Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1 Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері.
ІІ.2 Дүние жүзіндегі ең шиеленістік аймақ . Таяу Шығыс.
а) Палестина мен Израиль
ә) Иран . Ирак соғысы, Ирак . Кувейт соғысы
б) Израиль . Ливан жанжалы.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлемнің екі полюсті және «суық соғыс» аймағында да, жалпы ғаламшарымызда өршіген шиеленіс – бұл аймақтық және жергілікті қақтығыстар. Бұл қақтығыстар көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына мемлекеттерде миллиондаған адамдардың өліміне әкелді. Ал осындай қақтығыстарды қазіргі таңда политология ғылымының саласы – конфликтология, ал саяси география жүйесінде – геоконфликтология қарастырады.
Екі жүйенің конфронтацияға келуінің нәтижесінде әлемдегі «суық соғыстық» аймақтар мен жанжалдар біраз азайды. Мысалы, бейбітшілік келісімдер арқылы Оңтүстік- Шығыс Азияда (Камбоджа), Африкада (Наимбия, Ангола), Латын Америкасында (Никарагуа), Сальвадор, Еуропаның біраз мемлекеттері және ТМД мемлекеттері арасында саяси жағдайлардың шешімі табылды. Дегенмен, ХХІ ғасырдағы туындап жатқан аймақтық және жергілікті қақтығыстар халықаралық қауіпсіздікті күшейтуді талап етпек . Оның көбісі лаңкестік толқынның туындауына және жанжалдық зонадан тыс шығу әрекеттеріне ие. Бір сөзбен айтқанда, әлемнің саяси картасын қақтығыс, жанжалдарсыз түсіну мүмкін емес. Енді осыған байланысты бірнеше мәселелерді қарастырайық.
1. Теоритичесий и научно-методический журнал «География в школе» издается с 1934 г. Образован Министрством просвещения РСФСР. Максаковский В.П. «Региональные и локальные конфликты в современном мире» 3-8 сс. 2005.- №8
2. Пухович Л. Война в Лиане: итоги и прогнозы» // Саясат. – 2006. - №9. – 53-55 стр. Саясат – информационно-аналитический журнал.
3. Батырша – Ұлы С. Палестина азаттық жолында. //Ислам әлемі. – 2005. - №10. – 17-19 бб. Ислам әлемі қоғамдық діни –мәдениет журнал.
4. Әмірбекұлы С. Таяу Шығыстағы жанжалдың астарында не жатыр. // Айқын. – 2006.- 20 шілде
5. Сұлтан Әли Тегеран тәуекелген бел бұғысы келмейді. //Дала мен қала. – 2007.- 26 қаңтар.
6. Қазақстан: Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. Т 4. : Алматы, 2002 .- 306-307 бб.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1 Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
мәселелері.
ІІ.2 Дүние жүзіндегі ең шиеленістік аймақ – Таяу Шығыс.
а) Палестина мен Израиль
ә) Иран – Ирак соғысы, Ирак – Кувейт соғысы
б) Израиль – Ливан жанжалы.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлемнің екі полюсті және суық соғыс аймағында да, жалпы
ғаламшарымызда өршіген шиеленіс – бұл аймақтық және жергілікті
қақтығыстар. Бұл қақтығыстар көптеген мемлекеттердің экономикалық,
әлеуметтік және саяси дамуына мемлекеттерде миллиондаған адамдардың
өліміне әкелді. Ал осындай қақтығыстарды қазіргі таңда политология
ғылымының саласы – конфликтология, ал саяси география жүйесінде –
геоконфликтология қарастырады.
Екі жүйенің конфронтацияға келуінің нәтижесінде әлемдегі суық
соғыстық аймақтар мен жанжалдар біраз азайды. Мысалы, бейбітшілік
келісімдер арқылы Оңтүстік- Шығыс Азияда (Камбоджа), Африкада (Наимбия,
Ангола), Латын Америкасында (Никарагуа), Сальвадор, Еуропаның біраз
мемлекеттері және ТМД мемлекеттері арасында саяси жағдайлардың шешімі
табылды. Дегенмен, ХХІ ғасырдағы туындап жатқан аймақтық және
жергілікті қақтығыстар халықаралық қауіпсіздікті күшейтуді талап етпек .
Оның көбісі лаңкестік толқынның туындауына және жанжалдық зонадан тыс
шығу әрекеттеріне ие. Бір сөзбен айтқанда, әлемнің саяси картасын
қақтығыс, жанжалдарсыз түсіну мүмкін емес. Енді осыған байланысты
бірнеше мәселелерді қарастырайық.

ІІ.1 Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
мәселелері.
Бірінші мәселе – қақтығыстар саны. Мұндай мәліметтерді түрлі
әдебиеттерден көргенімізбен, бірақ басқаларымен сәйкес келе бермейді.
Германияның жанжал, қақтығыстарды зерттейтін Гейдельберг қаласында
орналасқан арнайы институттың 2004 жылғы мәліметі бойынша олардың саны
218-ге жеткен. Халықаралық ұйымдардың санағы бойынша Екінші Дүние
жүзілік соғыс пен 1990 жылдар аралығында 40 миллионға жуық адам қаза
болған, бұл Испания және Польша секілді мемлекеттеріндегі халық санымен
теңбе-тең.
Екінші мәселе – қақтығыстардың көлемі. Бұл әлі де жан-жақты
зерттелмеген, бірақ принциптерге сүйене отырып, олардың үлкенін –
аймақтық және кішігірім қақтығыстарды - жергілікті деп бөлеміз.
Аймақтық қақтығыстар саны әлемде өте көп және олардың
халықаралық қауіпсіздікке де нұқсан тигізері ықтимал. Оны жалпы
қарамастан бұрын жекелей танып алайық.
Халықаралық қауіпсіздік жүйесін оқ-дәрі күбісіндей кез-келген
уақытта жарып жіберетін кезең, қазіргі таңда Таяу Шығыста орнап отыр. Шын
мәнінде де, бұл ғаламшарымыздың әлсіз кезеңі. Өйткені, тарихи
уақыттан қалыптасқан мәдениет пен дін және бірегей көзқарастар да
соқтығысуда. Бұл әрине, Еуропа Азия, Америка елдеріне де тән.
Аймақтық қақтығыстар негізінде, жарты ғасырлық тарихы бар, барлық
әлем халқының назарын аударған – Израильді – Палестиндік шиеленістері
(кеңірек – Израильді - арабтік), Израильдің көршілес араб мемлекеттерімен
алты соғысы мен бірнеше жылға созылған интифадты (арабша көтеріліс) қоса
алғанда, Израильдердің және арабтардың, ұрпақтары әлі күнге дейін
өзара жанжалды, даулы атмосферада, аса өршіген конфронтацияда өмір
сүруде. Алғашқы қақтығысулар 1990 жылдың басында, яғни, Израиль
территориясында Палестина автономиясы құрылғанда пайда бола бастады. Бірақ
көптеген мәселелер шешілмеді, сондықтан Палестина мемлекеті дүние
жүзінің саяси картасында өз орнын әлі тапқан жоқ десек те болады.
Бұл аймақта осыдан басқа да жанжалдар кең өріс алған. 1980 жылғы
қантөгіске әкелінген, әлі де аяқталмаған Иран-Ирак соғысы, 1990 жылғы
Ирак-Кувейт соғысы, яғни Ирактың Кувейтке қарсы шығуы.
Азияның қалған бөлігіндегі шиеленістік аймаққа Ауғанстандағы ұзақ
уақытқа созылған жанжалын, Үндістан мен Пәкістанның Кашмирдегі
қайшылықтарын: ал Шетелдік Еуропада – бұрынғы Юголавияның саяси қайта
құрылуымен байланысты қақтығыстарын жатқызуға болады.
Жергілікті қақтығыстар, бұған қазіргі дүние жүзілік кішігірім
масштабтағы жанжалдар кірістіріледі. Бірақ мынаны еске ала отыру керек,
аймақтық және жергілікті қақтығыстарды ажырату қиынға түседі.
Үшінші мәселе – қақтығыстың саяси мәртебесі, ол екіге бөлінеді:
сыртқы (халықаралық) және ішкі (мемлекетішілік).
Халықаралық қақтығыстың негізгі мысалы ретінде жоғарыда аталып
кеткен: Израиль – араб қақтығысы, Кашмирдегі Үндістан мен Пәкістан
қақтығысы, Ауғанстандағы және Ирактағы қақтығыстар, бұрынғы Югославияның
территориясындағы қақтығыстар; ал мемлекетішілік қақтығыстарға:
Бельгиядағы немесе Канададағы жанжалдарды жатқызуға болады. Жалпы, 2004
жылғы санақ бойынша жоғарыда аталып кеткен 218 қақтығыстардың 82-сі
мемлекетаралық, 136-сы – мемлекетішілікке жатады.
Төртінші мәселе - қақтығыстардың сипаты бойынша бөлінуі. Мұндай
жағдайда, қақтығыстар өктемді (қарулы) және өктемді емес болып бөлінеді.
Біріншісі, үлкен қауіп төндіреді, сондықтан халықаралық ұйым оны әрдайым
ерекше қадағалайды.
Ең біріншіден, өктемді (қарулы) қақтығыстарды қарастырайық. Бұл
біздің ғаламшарымыздың өзіндік ыстық нүктелері болып табылады. Негізінен
қарулы қақтығысы – ресми түрде үлкен масштабты болып саналады. Мұндай
қақтығыс мыңнан аса адамдардың қаза болуына әкеледі. Қақтығыстардың
әсерінен Ауғанстанда, Руандада құрбандардың саны миллиондаған, ал Босния
мен Герцеговиниядағы азаматтық соғыстың нәтижесінде (1992-1996 жж.) 100
мыңға жетті. Африкада отарлық кезеңнің өзінде 36 қарулы қақтығыстардың
нәтижесінде 10 миллионға жуық адам қаза тапқан.
Гейдельберг қаласындағы институт дүние жүзінде 2004 жылы 35 өктемді
қақтығыстар болғанын мәлімдейді. Бұл қақтығыстар 2 категорияға бөлінеді.
Бірінші категорияға нақты түрдегі соғыстар, әсіресе, Ирактан басқа
мемлекетішілік соғыстар кіреді. Олардың саны – 14. Ал қақтығыс бөлігінің
күшін немесе соңғы жағдайда қауіптілікті пайдалана отырып, дағдарыс
ошақтарын екінші категорияға жатқызамыз. Олардың саны – 21; оның біреуі
– халықаралық, яғни Үндістан мен Пәкістан арасындағы, ал қалғаны –
мемлекетішілік. 35 қарулы қақтығыстардың 12-сі – Африкада, 11-і – Азияда
болған.
Қарулы қақтығыстарды тоқтатуда және оны бейбіт жолмен реттеуде
БҰҰ маңызды рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты – біздің ғаламшарымыздағы
бейбітшілікті сақтау. Осыған орай БҰҰ өзіне дипломатиялық шараларды,
қарулы қақтығыстарға бейбітшілік күштерді тікелей қолдануды кірістіреді.
Мұндай іс-шара бірнеше он шақты мемлекеттерде жүргізілді. Бірақ 1990
жылғы тәжірибе бойынша, қақтығыстар зонасында көгілдір дулығаның болуы,
әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға қабілетті емес. Сондықтан мұндай бейбітшіл
іс-шаралар 2005 жылы 13-ке дейін қысқарды. (Сербия мен Черногорияда,
Үндістан мен Пәкістанда, Кипрде, Сьерра-Леонда, т.б). Біруақытта әскери-
полициялық контингенттер де қысқарды. Енді қазір олардың 90 %-ын батыс
елдердің емес, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непалдың солдаттары мен
офицерлері құрайды. Бірақ, БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесі күрделі әскери
тектониканы бейбітшілік жағдайда қолдануға рұқсат бере отырып , белсенді
бейбітшіл іс-әрекеттердің түсінігін бекітті. Мұндай көлемді де, аяусыз
іс-шаралар соңғы кезде ДР Конгодағы бүлікшілерге қарсы жүргізіліп отыр.
Осындай бейбітшілік іс-шаралармен НАТО да жұмыс істей бастады. Бұған
мысал ретінде НАТО-ның 1989 жылы бұрынғы Югославия территориясындағы
қарулы қақтығыстарға тікелей араласуы, Ирак-Кувейт арасындағы қақтығыс
(шөлдегі дауыл операциясы), 2001-2002 жылғы ауған қозғалысын билеуші
Талибан ұйымы бола алады. Бірақ АҚШ-тағы ең үлкен әскери акция және
НАТО мүшелері 2003 жылы Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық режимін
қолдамады.
Еуропалық қауіпсіздік ұйымы еуропалық және еуропалық емес
қақтығыстар зоналарында өзіндік бірнеше міндеттерге ие. Ол жерде алдында
ғана салыстырмалы түрде әскери іс-әрекеттер жүргізілген болатын.
Өктемді емес қақтығыстар, әлемде басым. Бірақ бұл жағдай бізге
белгілі дүниеде алдамшы болып келеді. Осындай қақтығыстардың көптеген
аудандары алдында ғана әлемнің ыстық нүктелері болған, азамат соғысының
және лаңкестік іс-әрекеттердің ошағы болған. Міне, сондықтан мұндай
қақтығыстарды жасырын немесе өршитін деп те атайды. Бұл қақтығыстар
қауіпті, егер олардың ошағында қандай да бір ұшқын пайда болса, онда ол
соғыстың жалынына айналуы мүмкін.
Бұған жарқын мысал ретінде - өзіндік басқару, бірақ мемлекетті
қолдамау (квазимемлекет) жатады. Олардың саны 120 және 160-тан асады,
бірақ бұдан жоғары да болуы мүмкін. Мұндай мемлекеттердің құрылымы
әскери қақтығыстармен, азамат соғыстары және аккупациялармен
байланысты. Оның нәтижесі уақытша, бірақ әлі аяқталмаған саяси
реттеушілікке алып келді.
Кеңестік дәуірде өзіндік басқаруға ие, бірақ мемлекетті
қолдамағандарға Нагорно- Карабах Республикасы (НКР), бұл басқару Армения
мен Әзірбайжан мемлекеттерінің арасындағы саяси және экономикалық
жағдайының бұзылуына әкеліп соқты. Абхазия және Оңтүстік Осетия
республикалары – бұл Ресей мен Грузия арасындағы наразылықтың күшейе
түсуіне әкелді; Ал Чечен Республикасындағы Ичкерия Ресейде 2 чечендік
соғысқа алып келіп, қақтығыс зонасында конституциялық тәртіп орнатуда қиын
жағдайға ұшыратты.
Тағы бір мысал келтірсек, өзіндік басқаруға ие мемлекеттерде
қақтығыстар реттелгенімен, әлі де өрши түсуде. Мысалға, бұрынғы Югославия
территориясында, Кипрде, африканың солтүстік батысындағы Сахара араб
Республикасында, мемлекетті қолдамаған Нигерияда т.б. Тағы бір ескерте
кететіне жайт, мемлекетті қолдамаған дамушы елдерде авторитарлық,
кландық билеуші режимі үстем етеді, ал олардың экономикасы артта
қалғанымен, криминалдық та болып табылады (контрабанда, наркобизнес).
Сондықтан олар әлемдегі саяси жағдайға кері әсерін тигізеді.
Бесінші мәселе – қақтығыстардың пайда болу себептері. Бұл сұрақ
оның экономикалық әлеуметтік география позициясымен байланысты
типологиясы туралы. Көптеген әдебиеттерде осы сұрақ туралы әр түрлі
пікірлерді кездестіруге болады. Ал егер генерализациялық тұрғыдан
қарастырсақ, онда қақтығыстардың пайда болуының 3 себебін атап кетуге
болады: біріншіден, территориялық шиеленіс, екіншіден, ішкі саяси
қайшылықтар, үшіншіден, этнодіни сипаттамасы.
Территориялық шиелініспен байланысты қақтығыстар, әлемнің барлық
түкпірінде кездеседі. Оған мысал ретінде, Еуропадағы Гибралтар болып
табылады. Ол осы аймақтың отары болып келе жатыр. Яғни, Ұлыбритания
мен Испания әлі күнге дейін осы үшін шиеленісуде. Ал Азияда мұндай
шиеленістер 30-дан астам. Мәселен Израильдің Палестинамен, Түркияның
Грекиямен (Эгей теңізіндегі аралдар мен Кипр үшін), Ирактың Иранмен,
Кувейтпен, Сауд Арабияның бірнеше көршілес елдермен, Кашмир үшін
Үндістан мен Пәкістанның, Қытайдың Үндістанмен, Вьетнаммен, ҚХДР-мен,
Жапониямен, ал жақында Ресеймен, Ресейдің оңтүстік Курил аралдары үшін
Жапониямен және т.б. территориялық шиеленсітері мысал болмақ. Сонымен
бірге Африкада да территориялық шиеленістер аз емес. Отарлау кезінде
метропольдар өзінің отарының шекарасын, ешқандай ұлыстық шекараны есепке
алмай жүргізген. Есептеу бойынша, қазіргі Африка мемлекеттерінің шекара
ұзындықтарының 44 %-ы меридиан және параллель; ал 30%-ы геометриялық түзу
сызық бойынша өтеді. Әсіресе, бұл Батыс Африкаға қатысты. Бұл жерде
фульбе халқы мысалға, ХІХ ғасырдың өзінде 16 ағылшын және француз
отарларына бөлінді. Сонымен бірге, көптеген әскери қақтығысқа алып
келген территориялық шиеленістер Солтүстік Африкада (мысалға, Марокко,
Батыс Сахара, Мавритания арасында), Шығыс Африкада (мысалы, Сомали,
Эфиопия, Эритерия арасында), Оңтүстік Африкада (мысалы, Намибия мен ОАР
арасында) кең өріс жайған.
Ал, Латын Америкасында әскери қақтығысқа алып келген территориялық
шиеленістіктер саны 20-ға жуық. Оған мысалға, 1982 жылы Аргентина өзіне
қосып алғысы келген Фолкленд аралдары үшін, яғни Ұлыбритания мен
Аргентина арасындағы шиеленістікті айта кетуімізге болады.
Енді, ішкі саяси қақтығысқа назар аударайық . Бұл тек саяси ғана
емес, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік өмірге де әсер етуші саяси
партиялар мен топтар арасындағы алауыздықпен байланысты. Осындай саяси
тұрақсыз, қаурлы қақтығыс елдерге ең біріншіден, Африка мемлекеттері
жатады: Алжир, яғни жергілікті мұсылмандар Либерия, Кот-д Ивуар, Орталық
Африка Республикасы, ДР Конго. Сомали, Уганда сияқты зайырлы мемлекеттермен
күрес жүргізуде. Азияда мұндпай топқа ішкі қайшылықты Ауғанстан, Непал,
Лаос; ал Латын Америкасында Колумбия, Гватемала сияқты мемлекеттер
жатады.
Қазіргі әлемде көптеген қақтығыстар этнодіни типіне байланысты.
Оның негізінде ұлтшылдық жатыр. Ол егемендікке беталыстары күшейген
үлкен және кіші қауымдармен айқындалады. Яғни, олардың негізгі мақсаты
– тәуелсіз мемлекет құру. Осындай ортақ беталыстарды сепаратизм (лат.
Separatus бөлек, жеке) ұғымымен де түсіндіруге болады. Ол жеке
территория құруға. Белгілі бір елдің жерін жаулап алып, тәуелсіз
мемлекет құруға, соңғы жағдайда автономия құруға ұмтылу деген мағынаны
білдіреді. Осындай жағдайдағы қақтығыстарды, ұлттық-этникалық – діни
негізде сепаратистік деп атасақ дұрыс болар еді. Қазіргі заманда
сепаратизм бүкіл әлемдік геосаяси жағдайға үлкен дестабилизациялық әсер
етуде. Д.В.Зайцев құрастырған картада сепаратизмнің негізгі 53 ошақтары
белгіленген. Олар 220 миллион халық қоныстанған барлық территорияның
12,7 млн км2 жерін қамтиды. Кейбір зерттеушілер, мұндай ошақтардың
туындауын, геосаяси қайшылықтар немесе әлемдік этномәдени цивилизациялар
арасындағы шекаралықтың сипаттамасы болып табылатын буферлік зонамен
байланыстырады.
Ал жекелеген мемлекеттер туралы айтатын болсақ, ұлтшылдық-
қайшылықтардың, сепаратизмнің, сәйкесінше, этнодіни даудың ошақтары болып
ең бірінші – көп ұлтты мемлекет болып табылады. Әлемде олардың саны 60.
Сонымен бірге, ұлттық маңызы аз немесе көп мемлекеттер жатады.
Олардың саны да осыған шамалас. Бұндай мемлекеттерде қақтығыстар
күрделі, қайшылықты, ұзақ мерзімді болып келеді. Ал оның негізінде
территориялық шиеленістер, ұлттық қанаушылықпен байланысты тарихи
жиналған шиеленістер, ұзаққа созылған алауыздықтар жатыр.
Қалай дегенменде, ұлттық және діни негізіндегі сепаратистік
қозғалыстар Батыстың экономикасы жоғары дамыған көптеген мемлекеттерінде
және демократиялық мемлекеттерінде белгілі бір сипат алуда. Оған Шетелдік
Еуропа мысал бола алады. Ол жерде он жыл бойғы, барлық әрекеттерге
қарамастан , әлі де қақтығыстар реттелмеді. Оған Солтүстік Ирландия
(Ольстер) – яғни, католиктер және протестанттар арасындағы қарама-
қайшылықтардың сақталуы, Басков елі - өлкелік ұлтшылдар мен
сепаратиктер Испания және Франция территориясында Басковтардың тәуелсіз
мемлекетін құруға ұмтылуы, Бельгиядағы фламандитер мен валлондар
арасындағы қайшылықтар жатады.
Әрине, бұл аймақта негізгі орынды ұлттық-діни негіздегі бұрынғы
Югославияның бөліну кезінде пайда болған сепаратистік қақтығыстар орын
алады. Ондай қақтығыстардың негізгі 2-уін атап кетелік. Біріншіден,
жоғарыда атап кеткен Босния және Герцеговиния қақтығысы. Олардың
негізгі халқын сербтер, хорваттар және мұсылмандар құрайды. Бұлар бір
мемлекетте сыйыспай., қантөңкерістен кейін дүние жүзінде мемлекет
ретінде әлі де мойындалмаған Хорватия мұсылман Федерациясын және Сербия
Республикасын құруға ұмтылды. Екіншіден, Сербияның оңтүстігіндегні
Косово және Метохия автономиялық өлкесіндегі қақтығыс. Бұл
автономиялық өлкенің 90 %ын албан мұсылмандары құрайды. СФРЮ ыдыраған
кезде, косовалық албандар тәуелсіз Косово Республикасын құруға ұмтылды.
Бұл сербтер мен косовалық Албандардың азамат соғысына одан кейін өзіндік
басқарудағы республиканың әскери бейбітшіл күштердің НАТО-KFOR
басқыншылығына әкеліп соқты.
Осындай қақтығысқа байланысты тағы бір мысал, Батыс елдерінің бірі,
франк тілдік халқы бар канадалық Квебек провинциясы. Бұл ескі қақтығыс,
радикалдық франк тілді күштер федеративтік Канададан Квебек провинциясының
шығып кетуіне наразылық білдіруде. Сондай-ақ, ТМД мемлекеттеріндегі
қақтығыстар, жоғарыда айтылып кеткендей, ұлттық-діни негіздегі
сепаратистікке ие.
Мұндай қақтығыстардың негізгі аренасы – дамушы елдердің күрделі
этникалық және діни құрамы. әсіресе бұл Шетелдік Азияға және Африкаға тән.
Осындай қақтығыстар Шетелдік Азияның барлық төрт субауданын қамтиды.
Оңтүстік батыс Азияда – бұл қақтығыс Түркия, Ирак, Сирия және Иранның саяси
шекараларымен бөлінген Күрдістан айналасында; Кипр айналасында; Ауғанстан
айналасында. Ал Оңтүстік Азияда – бұл әлемнің біртұтас қақтығыстар
топтамасы. Мысалға, көп ұлтты мемлекет- Үндістанда.
Ал Кашмирге көршілес, халқы қоныстанған Үндістанның тағы бір
қақтығыстық штаты Пенджаб орналасқан. Индуизм діні үшін қауымының мәдени-
діни, саяси қақтығыстары ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталды. ХХ
ғасырдың ортасында Үндістан және Пәкістан мемлекеттері құрылды.
Пенджаб Үндістан құрамына кірді, ол Халистан мемлекетін құрылуына
негіз болды. Бұл Үндістан мен Пәкістан арасындағы буфер болар еді. Бірақ
бұл жоспар іске асқан жоқ. Сикх сапаратистер мемлекет қарым-қатынасында
араздықты туғызып, әлі де қарсыласып отыр. Осыған байланысты, 1984 жыл
екі сикх сақшысының қолынан құрбан болған. Үндістанның премьер министрі
Индира Гандидің оқиғасын еске түсірсек артық болмас еді.
Этнодіни негіздегі қарулы сепаратистік қақтығыстар Үндістанның басқа
да аудандарына және Шри-Ланкаға да қатысты. Ал Оңтүстік – Шығыс Азияда
ондай тізімге – Индонезия, Камбоджа, Мьянма, , Филиппины, ал Шығыс
Азиядан –Қытай (Синьцзян – Ұйғыр автономиялық ауданы, Тибет).
Африкада бұндай қақтығыстар кездеспейтін бірде-бір субаудан жоқ
деуге болады.
Солтүстік Африкада Судан мемлекеті осындай қақтығыстардың қауіпті
ошағына айналған. Оның себебі, Оңтүстігіндегі христиан дінін қабылдаған
және солтүстігіндегі ислам дінін қабылдаған нилот халқының арасындағы
қақтығыстар. Ал осындай этнодіни негіздегі қақтығыстар Батыс Африканың
барлық аудандарында кең етек жайған. Әсіресе, ішкі саяси тұрақсыздылығымен
айқындалатын Нигерия мемлекеті. Шығыс африкада осындай тізімге – Эфиопия,
Эриьерия, Сомаш, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Орталық Африкада –ОАР
мемлекеттері кіреді.
Руандада болған жтнос аралық қақтығыс ерекше көзге түседі. Бұл 1994
жылы басталған жал-жан 1915 жылғы Түркия тұрғысынан армян геноцидімен,
басқыншы елдердегі Германияның фашистік іс-әрекеттерімен немесе
Камбоджадағы қызыл салыстыруға келетін геноцидке алып келді.
Бельгиялық отар болған руанда өзінің тәуелсіздігін 1962 жылы алды.
Бірақ оны мекендеуші және ертеден дауласып келе жатқан екі этникалық топтың
мал шаруашылықты тутси мен егін шаруашылықты хуту халықтарының
келіспеушіліктеріне әкеліп соқты. Дегенменде, тутси халықтың 15%-ын ғана
алып жатса да нақты басқару позициясына ие болды. Ертеден дауласып келе
жатқан қайшылықтар артынан 1944 жылғы азамат соғысына айналды. Бұл аяусыз
жан-жалда тутси халқы хутудардың 500 мыңын жойып, 2 млн адамды мемлекетіне
қуғынға үшыратты.
Қорыта айтқанда, Африка бірінші кезектегі қақтығыстар континенті
болып табылады. Осындай күрделі проблеманы шешудегі бірден-бір жолы-
Африканың отарлау кезеңіндегі саяси картасын өзгерту, бұл континентте бір
ұлысты мемлекет құру. Бірақ өкінішке орай, оны жүзеге асыру мүмкін емес.
Этнографтардың есептеуі бойынша, осындай жағдайда контейнентте мұндай
мемлекеттердің саны 200-300-ге дейін өсуі керек болған.
Дүние жүзіндегі ең шиеленістік аймақ-Таяу Шығыс
Дүние жүзіндегі ең шиеленіскен аймақ – бұл Тяу Шығыс. Атап айтқанда
Израильдің Палестина және басқа араб жерлерін жаулап алғаны болып отыр.
Мұның тарихи 1947 жылғы 29 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
ассамблеясының сессиясында Палестина жөнінде № 181 (ІІ) қарар
(резолюциясын) қабылдаудан басталды. Оны 33 елдер мақұлдап, 13 қарсы дауыс
беріп, ал 10 мемлекет қалыс қалды. Қарар бойынша Палестина жерінде араб
және еврей – мемлекеттеріне құру көзделді. Палестина екіге бөлініп, саяси
картада еврейдің мемлекеті пайда болды, ал палестиналық арабтар үшін бұл өз
Отанынан айырылудың басы еді.
Әлемдік ірі үшін дін Ислам, Христиан және Иудея шыққан Иерусалим қаласы
БҰҰ – ның қамқорлық жөніндегі Кеңестік басқаруы астындағы арнайы
халықаралық деңгейдегі мәртебесін алды және бұл қасиетті қала барлық діндер
адамдарға ашық деп жарияланды.
194849 жылдар араб – еврей соғысы арабтардың жеңілісімен аяқталып,
Израиль әскерлері БҰҰ-ның БА қарарында бөлінген жерінен басқа Палестина
жерінің көп бөлігін жаулап алды. Газа секторымен Иордан өзенінің Батыс
жағалауы ғана палестиналықтарға қалды. Осылайша израилдіктер БҰҰ қарары
бойынша бөлінген 14,1 мың шаршы шықырыммен қоса тағы 7 мың шаршы шақырым
аумағын жаулап алды. Ақырында Палестина мемлекеті құрылмай, Иерусалим екіге
бөлінеді, оның Батыс бөлігі Израильге, Шығыс бөлігі Әл-Ақса мұсылман киелі
жер орналасқан Ескі қаласымен Иордания бақылауының қол астына өтті.
Араб елдерімен шиеленісті пайдаланып, Израиль әскер 1967 жылғы 4
маусымда күтпеген жерден егеипеттік, иордандық және сириялық әуе күштеріне
соққы берді. Израиль әскерлері Палестинаның қалған аумағын, египеттік Синай
түбегі және сириялық Голан қыратын басып алды. Палестина басқындарының саны
тағы да 400 мың адамға өсті.
1967 жылы 22 қараша КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция қолдаған
Қауіпсіздік Кеңесінің № 242 қарарында территорияны күшпен жаулап алуды
айыптап, Израильден басып алынған жерлерді босатуды талап етті.
Араб, мұсылмен елдеріне толық жеңе алмайтынына көзі жеткен Израиль
үкіметі келісөзді жүргізуге мәжбүр болды. 1978 жылы 17 қыркүйекте Изральдің
премьер-министрі Монахем Бегин мен Египет президенті Ануар Садат, сондай-ақ
АҚШ президенті Дж. Картердің делдалдық етумен Кэмб-Дэвид қаласында Ғаяу
Шығыста бейбітшілік орнату шеңбері
Және Египет пен Израиль арасында бейбітшілік келісімге келудің
шеңберіндегі құжаттарына қол қойылды.
Бірде-бір араб елдері және көпшілік мұсылман үмбеті Египет әрекеті
ғаламады, керісінше айыптады. Араб мемлекеттерінің лигасы 1977 жылы 2-5
желтоқсан аралығында Триполи қаласында Келіспеу конференциясын шақырды.
1981 жылғы 6 қазанда Каирде әскери парад жүріп жатқан кезінде А. Садат
Палестина мен Сирия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Қазіргі әлемдегі қақтығыстар мен жанжалдар және оны реттеудің технологиялары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
Экономикалық Одақ жайлы
Аймақтық және әлемдік діни экстремизммен күрес
Араб - Израиль соғысы
Дін конфликтінің туындауына әсер ететін факторлар және дінаралық конфликттердің себептері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
Пәндер