Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде



I. Кіріспе бөлім


II. Негізгі бөлім

а) Информатика ғылымының даму тарихы

ә) Информатика ғылымы және оның орта мектептерде оқу
пәні ретінде қолданылуы
(Мектеп информатикасы)


III. Қорытынды бөлім
Қазіргі уақытта “ қоғамды информатикаландыру ”, “ білім беруді информатикаландыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды информатикаландыру дегеніміз - ғылыми-техникалық процесс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады., ал оны технологиялық жағынан қамтамассыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
1. К.З.Халықова “Информатиканы оқыту әдістемесі” Алматы: “Білім”,2000.
2. “Информатика негіздері” №6, 2003ж. 11-12-беттер.
(“Мектеп информатикасының бүгіні мен келешегі ”)
3. “Информатика негіздері” №4, 2003ж. 7-8 беттер.
(“Орта мектептерде информатика пәнін оқытудың принциптері туралы”)
4. www.google.kz (“Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану
саласы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері”)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты

Физика-математика факультеті

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:

Информатика ғылымы
және орта мектепте оқу пәні ретінде

Тексерген:

Халықова Г.К.

Орындаған:

Сақпанова Н.С.

050602-информатика 303-топ

Алматы 2008

Жоспары:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

а) Информатика ғылымының даму тарихы

ә) Информатика ғылымы және оның орта мектептерде оқу
пәні ретінде қолданылуы
(Мектеп информатикасы)

III. Қорытынды бөлім

Кіріспе

Қазіргі уақытта “ қоғамды информатикаландыру ”, “ білім беруді
информатикаландыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды
информатикаландыру дегеніміз - ғылыми-техникалық процесс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің
жоғарлауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын
өзгерту болып табылады., ал оны технологиялық жағынан қамтамассыз ету
өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы
кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім
беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі
мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында
табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке
дайындау.

Информатика ғылымының даму тарихы

Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің
енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау
элементтерінің орта мектепке өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезінде
алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам
қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде
тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың
программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЭЕМ-лар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-
зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және
ЭЕМ-да жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың
аяғына қарай, А.П.Ершовтың басқарумен Новосибирск қаласының кейбір
мектептерінде тәжірбиелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірбиелер сондағы
ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған
жұмысқа университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көптеген
ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім
беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде
программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды
1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде
С.И.Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған
эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім
негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес,
С.И.Шварцбурдтың жүргізген тәжірбиелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің
дамуы тағы бір маңызды рөл атқарады. Оқушыларды программалауға үйретуге
арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары матиматикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған
оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі
негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша
факультативтік курстардың қалыптасуына маңызды рөл атқарды.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына
байланысты. Факультативтік курстың мақсаты – оқушылардың жан-жақты
мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу
жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер
Кеңесінің 1966 жылғы “ Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі
жақсарту шаралары ” туралы қаулысында көрсетілді. Математика және оның
қолданулары бойынша жүргізілген факультативтарда арнаулы үш курс әртүрлі
деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті.
“ Программалау ”, “ Есептеу матемтикасы ”, “ Векторлық кеңістіктер және
сызықтық программалау”. Осы факультативтік курстардың енгізілуіне
байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек сол кездегі матиматикалық орта білімнің қайта
құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. “Санау жүйелері
және ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары” (7-класс),
“Алгоритмдеу және программалау ” (8-класс), “Кибернетика негіздері” (9-10-
класстар), “Программалау тілдері” (10-класс).
Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту
мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер
В.М.Монаховтың және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін
тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы
байланысты қалыптастыру тәжірбиесі жинақталды. Бұл тәжірбие кейін оқу-
өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы
енгізуге негіз болды.
Сонымен келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары (УПК)
негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде
оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген
мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін
мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик,
электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу
жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен
сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-нің оқу
бағдарламаларында оқушыларға програмалауды оқытудың арнаулы кәсіби
бағдардың мүдделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы
білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық
әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді. Алдыңғы кезекте
матиматикаға әсері қарастырылды.
Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-
әдістемелік шараларының жасалуына КОКП сәуір (1984) Пленумында және КСРО
Жоғарғы Кеңесі сессиясында бекітілген “Жалпы білім беретін орта және кәсіби
мектеп реформасының негізгі бағыттары” атты қаулысы себеп болды. Мектеп
реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне
енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге
бағытталды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазмұны және әдістері Ғылыми
Зерттеу Институтымен КСРО ҒА Есептеу орталығының басқаруымен жалпыға
міндетті пән “Информатика және есептегіш техника негіздері” бағдарламасын
жасау жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу
министрлігінде мақұлданды.
Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік
сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін
орта мектепке “Информатика және есептегіш техника негіздері” міндетті пән
ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап
“Информатика және есептегіш техника негіздері”(НИЕТ) курсы оқытыла бастады.
Мектепті компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің
нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында “Информатика и образование”
журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу процесіне енгізудің әдістемелік,
дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық
мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да
“Қазақстан мектебі” журналының қосымшасы ретінде “Информатика Физика
Математика” журналы шыға бастады. Кейіннен бұл журнал “Информатика
негіздері” деген атауға ие болды.
Енді тағы бір ақпараттарға көз жүгіртсек, 1980-ші жылдардан
бастап мектептерде “Информатика және есептеуіш техникасы” пәні жүргізіліп
келді делінеді. 1990-жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім
академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік
стандарт бағдарламасы шықты. Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар
осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді.
Бірақ ол бағдарламамен толық оқыту мүмкін емес. Онда программалау тілдеріне
аз көңіл бөлінген.

Информатика ғылымының орта мектептерде
оқу пәні ретінде қолданылуы
(мектеп информатикасы)

Информатика пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне 23 жыл
толып отыр. Осы уақыт ішінде информатика пәнінің мазмұны бірнеше рет
өзгеріске ұшырады. А.П.Ершовтың “Компьютерлік сауаттылық – екінші
сауаттылық” ұранын негізге алып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын
қалыптастыруға байланысты информатика пәні 1985-87 жылдары 9-10 сыныптарда
компьютерлі және компьютерсіз вариантта оқытылып келді. Аталған уақыт
аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатыла бастады.
Мұндай жағдайда информатика пәні мұғалімдердің білімін үздіксіз көтеру
қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға
жасақталған оқулықтардың мазмұнын, құрылымын және әдістемелік құрылымын
үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.
Елбасының 1997 жылы 22-қыркүйекте қабылданған “Орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы” құжаты мектеп
информатикасының мазмұнына үлкен өзгеріс әкелді. Ол бағдарламаның негізгі
мақсаты – оқушының әлемдік-ақпараттық білімдік кеңістікке ену дағдысын
қалыптастыруға негізделген. Ал, оны жүзеге асырудың негізгі көзі- мектеп
информатикасы. Сондықтан оның мазмұнын жан-жақты өзгертіп, оқушының
ақпараттық мәдениетін қалыптастыратындай етіп, өзгерту қажеттілігі
туындады. Аталған қажеттілікті шешу барысында профессор Ж.Қараевтың және
доцент Н.Ермековтың ғылыми басшылықтарымен Алматы қаласы мұғалімдерінің
шығармашылық тобынан құрылған топ “Информатика” пәнінің 7-11 сыныптарда
оқытудың мемлекеттік стандарты құжатын жасақтады. Жасақталған мемлекеттік
құжат негізінде оқу-әдістемелік кешені құрастырылды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Ақпараттық оқыту ортасы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Пәндер