Төле би және оның заманы
1.Кіріспе
1.1 Ақылдың кені . данышпандар.
2. Негізгі бөлім
2.1 Төле би және оның заманы.
2.2 Төле бидің өмірі, алғашқы билік сөздері.
2.3 Төле би және " Жеті жарғы ".
2.4 Төле би халқын және оның болашағын ойлаған мәлімгер.
2.5 Төле би және Абылай хан.
2.6 Қарлығаш әулие
3. Қорытынды
Қазақтың Алатаудай ай серкесі.

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық . Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігін де, көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде табылады.
Сайын дала төсінде мал - жан тіршілік қамымен көбіне аттың жалы, түйенің қамында көшіп қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес Батыс - Шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанмен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Халқымыздың мақтанышына айналған көне ауыз әдебиетінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі - шешендік сөздер.
Бұл сөздердің қаны мен жаны-төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек, қайырымдылық сияқты халық қасиеттері еді.
Шешендік сөз суырып салма ақындық өнермен туыстас.
"Түйеге мінгеннің алты ауыз өлеңі бар", - демекші, кез - келген үлкен-кіші, әйел-еркек, "ауылдың алты ауызын", "қонақ кәде", бет ашар, "той бастарды" домбыраға қосып әндете жөнеледі.
Небір аумалы - төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешірсе де, халықтың алты ауызы жоғалмады, халықтың өзінен басқару жүйесі болды, ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Би байлық та, барлық та, жасай алмаған .Би тұғырына топты жарып таразы басын тең ұстап, әділін айтқан, қара қылды қақ жарған кісі көтерілген. Би - табиғи дарын, асыл текті ақыл, арғыны көре білетін көсем, ақпа - төкпе шешен. Осы би - шешендер даулы мәселені төрт -ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, хабарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан билердің келісімі, бітімі, көпшіліктің көзінше ашық аспан астында, айдан анық жария болып отырған. Ешқандай алдына - ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған.

1. Қазақ совет энциклопедиясы.
Алматы, 1973ж.
2. Қазақтың би шешендері.
Алматы, Жалын, 1993ж.
3. Шешендік шиырлары.
Алматы, 1993ж.
4. Ел аузынан.
Алматы, "Жазушы", 1989ж.
5. Үш пайғамбар.
Алматы, "Дәуір", 1992ж.
6. Төле би.
Алматы, "Мұраттас", 1991ж.
7. Н. Төреқұлов, "Төле би", Алматы 1991ж.
8. Елтұтқа, "Елорда", 2001ж.
9. Билер сөзі. Алматы, 1992ж.

Курс жұмысы
Тақырыбы : Төле би және оның заманы
Жетекші:
Орындаған :
Алматы 2007 ж.
Мазмұны
1.Кіріспе
(1-4 бет.)
1.1 Ақылдың кені - данышпандар.
2. Негізгі бөлім
(5- 25 бет.)
2.1 Төле би және оның заманы.
2.2 Төле бидің өмірі, алғашқы билік сөздері.
2.3 Төле би және " Жеті жарғы ".
2.4 Төле би халқын және оның болашағын ойлаған мәлімгер.
2.5 Төле би және Абылай хан.
2.6 Қарлығаш әулие
3. Қорытынды
(26 -33 бет.)
Қазақтың Алатаудай ай серкесі.
Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық . Кеңдігін де, елдігін
де, кемеңгерлігін де, көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да,
тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде
табылады.
Сайын дала төсінде мал - жан тіршілік қамымен көбіне аттың жалы,
түйенің қамында көшіп қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес Батыс - Шығыс
елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанмен, мазмұны мен
сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін,
олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Халқымыздың мақтанышына
айналған көне ауыз әдебиетінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі -
шешендік сөздер.
Бұл сөздердің қаны мен жаны-төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ
жүрек, қайырымдылық сияқты халық қасиеттері еді.
Шешендік сөз суырып салма ақындық өнермен туыстас.
"Түйеге мінгеннің алты ауыз өлеңі бар", - демекші, кез - келген үлкен-
кіші, әйел-еркек, "ауылдың алты ауызын", "қонақ кәде", бет ашар, "той
бастарды" домбыраға қосып әндете жөнеледі.
Небір аумалы - төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешірсе де,
халықтың алты ауызы жоғалмады, халықтың өзінен басқару жүйесі болды, ел
қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз
билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа
шығарған әділет жоқшысы. Би байлық та, барлық та, жасай алмаған .Би
тұғырына топты жарып таразы басын тең ұстап, әділін айтқан, қара қылды қақ
жарған кісі көтерілген. Би - табиғи дарын, асыл текті ақыл, арғыны көре
білетін көсем, ақпа - төкпе шешен. Осы би - шешендер даулы мәселені төрт
-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз,
хабарсыз,
ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан билердің келісімі, бітімі, көпшіліктің
көзінше ашық аспан астында, айдан анық жария болып отырған. Ешқандай алдына
- ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін, билік
шешімін "Ал халайық, бұған не дейсіңдер? Ризасыңдар ма?" - деп көпшілікке
салып жариялық жасап, мақұлдасып отырған. Осы күнгі айтып жүрген жариялық,
демократия, адамгершілік дегеннің өзі осы емес пе? Аталы сөздің қадірін,
қасиетін, киесін білген дана халқымыз ел ішінен шыққан от ауызды, орақ
тілді, қара қылды қақ жарған әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер
құрметтеп олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін осы күнге дейін жадында
сақтап келген. " Түгел сөздің түбі бір - түп атасы Майқы би", "Төле би
былай депті " , "Әйтеке би айтқан сөз екен", "Қаз дауысты Қазыбек би
айтыпты" - деп ауыздарынан тастамаған. Олардың заманында Ахмет Байтұрсынов
пікірімен айтқанда әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі
дертін жазатын жақсы дәрі еді.
Ежелден келе жатқан аталы дәстүріміз - шешендік өнерді қайта қалпына
келтіріп, оны жаңа талап, жаңа мақсат, жаңа мұратқа сай игілігімізге
айналдырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне, болашақ мүддесіне пайдалану керек.
Төле би және оның заманы.
Қазақ ел таныған шешен билерге кенде болмаған. Ұлы Шоқан Уәлихановтың
айтуы бойынша, оларды халық өзі 6и атап отырғызған. Ешқандай да арнайы
сайлау, үкімет тарапынан тағайындау болмаған. Ал би болып белгіленетін
кісілер өзінің шешендігін, әділ төрелігін айта алатын қасиетін көпшілік
алдында көрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура
сөйлейтін нағыз шешен әрі ақылгөй, халық қамқоры болған. Сондықтан да
билердің төбе биі Төле " Тура биде туған жоқ", деп мақалдап кеткен.
Әдетте қазақтың шешендік өнері, билік құру дәстүрі Әз - Жәнібек ханның,
Жиренше шешеннің тұсында өркен жайып, Әз - Тәуке ханның тұсында билік шыңға
көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы осы
тұста, дәл осы кезеңде бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын
біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық билік құрған Тәуке ханның кезінде
билер кеңесі құрылып, он жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарларының маңындағы
Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырған.
Билердің кеңесінде үш жүздің атақты билері бас қосқан. Осындай кеңестің
бәрінде "Қырық рудың қырық биі" қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрек
өзеннің жағасында Күлтөбе басында "Ханнабат" атты Тәуке ханның ордасында
қазақтың әдет - ғұрып заңдарының жиынтығы "Жеті жарғы" қабылданған.
"Күлтөбенің басында күнде жиын" – деген мәтел содан қалған. Сол жиынның бел
ортасында болған ірі, беделді билердің бірі, ұлы жүздің ұлы биі, Қазыбек
пен Әйтеке билер аға тұтқан - Төле би бабамыз. Төле би туралы айтпас бұрын
оның өмірі мен өмір сүрген дәуірі туралы айта кету абзал.
Бұл қазақ қауымының өміріндегі ең ауыр да қасиетті кезең. Бір кездері
қыр үстін қаһармен тітіреткен өзара іштей алауыздықтан әлсіреп, тоқ пен тәж
үшін тайталас қырқыста титықтан алты алаштың мызғымайтындай іргетасы
сөгіліп, жан - жақтан байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш
болудан қалды. Бір ошақтың бір тұтас үш бұтындай болып, сүттей ұйып отырған
ел - жұрттың шырқы бұзылып, тыныштығы тапталып, шығыстан жөңкілген жоңғар
- қалмақтың қалың қолына төтеп бере алмай, аласапыран да жойқын
шапқыншылыққа ұшырады. Ұлы далаға жасалған дүркін - дүркін шабуыл
қазақтарға құрып кету қаупін туғызды. Сөйтіп 1723 жылғы жылан жылымен
келген жеті ағайынды жұтпен бірге жүргізілген басқыншылық соғыс байырғы
көшпелі ел үшін, қанды қырғынмен аяқталып, тарихқа "Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама" деген атпен енді. Бөрік астынан бөрі, жар астынан жау
шығып, аяулы ер азаматтардың, қыз - келіншектердің басы байлауда, мал -
жаны айдауда кетті. Өкшелей қуған өшпенді жаудан ығысып, Алтай , Арқа мен
Жетісудағы ата қонысынан ауған қазақтар жолай Қаратауда аз уақыт паналап,
тіпті болмаған соң, Сыр бойын сығалап, алдымен Жиделібайсынға, одан әрі
Жайыққа қарай үдере өтіп кетті. Оқтын -оқтын оларға Иранның Нәдір шаһына
арқа сүйеп, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтары да оңтүстіктен тықсыртып қоқан -
лоқы көрсетіп отырды.
Тап осы қиын - қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахнасына шықты. Ол
туған халқының даналығы мен кемеңгерлігінің айнасы. Қазақтың біртүар
перзенті. Кей деректерге сүйенгенде, Шу бойында Әулие ата төңірегінде, енді
бірде Бадам өзенінің жағасында өмірге келген. Не десек те қандай
қиыншылықтар болмасын ол ұзақ жасап, тоқсан үш жасында Шыназда (ескі
Ташкент) дүние салған. Өз өсиеті бойынша денесі Ташкенттегі Шонқантәуірде
жерленген. Бұл кесене "Қарлығаш әули" деп аталған, ол зиярат етушілердің
қасиетті орнына айналды.
Төле бидің туған әкесі - Әлібек. Төлені халық "үйсін Төле би" деп атап
кеткен. Шыққан тегі - ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер
"тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған, олар
"Қарлығаш" атанған, қара шаруа болған" деген дерек береді.
Ал Төленің ұзақ жасағандығы туралы дерек көзін, бидің өз сөздерінен -
ақ алуға болады.
Бірде ұлы жүз биі Төле мен кіші жүз биі Әйтеке бірігіп орта жүзден
Қасқакөл деген көлді даулайды, бірақ орта жүздің бас биі Орманбет оларға:
Екі би, айтқан сөздің жарысында,
Еншіге әркімдер - ақ таласпайды,
Қасқакөл Орта жүздің көлі еді ғой.
Айтқандарың қиянатқа жанасады.
- деп көлді бермейді. Кейін Орманбетті анасы көндіріп, көлді үш жүздің
рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне
разы болады:
Қасқакөлді алам деп келіп едім,
Орманбет бермеген соң, өліп едім ...
Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып,
Мәңгіге тірілместей болып едім,
- деген өлеңі дәлел болады.
Халқының Төбе биі - туған халқының басынан небір қиын кезеңдерді
өткерген тұста өмір сүріп, осы кезде әрдайым халқының қасынан табылып, көк
найзаның ұшымен, қызыл тілдің күшімен туған даласын жат- жұрттық
басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан. Өзгеше жанның өмірі де өзгеше. Ол
жастайынан ескіше оқып, сауатын ашқан. Арабша, парсыша кітаптарды, хисса -
дастандарды көп оқыған. Бір жағынан қазақтың аңыз әңгіме, өлең, жырларын
шежіре тарихын ел арасында тыңдап, өзінен бұрын өткен шешен билер мен
хандар, әсіресе өзінің балалары Жанту, Жарылқамыс билердің көсемді, таптық,
өнегелі нақыл шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те
ділмар адам екен. Төле бала кезінде әкесімен еріп жүріп, ел көреді, жұрт
таниды. Алғашқы билік сөздерін бес жасында айтып, өзінің ақыл
парасаттығымен, шешендік өнерімен көзге түседі. Сондай бір жарқылдап, небір
марғасқа билердің аузына қаратып сөйлеген жиында:
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақсы сақа ғой,
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой
- деп билікті бала биге ұсынады екен. Бұл Төле бидің алғашқы билік
сөздерінің бірі еді.
Ел арасындағы Төле би айтты дейтін шешендік сөз үлгілерінің төркіні
былай болып келеді. 1740 жылы қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпары
Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле 6и бастаған ел Ташкенттен
қудаланады. Жау жағы Ташкентте Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл
кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Осы
тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басылары түгел жиылады.
Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ" дегенді айтады.
Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Өзіне келер ұлтын,
Өзі билеп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені
Ортасында қуса игі
- деп шырық бұзғандарды жиыннан қуып жіберген. Содан соң айналасындағыларға
қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арлайтын сорың бар ...
Құлдық ұрсаң дұшпанға
Еркек болып туды деп
Мына сені кім айтар?
-деп толғаиды. Төленің осы сөзін өзгелер түгел құп көріп, жауға қарсы күш
біріктіріпті деседі. Әрине әр мезгілдің өзіне тән қазіргі бізге қисынсыздау
көрінетін әдет, ұғым заңдылықтары болған. Ол кезде жауды аттандырып, елші
алмастырумен бірге қарсылас хан сарайларына татулық белгісіндей ет жақын
бауырларын да сенімділікке үй йесін аманатқа алып отырған ғұрып болды. Бұл
жеке басқа төнген қара бұлт Төле биді айналып өтпейді. Оның өз балалары
бірнеше мәрте жау ордасында болып жапа шекті. Соның бірін жұрт былай
әңгімелеп өтеді.
Бірде Қалдан хан Жоланнан сұрап еді: "Мен, тақсыр, кіші қатынының
баласымын" - деген соң, - арзымайтын ұлын жіберіпті деп елемейді де, жауап
та бермей жеті жыл созып жүріп алыпты дейді. Бір күні аңға шығып бара
жатып, уәзірлерінің ұғындырып " Төленің баласы келіп жатқанына жеті жыл
болды, тағы да санап көрейікші сөзге салып, алыстан менің ат тонымды таныр
ма екен? Айжанхан қайсысы деп сұраңдаршы? - деген соң уәзірлер келіп сынап,
көп адамның ішінен Қалдан қайсы, қойын атасы мейман келе жатар екен,
Айжанхан қайсысы? - дегенде Жолан: "Сұр атты, сұр киімді қытай патшасы
болса керек, боз атты, боз киімді Қалдан хан болса керек" - деп дәл
табады. Тек осыдан кейін ғана Қалдан Жоланға сеніп, қадірлеп аңға алып
шығып, қайтарда түрлі киім, ат беріп, мол қазынамен қайтарады.
Сол ұзақ тұтқыннан оралған соң, Жолан үйлі" балалы болып, одан тарап
келе жатқан бір қауым ел өсіп - өніп отыр.
Жалпы Төле би жұрты үшін жанқиярлық танытып, өз балаларының да осылай
өмірін оққа байлап беруден де тайынбайтын. Мұнымен Төле би тек жалғыз Ұлы
жүз немесе Жаныстың қорғаны болмай бүкіл алаш азаматтарын желеп - жебеп
өміріне өріс, көңіліне кеңіс тілеп батагөй болып жүргенін танытады.
Төле бидің өмірі, алғашқы билік сөздері.
Төле би жасынан аса зерек, тапқыр, қара қылды қақ жарар әділ болыпты.
Осы мінезімен ауылына ұнап бірте - бірте қауым халайыққа сүйкімі артыпты.
"Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер", - дегендей әкесі Әлібек бидің
мінезі жас Төлеге қаз - қалпында дарыған екен деседі ол жайында дерек
қалдырушылар.
Қазақ Совет энциклопедиясында "Төле би Әлібек ұлы 1663 жылы қазіргі
Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсан жайлауында дүниеге келген деген дерек бар.
1756 жылы қазіргі Шымкент облысы, Леңгір ауданы, Ақбұрқан орда жерінде
жерленген. Қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен, ұлы жүздің Төле
биі, "Жеті жарғы" әдет заңын шығарушылардың бірі.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба
ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде
бірлік болады, оның күші қандай болмақ?" - дегенді сұрайды.
Сонда Әнет баба, әуелі оған жауап айтпас бұрын, бір бума солқылдақ
шыбық алдырады.
- Балам мынаны сындырып көрші деп ұсынады. Төле буылған шыбықты олай-
бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы. Төле ортасынан буылған шыбықты
шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай-ақ сындыра салады. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің балам дейді?
Төле бала:
- Түсіндім баба, бұл мысалыңыздың мәнісін: ынтымағы, бірлігі мықты
елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген, таяқ жейді" демекші,
бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніміз ғой.
- Бәрекелді балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін елді алдымен ауыз бірлікке,
ынтымаққа баулу керек дегеннің мәнісі осы - депті.
Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
өте көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ және шешен, халық қамын
ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да Төле би 17- 18
ғасырда өмір сүрген өз заманының ақылды, парасатты, білімді азаматы болған.
Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыздар бойынша, өзінің саналы
өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділет, адалдық жолында қыруар қызмет
атқарады. Сөйтіп ол халқының бақыты, болашағы, бірлігі, тірлігі, тұрмысы,
салт - сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын сарп етті. Сол үшін де туған елі оны
төбесіне көтеріп құрметтейді. Айтқан билік шешімі мүлтіксіз жүзеге асып
жатты. "Қара қылды қақ жарған", Төле биді, Әулие ата, "Қарлығаш әулие" деп
атап кетті емес пе. "Шындық шыңыраудан да алып шығады", - демекші, Төле
бидің осы саладағы бір әділ билігі жөнінде өзінің бір ұрпағы, зерттеуші
Мәметбек Қалдыбаев "Алматы ақшамы" газетінде былай баяндайды:
"... Төле бидің ұлдарының бірі Жолан, кең даламен жолаушылап келе
жатып, киімі жыртық - жыртық бір мүсәпір кісіге кездеседі.
- Ассалаумағалейкум, ата жол болсын! - дейді.
- Әлей болсын, шырағым. Мен бір мүсәпір едім. Қарт үһілей күрсініп,
бүгілген белін қолымен ұстап, жерге отыра кетті. Жолан атынан түсіп қасына
келді.
- Ата, күн ыстық жүріңіз анау жиденің түбіне баралық - деп қолтығынан
демей берді.
- Қарағым - ай, өзің неткен мейірбан едің, көп жаса! Көресін мен сол
жиденің түбінен көрдім ғой. Қарт егіле жылап, екі қолымен басын ұстап,
шөкелеген күйі төмен қарап отырып қалды. Жолан ер үстіндегі қымызын алып,
аузына тосты. Шөлін басып, "үһ" деп демін алған қарт, жиде саясына
жайғасып, әңгімесін айтты.
- Қарағым, балам, "өлмегенге өлі балық жолығады" дегендей, маған
сенің жолыққаның қандай жақсы болды, не істерімді білмей, есім шығып
қайғырып отыр едім. Әзір тақыр кедеймін. Бала - шағам көп. Көрші ауылда
ұзатылған қызым бар. Үйде азығымыз таусылып, сол қызыма көмек сұрай барып
едім. Бала - шағам аш, ептеп - септеп азық - түлік бер, киімі жыртық, киім
бер? - дедім.
- Жарайды, - деп күйеу бала мен қызым аздаған азық - түлік пен киім -
кешек тауып берді. Қоржынымды оны - мұныға толтырып, иығымы асып осы жерге
әзер жеткен едім. Осында қондым. Қайғырып жатып қалғып кетіппін. Біреу
бассалып, тұншықтырып, қатты соққылай бастады. Есімді жисам қоржын жоқ.
