Кәсіпорынның ассортименттік саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . . .

1. Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік.

1. 1 Ассортименттік саясаттың мәні және міндеттері . . .

1. 2 Отандық нарықта өнімдер ассортиментін қалыптастыру бағыттары . . .

1. 3 Ассортименттік стратегияның бағыттары және принциптері . . .

1. 4 Өнім ассортиментін анықтайтын негізгі факторлар . . .

2. Берік-Қара ЖШС-нің ассортименттік саясатын талдау . . .

2. 1 Кәсіпорынның даму тарихы . . .

2. 2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы . . .

2. 3 «Берік-Қара» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіштері . . .

2. 4 Өткізілген қызметтің көлемін талдау . . .

2. 5 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін талдау . . .

2. 6 Көрсетілетін қызметтің ассортиментін факторлық талдау . . .

2. 7 Көрсетілетін қызметтің ырғақтылығы мен маусымдылығын талдау . . .

2. 8 Жүргізілетін ассортименттік саясаттың кәсіпорынның қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау . . .

2. 9 Өткізілген қызметтің көлемін экономика-математикалық талдау . . .

3. Ұсынылатын шаралардың экономикалық тиімділігі.

3. 1 «Үйлерге барып жұмсақ мебелді химиялық тазалау» шарасы. .

3. 2 «Мамық-қауырсынды бұйымдарды тазалау» шарасы

Қорытынды . . .

Әдебиет . . .

Кіріспе

Ассортименттік саясаттың негізгі мәселелерінің бірі - нарықтағы фирманың тиімді қызметін қамтамасыз ететін тауар топтарының жиынтығын анықтау. Әртүрлі кәсіпорынның өнім ассортименті нарықтағы өнім ассортименті құрамының бір бөлігі ретінде көрінеді. Оның өзгерісі сұраныстың өзгеруіне немесе бәсекелестердің нарықта тұрақтана алмауына байланысты. Әлеуметтік-экономикалық әлуеті нығайған кәсіпорын, нарықта қалыптасқан жоғарғы немесе төменгі деңгейлерге қосымша ену мақсатымен өз ассортиментін біртіндеп көбейте беруі мүмкін. Нарықтың жоғарғы сатысындағы кәсіпорынның өз ассортиментін арттыра отырып, төменгі сатыға енуі - бәсекелестерінің әрекетін тыю немесе жедел ұлғайып келе жатқан нарық сегменттерінен орын алу мақсатын көздегендігінің дәлелі. Сондай-ақ төменгі сатыдағы фирманың жоғары сатыға енуге қызығуы - ондағы өсудің жоғары қарқындылығы немесе көтеріңкі пайда түсіруге ұмтылушылық болуы мүмкін. Мұны, басқаша айтқанда, фирма өзін жеткілікті ассортиментте тауар өндіруші ретінде позициялауға көшкісі келеді деген сөз. Бірақ тым жоғарыға ұмтылудың да өзіндік қаупі бар. Өйткені нарықтың жоғары сатысындағы бәсекелестер өз позицияларында мықтап орнығып алған. Өнім ассортиментін кеңейту ісі, бір жағынан, күнделікті өндіріліп жүрген ассортименттік шеңберден шығудың нәтижесі болса, екінші жағынан, сол шеңбердің ішінде жаңа өнімді қосу есебінен жүргізілетін болады. Өнім ассортиментін кеңейтумен қатар, оны толықтыру да қажет.

Кәсіпорын маркетингтік стратегия шеңберінде белсенді тауар саясатын жүргізе отырып, өндіріс технологиясы мен өндірілетін тауар ассортименттерін нарық сұранысына, коньюктураның өзгеруіне сәйкес жаңартудан қол үзбегені дұрыс. Өйткені өндірістің тұтыну қарқыны мен талаптарға деген сезімталдық дәрежесі және оның тауарлық икемділігі бірден-бір стратегиялық бағыт болып табылуы мүмкін.

Ассортиментті қалыптастыру - бұл тауарлардың сорттарын, түрлерін халықтың сұранысына сәйкес оны толығымен қанағаттандыру мақсатында топтастыру процесі. Ассортименттік саясатты таңдау процесінің проблемаларын жақсы түсіну үшін кәсіпорынның ассортиментінің қалыптасуын анықтайтын негізгі факторларға тоқталу қажет.

Кәсіпорынның ұқыпты дайындалған ассортименттік саясаты жетекшінің басқару құралына айнала отырып кәсіпорын жұмысының жүргізілу бағытын көрсетеді. Кәсіпорынның ассортименттік саясатының дұрыс таңдалуы кәсіпорын үшін тиімді мүмкіндіктердің бекер кетпеуіне кепілдік болады. Жоғарыда баяндалған мәселелер диплом тақырыбының қазіргі жағдайда өте өзекті екендігін көрсетеді. Кәсіпорынның ассортименттік саясаты дұрыс таңдалған уақытта тұтынушылардың сұранымы қанағаттандырылады, нәтижесінде пайда алынады. Дипломдық жұмысты жазу үшін бұл тақырып бекер таңдалмаған. Себебі бүгінгі күні ассортименттік саясат проблемасы жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан ассортименттік саясатты дипломдық жұмысымның тақырыбы етіп ала отырып, оны жетілдіру проблемаларына тереңірек тоқталмақшымын.

Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қортындыдан тұрады. Кіріспеде ассортименттік саясаттың бүгінгі таңда еліміздің экономикасында алатын орнына тоқталдық. Бірінші бөлімінде нарық жағдайындағы ассортименттік саясаттың мәні мен ассортименттің қалыптасуына түсініктеме береміз. Екінші бөлімінде «Берік-Қара» ЖШС өндірістік шаруашылық қызметіне талдау жасаймыз. Үшінші бөлімінде өнімнің ассортиментін кеңейту және жаңарту бойынша шаралар жобасын әзірлейміз.

Тарау 1. Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік

1. 1 Ассортименттік саясаттың мәні және міндеттері

Өндіруші кәсіпорынмен нарыққа ұсынылатын тауарлар жиынтығы ассортимент деп аталады. Номенклатура немесе тауар ассортименті - бұл кәсіпорынмен өндірілетін бұйымдардың барлық жиынтығы. Ол әр түрлі тауар түрлерінен тұрады. Тауар түрі (автомобиль, трактор, металл өңдейтін станок) функционалдық ерекшеліктері, сапасы мен бағасына сәйкес ассортименттік топтарға (типке) бөлінеді. Әрбір топ ассортименттік позициядан (әртүрлілігі немесе маркасы) тұрады. Мысалы, кәсіпорын мұздатқыш пен телевизор өндіреды. Холодильник бір, екі және үш камерлі модельдер бойынша және морозильниктерімен көрсетіледі. Соңғылары бірнеше маркалы, көлемі және кейбір техникалық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Тауар ассортименті кеңдігі (ассортименттік топ санымен), тереңдігі (әрбір ассортименттік топтағы позиция санымен) және салыстармалылығымен сипатталады.

Ассортименттк сасаттың негізгі мәселелерінің бірі - нарықтағы фирманың тиімді қызметін қамтамасыз ететін тауар топтарының жиынтығын анықтау.

Сонымен қатар нарықта жаңа тауардың және өсу, жетілу және құлдырау стадиясындағы тауарлардық бір мезглде болуының қатынасы белгіленеді. Ассортименттік саясат фирма өндіретін немесе сыртқы көздерден алынаты тауарлардың шығуы туралы мәселелердің шешімін қажет етеді.

Ассортименттік саясаттың міндеттері :

- тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру;

- фирманың технологиялық біліктілі мен тәжірибесін тиімді пайдалану;

- фирманың қаржылық нәтижелерін оптимизациялау, егер де ассортименттің қалыптасуы күтіліп отырған рентабельділік пен табыс көлеміне негізделсе;

- нақты өндірістік бағдарлама ны пайдалану сферасын кеңейту жолымен жаңа тұтынушыларды жаулап алу;

- фирма қызметі сферасын диверсификациялау есебінен икемділік принципін сақтау;

- синергизм принципін сақтау, яғни белгілі бір технологиямен, кадрлардың біріңғай квалификация және т. б. өзара логикалық тәуелділікпен байланысты фирма өндірісі мен қызметі аумаған кеңейту. Бұл фирма шығындарын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өндіріс тиімділігін қарастырған тұста көп ретте олардың жалпы даму деңгейіне ғана назар аударылып, интеграциялау мәселесі мүлде ескерілмеуі жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, игілік атаулы қалай жасалатынына жете көңіл бөлінбейді. Қазіргі тауар молшылығына әлдеқашан қол жеткізіп үлгерген елдердің адамға қажеттінің барлығы өндірілуде деген тұжырымның растығына сене қою қиын. Өйткені өндірістің қайсысы болсын, конвейерлік жүйеде жаппай шығаруға үйір. Жекелей немесе дара тапсырыстар бойынша тауарлардың бір үлгідегі көлемі өндіріс үшін ұтымды шамаға жетпегенге дейін оларды өндіруге жете мән берілмейді. Демек, нарықты сегменттеу ісі қайткен күнде де сұранысты қалыптастыру емес, бар сұраныстың өзін іріктеп-жинақтау арқылы соған сай тауар өндіру жөнінде шешім қабылдау болып табылады. Ал назардан тыс қалған қажеттіліктер сегменттен де тыс қалып, өндіріске жетпейді. Сөйтіп, тұтынушының көңілі қалаған қажеттігінің бәрі табыла қоймайды. Өйткені олар өндірістің бағдаламасына енбеген. Сондықтан өндірістің жұмысына баға берген тауардың түр-түрін шығару ауқымына баса назар аудару қажет. Және тұтынушылардың қажеттіліктерін тиісті тауарлармен қанағаттандыру дәрежесін есепке алып отырға жөн. Шындығында, өндіріс пен тұтынудың өзара мүдде жақындығы, байланыстылығы болмаса - маркетингтік мақсат орындалмайды. Қайбірде тауар өндірушілер тек өз пайдасын ғана ойлап, тиімді өнім өндіру мен өндірісті түрлендіру (ассортимент), интеграциялау жағына көңіл аудармайды. Мұның ақыры тұтынушылар мүддесіне қысым жасауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сөйтіп тұтынушылар бейтарап кейін танытады. Сондықтан өндірістің интеграциялануын әрбір тауар шеңберінде мұқият қадағалау қажет.

Өнімнің түр-түрін қарастыру - өндірістің интеграциялану дәрежесін сипаттаумен қатар, оның нарықта табысты жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді. Өнім ассортименті ұғымы тауар түрлері деген түсінікке жақын. Ол тауардың өмірлік бағыты мен өндірістік технологиясына қатысты өзара жақын топтар болып табылады. Тауарды түрлендіру ауқымы (диапазоны) тауар өндірушінің алдына қойған мақсатына, нарық төңірегіндегі қарым-қатынасының көлемі мен өндіріс қуатының мүмкіндігіне қарай өзгеріп отыратынын көрсетеді. Өз тауарларының жеткілікті түр-түрі арқылы абырой-беделін арттыруға тырысып, нарықта қомақты үлес иемденуге немесе нарықтағы үлесін одан әрмен кеңейте түсуге күш салатын тауар өндірушілер, әдетте, кейбір тауарларының пайда әкелмейтініне онша көңіл бөлмейді. Ал пайда алуға көбірек ден қойған кәсіпорын түсімі жоғары тауар түрлерінің шамалы бөлігін ғана иемденеді. Сондықтан көптеген кәсіпорындар нарықта тұрақтану және ондағы өз үлесін жоғалтпау мақсатымен тауардың түр-түрін көбейте түсетін болады.

Тауар дегеніміз - рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етушітұлға десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық нәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Бұнымен бірге белгілі уақытқа дейін тауар зат ретінде тұтынушыға ешқандай құндылық еместігін есепке алушуы тиіс. Дәлірек айтсақ, рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажетті қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Онымен тауардың маркетингтік мақсаты - адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, кере уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс. Осыған орай, адамдардың сегменті бойынша тауардың ассортименті қажет деп ойлаймын. Өйткені тауар ассортиментін жоспорлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүнкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші - кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.

Тауар ассортименті - кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық түрлері жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Тауар түрі (автокөлік, трактор, станок, т. б) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан тұрады. Мысалы кәсіпорын, тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді деиік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т. б үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және көлемімен, ерекше техникалық көрсеткіштерімен сипатталады. Тауар ассортиментін жоспарлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші-касіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.

Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі және салыстырмалылығы. Ассортимент ені - ассортименттік топтардың саны. Ассортимент тереңдігі- әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалылығы - тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.

Ассортиментті құру аркылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке серияларының мәселелері, "ескі" және "жаңа" тауар. "күрделі" және "жай" тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, әсер жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін.

Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы ассортименттік құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты, техниканы қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортимен қағида көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тayapлap түрлері (тұтынушылардың түрлеріне қарай), ассортимент жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі және т, б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.

Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады; екі тереңдігі және салыстырмалылығы. Ассортимент екі ассортименттік топтардың саны. Ассортимент тереңдігі - әр ассортиментік топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалылығы - тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсыған ассортименттік топтардың арақатынасы.

Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке серияларының мәселелері, “ескі” және “жаңа” тауарлар “күрделі” және “жәй” тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүнкін.

Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы ассортименттік құрлымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты, техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортименттік қағида көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері (тұтынушылардың түрлеріне қарай) ассортиментті жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі және т. б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрлымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.

Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе жаңартылған өнімді бар ассортиментке қосу немесе ассортименттегі ескі өнімге айырбастауға ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау - кострукторлық бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің алдында оны тексеріп көреді.

Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:

  • пайданы өсіруге көмектеседі;
  • қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар;
  • өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүнкіндік жасауы мүнкін;
  • фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;
  • маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтандырады;
  • тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.

1. 2 Отандық нарықта өнімдер ассортиментін қалыптастыру бағыттары

Әр түрлі кәсіпорынның өнім ассортименті нарықтағы өнім ассортимент құрамының бір бөлігі ретінде көрінеді. Оның өзгерісі сұраныстың өзгеруіне немесе бәсекелестердің нарықта тұрақтана алмауына байланысты. Ал әлеуметтік-экономикалық әлуеті нығайған кәсіпорын, нарықта қалыптасқан жоғарғы немесе төменгі деңгейлерге қосымша ену мақсатымен өз ассортиментін біртіндеп көбейте беруі мүмкін. Нарықтың жоғарғы сатысындағы фирмаың өз ассортиментін арттыра отырып, төменгі сатыға енуі - бәсекелестерінің әрекетін тыю немесе жедел ұлғайып келе жатқан нарық сегменттерінен орын алу мақсатын көздегендігінің дәлелі. Сондай-ақ төменгі сатыдағы фирманың жоғары сатыға енуге қызығуы - ондағы өсудің жоғары қарқындылығы немесе көтеріңкі пайда түсіруге ұмтылушылық болуы мүмкін. Мұны, басқаша айтқанда, фирма өзін жеткілікті ассортиментте тауар өндіруші ретінде позициялауға көшкісі келеді деген сөз. Бірақ тым жоғарыға ұмтылудың да өзіндік қаупі бар. Өйткені нарықтың жоғары сатысындағы бәсекелестер өз позицияларында мықтап орнығып алған. Олар бұл жағдайда қарсы шабуылға шығып, төменгі позицияларға ене бастауы мүмкін. Потенциалды тауар алушылар жоғары сатыға жаңа келген фирманың жоғары сапалы тауар өндірерлік қабілет-қарымына күдікпен қарап, оған сенім білдірмеуі де заңдылыққа жатады. Және өз потенциалына сенген нарықтың ортаңғы эшелонында әрекет ететін фирма өзінің өнім ассортиментін бірден жоғары және төменгі эшелондарға тарату жөніндегі шешім қабылдауы мүмкін.

Өнім ассортиментін кеңейту ісі, бір жағынан, күнделікті өндіріліп жүрген ассортименттік шеңберден шығудың нәтижесі болса, екінші жағынан, сол шеңбердің ішінде жаңа өнімді қосу есебінен жүргізілетін болады.

Өнім ассортиментін кеңейтумен қатар, оны толықтыру да қажет. Ассортиментті толықтырудың мынадай себептері бар:

  1. қосымша пайда алуға ұмтылу;
  2. қолда бар ассортиментінің кемшіліктерін жою;
  3. қолданамай жүрген өндіріс қуаттарын іске қосу;
  4. жеткілікті ассртименті бар фирма атанудан үміттену;
  5. бәсекелестерді алға жібермеу мақсатымен кемшіліктерді жоюға тырысу.

Ассортиментті қажетті тауарлармен толықтыру күтілген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ оны шамадан тыс арттыру, бұған керісінше, жалпы пайданы төмендетуге әкеліп соқтырады.

Тауардың бірнеше ассортименттік топтары жинақталған тұста тауарлық номенклатура құрылады. Оны ассортименттік топтар мен тауар бөліктерінің жиынтығы деп түсіну қажет. Тауар номенклатурасын үйлестіру дегеніміз - әр түрлі ассортименттік топтардың ақырғы қолданылуы, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар, тауарды бөлу бағыттары немесе тауарлардың басқа да көрсеткіштері жағынан өзара жақындық дәрежесі қажет.

Бұған қоса, тауар номенклатурасы: енділік, тұтастық және тереңдік тәрізді қасиетімен сипатталады. Енділік кәсіпорын өндіретін тауарлардың ассортименттік топтарының жалпы санын көрсетеді. Тұтастық - номенклатураны құрайтын жеке тауарлардың жалпы саны. Тереңдік - ассортимент тобы шеңберіндегі әрбір жеке тауардың ұсыныстарының түрлері деген түсінік береді.

Тауар - өндіруші өзінің шаруашылық әрекеттерін мынадай төрт әдіспен кеңейтулеріне болады:

  1. тауарлардың жаңа топтарын қосу есебінен тауар номенклатурасын кеңейту;
  2. қолда бар өнім ассортименті топтарын толықтыру арқылы ассортименті жеткілікті кәсіпорындар қатарына жақындау;
  3. өзінің тауар номенклатурасын кеңейту, яғни қолда бар тауардың әрқайсысына қатысты ұсыныс түрін көбейту;
  4. кәсіпорынның алға қойған мақсатына байланысты белгілі бір салада орнықты жақсы атаққа ие болғысы келуі немесе бірнеше салада бірден әрекет етуге ұмтылысы, яғни әр түрлі өнім ассортименті топтарын азды-көпті өзара үйлестіріп отыруға қол жеткізуі.

Өндірілетін тауардың ассотименті мен номенклатурасы нарықтағы сұраныс жағдайының және тауар түрлерінің нақты көрінісі болып табылады да, олар тауар өндірушілердің нарықта жұмыс істеуінің табысты болуына ықпал жасайтын, тұтыныушыларды қызықтыратын тәуір тауарлардан құралады. Нарық конъюнктурасының қалыптасуына қарай тауардың әрбір өмірлік кезеңіндегі түрлерінің салыстырмалы жағдайлары және алғашқы үлгілерімен жетілдірілген түрлерінің қолайлы мөлшері белгіленіп әрі реттеліп отырады.

Өнім ассортиментіне қатысты алғандағы маркетингтің міндеті - нарықты тереңдей сегменттеу және оны дифференциациялау (саралау) арқылы өнімнің ассортименттік құрамы мен тұтынушылардың қажеттілігі арасындағы өзара сәйкестікке қол жеткізу. Сөйте тұра маркетингтік айқындама ассортименттік саясатты жүргізу барысында тауар өндірушілердің нарықтағы позициясын нығайта түсу арқылы олардың сауда-саттық әрекеттерін дамыта отырып, сонымен бір мезгілде кең ассортиментті өнім өндіруді дұрыс деп табады. Бұл жағдайда тауар өндіруші тауардың өмірлік циклының бір кезеңінен екіншісіне өтуге икемді келеді. Сөйтіп, ол тауар өндірудің бірінші сатысында тауар алушылардың жоғары сұранысына ие болған бұрынғы үлгідегі ең өтімді тауарларды өндіретін болады. Ал өсу кезеңінде өндірілетін тауарладың ассортименті мен оның параметрикалық қатарлары кеңейе келіп, жетілу кезеңінде параметрикалық қатардың тауар жинағының түгел нарыққа енуіне әсерін тигізеді. Ақырында төмендеу кезеңінде, тек бірді-екілі өтімді тауарлардың үлгілері ғана нарықта қалдырылып, нарықтан алынатын тауарларға қамқорлық жасалады.

Ассортименттік саясат тауардың өмірлік циклінің кезеңдерінен өтетін, әзірге нарықта сақталатын тауарлар жиынтығының ең жақсы салыстырмалы деңгейін белгілеп отыруды талап етеді. Жаңалық деңгейлері әртүрлі, әйтсе де нарықта бір мезгілде сатылатын тауар номенклатуррларын оптималдап отыру тауар өндірушілерге тауар сату көлемі мен оған кеткен шығындарды өтеу және пайда алу деңгейі жағынан біршама тұрақты жалпы жағдай туғызуға кепілдік береді. Әрине, бұл кәсіпорынның тауардың неше түрі және қандай үлгісі бір мезгілде айналымға түсетін тауарлардың өмірлік цикліне байланысты бііыңғай жиынтығы жөнінде толық кепілдеме бере алмайды.

Ассорименттік саясат тұтынушылар талаптарына сай және тауарлардың өмірлік циклне қарай ең тиімді ассортимент құрылымын құруды ұйғарады.

Шығарылатын өнімнің рационалды таңдалынған көптүрлілігі нарықта кәсіпорнның бәсекелестік позицияларын күшейтеді. Нарықта бір уақытта болатын, бірақ жаңалығы жағынан ерекшеленетін тауар ассортиментін тиімділеу фирманң пайдалылығы мен жұмыс тұрақтылығына кепілдік береді.

Кейбір ғалымдар есебінше нарықта бір уақытта келесі тауар топтары болуы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Ақмола-Феникс АҚ-ың өткізу нарығын қалыптастыруды талдау
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz