Кедендік сараптама бойынша нормативтік-құқықтық актілер


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Кедендік Сараптама бойынша нормативтік-құқықтық актілер

ЖОСПАР

1. 1 Тауарларды зерттеу бойынша негізгі түсініктер мен терминдер

1. 2 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік қызмет орындарының тауарларды сәйкестендіру және диагностикалау жөніңдегі сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік қызметі саласындағы ықпалдастығы туралы КЕЛІСІМ

1. 3 ҚР-ның кедендік сараптама туралы Кедендік кодексі

1. 4 Кедендік сараптама жүргізу туралы бүйрықтар және тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алу ережелері

1. 1 Тауарларды зерттеу бойынша негізгі түсініктер мен терминдер

Кедендік сараптама - кедендік зертханалардың (аумақтық кеден органдарының кедендік сараптама бөлімдері мен қызметтерінің) ғылым мен техниканың белгілі бір саласында білімі бар мамандарының тауарларға жүргізетін зерттеуі.

Кедендік зертхана - ҚР-ның кеден органдарының бірыңғай жүйесіне енетін арнайы мамандаңдырылған кедендік мекеме.

Кедендік сарапшы - ғылым мен техниканың белгілі бір саласында арнайы ғылыми білімі бар кедендік зерхананың лауазымды тұлғасы.

Сарапшының қорытындысы - кедендік сараптаманы белгіленген тұлғаның кеден сарапшысының алдына қойған мәселелер бойынша ҚР-ның кеден кодексінде бекітілген тәртіпте дәйектемелі шешімдер.

Тауар үлгісін (сынамасын) сәйкестендіру - тауарлардың стандарттық және салыстырмалы үлгілерге, сондай-ақ оларға берілген дәлелді ақпараттарға сәйкестігін анықтау.

Сынама - зерттелген тауардың тұтастай құрамы мен қасиеттерің сипаттайтын ең мәнді бөлігі.

Үлгі - өнімінің бүкіл партиясының (сериясының) құрылымың, құрамы мен қасиетін толық бейнелейтін өнім бірлігі.

Партия - кеден органы ұсынылған, кедендік шекара арқылы тасымалдауға арналып, сапаны куәландыратын бір құжатпен немесе бір жүк кеден декларациясымен ресімделген атауы мен сапасы бойынша біртекті (тұтунышылық немесе көліктік ьіртекті ыдысқа салынған, бір уақытта құйылған, бір технологиялық үлгі бойынша өндірілген және т. б. ) тауардың кез келген мөлшері.

Орама бірлігі - стандарттармен және техникалық шарттармен ескерілген автокөлік /теміржол цистернасы. бөшке, фляга, жәшік, контейнер, қорап және орамының басқа да түрлері.

Іріктеме - соңғы үлгіні жасау үшін әр орама бірілген бір алғанда тандалатын тауарлардың белгілі бір мөлшері.

Сынама іріктеуші - сынаманы іріктеуге арналған құрал немесе сайман.

Нүктелі (бір реттік) сынама - бір ыдыстық орындағы немесе резурвуардың иә болмаса көліктің белгілі бір белгіленген деңгейіндегі тауардың сапасын сипаттайтын бір алғанда іріктелген сынама.

Орташа (біріктірілген) сынама - тиісті тәртіппен алынып, белгіленген қатынаста біріктірілген бірнеше нүктелі (бір реттік) сынамаларды мұқият араластыру арқылы құралған сынама.

Бақылау (арбитраждық) сынамасы - талдауы орындау үшін қолданылатын, сонымен қатар арбитраждық сынақтар жағдайларына сақталатын орташа (біріктірілген) сынаманың бір бөлігі.

Бұрмаланған (жалған) тауар - бір немесе бірнеше негізгі қасиеттерін алмастыру яки жасыру жолымен сол қасиеттерінің жалғандығы жасалған тауар, ол қасиеттерге мыналар жатады: атауы, құрылымы (сапасы), мақсаты, дайындаушы-фирмасы ( сауда маркасы), шығу орны (елі), саны, бағасы, жарамдылық мерзімі, тауар туралы ақпарат, әдетте тауарлардға қойылатын үлгіге, стандартқа, сипаттамаға, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, тауарға қойылатын шектеу мен тыйым салау шарттарына сәкестігі.

Сапалық талдау - талданатын заттардың компоненттерінің табу (сәйкестендіру) .

Сандық талдау - физикалық, химиялық және басқа да тәсілдермен сынамадағы зат компоненттерінің бір немесе бірнеше құрамын анықтау.

Өлшеу құралы - өлшеулерде қолданылатын және нормаланған метерологиялық қасиеттері бар техникалық құрал.

Өлшеу құралына тексеру - метрологиялық органның өлшеу қателерін табуы және оның қлдануға жарамдылығын анықтауы.

Оганды сертифекаттау немесе сынақ зертханасы бойынша аккредиттеу - мелекттік орган өкілдік берген тұлғаның сынақ зерханасы немесе сертификаттау жөніндегі орган ретінде белгілі бір салада жұмыс істеу құқығын ресми тану.

Акредиттеу аттестаты - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес берілген және сынақ зертханасының (орталықтың) немесе сертфикаттау жөніндегі органың белгілі бір қызмет аясында нақты жұмыстарды оындау құқығын куәландыратын құжат.

Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің нормативтік құдат талаптарының сәйкестігіне сынақ жүргізген зертхана (орталық) .

Сертификаттау - дайындаушыдан (сатушыдан, орындаушыдан) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз орган өнімнің, үдерістің, жұмыстың, қызметтің нормативтик құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкестігіне беретін жазбаша растау.

Стандарттау - іс жүзінде бар немесе ықтималды міндеттерге қатысты жаппай және қайталап пайдалану үшін белгілі бір саладағы ережелерді оңтайлы жәрежесіне жетуге бағытталған қызмет.

Стандарттау бойынша нормативтік құжат - стандарттау немесе оның нәтижелері бойынша әр алуан қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, қағидаттарды орнықтыратын, мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы беітетін және тұтынушылардың қалың көпшілігі үшін қолжетімді құжат.

Сертификаттау оның нәтижелері бойынша әр ауан қызмет түрлеріне қатысты қағидалары, сипаттамаларды, ережелерді, нормаларды орнықтыратын, құзіретті орган стандарттау туралы заңнамада белгңленген тіртіппен бекітетін құжат.

Стандарт - мүдделі тараптарының келісімі негізінде әзірленіп, қызметтің немесе оның нәтижелерінің көптеген түрлеріне қатысты ережелерді, жалпы қағидаларды н/е сипаттамаларды жаппай және қайталап пайдалану үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі танымал орган бекіткен құжат.

Сәйкестік сертификаты - лайықты түрде сәйкестендірілген, өнім, жұмыс, қызмет техникалық регламенттердің, стандарттардың н/е өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін көрсететін, сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің еределері бойынша берілген құжат.

Шығу сертификаты - бнлгіленген нысандағы өнімнің шығу елін куәландыратын құжат.

Сертификаттық сынақтар - аккредиттелген кедендік зертхана ҚР-ның заңнамасына сәкес жүргізетін өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне белгіленген талаптарға тауар сынамасының (үлгісінің) сәйкестігін растайтын қызмет.

Өнекртанушылық сараптама - өнер туындылары мен антикварит заттарының тарихи, көркемдік-мәдени, ғылыми маңыздылығын анықтау мақсатындағы тауарлар сараптамасы.

Жіктемелік сараптама - нақты тауарларды ЕврАзЭс сыртқы экономикалық Тауар номенклатурасында көрсетілген ұстанымдарға жатқызу мақсатында жүргізілетін сараптама.

Материалтанушылық сараптама - туралы заттардың, бұйымдардың н/е материалдардың нақты тобына жатқызу мақсатында жүргізілетін зерттеу.

Минералогиялық (геммологиялық) сараптама - бағалы, жартылай бағалы, ұсақ - түйек тастардың, минералдардың, тау жыныстарының және олардан жасалған бұйымдардың табиғатын, олардың сапа дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетіе сараптама.

Радиологиялық сараптама - тауарларды мына мақсаттарда зерттеу:

1) құрамында бөлінетін радиоактивті заттары бар тауарларды анықтау;

2) радионуклидтердің сапалық және сандық құрамын анықтау;

3) тауарларды өндіріте, ауыл шаруашылығында және тұрмыта қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды жасау.

Сұрыптамалық сараптама - тауарды сапасын, маркасын, сортын белгілеу мақсатында зерттеу.

Тауартанушылық сараптама - ЕврАзЭс СЭҚ ТН бойынша тауардың кедендік атауын анықтау, оның бағасына әсер ететін жайлар мен оның негізгі қасиеттерін, сапасын анықтау мақсатында жүргізілетін сараптама.

Құжаттардың техникалық-крименалистикалық сараптамасы - құжаттардың дайындау тәсілін анықтау; алғашқы мазмұнын өзгерту себебін білу мақсатында зерттеу; ҚТС, сондай-ақ мөрлер мен мөртанбандардың, қойылған қолдардың ақша белгілері мен құнды қағаздың, фотосуреттердің, құжат материалдарының, баспа таңбаларын, құжат мәтіндерінің мазмұнын зерттеуді қамтиды.

Химиялық сараптама - тауардың құжаттамада көрсетілген қасиеттері мен сапасының сәкестінінғ зерттелуші объектінің сапалық және химиялық құрамын анықтау, есірткі заттарына, күшті әсер ететін және улы заттарға қатысының бар-жоғын білу мақсатында жүргізілетін сараптама.

Экологиялық сараптама - тауардың экологиялық н/е пайдаланушылық қауіпсіздігң, онда озон бұзушы заттрдың бар-жоғын, тауарды әкелу н/е оны нақты кедендік режиге орналастыру мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу.

Тауар сапасы - тауардың мақсатына сәйкес адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілетіне себепші болатын қасиетінің жиынтығы.

Тауартану - тауарлардың тұтыну құнын айқындайтын іргелі сипаттамалары мен сол сипаттамаларды қамтамасыз етуші факторлары туралы ғылым.

1. 2 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік қызмет орындарының тауарларды сәйкестендіру және диагностикалау жөніңдегі сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік қызметі саласындағы ықпалдастығы туралы КЕЛІСІМ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі Тараптар деп аталды) кедендік қызмет орындары,

Тауартану саласында тауарлардың сараптамасы бойынша арнайы білімдерді қажет ететін кәсіби қызметте туындайтын, сондай-ақ кеден ісіндегі сараптаманың көкейкестілігін ескере отырып,

Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімді негізге ала отырып,

Тараптардың кедендік зеертханаларының сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында,

Төмендегі жайларды келесті:

1-бап

Тараптар кеден ісіндегі сараптама саласында және кедендік мақсаттарды сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік іс-әректтерді ұйымдастыру мен жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуде ынтымақтасады және бір-біріне жәрдем көрсетеді.

2-бап

Тараптар дәйексіз декларациялау тауарлардың ТМД СЭҚ ТН тауарларының жекелеген топтарының жалғандығы, контрафактілі тауарлар, құжаттарының жасандылығы фактілерін әшкерелеу жөніндегі әдістемелік құралдарды жасауды жүзеге асырады.

3-бап

Тараптар сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік қызметі қамтамасыз ету үшін әр түрлі таратушылардағы мәліметтерді ақпараттық-анықтамалық базасын құрады.

4-бап

Сұранысс салу негізінде, Тараптар кедендік мақсаттар үшін тауарлардың сараптамалары мен зерттеулерін жүргізу кезінде техникалық құралдар мен жаңа әдістерді қолдану жөніндегі әдістемелік көмек көрсетеді.

5-бап

Тараптар жиналыстар, конфиренциялар және ғылыми-әдңстемелік семинарлар ұйымдастыруға және олардың жұмысын, сонымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ кедендік сараптама саласындағы жұмыс тәжірбиесін алмасу боайынша іс-шаралары қатысады.

6-бап

Тараптар сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік мәліметтер негізінде СЭҚ ТН бойынша тауарлардың жіктемесіне қатысты әдістемелік материалдарды дайындауды жүзеге асырады.

7-бап

Осы Келісімнің іске асуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар:

- сраптамалық зерттеулерді техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша жаңа әдістер, әдістемелік және ақпарат алмасып отырады;

- тауарлардың эталондық үлгілері мен салыстыру үлгілерін қолдану жөнінде, сондай-ақ зияткерлік меншікке жататын мәселелер бойынша кепілдемелер береді;

- жүргізілген сараптамалардың нәтиделері негізінде тауарлардың жіктемесі жөнінде күрделі талас тудыратын мәселелерден ұсыныс береді;

- кедендік мақсаттарда тауарлардың сараптамасы мен зерттеулерін жүргізу саласындағы кадрларды оқытуды және біліктілігін арттыруда бір-біріне жәрдем көрсетіп отырады;

- осы Келісімнің ережелерңн ңске асыру бойынша қаржылық шығындар өтіледі. Шығындардың өтелуі Тараптар арасындағы бөлек келісімдерді айтады.

8-бап

Тараптардың өзара бәтуаласуы бойынша осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және олар бұл Келісімнің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Ондай өзгертулер мен тоықтырулар осы Келісімнің 11-бабына сәйкес өз күшіне енді.

9-бап

Осы Келісімді қолдануға және бұған түсінік беруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың кеңсіп, келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі.

10-бап

Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өздері қатысатын өзге халықаралық келісімдері жөніндегі құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты болмайды.

11-бап

Осы келісім бес жыл мерзімге жасалады және оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Келісім келесі бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде созылып отырады. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің басқа Тараптарына 6 ай бұрын жазбаша түрде ескертіп, Келісімнен шығуы туралы мәлімдей алады.

Осы Келісім Тараптарының мақұлдаумен кез келген кедендік қызмет орнының қосылуы үшін ашық.

Мәскеу өаласын 2003 жылдың (24) желтоқсанында орыс тіліндегі бір түпнұсқалық данада жасалады.

Мынадай кедендік қызмет орындарының өкілдері қол қойды:

Әзірбажан Республикасының

Молдова Республикасының

Армения Республикасының

Ресей

Белаарусь Республикасының

Грузияның

Қазақстан Республикасының

Тәжікстан Республикасының

Қырғыз Республикасының

Түркменстанның

Өзбекстан Республикасының

Украинаның

ТМД СРТС 38-мәжілісінең 8-күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қырғыз тарапының ескертуі

Қырғыз Республикасының кедендік қызметі кеден ісінің сараптама саласындағы және кедендік мақсаттағы сараптамалық, зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік іс әрекеттерді жетілдіру мен ұйымдасытру бойынша ынтымақтастық, жалған декларациялау, ТМД СЭҚ ТН жекелеген тауар топтарын бұрмалау, контрафактілі тауарлар, құжаттардың жасандылығы фактілерін анықтау жөніндегі әдістемелік құралдары жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттықа-анықтамалық мәліметтер базасын құру туралы ұсынысты туралы ұсынысты қолдайды.

Қырғыз Республикасы кедендік қызметінің қолданыстағы заңнамаға сәкес осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру үшін келендік зерханалары жоқ. Тараптардың бірінен тілек бола қалған жағдайда Қырғыз Республикасының кедендік қызметінің бұл Келісімінің ережелерін тұтастау орындауға мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге, қырғыз тарапы техникалық жарақтануы мен құқықтық әзірлігінің шамасына қарай Келісімінің ережелрін орындауға дайын.

ТМД СРТС тәртібіндегі мәселе бойынша Грузия КІ ескртуі

"Грузияның Қаржы министірлігінің КІ техникалық мүмкіндіктерін және ресурстарын есепке ала отырып".

1. 3 ҚР-ның кедендік сараптама туралы Кедендік кодексі

58-тарау КЕДЕНДІК САРАПТАМА

453-бап

Кедендік сараптаманың мақсаты

1. кедендік сараптаманың мақсаты - ҚРның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау дәне олардың сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу.

2. Кеден органдарының лауазымды адамдары:

1) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде;

2) алдын ала шешім қабылдағанда;

3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталғанда тауардың сапалық құрамын анықтауды дұрыс жүргізе алмаған жағдайда кеден органдары кедендік сараптама белгілеуі мүмкін.

3. Тауарлар, кедендік құжаттар мен өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, сәкестендіру таңбалары кедендік сараптама объектілері болып табылады.

4. Кедендік сараптаманы кедендік зерханалардың сарапшылары жүргізеді.

Келендік сараптаманы жүргізу үшін мыналар негіздеме болады:

1) кедендік сараптамаға берілген долдам - кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау сатысында н/е алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша;

2) кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы - кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша.

Жолдамада не қаулыда мыналар атап көрсетіледі:

1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

2) кедендік сараптама жүргізіліге тиіс кеден зерханасының атауы;

3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;

4) сарапшының қарауына берілетін материалдар

5. Кедендік сараптаманы тағайындалған кеден органың лауазымды адамы деларатты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен не қаулымен таныстыруға, осы Кодекстің 375, 376-баптарында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге міндетті. Декларант жолдамаға не қаулыға онымен танысқандығы туралы белгі соғады және қол қояды.

454-бап

Кедендік сараптам жүргізу тәртібі

1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үйінде н/е зерттеу сипатына қарай яки зерттеу обхектісін сараптамаға жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана сараптаманы жүргізуге кіріседі.

2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.

3. Кеден зертханаларында кедендік сараптама жүргізу тәртібі мен қорытынды формасы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

455-бап

Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшы мынаған құқылы:

1) алға қойылған мәселелер өзінің құзіретіне жатпаса, сараптама жүргізуден бас тартуға;

2) өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;

3) кедендік сараптам жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар алдыру жөнінде мәлімдеуге.

2. Сарапшы мынаған міндетті:

1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге;

3) мәселе етіп қойылмаған, бірақ іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы өз тұжырымын қорытындыға енгізуге;

4) кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеушілердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объектвті бағалау негізінде қорытынды беруге;

5) іс жүргізуінде н/е қаруында кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізетін н/е оны қарайтын адамның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру н/е толықтыру үшін баруға;

6) кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге.

3. өзінің міндеттерін орындамаған н/е тиісінше орындамаған жағдайды сарапшы ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.

456-бап

Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшы қорытындыны өз атынан жазбаша түрде береді.

2. Сарапшының қорытындысында ол жүргізген зерттеулер мен қрйылған сұраұтарға берген негізді жауаптары баяндалады.

3. Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама жүргізіліп, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы н/е бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.

4. Кедендік сараптаманы әр түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

5. Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған жағдайда сарапшы ол туралы кеден сараптамаын тағайындаған кеден оганына жазбаша түрде хабарлап, істеп бас тарту атап көрсетеді.

457-бап

Қосымша және қайталама кедендік сараптама

1. Қосымша кедендік сараптама жаңадан ашылған жаңдайлар бойынша тағайындайды. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы орындаған сарапшыға н/е басқа да сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

2. Қайталама кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайда сол объектілерді зеттеу мен сол мәселерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама кедендік сараптаманы тағайындау туралы жолдамада н/е қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс.

3. Қайталама сараптама бойынша іс жүргізу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәріппен жүзеге асырылады.

458-бап

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу

1. Кеден органдары кедендік зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

2. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәкес, зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететңн ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы кеден ісі мәселері жөніндегң уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша акт жасалады.

3. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде оған декларант қатысады. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілердін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, соның ішінде сынамалар мен үлгілері іріктеп алу үшін қажетті дүк дәне өзге де операцияларды өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.

4. Кедендік сараптама аяқталған соң, сынамалар мен үлгілер ҚР-ның заңнамасына сәйкес жойылуға н/е кәдеге жаратылуға тиіс болғаннан басқа жағдайларда, оңдай сынамалар мен үлгілер деларантқа қайтарылады.

1. 4 Кедендік сараптама жүргізу туралы бүйрықтар және тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алу ережелері

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі

БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің алы Сараптамалық қызметін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған болашақ жоспарын бекіту туралы

ҚР-сы Кеден кодексінің "Кедендік сараптама" деп аталатын 58-тарудың 453-бабына сәйкес, Қазақстан Республиксының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік рәсімделуі мен кедендік бақылану кезінде кедендік сараптаманың рөлі мен тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР-сы Кедендік бақылау агенттігінің сараптамалық қызметін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған болашақ жоспары (бұдан әрі - Болашақ жоспар) бекітілсін.

2. Орталық кедендік зерхана (Құдайбергенов С. Д. ), Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің құрылымдық бөлімшелері, кеден ісі мәселері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен кедендердің басшылары осы Болашақ жоспарың іске асуын қамтамасыз ететін болсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР-сы Кедендік бақылау агенттігі төрағасыныі орынбасарына (Б. Әбдішев) жүктелсін.

4. Осы бұрық өз күшіне қол күннен бастап енеді.

Төраға Б. Сапарбаев

Қазақстан Республикасы

Кедендік бақылау агенттігі төрағасының

2003 жылғы "14" мамырдағы №205 бұрығымен бекітілді

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер ҚР-сы Кеден кодексінің369, 418 және 458-баптарына сәйкес ҚР-ның кедендік шекарамы арқылы өткізілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеулер жүргізу үшін іріктеп алудың тәрібін белгілейді.

2. Негізгі ұғымдар:

1) сынама - зерттелетін тауарлардың бүкіл мөлшерінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың мейлінше қажетті бөлігі.

2) үлгі - өнімінің бүкіл партиясының (сериясының) құрамы мен қасиетін, құрылымын толық бейнелейтін өнім бірлігі.

2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде қатысатын тұлғалар

3. Тауарлардың кедендік сараптамансын жүргізу мақсатында тауар сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Кеден органдары анықтау органдары ретінде
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Соттық сараптаманы тағайындау
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Іс жүргізудің мерзімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz