Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму эволюциясы



І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
А. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму эволюциясы.
Б. Кәсіпкерлік.рыноктық шаруашылық жағдайында меншікті экономикалық дамыту әдісі және кәсіпкерліктің экономикалық мәні.
В. Шағын кәсікерлік . ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
ІІІ. Қорытынды
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға - өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін кажетті, мынадай баѓыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.1
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалықдаму теорияларының арасьшда ең сонғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашкы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта күрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатьш нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу каупі бар. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойәан жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде еріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мүндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей баскару деңгейі мен аймактық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың түтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақжеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және жүмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінін маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар накты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялықдәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдык. ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бүл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдықтарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі танда АҚІП-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6%-і шағын жоне орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко, У. Петти, К. Moop сияқты американдык ғалымдар ‰лкен үлестерін қосты2.
1. “Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау”
Сүндетұлы. 2002 ж. Алматы.
2. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері”
Бердалиев А. 2001 ж. Алматы.
3. “Экономикалық терия негіздері” Я. Әубәкіров.
4. “Әлеуметтану” Сәрсенбаева. Тәңірбегенова.
Алматы. 2001 ж.
5. “Кәсіпорын экономикасы” Мейірбеков. Алматы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

А. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму
эволюциясы.

Б. Кәсіпкерлік-рыноктық шаруашылық жағдайында меншікті
экономикалық дамыту әдісі және кәсіпкерліктің экономикалық мәні.

В. Шағын кәсікерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға -
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық
қайта құруларды іске асыру үшін кажетті, мынадай баѓыттарды ұстануда -
мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық, несиелік саясат, құнды
қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау,
шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.1
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы
экономикалықдаму теорияларының арасьшда ең сонғы орында емес, оның
мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта
кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес
мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде
тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде
экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың
маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашкы қадам болып
табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде
кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта
күрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатьш нұсқауларға,
салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар
ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу каупі бар.
Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойәан
жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде еріс алғандай, жаңа
жұмыс орындарын аша алмауда. Мүндай жағдайлардың себептерінің бірі
фирманы тікелей баскару деңгейі мен аймактық басқару деңгейінің және
мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың түтас
жүйесінің жоқтығы, сондай-ақжеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды
шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар
елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және
жүмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта
бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен
қатар, кәсіпкерлік феноменінін маңыздылығын зерттеуге арналған
бірқатар накты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялықдәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдык. ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бүл
осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдықтарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі танда АҚІП-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар
және олардың 6%-і шағын жоне орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар.
Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко,
У. Петти, К. Moop сияқты американдык ғалымдар ‰лкен үлестерін қосты2.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялык және методрлогаялық мәселелері
отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Дегенмен бүл салада жасалан жүмыстардың бар екендігіне карамастан, ол
жүмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы
экономикалық көзқарастары ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. XIX
ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және
капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде
қарастырған. Көптеген жылдар боны экономист ғалымдар еңбек, жер және
қаржы ресурстарын басқару проблемаларымен шүғылдануда. Бірақ,
кәсіпкерлікті басқару мәселесі негізгі өндіріс факторы ретінде әлі
күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бүл зерттеуде менеджмент
(баскару) түрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың концепциялык, әдісі
талданады. Кітапта үсынылған концепция бүгінгі таңда аз зерттелген
және мүлдем әзірленбеген дерлік.
Кітап авторлары Көкшетау экономика және менеджмент
институтының экономика және менеджмент кафедрасынын аға оқытушысы
Нүрпейсова Жанат Нүрпейісқызына 3, 4, 5 бөлімдерін біріге отырып
әзірлегені үшін, сондай-ақ 1.1., 1.2. және 2.2. бөлімдерін біріге
отырып әзірлеген Сәбденова Жанар Оразалықызына өз алғыстарын
білдіреді.

Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму
эволюциясы.

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне” деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар бірлестіктердің
белсенді,дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуеклге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көзін
көздейді. Кәсіпкерлік шығармашылық күш – жігерді жүзеге асыруға,
экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден,
коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке,
бастаған ісінде тапқырлық пен жаңашылдыққа жаңашылдық танытуға ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда –
көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген консультациялық қызметтер және
т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар опеациялары.
Ќазаќстан республикасыныњ кєсіпкерлік ќызметтіњ субъектілері
мына бола алады:
- Ќазаќстанныњ азаматтары ;
- Шетел мемлектініњ азаматтары,
- Адамдардыњ бірігуі.
Кєсіпкердіњ мєртебесі зањды жєне зањды т±лѓалар мемлекттік тіркеуден
µткеннен кеиін к‰шіне енеді.
Ќ±ќыѓы, міндеті жауапкершілігі жєне кєсіпкерлердіњ кепілдіктері ±лттыќ
зањдармен реттеледі. Мысалы, ЌР-ныњ зањдарымен ретелетіндер:
- кєсіпкерлік ќызметпен аиналысу ќ±ќќыѓы, кєсіпорындар ќ±ру жєне олар
‰шін ќажетті м‰ліктер сатып алу,
- барлыќ субъектілердіњ рыноктаѓы материалдыќ, ењбек, аќпарат жєне
табиѓи ресурстарѓа ќол жеткізудіњ тењдік ќ±ќыѓы;
- меншік т‰рлеріне жєне ±йымдастыру – ќ±ќыќтыќ формасынаќарамастан
кєсіпорын ќызметініњ тењдік жаѓдаы,
- кєсіпкерлердіњ м‰ліктерінен зањсыз аиыруды ќорѓау;
- кєсіпкерлік саласындаѓы бекітілген шегінді еркін тањдау;
- нарыќтыќ монополияжаѓдаында кєсіпкерлер мен кебір тауар
- µндірушілердіњ бєсекеге селќос ќарауына жол бермеу.

Кәсіпкерлік туралы теориялык концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард
Кантиллионньщ еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік
теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердін еңбектерінде дамытылды да, олар
бірте-бірте кәсіпкерлік — бүл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген
бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын күруды біддіретін
үғым деген пікірге келді.
Алғашкыда "кәсіпкерлік" термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәукел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол
капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды
ажыратып отырды Ол кәсіпкерді өзіне өзі жүмыс орнын жасайтын адам ретінде
қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйакы үшін жүмыс істеу
қанағаттандырмаса, ол оз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды,
сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің
басты ерекшелігі олардың т±рлаусыз жаәдайларда жүмыс істеулері.
Кейінірек XVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар
кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты
кәсіпкерлерді түрлаусыздық иелері деп санады, бірак ілгері жылжи отырып,
бүл аныктамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердін
пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де
енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім ґндірісін үйымдастыру, жаңа
әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарыктарын іздестіруі кажет.
Басқа бір физиократ, дін кызметшісі Николас Бауде (Nikolas Baudeau 1767)
өндірушелер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалыктарға яәни
жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.
Бауде еңбек өнімділігінің үлғаюындағы ғылым мен технологиям маңыздылығына
әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенуішнін өзара
айырмашылықтары бар деп үйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен
қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бүл қаржы қүралдарын шикізат алуға
және жұмысшыларға еңбек ақы тәлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ
тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде
сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті
үйымдастыру енері сияқты маңызды салада оқытып үйрету кажеттілігін көрсетті
әрі мемлекетті ґзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды
қолдау үшін пайдалануәа шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ
монополиямеп күресу қажеттілігін және салык жүйесінде тортіптің жоқтығын
көрсетті. Көріп отырғанымызлай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің
уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген. жылы Адам Смит өзінің
"Халық байлығыньщ табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегін
жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бґліп көрсетті: жер, еңбек,
капитал, бірак кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады.4 Тек 1810 жылы Жан
Батист Сэй алғашкы рет кәсіпкерліктің ролі мен мәнін негізгі өндіріс
факторларынын бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялык тґңкеріспен
қатар кәсіби менеджменттік тґңкерІстің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің
айтуынша "Өндіріс шеберлері" келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы
қажет.
0. Төлем кабілетті, тәртіпті, сақ, адал және түрақты болуы;
1. Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені
уақытында қайтара білу;
Өз бойына әдеттілік, бизнесті жете білушілік пен
табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
2. Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен
маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды
сүранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу
жағдайында болу.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық
көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта
білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба
білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен
басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар ө німді сатудан бүрын, оның
бағасы мен қүнын дүрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан,
Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді
қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп түр.
Субъективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл
Менеджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз
емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен
рґл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер — өте сирек кездесетін және
эпизодтык сипаты бар қүбылыс. Менджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу
және өнімді ендіру түрін тандау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі
сатыларын жасады:
а) экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
б) экономикалық есеп
в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді
тандау;
г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында
өндіріс жоспарының орындалуын басқару.6
1890 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болды, бірақ
біз осы уақытта-ақ Альфред Маршалдың кәсіпкер мен менеджердің арасында
айырмашылыктың бар екендігін алғаш көрсеткен зерттеулерін табамыз. Менеджер
кәсіпорьшда өте маңызды міндет атқарады, бірақ Маршалдың пікірінше, тек
кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік пен
тәуекелді өз мойнына алады, сондыктан ол менеджерге орі кәсіпкерге қажетті
қасиеттерге ие болуы тиіс. Сонымен бірге Маршал, ґте онды кәсіпкерді
сипаттайтын касиеттердің көп екендігін және тек кейбіреулері ғана жоғары
дәрежеде сол касиеттерге ие екендігін атап корсетеді. Негізінен кәсіпкерлер
бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің
негізгі міндсті капитал мен еңбекті қозғалысқа келтіру, неәізгі жоспар мен
оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын дайындау болып табылады.
Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік қабілет те өсуі қажет, сонымен катар
ол өзінің сапылығын, жан-жақтылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге деген
қабілетін, табандылығын сактауы керек, тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер
болып кала алады. Сонымен Маршаллдың сіңірген еңбегі — алғаш рет кәсіпкер
мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі кґрсетуі.
Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шумпетерді (1910)
қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Өзінің ілімдерінде
Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер роліне
алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бүл оның өндіріс күштерін жанадан
үйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс
циклдарының тездетілуіне немесе жалпы экономикалық келісімге алып келеді.
Шумпетер кәсіпкердің оз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды
аныктайды:
І.Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2.Жаңа өндіріс әдістері;
З.Жаңа өткізу нарықтары;
4.Жаңа жабдықтау көздері;
5.Жаңа үйымдастыру түрі.
Джозеф Шумпетер кәсіпкерлерді жәй альшсатарлар мен инвесторларға
қарағанда, әртүрлі бағьттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес
күратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік
еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның Өндіріс қүралдары мен
ортүрлі матери алдардың жай ғана жинақталуынан түрмайтындығын, ол тауар мен
қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаца еткізу
нарыәын, жабдықтаудың жаңа көздерін және үйымдастырудың жаңа түрін іздеп,
енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан түратындығын атап көрсетті. Сонымен
қатар олар өз еңбегімен, осы уакытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады
жоне ол кәсіпкерлік пайда деп аталады7.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінін өте маңызды белгісі-түрлаусыздық
жағдайында жүмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі
бойынша, кәсіпкер - түрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын,
өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы түрде
үйымдастыру және бақылау сияқты міндеттергс ерекше көңіл аудара отырып,
кәсіпкердің міндеттерін сипаттайды. Бірақбелгілі міндеттерді атқаратын жай
менеджеанда кәсіпкердің мәні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорньшың да
меншіктенушісі болуы керек, яәни капиталды да басқаруы керек. Мұның үстіне,
Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсіпорын
қүруында да емес, оның түрлаусыздық жағдайында жүмыс істеу қабілеттігінде,
сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде деп санады.
Кәсіпкер кәсшорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген тәуекелге
өзінің капиталмен баруға дайын болуы керек. Қазіргі заманғы
авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд (1961) кәсіпкерге
мынадай сипаттама береді: Дәлелденген тәуекелдерге бара білу Жігерлік және
іскерлік белсенділік Жеке, дербес жауапкершілік Қабылданатын шешімдердің
салдарын білу Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда:
0. Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді
болжай білу
1. Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер (1964) алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды үйымдастыруға
арналған мүмкіндік ұғымын енгізеді. Жаңа кәсіпорын ушін қорларды іздеу мен
орналастырудан бүрын, бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу
керек. Экономистер кәсіпорыннын пайдасын көбейту жайлы айтуда. Негізінде,
сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда
кәсіпкердің жүмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден түрады, нәтижесінде
кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін
салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі-тиімділігі жоғары
кәсіпорындар күра білу кабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында
кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін
атап көрсетеді.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін атайды:
қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті
операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі — жаңартпашылық. Қызметтің
бірінші түрі орныққан, жаксы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп түрған
кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет - жаңа нарықтар
жағдайында жүмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру.
Кэсіпкер түрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы,
материал және еңбек қорларын игеру базасында кызмет көрсету немесе енімге
деген белгілі бір кажеттілікті қанаәаттандыратын жаңа бизнесті кұру процесі
ретіңде карастырылады. Кәсіпкерліктің кґрсетілген анықтамаларын талдай
отырып, біздің көз-қарасымыз бойынша, кәсіпкерліктщ келесі анықтамасын
қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маныздыларын
бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік — жаңа кәсіпорынды кұрумен немесе белгілі бір
дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты
жаңартпашылық кызмет.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сиякты өндіріс факторларын
жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте
сөз, кәсіпкердін фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының
белсенділігін арттыру арқылы казіргі кәсіпорынды дамытудағы зор енбегі
жөнінде болып отыр. Сондыктан, кәсіпкерліктің соңәы уақытта негізгі өндіріс
факторларымен бір қатарәа қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік
экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа
жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс
және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге
асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады.
Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда
әндіріс көлемін үлғайтуға, фирма қызметінін географиясын кеңейтуге,
фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру
қабілеттілігін қолдауға және такырыптарға отырудан қүтылуға деген
қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бүл элементтерін
бюджеттік, былайша айтқанда, пайдасыз деп аталатын үйымдарға да байланысты
айтуға болады.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта күрудың
басталуымен айтыла бастады. Бүл кезде былайша айтқанда, икомсомолдык
кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталыктары негізінде
кооперативтер кұра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашкы толқыны
төтеп беріп қана коймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алыньш, "арзан" кайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бүрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы кдбылданған
"СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы" заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы "Кооперация туралы заң" қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай қүрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақүрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бґлігі ғана
аяғынан түрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырыктандырды. Түтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік
белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар зандар қабылданды. Қазакстанда
кәсіпкерліктің дамуына "Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық
қызметтің еркіндігі туралы" (1991), "Жеке кәсііжерлікті қолдау және қорғау
турады" (1992) заңы сияқты зандар турткі болды. 1994 жылдьщ басында-ақ жеке
кәсіпорындар саны 15,7 мынды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны
164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктін субъектілер саны 307
мынды қурады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кэсіпкерлік
қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес,
түтынушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізу
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму теориясының эволюциясы
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Менеджмент теориясы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Пәндер