Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны жоспарлау және талдаудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау ... ... ... ... ...
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ...

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және қаржылық өсуін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен
оларды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының моделін
болжау және өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылыгы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
1. Артеменко В.Г., Беленндир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие – М: Издательство «Дис», 1997 –128 с.
2. Алборов Р. А. Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК. –2 – е изд., перераб. и доп. – М: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 432с.
3. Баканов М. И, Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.2 – е изд. М.: Финансы и статистика, 1987 – 320 с.
4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1998 –112 с.
5. Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 1986 –320с.
6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
7. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 1998 –512 с.
8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
9. Демченко В. С., Милета В. И. Системный анализ деятельности предприятия М.: Финансы и статистика, 1991 – 400 с.
10. Ержанов М.С., Ержанова С.М. «Учетная политика на казахстанском предприятии» (практический аспект), Алматы, изд. дом «Бико» 1997 – 52 с.
11. Ермолович Л. П.,Ермолович В. В. «Анализ эффеутивности промышленных предприятий и объединений »(справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 1988 – 496 с.
12. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия.М.: Центр экономики и маркетинга, 1995 – 380 с..
13. Крейнина М. Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «Дис»; «МВ - центр», 1994 – 250 с.
14. Ковалев В. В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. –2 – е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1997 – 512 с.
15. Ковалев В. В. Финансовый анализ – М: Финансы и статистика, 1996 – 432 с.
16. Ковалев В.В., Ириков В.А. Финансовый менеджмент – компьютерный практикум. – Учебное пособие – М: Финансы и статистика, 1998 – 256 с.
17. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: - 2–е изд. перераб. и доп. – Мн:ИП «Экоперспектива», 1998-498с.
18. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ - ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны жоспарлау және талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық
негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Болат өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ...

2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды
талдаудың міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

2.3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
... ... ... ... ... ... ...

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және қаржылық өсуін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен

оларды жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

3.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының моделін

болжау және өңдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес,
өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және
есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер
ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен
алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар
мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни
миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды
қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу
келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері
басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылыгы,
шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің
қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылыгы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін
оның қаржылық жагдайын талдау қажет. Тек терең және үқыпты талдау негізінде
ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға
багытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар
беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

1. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың мазмұны
мен әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны жоспарлау және талдаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жоспарлау және талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке
ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық
серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-
кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен
байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдау жөніндегі
сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе
"қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор
А.Д. Шеремет "Кәсіпорьшның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату,
пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да, қызмет түрлері ушін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.ІІ. Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипат-тайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелес-тік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілет-тілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды
пайдалану, мемлекет алдында жэне басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыс-тылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсет-кіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтиже-сінде және олардың
жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде аныкталатыны анық.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кэсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
үсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңцегі
қаржылық тұрақтылыгын және оньщ өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді... Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байла-нысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сон-дай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыз-дарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақ-тысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржы-лық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепіл-дендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақгы қалыптас-қан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы -қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қара-жаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіз-дігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды
кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыланды-ратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипат-тайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның
жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады".
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабі-леттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің ұздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сурет 1. Баланстық пайданы факторлық талдаудың блок-схемасы

1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық
негізі

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржьшық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2
қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу ушін
жылдық табыс ҚР заңымен көрсе-тілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып журген отандық қаржылық есеп негізі
шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді,
себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге
бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол
біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа
экономи-калық жүйенің қальштасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің әлемдік
экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру
мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгал-терлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады
1991 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен
түратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті
кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны
ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорын-ның заемдар мен кредиторлық
қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының
немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің
түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша
топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және
оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан
құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен
қортындыланған көрсеткіштерден тұ рады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке
элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байла- нысты
мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп
активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен
бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтімді активтер жазы-лады. Осы принцип бойынша активтің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып
табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу
және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражатгары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс
жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша
сипатталады. Олардың тусіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің
бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне
арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулық-
тардың және тэжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас
болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын
студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын
авторының " Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама
берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық
жағдайының кестесі болып табылады.
2. Болат ЖШС-ның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды
талдаудың міндеттері

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті
көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:
“Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы
“Бухгалтерлік есеп туралы ” заң күші бар ҚР Президентінің 2732
Жарлығында анықталған Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар – бұл
есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз
кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік
мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық
нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс,
қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын
табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше
жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі
болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы
тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар
болса, олар банктердің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен брлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму
көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты
шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан
табысты құру және бөлу (тарату) мәселерінің маңыздылығы көрінеді, оның
(тәжрибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізг шарттар
қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің
қоғамдық қажетті шығындырын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ
еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін
ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттырда ынталандырушы
фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық
салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,
арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар,
есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы
қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің айқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның тбыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде
талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау талдау міндеттеріне мыналар жатады:
← табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
← таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
← табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық
өлшеу;
← табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
← табыстың өсу резервтерін анықтау;
← кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
← табыстылықтың (рентабельдліктің) әр түрлі коэффициенттерін және
олар дың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату
шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есетің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылатынын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы себебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына
байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір
салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына да қатысты.
Кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін есептеу үшін келесі
кетені талдауға болады.
Кесте мәліметтеріне сәйкес Болат өндірістік кооперативінде 2005 жылы
өнімді сатудан түскен табыстың +18901 мың теңгеге көбейгені байқалады
(93714 - 74813). Нәтижесінде өндірістік өзіндік құны өткен жылмен
салыстырғанда +8921 мың тг. (22591 - 13670) ұлғайды.

Кесте 1.
Болат өндірістік кооперативінде 2004-2005 жылдардағы табыстылығының
абсолютті көрсеткіштерін бағалау

№ Көрсеткіштер Өл. Нақты Абсол.
бірл. ауытқу +;-
2004 2005 ж.
ж.
1 2 3 4 5 6
Өнімді сатудан түскен табысмың тг. 74813 93714 +18901
Өндірілген өнімнің өзіндік мың тг. 13670 22591 +8921
құны
Жалпы табыс мың тг. 61143 71123 +9980
Мерзімдік шығындар, барлығымың тг. 43418 43344 -74
Негізгі қызметтен түскен мың тг. 17725 27779 +10054
табыс (зиян)
Негізгі емес қызметтен мың тг. 2004 1654 -348
түскен табыс (зиян)
Салық салғанға дейінгі мың тг. 19727 29433 +9706
қызметтен түскен табыс
(зиян)
Таза табыс (зиян) мың тг. 19727 29433 +9706

Болат өндірістік кооперативінде 2005 жылы жалпы табыс 71123 мың тг.
құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда +9980 мың тг жоғары, нәтижесінде
негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі жоғарылады. 2005 жылы берілген
кәсіпорында негізгі қызметтен түскен қаржы нәтижесі 27779 мың тг. пайдаға
шықты. Мерзім шығындары 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда -74 мың тг
төмен.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни
өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Қаржылық жоспарлауды талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы…
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі
Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Қаржылық менеджмент
Пәндер