«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ

КІТАПХАНАТАНУ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Диплом жұмысы

Кафедра мәжілісінде талқыланды,

« . . . » . . . 2008 ж. қорғауға жіберілді

Хаттама № . . .

АЛМАТЫ, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасының кітапханадағы рөлі . . .

1. 1 ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының «Мәдени мұра» 2008-2010 жылдарда мемлекеттік бағдарлама бойынша «Алматы қаласының тарихы» атты библиографиялық көрсеткішті дайындау ұмыстары . . . 8

1. 2 «Қазақ халқының жазба мұралары» атты библиографиялық көрсеткіш жасау жолдары . . . 15

2. ҚР Ұлттық Кітапханасында кітапханасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында істеліп жатқан жұмыстарының барысы

2. 1 ҚР Ұлттық кітапханасында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында құнды жазба ескерткіштерді іздеп табу, көшірмесін алу жұмыстарының іске асырылуы . . . 25

2. 2 «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру аясындағы ҚР Ұлттық кітапханасында жүргізген экспедиция нәтижелері . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруды одан әрі жалғастырып, өткенді ой елегінен өткізе отырып, қазіргі уақыт мәдениетін барынша дамыту қажет.

Н. Назарбаев

2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген[1] .

Осы бағдарлама еліміздің мәдени мұрасын зерделеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен, тарихи-мәдени дәстүрлерді сабақтастықпен дамыту және қайта түлетуге байланыста негізгі аспектілерді қамтиды, тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңғырту, консервациялау және музейге айналдыру шараларын, жобалау, ғылыми-зерттеу, жаңғыртушы ұйымдардың, музей, мұрағат, кітапханалар мен өзге де мәдениет мекемелерінің ғылыми-зерттеушілік, материалды-техникалық, нормативтік құқықтық негізін күшейту және дамытуды қарастырады.

Осы бағдарламаны әзірлеу қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау және өтімді пайдалану жолымен мәдени мұра саласындағы қалыптасқан ұйымдастырушылық қатынастарға өзгерістер енгізу, олардың қызметін жоспарлы қаржыландыру қажеттілігінен туындап отыр.

Мәдени мұра саласындағы мәселенің қазіргі жағдайын талдау. Мәдени мұраның қазіргі жағдайының мәселелері сан ғасырлық дәстүрлер жиынтығын іс жүзінде қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашумен, кесенелердің, ескілікті мешіттерді консервациялау, жаңғырту жұмыстарын белсенді етумен, жаңа тарихи-мәдени музей-қорықтарының ашылуымен сипатталады.

Қазіргі кезде Қазақстанда 25, 0 мың тарих, археология, сәулет және мүсін өнері, 11, 0 мың кітапхана, 147 музейлер, 7 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар, 215 мұрағаттар бар.

Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларына арналған тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік музейлердің, мемориалдардың тармақталған жүйесі жасалған. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің көрнекті ескерткіші Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесі 2003 жылғы шілдеде ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік Мәдени мұра Тізіміне енгізілді.

Астана қаласының мәдени ифрақұрылымын жақсартудың шаралары қабылданды: соңғы жылдары республика астанасында қазақ саз комедия театры, құрамында музей, кітапхана және концерттік залы бар Президенттік мәдениет орталығы ашылды. Ұлттық кітапхана құрылысы аяқталып қалды. Киноконцерттік зал және цирк ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы» Заңдары қабылданып, қолданылуда.

Сонымен бірге, мәдени мұра саласындағы қалыптасқан жағдай осы бағыттағы қызметтің одан әрі дамуы мен белсенділігін арттырудың кезек күттірмес шараларын алуды талап етеді.

Қазақстанның ұлттық тарихы үшін зор маңызы бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет объектілері кезексіз көмекке зәру. Олардың арасында Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ, Жамбыл облысындағы Айша-Бибі, Қызылорда облысындағы Асан ата мен Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет ескерткіштері, «Әзірет-Сұлтан» қорық-мұражайларының тарихи-сәулет және археологиялық ескерткіштері, «Жидебай-Бөрлі, Маңғыстау «Ордабасы» қорықтары және т. б. бар.

Олардың көпшілігі урбанизация, индустрализация және технократизация салдарынан болатын бүліну мен жойылудан бүгінге дейін қорғалмаған.

Ежелгі заманнан бастап, материалдық емес, рухани мәдениетті, сонымен қатар көне түркі жазба ескерткіштерін зерделеу және пайдаланудың жүйесі мен әдістері, дәстүрлі мифтік түсініктер мен бейнелердің қазіргі заман авторларының шығармаларында көрініс табуы жеткілікті дамымаған.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман қауым үшін философия, тарих, заң және т. б. саладағы әлемдік ғылыми ойдың іргелі еңбектері, сондай-ақ, көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалған. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны толыққанды зерделеудегі ақтаңдақтардың орнын толтыру, сондай-ақ, қазақ халқының көп ғасырлық рухани тәжірибесін жинақтау, мемлекеттік тілдегі тармақталған тарихи, көркем, ғылыми серияларды жасау аса өткір қойылып отыр.

Таза табиғи заттардан өндірілген жазба мұраның, құжаттардың өзіндік ескеруі орын алуда (қағаз, желім, тері, қатырма) және оларға қоршаған ортаның әсері (су, жарық, температураның өзгерісі, қағаздың ылғалдылы, биозиянкестер) болуына байланысты сақтау мен консервациялаудың жедел шараларын алуды талап етуде.

Осы бағдарлама шеңберінде жоғарыда көрсетілген мәселелерді кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және көпшілікке тарату жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бағдарламаның мақсаты:

  • ұлттық мәдениет үшін зор маңызы бар маңызды тарихи-мәдени, сәулет, ескерткіштерін, яғни Абат-Байтақ, Айша Бибі кесенелері, Қараман ата, Шопан ата мазарлары, Ақыртас, Баба ата сарайлы кешендерін ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру, Қойлық, Есік, Сарайшық, Берел және т. б. ортағасырлық қалашықтары, қорғандары мен тұрақтарының археологиялық қазбасын жүзеге асыру;
  • зор мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениет, ауыз әдебиеті, дәстүрлер және әдеттерді зерттеудің біртұтас жүйесін жасау: оған Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыридың еңбектері кіреді, «Кодекс Куманикус», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», «Бабыр нама» секілді сирек кездесетін көне басылымдар мен кітап қолжазбаларының көшірмесін табу және сатып алу, «Қазақстанның ортағасырлық қалалары», «Қазақстанның археологиясы» кітаптар сериясын шығару, Геродоттың, Птоломейдің еңбектерін, Қазақстанның ежелгі дәуірінен қазіргі күнге дейінгі тарихы жөнінде аса маңызды араб, парсы, моңғол және орыс деректерін басып шығару;
  • қазақ әдебиеті мен жазуының көп ғасырлық тарихын жинақтау және «Бабалар сөзі», «Қазақстан тарихы жөніндегі жаба деректер», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ зиялыларының хаттары» атты кітаптар сериясынан тұратын іргелі басылымдарды шығару;
  • мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің озық жетістіктері негізінде толық құнды гуманитарлық білім қорын, сол сияқты Еуропа, Америка, Африка және Азия елдерінің озық әдеби шығармашылығы мен философиясын қосатын «Әлемдік әдебиет кітапханасы» мен «Әлемдік философия мұрасы» сериясын жасау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мына міндеттердің шешілуін жүзеге асыру қажет:

  • көне, ортағасырлық қалашықтарды, тұрақтарды, қорғандарды зерттеу және археологиялық қазбалар жүргізу, олардың негізінде Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы Есік және Берел археологиялық қорық-мізейлері сияқты қорық-мйзейлерін құру, оны туризм инфрақұрылымының жүйесіне қосу қажет;
  • ұлттық тарихымыз үшін айрықша мәні бар жоғарыда аталған Қазақстанның бірегей тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін жаңғырту, оларды музейлендіру және осы ескерткіштерді туристік маршруттарға қосу;
  • ғылыми білімді көпшілікке тарату, тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттерді басып шығару;
  • облыстар бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің Жинағы томдарын басып шығару әзірлігі бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыру;
  • Ұлттық мұрағаттық қорды мемлекеттің мәдени мұра объектісі мен ақпараттық ресурс нысаны ретінде пайдаланылу тиімділігін көтеру;
  • мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық үлгілерін даярлауды және басып шығаруды жүзеге асыру.

Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

Бағдарлама 2004-2010 жылдар аралығында іске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен жаңғыртуда зерттеу, өрлеу, дамыту және насихат ретіндегі дамытудың, жоғарыда көрсетілген мәселелер кешенімен айналысатын ғылыми-зерттеу, жобалау институттарының, жаңғырту шеберханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, қорық-музейлер жүйесін кеңейту, ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжірибесін ғылыми зерделеу және этнография, ауыз әдебиеті, көне жазулар, әдеби энциклопедиялар шығару арқылу жинақтау және т. б. негізгі бағыттарды қарастырады.

Кітап - адамзат қорытқан ой қазынасын мәңгілік есте сақтайтын қойма. Халыққа білім мен тәрбие берудің бір кілті кітапта. Білім таусылмайтын байлық болса, сол байлық қоймасы кітапхана болып табылады.

Қазақстан кітапханасының ғылыми техникалық өрлеу жаһандандыру ғасырында адамгершілік, рухани тұрғыдан бай, білімді, саналы қоғамсыз әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы мүмкін емес. Тарих, өнер мен мәдениет туралы құнды әдебиеттерді ұсына отырып, барлық елдер халықтары арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға үлес қосады. [2] Бұл туралы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылдың ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті, яғни мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі халықтардың үлттық келісімі. Осындай үлкен міндет атқарып отырған кітапханалар, кітапхана ісін ашып көрсету.

Жұмыстың негізгі міндеті. Қазақстан тауелсіздік алып, кітапхана жұмысы алға қойыла бастаған кезде «жаңа заманға жаңа көзқараспен», азаматының көзқарасын қалыптастыруда білімдік, мәдени және тәрбиелік қызмет орындайтын, кітапхана рөлін көрсету. Кітапты, кітапхананы оқырман қауымға таныстыру. Кітапханадағы оқырманның кітап оқу мәселесін жақсарту. Мақсаты - Қазақстандағы кітапханатану ісін жақсарту. Оқырман сұраныстарын қанағаттандыруға кітапханаларды бағыттау.

Бүгінгі таңда қоғамдағы күнделікті өзгеріп жатқан ақпараттық материалдардаң көптігі, оны болашақ мамандардың дұрыс пайдалана білуіне жөн сілтеп, бағыт бағдар беріп отыру қандай кітапхана болмасын ең бір өзекті мәселе болып отыр. Мемлекетіміздің қазіргі заманға сай дамуына, азаматтардың толық мәлімет алуына жағдай жасау.

Жұмыстың зерттеу мәні - Рухани байлық ордасы кітапхана ісін дамыту, жақсарту, ұлттық қазына мұраларды болашаққа жеткізу. Зерттеу әдістері - Кітап, кітапханатану және библиография салаларында жасалып жатқан жаңа жұмыстарды ғылыми тұрғыдан қарап талдау. Жұмыстың жаңалығы. Кітапханаларда жана технологияларды енгізу, оқырманға жаңаша қызмет көрсету. Зерттеудің қайнар көзі. Кітапханалар, кітапханатану, кітапханадағы алтын қорлар жазба мұралары, жана шыққан кітаптар, библиографиялар.

1. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасының кітапханадағы рөлі

1. 1 ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының «Мәдени мұра» 2008-2010 жылдарда мемлекеттік бағдарлама бойынша «Алматы қаласының тарихы» атты библиографиялық көрсеткішті дайындау ұмыстары

Алғаш рет “Мәдени мұра” атты жалпы ұлттық бағдарлама аясында Қазақстан және бірқатар шекаралас мемлекеттер жерінде Қазақстанның мәдени-тарихы мұрасын жинақтау, зерттеу сақтау, көбейту және үгіттеудің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік тілді гуманитарлық білім берудің толық қанды қорын құру бойынша кең көлемді теңдесі жоқ шаралар өткізіліп жатыр. Ежелгі және ортағасырлық дәуірдің бірегейі артефакттары алынып, зерттеліп жатыр, қазақ халқының көптеген оқиғаларының сырын ашатын бұрын бейтаныс болып келген жазба декккөздері шетел мұрағаттары мен қорларынан алынып, ғылыми айналымға енгізілуде.

“Мәдени мұра” бағдарламасының жұмысы бірнеше бағытта іске асырылуда. Соның Үшінші бағытына [3] сәйкес, халықтың тарихи зердесін қамтитын ежелгі жазбаларды табу, ғылыми тұрғыдан сипаттау, жүйелендіру мен сақтау - гуманитарий ғалымдардың, тұтастай мемлекеттің алдында тұрған кезек күттірмес міндеттері. Бұл ретте арнайы республикалық мекеме - Кітапханалар жаппай қызу зерттеу жұмыстарын, экспедициялар жүргізу үстінде.

Бұл кезеңде Францияның, Германияның, Түркияның, Қытайдың, Ұлыбританияның, Ресейдің, Өзбекстанның және өзге де елдердің кітап қорларына, мұрағаттарына, кітапханаларына 30-дан астам экспедициялар ұйымдастырылды.

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен ең бір көрнекті, ауыз толтырып айтарлықтай мәдени мұрасы - ауыз әдебиеті мен сирек басылымдар. Халықтың бай әдебиетінің озық үлгілерін жүйелі түрде жинастырып зерттеу, сұрыптау, саралап баспа бетіне жариялау ісі ХХ ғасырдың басынан шындап қолға алынып, дұрыс жолға қойылып келеді.

“Мәдени мұра” бағдарламасы асында осы Халқымыздың ауыз әдебиеті мұраларына бүгінгі күн тұрғысынан қайта қарап, кешенді түрде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар еліміздегі рухани жаңғыру ісіндегі басты бағыт болды. Олар халық ауыз әдебиетіне, қолда бар жинақталған құнды, сирек басылымдарға толымды түрде жан-жақты сараптама жүргізуге жол ашады. Соның бірі - өткенімізге жаңа көзқарас қалыптастыру мақсатында істеліп жатқан істер.

Кез келген халықтың мәдениеті - тарихи, әдеби және мәдени мұра байлығымен өлшенеді. Халықтың ұлылығын, даналығын, тарихын танытатын көне мәдени мұралардың бірі - ауыз әдебиет үлгілері мен қолжазбалар байлығы. Көне дәуірдің көзіндей қолдан-қолға көшіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан осы асыл қазыналардың бірі - қолжазба. Қолжазба есте жоқ ескі замандардың куәсі, ел басынан өткен елеулі оқиғалардың шежіресі. Бұл жазба мұралардан біз адам баласының көне дәуірінен бергі бар өмірлік, тұрмыс тіршілігін шаруа-кәсібін, наным-сенімін оқып біле аламыз.

Қазақ елі де басқа елдер сияқты ескіден келе жатқан мәдениетті, тарихы бар елдердің бірі. Сол ескі тарихынан, мәдениетінен дерек беретін материалдардың бірі - халықтың өзі жазып қалдырған қолжазбалары. Бұл қолжазбаларды жинастыру, сақтау, құндыларын бастырып шығару қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының атқарып отырған зор міндеттерінің бірі.

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті өзінің құнары мен көлемі жөнінен әлемдік фольклор мұраларының арасында алдыңғы қатарда тұр. Осынау мол рухани құндылығымыздың тарихи-мәдени мәні көркемдік деңгейі жөнінде осыдан екі ғасырдай бұрын бірнеше шетелдік ғалымдар (П. Карпини, П. С. Паллас, Адам Олеарий (Эльшлегер), В. Томсон және т. б. ) өз пікірлерін білдірсе, кейін орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші мамандары (А. И. Левшин, А. Алекторов, Н. А. Аристов, В. В. Радлов, Н. Пантусов, т. б. ) мен отандық зерттеушілердің еңбектерінде де жан-жақты, салихалы да терең ой-тұжырымдар жасалып, жоғарыдағы көзқарас ғылыми тұрғыда дәлелденді. [4]

Қазақ фольклоры ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тарап, халық жадында сақтала келіп, тек ХVIII ғасырда ғана өз жанашырларын тапты. Яғни, осыдан былай халық жадында сақталып жүрген жәдігерлеріміз қағазға түсіріле бастады.

Жалпы алғанда, XIX ғасыр тарихи тұрғыдан күрделі кезең болуымен қатар, жаңа дәуір әдебиетінің негізгі сипаты, белгілері осы тұста сұрыпталып, түзілді. Бәрін былай қойғанда, қолжазбалар қорлары мен мұрағаттарда да жинақталған әдеби материалдар, қолжазбалар, әсіресе, осы кезеңде мол болғандығы байқалады. Ол қазыналы әдеби қорда жинақталған шығармалар мен тарихи деректердің де сипаттары әртүрлі болуымен бірге, тақырып жағынан да ерекше тынысты, ауқымды. Ғасырдың соңына қарай кітап бастыру ісінің дәстүрге еніп, баспасөзге ықыластың күшеюі де әдебиеттің заман тынысына жедел ілесе дамуына әсер етсе керек. XIX ғасырдың екінші жартысындағы халықтың рухани шығармалары мазмұны жағынан да, сан жағынан да құнарлы, бай болып келеді.

Дегенмен, қазақ қолжазбаларының жүйелі зерттеліп, жарияланған кезеңі - 1920-1991 жылдар аралығын қамтитын кеңестік дәуір. Осы уақыт аралығында қазақ қолжазбалары жанрлық жағынан сараланып, олардың ең маңызды үлгілері жарыққа шыға бастады.

Алайда, күні бүгінге дейін жарияланып келген тарихи және әдеби қолжазба мәтіндерін, біздің халқымыздың көнеден келе жатқан қымбат та асыл мұраларын түгелдей қамтыдық деп айта алмаймыз. Бұған себеп, көптеген қолжазбаларымыз кеңестік қоғамдық-идеологиялық мүдделерге сай келмегендіктен, бірқатар шығармалар зерттелмей де қалды. Бұлардың арасында, біздің қолжазбаларымыздың ішінде көптеп кездесетін діни дастандар, мифтік аңыздар, магиялық жанрдың көптеген үлгілері, тарихи жырлар, тағы да басқа ауыз әдебиет үлгілері бар. Бұдан біз адам баласының көне дәуірінен бергі бар өмірлік, тұрмыс тіршілігін шаруа-кәсібін, наным-сенімін оқып біле аламыз.

Әлемде өз төл мәдени құндылықтарын қастерлеп, қадір тұтатын ұлт өркендеу жолында жақсы жетістіктерге жеткен екен. Бұл - дәлелдеуге мұқтаж емес, қарапайым шындық. Қазақ халқы - соңғы XVIII-XIX ғасырларда алғаш рет өзінің өркениет жолында өсіп-өнуіне негіз бола аларлықтай мәдени құндылықтарын елеп-екшеу мүмкіндігіне ие. Бүкіл әлемге мәшһүр болған ғұлама ғалымдар жазып қалдырған қызықты да қымбат мұралар мен халық арасынан жиналған асыл қазыналарды дүниежүзінің ең ірі деген қалаларының кітапханаларынан таба аламыз. Ал осы халық шығармашылығының молдығы мен кең арналылығын біз жиналып, сақтаулы қолжазбалардың саны арқылы белгілей аламыз.

Міне, сондай шын мағынасындағы қарашаңырақ, асыл қазына қолжазба қоймасының бірі - Білім және ғылым министрлігіне қарасты Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттерді ғылыми-зерттеу бөлімшесінің қолжазбалар қоры. Бұл бөлімше - Республикамыздағы ең ірі кітаптар мен қолжазбалар қоймасы, көне заманнан қалған рухани байлықтың орталығы. ОҒК-дағы Қолжазбалар қоры саны мен сапасы жағынан елімізде бірінші орында тұр. Бұл қордағы сақтаулы жазба ескерткіштер әлемнің әр тілдерінде: қазақ және орыс тілдерінен басқа араб, парсы, қытай, корей, жапон тілдерінде ғылымның тарих, этнография, жағрафия, археология, әдебиет, тіл, экономика, өнер мен заң салалары бойынша жазылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі РМҚК Орталық ғылыми кітапханасы қазақ халқының әдеби мұраларын - әдебиет үлгілерін, олардың қолжазбаларын жинау, сақтау мәселесіне бұрыннан-ақ назар аударып, белгілі жұмыстар жүргізіп келеді.

Республикадағы құнды қолжазбалар мен кітаптарды сақтаушы ең ірі кітапханалардың бірі, Орталық ғылыми кітапхана Қазақ халқының тарихи-мәдени салтына қатысты баға жетпес ақпарат көзі болып табылатын жоғары тарихи, мәдени және ғылыми маңызы бар жазба мұраларды насихаттайды. Жазба мәдени мұралары археологиялық және музей экспонаттары сияқты басқа да тарихи құндылықтармен қатар мәдени құндылықтар жүйесі қатарынан ерекше орын алады және халықтың тарихи естелігін сақтаушы болып табылады. Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. И. Сатпаевтың, ғұлама ғалымдар Ә. Марғұлан мен М. О. Әуезовтың Қазақ халқының ауыз және жазба мұраларын зерттеп, бір орталыққа жинақтау үшін сіңірген еңбектерін кейінгі ұрпақтары мақтанышпен айта алады. Осы ғалымдарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында, 1959-1966 жылдары еліміздегі ұйымдастырылған экспедициялардан басқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Ташкент қалаларынан Қазақ халқының өткеніне байланысты көп мұралары елімізге қайтарылды. Осы елге әкелінген материалдардың бір данасы, не микрофильм, не фотокөшірме түрінде кітапханаға алынып отырды. Қазіргі уақытта Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімшесінде 606 фотокөшірме мен 2200 микрофильм сақталған. [5]

Осы қолжазбаларды ғылыми жолға қойып, байсалды зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда мәдени мұраларды игерудің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, өткен ғасырдың соңғы онжылдығында, қоғамдағы оң өзгерістер нәтижесінде көптеген рухани құндылықтарымызды қайта қарап, ұзақ уақыт бойына ойсыраған олқылықтарымыздың орнын толтыруға мүмкіндік туды. Өкінішке орай Қазақстандағы қолжазбаларды жүйелеу, олардың ғылыми сипаттамасын жазу бір жүйеге келтіріліп, белгілі бір ережеге заңдастырылмаған. Қазіргі біздің қолжазбалардың көрсеткішін жазу сипаты Ресей, Өзбекстан кітапханаларының қолжазбалар каталогының жазылу әдісіне негізделіп дайындалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Ұлттық кітапхана
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
Кітапхана – ғылым, мәдениет және руханият орталығы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы
Адамзат тарихының күре тамыры – мәдениет
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz