Абайдың ақындық сыны



1 Ұлы ақынның сыншылдығы
2 Абайдың өнерді бағалауы
Абай қазақ халқының тұрмыс – халіне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез – құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы ойшылдың арманы – осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны – сындарлы.
Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз:
1. Әлеумет өміріне, замана көзқарасы.
2. Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы..
3. жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы...
Абай елдің тұрмыс – халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап түсіндіреді. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», « Малының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Елдің малы – елде, еріккенде - қолда» т.б.
Мақал – мәтелдер ел тұрмысы, адам өмірінен туған қисынды даналық десек, Абай ұлттық, дәстүрлік ой – пікірдің қисынына сүйене отырып, қалыптасқан теріс өнегені сынға алады. Сол сияқты ақын алтыншы сөзінде тағы бір мақалға мән беріп, мазмұнына талдау жасайды: «Өнер алды – бірлік, ырыс – алды тірлік». Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлігі ат ортақ. Киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес, малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бұл бірлікке, « өңкей келісім сылдырап тұрған» бірлікке жету үшін адам санасының өте жоғары болатынына меңзеп отыр. Абай өз ортасында ойшылдығы, сыншылдығы мен соншалық жоғары: сол тұстың әкімдерін, құрылысын әжуалап, мысқылдап, керек десеңіз, әшкерелеп те отырады. Өлеңінде «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп күлкіге айналдырса, ғақлиясынан да сол күлкінің зілін көреміз. «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ». Ел арасын бұзатын, пара алып байыған пасықтарды Абай басқа шығармаларында да әшкерелейді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Абай қазақ халқының тұрмыс – халіне жіті қарап, өз бағалауын хатқа
түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің қаракетін сипаттап,
сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп
түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез –
құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми,
ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: Біздің қазақтың
достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт
тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап,
кірпік қақтырмай отырғанымыз... - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы
ойшылдың арманы – осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны – сындарлы.
Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз:
1. Әлеумет өміріне, замана көзқарасы.
2. Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы..
3. жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан
бағалауы...
Абай елдің тұрмыс – халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап
түсіндіреді. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: Түстік өмірің
болса, күндік мал жи, Өзіңде жоқ болса, әкең де жат, Мал – адамның
бауыр еті, Малының беті – жарық, малсыздың беті – шарық, Елдің малы
– елде, еріккенде - қолда т.б.
Мақал – мәтелдер ел тұрмысы, адам өмірінен туған қисынды даналық
десек, Абай ұлттық, дәстүрлік ой – пікірдің қисынына сүйене отырып,
қалыптасқан теріс өнегені сынға алады. Сол сияқты ақын алтыншы сөзінде
тағы бір мақалға мән беріп, мазмұнына талдау жасайды: Өнер алды –
бірлік, ырыс – алды тірлік. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату
болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлігі ат ортақ. Киім ортақ, дәулет
ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не
зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік –
ақылға бірлік, малға бірлік емес, малыңды беріп отырсаң, атасы басқа,
діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бұл бірлікке,
өңкей келісім сылдырап тұрған бірлікке жету үшін адам санасының өте
жоғары болатынына меңзеп отыр. Абай өз ортасында ойшылдығы, сыншылдығы
мен соншалық жоғары: сол тұстың әкімдерін, құрылысын әжуалап, мысқылдап,
керек десеңіз, әшкерелеп те отырады. Өлеңінде Болыс болдым мінеки, бар
малымды шығындап деп күлкіге айналдырса, ғақлиясынан да сол күлкінің
зілін көреміз. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық
пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен
биліктің ешбір қасиеті жоқ. Ел арасын бұзатын, пара алып байыған
пасықтарды Абай басқа шығармаларында да әшкерелейді.
Өз тұсындағы әлеуметтік құрылысқа наразылығы Абай шығармаларында үнемі
жүріп отырады. Бұдан біз ұлы ақынның демократ бағытында көреміз. Бұрынғы
қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу
болады - деп...
Үш бидің біреуін таңдап алып, яки жеребемен сайлап алып, жүгінсе,
сонда дау ұзамай бітім болар еді. Ақынның осы ойының өзінде талғау,
таңдау, әділеттікті таңдау бар. Бірақ сол таңдаулы жақсының жауы – зұлым,
сұрқиялар да бар екенін аңғартады: Күшті жықпай, бай жеңбек әуел бастан...
жаны аяулы жақсыға қосамын деп әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып Адал
адамның күншіл әрі сұм дұшпаны қасында жүргеннің ашық – айқын айтып беріп,
ақын риясыз шыншылдығын танытады. Төңірегінде бай, кедей ғана емес Қу,
білгіш атанғысы кеп жүрген арамза әрі арсыз адамдар бар екенін ақын аяныш
білдіре сипаттап, әрдайым әділдік пен шыншылдық жайында екенін ел – жұртына
жария қылады. Ақының күйініш – сүйінішін көңіл – күйіне орай деп білсек,
сыршылдығы мен сыншылдығын да сол тұрғыдан түсініп, солай бағалаған ләзім,
Қажымас дос халықта жоқ, айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ ,
мысқыл, өсек айла бар...?. Кімге достық көп еттім, Түбі болды бір кейіс
өлеңнің бұл жолындағы реніш адамдар арасындағы қарым – қатынас, шынайы
көріністерден туған.
Абай қазақ тұрмысы, қазақтың мінез –құлқы хақында да көп өлең жазып, әр
тұрғыдан сыр айтқан. Әсіресе, Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арманында
жалқылай да, жалпылай да бөлек сынап, мінеп бағады. Тағы бір өлеңіндегі
Берекесі кеткен ел, суы ашыған батпақ көл деген бейнелі жолдары да осы
оның түйінінде туса керек. Абай Қазақ деген сөзді Ұлт немесе ел
мағынасында қолданады. Қазақ қоғамындағы келеңсіздіктерді, сорақы сипат,
содыр қылық оғаш мінездерді сынағанда Тез жанында қисық ағаш жатпасдеген
тұрғыда, қайтсем елімді жетілдірем, көркейтсем деген ниетпен жанашырлық
ұлтжандылықпен сынаған. Абайдың көркемдік, әсемдік, сұлулық тұрғыда санауы
- өз алдына бір жүйе, көркемдік талғамы, қалыптасқан көзқарастан туған
қисынды, тұжырымды ойдың жемісі. Абайдың көркемдік көзқарасы: Әсемпаз
болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін
тап та бар қалан! - деген өлең жолдарынан ақ көрінеді. Өнерге деген өрелі
талғамнан оның сыни талап – тілегі сынап отырады. Ұлы ақынның поэзияға
талабы Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп – тегіс жұмыр келсін
айналасы..., Өлеңге әркімнің ақ бар таласы. Сонда да солардың бар
таңдамасы Қазақтың келістірер қай баласы?. Абай осылай көркемдік алға
тартып қана қоймайды. Қолына домбыра алып,
топта сарнап мақтау өлең айтушыларды көр-жерді құрастырушы,мақал-мәтел
ескі билерді де қатты шенейді.Мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаушы сөз
қадірін кетірушілерді қайыршылығын әшкерелеп берген.Сөз түзелді,тыңдаушы,
сен де түзел дегенде, көркем сөз қадірін біліп, бағалаушыны таңдауын
көтеруді көздеген. Өткірдің жүзі, кестенің бізі. Өрнегін сендей сала
алмас деп, сөз өнерінің құдіретін соншалық жоғары бағалайды, ал осы
бағалауда рухани жан күші жатқанын жақсы жеткізе білген.
Абайдың Шортанбай мен Дулатқа айтқан әйгілі сыны өлеңді өнер дәрежесіне
жеткізіп, мінсіз – жазу тұрғысынан деп білеміз, бұл сын олардың ақындығын
жоққа шығару емес, Сөздерді бірі жамау, бірі құрау дегенде сөз
қолданыстарына көңіл толмай отыр. Абай өлеңді өз биігінен бағалаған.
Абайдың өнері бағалауы да жан дүниесіне әсері тұрғысынан нақты дәлелді
келеді. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, адам ойы түрленіп ауған шақта
Салған ән – көлеңкесі сол көңілдің дегенде сезімнің сыр – сипатын,
құбылысын суреттейді. Көкірегінде оты бар ойлы адамға сөзінің суретті
сәулесі түсетініне ақынның көңілі әбден сенген. Жақсы әнді ой көзімен
тыңдауды ұсынады. Өнерге, әнге, әрі әнге, өмір сәуле көрсететінін және
сол нұр сәуле жаныңды ерітіп, жабырқаған көңілді көтеретінін қисын жүзінде
емес, ақындық жүректің ой – сезімі мен анық жеткізген. Сонымен бірге,
адамның рухани (Кірлеген жүрек өзі үшін, Тұра алмас әсте жуынбай)
тазалыққа талпынатынын, тіршілікте мұң мен зар қоса жүріп, зұлымдыққа
кектенген ақынның шиыршық атып толғануының да сырын да ашып береді.
Абай қолөнерді де сындарлы бағалаған: Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ
құдайтағала қолына аз – маз өнер берген Қазақтардың кеселдері болады
Абай соңғы ойын қазақтың малға бөге қалған кісімсіп, жалқаусып,
салғырттық, кербездікке салынатынын, мақтаншақтыққа берілетінімен
дәлелдейді. Орынсыз мал шашып, дарқанситынын сөлекет мінезіне жатқызған.
Бұл ойы – Өнерпаз болсаң, арқалан деген қағидасынан туған талғампаздығы.
Абайдың мінез – құлық, тәлім – тәрбиелік – ұстаздық сыны әр тарапты, сан
сипатты болып келеді. Сөз құдіретімен көркемдік қалыпқа құйғанда, сол сыны
– жүрекке жылдам жетерлік ыстық леп, қызу қуатты, кейде күлкілі, аянышты,
күйінішті.
Ақындық сынын негізінен екі салаға бөліп қарауға болады:
1. надандық, еріншектік, жалқаулық, мақтаншақтық, қулық – сұмдық,
парақорлық, жарамсақтық, ұрлық – қарлыққа байланысты жеке адамды сынауы,
шенеуі, мысқылдап күлкі қылуы.
2. ғылымға, тәлім – тәрбиеге байланысты, қазақтың ұлттық керенаулығын,
бойкүйездігі мен күншілдігі сияқты сүйекке сіңген көпе – көрінеу мінез –
құлқын сынауы, мысқылдап, ызалы әжуа қылуы. Абайдың бұл сындары әр
тарапты. Солардың бірі –сәнқойлық немесе кербездік. Кербездің екі түрлі
қылығы болады: бірі – бет пішінін, сақал – мұртын, мүшесін, жүрісін қас –
қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.
Біреуі – атын, киімін айран ішерім деп, солардың арқасында сыпайы,
жұғымды жігіт аттанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі
қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге әттең дүние – ай,
осылардың атындай ат мініп, киімдей киім кигеннің не арманы бар екен?!
Дейтұғын болмаққа ойланбақ - деп, мысқыл етеді ақын. Бұл мінезден
күйреп жатқан адам да жоқ, қоғам да жоқ. Ең қатерлісі – құныққан
тойымсыздық. Ұлы ақын өр мінезді таныта суреттеп, тап басып сынайды.
Өтірік пен өсекке бәйге атындай аңқылдаушылар бір топ, Бойы бұлғаң,
сөзі жылмаңдар, ата – анасын малға сатқандар осы топқа жатады, бірадар
атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргендері бар, құлық сауып, көз
сүзіп, өнерсіз жүрген иттер мен законшыл, мал мен бақтың дұшпаны,
кеселді пасықтар өз жөнімен, өзі көрген қоймасын ашып берер сатқындар,
жау жағадан алған күн, өздері иттей тақымдар, күн жауғанда қойныңда,
күн ашықта мойыныңда жүретін алаяқтар, жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып
ыржаң қаққандар, сабырсыз, арсыз еріншектер қосылғанда, қаншама мінез,
қаншама нұқсан – ұсқын көз алдыңыздан өтеді. Міне, ақынның ашына сынап,
ызалы күлкіге айналдыратындары. Осылардың арасынан Бет – аузын сөз
сөйлерде жүз құбылтып, қас кетіріп, мойын бұрмақ, қоразданбақ деп
суреттелетін ұсқын – типтерді де көреміз.
Балам орнымды бассын деген не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің
бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден
қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтын сенің не қылған артықша орның бар
еді? Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп
сұрадың? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да
ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?... Егер
жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге
жеткізеді? Абай бұл арада өнегесіз, өнерсізге кінә тағып отыр. Тірі жанға
сендірмей, қу, сұм бол деп тәрбиелейсің, әуелі құдайдан тілемейсің, адал
еңбекке баулымайсың. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, болғаны,
іздегенің сол. Бұл жеке адамға айтылған сөз емес. Жалпы қазақтың теріс
пиғылын әшкерелеуге арналған, сонымен бірге Құдай салған еңбек қылып мал
табарлық қуат берді. Ерінбей еңбек қылса...кім бай болмайды? деп,
байлықтың бар көзі еңбекте екенін, ғылым арқылы өркендеу қажеттігін қатты
уағыздайды. Сонымен бірге малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған
қазақ көрмегенін айтып та өз ренішін білдіреді. Демек, ақын мал тапқан
қазақтың тұрмыс құру, рухани тірлігіне де разы емес. Жеке адам және оның
келеңсіз жақтары хақында былай түйеді: Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз
тартады, әрбір қайратсыз қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз
надан , арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз,
өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады деп түйеді. Ұлы ойшылдың бұл
қағидасы тек қазақ психологиясына ғана тән емес, адамзат дүниесіне, соның
ішіне жағымсыз қылықты мінез - құлықты жандарға тән. Ал нағыз қазақтың
өзіне тән керенаулық пен арамзалықты қалай әшкерелейтініне бір мысал
келтірейік: ...Мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға
тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса...
біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ... әр қазақтың ойы
осы.
Абай неге бұлай сынады? Ол басқа елдерде де қанау ниетіндегі байлар бар
екенін біледі. Бірақ олардың шаруашылық жүргізіп, мал табуы, яғни байлық
жасауы ғылымға, техника жетістіктеріне сүйенетінін білген, сондықтан да
ақын өз шығармаларында ғылымды дәріптеп насихаттайды. Тіпті ғылымға
жетілген ел қоғамдық құрылысын өздері өзгертеді, әділдік туады деген ойды
ылғи сабақтап отырған. Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз - деп
басталады бұл уағыздауы. ...Ғылым бағарға да, ғылым сөзін сөйлер де адам
жоқ. Білгеніңді кімге үйретесің, білмегеніңді кімнен сұрайсың... Мұңдасып
шер тарқатысар кісі болған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатын күйік.
Абай - көбінесе, адам арасындағы қайшылық, ұғыспаушылық, сылдыраған
келісімнің аздығы неліктен болатынына зер салған ойшыл. Бәрі
білімсіздіктен туады деп түсінетіні байқалады, сондықтан да ғылымға аса мән
берген. Ұстаздық тәлімі де осы бағытта жүріп отырады. Бір сөз үшін жау
болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты немесе Сорлы қазақ
сол үшін алты бақан ала ауыз, Өзін - өзі күндейді,жақынын жалған
мінейді. Тағы бір дәлелді ойы: Сабырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ,
Өтірік , өсек, мақтанға, Ағып тұрса бейне су Бәрі – адамның мінез – құлқын
әбден білгендіктен туған сипаттау. Жай сипаттау емес, көркем сипат,
шымбайына батыра сынғанын көреміз: Ит көрген ешкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Абайдың сыны
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Абайдың ақындық мектебі
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Пәндер