Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

«Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері» тақырыбында дайындалған диплом жұмысына

П I К I Р

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының объектісімен пәндері дұрыс анықталған. Зерттеу жұмысының әдістері, әдістемелері, теориялық және практикалық құндылығы дәлелді қойылған.

өзінің дипломдық зерттеу жұмысында моно, полиэтникалық ортада қызмет ететін мұғалімдерде этникалық өзіндік санадағы этникалық бірдейлікпен, топтауырындардың ерекшеліктері болатындығын, полиэтноортадағы этноаффемациялық тенденцияның айқындығына қарағанда, моноэтникалық ортадағы этноаффимациялық тенденцияның айқындығы төмен болатындығын, жеткіншектердің этникалық өзіндік санасының дамуы мұғалімдердің өзіндік санасына байланысты болатындығын, этнопсихологиялық ағарту жұмысы мұғалімдердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін жете түсінуге мүмкіндік беретіндігін теориялық және эксперименттік тұрғыда дәйекті түсіндіре білген студент алдына қойған міндеттерін шеше алған деп айтуға болады. Себебі, отандық және шетел әдебиеттеріндегі зерттелген мәселелерге теориялық талдау жасаған, этникалық өзіндік сананың құрылымындағы этникалық диффренциялданған белгілердің мәнін аша білген, этникалық бірдейліктің құрамдас бөліктерін анықтай алған, әлеуметтік мәдени ортаның этникалық өзіндік сана, құрылымындағы топтауырындардың онымен қызметін айқындай білген, белгілердің ішіндегі тілдің орнын, маңызын көрсете білген, мұғалімдердің этноаффимациялық бағыттарын зерттеген, оларға этнопсихологиялық ағарту жұмыстарын жүргізген.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік сана табиғатын Б. Ф. Пориневтің ұлттық өзіндік туралы ережесін, А. Эриксонның идентификация тұжырымдамасын дұрыс ала білген.

Қорыта келе жазған диплом жұмысына біршама аяқталған, теориялық, практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген ғылыми жұмыс болып табылады.


топ студенті «Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері» тақырыбында жазған диплом жұмысына ғылыми жетекшісінің берген

ПІКІР

«Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері» тақырыбында жазған диплом жұмысы қазіргі кездегі қазақ ұлтының егемендігінің елеулігін дәлелдейтін, көпұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын жұмыс болып табылады. Студентің диплом жұмысы мемлекеттік оқу бағдарламаларының талаптарына және тапсырмаға сәйкес келеді. диплом жұмысы бойынша жасаған қорытындысы мұғалімнің этникалық өзіндік санасының оқушылардың этникалық санасының қалыптасуына зор әсер ететіндігі психологиялық, педагогикалық мәселелерді шеше алады. Әртүрлі ұлттарда жұмыс істейтін мектептердегі мұғалімдермен бірқатар эксперименттік жұмыстар жүргізген. Этнопсихологиялық ағарту жұмыстары мектепте қолдануға өте тиімді. Диплом жұмысы біршама теориялық тұрғыда дәлелденген, аяқталған жұмыс деп есептеймін.


Мазмұны

Кіріспе

1 бөлім. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері

1. 1. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің технологиясы

1. 2. Жеткіншек жас кезеңіндегілерге психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жургізудің қажеттілігі

2 бөлім. Оқушылардың проблемаларын диагностикалау және психокоррекция жүргізу

2. 1. Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін диагностикалау әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

2. 2. Диагностикалау нәтижесі бойынша психокоррекция жұмысын ұйымдастыру

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А. Г. Асмолов, А. А. Бодалев, Ф. Е. Василюк, Б. А. Вяткин, А. В. Забрамная, И. В. Дубровина, Ю. М. Забродин, В. А. Иванников, Ю. С. Сыэрд, У. В. Ульенкова т. б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т. с. с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.

Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.

Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А. А. Бодалев, А. В. Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И. В. Дубровинана мен Л. И. Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.

Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі - психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау;

- мектеп психологі қызметінде психокорррекциялық және психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

- мектеп оқушыларының жекелік психологиялық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласынығы Н. Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу негіздерін анықтау, окушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенк, Стреляу, Басса-Дарки, Филипс, пиктограмма тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекция және психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.

Бірінші кезеңде зерттеу жұмысының тақырыбы анықталап, тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, тақырыпқа сай мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінді, нәтижелерін талдау арқылы олардың психологиялық мінездемелері жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен психологиялық кеңес беру, психокоррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық әдістердің пайда болуын, оларды жүргізу технологиясы зерттелініп, орта білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы ұсыныстар және психокоррекциялық зерттеу жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді. Жиналған материалдар жүйеге келтіріліп диплом жұмысының тексті жазылды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері

1. 1. Психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізудің технологиясы

Білім беру саласындағы психологиялық қызмет көрсету проблемаларын зерттеуші И. В. Дубровинаның жетекшілігімен А. А. Андреева, Ф. Е. Василюк, Б. А. Вяткин, В. В. Давыдов, Ю. М. Забродин, Н. И. Обозов, Н. Н. Толстых, А. М. Прихожан т. б. балаларға психологиялық қызмет көрсету мазмұны және психологиялық қасиеттерді коррекциялау жолдары анықталды.

Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуге пайдаланылатын әдістемелр жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А. А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялык кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет қызметті ұйымдастыру балалар үйі мен мектеп интернаттарда басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу дағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мехемелерде өте қажет екені анық. Бұл мекемелердегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А. Г. Асмолов, А. А. Бодалев, Ф. Е. Василюк, Б. А. Вяткин, В. В. Давыдов, И. В. Дубровина, Ю. іМ. Забродин, В. А. Иванников, Ю. С. Сыэрд, У. В. Ульенкова т. б. ғалымдар психологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін нақты көрсетумен қатар психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жолдарын көрсеткен. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде окитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:

- мемлекеттік мекемелерге түскен балалардың жекелік ерекшеліктері;

- олардың тәрбиеленіп отырған ортасына тән әлеуметтік жағдайлар;

- мемелекеттік тәрбие мекемелеріне тән оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

- кішкентайлар мен жеткіншектердің дамуындағы жас ерекшеліктері;

- мекемелерде тәрбиеленетін балалардың мінез-кұлық ерекшеліктері.

Балалар үйі мен интернаттарға тән осы ерекшеліктеріне байланысты осы мекемелердегі балаларға психологиялық қызмет көрсету проблемалары кеңінен зерттеліне бастады. Кейінгі кезеңде психологиялық қызмет көрсету жалпы білім беретін мектептер тәжірибесіне ендірілді. Қазіргі кезде мектептердің барлық түрлерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі карастырылған. Психологиялық қызметтің мазмұны, мақсаты мен міндеттері анықталу барысында психологиялық кеңес беру және түзету-дамыту (психокоррекция) жұмыстарын жүргізу білім беру жүйесіндегі психологиялык қызмет көрсетудің бір саласы болып орын алды.

Психологиялық қызмет көрсету барысында психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінген және зерттеліну үстінде. Бұрынғы Кеңес бойынша бұл қызметтің негізін құрушылар И. В. Дубровина, З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур, М. Р. Битянова, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, В. Г. Гильбух, Е. И. Рогов, Р. Римский, С. Римская т. б. ғалымдар. Олар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен катар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген. Сондықтан осы жас кезеңіндегі балалармен жұмыс жүргізгенде психокоррекция элементтері және психологиялық кеңес беру қызметі жиі орын алады.

А. С. Спиваковская отбасындағы және мектептегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның балаға позитивті және негативті әсерлерін, психологиялық отбасылық климатын «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деп сыныптастырған. Осы жағдайлар балалардың психологиялық дамуына өзінің теріс әсерін тигізсе оның мінез-құлқында акцентуация ерекше орын алатыны анықталған. Сонымен қатар баланың психологиялық дамуына көптеген себептер әсерін тигізеді. А. С. Спиваковская келесі факторларға үлкен көңіл аударуды талап етеді:

1. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес тәрбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.

2. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Бала дамуындағы психологиялық бейнесінде орын алатын ауытқуларды түзетуге және жағымды қасиеттерін дамытуға арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу психологқа жүктеледі. Бұл шаралар психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны жүргізудің технологиясын жасағандардың бірі А. А. Бодалев. Ол отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуын зерттеу негізінде және осы жағдайды нормаға жақындату ерекшеліктерін түзетуге арналған психокоррекция технологиясын жасап, оның психологиялық кеңес беру жұмысымен ортақ жерлері өте көп екендігін көрсеткен. Сондықтан біз түзету-дамыту жұмысының осы екі түрін ұштастырып пайдалану ерекшеліктерін жиі қолданған тиімді деп таптық. Психологиялық кеңес беру барысында көзделінетін негізгі мақсат -психологиялық проблемасы бар адамдарға осы проблеманы тудырған мәселелерін талдау арқылы оған негіз болған себебін түсіндіріп беру. Осы түсіндіру барысында клиент өзінің позициясының дұрыс емес екендігіне көзі жетсе проблема шешіледі. Ал психокеррекция барысында адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шыжырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилі ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

Баланың жас ерекшеліктеріне және алдында тұрған проблемасына байланысты психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдері анықталады. Психологиялық кеңес беру және психокеррекциялык жұмыс жүргізу өте күрделі жүйе болып табылады. Оны ұйымдастыру жолдарын зерттеушілер қызмет көрсетудің бұл түрін бірнеше блоктарға бөліп жүргізген дұрыс деп табады. Әр блоктың өзіне тән міндеттері бар, сондықтан оның мән-мағнасын ашып көрсеткен жөн.

І-блок - психодиагностикалық. Бұл кезеңде баланың психологиялық қасиеттерінің дамуы бағаланып, ол нормаға сайлығы, немесе ауытқуы бар болса ол ауыткулардың себебі анықталып, ыңғайсыз жағдайға алып келген факторлар талданады және бала өміріндегі олардың орны анықталады. Шытырман жағдай зонасы отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі т. с. с. жерлер болуы мүмкін (сол адамның өмір сүру ортасы) . Осы жағдайды тудырған ортаны анықтаудың мэні өте терең.

ІІ-блок - бағыт беру деп аталады. Бұл кезеңде клиенттің психологиялық жағдайы өзімен бірге отырып талданылады және ол психологиялық кеңес беру жұмыстарына катынасуы. психокоррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріліп, ол жұмыстың ерекшеліктері түсіндіріледі. Психокоррекция көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әдіс.

Оның ішінде коррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері өте үлкен:

а) психолог пен коррекцияға қатынасушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (ұштасып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді) . Бұл байланыс құбылмалы. Өйткені ол қатынасушылардың психологқа сеніміне байланысты өзгеріп тұрады.

б) қатынасып отырғандардың психологка және бір-біріне сенуі, осы сенімнің күшеюі, оны білдіруі. Бұл құбылыска байланысты әркім өз сырын ашып айтады немесе түйсініп қалады.

в) Сенімнің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жететінін түсінуінің белгісі болып табылады.

Баланың проблемасы отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты болса коррекциялық жұмыс балалармен және олардың ата-аналарымен, немесе оларды тәрбиелеуші үлкендермен параллель жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағынада болуы мүмкін:

- баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды қалыптасқан талаптарға сай келтіру;

- мінез-құлықта қалыптасқан жағымсыз құрылыстарды бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта кұру;

- мінез-құлықта көрініс беретін жағымсыз стереотиптерді және оның эмоционпалдық көрініс беру формаларын өзгерту;

- жалпы даму барысын реконструкциялау (құрылымын өңдеу) ;

- ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінің барлық жас кезеңдерінде маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болып табылатын ойын әрекеттің орны ерекше. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Коррекциялык ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.

1. Балалар ойнау барысында басқа адамдарға деген сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.

2. Басқа адамдарға, үлкендер, кішілер және құрбыларына, өз-өзіне деген көзқарасы ақикатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға үйренеді.

3. Өзіне деген сенімі нығайады.

4. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесі қалыптасады.

5. Ойын - іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.

6. Балаларды сыйлап, олардың пікірімен санаса қатынас жасау арқылы олардың санасына кішігірім өзгерістер ендіріп, олардың дербес болуға, өз бетімен қажетті мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Үлкендер, кішкентайлар кемесе аралас топтарда пайдаланылатын коррекциялык ойындар іскерлік ойындар, ермек ойындардының көптеген ортақ көрсеткіштері бар, сонымен бірге әр коррекциялық топта жүргізілетін ойындар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Дегенмен коррекциялалық ойындарды қандай топта пайдаланғанда да олардың ортақ көрсеткіштерінің бар. Олар келесі:

1. Бірінші талап - коррекция жүргізу үшін оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Кішкентай балалармен коррекция арнайы жабдықталған ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады. Коррекциялық топтардағы қарым-қатынастың ең үлкен ерекшелігі - баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмау, нормативтармен таныстырмау, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

2. Екінші талап - қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі кысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей болуға тиіс. Өйткені қарым-қатынаста шиеленіс туған өмір сүру зонасындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көріністері конфликтінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасу барысында ол адам өзінің басқаларға деген бұрынғы қырсық мінезінің өрескіл, ыңғайсыз екеніне түсінеді және коррекциялық ойындар барысында ізгі ниетті қарым-қатынастың басқаларға жағымды, сыйысымды болудың негізгі жолы екенін көрсетеді және басқалармен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болу үшін жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрілерінің дұрыс үлгісін көрсетуге тиіс. Бұл міндетті шешу үшін коррекциялық топта келесі шарттар сақталуы керек:

а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-катынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүреді;

б) ешкім ешкімді сынап, мін айтып, айыптап отырмайды;

в) шектеу шектеулі, жіберілген қателіктер үшін ұрсу, ескерту айту, жазалау жоқ;

г) барлық қатынасушылар өздерін емін-еркін сезінуге мүмкіндік туғызылады.

Ойын коррекциясын ұйымдастыру барысында, психологиялық кеңес беру үшін күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан өте қарапайым болады. Мысалы: «Неге сіз баскаша ойлайсыз? Онда тұрған не бар екен?» Мәселесіні шеше алмай жүрген адамға кей кезде кішкентай түрткі керек. Сондықтан жетелеме сұрақтар кеңінен пайдаланылады, ал олар мағналық және кұрылымдық жағынан қарапайымдылығымен тартымды болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Психология тарихының әдістері
Мектеп жағдайында мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық қарым қатынас ерекшеліктері
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Психологиялық әдістердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz