ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ
Негізгі бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстанның халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Жүргізіліп отырған елдің «ашық болуы» саясаты, эмиграцияға байланысты көзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударуларын күшейтіп жіберді, мұның өзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан үшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан іс-әрекеттің басқа салаларына ауысып кетуі көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді.

1. Көші-қон процесін реттеудегі әлеуметтік жұмыстың рөлі. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Хабаршысы, серия: «Философия. Әлеуметтану. Саясаттану», №3. – Астана: 2009.
2. Қазақстан Республикасындағы көші-қон үдерістерін басқару. «Қазақстан: бірлік пен әр алуандылық жолында» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана, 2009ж.
3. Миграционные процессы в современном Казахстане. Материалы международной научной-практической конференции. – Астана, 2009г.
4. Қазақстандағы көші-қон үдерісіндегі тілдік мәртебе. «Қазақстан бейбітшілік пен келісім мекені» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана, 2009ж.
5. Беженцы: кто они? Вестник Казахского гуманитарно-юридического университета, серия: «Философия. Социология. Политология», №7. – Астана, 2010.
6. Миграция в Казахстане: потери и приобретения. Вестник Казахского гуманитарно-юридического университета, серия: «Философия. Социология. Политология», №8. – Астана, 2010.
7. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон. «Тәуелсіздік келбеті: саяси дамудың тарихи тұжырымдамалары» атты ғылыми-практикалық конференция жинағы: - Астана, 2010.
8. Адаптация внутренних мигрантов в городе Астане. Вестник Казахского гуманитарно-юридического университета, серия: «Философия. Социология. Политология», №13. – Астана, 2011.

ӘӨЖ 316№33(=1.403-512.122) Қолжазба құқығында
Сембина Жулдыз Жангельдыевна
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ:
ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Магистрлік диссертацияның
авторефераты
6N050100-Әлеуметтану мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақ Гуманитарлық - Заң Университетінің
Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: әлеуметтану ғылымдарының докторы,
профессор Габдуллина Қ.Ғ.
Ресми оппонент: әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Тағаева С.Б.
Жетекші ұйым: Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті
Қорғау 2011 жылдың 21 маусым күні Қазақ Гуманитарлық-Заң
Университенің мемлекеттік аттестациялық комиссиясының отырысында өтеді.
Мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 8.
Диссертациямен Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылдың __ ____________ таратылды.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа
тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық
және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа
мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны
әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа
экономикалық және саяси жағдайлар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы
көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер
енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстанның халықаралық миграциясы эпизодтық
сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға
қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы
елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына
жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Жүргізіліп отырған елдің ашық болуы саясаты, эмиграцияға байланысты
көзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс
аударуларын күшейтіп жіберді, мұның өзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан
үшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан іс-әрекеттің басқа
салаларына ауысып кетуі көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі
тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың
геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-
қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін
мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр.
Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде
бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп
отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге
көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық
жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан
Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен
бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының
едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының
қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді.
Бұл зерттеу жұмысында көші-қон үдерістерді басқарудың әлеуметтік
сипаты, себептік-салдарлық кешеніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
осы үдерістердің болуы мүмкін теріс әлеуметтік салдарына қарсы күресу
мүмкіндіктеріне барынша назар аударуға күш салынды.
Зерттеу жұмысы тақырыбының көкейкестілігі көптеген факторлармен
анықталып отыр, олардың қатарына қазіргі заманғы әлеуметтанудың теориялық
негіздерін дамыту үрдістері, сондай-ақ қоғамдық-мемлекеттік қажеттіліктер
жатады.
Көші-қон үдерісі түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі,
алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас
салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды.
Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы экономикаға өту үдерісіне ықпалы
ұлғая түскен сайын, осы үдерісті реттеудің біртұтас жүйесін жасауға қажетті
оның табиғаты мен мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін, әдістемелік
ұстанымдарын зерттеудің көкейкестілігі арта түседі.
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында
болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің
шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз
әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі
бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық
экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге
дейін төмендеуі мүмкін.
Өкінішке орай, қазіргі таңда көші-қон үдерістерін кеңестік
социалистік дәуірден кейінгі дамумен байланыстыратын теориялық тұжырымдама
қалыптасқан жоқ, ал оны реттеу жөніндегі ұсыныстар мәселенің тек кейбір
жақтарына ғана қатысты болып отыр, ол тұтастай сипатқа ие емес.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың
ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-
қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған.
Сонымен қатар, мұндай зерттеулердің эвристикалық мүмкіндіктерін атап
өте отырып, қалай дегенмен де, көші-қонның экономикаға әсерінің — өтпелі
экономиканың даму заңдылықтарымен байланыстырылған және өз ішіне көші-
қонның теориялық моделін (түсініктік аппаратын, факторларын, функциясын,
формалары мен түрлерін), оның жағдайын және даму үрдістерін бағалайтын,
оның дамуының қозғаушы күші болған себеп-салдарлық кешенін зерттейтін, оны
реттеудің негізгі бағыттарын айқындауды қамтитын тұтастай ғылыми
тұжырымдамасы қажет екенін айта кету керек.
Көші-қонның қазіргі заманғы экономикаға ықпалының өсуі мен кеңеюі
жағдайында, оның табиғатын, құрылымын жүйелі талдап-зерделеудің
көкейкестілігі қазақ қоғамының, сондай-ақ кеңестік дәуірден кейінгі
мемлекеттердің практикалық қажеттіліктерімен байланысты болып отыр.
Бірқатар елдерде көші-қон үдерістерінің ақылға сай келмейтіндей ұлғайып
кетуі осы мемлекеттердің тұрақтылығына және демографиялық, экономикалық
өмірінің беріктігіне әсер етуі мүмкін.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Миграция мәселесі бойынша отандық
әдебиеттерді библиографиялық зерттеу 90-жылдарда Кеңес одағының ыдырауынан
кейін және дейінгі орын алаған миграциялық мәселелерге арналып, түбегейлі
әлеуметтік және саяси өзгерістерді көрсететін арнайы жұмыстардың көп бөлігі
жарық көргенін көрсетеді. Қарастырылып отырған мәселеге арналған көптеген
еңбектерді қарастыру, түрлі ғылыми әдістермен танысу авторды миграциялық
процесті негізгі факторларын әлеуметтік талдаудың зерттеу аумағын шектейді.
Халықтың көші-қоны мәселесіне арналған жарияланымдар санының
өскендігіне қарамастан, Қазақстан мен халықаралық дәрежеде болып жатқан
миграциялық процестің көптеген аспектілері жеткіліксіз қарастырылған.
Миграция мәселесі қазіргі кезде атап айтқанда, посткеңестік кеңістік
пен мигранттардың үлкен ағымын қабылдайтын болып саналатын батыс елдерінде
белсенді түрде зерттелуде.
Миграция бойынша ғылыми және экспертті дискурстарды ынталандыруда
Халықаралық көші-қон ұйымы үлкен рөл ойнайды. Көші-қон тақырыбына әсіресе
Біріккен Ұлттар Ұйымы көп көңіл бөледі.
Бұлардың бәрі төмендегі батыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарында
көрініс тапқан: Дж. Симон, А.Акбари, Х. Борхас, А.Смит, Т.Мальтус, Т.Жанн,
Ж. Кольбер, С.Фортрей, К.Маркс, Н.Джексон, Дж.М.Кейнс, М.Фридмен,
А.Маршалл, және тағыда басқа ғалымдарды атауға болады.
Көші-қонның және оның әлеуметтік аспектілерінің мәселелеріне арналған
еңбектердің саны өсуде, оларда әлеуметтік даму үдерісінің көпмәнділігі және
қарама-қайшылықтары көрсетілген, көші-қонға кедейшілік, әлеуметтік
қамтамасыз етудің деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздықтың деңгейі
тәрізді жәйттердің ықпалы талданған.
Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жалпы теориялық және
әдістемелік талдап-зерттеуге, социалистік кезеңнен кейінгі жағдайлардағы
өзгерістер дәуірінде көші-қонды реттеу жолдарын іздестіруге қажетті аса
маңызды көзқарастар Ресейдің төменде аты аталған белгілі ғалымдары мен
қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі: В.Зеленский, С.Панарин,
Е.Красинец, Е.Тюрюканова, В.Ионцев, Г.Кумсков, Л.Рыбаковский, Н.Токарская,
А.Вишневский, Е.Виноградова, С.Рязанцев, Ж.Зайончковская, Т.Юдина,
И.Балеев, У.Эргешбаев, Л.Максакова, Г.Витковская, А.Слука, К.Боришполец,
А.Бабаджанов, В.Овчинский. және тағы басқалар.
Американ эксперті – Марта Брилл Олкоттың еңбектері Қазақстандағы
миграциялық және әлеуметтік процестерді зерттеуде аса маңызды рөл ойнайды.
Миграция тақырыбы М.С.Әженов, А.Ә.Айталы, Қ.С.Сұлтанов, С.Е.Жүсіпов,
Қ.Ғ.Ғабдуллина, А.Т.Забирова, З.К.Шаукенова сияқты қазақстандық
сарапшылардың жұмыстарында аса үлкен көңіл бөлінген.
Сонымен 2015 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасы мен
Елбасының халыққа жолдаулары, ресми көздер мен нормативті құқықтар
қолданылды.
Осы мәселені зерттеу кезінде туындайтын қиыншылықтар — социалистік
дәуірден кейінгі кезеңдегі өтпелі дамудың және олардың миграциялық
үдерістердің дамуымен және ұлғаюымен өзара байланысының заңдылықтарының
сипаты жөніндегі теориялық-әдістемелік көзқарастардың жеткіліксіз талданып-
зерттелуіне байланысты туындап отыр. Өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін есепке
алғанда, халықтың, соның ішінде жоғары білікті кадрлардың көші-қонын
реттеуді талдап-зерделеуге арналған ғылыми дайындамалар жеткіліксіз. Осы
айтылғандардың бәрі көші-қон үдерістерінің мәселелерін және олардың қазақ
қоғамында ұлғайып бара жатқан әсерін зерттеуге арналған осы диссертациялық
зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасында болып жатқан
көші-қон процестерінің аясында тарихи отанына қайтып келуші оралмандар
(әлеуметтік талдау) болып табылады.
Зерттеу жұмысының тақырыбы — Қазіргі миграциялық процестерді басқару:
әлеуметтік аспект.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты — қазіргі
қазақстандық қоғамда болып жатқан көші-қон процестерінің теориялық және
қолданбалы мәселелерін, оның мәнін, себептері мен нарықтық жағдайдағы
қоғамның дамуына келтіретін салдарларын, оны реттеу мақсатында жүргізілетін
саясаттың ең дұрыс жолдарын таңдаудың теориялық-әдістемелік негіздерін
кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі
өзара байланысты міндеттерді алға қою және шешу қажет деп есептейміз:
- қазіргі заманғы көші-қон проблематикасына қатысты негізгі
көзқарастарын қорытындылау арқылы көші-қон үдерістерінің мәні мен
ерекшеліктерін және нарықтық жағдайдағы әлеуметтік іс-әрекетке ықпалын
анықтау;
- көші-қон үдерістерінің дамуының халықаралық үрдістерін, негізгі
түсініктері мен категорияларын талдап-зерделеу;
- көші-қондық көңіл-күйдің пайда болуына негіз болған себептердің
кешенін, көші-қонның мемлекеттің экономикалық саясатымен және нарықтық
экономикасы бар қоғам дамуының әрқилы әлеуметтік жәйттерімен өзара
байланысын тұғырнамалық талдау;
- диссертациялық зерттеу жұмысының проблематикасына қатысты әрқилы
көзқарастарды пайдалана отырып, көші-қон үдерістерін реттеу механизмінің
мазмұндық тараптарын ашу;
- көші-қонды мемлекеттік реттеудің құрамдық элементтерін анықтау.
Диссертациялық зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Әлемдік
ғылымның дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс
шетел ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарына жету және
басты міндеттерін шешу үшін көші-қон — кешенді талдап-зерделеуді қажет
ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс деген ереже негіз ретінде
алынды. Көші-қонды зерттеу кезінде әрқилы ғылыми көзқарастардың, соның
ішінде статистикалық және динамикалық әдістерді, салыстырмалы және
факторлық талдауды пайдаланған талдаулардың үйлесімі қажет екендігі
даусыз. Сонымен қоса көші-қон үдерістерінің қоғамға ықпалын зерттеудің
әдістемелік құралдарының арасында мәселені біртұтастық пен жүйенің қоғам —
адам элементтері арасындағы өзара байланысы және өзара әрекеттесуі арқылы
талдап-зерделеуге мүмкіндік беретін жүйелік-генетикалық көзқарастар біршама
маңызды рөл атқарады. Біздің пікірімізше, осылардың бәрі диссертациялық
зерттеу жұмысының нәтижелерінің шынайылығын және тұжырымдарының
негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Негізінен, көші-қонның
нақты құрамдарын талдауға бағытталған халықтың көші-қоны мәселесіне
байланысты бұрын жүргізілген зерттеулерден ерекшелігі — бұл жұмыста көші-
қонның қоғамға әсері кешенді феноменінің мәні мен табиғаты және оның нарық
жағдайындағы ерекшеліктері анықталған. Көші-қондық көңіл-күйдің өсуіне
ықпал ететін себептерді дәстүрлі түсіндірулерді, өтпелі экономикада болып
жатқан үдерістерді есепке ала отырып, кеңейтудің қажеттігі дәлелденген.
Әлеуметтік саладағы дағдарыс көші-қондық үдерістердің себебі де, қозғаушы
күші де болуы мүмкін екені, сондай-ақ бұл тәуелділіктің кері жағдайда да
дұрыс болатындығы көрсетілген.
Қазіргі бар көзқарастарды сыни тұрғыдан салыстырудың негізінде сыртқы,
сондай-ақ ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің жолдары мен келешегі
анықталған.
Сонымен, бұл диссертациялық зерттеу жұмысы өте күрделі және көптарапты
мәселе болған — көші-қондық үдерістердің қазіргі ғылыми зерттеулердің
үдерісіне белгілі бір үлес қосады.
Ұсынылған диссертациялық жұмыстың жаңалығы:
1. Миграциялық үдерістердің ұлғаюы мен дамуының экономиканың, оның
институционалдық құрылымы мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен,
сондай-ақ адам проблемаларымен, оның тиісті жағдайлардағы саналы
таңдауымен өзара байланысы және өзара тәуелділігінің механизмі көрсетілді.
2. Көші-қонның көп аспектілі және өте күрделі құрылымының сипатын
зерттеудің негізінде халық көші-қонының табиғаты мен мәні анықталды,
өзгерулер үдерісін бастан кешіріп жатқан елдер үшін көші-қонның ұлғаюының
әлеуметтік-экономикалық салдарлары көрсетілді.
3. Кеңес дәуірінен кейінгі нарықтық экономика жағдайында адамның көші-
қон үдерісіне тартылуына демократиялық және нарықтық институттардың
дамымағандығы, көші-қон заңдарының түсініктілігі мен күрделілігінің
деңгейі, еңбекақы деңгейінің төмен болуы, мемлекеттің көрсететін
қызметтерінің сапасының нашар болуы ықпал ететіндігі көрсетілді.
4. Көші-қондық үдерістерді реттеуші көші-қондық саясаттың міндеттері
мен критерийлерін қайта қараудың қажеттігі негізделді.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың
барысында алынған нәтижелер көші-қон үдерістерінің қоғамға ықпалы мәселесін
және көші-қон стратегиясының орта мерзімдік,сондай-ақ ұзақ мерзімдік
сипаттағы тұжырымдамасын одан әрі қарай дайындап жасау кезінде пайдаланылуы
мүмкін.
Диссертацияның шынайы шаруашылық практикаға тікелей қатысатын тұсы
көші-қон үдерістерінің заңдылықтарын негіздеу болып табылады. Осылардың
бәрі жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мен тұғырнамаларда есепке алынуы
мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшалардан тұрады.
Негізгі бөлім
Қоғамдағы миграциялық процестерді социологиялық зерттеудің теориялық-
методологиялық негіздері атты бірінші бөлім үш параграфтан тұрады.
Миграциялық процестер әлеуметтік феномен ретінде атты параграфта
Көші-қон үдерісі түсінігі жан-жақты қарастырылған.
Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді теориялық талдап-
зерттеулер шетелдік және отандық мамандардың ілім-білімнің әртүрлі
салаларында алған нәтижелерін пайдалануды көздейді. Соған орай, белгілі бір
салдарлары бар, негізінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
демографиялық өмірінің әртүрлі тараптарына теріс ықпалын тигізетін көші-
қонның өсуіне және кеңеюіне байланысты мәселелердің көкейкесті болуы ғылыми
қауымның осы мәселеге көзқарасын анықтап отыр. Көші-қон үдерістерінің
табыстарды қайта бөлістіру жүйесіне, мемлекеттік бюджеттің жағдайына,
бәсекелестік режиміне әсер етуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде бизнестің
әртүрлі түрлерімен шұғылданатын кәсіпкерлердің санының өсуі және т.б. көші-
қонның мәнін, сондай-ақ оның себеп-салдарлық кешенін жан-жақты терең
теориялық ой елегінен өткізудің қоғамдық қажеттілігін туындатып отыр. Соған
байланысты осы проблематиканың әртүрлі теориялық аспектілерін зерттеп-
зерделеу оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талдаумен
үйлестірілді.
Қазіргі заманғы ғылым халықтың қозғалысының негізгі үш түрін бөліп
көрсетеді:
- табиғи қозғалысы (туылу мен қайтыс болу динамикасы);
- кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);
- әлеуметтік қозғалысы (адамдардың қоғамының әлеуметтік-экономикалық
құрылымындағы жағдайының өзгеруі).
Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни
әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу
үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ізбе-із ауысып отыруы, олардың
табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан
көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата
немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын
ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара
байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың
қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.
Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар
болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны
жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың
көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі
позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық
қозғалысының формасы.
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда
бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау
үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон
дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады.
ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері,
әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол
себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті
жоқтығы назарға алынады (1-кестеден қараңыз).
Кесте 1
Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары
Көші-қонның себептері Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері
Көшіріп-қоныстандырудан түсетін Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары
экономикалық тиімділіктерді азаматтардың кетуінен келетін шығындар
іздестіру
Пайдалы қызметтерді іздестіру Елдердің арасында өндіріс факторларын
қайта бөлісуден келетін шығындар
Психологиялық факторлар Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы
Тілге байланысты кедергілер Әлеуметтік желілер мен делдалдардың
арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы,
қоғамдағы тұрақсыздық
Әлеуметтік көмекті пайдалану Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның
мүмкіндігінің болмауы ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс
факторлары ретіндегі адамдардың азаюы
Ескерту — автордың өзі дайындаған
Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып
табылады:
- өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік
факторлар);
- қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық
және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).
Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара
әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп
соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады.
Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік
компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды
есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар.
Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам
бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек.
Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын
бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық,
этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып,
бес тобын көрсетеді.
Қазіргі Қазақстанда демографиялық процестерді зерттеу тек қана ғылыми
жағынан өзекті емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды. Оны
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді:
Ойластырылған көші-қон саясатын жүргізу бір жағынан халықаралық талаптарға
сай келуі керек, ал екінші жағынан жергілікті халықтың қызығушылығын
қарастыру қажет.
Көші-қон мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылымды талдау – қазақстандық
ғалымдардың толық кешенді маңызды тапсырмасы.
Қазақстандағы миграциялық процестердің генезисі атты екінші
параграфта көп уақыт "миграция" ұғымын адамдар әр түрлі түсінген, бірақ
барлығы бір ұғым туралы ойлағандығы қарастырылған.
Тарихқа көз салсақ, миграция адамдар пайда болғаннан басталғанын
көреміз. Адам адам болғалы, өмір сүруіне байланысты, бір жерден екінші
жерге көшуге мәжбүр болған. Тамақ іздеп, жауларынан қашып, климат жағдайына
байланысты адамдар көшуі болған. Басында 5-10 адам болып көшсе, уақыт өте
келе тайпамен, румен, елмен және бүкіл халықпен көшуге дейін болған. Осыған
мысал ретінде: Ғұндар қоныс аударуы, құдіретті Аттила бүкіл ғұн тайпаларын
батысқа алып кетуі, ұлы қоныс аударуын бастаған. Олар соғысып отырып
батысқа кетіп, сол жерде жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, қазіргі
Венгр халқының ата-бабалары болып отыр. Миграция қай уақытта болмасын халық
құрамының өзгеруіне өте күшті әсер етуші фактор болып табылады. Осыған
сүйене отырып Ұлы қоныс аудару процесі жер бетіндегі барлық халықтардың
қалыптасуына өз үлесін тигізген. Келесі бір мысал: Қазіргі замандағы ең
күшті, ең экономикасы дамыған, жер бетіндегі алдыңғы қатарлы ел Америка
Құрама Штаттары халқының қалыптасуына миграция ең басты рөл атқарған.
Барлығымыз білетіндей Америка ашылғаннан кейін Еуропадан мигранттар, уақыт
өте келе бүкіл дүние жүзінен мигранттар ағылған. Қазіргі заманда да Америка
Құрама Штаттарына мигранттар толқыны толастамай отыр. Сонау орта
ғасырлардан бастап ағылған мигранттар жалғыз Америка Құрама Штаттарына
емес, батыс жарты шарындағы Оңтүстік және Солтүстік Америка материктеріне
де келіп жатыр. Осы материктердегі халықтардың қалыптасуына өз әсерін
тигізді. Оған, Бразилияға португалдықтардың, Аргентинаға испандықтардың,
Венесуэлаға италяндықтардың, француздықтардың ағылуы бүкіл материктегі
халықтың құрамына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Осы айтылып кеткен елдер
қазіргі күні мигранттар ағылған елдердің тілдерінде сөйлейді, мәдениеттері
бір. Былай айтқанда планетамыздың батыс жарты шары мигранттар елі деуге
болады. Тарихта негізінен миграция басқыншылық соғыс ретінде жүрген.
Басқыншылар басып алған жерлерінде қалып қойып отырған және сол жердегі
жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшыраған. Келесі бір мысал, Африкадағы
Оңтүстік Африка Республикасы. Осы ел қазір Африканың ең дамыған елі болып
отыр. Осы елге де мигранттар басқыншылар ретінде келген. Осы мигранттар
арқасында Оңтүстік Африка Республикасы Африка мемлекеттерінің арасынан
дамуы бойынша оқ бойы ұзап кетті. Тағы да бір мысал, миграцияға ұшыраған
ел, материк – Австралия. Джеймс Кук осы материкті ашқаннан соң, жолдың
алыстығына қарамай мигранттар ағыла бастады. Әрине Америкаға сияқты көлемде
емес, біртіндеп келе бастады. 2-3 ғасырға созылған Австралияға қоныстану
процесі, қазіргі күнде 16-17 миллионға жетті. Басында Ұлыбритания
сотталғандарды апарып отырған, кейіннен баска да адамдар Австралияға келе
бастады. Уақыт өте келе өздері бір мемлекет болып Ұлыбритания корольдығының
достастығына кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамуы күшті болып,
қазірге дейін сол темпті ұстап, бүгінгі күні дамыған капиталистік елдер
қатарына қосылып отыр. Халқының 93% еуропалықтар, қалған пайызын жергілікті
тұрғындар, яғни, аборигендер құрайды. Өзіміз көріп отырғандай миграция
толық бір материкті өзгерткен.
Жоғарыда айтып кеткендей, әр дәуірдегі миграция ерекшеліктеріне
тоқтала кетейік.
І дәуір. Адамдардың жануарлар көшіп-қонуына байланысты, табиғат
жағдайларына байланысты, яғни бұл дәуір адамның табиғат құдіретіне бағынып,
еріксіз миграция кезеңі деп айтуға болады.
ІІ дәуір. Бұл кезең адамдардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz