Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі



Мазмұны

Кіріспе.

1.тарау. Тимуршылар қозғалысы . оқушылардың әлеуметтік.азаматтық сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде.
1.1. Оқушылардың әлеуметтік.азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі.
1.2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқушылар арасындағы көпшілік жұмыстарындағы белсенді іс.әрекеттердің мазмұны.

2.тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік.азаматтық сезімінің қалыптасуы.
2.1. Оқушылардың тылдағы әлеуметтік.азаматтық іс.әрекеттері.
2.2. Оқушылардың мектепке қамқорлығы.
2.3. Тимуршылар қозғалысы.оқушылардың әлеуметтік.азаматтық
сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар
Кіріспе

Жастардың бойында әлеуметтік-азаматтық сезімінің болуы қазіргі күн талабына сай тарихи тәжірибені қорытындылау - өзекті мәселе. Біздің ойымызша 30-40 жылдардығы қоғам құрылымының түбірлі өзгерістері Қазақстанның жаңа бағытта дамуы мектептердің оқу тәрбие ісіне үлкен ықпалын тигізді. Сондықтан қазіргі жағдайда қоғамды дамытудың тиімді жоладрын қарастырып жатқан бұрынғы тарихи әлеуметтік қарама қайшылық заңдылықтарды диалектикалық тұрғыдан жаңаша қарастыра білу көкейкесті мәселе болып отыр.
30-шы жылдардығы жастардың әлеуметтік тәрбие идеясы көрнекті педагог психологтар Н.К.Гончаров, Ф.Ф Королев, М.И.Колманова, З.И. Равкин, А.Э. Измайлов, И.О. Обидов, С.Д.Раджабовтың ғылыми мұраларында негізделеді. Бұл проблеменың теориялық жіне әдістемелік мәні Т.Н. Мальковская, В.А.Ситаров, А.В. Зосимовский, К.Д.Радина, А.В.Киричук, Ю.П.Сокольникова, М.Г. Тайчинов, Г.Н. Фидонов, Г.И. Шукина, Н.Н.Шарова, А.А. Деркач, И.С. Кон т.б. зерттеді.
Зерттейтін проблемазды жан-жақты меңгеруге Қазақстан Республикасның ғалымдары: Т.Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Р.Ж.Ержанова, Б.Ы. Мұханов,а, А.С. Сыдықов, Р.Г. Лемберг, К.Б.Бержанов, К.Қ. Құнантаева, Г.М. Храпченковтың еңбектеріндегі ұлттық мектептердің өзіндік даму ерекшелік жолдары көмектесті.
Зерттелетін уақыт кезеңдерінің мәнін республикамыздың: С.Б.Баишев, М.К. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, Н.С. Сәрсенбаевтың еңбектерінде терең талдау берілген.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан мектептерінің 40-жылдардағы оқушылардың іс әрекеті арқылы олардың әлеуметтік азаматтық көзқарасының қалыптасуындағы жетістігі мен тарихи тәжірибенің қазіргі таңда қайта жаңғырту арқылы мектеп оқушыларының бойында психологиялық педагогикалық маңызы.
Зерттеуіміздің көкейкестілігі: Ұлы Отан соғысының 60-жылдық қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарындағы Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезіміне тимуршылар қозғалысы арқылы қалыптасу барысын зерттеу мақсатында зерттеу жұмысының тақырыбын «Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімен қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде» деп тұжырымдадық.
Зерттеу болжамы: Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғыс жылдарындағы тимуршылар қозғалысы арқылы әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың тарихи тәжірибесі арқылы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін психологиялық әдістер көмегімен қалыптастырып жетілдіру.
Зерттеу пәні: Тимуршылар қозғалысы - психологиялық әдіс ретінде.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке бастың әрекетшілдігі; психология тарихының тұжырымдамасы; жастар жөніндегі теориялық-методологиялық еңбектер; жеке бастың әлеуметтік-азаматтық сезімі; қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және азаматтық қатынастарға тәуелділігі.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбымызға байланысты философиялық, әлеуметтік, психолго-педагогикалық әдебиеттерді талдау;
- озық тәжірибені зерттеп қорыту;
- мұрағат материалдарын, мектеп құжаттарын сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жоспары және оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптасуын зерттеуге арналған психологиялық әдістерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: 1940-жылдардағы педагогтардың еңбектеріндегі мәселе жақтарына ғылыми педагогикалық мінездеме беру.
Белгіленген уақыт аралығындағы Қазақстан мектептерінде оқушылардың әлеуметтік азаматтық көзқарасын қалыптастырудың тәжірибесіне сипаттама беру.
- Оқу мен сыныптан тыс жұмыстардығы оқушылардың әлеуметтік азаматтық тәрбиесінің мазмұнын, түрін, әдістерін ұйымдастыру жолдарын анықтау.
- Мектеп оқушыларының жекелеген әлеуметтік азаматтық ерекшеліктерін психолгиялық әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу обьектісі: 1945-ші жылдардағы Қазақстан оқушылары мен Шымкент қаласындағы СЕрубаев атындағы №24 мектептің 6 сынып оқушылары.
Зерттеу түйіні: қоғамның жастардың әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру қажөттілігі және қазіргі жағдайда мектептерде мұндай сапаны қалыптастыру үшін оқу-тәрбие жүйесін жетілдірі, сонымен қатар мектеп оқушыларының азаматтық тұрғыдан әлеуметті көзқарасын, 40-жылдардағы тарихи тәжірибесін жинақтау арқылы қазіргі мектеп оқушыларының бойында әлеуметтік азаматтық көзқарасын қалыптастыру барысында психолго-педагогикалық тұрғыдан талдау (анықтау).
Диплом жұмысының мәнділігі: Оқушылардың әлеуметтік азаматтық көзқарастарын қалыптастырудағы Қазақстан мектептерінің тарихи тәжірибесі қазіргі мектептер үшін психологиялық маңызы барлығы зерттеу жұмысының материалдары педагогикалық жоғары оқу орындарынң оқу тәрбие жүйесінде педагогика, психология тарихынан лекция, семинар, педагогика курсының тәрбие жұмысының әдістері тарауында, сонымен қатар мұғалімдердің білімін жетілдіру инсритуттарныда қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері: 1-кезең: (2002-2003ж.) Теориялық ізденіс педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, зерттеу, жұмысының бағдарламасын жасау, 2-кезең: (2003-2004ж.) Жинақталған материалдарға талдау жасау арқылы оның ғылыми нәтижелерін қорытындылау. 3-кезең. (2004-2005ж) Ғылыми іс-тәжірибелік ұсыныстар мен қорытындылардың апробациясы және іс-тәжірибеге енгізуі тарату, ұсыныстар әзірлеу, диплом жұмысын даярлау.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Абулханова-Славская К.А. Типология активности личности в социальной психологии. (Психология личности и обзор жизни) Просвещение. 1981.
2. Агеев В.С. Психологическое исследвания социальных стереотипов. (Вопросы психологии) 1981 №1
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы. 1996.
4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М. 1981
5. Андреев В.С. Социальная психология. М.1980
6. Ануфриев Е.А. Социальный статус и активность личности: личность как обьект и субьект социальных отношении. М. Изд-ва МГУ 1984 2876.
7. Амиралиев Ш.А. Жақсы дәстүр жалғаса береді «Мектеп» баспасы А., 1980.
8. Амирсланов А.Х. Социальная активность как фактор самореализации личности в общественной деятельности. Баку. 1989.
9. Аркадий П.Г. Тимур и его каманда. Изд-во Детская литература М. 1968.
10. Архангельский Л.М. Нравственное воспитание личности М. 1968.
11. Асмолов А.Т. Личность как предмет психологического исследование. М.1984.
12. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Қазақтың мемлекеттік оқу - педагогика баспасы. А. 1963.
13. Әбдіжаппарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. «Мектеп» баспасы. А. 1969.
14. Әбдіразақов Е. Халық педагогикасы тәрбие өзегі. (Мұғалімдермен тәрбиешілерге көмекші құрал). А.Ш., 1993ж.
15. Әл - Фараби «Әлеуметтік - этикалық трактаттары» 1975ж
16. Богданова Т.П. Образ жизни и социальная активность личности. Минск 1979.
17. Божович. Л.И. Личность и формирование в детском возросте. М. 1963.
18. Борисенко В.Н. Бессмертные подвиги молодежи в годы Великой Отечественной войны. М. «Знание» 1954.
19. Буева Л.П. Социальная среда и сознание личности издат-во МГУ. 1968.
20. Брунер Дж. Психология познания. М. 1977.
21. Вульфов Б.З. Воспитание гражданина в советской школе (Под. Ред. Г.Н.Филонов) М. 1970.
22. Газман О.С. Социально-педагогическое аспекты развития. (журнал «Советская падагогика») М. 1988 №5.
23. Гоноболин Ф.Н. Психология. А. 1976.
24. Горлик Ф.Б. Воспитывая гражданина, формируя мировоззрения. М. 1986.
25. Гурова Р.П. Кохорина Е.Ш. О воспитании гражданских качеств у учащихся. М. 1978.
26. Ғабдуллин М.Ғ. Ата - аналарға тәрбие туралы. Кеңес. «Мектеп» баспасы. А. 1966.
27. Дмитриев А.Е. Сущность характеристика социальной активной личности в условиях развитого социамума М. 1983.
28. Друг большой заботливый из-во «Молодая гвардия» 1969.
29. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М. 1996.
30. Дубровина И.В. Индивидуальные особенности школьников. М., 1975г.
31. Ержанова Р.Ш. Жастардың өмітлік белсенді позициясы. А. 1 985.
32. Ержанова Р.Ш. Кузьмина М.Н. Жеткіншектердің қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу. А. 1975.
33. Золотнякова Р.С. Проблемы психологии общения Ростов-на -Дону 1976.
34. Зосимовский А.В. Воспитание общественной активности школьников-подростков. Под ред.
35. Гмурмана Изд-во АП.Н. М. 1962
36. Жарықбаев Қ. Психология А. 1970
37. Жарықбаев К. Ұлттық психология тарихы А. 1993.
38. Игнатовский В.Н. Гражданский долг и нравственная ответственность личности. Л. 1975.
39. Иконников С.Н. Лисовский В.Т. На пароге гражданской зрелости. А.1982.
40. Ильин Е.Н. Искусство общения М. «Педагогика» 1982.
41. Кле М. Психология подростка. Психологичөское развитие. М. 1991.
42. Ковалева А.Г. Курс лекции по социальной психологии М. 1972.
43. Кон И.С. Социология личности. М. 1967.
44. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психододиагностикалық қызмет. Құрастырған Көмекбаева Л.К. А. 2004.
45. Маркова А.К. Психология обучения подростка М. 95.
46. Майерс Д. Социальная психология. Питер. 1998.
47. Мұқанова Б.П. Жеткіншектердің әлеуметтік белсен-ділігін қалыптастыру мен дамытудағы мұғалім мен оқушының өзара қатынасының педагогикалық негізі. А. 1992. 2676.
48. Нұрмұханбетова Т.Р. Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік псиология. Ш. 2004.
49. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. Т.З. М. 1996.
50. Петровский А.В. Ерошевский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А. 1987.
51. Петровский А.В. Способности и труд. М. 1996.
52. Платонов Ю.П. «Психология коллективной деятельности» МГУ-1980г.
53. Порыгин Б.Д. Основы социально-психолгический теорие. М. 1971.
54. Роль общения в формировании личности подростка. В книге. «В мире подростка» М. 1962
55. Популярная психология для родителей под рөд. А.С. Спиваковской. С.Пб. 1997.
56. Снайдер. Д. Практическая психология для подростқов. М. 1999.
57. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А. 1993.
58. Табылдиев Тәрбие өрнектері. А. 1989.
59. Умарский Л.И. Коллектив и лияность. М. 1975.
60. Шербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М. 1987.
61. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М. 1995.
62. Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьников. М. 1966.
63. Ярошевский М.Г. Психология в XX столетия М. 1971.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.
1-тарау. Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін
қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде.
1.1. Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының
психологиялық негізі.
1.2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқушылар арасындағы көпшілік
жұмыстарындағы белсенді іс-әрекеттердің мазмұны.

2-тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік-
азаматтық сезімінің қалыптасуы.
2.1. Оқушылардың тылдағы әлеуметтік-азаматтық іс-әрекеттері.
2.2. Оқушылардың мектепке қамқорлығы.
2.3. Тимуршылар қозғалысы-оқушылардың әлеуметтік-азаматтық
сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар
Кіріспе

Жастардың бойында әлеуметтік-азаматтық сезімінің болуы қазіргі күн
талабына сай тарихи тәжірибені қорытындылау - өзекті мәселе. Біздің
ойымызша 30-40 жылдардығы қоғам құрылымының түбірлі өзгерістері
Қазақстанның жаңа бағытта дамуы мектептердің оқу тәрбие ісіне үлкен ықпалын
тигізді. Сондықтан қазіргі жағдайда қоғамды дамытудың тиімді жоладрын
қарастырып жатқан бұрынғы тарихи әлеуметтік қарама қайшылық заңдылықтарды
диалектикалық тұрғыдан жаңаша қарастыра білу көкейкесті мәселе болып отыр.
30-шы жылдардығы жастардың әлеуметтік тәрбие идеясы көрнекті педагог
психологтар Н.К.Гончаров, Ф.Ф Королев, М.И.Колманова, З.И. Равкин, А.Э.
Измайлов, И.О. Обидов, С.Д.Раджабовтың ғылыми мұраларында негізделеді. Бұл
проблеменың теориялық жіне әдістемелік мәні Т.Н. Мальковская, В.А.Ситаров,
А.В. Зосимовский, К.Д.Радина, А.В.Киричук, Ю.П.Сокольникова, М.Г. Тайчинов,
Г.Н. Фидонов, Г.И. Шукина, Н.Н.Шарова, А.А. Деркач, И.С. Кон т.б. зерттеді.
Зерттейтін проблемазды жан-жақты меңгеруге Қазақстан Республикасның
ғалымдары: Т.Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Р.Ж.Ержанова, Б.Ы. Мұханов,а, А.С.
Сыдықов, Р.Г. Лемберг, К.Б.Бержанов, К.Қ. Құнантаева, Г.М. Храпченковтың
еңбектеріндегі ұлттық мектептердің өзіндік даму ерекшелік жолдары
көмектесті.
Зерттелетін уақыт кезеңдерінің мәнін республикамыздың: С.Б.Баишев,
М.К. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, Н.С. Сәрсенбаевтың еңбектерінде терең
талдау берілген.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан мектептерінің 40-жылдардағы оқушылардың іс
әрекеті арқылы олардың әлеуметтік азаматтық көзқарасының қалыптасуындағы
жетістігі мен тарихи тәжірибенің қазіргі таңда қайта жаңғырту арқылы мектеп
оқушыларының бойында психологиялық педагогикалық маңызы.
Зерттеуіміздің көкейкестілігі: Ұлы Отан соғысының 60-жылдық қарсаңында
сұрапыл соғыс жылдарындағы Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық
сезіміне тимуршылар қозғалысы арқылы қалыптасу барысын зерттеу мақсатында
зерттеу жұмысының тақырыбын Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік
азаматтық сезімен қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде деп
тұжырымдадық.
Зерттеу болжамы: Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғыс жылдарындағы
тимуршылар қозғалысы арқылы әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың
тарихи тәжірибесі арқылы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін
психологиялық әдістер көмегімен қалыптастырып жетілдіру.
Зерттеу пәні: Тимуршылар қозғалысы - психологиялық әдіс ретінде.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке бастың әрекетшілдігі; психология
тарихының тұжырымдамасы; жастар жөніндегі теориялық-методологиялық
еңбектер; жеке бастың әлеуметтік-азаматтық сезімі; қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық және азаматтық қатынастарға тәуелділігі.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбымызға байланысты философиялық, әлеуметтік, психолго-
педагогикалық әдебиеттерді талдау;
- озық тәжірибені зерттеп қорыту;
- мұрағат материалдарын, мектеп құжаттарын сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың жоспары және оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін
қалыптасуын зерттеуге арналған психологиялық әдістерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: 1940-жылдардағы педагогтардың
еңбектеріндегі мәселе жақтарына ғылыми педагогикалық мінездеме беру.
Белгіленген уақыт аралығындағы Қазақстан мектептерінде оқушылардың
әлеуметтік азаматтық көзқарасын қалыптастырудың тәжірибесіне сипаттама
беру.
- Оқу мен сыныптан тыс жұмыстардығы оқушылардың әлеуметтік азаматтық
тәрбиесінің мазмұнын, түрін, әдістерін ұйымдастыру жолдарын анықтау.
- Мектеп оқушыларының жекелеген әлеуметтік азаматтық ерекшеліктерін
психолгиялық әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу обьектісі: 1945-ші жылдардағы Қазақстан оқушылары мен Шымкент
қаласындағы СЕрубаев атындағы №24 мектептің 6 сынып оқушылары.
Зерттеу түйіні: қоғамның жастардың әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру
қажөттілігі және қазіргі жағдайда мектептерде мұндай сапаны қалыптастыру
үшін оқу-тәрбие жүйесін жетілдірі, сонымен қатар мектеп оқушыларының
азаматтық тұрғыдан әлеуметті көзқарасын, 40-жылдардағы тарихи тәжірибесін
жинақтау арқылы қазіргі мектеп оқушыларының бойында әлеуметтік азаматтық
көзқарасын қалыптастыру барысында психолго-педагогикалық тұрғыдан талдау
(анықтау).
Диплом жұмысының мәнділігі: Оқушылардың әлеуметтік азаматтық
көзқарастарын қалыптастырудағы Қазақстан мектептерінің тарихи тәжірибесі
қазіргі мектептер үшін психологиялық маңызы барлығы зерттеу жұмысының
материалдары педагогикалық жоғары оқу орындарынң оқу тәрбие жүйесінде
педагогика, психология тарихынан лекция, семинар, педагогика курсының
тәрбие жұмысының әдістері тарауында, сонымен қатар мұғалімдердің білімін
жетілдіру инсритуттарныда қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері: 1-кезең: (2002-2003ж.) Теориялық ізденіс
педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, зерттеу, жұмысының бағдарламасын
жасау, 2-кезең: (2003-2004ж.) Жинақталған материалдарға талдау жасау арқылы
оның ғылыми нәтижелерін қорытындылау. 3-кезең. (2004-2005ж) Ғылыми іс-
тәжірибелік ұсыныстар мен қорытындылардың апробациясы және іс-тәжірибеге
енгізуі тарату, ұсыныстар әзірлеу, диплом жұмысын даярлау.
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Зерттеу жұмысының апробациясы: диплом жұмысының зерттеу көрсеткіштері
ОҚМУ студенттерінің ғылыми - практикалық конференциясында және психология
кафедрасының отырысында талқыланды.
1-тарау. Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімінің теориялық
негізі. Оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімінің қалыптасуының
педагогикалық-психологиялық негізі.

1.1. Философиялық және психолгиялық ғылымдарда берілген жеке бастың
анықтамасының әртүрлілігіне қарамастан барлық тұжырымдамаларға тән мынадай
ортақ негіздерді белгілеуге болады.
-Жеке бас өзінің дамуының белсенді субьектісі бола алады. Егер оның
дамуында әлеуметтік іс-әрекеттің белсенбілігі жағдайында жүзеге асырылса.
-Жеке бас әлеуметтік қатынастардың нәтижесі, өнімі.
-Әлеуметтік қатынастар іс-әрекеттен тұрады, ал олар іс-әрекеттің
қажетті әлеуметтік формасы тәжірибелік іс-әрекет пен әлеуметтік
қатынастарда бір арнаға жинап, тарихи әлеуметтік жүйеде қалыптасады.
Оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімін қалыптастырудың теориялық
және практикалық іс тәжірибелерін қазіргі мектеп оқушыларының оқу тәрбие
процесінде басшылыққа алу, жылдардағы Қазақстан мектептерінің тәжірибесін
тарихи талдау мен зерттеу.
Бұрынғы Кеңес үкіметінің белгілі педагогтары С. Д. Раджябов,
И.О.Обидов, А.Э. Измаилов, Н.К.Гончаровтың еңбектерінде жоғары мақсатты жан
- жақты дамыған адам дей келе біз қарастырған әлеуметтік азаматтық сезімін
қалыптастыру түйінін ашып береді.
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыруға байланысты
Б.М. Боданова, М. Г.Тайчинов, Б.Ы. Мұқанова (44) еңбектерінде негізделген.
А.В.Засимовский жеке адамның әлеуметтік белсенділігінің тууына әсер
ететін жағдайларды ашып көрсетсе, ал Г.И. Щукина мен А.А.Деркач оқушы
жастардың әлеуметтік азаматтық белсенділігінің көрініс табуы мен дамуы
түрлі шақтарын (оқу процесінде, қоғамдық іс әрекетте т.б.) зерттеген.
Т.Н. Мальковская жеке адамның әлеуметтік азаматтық сезімін
қалыптастыру процесі әрбір жас кезеңдерінде өрістейтін әлеуметтік -
азаматтық сезім әлеуметтану өлшемінің жүйелі белгілі бір мақсат қоя
отырып, әлеуметтік тәжірибесі мол адамдар мен жас жеткіншектердің кездесуі
және іс әрекетке қатыстыруды жоғары бағалайды.
В.А. Ситаров төменгі класс оқушыларының әлеуметтік белсенділігін
қалытастырудың педагогикалық жағдайы атты еңбегінде жастардың әлеуметтік
белсенділігі туралы сөз етеді.
Қазақстан Республикасы бойынша оқушылардың әлеуметтік - азаматтық
сезімі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асыру туралы Р.Ж.Иржанова, М.Н.
Кузьмина, Б. Мұқанова (44) зерттеп қорытынды пікір айтқан.
А.В. Петровскийдің дәлелдеуінше Әрбір жас кезеңге байланысты көп
жоспарлы іс әрекет туғызып отыру және жүйесін жасау қажет-дейді.
Іс-әрекет нәтижесінде оқушылар әлеуметтік нормаларды түсініп, өзі
белсенді әрекет етеді және өз бетінше ерікті түрде жұмыс істеу құлшынысы
артады.
Педагогикалық бір тұтастықта оқушылардың бейімділігі мен шеберлігін,
білімін ғана қалыптастырмай жеке адамның әлеуметтік дамуын жүзеге асырады.
Б.Ы. Мұқанова оқушының белсенді әлеуметтік тұрақты және айнала ортамен
қатынасы ішкі түйсік арқылы меңгеруі болып есептеледі-дейді. (41)
Л.П. Буева белгілі бір формада қалыптасқан іс әрекет пен қарым-
қатынаста адамның қабілеті оның әлекметтік қажеттілігі мен мүддесі, арманы
мен бағыт бейімділігі, іс-әрекетке түсіп, бұл оның болашақта өмір сүруінің
шарты болып табылады. (17)
Жекө адам нормасын анықтаған кезде қоғам индивидтің дамуын басты
мақсат етіп қояды. Жеке адам өз кезінде қоғамдық міндеттреді шешуге тікелей
қатысу арқылы жеке санасын жетілдіре отырып қоғам мүшесі болып қалыптасады
және дамиды.
Әлеуметтендіру туралы Г.М. Андрөева Әлеуметтендіру бұл екі жақты
процесс. Екіншіден индивид әлеуметтік ортамен берік байланыс жасай отырып,
одан өзіне әлеуметтік тәжірибені қабылдайды. Екіншіден айнала әлеуметтік
ортамен берік қатынасы арқылы онымен белсенді байланыс туғызу және өзінің
бойында белсенді іс әрекетті қалыптаытыру-дейді.(5)
Б.З. Вульфов Азаматтық қасиет адамның өзіне және Отанын көркейтуге
байланысты әлеуметтік жағдайларды шешудегі қызметінен көрінеді-дейді.(40).

Азаматтыққа, азаматтық белсенділікке қоғамның түбірлі өзгеруіне
құқықытық қоғамдық жүйеге айналуына қажетті деп есептейміз.
Азаматтық қасиеттерді қалыптастыру жолдаы зерттеушілер С.Бабаджанова,
Н.И. Балдырев, Ч.М. Ермекова, Г.Ибрагимов, Л.И.Рувинский, В.А.Сухаменский,
Д.Ш.Тұрсынов және тағыда басқалар оқу процесі еңбектегі қызметінде
адамгершілік тәрбиесінде, отанжандылық және ұлтжандылық борышын өтеу
барысында зерттеген.
Әлеуметтік - азаматтық сезім белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасады,
оның өзгеруіне қарай мазмұны мен түрі өзгеріп отырады. Әлеуметтік азаматтық
сезімнің қалыптасуы іс әрекеттің барысында жеке адам қалыптасады, оның
жетекші күші сұранысы мен қажеттілігінде. Өмір сүруі еңбек ету үшін
қажеттілігін қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік азаматтық сезімді
қалыптастыру барысында қоғам мен жеке адамның сұранысы мен қажеттілігін
зерттеп оны іс жүзіне асыру қажет.
Ұлы Отан соғысы жылдары әлеуметтік- азаматтық көзқарас-Отан үшін,
жәңіс үшін өзін-өзі құрбандыққа берсе Тоқырау кезеңінде жоғарыдағылардың
үкімін мүлтіксіз орындау болса, ал енді егемен құқықтың Республика
кезеңінде - белсенді, саналы, шығарма-шылықпен ойлайтын азамат қажет.
Біздің зерттеген түйінімізге қажетті уақыт 1941-1945 жылдардағы оқушылардың
әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуы. Бұл жылдары әлеуметтік сезім
қоғам мүшелерінің бойында тұрақты болды. Тарихи таным әлеуметтік даму мен
азаматтық сезімнің қалыптасуының мәнін ашады.
Тарихи таным әлеуметтік - азаматтық сезімді қалыптастыруда екі
функцияны атқарады. Олар:
1.Әр түрлі, қоғамдық қызметтегі адамдардың әлеуметтік санасы. Тарихи
таным халықтың әлеуметтік қажеттілігін мәдени әлеуметтік этникалық жағынан
канағаттандырып адамдардың ұрпақ жалғастығын қалыпта дамуын қарым қатынасын
өзара түсінкшілігін мен тіл табысуына жағдай жасайды.
2. Қоғамдағы әлеумет қажеттілігін қанағаттандырады. Азаматтық
әлеуметтік тарихты танып білу арқылы мінез құлықтың әр түрлі әлеуметтік
бейнесі қалытасады. Тарихи кейіпкерлердің іс әрекеті арқылы әр түрлі тарихи
оқиғалардың шешілу нәтижесін қоғамдық құрылысты дамытушы және басқарушы
әлеуметтік топ. Белгілі бір уақыт барысында қоғамдық мінез құлықтың негізгі
нормасын жүзеге асырып отырыды.
Жеке адамның әлеуметтік-азаматтық сезімі қоғамдық құрылысқа
жауапкершілігі мен азаматтық борышты атқарудағы міндетінен көрінеді. Қоғам
және жеке адамның қабілеті мен дамуы прогреске қарай бағытталуы тиіс. Ол
педагогикалық басшылық арқылы қоғамның мақсат мүддесі мен оқушылардың
талабына сай жүргізіледі.
Әлеуметтік-азаматтық дуниетаным адамның әдеті мен қажеттілігінің
қалыптасуына ықпал етеді(144). Қоғам мақсатына сай оқушылардың іс әрекетін
халықтық мұқтажын өтеу, өзін өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

1.2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқушылар арасындағы көпшілік жұмыстарының
белсенді іс- әрекеттерінің мазмұны.
Фашистік Германия соғыс жарияламастан, тұтқиылдан Отанымызға шабуыл
жасап, басқыншылықпен кірді. Олардың алдына қойған мақсаты Отанымыздың
жерін жаулап алу, халқын құлы ету долында жауыздықтың қай түрінен болса да
тайынбады.
Міне, осы кезде Бүкіл халқын жауды тойтаруға, оның зұлымдық ниетін
бөгеп, жау күшін тас талқан етуге шақырды. Бұл шақыруға еліміздің үлкен
кішісі түгелдей үн қосты. Соғыста біздің жауынгерлердің жеңісі, соғыстан
алыс тылдағы жақындарымыздың армияны қару жарақпен қамтамасыз етуіне,
оларға азық түлік жеткізе алуына, армия қатарын жаңа күшпен толықтырып
отыруына және халық арасындағы достық, туысқандық көмекті нығайтуына, соғыс
жүріп жатқан жерлерден көшіп келгендерге, оның ішінде балаларға ерекше
қамқорлық жасауға байланысты болды. Барша кеңес азаматтарымен қатар
Қазақстандық әке ағаларымыз Отанды қорғауға майданға аттанды. Қазақстан
еңбекшілері еліміздің өзге халықтарымен бірлесе отырып, барлық күштерін
Отан қорғау ісіне жұмсады. Кең байтақ Республикамызда істеліп жатқан барлық
жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта құрылды.
Бәрі майдан үшін, жауды жеңу үшін! - деген ұранмен еңбекшілеріміз
майдан қажетін ойдағыдай өтеп отырды. Жер-жерде жасы жетпеген қаршадай
балаға дейін майданға жіберуді өтініп, соғыс комиссариатының босағасын
босатпады. Майдан ұрыстарындағы ерліктің үлгісі тылдағы еңбек ерлерінің
ісінен ұласып жатты. Ұлы Отан соғыс кезінде жеткіншектер бұғанасы қатып,
буыны бекінбей жатып, еңбекке араласып, ел байлығын еселеді. Тылдағы
оқушылар да өздерін қажырлы еңбегінің даңқына бөледі. Мектеп
партасындағылар тракторға, комбайн штурвалына отырып, колхоз даласында
еңбек етті. Өнеркәсіп пен транспортта жұмыс істеді. Бұл жылдары біздің
еліміздің оқушылары игілікті ұлы жұмыстардан ешқашанда қалған емес. Ұлы
отан соғысының қиын қыстай кезінде оқушылар Отанымыздың ар-намысын,
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ерлік күрестерде қолдарынан келгенше
үлкендерге көмектесті.
1941-1945 жылдарындағы соғыс жеке адамның адамгершілін қасиетінің
жоғары болуын талап етті. Ұлы Отан соғысы мектептің ішкі ісімен оның оқу-
тәрбие жұмысының мазмұнын едәуір өзгертті. Республика кеңес және халық
ағарту қызметкерлері арасында өзекті мәселелердің бірі ел басына төнген
қатерді, неміс фашистерін жеңіп шығуда балаларды ұстамды берік мінезге
тәрбиелеу, бұрынғыдан да гөрі оқушыларды еңбекке төселдіру, оларды оқу
ісіне кедергі келтірмейтіндей ұйымшылдықпен көпшілік қоғам жұмысына тарту
ісі қолға алынды.
Соғысқа дейінгі жылдарда балаларды Отан жандылық сезіміне тәрбиелеуде
қол жеткен табыстар мектептегі тәрбие жұмысын тез арада соғыс мүддесіне
сәйкес жаңаша айта құрылуға көмектесті. Соғыстың алғашқы жетістіктерінде-ақ
республика баспасөзі бетінен әкелер ерлігінен нәр алған жасұландарды
Отанжандылық істерінің кең өріс алғанын оқимыз.
Алматы облысының 58-ші мектебінің оқушылары республиканың барлық
оқушыларын картоп тұқым жинауға шақырды.
Соғыстың ауырпалығына қарамастан, оқушылар білім алуға талпынып,
мектеп мұғалімдерімен оқу мен тәрбие жұмыстарына көмектесіп, мектеп үйін
жөндеп, қысқа отын даярлап оқу құралдарын жасаған.
Мұғалімдер бастаған мектеп оқушылары колхоз, совхоздардың егін
далаларында жұмыс істеп, еліміздің қосымша мыңдаған пұт астық пен көкөніс
тапсырды. Оқушылар жүздеген мың тонна метал сынықтарын мыңдаған килограмм
дәрі дәрмектік өсімдіктер жинады, жауынгерлердің отбасын қамқорлықтарына
алып, жас сәбилерін күтті, жаралы жауынгерлерде мейірімділікпен қамқорлық
жасады. Көптеген балалар өздерінің жиған қаражаттарын танк, самолет,
зеңбірек т.б. соғыс қаруларын жасауға берді.
Үйде ересек азаматтардың болмауынан оқушылардың тұрмыс еңбегіне ерте
араласып, іні-қарындастарын күтуі, колхоз, совхоздардың ауыл шаруашылық
жұмысына, оқу ісіне көмектесуі, материалдық тұрмыстың төмендеуі т.б.
мектептің оқу-тәрбие жұмысын қиындатты.
Халық ағарту органдары оқушылардың қоғамдық белсенділігін және
отанжандылық қарқынын барынша қуаттай және жетілдіре отырып, сонымен қатар
мектеп ұжымының назарын балалардың сапалы білімі мен саналы тәртіп
дағдыларын арттыруды талап етті. Әсіресе, мектеп жасындағы балаларды оқуға
тарту, оларды терең біліммен қаруландыру, балалар арасында кластан және
мектептен тыс жұмыстарды жақсартуға айрықша көңіл бөлді.
Негізінде бұл істің сәтті аяқталуын, балалар арасында оқушылар
ұйымының беделі мен ықпалының артуына байланысты болатын. Содықтан оқушылар
ұйымының жұмысын да соғыстың талабына сай қайта құрылуы қажет болды.
Олардың жұмысына маңызды өзгерістер енгізілді. Ата-аналардың өндіріс
орнында жұмыс істеп, бала тәрбиесіне айтарлықтай көңіл бөлінбегендіктен,
жастардың мектеп оқушылары арасындағы жұмысты соғыс талабына сай құру
міндеті қойылды.
Республика оқушыларының алдына: Оқушылардың өз халқының адал ұлдары
болуын, Отанның қас жауларына қарсы тұруға, оқу мен еңбекке, әскери
қабілеттілікке, ұйымшылдыққа, қиыншылыққа төзе білуге үйрету- міндеттерін
қойды.
Мектептегі оқушылардың оқу мен әскери дене шынықтыру жұмысына, оларды
еңбекке тәрбиелеуде, вожатыйлар мен оқушылар активтерінің оқуын дұрыс
ұйымдастыру шаралары күн тәртібіне қойылды.
Аудандық және қалалық мектеп комиссияларының мақсаты да оқушылар
штабымен бірлесе отырып, еңбек сүйгіш, денесі шыныққан, инабатты жас
ұрпақтарды қалыптастыру еді. Мектеп жөнініндегі комиссия алқасы оқушылар
жұмысын білетін маман адамдардан тұрды. Тәжірибелі маман адамдардың
басшылығы арқасында, мысалы, Чернигов орта мектебінің оқушылары 1941-42 оқу
жылының I жарты жылдығын толық үлгеріммен және танымдық дәрежесі өте
жақсы деген бағамен аяқтады. Семиозер аудандық мектептер жөніндегі
комиссияның төрайымы Черкова оқушылардың сапалы білім алу жолныда көп еңбек
сіңірді.
Республикада жоғарыда аталған қаулы бойынша құрылған 3048 дружиналар
375 204 оқушыларды қамтыды.
Дружиналарда жұмыстың көбі ойын түрінде өткен, тамаша кеңес педагогы
Антон Семеновия Макаренко: Ойын-балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе,
үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде, жұмыста да,
көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, ойын
арқылы тәрбие алады,-деген болатын
Штаб жарлығын орындамаған жауапсыз оқушы болған жоқ. Мұның өзі оларды
саналы азамат болып өсуіне баулыды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан өнеркәсібінің, транспортының, ауыл
шаруашылығының жұмыстарын соғыс жағдайларына қарай шұғыл құрылып,
міндеттерінің өзгеруі, барлық халықпен бірге: Бәрі майдан үшін, Бәрі
жеңіс үшін, -дегегі ұранға сай жұмыс істеді. Сондықтан басты міндет
оқушылардың өз ісіне жауапкершілігін сезіну, тәртіптілік, ерлік, Отанын
сүю, оның намысы қорғау, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік қасиетті әр жас
жеке адамның бойына сіңіру еді.
Оқушылардың жұмысына басшылық етуде еңбек тәрбиесін, оқушылардың
майданға көмегін, әскери дене шынықтыру жұмысын, оқушылардың оқуы мен
тәртібін жақсарту маңызды мәселе болды.
Мектептегі тәрбие жұмысына сәйкес көпшілік ден шынықтыру жұмысының
мазмұнын мен түрі соғыстың талабына ыңғайланып жүргізілді. 1941 жылы 6
қыркүйектегі ВКП(б) Орталық Комитетінің орта мектептегі 8-9 класс оқушылары
үшін әскери және дене тәрбиесін күшейту туралы қаулысы халық ағарту
мекемелерінің назарын аударды. ССРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылғы
24-ші қазандағы қаулысы бойынша 5-10 класс және техникум оқушыларының
әскери бастуыш, әскерге дейінгі алдын ала дайындық туралы ереже бекітілді.
Бұл ережеде: Мектептің жас түлектері Отанға шексіз сүйіспеншілік рухында,
бағдарламада көрсетілгендей әскери қабілеттілігі бар, саналы, шыныққан
жастарды, санитар, телефонист және телеграфист мамандығын меңгерген
қыздарды даярлауға міндетті - делінген.
Осыған орай мектептерде 1942-43 оқу жылынан бастап әскери дене
шынықтыру дайындығына арналған сағат бөлініп, мектептерде әскери
кабинеттер жабдықталды. Сабақты маман әскери жетекшілер жүргізетін болды.
Әскери дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға тиісті әскерлік іске,
санитарлық жұмыстарына дағдыланды.
Сөйтіп, мектеп қабырғасында оқушылар бастауыш әскери білім алатын
болды. Әскери ереже оқушылардың кластан тыс жерде дене шынықтыру тәрбиесін
жолға қоюға көмектесті. Бағдарлама бойынша 3-8 класс оқушылары бастауыш
әскери дайындықтан өтті. Оқушыларды соғыс ісіне бейімдеуде жаңа бағдарлама
нақтылы бағыт берді. Оқушылардың арасындағы жұмыс жүйесінде дене тәрбиесіне
байланысты мынадай келелі мәселелер күн тәртібіне қойылды:
а) балаларды Отанын шексіз сүюі;
ә) жас өспірімдердің денесін шынықтырып, төзімтал етіп тәрбиелеу;
б) балаларды әскери істің айырылмас белгісі-азаматтық еріктерін,
жоғары ұжымшылдық, батылдық, ептілігін, шыдамдыққа, ұйымшылдық, жолдастық
қасиеттерді қалыптастыру;
в) әскери - дене шынықтыру дайындықтарының оқу бағдарламасы бойынша
әрі қарай оқушылардың техникалық білімдерін, шеберліктерін, біліктерін
жоғары сатыға жетілдіру қойылды.
Жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешуде Бүкілодақ Комитетінің дене
шынықтыру және спорт жөніндегі Оқушылардың білім, іскерлік және білік
өрісі туралы жоба оқушылардың жас және дара ерекшеліктері ескеріліп,
пайдаланды. Мысал ретінде жобадан бір бөлім келтірейік.
Кесте №1
Оқушылардың әскери дайындығының іскерлік және білік өрісі туралы
жобаның бір бөлімі.
10-11 жас 11-12 жас 12-13 жас 1 3-14 жас 14-15 жас
3-класс 4- класс 5-класс 6-класс 7-клас
Жарық Қараңғыда Картаны Картамен Жергілікті
жерде жөн табу оқи азимут жердің
жөн таба білудің бойынша картасын
білу шеберлігі звено сызу
бастап
жүру

Қызыл армияның 25 жылдығына байланысты Қазақстанда мектеп аралық
әскери-спорт жарыстары өткізілді. Жарыстың бағдарламасына 5-7 класс
оқушыларына: строй дайындығы, БГТО кешенінен жаттығулар, гранат лақтыру, 3-
5 км қашықтық жерді шаңғымен өту, ұзындықтан секіру, 1-3 км жерге
противогазбен жаяу жүру т.б. дайындықтан өтті. Жарысқа оқуға үлгеретін 5-10
класс оқушылары түгел қатынасты.
Жарыстың негізгі мақсаты мынадай еді:
а) мектептің Қызыл крест, Қызыл ай қоғамдары мен дене шынықтыру және
спорт комитеттерінің әскери-дене шынықтыру жұмыстарына кең түрде жетілдіріп
жақсарту;
ә) оқушыларды әскери - спорттық пайдалы дағдыларына шынықтыру.
Жарысқа дайындық кезінде балалардың көпшілігі ГТО, БГТО, ПВХО
белгілеріне норма тапсырды, мектептердің ішкі жарысына спорт командалары
қатысты. Осындай әскери бағыттағы ойындар аудан, облыс және республика
көлемінде болып тұрды.
Жыл сайын мектептерде республикалық оқушылардың әскери бағыттағы Н -
қаласы үшін шайқас, Жауды талқандау, Жау тылында, т.б. ойындар
өткізілді. Ойын үстінде ержүрек партизандар, батыр-панфиловшылардың Бір
адым кейін шегінбе!, Отан үшін алға! - деген ұрандарын естіп, амбразура
дзотын денесімен жапқан Қазақстан Матросовы Сұлтан Баймағанбетовтың ер
тұлғасын көруге болатын. Мұндай тәрбиелік маңызы зор ойындар балаларды
майдандағы жауынгерлердің батылдығына, табандыл ығына, қиыншылықты жеңе
білушілік қасиеттеріне еліктеуге баулыды. Мысалы: 1942, 1943 жылы Қызыл
армия күніне арналған республикалық әскери-техникалық Жау тылына барлау,
Соғыс бұйрығы (ойын штабын басқарған майор Новиков) ойынына 5-10 кластың
оқушылары қатысты.
Ойын балалардың рухын көтерді, олар зерікпей ойынның қайталануын
өтінетін кездері болған. Оқушылар осындай әскери спорттық ойындармен қатар,
аса белсенділікпен кросс, эстафета, жорықтарға да қатысан. Осылардың
барлығы балалардың денесін шынықтырудың кепілі болды. Әрі олардың
көпшілігін дене шынықтыру және спорт жаттыңуларына тартуға себепші болды.
Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Ү пленумы (1942 жыл, желтоқсан)
оқушылар активтеріне, звено және отряд вожатыйлары, отряд және дружина
штабының мүшелері әскери-спорттық біліктерді үйрету туралы шешім қабылдады.
Сондықтан штаб дружиналарында 1943 жылдың 10 - наурыздан 5 -мамырға дейін
сабақтан тыс уақытта оқушылар активтерімен әскери оқу екі сағаттан
жүргізіледі. Әскери дайындық бағдарламасына 53 академиялық сағат бөлініп,
оларды дене шынықтыру мен строй дайындығына, әскери өлеңдер мен ойындар,
топография, тактика және атыс дайындығы, жай танкісін жоюдың әдісіне
дайындап, Қызыл армияның жарғысымен таныстырды.
Оқу бағдарламасы оқушылар активтерін жүйелі білімге, көпшілігін әскери-
қорғаныс өнерінің қоғамдық нұсқашыларын дайындады. Алматы қаласында 1943
жылы балаларға арналған спорт мектебі ашылды. Балалардың сабағына спортқа
еңбегі сіңген мастерлер басшылық жасады. Оқушылар әртүрлі спорт
секцияларына қатынасты. Спорт мектебі жанынан алғаш рет жас альпинистер
тобы ұйымдастырылды. Қызылорда облысының спорт мектетебіндегі 480 әскери -
техникалық үйірмелеріне 1350 оқушысы қатынасқан, 1943 жылғы жастардың жалпы
жексенбіліктен балалардың жәрдем қорында 1171365 сом ақша жиналды.
Жастардың сенбіліктер мен жексенбіліктерге аса белсене қатысуының
нәтижесінде Қазақстанда оқушылардың пионер лагерлері 181-ден (1944 жыл) 207-
ге (1945 жыл) дейін өсіп, жауынгер балаларына 4 592 тегін жолдама берген
(313).
Сайып келгенде, дене тәрбиесінің мақсаты мектеп оқушыларының
денсаулғын жақартып, оларды мектептің оқу-тәрбие жұмысына жұмылдырып,
оқушылар арасында тәртіпті нығайту, олардың Отанжандылық күшейттім
бағыттағы істерін ұйымдастыру болды.
2-тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы әлеуметтік-азаматтық
сезімінің қалыптасуы.

2.1. Оқушылардың тылдағы азаматтық іс-әрекеттері.

Мектеп оқушылары майданға аттанған әкелерінің, ағаларының орнына тұрып
егін жинау, мал бағы, шөп жинау, Отан қорғау қорына қаржы жинау,
эвакуцияланған балаларға, үлкендерге, жараланған жауынгерлерге қамқорлық
жасау сияқты отанжандылық істері халықтың Ұлы Отан соғысының жылдардағы
ерлік еңбегі шежіресінен лайықты орын алмақ.
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Халық
Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылы 3-ші қарашадағы қаулысы бойынша
мектептердің 8-10 кластарында оқушылардың аптада өтілетін сабақтары біраз
көбейтіліп, ауыл шаруашылық машиналары трактор мен комбайнды, автомашинаны
міндетті түрде оқытатын, ал 5-7 класстары ауыл шаруашылық неіздерін
үйрететін болды. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Мектеп оқушылары жұмыс көліктөрін күту, соқамен жер жырту, тырмалау,
шөп шабу т.б. сол сияқты біліктерді меңгеру. Сонымен жоғары класс оқушылары
кохоздар мен совхоздарға механизатор кадрлары дайындалды. 80 мың оқушы, 23
мың мұғалім үйірмелерге қатысып, агротехника негіздерімен танысты. Соғыстың
бастапқы екі жыл ішінде оқушылардан 17 672 тракторшы, 4520 комбайнер мен
2306 шофер даярланды.
Техника тетігін жете меңгерген бұл оқушылар ауыл шаруашылық
жұмыстарына көп жәрдемін тигізді. Мәселен, 7-класс оқушылары Мария
Васильева комбаин штурвалына отырып, Кеңбидай совхозының егіс даласында
(Оңтүстік Қазақстан облысы) маусымдық тапсырмасын 200 процентке жекізіп,
395 кг жанармай үнемдеді (307).
7-8 кластың 80 оқушысынан құралған Алға орта мектебінің (Ақтөбе
облысы) трактор бригадасы күндік нормаларын әрдайым 150-170 процентке
жеткізіп орындаған.
Бірқатар мектептерде жоғары класс оқушылары бекітілген ауыл шаруашылық
жұмыстарын кешенді жүйемен жүргізуді үйренді. Мұндай әдіс оқушылардың терең
интөлектуалды болуын, өсімдіктану, зоология, физика, химия пәндерінен алған
білімдерін тәжірибемен байланыстырып отыруын талап етті. Мысалы,
Талдықорған ауданы №1 жеті жылдық мектебінің оқушылары қарамағындағы
бірнеше гектар егілетін жерді ерте көктемнен күзгі егін орағына дейін
күтіп, астық өнімін бастырып, колхозға тапсырған. Осындай бастамадағы
мектеп оқушыларының еңбек етуінің бейімдеу, білімдік зор мәні болды.
Біріншіден, оқушылар жұмыс істеу шеберлігіне үйреніп, көптеген еңбек
дағдыларын алса, екіншіден, олар техника тетігін дәнді дақылдардың өнімі
туралы екендігін естігендерін, кітаптан оқығандарын енді өз көздерімен
көріп, іс үстінде меңгерді.
Мұның өзі оқушылардың ауыл шаруашылық жұмысына араласуының елеулі
маңызы болғанын көрсетеді.
Жамбыл қаласындағы Октябрь революциясы атындағы мектептің оқушыларына
Колхоздардың соғыс талабына сай мол өнім алуына көмектесейік, -деген
үндеу хат жолдады. Үндеу хатта: Соғыстың бұл қаһарлы күндерінде біздер,
оқушылар мен оқытушылар, жауды талқандау, қирату сияқты жалпымызға ортақ
істен шет қала алмаймыз. Мектептің 5-10 кластары жазғы дем алыста
колхоздарға барады. Егістің арам шөбін отауға 500 оқушы тегіс шығуға
міндеттенеміз. 5-7 кластың әрбір оқушысы 75 еңбек күннен, ал жоғарғы
кластағылар 100 еңбеккүн табуға сөз береміз. Бұл біздің – минимумыз-
делінген.
Жамбылдықтардың бастамасын бүкіл еліміздің оқушылары қолдады. Олардың
бастамасы негізінде ВЛКСМ Орталық Комитеті ауыл шаруашылық жұмыстарындағы
оқушылардың жарысының шартын белгіледі
Жарысқа қатысатын 6-8 класс оқушылары күніне 6-8 сағат жұмыс істеп,
жылына кем дегенде 50 еңбеккүн өндіру керек еді.
Егіс даласында оқушылар бригадасы күн санап артты. 6-8 класс
оқушыларынан Ақтөбе облысында 1867 бригада құрылған. Батыс Қазақстан
облысының 14200 оқушылары ұйымшылдықпен Қызыл Армияға еселеп беру үшін егін
алқабын арам шөптен тазартқан.
Соғыс жылының алғашқы күңдерінен астық өнімін ысырапсыз жинау,
қоғамдық малдың қысқы жем-шөбін дайындауға Қостанай облысы, Меңдіқара
ауданының 1698 оқушысы қатынасты. Осы ауданның Еңбек колхозының бастауыш
класс оқушылары 197 гектар егінінің арам шөбін отаған. .
Ақтөбе облысының оқушылары ауыл шаруашылық зиянкестерін аулаудың
Бүкілодақтық II байқауына қатынасып, 288 мың саршұнақтың терісін дайындау
пунктеріне өткізді. Осы облыстың Күнжар орталау мектебінің оқушысы Достанов
459 зиянкесті құртты.
Ауыл шаруашылық жұмыстарында оқушылар еңбегінің қаншалықты орын
алғандығын Бірлік орталау мектебінің жұмысынан көруге болады. Олар
социалистік жарысты оқушылар отрядтары арасында өндірістете отырып,
мектеп бойынша 3200 еңбеккүн тапқан. Сөйтіп колхозға мыңдаған пұт жоғары
бағалы дәнді дақылдарының өнімін өткізген. Осы кластың Дүйсекеев, Қазиев,
Шаяхметов т.б. оқушылары зор белсенділікпен 114-156 еңбек күндерін Отан
қорғау қорына тапсырған. Соғыстың бірінші жылы шаруашылық жұмысына
републиканың 350 мың оқушысы араласты. Егін орағы кезінде оқушылардың
жұмыстарын дұрыс ұтымды ұйымдастыра білген жерде оқушылар көп қолғабыс
тигізді. Астық және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын жерлерде оқушылар
бақылаулары ұйымдастырьтып, егіс даласына астық ысырабына жол бермеу
мақсатында бастауыш класс оқушылары масақ жинауға шықты. Отанжандылық сезім
билеген, туған еліміздің күш-қуатын асыра беруге бастама өрістей берді. Әр
оқушы қоғам жұмысына көмектесуді өзінің борышы деп санады.
Жамбыл облысының Крупская атындағы бастауыш мектебінің оқушылары
сабақтан бос уақытында масақ теруге шақырды. Отряд оқушыларының бастамасын
мыңдаған оқушылар қуаттады. Бұл қарапайым бастаманың маңызын мына бір ғана
мысал көрсетеді. Егер әр шаршы метр жерге 30 масақтан қалғанда, 1 гектар
жерден 2 центнер астық, ал тіпті бір масақта бір дәннен кеткен күнде де 150-
180 килограмм астық ысырап болмақ. Әрбір дән жауға оқ ! деген ұранмен
Казрис орта мектебінің (Сырдарйя ауданы) 120 оқушы 50 гектар жердің
масағынан 1500 килограмм таза дән бастырды. Ал ақтөбеліктер 27617 гектар
егістіктің масағын жинады.
Ақмола облысының Пролитариат бастауыш мектебінің (мұғалімі Герасимова)
оқуышылары 560 гектар еігістікті шырмауықтан тазартып, колхозға әрқайсысы
елу еңбеккүннен түсірген.
Еңбекке ерте араласып, қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен жеткіншектер
Қазақстанда аз болған жоқ.
Солардың бірі - Семейдің Еңбекші колхозының екінші класс октябряты
А. Қайырбеков дәнді дақылдардың масағын теруде 109 еңбек күн тапты.
Ысырапқа бермей белсенділікпен масақ терген бастауыш кластың 1681
оқушыларын (1942 жыл) Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті, Халық ағарту
Коммиссариаты және бастауыш мектептер Одағының Орталық Комитеті Құрмет
грамоталарымен наградтады.
Колхоздың егіс даласында оқушылар стахановтың еңбек үлгілерін көтеріп,
колхозшыларды жанқиярлық еңбекке бастады. Ақмола облысы, Чапаев ауданы
Трудовик колхозының байырғы председателі Зубков оқушылардың орындаған
жұмысына сүйіспеншілігін: Олар кішкентай болғанмен қайырымды ер азамат,
жұмыста үлкендермен кем түспеді - деген оқушылардың қоғамдық ұйымдары жас
тракторшылар, комбайншылар үйірмелерін құруға, машиналардың құрама
бөлшектерін жинауға, қар тоқтату, шефке алу жұмыстарына да көңіл аударды.
Мысалы, Макин ауданы (Ақмола облысы) орталығындағы №5 дружина оқушылары
жексенбілік уақытында 148 гектар егістік жерге қар ұстап 11 дискі, 24
шығыршық жинады. Ал Шортанды ауданының (Ақмола облысы) оқушылары 2919
центнер бидайды 415 көлікпен тасыды. Осы ауданның Тельман атындағы
колхоздың оқушылары колхоздың үш тракторын іске қосты.
1941 жылдың күзгі егін жинау жұмысына колхоз даласына 214 мың оқушылар
қатысты.
Жас төлдерді қамқорлығымызға аламыз - деген касогорлықтардың
(Калинин облысы) бастамасына республика оқушылары қосылды. Төл күтуді
өздерінің төл ісі санаған Қызылорда облысының 2 мың оқушылары (1942 жыл)
6685 бас төлді қамқорлықтарына алған оқушы Абенов Серік Сартарық
колхозының 500 қозысын бағып тапсырған.
Оқушылар колхоздың мал фермаларын, күтімге қойған көліктерін, жас
төлдерін қамқорлыққа алды. Сабақтан соң мал фермасына барып, малдарға шөп
салып, су беріп жайлады.
Малшылар арасында үгіт жұмысын жүргізіп, майдан мен тылдың өмірінен
әңгімелер өткізіп халықтың рухын көтеріп тұрды.
Жас малшыларға арнап, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті Пионерлердің
төлдерді күту тәжірибесінен деген кітапша шығарды.
Республиканың бірсыпыра аудандарында 1943 жылы сәуірдің 20-нан 30-на
дейін адандық, колхоз аралық жас малшылардың слеті өткізілді. Өз слеттерін
жас малшылар табыспен қарсы алды.
12 жасар оқушы Құнақбаева қамқорлығына алған (Оңтүстік Қазақстан
облысы, Күйік совхозы) 59 қозысын, 27 қойын шығынсыз өсірді.
Қазақстан Орталық Комитеті алдында Әрқайсымыз 2 төлден өсіреміз -
деген міндеттемелерін Зелен ауданы Орал облысы №1 жеті жылдық мектебінің
оқушыларыда орындап шыққан.
Қарағанды жеткіншектері 49852 бас қозы -торпақты шефке алып, төл
күтуде өздерін күш, міндет деп танытты.
Соғыстың алғашқы жылы 70370 мал басын 12389 оқушы қарады, ал соңғы
жылдары 21682 жеткіншек 82272 бас малды күткен. Қоғам малын күтуде
атқарылған еңбегімен көзге түскен оқушылар малшылардың республикалық
кеңесінде құрмет грамоталарымен марапатталған.
Оқушылар әрқашан өздеріне лайықты қоғамдық жұмыстарды тауып, оны
жауапкершілікпен орындар отырды. Мәселен, Қызылорда облысы, Фрунзе ауданы 4-
класс оқушысы Қайырболат Қожалиев колхозшылар арасында үгіт насихат
жұмыстарын, ПВХО, ГСО үйірмелерін ұйымдастырған.
Оқушылардың осындай көмегі еңбекке деген қабілетін, түрлі дағдыларын
қалыптастырып, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігш арттыра түсті.
Қазақстан мектеп оқушылары 1942 жылы 2 миллион 445 мың еңбеккүн
өндіріп, 33300 ересек колхозшының еңбегін атқарды. Қазақстан ЛКСМ Орталық
Комитеті мен Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының құрметті мақтау
қағаздарымен осы жылы үздік еңбегі үшін 1294 оқушы, 349 мұғалім
марапатталды. Ең таңдаулы отряд вожатыйларына ақшадай силық берілді.
Семейдің Ерназар мектебі, Қарағандыдан №8 мектеп, ССРО Жер халық
комиссариатының силығын алды. 29 оқушы, 15 мұғалім, 6 пионер отрядына ВЛКСМ
Орталық Комитетінің құрмет грамотасы берілді (309).
Ауыл шаруашылығында ғана емес, өндірістің басқа саласында да оқушылар
үлкен көмек көрсетті. Арал оқушылары екі теңіз кемесінің балығын түсіріп,
одан түскен 4850 сомды Отан қорғау қорына берді (249). Оңтүстік Қазақстан
оқушылары госпиталға арнап 266 куба метр отьін дайындады.
Шеберханалар мен үйірмелердегі оқу-өндірістік жұмыстараға көңіл
аударды. Балалар үйлері жанынан 95 өндірістік шеберханалар жабдықталды.
Республика мектептеріндегі 110 шеберханада 8096 оқушы тігіншілік,
балташылық цехтарында қол өнеріне үйренді (248). Олар жауынгерлер мен
балалардың қажеттілігін өтеп отырды. Мәселен, 1942-1943 оқу жылында
оқушылар эвакуацияланып келген балалар мен майданға кеткен жауынгерлер
балаларына 1500 пар етікті жөндеп, қамқорлық жасады.
Соғыс жылдары ересек азаматтармен қатар еңбектің үлгісін көрсеткен
республика оқушылары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік
еңбегі үшін медалімен марпатталды. Тек Алматы қаласының №22 мектебінің 19
оқушысына, Қарағанды облысының 99 оқушысына осындай медальдар тапсырылды
(349).
Оқушылардың жұмысында дәрі-дәрмектік және қоректік өсімдіктер жинау
ісі үлкен орын алды. ВЛКСМ Орталық Комитеті 1941 жылғы 22 қыркүйектегі
Шипалы және қоректік өсімдіктер жинаудағы оқушылар ұйымдарының жұмысы
туралы қаулысы мектеп оқушыларынан шипалы өсімдіктер жинауға көмектесуін
міндеттеді.
Республикада шипалы өсімдіктер жинайтын арнауды 41 туристік лагерьде 3
мың оқушылар болды. Мұнымен қатар әр облыста пайдалы өсімдіктер жинайтын
оқушылар бригадалары жұмыс істеген. Жабайы шикізат өнімдерін жинайтын
оқушылардың активтерінің ынталы топтары құрылған. Мәселен, 1942 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ынталы топтарда бастауыш кластардың 1085
оқушысы болған (316).
Дайындау пунктінің тәжірибелі маман қызметкерлері дәрі өсімдіктр
жинауға шығатын оқушылармен жиналыстар өткізіп тұрды. Жабайы өсімдіктердің
пайдасы, оны қалай сұрыптап алу жайды оқушылардың танымын баспасөздің
бетінде де жарияланып, шағын кітаптар мен брошюралар шықты. Мыңдаған
оқушылар ұжымы шипалы өсімдіктер жинайтын экспедиция, жорық, онкүндік,
жексенбіліктерге қатынасты. Жаз айларында бұл жұмыстар оқушылар арасында
кең өріс алған. Оқушылардың арасында қоғамға пайдалы бұл еңбектің түрі кең
тарағаны соншалық: дайындау пунктеріне 1941жылы 4477 тонна жабайы өсімдік
тапсырылған (245). Мысалы, Алматы халық ағарту органының оқушылар
лагеріндегі балалар қысқа мерзім ішінде 1588 килограмм итмұрын мен жалбыз
дайындап, үздік жұмыстары үшін қалалық бірінші сыйлыққа ие болған. Осы
лагерьдің бірінші отрядындағы оқушылар (вожатыйы Шарафутдинова Г.) 517
килограмм итмұрын тапсырды.
Дәрілік және қоректік өсімдіктер жинауда әр оқушы белгілі көлемде
норма берілен, мысалы, 1942 жылы республиканың оқушыларына дәрілік,
қоректік өсімдіктерді жинауда мына төмендегідей норма тапсырма берілген.
Өткен жылдардағыдай 1943 жылы да Оңтүтік Қазақтан облысының мектеп
оқушылары 4123 тонна дәрі-дәрметік өсімдіктер, 4059 тонна анабазис жинап,
белгіленген жоспарын 173 процентке орындап, өзге облыстардың алдына шыққан.

Түрксіб темір жол мектебінің оқушылары шипалы өсімдіктерден жасалған
дәрілерді сақтауға 10 мың аптекалық шыны ыдыстарын жинаған.
Оқушылар күшімен мемлекетке дәрі-дәрмектік өсімдік жинап тапсырғаны
үшін Қазақстан оқушыларына 1944 жылы ВЛКСМ Орталық Комитеті мен ССРО
денсаулық сақтау Халық Комиссариатының ауыспалы Қызыл туы тапсырылды.
Соғыстың соңғы жылдары да республика оқушыларының дәрілік және қоректік
өсімдіктерді жинау белсенділік қарқыны бәсеңдеген жоқ.
Ауыл шаруашылығы мен майдан мұқтажын өтеуге шипалы және қоректік
өсімдіктер жинаудың шикі зат өнімдерінің қосымша қорын жасауда үлкен маңызы
болды. Өсімдіктер жинауда алдыңғы қатарлы көзге түскен көптеген оқушылар
құрмет белгісі значогі, мақтау грамотасымен марапатталған. Мысалы, 5-6-
класс оқушылары арасында 812-ден 1000 килограммға дейін сапалы жеміс
өнімдерін жинап, Қазақстан Халық Комиссариатынан кәсіпорындарына тапсырған
Сайдалиев (Сижан мектебі), Бердібаев О. (Бөгет мектебі), Кенжебаев В.
(Қопалы мектебі), Асетдинов X. (Бөгет мектебі) т.б. оқушылар ССРО Халық
Комиссариатының өнеркәсіп мекемесінің Социалистік жарыстың озаты деген
белгісімен, ал Ямышев мектебінің оқушылары А.Өреханова, Т.Қораблева 60
килограмнан кептірген итмұрын тапсырып, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің
мақтау грамотасымен марапатталған.
Соғыстың ауыр жылдары Аркади Гайдар повесіндегі, отанжанды іскер,
Отапқыр, ер көңілді, қиыншылықтың қандайына төтеп беріп, жеңе білетін
табанды қайсар, тимуршылар жұмысы жандандырылып, бүкіл оқушыларың
қозғалысына айналды. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті 1943 жылғы 29
наурыздағы қаулысында: Тимуршылар жауынгерлер отбасының тұрмыс еңбегіне
көмектесу, жас сәбилерді күту, жауынгерлерге хат жазу. Қызыл әскер
отбасының бау-бақшасын қарап, оның өнімін жинасу, Тимуршылардың міндеті,-
деп көрсетті.
Сол сияқты Правда газеті жазғандай: Шынында... жауынгерлердің
отбасына қамқорлық - біздің Қызыл Армияға деген бүкіл қамқолығымыздың
жартысы, - деуі Тимуршылар қозғалысының соғыс жылдарындағы маңыздылығын
аша түсті (190). Мектептерде жаппай Тимур командасы құрылды. Олардың жұмысы
алуан түрлі болды, әсіресе, жауынгерлыр отбасына қамқорлық жасауда үлкен
еңбек сіңірді.
1943 жылғы архив мәліметтеріне қарағанда республикада 3081 Тимуршылар
командосы 38664 оқушыны қамтыған. Мұнан басқа жерлестерінің мұқтаж -
тілегін біліп отырған 500 оқушылар бригадасымен шағын оқушылар топтары
ұйымдастырылған. Тек Алматының 1600 Тимуршылры 3272 қала тұрғындарының
тұрмыс жағдайымен танысқан(310). Осындай мұқиат танысудың нәтижесінде
Түлкібас ауданы Высокое селосындағы балалр санаториасындағы Тимуршылар
командасы 630 кірпіш құйып, майдандағы жауынгерлердің отбасына мал қорасын
тұрғызып берген.
Тимуршылардың қолға алған ісін аяғына дейін тыңғылықты орындауы
оқушыларға үлкендердің сенімін арттырды. Мәселен, Ермолавты отбасының
тұрмыс жағдайымен танысқан Жамбыл қаласының Крупская орта мектептің
тимуршылары қалалық кеңеспен комуналдық шаруашылық басқармасының алдына үй
беру мәселесі шешіліп, оған қоса ақшалай қаражат бөлінген.
Олар жаз айларында азаматтары майданға кеткен отбасылардың бақша -
огород салатын жерін өңдеп, қысқа отын-суы мен малының жем шөбін дайындады.
Шемонайхы (Шығыз Қазақстан) тимуршылары отыз жеті үйдің 27 текше метр
отынын кесіп, 5 жүк пішентасып берген (69). Отын тиеген вагондарды түсірген
№40 мектептің (Алматы) екі пионер отряды өздеріне тиісті сексеуілді
қамқорлықтарына алған отбасыларына үлестірген. Мектептің тимуршылары атына
жауынгер Настеловтен алғыс хат келді: Сендерге және класс жетекшілерінің
А.Г.Вольф, вожатыйларың Катя Виткова менің отбасыма қамқорлық жасағандарың
үшін көп рахмет -деген.
Тимуршылар госпитальда емделіп жатқан солдаттар мен офицерлерді
қамқорлықтарына алып, кезекші оқушылар палаталарға әрдайым көркем әдебиет,
газет журналдар таратып, оларға концерт қойып, туыстарына хат жазып тұрды.
Вознесенок бастауыш мектебінің 3-класс оқушылары №14-61 госпитальде жатқан
жауынерлермен хат арқылы танысып, кейін өздері келіп жауынгерлерді
қамқорлықтарына алған. Көп ұзамай барған сапары жайлы бір топ оқушылар
аудандық партия комитетіне баяндаған. Бюро шешімі бойынша аудан еңбекшілері
госпитальді қамқорлықтарына алған. Қамқорлықтың басшысы болған 3-класс
оқушылар мен госпитальдегі жауынгерлердің достығы нығая түскен.
Тимуршылардың анықтама бюросы соғыс жолында айырылған жауынгерлерді
ата-анасы, туған-туыстарымен табыстыруға көмектесті. Семей қаласының №22
мектебінің тимуршыларына танкис Гофман осы қалаға эвакуацияланған әке-
шешесінен хабарсыз екенін жазған. Бұл тапсырманы дружина штабы тимуршылар
командасының капитаны Юра Левинге жүктеді. Юра тимуршылардың бірін анықтама
столына, екіншісін эвакопунктке, үшіншілерін военкоматқа, қалғандарын көше
аралап жүріп, қала тұрғындарынан сұрастыруға жіберді. Тимуршылар үш
сағаттың ішінде танкист Гофманның ата-анасын тауып, оларға майданда қаза
тапты деп жүрген баласының хабарын айтты. Майданға жіберген хатына
тимуршылар алғыс білдірген жедел хат алды. Мұндай қамқорлық жауынгерлердің
күшін еселеп, жауды талқандауға жігерлендіре түсті.
Тимуршылар командасының ізгі істері жөніндегі мысалды республикамыздың
түкпір-түкпіріне елеулі бастама ретінде көріне бастады. Облыстық, қалалық
тимуршылар командасының капитандарының арнаулы слеттерін өткізді. Слетке
тимуршылар бір-бірімен пікір алысып, тәжірибе алмасып отырды. Алматы,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Петропавл қаласында, мектеп жандарында
тимуршылар слеті өткен. Слеттерде оқушылар істеген жұмысын қорытындылап,
алдағы міндеттерін белгілеген. Мысалы, Алматы қалалық тимуршылар слетінде
№22 мектептің тимур командасының капитаны Нина Гунькина істеген игі істері
туралы тимуршылар 850 көркем әдеби кітап, дәрі-дәрмек жасайтын 2,5
килограмм акация гүлін, жер өңдейтін гүлін жинаған. Өздерінің
жауынгерлерге, олардың отбасыларына посылка жіберілгенін айтады. Осы
тәрізді жұмыстар астана мектептерінің (№25,16,54 т.б.) көпшілігіне
ұйымдастырылған.
Мұндай жұмыстарқалада ғана емес, ауыл оқушыларынан да қызу қолдау
тапты. Панин ортаау мектебінің (Көмек ауданы) төртінші класс оқушылары:
Қаһарман Ленинград қаласының жауынгерлеріне әр әрқайсысына бір-екі жиімнен
жинайық! - деген ұранмен мектеп оқушыларын шақырды. Құрбыларының игі
бастамасын көршілес Камен орта мектебінің оқшылары қуаттап, үш жүзден астам
жылы киім майданға жіберді.
Сабақ аяқталса да мектептің шамы көпке дейін сөнбейтін. Оқушылар
сабақтың соңында қалып, жауынгерлерге жылы киімдер тігіп, тоқытады. Ақкөл
мектебінің бір топ оқушылары (Тасболатова, Абдіхақова, Ескеншаева,
Тоқбергенова т.б.) ұстазы Үсімбаеваның жетекшілігінен алдыңғы шептің
жауынгерлеріне бес жүз бидай жіберген.
Кеңес үкіметінің 25 жылдығы қарсаңында республика оқушылары жинаған
146 648 сырт киімнің 57 236-сын Алматы облысының оқушылары тапсырған.
Қазақстан оқушыларының жауынгерлерге де бұл қамқорлығы соғыстың соңғы
күндеріне дейін бәсеңдемеген.
Алдыңғы шептегі жауынгерлерге мейрам қарсаңында темекі қалтасы, қол
орамалдар, носки, тоқыма шарфтар т.б. посылкамен жіберу оқушылардың
дағдысына айналды. Қызыл Армия жауынгерлеріне соғыстың бастапқы жылы 2915
посылға жіберілді. Посылканың ішіне басқалар өзідерінің оқуы, мектептегі
қоғам жұмысы, жауынгерлерге деген сүйіспеншілігін білдіріп хат жіберген.
Жайсан мектебі оқуыларының Балтық теңізі флотындағы жерлес
жауынгерлеріне посылкамен жіберген хатында: Саша ағай біз тек төрт пен
беске оқимыз деп уәде береміз. Колхоздың егіс даласына көмектесіп, металл
сынығын жинадық. Ал сіз берік болып, жауға күштірек соққы беріңіз, - деп
жазған. Оқушылардың хатына ұшқыш Александр Герасимович Батурин төменгі
жауабын жазған.
Саламатсыздар ма, балалар! Жазған хаттарыңа көп рахмет. Балалар, ...
туған жерді дұшпаннан қорғаудамыз. Біздің бөлімшені әскери ерлігі үшін
Қызыл Ту орденімен марапаттады.
Сендердің бақытты, оқуда табысты болуларыңа тілектеспін, әрдайым
тәртіпті болып, сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Жауынгерлік сәлеммен
А.Батурин.
Қазір Александр Герасимович Батурин Татарстанның Альмет қаласының
тұрғыны. Аспан шайқасында асқан ерлігі үшін Жеңіс Одағының Батыры атағымен
қатар жауынгерлік екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу
Құқықтық тәрбие жайлы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Құқықтық тәрбие
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Пәндер