Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..3
І ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Қиын балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері ... ... ..5
1.2.Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және дамыту жолдары ... ... ... ... 12
1.3.Оқушылардың мінез.құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері ... ... .20
ІІ ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАР, ОЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҒДАЙЫ.
2.1.Қиын балалардың мектеп өмірін эмоциональды қабылдауы ... ... .. 24
2.2. Қиын балаларды тәрбиелеуде педагогикалық тұрғыда талдау және дамыту жолдары ... ... ... .. 25
2.3. Қиын балаларға көмек беруде мұғалімнің ролі және қызметі ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ..31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ...34
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... 35

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу» А, 2000ж
2. Арын Мұхтар «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, -1996ж
3.Арғынбаев Халел «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» А,-2005ж
Азоров Ю.П. «Семейное педогогика» Москва 1982 г.
4. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж.
5. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың
(жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж «Педагогика тарихы» Алматы, 2006ж.
8. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі» Алматы, 2004ж.
9. Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004
10. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы «Қазақтың салт дәстүрлері»
Алматы, 1999ж
11.Әдібай Табылдиев «Тағылым» Алматы-1995ж
12. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
13. Безкаравайный С, Жұмабаев А, «Мектепте өткізілетін тарихи
әдеби кештер» Алматы « Мектеп » ,1968ж
14.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж
15.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы»
Алматы: Мектеп, 1987 ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Қиын балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі
ерекшеліктері
1.1.Қиын балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі
ерекшеліктерінің теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және дамыту
жолдары ... ... ... ... 12
1.3.Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың
пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20
ІІ ТАРАУ. Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы.
2.1.Қиын балалардың мектеп өмірін эмоциональды қабылдауы ... ... .. 24
2.2. Қиын балаларды тәрбиелеуде педагогикалық тұрғыда талдау және
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 25
2.3. Қиын балаларға көмек беруде мұғалімнің ролі және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп
атайды. Бұл жас кезеңі өтпелі кезең, қиын жас, проблемалы т.б.
көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала
ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы
бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда
мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж.,
1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы
толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң
бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та
оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол
Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен
бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар
оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды Мінез-
құлқында ауытқулары бар оқушылар, Қиын тәрбиеленуші, Қиын балалар деп
атайды. Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз? деген сұрақ
туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл
табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық
дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына
шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына
жатқызуға болады.
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын
жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана
тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз
сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа
созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып,
баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп
қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп
есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде
қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп
қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын
қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған
және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда,
кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы
да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы
немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес
отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы,
құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс
мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы
мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан
болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының
әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың
немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс
қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш
жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе
алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан
кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады (золушка - өгей
қыз). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы
балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.

ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден,
отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы
кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және
баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович,
И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста
оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің
сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін
байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде
оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін -
заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың
мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден
өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның
нәтижесінде сөз тасығыш балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы
сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін
адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның
психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез -
құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер
балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың
тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестетудің, қиялдау процестерінің
жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен
белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты
болады.
Көбінесе баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына
байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі.
Бұл - отбасы кемшілігі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын
оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша
үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын
көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта
әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына
мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда
болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ макаренко а.с.
тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына
үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін
педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы
және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ,
нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы
өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның
бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп
өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль
атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын
түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады.
Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз
бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның
адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен,
үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз,
зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек
мен деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге
қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе
ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы
жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе
ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы
нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген
жағдайда жақсы, өте жақсы деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты
қуанғанын жасыра алмайды.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-
бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык
орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім
болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас
барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды
талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып,
нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы
мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің
өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі
дамымауы салдарынан жсткіншекте өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп,
немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске
ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп,
күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының
жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш.
(Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді
аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан
туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс
дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін
Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы
жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар
жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік
білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап,
үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген
тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға
тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-
мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі
бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап,
бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай
орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан
баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да
ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған
еліктейтіндігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда
бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті
өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында
қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты
орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист,
дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып
отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың
психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын
қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін
қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді.
Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.
Мұғалімдер мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын
балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой
функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және
әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара
қатынастарын жақсартуға көмек қолын тигізуі керек.
Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген
қызығушылығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау
әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру,
дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.
Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады.
Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі
өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға
үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластықққа лайық
екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін
бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен
басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың реакциясы әртүрлі (апатия,
синизм (шектен шыққан арсыздық),агрессия және т.б.) болады.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған
оқиа баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да,
ол қайғы баланы ашуланшақтықққа соқтырады. Міне, тәртіп бүзу содан паида
болады. Тәртіп бүзушылқтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылқ.
Кейбір оқушы қатар – құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын
өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл
мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады.
Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата
сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені
тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға
да, айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына жәнебаласына қойған талаптың әр
түрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет.
Сонда балада жағымды мен бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі,
өзіндік сезімі туады. Мұндай мен бейнесі кез-келген баланың жақсы
жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.қайта тәрбиелеу
процесін ұйымдастырғанда, оқушылардың психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық
ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы
тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.
Совет психологы С.Л.Рубинштейннің детерминизмді түсіну заңына талдау
беріп, сыртқы себептері ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі – деуі
ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы
түрде қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің
нәтижелігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына
байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.
Ол үшін, қиын оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет.
Осы мәселе төңірегінде белгілі совет психологі к.к.платоновтың көзқарасына
жүгінсек, жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен.
Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері
физиологиялық ерекшеліктері ;екіншісі – адам дамуындағы психологиялық
процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция,
қабылдау және ойлау т.б. Қабілеттері биологиялық ерекшеліктері болмақ.
Үшіншісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі
мен ептілігі; ал, төртіншісі – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен
адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ1.
Жеткіншек - бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану
психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды. "Қиын"
балалықты біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған
болатын. Ол баланьң дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның
пайда болуын және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру
идеясын көрсетті.
Жеткіншек жастағы оқушылардың жеке басын қалыптастыруда үлкен
орынды эмоция иеленеді. Оларда жарқын, күшті көңіл күйлер
басым болады. Бірақ та кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып
саналатын іс-әрекеттер қанағаттандырылмаса, онда балаларда жан-күйзелісті
қайғырулар болуы мүмкін.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары
деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға
болады. Мінез-қүлқында айтырлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде,
өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған,
сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының, мүғалімдерінің,
үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жанжал тудырып жатады. Бүл
жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға
айқайлау, белдікпен үру, желкеге үру сияқты көріністер керек емес, оларға
жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы, шын көңілмен сүю, үғу
қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді
күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда жайқалып өседі. Адамдарға өзінің
әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, оны күтпесең, таптасаң, ол
сарғайып, солып қалады. Міне, бүл қарапайым шындық. Бірақ та осы шындықты
сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында үмытылып жатады немесе бұл
туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мүндай отбасында тәрбиеленіп
жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-қүлқы бұзыла бастайды.
Мәсслен, кей оқушылар ата-ана. тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей
өссе, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері
көзқарасы қосылып, үзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол жүйке
ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер
етеді. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай
факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер стетінін анықтап
үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады.
Оқушылардың мінез-құлқына айналасындағылардың
(мұғалімдердің, туған туыстарының, ересек жолдастарының) ықпалы
күшті. Бұдан балалар мінез-құлқының бірі еліктегіштікті
байқауға болады.
Егер бала жақсы өнеге көрсеткен адамдармен араласса бұл жақсы нәтиже
береді. Өкінішке карай, бала жаман қылықтарға да еліктейді. Мұғалім
балалардың бұл ерекшеліктерін пайдаланып отырса, оларға тиісті ықпал жасай
алады..
Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесімен шүғылданып жүрген ғалымдар:
Г.А.Уманов,Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие проблемасын әр қырынан
қарастырған. Ата-ананың міндеттері, мектеп пен жүртшылық байланыс
мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген.
Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы
анықталады.Әлеуметтік -мәдени деңгейі ата-аналардың мәдени
деңгейі мен қоғам оміріне қатысуына, әлеуметтік экономикалық
деңгейі түрмыстық жағдайға, ата-аналардың жүмыс бастылығына;
техникалық-гигенакалық деңгейі үйінің жабдықталуына, омірсүру
ерекшеліктеріне; демократиялық деңгейі отбасы құрылымына
байланысты. Бала дамуының қай бағыты, қай жағынан алсақ та, ең
басты ролді отбасы атқаратын анық.
Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:
-бала денсаулығына қамқорлық -оқуына көмек, жетекшілік;
-еңбек тәрбиесі, мамандық тандауға көмек;
-жеке түлғаны әлеуметтендірудегі көмек;
-адамгершілікке тәрбиелеу;
-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал;
-шығармашылық икемділіктері мен қызығуын дамыту.
1.2.Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және дамыту жолдары.
Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның
замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне
бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан
дүниесіне үңіле білген және оны ұрына білген. Мысалы, "Баланды 5-7 жасқа
дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға
-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла" деген ғибраты баланың даму
психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай.
Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Ал, бұл
қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле
білу, жан – сезімін түсіну, ұғыну, оған көмектесу.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту
мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту
керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика
ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі
жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу
баршамыздың міндетіміз.
Осынау өмірдегі әрбір жасеспірімге тән қасиет - ешкімге бағынышты
болмай, қатар - құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да
бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін кенілді еткізу. Ол "Қоғамымыздың ірге
тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық
тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай
психология, педагогика ғалымдарының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені
сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан
азаматын төрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне
ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін
болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен,
оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, 'тәрбиесі қиын
балалар" әдетте өмір -әжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін аздығынан
кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тардырдың тәлкегіне түседі. Қиын
балалар ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-
1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын оқушыларды екі топқа бөлуге болады:
Біріншісі – тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын

және өтпелі кезеңнің күрделілігінэн мінезі дұрыс қалыптаспай қалған
оқушылар.
Мектеп жағдайында қиын оқушыларды зерттегенде алдымен олардың дара
ерекшеліктерін зерттеу қажет.
1. Темпераменті, жьныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық
ерекшеліктері)
2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес
ерекшеліктері(ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау
биологиялық ерекшеліктері)
3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дардысы, іскерлігі
мен ептілігі.
4. Жеке адамның жаппы барыт-бағдары мен адамгершілік қадір-
қасиеттерінің бірлігі.
5. Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы,
сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке
айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.
Тәрбиесі қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепші
болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:
-біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау;
-екіншіден, баланың бар жағдайынжасау, яғни мұң -мұқтажын
толығымен орындау;
-үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қапыптастырмау;
-төртіншіден, отбасындағы жағдай және отбасының әлеуметтік жағдайы,
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да
бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер
баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі
кемшіліктерд: төмекдегіше топтауға болады.
1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар
оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне,
адамгершілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы. Ұжым
арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос
уақыттарын тиімді ұйымдастырмауы.
2. Тәрбиесі "қиын" оқушылармен тіл табыса алмауы яғни, жеке
педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға
жатпайтын тәсілдерді қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыфз
жазалау, қандай бір жөнсіз әрекеттер болсын оны сол балаға жабу, кемсіту,
т.б. Дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға
кері әсерін тигізеді.
3. Кейбір педагогтердің психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс
жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің
таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік
дәрежесінің төмен болуы да себеп болады.
Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде мұғалім ең басты
оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі,
қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі
жандүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда
сәтті дамиды:
1. Егер жеткіншек үлкендердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс
көрсетс;
2. Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе;
3. Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің існе қатыстырып, керекті
ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.
Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын
жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық
сипатын сәйкестендіру қажет.
Мектепте оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі – сынып
жетекшілері. Сынып жетекшілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып,
ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана
үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. сондықтан әр уақытта оқушыларының
күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар
жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет.
Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан
ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін
анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың
тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы,
эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға
өнерге бейімділігін т.б. ескеруі керек. Сынып жетекшілері туралы
әдістемелік хатта: сынып жетекшілері әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын
қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді
делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп
тәрбиеленетін ортаны зерттеу. Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды
көтермейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан, ешқашан
күн тәртібінен түскен емес. бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат
болады,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ
баланың шынайы мәніндегі адам болып қалыфптасуы қыруар уақыт пен еңбекті
қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі процесс екенін ұқтырса
керек.
Тиімді тәжірибелі педагог ұзақ жылғы бай тәжірибесін бала тәрбиесіне
орынды жұмсай білсе, бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізуі сөзсіз. Ал,
керісінше, әйтеуір күнім өтсе болды деп, жалақының ықпалында кетсе, бұдан
өзгелер үлгі аларлықтай бір нәрсе шыға қоюы қиын. Қысқасы бұл кәсіп
енжарлық пен селқостықты, жүрдім-бардым тірлікті көтермейтін кәсіп.
Бүгінгі тәрбиеге бүгінгі қоғамға келсек, бүгінде оқушыларды ешнәрсемен
таң қалдыра алмайсың. Олар өз тәжірибесінен бұрынғыларға қарағанда
әлдеқайда сауатты. өйткені олар куүнделікті теледидарды қалт жібермейді,
гаезт-журналдардың сан алуан ақпараттардан да хабардар. Бұл балаларға
тәрбиеден бас қатырудың шамалы деген сөз емес. Олай десек қатты
қателесеміз. Жаңағы айтқан ақпарат көздері ендігі жерде тәрбие істерін
жеңілдетіп қана қоймайды, керісінше жаңа мәселелерге жол ашады.
Психологиялық түзету жұмыстары психолог жұмысының маңызды және
жауапкершілігі мол әрекеті.
Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап
алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі
факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы
жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда
неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қөатынасы қалай, оның
өзіндік тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшеліктерін есепке алу – оған
дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем
қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.
Зерттеу барысында біз оқушылардан бойынан мынадай қиындықтарды
анықтадық: дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік
бағалауы төмен, жасқаншақтық т.б. осы анықталған қиындықтары түзету үшін
оқушылармен тренинг сабақтар, рольдік сюжеттік ойындар, сұрақ-жауап
әдістері, әңгімелер жүргізілді. Бұндай ойындар біздің зерттеуімізде түзету
коррекция мақсатын көздейді. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу
тәрбие жұмысында мінез-құлқында қиындығы бар балаларды қайта тәрбиелеу
кезеңінде аса маңызды болып табылады.
Біріншіден, мектеп жоспарында, қиын балалардың барлығы үшін
жүргізілетін іс-шаралар болуы керек. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен
жүргізілетін жеке жұмыс бағдарламасының болуы. Осындай бағдарламада қиын
балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ
топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғаштау, сабаққа қызығушылығын
арттыру, қандай бір істерде оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы
тиіс.
Оқушылардың бойынан анықталған қиындықтарды түзету мақсатында
жүрігізлген жұмыстарымыз бойынша біз ұстаздарға, мектеп психологтарына
арнап арнайы бағдарлама құрдық.
Бағдарлама мақсаты:Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды (дұрыс
қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен,
ұялшақтық) түзету.
Бағдарлама міндеті:
1) өзін және басақаларды сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға
үйрету;
2) Оқушының өзіне деген сенімін арттыру;
3) Өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше орындауға
дағдыландыру. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады. (№1 қосымшада
көрсетілген.)
Ғұлама Әл-Фараби Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді-
өзің түсіну десе, К.Маркс Өзіңді-өзің тану даналықтың бірінші белігіс
деп ескертеді.
Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді деген неміс психологы
Н.Энкельман.
Балалардың өз мүмкіндіктерін өздігінен тануы негізінде дұрыс қарым-
қатынасқа үйретуді, бойларында кездесетін ұялшақтықты, жасқаншақтықты жоюды
алдымызға мақсат етіп қойып Өзін-өзі тану бағдарламасын жасады.
Егерде олардың ішкі жан дүниесі табиғатын біле-білсек, соғұрлым
қиын баланың мінез-құлықтарындағы адамгершілік шағын ғана сыр сипатын
бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра
біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай,
қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:
1) әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-
бағдарын анықтау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін
іріктеп алу;
2) әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның
негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты,
ұжымшылдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;
3) әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және
шығармашылық талап-тіліктеріне орай қабілеті мен икемділіктерін
дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру;
4) кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымдық өмір
қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол
ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.
Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге
келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан
ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі – этикалық
әңгімелесу, ол оқушынызерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және
жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу - оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке
уаым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, жанұя
жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтары жайлы этикалық мәселелерді
оқушылар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір
қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы
түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі психолог баланың басынан
өткен оқиғаны немесе әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның
обьетивті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір
ескертетін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз
арнайы әңгімелерге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық
көрсетеді. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып,
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда
тәуелсіздікке талаптану әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа,
өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке
себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу
тәсілдерді ескерген жөн.
Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және
жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде көңіл аударарлық
әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар
беру және орынды педагогикалық талаптар қою. Көптеген қиын оқушылардың
мінез-құлықтар стеротипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде
олардың ұнамды психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана
білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді
қатыстыруға болар еді.
Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ,
білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік,
дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады.
Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық,
қыңырлық, менмендік, өзімшілдік.
Көп ретте, отбасындағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайында
жеткіншектердің жеке басын сыйламаушылық, мұғалімдер мен қиын оқушылардың
арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен
кетуіне, мектепке бармай қаңғыбастыққа душар етеді.
Қазіргі таңда педагогтардың басты міндеті оқушыны тек білім нәрімен
сусындату емес, сонымен қатар оның адамгершілік қасиеті мен мәдениетін
қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде баланың бос уақытын тиімді
өткізуіне, демалуына жағдай туғызу болып табылады. Міне, сондықтан қай
кезде болмасын мектептің талаптары мен моральдік нормаларын орындамайтын
оқушылармен жұмыс жасау ең қажетті, ең маңызды міндеттердің бірі болып
саналады.
Мұндай жасөспірімдерді мектеп практикасында "Қиын балалар", "Тәртібі
нашар балалар", "Тәрбиесі қиын балалар" дейді.
Қазір бұл кеңестік кезден келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шет елдерде
дәл осы ұғымды "девянтное поведение" деп те жүр. Орыстарда "отклоняющиеся
поведение" немесе "группа риска" дейді, бірақ бұл ұғым көңілге тиетіндей
ауыр анықтама.
Ғылыми зерттеу шараларының қорытындысы бойынша және күнделікті өмірде
көргеніміздей дәл осындай балалардың оқуға деген ынтасы нашар болады. Олар
мұғалімге де, басқа оқушыларға да кесірін тигізеді. Көпшілік бұзақылар мен
қылмыскерлер де дәл осындай контингенттен шығады. Мұндай балаларды
болдырмау және оның алдын – алу мектепте немесе жазғы сауықтыру
лагерлерінде болсын педагогтардың іскерлігі мен білімділігіне байланысты.
Жазғы демалысты өткізу – мемлекеттік тұрғыдағы мәселе. Сондықтан бұған
аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жазғы дәмалысты талдағанымызда, біз
тек қана жоғары деңгейде ұйымдастыру жақтарын емес, физикалық,
психологиялық және әлеуметтік дені сау тұлғаны қалыптастыру жақтарын басты
міндетімізге айналдыруымыз керек былайша айтқанда жан-жақты тәрбие беру
жолдарын қарастыруымыз қажет.
Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәрбие жұмыстарын жоспарлағанда мына
нәрсені ұмытпауымыз керек Бала дүниеге келгенде оның балалық шақ
кеңістігінде адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты
қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне
белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Тәрбие
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне
лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру
үшін тәрбиеші оның құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді,
оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие, алдын ала жасалған арнайы
жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Тұлғаның
даму процесінде ең қажетті әдіс - өзін - өзі тәрбиелеу.
Бұл әдіс оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.
Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез -
құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекеттеріндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен
қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды
адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні өзінің тұлғалық сапаларын
дамытудағы ерік-жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Тәрбиеші
оқушының білімін, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын
анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz