа қалалар бой көтерген.Олардың біразы ескі шаһарлардың маңына немесе тура солардың үстіне салынған. Осылайша кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Ата–бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті – бізге, олардың ұрпақтарына, бұрын–соңды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды дүние.
Қазақстан жеріндегі көне қалалар: Отырар, Испиджаб, Тараз, Түркістан, Талхир, Жамукат, Құлан, Қаялықтың орындарында қазба жұмыстарын жүргізуге есімі тек біздің елімізде ғана емес, әлемге әйгілі көптеген археологтар қатысты.
1. Байпақов К. «Қазақстанның ежелгі қалалары» - Алматы:«Аруна»,2005.
2. Қазақ Советтік социалистік республикасы – Алматы,1980.
3. Қазақ ССР.ІІ том

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Қазақстан – ұшы-қиырсыз кең–байтақ ел.Оның осынау жалпақ төсіне
Тянь–Шаньның тәкаппар,ақбас шыңы да,Сарыесік–Атырау мен Маңғыстау шөлдері
де,ну орманды Алтай таулары мен Орал жазығы да сыйып жатыр.Ескіден жеткен
қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің
аттары сақталмаған. Кейбір қалалардың атаулары халық аузындағы аңыз-
әңгімелерде ғана кездесіп қалады. Ал көбінің аты тіпті белгісіз. Тек осы
қалалардың қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп,
өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тамаша өлең
шығарып, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлық шежіресі бар ата-бабалар
өмірін еске салады. Алайда олар із-түссіз жоғалып кеткен жоқ. өткен
күннің өрнектерін бүгінгі заттардан, ән-жырдан, халық жадынан көруге
болады.
Бүгінде елімізде өзен–көлдері бойлай көптеген жаңа қалалар бой
көтерген.Олардың біразы ескі шаһарлардың маңына немесе тура солардың үстіне
салынған. Осылайша кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр.
Ата–бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті – бізге, олардың ұрпақтарына,
бұрын–соңды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды
дүние.
Қазақстан жеріндегі көне қалалар: Отырар, Испиджаб, Тараз,
Түркістан, Талхир, Жамукат, Құлан, Қаялықтың орындарында қазба жұмыстарын
жүргізуге есімі тек біздің елімізде ғана емес, әлемге әйгілі көптеген
археологтар қатысты.

Тараз – саудагерлер қаласы.
Еліміздің маңызы зор өндірістік және мәдени орталығы болып
табылатын қазіргі Тараз қаласы орналасқан жерде тарихшыларға Тараз деген
атпен белгілі Қазақстанның ең үлкен ортағасырлық шаһарларының бірі орын
тепкен. Бұл қала жайлы жазылған ең алғашқы мәліметтер IV ғасырдың аяғына
жататын византиялық жазбаларда кездеседі.Тараз (Талас) туралы ортағасырлық
географ, тарихшы, саяхатшылардың бәрі дерлік жазады.Сол саяхатшылардың бірі
Сюань–Цзянь: Таластың аумағы – 8–9 ли. Бұл арада көптеген елдердің
саудагерлері аялдап,түрліше заттар әкеліп сатады, - деп жазады.Араға үш
ғасырдан аса уақыт салып ибн Хаукаль да қаланы дәл осылайша, яғни: Тараз –
мұсылмандардың түркілермен сауда жасайтын қаласы, - деп суреттейді. Бұған
таң қалуға болмайды, өйткені қаланың орналасқан жері Ұлы Жібек жолындағы
маңызды орындарының бірі еді.
Тараздың орталығы,оның ежелгі бөлігі қамал болды. Ол парсыша арк
немесе кухендиз деп аталады. Қаланың берік қорғалған бұл тұсында
билеушілер сарайы орын тепкен. Қамалға жапсарласа қабырғамен қоршалған
шахристан салынған. Бұл арада бай көпестердің, ақсүйектердің,
қолөнершілердің тұрғын–жайлары,сондай-ақ сауда дүкендері болған. Шахристан
қабырғаларына сауда-қолөнер рабаттары жалғастырыла тұрғызылған. Ол жерде
қолөнершілер шеберханалары мен олардың үйлері, сонымен бірге қаланың кедей
тұрғындарының үй-жайлары орналасқан.
Тараз қаласының Орта Азияға қосылуы мен ірі орталықтар – Бұхара,
Самарқандпен сауда – экономикалық қарым-қатынас орнатуы қала өміріне игі
әсер еткен.Бұл кезеңге тән нәрсе – сыртын ақ, жасыл, сары түсті шыңылтырмен
жалтыратқан керамиканың кең таралуы. Қыш ыдыстардың сыртына жүргізген
шыңылтырдың астынан бұрын ойықты өрнектер жасалатын болса, енді әр түрлі
бояулармен, яғни ақ түстің үстінен қою қоңыр, қызыл, қара түстермен сызықты
өрнектер салынып, оның сыртынан шыңылтыр жүргізілетін болған.
Өрнектер,көбінесе, өсімдік бейнесінде болып, уақыт өте геометриялық
фигуралар түріне көшкен. Әшекей бұйымдарды өрнектеуде байқалатын маңызды
өзгеріс – діни сөздер бейнеленген стильдік жазулар.[1.5-10]
XI – XII ғасырларда, Орта Азияны Қарахандар әулеті билеп тұрған
уақытта, Тараз өз дамуының шырқау шыңына жетті. Ол үлкен мемлекеттің бір
бөлігінің астанасы болды. Таразда ел билеушілері жасатқан жергілікті
ақшаның соғылуы,бәрінен бұрын, қаланың саяси тұрғыдағы тәуелсіз екенін
көрсетеді. Ал қаланың қуаты мен күшін XI ғасырдың басында Тараз
билеушісі Тоған ханға Самарқанд пен Қашқар әміршілерінің бағынышты
болғанынан аңғарамыз. Әрине, бұл саяси күш – қаланың экономикалық
қуаттылығының нәтижесі.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қаланың осы кезеңге жататын
қабаттары Тараздың мәдени-экономикалық дамуының жарқын дәлелі болар
көптеген олжалар берді.
XII ғасыр мен XIII ғасырдың басында Жетісу өңірі қантөгіс соғыстар
алаңына айналған болатын. Сол бір аласапыран кезеңде көптеген қалалр қирап,
жер бетінен жойылып кетуге аз-ақ қалған. Сол қалалардың бірі Тараз кейін
қайта қалпына келсе де, бұрынғыдай жанданып кете алмады.
Кейінірек бұл қала Янги деген атпен белгілі болды. Алайда ол
бұрынғы Тараз ба, әлде Таразға жақын жерден салынған басқа жаңа қала ма,
мұны ғалымдар әлі күнге дейін тап басып айта алмайды. Дегенмен XV – XVIII
ғасырларда Тараз қаласының кейбір аудандарынд адамдар тұрып, өмір сүргені
белгілі. Қалай болғанда да, бұл жерде жер өңдеу дәстүрімен байланысты
отырықшылық өмір салты үзіліп қалған жоқ, керісінше, дами түскен. Талас
өзенінің жағалауларында баяғыша қолөнершілердің, егіншілердің мекендері, үй-
жайлары болған, өмір осылайша жалғасып жатты...[3.101-107]
XIX ғасырда Тараздың орнында Әулие-Ата бой көтереді. Кейіннен бұл
қала Жамбыл атанып, республикамыздың әдемі де гүлденген қалаларының біріне
айналады. Ал 1998 жылы еліміздің Президентінің Жарлығымен қалаға өзінің
бұрынғы Тараз аты қайтарылады.
2002 жылы Қазақстан Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын атап
өтті. Осыдан дәл 2000 жыл бұрын, б.з.д. І ғасырдың аяғы мен б.з. І
ғасырының басында Тараз қаласы осынау өлкенің саяси және экономикалық
орталығы болып, сол кезден бастап өте қарқынды дами бастаған. Тараздың
мерйтойы – мақтан тұтар ерлік істерге, ірі оқиғаларға, қолбасшылары мен
жауынгерлерінің ерлігіне, ғалымдарының дарынды еңбегіне, ақындары мен
суретшілерінің тамаша шығармаларына толы бай әрі тамыры тереңге кетіп
жатқан тарихы бар егеменді Қазақстанның даму жолындағы маңызы зор кезең.
Тараз Қазақстанның ғана қаласы емес,сонымен бірге Еуразияғ да тән.
өйткені ол – аса ірі құрлықтағы ғылым мен мәдениеттің, қолөнер мен сауданың
орталығы, керуен жолдарының байланыстырушы.[1.14-18]

Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың бірі – ОТЫРАР.
Х ғасырдың жазба деректерінде: Отырар – бай алқап, оның басты
қаласы Кедер деп аталады. Бұл көпестер ағылып келіп-кетіп жататын жер
делінген. ІХ – ХІІІ ғасырдың басында Отырар алқабында жергілікті сауда-
саттық кең қанат жайды. Қалаға жан-жақтан ауыл шаруашылық өнімдері келіп
жатты. Оның ең бастысы ет, астық, жеміс еді. Жер өндеушілер өз өнімдерін
қолөнер бұйымдарына, қыш ыдыстарға,әйнек, әшекей бұйымдарға айырбастайтын.
Көшпелілермен де сауда қызу жүрген. Қалалар мен сол шұратты маңда
орналасқан елді мекендердің тұрғындары көп мөлшерде жылқы және басқа да
малмен, жүнмен,терілермен, киізбен, сүт өнімдерімен қамтамасыз етілген.
Сауда барлық жаққа да тиімді еді. Мысалы, құжаттардың бірінде: Пайда
келтірілетін тауарлары мен олардың (көшпенділердің) бұйымдары, заттары
отырықшы халықтың көбеюіне, баюына себеп болды. Байлар мен қара бұқараның
бұл салада өз үлесі бар еді делінген.
ІХ – ХІІ ғасырларда қолданысқа енген ақша қатынасы дамып, тауар
айырбас біртіндеп ығыстырылды. Қазақстанның ірі қалаларында: Испиджаб,
Тараз, Отырар, Будухкентте мыстан, күмістен құйылған өз ақшалары шығарыла
бастады.
Моңғол шапқыншылығы кезіндегі қалалардың қирауы, егістік жерлердің
бүлінуі саудаға зиянын тигізді. Бірақ құлдыраудан кейін ол қайта жанданды.
Моңғол империясының халықаралық сауда жолдары жұмысын одан әрі жалғастыра
берді. Моңғолдар үшін кезінде Еуропаны Азиямен қосып жатқан дипломатиялық
және сауда-саттық жүргізуші керуен жолының маңызы зор болды. Ол оңтүстік
орыс даласымен, Поволжьеден Оралға, одан әрі Хорезм, Сырдария арқылы
Жетісуға – алмалыққа және Моңғолияға жетіп жататын.
ХІІІ – ХІҮ ғасырлардағы жағдай халықаралық саудаға игі әсер етті.
Бұл Алтын Орданың және оның астанасы Бату сарай, Берке сарайдың өркендеуіне
септігін тигізді. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігіндегі басқа да Ақ
Орда қалаларындағы мәдени және экономикалық ахуалдың жақсаруына көмектесті.
[2.156-160]
Халықаралық сауданың арқасында Батысқа бұрынғыдай жібек маталар,
әшекей бұйымдар жеткізіліп тұрды. Жібек Қытай мен Орта Азиядан Үргеніш пен
Хорезм арқылы сыртқа шығарылды. Генуялықтардың Каффа қаласынан алып шығатын
заттарының арасында хорезмдік және үргеніштік жібектер болған.
Пегалоттидің айтуынша, Орта Азия мен Қытайдан жібек, алтын жіпті маталар,
жүн,күріш, шафран, жеміс қақтары, керамика, фаянс,фарфор, тағы да басқа
көптеген заттар сатып алынатын. Иран қалаларынан Шығысқа көркемдік
метелдарын, әшекей бұйымдарды,асыл тастарды, сандал ағашын, інжу тастарды,
ал Еуропадан кендір маталарды тасыған. Осы аталған тауарлардың бір
бөлігінің Қазақстан қалалрында қалып отыруы жаңалық емес. Отырардан
табылған күміс ақшалар қоймасы – халықаралық сауда болғанынын дәлелі.
Оңтүстік Қазақстан қалаларының Қазақ хандығының құрамына енуі,
саяси жағдайдың тұрақтануы, экономикалық қарқынның өсуі – осының бәрі
сауданың дамуына өз ықпалын тигізді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті (VI - XVII ғғ. )
Қалалардың қалыптасуы
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Ортағасырлық Византия қалалары
Византия қалаларының құлдырау себептері
Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары
Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Пәндер