Алғашқы Ислам жинақтаушы Банкі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1963 жылы - Алғашқы Ислам жинақтаушы Банкі Египетте «Мит Гамр» ашылған

1975 жылы - «Дубай Исламик Бэнк» Ислами даму банкі тіркелген

1990 жылдары - Ислами банктердің гүлдену кезеңі

2001 жылы - бірінші ислам облигацияларының эмиссиясы (Малайзия мен Бахрейна билеушілері)

Исламдық банктің негізгі өнімдері сауда-қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру(кард әл-хасан) . Мұның бәрінде Исламның басты қағидасы қатаң сақталады, яғни үстеме пайызбен өсім ақысын алу жоқ. Исламдық банк не қайтару мерзімін кейінге шегеру арқылы тікелей тауарды алуға, не нақты бір жобаны бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. Мұнда ислам банктың пайдасы сол жобаның қызметінен түскен пайданы бөлісуден тұрады. Сол секілді ақшаны сенімді басқару да клиент пен банктің арасындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде исламдық банк салымдарының екі түрі бар, оның біріншісі - өсімсіз салымдар. Аты айтып тұрғандай, мұндай салымдарға өсім төленбейді. Екіншісі - инвестициялық салым (депозит) . Мұнда банк клиенттің ақшасын белгілі бір мерзімге сенімді басқаруға алады да, оны инвестициялық жобаларға немесе активтерге салады. Сол жобалардың табысына қарай клиентке тиесілі табысын беріп отырады. Бірақ банк клиент ақшасының номиналдық көлемінің қайтарылатындығына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық жоба табыссыз болса, клиент шығынға ұшырайды, ал банк жобадан сыйақы алу құқығынан айырылады. Ал егер инвестициялық жоба банктің кінәсінен шығынға ұшыраса, онда исламдық банк сол үшін жауапты болады. Кейінгі кездері жиі айтылып жүрген қаржы нарығындағы тәуекелді тең бөлісудің ашық та, айқын жолы - осы. Сол секілді «сукук» - исламдық бағалы қағаздар да исламның басты қағидаларын бұзбай, инвестициялық табыс табуға мүмкіндік береді.

Қырғыз ағайындарда, мәселен, исламдық банк былтырдан бері жұмыс істей бастаған. Онда тек нарықтың ауқымы ғана шағын болып отыр, әйтпесе банктің жұмысы өте сәтті оралып келеді. Сол сияқты солтүстігіміздегі Ресей де Татарстанның астанасы Қазанды исламдық қаржы орталығы ретінде дамытуға талпынып жатқан көрінеді.

Түрлі ойын-сауық жобалары, халал емес тамақтар немесе арақ-шарап өндірісі т. б. адамның рухани дамуына зиянды жобаларға ислам қаржы институттары қаражат салмайды. Ал, белгілі бір жобаға қатысқан кезде Ислам қаржы институттары сукук, яғни, қолхат секілді құжат толтырады. Онда құйылған ақшаның көлемі көрсетіліп, пайданы бөліскен кезде соған сәйкес банк үлесін алады. Сукукты кез-келген уақытта нарықтағы шынайы бағасына сатуға болады екен.

Ислам банкі мен қаржы институтының басты мақсаты біздегі, я батыстағы қаржылық институттары секілді барлық әдістерді қолданып тек қана пайда табуға бағытталмаған. Айтуларына қарағанда, бұлар Ислам елдері мен олардың іскерлерінің осы институтты пайдалана отырып, өз шаруасын алға бастыруға қызмет етеді. Сондықтан несиелік өсім пайызы да төмен. Әрі өздеріне келген клиенттің мүмкіншіліктерін ескеріп, оған барынша тиімді қызмет жолдарын ұсынады. Кепілге мүлік қойып несие алғандар өз уақытында төлемдерін өтей алмаса, оны біздегідей бірден аукционға шығармайды. Тығырыққа тірелудің себебін анықтап, егер клиенттің кінәсінен болмағаны анықталса, несиенің құны да ішкі шығынның есебінен кешіріледі. Міне, бұл да бизнес саласындағы иманды қызметтің қандай болмағы керек екендігін көрсетіп тұр.

Кард-уль-Хасан. Бұл тұтынушыға қажетті соманы алып, белгіленген мерзім ішінде қайтаруға мүмкіндік беретін банк тауары. Банк тұтынушыдан ешқашан үстеме пайыз талап етпейді. Ислам әлемінде үстеме пайыздан пайда табу -күнә. Тұтынушы тәуір табыс тапқан жағдайда сыйақыны (Хибу) банкке өз қалауымен төлейді. Яғни, банк пен тұтынушының арасындағы байланыс сенімге және түсіністікке негізделген.

Мушакара - банк пен тұтынушының белгілі бір жобаны бірлесіп қаржыландыруы. Жобаның табысы немесе шығыны тараптардың қаржыландырудағы үлесіне байланысты бөлінеді. Жобаны басқару да тараптардың келісімі бойынша жүзеге асады.

Мудараба - банк өз тауарын жұмыс тәжірибесе жеткілікті әріырғағынан жаңылмаған өндіріске басқаруға береді. Жұмыс жақсы жүрген жағдайда табыс келісімшарт бойынша бөлінеді. Ал егер белгілі себептермен шаруа тығырыққа тірелсе, мәселені тараптар келісіп шешеді.

Мурабаха - банктің тұтынушы атынан белгілі бір тауарды сатып алып, үстеме бағамен қайта сатуы. Үстеме бағаның мөлшерін тараптар алдын-ала келісіп алады және белгілеген мерзім ішінде ол тұтынушыға ретімен төленеді.

Сукук. Бұл - ислам облигациялары. Ислам құнды қағаздары шариғат талаптарына сәйкес болуы және оны шариғат кеңесінің бекітуі міндетті.

Іс жүзінде ислам банктерін басқаруға арналған бір тәртіп бекітілмеген, шариғат заңы сияқты ол да өзіндік түсіну мәселесіне тіреліп отыр.

Әлемнің тек мұсылман халықтары емес, мұсылман емес мемлекеттер тұрғындары да дағдарыс дауылы соққалы бері дәстүрлі банктердің баламасы ретінде ислам банктеріне үміт арта бастағандай. Жуырда АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі арнайы жұмыс тобын Сауд Арабиясы мен Малайзияның исламдық қаржы жүйесін зерделеуге жіберген көрінеді.

Құранның бағыт-бағдарымен қызмет ететін ислам банктерінің әлемдік қаржы дағдарысынан еңсе түсірмей, мызғымай тұруына басты екі себеп бар: біріншіден, олар ешкімнен пайыздық үстемемен ақша алмайды, өйткені шариғат бойынша, үстеме алуға, яғни өсімқорлыққа қатаң тыйым салынған. Бұған дейін талай мәрте жазылғандай, мұнда ислам қағидалары бойынша табыс та, шығын да келісімшартқа отырушы екі жаққа тең бөлінеді. Екіншіден, олар тәуекел ету деңгейі жоғары активтерді, мәселен ипотекалық міндеттерді, т. б. мойнына жүктемейді. Ислам банктері кірісі аз болса да, ең сенімді, үміті жоғары міндеттермен қызмет жасайды. Бұл айтылғандардың астарында адамгершілік, әділдік қағидаларының жатқандығын байқау қиын емес.

Соның арқасында, ислам банкингі әлемдегі жедел дамушы қаржы салаларының біріне айналып отыр. Қазіргі қаржы дағдарысына қарамастан, бұл сала жылына 15 пайызға өсіп келеді (Ислам конференциясы ұйымындағы елдерде даму көрсеткіші 20 пайыздан асқан) . Қазір дүниежүзі бойынша 300-дей ислам банкі қызмет істесе, олардың активтері 700 миллион долларға бағаланып отыр. Ал 2013 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 1 триллион доллардан асады деп жоспарлануда.
Қалай дегенде де, өткен ғасырдың 60-70 жылдарының жаңалығы болып табылатын ислам банктерінің жетістіктерін бүгінде күллі әлем мойындап үлгерді. Дегенмен, әзірге ислам банктерінің өзге дәстүрлі банктерді қаржы майданынан толықтай ығыстырып шығаруы туралы әңгімені қозғау ертерек дейді мамандар. Себебі, шариғат заңымен жұмыс істейтін банктердің қызметін түсінбеушілер қатары баршылық. «Егер үстеме пайыз алмаса, бұдан банкке келіп-кетер пайда қандай?» деген сұрақ әлі де кейбір қаржыгерлерді мазалайтыны рас. Ал осы 30-40 жыл ішінде ислам банктерінің пайызсыз қызмет етіп, зор табыстарға жеткені, бүгінгі жер қайысқан дағдарысқа қалайша төтеп беріп жатқаны да тегіннен-тегін емес қой. Мұның сыры ислам банктерінің Құранның бағыт-бағдарынан шықпауы мен шариғат айтқан заң жолымен жүруінде жатқаны аян.

Ең басты мәселе - бұл жүйенің дұрыс түсінілмеуі. Тіпті кәсіби қаржыгерлердің арасында да толыққанды түсінбеушілк бар әлі. Ол үлкен кедергі болып отыр. Сондықтан бұл тұрғыда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жасалуы керек. Өйткені, біреулер ислам банкингі десе ислам дініне қойылып жатқан қара таңбамен байланыстырады. Немесе ислам банктері тек мұсылмандарға ғана қызмет көрсетеді деген сияқты жаңсақ пікірлер бар. Ал кейбіреулер тіпті ислам банкі десе, ақшаны барлық елге тегін таратады деп түсінеді. Бұл да қате түсінік. Банк дегеніміз ол коммерциялық тұлға. Сол себепті бұл тұрғыда көптеп жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Соңғы жылдары біздің мемлекетімізде де исламдық қаржы жүйесінің алғышарттары қалыптаса бастады. Дін мемлекеттен бөлек дегенмен, енді бұл салаға үкіметтің өзі ден қойып жатыр. 2005 жылы «Халал» техникалық комитеті мемлекеттік мекеме ретінде құрылса, үстіміздегі жылы ақпан айының 12-сінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ислам банктері туралы» Заңға қол қойды. . Заң ислам банктерінің қызмет етуінің құқықтық негіздерін, кәсіпкерлікті түрлі формада қаржыландыру, сондай ақ, исламдық құнды қағаздарының шығарылымы мен айналымын т. б мәселелерді реттеуге бағытталған Бұл еліміздің мұсылман халқы үшін қуанышты жаңалық болғаны рас. Қазіргі кезде Қазақстандағы 324 мекемеге «Халал» сертификаты берілген болса, солардың ішіндегі ең маңызды деген 100 мекеменің басшылары аталмыш форумға шақырылып отыр. Елімізде халал индустриясын 11 бағытта дамыту қолға алынып жатқаны белгілі, осылардың арасында ислам банктерін дамыту бағыты, яғни экономика саласы ең маңызды болып табылады. Өйткені, жоғарыдағы 300-ден аса халал сертификатын алған мекемелер мен өзге де имандылық жолындағы азаматтарымыз үшін ислам банктерінің ашылғаны өте дұрыс шешім болары сөзсіз. Біріншіден, пайызсыз несие алу шариғат талапарына сай келетін болса, екіншіден, соның арқасында «халал» шартына сәйкес жұмыс істейтін мекемелер саны 300 емес, үш мыңға, тіпті алдағы уақытта отыз мыңға дейін артар еді.
Ақпанның 12-сінде президент Н. Назарбаев ислам банктерінің Қазақстандағы қызметi туралы заңға қол қойды. Заң ислам банктерінің қызмет етуінің құқықтық негіздерін, кәсіпкерлікті түрлі формада қаржыландыру, сондай ақ, исламдық құнды қағаздарының шығарылымы мен айналымын т. б мәселелерді реттеуге бағытталған. Ислам банкингін Қазақстан нарығына енгізу жұмыстары 2007 жылдан белсенді түрде атқарыла бастапты. Енді олардың қарапайым тұрғындарға қызмет көрсету мүмкіндігі тұңғыш рет қарастырылып және ол заң жүзінде бекітіліп отыр. Осы жылдың аяғына дейін 1-2 ислам банкі ашылады деп жоспарлануда”.

Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан банк Алматыдан бір бөлімшесін, яки банкін ашпақшы. 2009 жылдың екінші жартысында ашылатын банктің қоржынында 2009 USD 27 млн. қаржы болмақ. Олар Астанадан да банк ашпақшы.

Пікірлер:

((СНХ: Едіге Алпысбай "Кәусар" консалтинг қаржы ұйымының басқарушы серіктесі
Егер жоба сәтсіз болып қалса, онда тәуекелді ислам банкі бірге көтереді) )

ЗКТ: Пайызсыз несие бергенмен, ислам қаржы ұйымдары түскен пайданы берген қаражат үлесіне қарай бөлісіп отырады. Пайда бөлісу мерзімі кәсіпкер мен қаржы ұйымының арасындағы келісім-шартта көрсетіледі . . .

((СНХ: Заратқазы Нұрпейісов Алматы қаржы орталығының директоры
Әуелі, бизнес жобаның шариғатқа сәйкестігін ислам елдерінің діни ғалымдары тексереді. Оларға жоба интернет арқылы жіберіледі. Олар құптаса, кәсіпкер мен қаржы ұйымы арасында меморандум жасалады. Одан кейін жоба қаржы нарығын бақылау агенттігіне көрсетіледі. Рұқсат берілсе, екі жақ ақшаларын ортақ жобаға құяды) )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі
Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы
Банктік шот және салым шарттары
Мемлекеттік несие нарығы
Компания зейнетақы активтерінің тек қана белгілі бір бағалы қағаздар мен банк депозиттеріне салуға құқылы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстандағы қаржы нарығы және оның құрылымының жағдайы мен дамуы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Ислам Даму банкі
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz