Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында жаздық қатты бидай сортүлгілерінен селекцияның бастапқы материалдарын құру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Турганбаева Жамила

Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында жаздық қатты бидай сортүлгілерінен селекцияның бастапқы материалдарын құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050801 - Агрономия

Алматы 2011

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны

Қосымшалар

Орындаған

(аты-жөні)

20 ___ ж. “” қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі (қолы) (аты-жөні)

Жетекші

(қолы) (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау

(қолы) (аты-жөні)

Сарапшы

(қолы) (аты-жөні)

Алматы - 20__ ж.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

мамандығы

кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау ТАПСЫРМАСЫ

Студент

(аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімi 20___ж «»

Жұмыстың бастапқы деректері

Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің тізбесі немесе қысқаша мазмұны

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:

Кафедра меңгерушісі

(қолы) (аты, жөні)

Жұмыс жетекшісі

(қолы) (аты, жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

қолы) (аты, жөні)

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар жєне қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі

(қолы) (аты, жөні)

Жұмыс жетекшісі

(қолы) (аты, жөні Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент (қолы) (аты, жөні)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Турганбаева Жамила

Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында жаздық қатты бидай сортүлгілерінен селекцияның бастапқы материалдарын құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050801 - Агрономия

Алматы 2011

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . 7

1 Қысқаша әдебиетке шолу . . . 10

2 Тәжірибелік жұмысты жүргізу жағдайлары, материалдары және әдістемелері . . . . . . 22

2. 1Топырақ-климаттық жағдайы . . . 22

2. 2. Тәжірибе жұмысты жүргізу жағдайлары, әдістемелері, материалдары . . . 26

2. 3 Тәжірибелік зерттеуде қолданылған агротехникалық шаралары . . . 28 3 Тәжірибе жұмысының нәтижелері . . . 33

4Жаздық қатты бидай дақылын өсірудің экономикалық тиімділігі . . . 44

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 56

ҚОСЫМШАЛАРЫ . . . 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қатты бидайдың жұмсақ бидайға қарағанда егістіктегі таралымы шектелген. Себебі оның агроклиматтық жағдайларға икемділігі нашарлау және экологиялық әртүрлілігі өте аз. Осыған орай қатты бидай селекциясына күрделі нәтижелі жұмыстар қажет.

Соңғы кездері Қазақстанның егіншілікпен айналысатын аймақтарында қатты бидай сорттарының көлемі жылдан-жылға өсіп келетіндігі байқалады. Қатты бидай (Triticum durum) сорттары макарон өндіру, кондитерлік өндірісте және басқада салаларда негізгі шикізат көзі болып саналатыны баршаға мәлім.

Қазіргі таңда еліміздің агроэкологиялық және табиғи-климаттық жағдайына байланысты жаздық және күздік қатты бидайдың негізінен он екі сорты аудандастырылған. Агрошаруашылығы мамандары үшін бидайдың сорты мен өнімінің жоғары болғандығы қажет. Осыған сәйкес, ауру-зиянкестерге, сұламалыққа, құрғақшылыққа төзімді, жоғары сапалы сорттарға ғылыми тәжірибелік тұрғыда зерттеулердің қажет екені белгілі.

Ғылым ретінде өсімдік селекциясы генетика принциптеріне сүйенеді. Генетика-тұқым қуалау, оның заңдылықтары мен өзгергіштіктің пайда болу механизімін анықтаса, селекцияның нәтижелері тәжірибеде болжауға мүмкіндік береді. Алғашқыда генетиктер жақсы айқындалған сапалық белгілерге әсер ететін генге көңіл бөлді, мысалы, ауруға төзімділігі және морфологиялық белгілері анық байқалады. Кейінірек генетиктер сорттың өнімділігі жоғары, биік өсетін, сұламалыққа төзімді және ерте пісетін, сапалығы жоғары белгілеріне де көп көңіл бөле бастады. Қатты бидайдың экономикада маңызы зор, ірі өнеркәсіпте макарон жасау үшін таптырмайтын негізгі шикізат ретінде республика ішінде, сондай-ақ экспортқа шығару мақсатында да аса құнды болып келеді. Жаздық қатты бидай Қазақстанда және әлемдегі жоғары сапалы макарон мен жарма, спагетти, кондитерлік және басқа да өнімдер шығарылатыны бағалы дақыл болып табылады. Астық өндіру деңгейі әр

уақытта да барлық елдердің ауқаттылығы мен тұрмысының жақсы екендігін аңғартады.

ҚР АШМ (МСХ) бағдарламасы бойынша 2010 жылға дейін Қазақстан бидайы біздің ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі экспорт өнімі болып табылды. Бұл жайында Н. Ә. Назарбаев 2006 жылы Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстарындағы еңбекшілерімен кездесулерінде нақты айтып өтті.

Қазақстанда жұмсақ жаздық және қатты бидайлары негізінен республикамыздың солтүстік, батыс және шығыс аудандарында егіледі. Соңғы жылдары оларды егу 12-13 млн. га жерді алып отыр, оның ішінде жаздық қатты бидайды егу 400 мың гектар жердің еншісінде. Жаздық жұмсақ бидайдың орташа шығымдылығы 10-12 га/ц, жаздық қатты бидайдың шығымдылығы біршама төмен. Жаздық қатты бидайдың шығымдылығын арттыру үшін бірқатар агротехникалық шаралармен қатар дақылдың селекциясына көп көңіл бөлінуі керек. Қатты бидайдың селекциясы биологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір қиындықтарға негізделген. Оның негізгі кемшілігі құрғақшылыққа төзімділігінің төменділігінде. Дәннің ұлпасының құрамы мен оның сапасы маңызды болып саналады. Қатты бидайға қоректік режим, су, топырақ және климат жағдайлары қатты әсер етеді. Генетикалық ұқсас материалдарды және төзімді донорларды селекцияда пайдалану иммунологиялық параметрлері жоғары сорттарды шығару процесін жылдамдатады. Қазіргі қатты бидай селекциясының стратегиялық бағыттарының бірі қоршаған ортаның сресстік жағдайларына төзімді, түсімділігі жоғары қатты бидай селекциясының иммундық сорттарды шығаруы мен өндіріске енгізу үшін, жаздық өнімділігі, төзімділігі жоғары бастапқы материялдарын алу өзекті проблема болып саналады.

Қатты бидайдың дәніндегі белок мөлшері, ұлпалары және ұлпалардың сапасы жұмсақ бидай құрамына қарағанда жоғары. Қатты бидайдың құндылығы макарон жасауға жарамды арнайы қасиетіне байланысты дән түзуге қабілетті және бұл осы бидайға ғана тән. Сонымен қатар ол әлсіз жұмсақ бидай үшін жақсы филер болып табылады. Жаздық қатты бидай Қазақстанда және басқа да әлемдік елдерде жоғары сапалы макарон және ірі жарма, басқа да өнімдерді шығаратын ерекше дақыл болып табылады. Дамыған елдерде және басқа да елдерде жұмсақ бидай дәндерінен жарма және макарон жасалынып келеді, бірақ сапасы жағынан олар қара бидай дәніне қарағанда төмен. Сондықтан да қатты бидай дәні таптырмайтын және приоритетті дақыл болып саналады. Өндірістің қарқынды дамуы нәтижесінде макарон жасауда қасиеті басым жаздық қатты бидайдың түсімділігі жоғары жаңа сорттарын шығаруды талап етеді.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның стресс факторларына төзімді сорттардың түсімділігінің төмендеуіне байланысты, егін аймақтары қысқартылған. Макарон өнімдерін негізінен бидай болған күннің өзінде жұмсақ бидай сортынан жасалады.

Сұламалыққа, зиянкес ауруларға төзімді, жаздық қатты және жаздық жұмсақ бидай сорттарынан жоғары сапалы және өнімділігі жоғары сорттарды шығару ауылшаруашылығы өндірісіне өте қажет.

Сондықтан, Қазақстанның Оңтүстік Шығыс аймағының топырақ- климаттық жағдайына бейімделген, мол өнімді, жоғары сапалы, сорттарды шығару үшін селекцияның бастапқы материалдарын сұрыптап алу жаздық қатты бидай селекциясының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

1 Әдебиеттерге шолу

Қазіргі жағдайда өсімдік селекциясы, өзінің жеке әдістерімен қатар, іргелес биологиялық пәндердің: генетиканың, физиологияның, биохимияның, биофизиканың, иммунологияның, математиканың, экологияның, агрохимияның және басқаларының жетістіктерін пайдаланатын көп салалы ғылымға айналды. Өсімдік шаруашылығындағы прогресс негізінен ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарының өнімділігін тұрақты арттыру арқылы жетілдіріледі. Шынында да селекция өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін жоғары экономикалық тиімділікпен арттыратын өте маңызды өндіріс құралы болуда.

Селекция дүние жүзі коллекциясын генетикалық зерттеп, жұмыс коллекциясын құру, шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша донорларды, максимум рекомбинантты генотиптер алу, элита өсімдіктерін сұрыптап алу сияқты көп кезеңді процесс.

Нарықтық экономика жағдайында азық-түлікке сұраныс ауылшаруашылығы өндірісінің бастапқы даму қозғалысы болып табылады.

Қатты бидай өнімінің қажеттілігі республикада ішкі сұранысқа және экспортқа өсуде.

Қазақстанда ауылшаруашылығындағы егістік жерлердің көпшілік бөлімі қауіп- қатерлі аймаққа орналасқан. Қатты бидай, Қазақстанда приоритетті дақыл болып саналады. Егістік көлемі жылсайын 230- 240 мың/га. Оның өнімін және сапасын көтеру өте маңызды мәселе болып саналады.

Осыған байланысты, ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді қатты бидай сорттарының өнімін және генетикалық тұрақтылығын көтеру өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан соңғы уақыттарда өнімнің тұрақтылығы мен экологиялық икемділігіне селекция бағдарламасында және жаңа сортты

сынақтап, оны өндіріске ендіруде үлкен маңыз атқарады. Соңғы 20 жылда жетілдірілген әдіс негізінде жүргізілген зерттеулер бойынша теориялық ізденістер және комплексті, мақсатты экологиялық, селекциялық жұмыстардың нәтижесінде қарқындылығы әртүрлі, қоршаған ортаның стрестік жағдайларына, сонымен қатар аурулар мен зиянкестермен зақымдануларға төзімді және күшті, ерекше құнды дән беретін жаздық қатты бидай және жұмсақ бидайдың 355 сорты ММС беріліп және шығарылды.

Қазіргі уақытта ҚР Дамсинская 90, СИД 88, Омский рубин, Алтайка, Оренбургская 2, 10, Наурыз 2, Наурыз 6, Гордеиформе 254 сорттары аудандастырылды және көптеп өсіріле бастады. Бұл сорттар жоғары өнім беруімен қатар, ұн мен дәннің сапасы өте жоғары және орылмай көп тұрып қалған кездегі дәннің жинау алдындағы көктеуіне, әртүрлі вегетация ұзақтығына, аптап ыстыққа, құрғақшылыққа және т. б. төзімділік ерекшеліктерімен сипатталады.

Қандайда болмасын дақылдың түсімділігін жоғарлату үшін белгіленген жерге тиімді агротехникалық әдістерді пайдалану және жоғары агрофонның артықшылығын толығымен пайдалануға болатын сорттарды өндіріске ендіру арқылы жетуге болады және егін түсімділігінің бірден төмендеуі қолайсыздық туғызады. Осыған байланысты ауқымды экологияға бейімделгіш жаздық қатты бидай түрлерін сұрыптаудың әдістерін өңдеу селекциялау процесіндегі өзекті мәселе болып табылады.

Сорттардың экологиялық бейімделгіштік - бұл олардың тұрақты түрде өнім беру қабілеттілігі, агротехниканың және ауа - райының әртүрлі жағдайларында ауқымды арсеналына себепші болатын генетикалық сапасы.

Берілген бағытқа тән белгілер - әртүрлі экологиялық жағдайлардағы сорттарды және селекциялық линияларды бағалау болып табылады. Экологиялық сортты сынау жұмыстарын жақтаған академиктер экологиясы әртүрлі аудандарда өсірілетін сорттарға сәйкес келетін бастапқы материалдарды сұрыптап, толықтай баға беру керек деп тұжырымдайды [10], [11] .

Соңғы жылдары бірқатар зерттеушілер өздерінің жұмыстарында экологиялық селекцияларды көрсетті.

Құрғақшылыққа төзімді жаздық қатты бидай селекциясындағы негізгі міндет - өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі мен оның өнімділігін көрсететін қасиеттерінің үйлестірілуі болып табылады. Оренбургская 2, 10, Омский рубин, Наурыз 2, 6, Накат сорттары құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Вегентацияның әртүрлі генотипінің құрғақшылыққа реакциясы өз зерттеулерінде қарастырды.

Жоғары температура жағдайында құрғақшылықтың әсері бірден байқалмайды, бірақ өсімдіктің өнім беруші әртүрлі компаненттеріне әсер ету сипаты жағынан айырмашылығы бар.

Көптеген жылдар бойы зерттеу жүргізу нәтижесінде Батыс Қазақстанда өсірілетін қатты бидайдың 1 үлесі алынды. Белгілердің жоғары деңгейде табуынан құрғақшылыққа төзімді сорттар тұрақты өнім береді.

Біздің республикамыздың әртүрлі аймақтарында жаздық қатты бидайдың селекциялық белгілеріне экологиялық-генетикалық зерттеулер жүргізілді.

Селекцияның тиімділігін арттыру және сортты шығаруды жылдамдату үшін селекционерлер жақсы сортүргілерді жинап, көбейтіп, селекциялық процестерді оптимизациялау бағытында жұмыс жасауда.

Жаңа сорт өсімдіктерден құралған популяцияны көрсетуі керек деп тұжырымдайды өз ойын [4] .

- жер үстіне жақсы шығуы, ұтымды агротехника мен репродуктивті мүшелердің жеткілікті болуы;

- тамыр жүйесінің күшті дамуы, топыраққа терең бойлауы мен қамтылуы, қорек пенг ылғалдылықты сіңіру қабілеттілігі;

- транспирация ұзақтығы, өнім бірлігінің суды үнемді тұтынуы, фотосинтездік балсенділіктің артуы, биологиялық заттардың фотосинтезі мен минералы қоректік заттардың түзілу қабілеттілігі;

- энергияны аз жұмсай отырып нақты өнім беретін, қоркетік орта қызметін атқаратын топырақты молайту қабілеттілігі.

Ресей селектционерлері Сібір аймағында өсірілетін сорттардың үлгісіне өздерінің талаптарын ұсынды. Сібірдегі ауа-райы құбылмалы болғандықтан вегентациялық езеңі қысқа және өнім беруі төмен болады, осыған байланысты сорттардың бейімделгіштігін арттыруды талап етеді. Сорттардың жаңа үлгісінде болу керек:

- улы химикаттарды қолданбау үшін негізгі ауруларға қарсы иммунитетінің болуы;

- құрғақшылыққа, аптап ыстыққа, көктемгі және күзгі суыққа және олармен функционалды байланысы бар тамырдың шіруіне төзімділігі.

Жаздық қатты бидай селекциясындағы маңызды мәселелер [13], [15] .

1. Қолайлы экономикалық және экологиялық негізде дәннің саплылығы мен өнім беру деңгейін тұрақтандару.

2. Абиотикалық факторларға төзімді сорттарды шығару.

Төзімділігі жоғары өнім алудың нақты негізгі сорт болып табылады, ол өсірілетін жердің жағдайларына сәйкес келуі керек және тауар өндіру сұраныстарына жауап беруі қажет.

Жаздық қатты бидай селекциясындағы аса маңызды мәселелер Солтүстік Қазақстанда ерте пісетін, немесе орташа пісетін сорттарға қарағанда 4-5 күн ерте пісетін сорттарды шығару болып табылады. Осы дақылдардың перспективті ерте пісетін соттары қазіргідегідей барлық ауданның 10%-н емес, 30% қамту керек. Себебі күзгі-қысқы қалдықтарды пайдалана отырып ерте пісетін сорттар жақсы дами отырып, жазғы аңызғақ пен ыстыққа дейін өнім беріп үлгереді. Сонымен қатар көктем ұзаққа созылған жылдары олар суық түскенге дейін түсім беріп үлгереді.

Павлодар ауданы шаруашылығында тұрақты өнім алу үшін мақсатқа сәйкес пісіп-жетілуі әртүрлі 2-3 сорт егіледі.

Таулы аймақтарға ерте пісетін сорттардың 60 пайызын егістікке пайдаланудың қажеттігін айтады және олардың биологиялық ерекшкліктері әртүрлі, яғни сапасы жоғары, әрі мол өнімді дән береді, ал дәннің түсімі жағынан орташа пісетін генотиптердің деңгейімен бірдей болады [5] .

Осыған байланысты бидай дәнінің құндылығына қарамастан олардың сапасын жақсарту міндеті стратегиялық маңызға ие. Бидайды азық-түлік мақсатында артық пайдалану салдарынан құнды, күшті бидайлардың тапшылығы байқалады (70% дейін) . Сонымен қатты және құнды бидайға деген сұраныстың артуы біздің елімізде және шет елдерде де бар екендігімен түсіндіреді.

Технологиялық сапасы жоғары сорттарды сұрыптау алу үшін селекциялық материалдарды кезең бойынша бағалауды ұсынады [7], [10], [11] .

Дәнің сапасына қарай гибридті линияларды сұрыптау үшін жеке-жеке таңдалып алынған F 3 ұрпақтан бастайды. Халықты қамтамасыз ететін басты азық-түлік өнімі болып саналатыг нан және макарон жасалатын құнды сорттардың құрамындағы ақуыз, ұлпа және ұлпаның сапасы, дәннің жылтырлығы және нанның шығу мөлшері, наубайханадағы оның құны маңызды болып табылады.

Зерттеушілердің салыстырмалы зерттеулерінен пісіп жетілуі әр әртүрлі жаздық қатты бидайдың ата-аналық сорттарының F 1 - F 2 ұрпақтарының гибридті комбинациясын будандастыру кезінде өсімдіктің генотипіне, вегетациялық жағдайына және оның қарым қатынасына байланысты, көктеу және масақтану кезеңінің ұзақтығы өзгеретіндігі анықталды [3] .

Жаздың аптап ыстық құрғақ кезеңінде жаздық бидай жылдам өседі, ал салқын жаңбырлы жазда фаза аралық кезең ұзарады және әдеттегі мерзімнен кеш піседі. Саратов облысында орташа алғанда май айының 20-22 аралығында масақтану қарқынды жүреді.

Масақтанудың фаза аралық кезеңінің ұзақтығы, балауыздың пісіп-жетілуі 22, 3 0 С температура кезінде 24 күнді құрайды. Егіннің көктеу кезеіңнің ұзақтығына және шоғырланып көктеуіне ауа температурасы, ал түтіктегі шоғырлануға-көктеуге және масақтану мен сүттенуге қалдықтар әсер етеді. Көктеу-масақтану кезеңінің ұзақтығы және түсімділігі арасындағы кері корреляциялық байланыс бар. Алғаш рет орталық Уралда [1] егіннің түсімділік жоғарлататын негізгі метеорологиялық факторлардың параметрлерін анықтады. Ерте пісетін сорттар бойынша туындаған сұрақтарды шешу үшін ерте пісуге байланысты селекцияларға кешенді зерттеулер жүргізілді, сорттардың бейімделу қасиеттері анықталды және соның ішінде Мемреестрдің селекциялық жетістіктеріне енген ерте пісетін сорттарды жұптап сұрыптау принципі және ерте пісуге қабілітті селекцияларды будандастыру дәлелденді, ерте пісетін және орташа пісетін перспективті сорттар алынды.

Бізден топырақ-климатты жағдайлары мүлдем басқа жерлерде аналогиялық зерттеулер жүргізілді және зерттеу нысаны ретінде басқа селекциялық материалдар пайдаланылды. Бұл ҚР әртүрлі топырақ-климатты жағдайларына сәйкес жаздық қатты бидай сорттарын шығаруға байланысты селекциялық және теориялық жұмыстардың өзектілігі растайды. Қаты бидайдың сорттарын шығаруда жақын шет ел селекционерлері жетістіктерге жетті: Накат, Дружба, Харьковская 3, 9, 11, 15, 19, 46 (Украина), Саратовская 40, 57, Саратовская золотистая; Безенчукская 105, 115, 139, Оренбурская 2, 10, Оренбурская ранняя, Алтайка, Алмаз, Агат, Антей, Ракета, Ангара, Кристалл, Корунд, Жемчужина, Гордеиформе 6673, Леукурум 57, Омский рубин, Жемчужина Сибири, (Россия) (36. 38. 41) . Селекция үшін бастапқы материалдарды сынау және шығару жұмыстары бойынша таттануға төзімді, қысқа сабақты түрлерді алуға және Fr. Aestivum түр аралық гибридизацияларға, индуцирленген мутагенезге көбірек көңіл бөлінетін СИММИТ және ИКАРДА халықаралық ұйымдастыру шаралары жүргізіледі [28] .

Қатты бидай өндіретін көптеген елдердің арасында жаңа сорттар шығаруда біршама жетістіктерге жеткен елдер Болгария, Италия, Индия, Сирия, Канада, АҚШ, Франция, және Иран [28] .

Мынадай елдерде осы сұрақ бойынша панент іздестіру жұмыстары жүргізілді: ТМД - 1990-2004, АҚШ-1964-2004, Канада - 1964-2004, Италия - 1964-2004, Ұлыбритания - 1965-2004, Франция - 1969-2004, Сирия-1960-2004, Марокко - 1970-2001.

Шет елдердегі селекциялық жұмыстарды тәжірибеден өткізу нәтижелері көрсеткендей, негізгі бидай егетін елдерде - Канада, АҚШ, Мексика, Аргентина, Австралия, Италия, Индия, Франция селекция жұмыстары жоғарғы теориялық деңгейде жүргізіледі және олардың материалдық техникалық базасы жақсы. Осының барлығы Америка селекционерлерін үлкен жетістіктерге жеткізді, олардың әртүрлі жағдайларда қатты бидайлардың шеткі жапырақтарының ауданына генетикалық талдаулар жасалды, себудің қалыпты және кеш егумезгілінде қатты бидай дәні массасының генетикалық құрылымы анықталды [8] . ғалым-селекционерлер, селецияның бейімделуіне гаметаны сұрыптауды қолданып, қатты бидайдың құрғақшылыққа төзімділік түрлерін Сібір экотипіне бейімделген сорттарды шығары үшін пайдаланылды [8], [9], [10], [11] .

Ресей селекционерлері тез пісетін, жапырылуға төзімді, өнімділігі мен иммунитеті жоғары бастапқы материалдарды шығаруғда үлкен жұмыстар жүргізді, олар таттануға төзімді, қысқа сабақты түрлерді алуға және Tr. Aestivum (39. 37. 42) . түр аралық гибридизацияларын шығаруға көп көңіл бөледі.

Қазақстанда қатты бидай селекциясымен айналысқан зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда ауыруларға төзімді боп келетін шығу тегі әр түрлі қатты бидаймен орталық үстіртте бейімделген сорттармен будандастырылу қарастырылуда [24], [25], [26], [27] .

Біздің еліміздегі барлық аудандар үшін қатты бидайді егудегі басты мәселе сорттардың өнімділігін жоғарылатқанмен дәннің технологиялық сапасын арттыру болып табылады. Алайда қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлар әсеріне қарамастан жоғары деңгейде түсім беру қабілнтін сақтайтын жағдайда ғана жоғары сапалы дәнді өндіру тұрақты деп саналады. Селекция бағытын анықтауға және қатты бидайды егуге қиындық тудыратын әр алуан факторлар бастапқы материялдарға көңіл бөлуді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік, Шығыс Қазақстан жағдайында күздік бидайдың кешенді құнды сорттарын шығару
Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Түр аралық будандастырудан алынған будандардың селекциялық генетикалық ерекшеліктерін зерттеу
Астық тұқымдастардың тат ауруларына тұрақты гендері
Астық тұқымдастарына сипаттама
Селекцияның генетикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz