Көкорайлы көрікті аймақ сақтаған алтын, ертеңі жарқын ырысты елдің тұрағы



Көктемде Алматы жақтан Таразға жол шексеңіз мерейлі Меркі мен қасиетті Құлан жерінен өтіп, әйгілі Ақыртас жатқан жотадан алдыңызға бір сәт көз салыңыз. Сонда көкорай шалғын, көк майсалы әсем өңірді, соны өрнектей сызыла аққан Талас өзенін көрер едіңіз. Бұл - тағылымды тарихы мен мақтан тұтар шежіресі бар, халықтың мәртебесін өсірген ұл-қыздардың қасиетті ордасы, ырыс пен бақ дарыған өркенді өңірлердің бірі Байзақ ауданының жері. Облыс орталығына іргелес орналасқан ол терістікте Мойынқұм, оңтүстікте Қырғыз Алатауына дейінгі өңірді алып жатса, түстігінде Тараз қаласы мен Жамбыл ауданымен, батыста Талас, солтүстікте Мойынқұм, ал, шығыста Тұрар Рысқұлов аудандарымен шектесіп жатыр.
Әйгілі Қобыланды батырдың Тайбурылының тұяғы тиген кіші Бурыл тауының тасы мен әлемдегі жеті кереметтің біріне тең келетін Ақыртас, ежелгі Таразбен қанаттас Барысхан мен Түймекент қалаларын, Ақжар ауылының маңындағы Жайлаутөбе, Шахан ауылының оңтүстік батысына орын тепкен Охкум қаласы орны мен Байзақ ауылының шығысындағы орта ғасырлық қала орны болған Наурызбасты білетіндер де бүгінде аз шығар.Жаңатұрмыс ауылындағы ортағасырлық қоныс орны саналған Сарытөбе мен Ботамойнақ ауылындағы Расымбет қарауыл мұнарасы, Ақшолақ пен Үшбұлақ стансалары арасына орын тепкен Жерқорған бекініс орны, сондай-ақ, Аймантөбе, Шөлтөбе, Қоңыртөбе, Төрткүл төбелері кәрі тарих шындығын әңгімелей жөнеледі.
Абылай ханның батырларының бірегейі, сенімді серіктерінің бірі болған Мәмбет батыр Күнбасұлы осы өңірдің түлегі. Батырдан батыр туған Байзақ Мәмбетұлы ел бірлігі, тұтастығы жолында қызмет еткен. Мешіт, медіресе салдырып қана қоймай, 60-қа жуық канал қаздырып, жұртын егіншілікке үйреткен. Байзақ батырдың ұлы Ақмолда да қоқан хандығына қарсы азаттық көтерілісі басшыларының бірі болған.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Көкорайлы көрікті аймақ сақтаған салтын, ертеңі жарқын ырысты елдің тұрағы
Қилыбаев Ә.
Байзақ ауданының құрылғанына – 70 жыл

Көктемде Алматы жақтан Таразға жол шексеңіз мерейлі Меркі мен қасиетті
Құлан жерінен өтіп, әйгілі Ақыртас жатқан жотадан алдыңызға бір сәт көз
салыңыз. Сонда көкорай шалғын, көк майсалы әсем өңірді, соны өрнектей
сызыла аққан Талас өзенін көрер едіңіз. Бұл - тағылымды тарихы мен мақтан
тұтар шежіресі бар, халықтың мәртебесін өсірген ұл-қыздардың қасиетті
ордасы, ырыс пен бақ дарыған өркенді өңірлердің бірі Байзақ ауданының жері.
Облыс орталығына іргелес орналасқан ол терістікте Мойынқұм, оңтүстікте
Қырғыз Алатауына дейінгі өңірді алып жатса, түстігінде Тараз қаласы мен
Жамбыл ауданымен, батыста Талас, солтүстікте Мойынқұм, ал, шығыста Тұрар
Рысқұлов аудандарымен шектесіп жатыр.
Әйгілі Қобыланды батырдың Тайбурылының тұяғы тиген кіші Бурыл тауының
тасы мен әлемдегі жеті кереметтің біріне тең келетін Ақыртас, ежелгі
Таразбен қанаттас Барысхан мен Түймекент қалаларын, Ақжар ауылының
маңындағы Жайлаутөбе, Шахан ауылының оңтүстік батысына орын тепкен Охкум
қаласы орны мен Байзақ ауылының шығысындағы орта ғасырлық қала орны болған
Наурызбасты білетіндер де бүгінде аз шығар.Жаңатұрмыс ауылындағы
ортағасырлық қоныс орны саналған Сарытөбе мен Ботамойнақ ауылындағы
Расымбет қарауыл мұнарасы, Ақшолақ пен Үшбұлақ стансалары арасына орын
тепкен Жерқорған бекініс орны, сондай-ақ, Аймантөбе, Шөлтөбе, Қоңыртөбе,
Төрткүл төбелері кәрі тарих шындығын әңгімелей жөнеледі.
Абылай ханның батырларының бірегейі, сенімді серіктерінің бірі болған
Мәмбет батыр Күнбасұлы осы өңірдің түлегі. Батырдан батыр туған Байзақ
Мәмбетұлы ел бірлігі, тұтастығы жолында қызмет еткен. Мешіт, медіресе
салдырып қана қоймай, 60-қа жуық канал қаздырып, жұртын егіншілікке
үйреткен. Байзақ батырдың ұлы Ақмолда да қоқан хандығына қарсы азаттық
көтерілісі басшыларының бірі болған.
Он бес жасында жоңғар қалмақтарымен шайқасып, ақ сауытты, алмас
қылышты хас батыр атанған Қосы батыр Сәмбетұлының да кіндік қаны тамған
өлке бұл.
Бүгінде батыр бабалардың ұрпақтары қасиетті мекенде заман көшіне ілесе
қанат жайып, өсіп-өніп, еңбек етіп, өмір сүруде.
Аудан тарихына үңілсек, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бастап Сырдария
округіне қарасты Әулиеата уезінің қарамағында болған ауданның 1928 жылғы 29
қазанда өткен Әулиеата аудандық партия конференциясынан кейін Мирзоян
ауданы болып қайта құрылғанын көреміз.
Араға жылдар салып, Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің атқару
комитетінің 1938 жылғы 4 ақпандағы арнайы шешімімен Свердлов ауданы сол
кездегі Мирзоян ауданынан бөлініп, өз алдына отау тікті. Жаңа аудан
құрамына 42 ұжымшар, бір кеңшар, екі МТС кірді.
Сол жылдары еліне кіршіксіз қызмет еткен мемлекетжөне қоғам
қайраткерлері Сыдық Абыланов, Намазбай Ақшабаев, ауданда МТС-ті алғаш
құрған Жақаш Мамыров сынды озық ойлылар саяси қуғын-сүргін құрбаны болып
кетті.
Елі мен жерін емірене сүйіп бар күш-жігерлерін ауданның өркендеуіне
жұмсаған азаматтардың есімдерін атай кеткен де жөн секілді. 1937 жылы
Бүкілодақтық колхозшылар съезіне делегат болған Ленин атындағы ұжымшардың
қызылша бригадирі Берікқара Саурықов, қант қызылшасының әр гектарынан 1410
центнерден өнім алып, әлемдік рекорд жасаған звено жетекшісі Сәмен
Өтепбергенов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің ең алғашқы сайлауында Одақ каңесіне 24
жасында депутат болған Жақсымбет Өтепбергеновтердің ісі ұрпақтарының
мақтанышы.
Күндей күркіреп өткен кешегі Ұлы Отан соғысында қайтпас қайсарлық пен
ересен ерлік үлгісін танытқаны үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары
атақ берілген Ақәділ Суханбаев есімі де ұрпақ жадында. Ел басына күн туып,
ер етігімен қан кешкен жылдары Кеңес және Үштөбе ұжымшарларында
өсірілген 5 мыңнан аса тұлпар жаңа жасақталған атты әскер полкіне
берілгенін де бүгінде екінің бірі біле бермес.
Ауданның экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуы соғыстан кейінгі
бесжылдықтарда басталды. Ауыл шаруашылығындағы жоғары жетістіктері үшін
Социалистік Еңбек Ері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адал сөздің айдыны кең
“Қытай Халық Республикасының Синьцзян автономиялық ауданына қарасты Іле – Қазақ облысының экономикалық, географиялық сипаттамасы”
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі
Монғол жеріндегі рекреациялық ресурстар
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы, Оғыз наме )
Жасампаз қалам – Жамбылым
Отбасындағы бала тәрбиесінде қазақ халқының салт - дәстүрінің маңызы
Пәндер