Жылап - жылап: - енді қайттім, үйдегі аш - жалаңаш балаларыма қалай
көрінемін? Әбден масқара болдым - ау, айдалада ұйықтап нем бар еді? - деп
қайғырып отырмын балам.
- Ата саспаңыз, жасып, жыламаңыз. Бұл төңіректе біздің ауылдан басқа
ауыл жоқ. Екеуміз мына атқа мінгеселік - деп келісті. Екеуі атқа мінгесіп,
ауылына келді. Ақ сақалы омырауына жапқан ат жақты, ортасы сәл дөңестеу қыр
мұрынды, кең жауырынды, өткір жанарлы Төле би бар жайды ұйып тыңдап:
- Жарайды, қариям, қазір жұртты тегіс жинап хабарлаймын - деді.Көп
кешікпей ел жиналып әділ билік үкімді күтті. Төле би орнынан тұрып, жұртым
түгел жиналдыңдар ма? Бір кісі келмей қалмасын! - деді.
Бәрі жиналды, Биеке - деп жұрт шулады. "Не болып қалды екен?" - деп бәрі аң-
таң. Төле би кедей мүсәпір қартты алқа қойып отырған жұрттың алдына
шығарып.
- Иә, мүсәпір нең жоғалды? - деді.
Менің аш балаларыма әкеле жатқан азығымды, киім кешегімді, құдықтың
жанындағы жалғыз жиденің түбінде ұйықтап жатқан жерімнен біреу ұрып тартып
алды.
Жұрт тым - тырыс. Бәрі мұңайып төмен қарап үнсіз отыр.
- Уа, халқым – деді, Төле би.
- Мына кедейді жылатпа. Сорлының киімі мен азығын бер. Бермесіңе
шындық қоймайды. Біреуден ұсталасың. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді деген,
алғаным рас еді деп мойында. Ешкім үндемейді. Жоқ табылғанша бұл жерден бір
адам да кетпейді. Жұрт ішінен тынып отырды. Ешқайсысында үн жоқ. Күн батуға
таяды.
- "Ойпыр - ай, Иттің баласы қайсысы алды екен? Алған соң шынын айтпай
ма? Жұртты босқа иіріп қойғаны несі? Малымыз, үй жайымыз, қараусыз қалды –
ау деген күңкіл шықты. Бірін бірі түртіп тілсіз ыммен сырласып жатқандар да
бар.
"Мен алып едім" деген жауап болмаған соң, Төле би мүсәпір қартқа
қарап.
- Сізді Құр құдықтағы жалғыз жиденің түбінде тонады ғой. Қазір сол
құдыққа жаяу барыңыз. Кімнің алғанын сол құдық пен жалғыз түп жиденің өзі
айтады.
- Оларда тіл жоқ емес, бар - деді. Мүсәпір қарт топтан.
Сіз барып келгенше ешкімді, үйіне қайтармаймын. Егер кететін адам табылса,
жоғалған мүлкіңізді сол адамға төлетеміз.
Жұрт бір - біріне қарап:
- Ой, ол құдық пен жидеге қаншаға дейін барып келе алады, ол қай
жерде екен? Жаяу қашан келеді? Білетіндер бар ма? - деді күңкілдеп.
Көп ішінде отырып мүсәпір қарттың қоржынын алған адам байқамастан:
- Ой, ол жиде мен құдыққа барып келгенше таң атады. Ұзақ жер ғой, -
деп қалды. Кімнің аузынан қандай сөз шығады деп аңдып отырған Төле бидің
жігіттері шап беріп ұстап, әлгіге:
- Тұр орныңнан! Мына жұртқа жауап бер! - деді. Ұзақ жер деп сен біліп
айтып тұрсың. Оның мүлкін сенен басқа ешкім алған жоқ.
Төле би халықты үйлеріне қайтарып, қос атты қуғыншы жұмсап, кедей
қартты алдырды. Ұрыға:
- Бер мынанікін! - деді бұйырып.
- Алғаным жоқ!
- Қазір мынаны дарға асыңдар! - Екі жігіт білегінен ұстап, сүйрей
жөнелгенде:
- Ататай алып едім, жанымды қиыңыз өлтіре көрмеңіз! - деп жалынды.
- Алған заттарымды түгел қайтарамын.
- Ой жазған, халықты қинамай - ақ бірден мойындай салмайсың ба?
Шындық айтқызбай қоя ма? – деді де салқын жымиды Төле би. - Саған берер
жазам бар.
- Ататай, өтінемін жанымды қиыңызшы?
- Саған жазам, бұдан былай ұрлық істемеймін деп уәде бер.
- Мақұл ата. Енді ұрлық істесем, дарға асылайын...
Міне осылай Төле бидің алдынан ешбір айыпкер өз кінәсін жасырып,
қашып құтыла алмаған. Қайсысы болса да оның алдында өз кінәсін мойындаған.
Сөйтіп тура ақ жолға түскен. Ел қатарына қосылып, адал еңбек еткен.
Дәл осы секілді, Төленің тапқырлықпен жол тапқандығы жайлы аңыз
әңгімелердің тағы біріне сөз берсек.
Елдің Қазығұрт тауының бөктеріне көшіп қонып жатқан көктеу кезі еді.
Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгін әкеп, біреуі:
- Құздан қуып індеткен түлкіме, мынау таласып, бермейді, - дейді.
Екіншісі:
- Сырттан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер
де, ін де менікі. Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің
дауын тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді.
Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты "айт шулеп" ойнап жүр екен. Алдарына
кеп дауларын баяндаған соң бала:
- Түлкі арлан болса сенікі, - дейді "қырдан қуып келіп індетім" деген
жігітке.
- Ұрғашы болса сенікі - дейді "жер менікі" деген жігітке. Баланың бұл
билігіне әлгілер түсінбей, әкесіне қайтып келеді. - Төлежан төрелігін дұрыс
берген екен - дейді Әлібек би.
Түлкінің арланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек
болса, сенікі, сенің қырдан қуып келіп, індеткенің рас, түлкі саған тиеді
ал ұрғашы болса жер иесі саған тиеді.
Тағы бір аңызда Төле би ұрыға ат шапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда
"қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды" - деп жауап береді. Сондай - ақ
тұсау ұрланғанға да айып салады. Оның мәнісін "тұсау ат сақтайды, ат ерді
сақтайды, ер елді сақтайды" деп түсіндірген екен.
Төле би және "Жеті жарғы".
Ат жолын тартып мінгеннен бала би атанса да, Төленің ерте билік пен ел
басқаруға араласқаны туралы мәліметтер аз. Бірақ оның айырықша тұлғаланып
көрініп, қауымдастық танып, даналығымен де, кемеңгерлігімен де көзге
түсетіні Әз-Тәуке хандық құрған (1680-1718) жылдардың тұсы "Жеті жарғының"
жазылып, дүниеге келер тұсы еді. Төле би өзінің ақылымен әріптестермен
үзеңгілес жүріп, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа
жағдайындағы түз тіршілігіне сәйкес бай мазмұнымен түр беріп, қайта түзеді.
Олар ескі сүрлеуге түсіп кетпей, өмірдің көп жағын заңдастырды. Шынында да
"Жеті жарғы" өз заманында ілгерішіл үлкен маңыз атқарған құжат. Онда
ғасырлардан келе жатқан дала демократиясы қатты ескерілді. Жаңаша
көзқараста жер дауы мен жесір дауы, барымта мен қарымта, күн және тағы
басқа жәйттер әділ шешімін тапты. Қайткенде де оған көрші мемлекеттердің
зерттеп қазына көңіл аударғаны жайдан - жай емес.
Талай тайталас, дау - дамайлардың ортасына түсіп, елдің, жұрттың атынан
ақ сөйлеп, кесімді шешім айтып, билік парасатымен көзге түскен Төле би
ақырғы демі таусылғанша сол бекзаттығынан бұра тартпайтындығы қандай
ғанибет.
Бірде Төле бидің әкесі Әлібек жоғалған бота туралы іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz