Қазақ ертегілеріндегі құрмалас сөйлемдер



Зерттеудің жалпы сипаттамасы
Зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат.міндеттері, нысаны, зерттеу әдістері, зерттеу деректері, диплом жұмысының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..3.7
I тарау. Қазақ ертегілеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер
1.1. Мегзілдес салалас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.12
1.2. Қарсылас салалас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.15
1.3. Себептес салалас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.15
1.4. Түсіндірмелі салалас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.17

II тарау. Сабақтас құрамалас сөйлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
2.1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.26
2.2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.28
2.3. Қимыл бағыныңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.29
2.4. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.32
2.5. Қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32.35
2.6. Салыстырмалы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.35
III тарау. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.
3.1. Аралас құрмалас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36.39
3.2. Көп компонентті салалас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.42
3.3. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43.46
3.4. Көп басыңқылы сабақтас сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46.50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51.51
Пайдаланылған әдебиеттер
Қысқартылған атаулар
Фольклор халықтың шығармашылық талантының идеялық – көркемдік танымның жемісі ғана емес, сонымен бірге халық тілінің әр дәуірдегі қалпын бұзбай сақтап келіп, барынша дәл көрсете алатын тілдік қазынасы да болып табылады. В.Я.Пропп: “Фольклор есть в подлинном смысле слово народное творчество” [37, 350] – дейді. Мұны біз қазақ фольклорының тілі туралы да айта аламыз.
Фольклор тілі – шын мәнінде, таза халықтық тілдің үлгісі, өте мәнді әрі этнолингвистикалық қайнарлардың бірі. Ол өз құрамындағы өте әріден келе жатқан тілдік жүйелердің әр алуан көріністерін біздің заманымызға жеткізді. Е.Қ.Жұбанов “Ауыз әдебиетінің дәстүрі өзінің тұрақтасқан нормаларын мейлінше сақтап, қоғамдық сана ретінде қоғам мүшелерімен бірге жасасып келеді”, [23, 6] – деп атап көрсетті.
Фольклор тілін зерттеудің тіл тарихын білу үшін де, әдеби тіл тарихының курсын жасау үшін де мәні зор. Тілдің, дәлірегі, ауызекі тілдің қазіргі қалпына тән көптеген құбылыстарды танып, оларды дәл де анық бағалау үшін де фольклор деректерінің берері әрі теориялық, әрі практикалық тұрғыдан соншалықты мол. Фольклор тілінің негізгі – халықтың поэтик тілінің әр түрлі кезеңдегі әдеби көріністері екені даусыз. Олардың өзара қарым-қатынасын білу арқылы да осы заманғы әдеби тіліміздің әрідеңгі тарихын зерттеуге және жалпы халықтық қазақ тілінің сан-салалы арналарын кеңірек шолып, жан-жақты қамтуыға қажетті мүмкіндіктер молаяды.
Жоғарыда айтылған еңбегінде Е.К.Жұбанов фольклор тілі мен әдеби тілдің арақатынасын былайша түсіндіреді. “Тек өзінің ежелгі дәстүрлерін, тілдік нормаларын сақтап қана қоймай, фольклор – сөз өнерінің айрықша бір саласы ретінде – кейінгі жазба әдебиетін тіпті бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына қажетті мол азық болғаны мәлім. Сөйтіп, адам баласының сәбилік дәуіріндегі іргесі қаланған бұл әдебиет бізге халқымыздың көркемдікті тану процесіндегі ой-санасының тарихынан көптеген қызықты деректер берумен қатар, әдеби тілдің күні бүгінгі қалыптасу заңдылықтарын терең түсінуге де септігін тигізеді” [23, 6].
Фольклор тілін зерттеу тілдің ауызекі сөз қалпын дәл білу үшін өте қажет. Фольклор – қазақ халқының неше ғасырлық рухани байлығы. Жазуы кеш дамыған қазақ халқы да әдеби мұраларды әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша таратты. Сол тараған әдеби мұра қара сөз қалпында, жыр мен толғаулар, поэзиялық түрде мақал мен мәтелдер, халық даналығын білдіретін афоризм сөздер фразеологиялық тұтастықтарда бірде мазмұны мен формасын тұтас сақтаса, енді бірде мазмұнын ғана сақтап, айтылу тұлғаларында өзгеріске ұшырады. Осылардың ішінде әсіресе ертегілер қара сөзді прозалық түрде айтылады. Ертегілерді халықтар тұрмыста рухани тұтыну құралы ретінде пайдаланып келеді де, ол халықтың репертуарынан еш уақытта түскен емес. Мұра иесі мен ол мұраны игерушінің арасында үзіліс болған емес. Сондықтан да ертегі ұжымның ортақ қазынасы ғана емес, ұжымның әрі ортақ тіл қазынасы, бірақ осыған қарамай, ертегі өзінің өте көне тілдік үлгілерді сақтап отыратын күнделікті сөйлеу тілінің жөргегінде әр дәуірдегі өз сөйлеу тілі нормасымен айтылатын ерекшелікке ие.
1. Адамбаев Ж.Д. Қазақ жұмбақтарының әдеби –стилистикалық және тілдік ерекшеліктері. Ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін дисс. жұмысы – Алматы, 1977. 211б.
2. Алиева А.Н. Поэтика и стиль волшебных сказок адыгских народов – М.: Наука, 1986С. 278.
3. Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. Книга 1- Казань, 1879.
4. Алтын сақа, Қазақтың қиял ғажайып ертегілері: - Алматы, Жалын, 1983-311б.
5. Айдаров Ғ. Көне түркі ескерткіштерінің тілі. Алматы.: Мектеп, 1986.
6. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі А., 1986.
7. Асқарова М. Абдрахманов Г. Узбек тили грамматикасының практикумы. Тошкент, 1972.
8. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі – Алматы: Жалын, 1971-188б.
9. Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы А. «Ана тілі», 1992 Қазақ әдебиет тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.
10. Байзақов Ж. «Алпамыс» жыры тілінің лексикалық ерекшеліктері ф.ғ.к. атағын алу үшін жазылған дисс. жұмыс – Алматы, 1967-230 б.
11. Борковский В.Н. Синтаксис сказок – М.: Наука, 1981 с.235.
12. Васильев А.В. Образцы киргизской народной слоесности – Ориенбург, 1898. вып/с. 89.
13. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика – М.:Изд-во АНССР 1963. с.255.
14. Гаппаров С. Синтаксический строй киргизких пословиц и поговорок. Автореф. канд. дисс. Фрунзе, 1983.
15. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті – Алматы: Қаз мем оқу педбас, 1958-344б.
16. Давыдова О.А. Традиционные языковые средства русской народной волшебной сказки. Автореферат дисс. на соис. Ученной степени к.ф.н. – М., 1981. с.16.
17. Диваев А.А. Казахская народная поэзия. Из образцов. Собранных и записанных А.А.Диваевым. Алма-Ата: Наука, 1964. с.25.
18. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі А., «Білім», 1995.
19. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы – Алматы: Ғылым, 1982. 141б.
20. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер – Алматы: Ғылым, 1969. 193б.
21. Ескі түркі жазба ескертекіштері туралы зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1983, 205 б.
22. Жұбанов Қ. Қазақтілі жөіндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1966. 361 б.
23. Жұбанов Қ. Эпос тілінің өрнектері – Алматы: Ғылым, 1978. 184 б.
24. Жұмалиев Қ., Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті 8-класқа арналған оқулық. А., 1978.
25. Жубанов Е.К. Литературно – лингвистическая особенности этноса «Козы Корпеш – баян Сулу» дисс. на учен. АКД. А.: 1967.
26. Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. Казань. 1963. Хазерге татар әдеби теле., Синтаксис. Казань университеті. 1958.
27. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері – Алматы: Ғылым, 1976. 98 б.
28. Керімбаева З.К. Традиционные языковые средства казахских народных сказок. Автореферат. канд. дисс. А., 1989.
29. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. А. 1991.
30. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің мәселелелері. А. 1991.
31. Қордабаев Т. Қазақ жазбаларының тілінің синтаксисі. А., 1966.
32. Қазақ тілі (Энциклопедиясы) А., Қазақстан даму институты, 1998.
33. Қазақ тілінің грамматикасы 2-бөлім. Алматы, 1967.
34. Мамытбеков Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдер. Канд. дисс., А., 1973.
35. Нұрмаханов А.Н., В.В.Радлов еңбектеріндегі түркі мақал-мәтелдерінің лексика – грамматикалық сипаты. Канд. дисс. 1994.
36. Өміралиев Қ. Оғуз қаған эпосының тілі А., 1988.
37. Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. Л.:Издательство ЛГУ. 1986. с.364.
38. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі А., «Ғылым», 1948.
39. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктері. А., 1997.
40. Сәрсенбаев Р. Лексика – стилистические особенности казахских пословиц и поговорок. АКД. А., 161.
41. Сыздықова Р. Қазақ әдебиеті тілінің тарихы. А., 1993.
42. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. А., 1995.
43. Серғалиев М., Айғабылов Н., Күлкенов О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы. 1991.
44. Хасенов Ә. Синтаксис пен пункцияның кейбір мәселелері. Алматы, Ғылыми методикалық кабинет, 1957.
45. Балақаев М., Қордабаев Д. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы. 1971.
46. Аманжолов С.А. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқышы курсы. Алматы. 1940.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

“Қазақ тілі” кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Қазақ ертегілеріндегі құрмалас сөйлемдер

Орындаған: Сағындықова Ғ. 31-12 тобы
Ғылыми
жетекшісі: Керімбаева З.К.

ф.ғ.к., ХҚТУ профессоры

Шымкент 2008

МАЗМҰНЫ

Зерттеудің жалпы сипаттамасы
Зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат-міндеттері, нысаны, зерттеу
әдістері, зерттеу деректері, диплом жұмысының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...3-7
I тарау. Қазақ ертегілеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер
1. Мегзілдес салалас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .8-12
2. Қарсылас салалас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 13-15
3. Себептес салалас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .15-15
4. Түсіндірмелі салалас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...16-17

II тарау. Сабақтас құрамалас
сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 18- 19
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...19-26
2. Себеп бағыныңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...26-28
3. Қимыл бағыныңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .28-29
4. Мезгіл бағыныңқы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..29-32
5. Қарсы бағыныңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..32-35
6. Салыстырмалы сабақтас сөйлем
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-35
III тарау. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.
1. Аралас құрмалас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 36-39
2. Көп компонентті салалас
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
40-42
3. Көп бағыныңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..43-46
4. Көп басыңқылы сабақтас
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...46-50

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..51-51
Пайдаланылған әдебиеттер
Қысқартылған атаулар

Зерттеудің жалпы сипаттамасы

Фольклор халықтың шығармашылық талантының идеялық – көркемдік танымның
жемісі ғана емес, сонымен бірге халық тілінің әр дәуірдегі қалпын бұзбай
сақтап келіп, барынша дәл көрсете алатын тілдік қазынасы да болып табылады.
В.Я.Пропп: “Фольклор есть в подлинном смысле слово народное творчество”
[37, 350] – дейді. Мұны біз қазақ фольклорының тілі туралы да айта аламыз.
Фольклор тілі – шын мәнінде, таза халықтық тілдің үлгісі, өте мәнді әрі
этнолингвистикалық қайнарлардың бірі. Ол өз құрамындағы өте әріден келе
жатқан тілдік жүйелердің әр алуан көріністерін біздің заманымызға жеткізді.
Е.Қ.Жұбанов “Ауыз әдебиетінің дәстүрі өзінің тұрақтасқан нормаларын
мейлінше сақтап, қоғамдық сана ретінде қоғам мүшелерімен бірге жасасып
келеді”, [23, 6] – деп атап көрсетті.
Фольклор тілін зерттеудің тіл тарихын білу үшін де, әдеби тіл тарихының
курсын жасау үшін де мәні зор. Тілдің, дәлірегі, ауызекі тілдің қазіргі
қалпына тән көптеген құбылыстарды танып, оларды дәл де анық бағалау үшін де
фольклор деректерінің берері әрі теориялық, әрі практикалық тұрғыдан
соншалықты мол. Фольклор тілінің негізгі – халықтың поэтик тілінің әр түрлі
кезеңдегі әдеби көріністері екені даусыз. Олардың өзара қарым-қатынасын
білу арқылы да осы заманғы әдеби тіліміздің әрідеңгі тарихын зерттеуге және
жалпы халықтық қазақ тілінің сан-салалы арналарын кеңірек шолып, жан-жақты
қамтуыға қажетті мүмкіндіктер молаяды.
Жоғарыда айтылған еңбегінде Е.К.Жұбанов фольклор тілі мен әдеби тілдің
арақатынасын былайша түсіндіреді. “Тек өзінің ежелгі дәстүрлерін, тілдік
нормаларын сақтап қана қоймай, фольклор – сөз өнерінің айрықша бір саласы
ретінде – кейінгі жазба әдебиетін тіпті бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына
қажетті мол азық болғаны мәлім. Сөйтіп, адам баласының сәбилік дәуіріндегі
іргесі қаланған бұл әдебиет бізге халқымыздың көркемдікті тану процесіндегі
ой-санасының тарихынан көптеген қызықты деректер берумен қатар, әдеби
тілдің күні бүгінгі қалыптасу заңдылықтарын терең түсінуге де септігін
тигізеді” [23, 6].
Фольклор тілін зерттеу тілдің ауызекі сөз қалпын дәл білу үшін өте
қажет. Фольклор – қазақ халқының неше ғасырлық рухани байлығы. Жазуы кеш
дамыған қазақ халқы да әдеби мұраларды әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа
ауызша таратты. Сол тараған әдеби мұра қара сөз қалпында, жыр мен
толғаулар, поэзиялық түрде мақал мен мәтелдер, халық даналығын білдіретін
афоризм сөздер фразеологиялық тұтастықтарда бірде мазмұны мен формасын
тұтас сақтаса, енді бірде мазмұнын ғана сақтап, айтылу тұлғаларында
өзгеріске ұшырады. Осылардың ішінде әсіресе ертегілер қара сөзді прозалық
түрде айтылады. Ертегілерді халықтар тұрмыста рухани тұтыну құралы ретінде
пайдаланып келеді де, ол халықтың репертуарынан еш уақытта түскен емес.
Мұра иесі мен ол мұраны игерушінің арасында үзіліс болған емес. Сондықтан
да ертегі ұжымның ортақ қазынасы ғана емес, ұжымның әрі ортақ тіл қазынасы,
бірақ осыған қарамай, ертегі өзінің өте көне тілдік үлгілерді сақтап
отыратын күнделікті сөйлеу тілінің жөргегінде әр дәуірдегі өз сөйлеу тілі
нормасымен айтылатын ерекшелікке ие.
Адамның тәрбиелеуінде, ой-таным жүйесінің қалыптасуында, Отан сүю,
халықтардың әдет-ғұрпын сүю, жас бала нәрестенің есеюі, қоғаммен, адаммен
араласуы – бәрі ана сүтімен, ананың әжесінің сәбиге айтқан ертегісімен
кіреді. Абайдың болашағының анықтауында Зере әжесінің айтқан ертегілерінің,
А.С.Пушкиннің болашағының анықтауында Арина Родионовна айтқан ертегілерінің
мәні зор. әр халық тарихында сондай роль атқаратын ертегінің бала миында
қонуы үшін көкірегіне ұялау үшін баланың жас өспірім, азаматтық кездерінде
соңғы өмір танымының таразысы болып қалатын ертегінің құлаққа жағымды,
көкірекке қонымда ертегі тілінің алатын орны ерекше.
Фольклор тілі, оның жекелеген жанрлары тілдің күні бүгінге дейінгі
зерттеу жағдайы төмендегідей.
Фольклордың поэзия күйінде келген жанрларына келсек, оларды да, түгел
қамтылып зерттелді деуге болады. Эпикалық шығармалардың ішінен Ж.Байзақов
“Алпамыс батыр” жырын алады да, оның өзінде тек лексикасын зерттейді [10].
Фольклордың қазақ тілінде ең көп жайылған түрі – лиро – эпикалық жырлар.
Е.Қ.Жұбанов солардың ішінен “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырын тіл мен
әдебиетке ортақ ерекшеліктер тұрғысынан қарастырады [23].
А.Қ.Тұрышев “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” және “Қыз Жібек” поэмалары
негізінде лиро-эпостың стилі мен тілін зерттейді. А. Сейілхан қазақ
халқының эпостық жырларындағы рухани және материалдық мәдениетке қатысты
тілдік деректердің лингвомәдениеттанымдық қырларын зерттейді. Д.Керімбаев
қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипатын
зерттейді. Фразиологиялық тұтастықта танылатын мақал-мәтелдерді
Р.Сәрсенбаева лексико-стилистикалық жақтан зерттесе, А.Нұрмаханов,
В.В.Радлов еңбектеріндегі түркі мақал-мәтелдерді лексика грамматикалық
жатқан зерттейді. Фольклордың жұмбақ түрін Ж.Адамбаева зерттейді.
С.И.Жапақов эпикалық шығармалардағы эпикалық мазмұндағы фразеологизмдерді
зерттеу нысаны етеді.
Зерттелген салалардың өзі грамматикалық құрылысы, морфологиялық
ерекшеліктері жағынан арнайы тақырып етілмеген. Біраз ғалымдар ертегі тілін
арнайы зерттелмесе де, талай айтқан пікірлері бар. Қазақ ертегілері тілінің
синтаксисі қазақ тіл білімінде жалпы түркологияда зерттелген емес. Тек
Ф.Сейфуллина мен Т.Қордабаев қана ертегілерден мысалдар алып отырған.
Ғалым Т.Қордабаевтың еңбегінде бүкіл ертегі тіліне тән құбылыстардан
төмендегілер ғана айтылады. “...XIX ғасырдағы жиналып бастырылған
фольклорлық прозалардың синтаксистік құрылыс, негізінен алғанда ... яғни
бір-бірімен грамматикалық байланысы жоқ, өзара нашар ұштасып, келте-келте
қайырылып отыратын ықшамды жай сөйлемдер. Бұл фольклорлық прозаның
синтаксистік құрылысына тән негізгі ерекшелігінің бірі болып табылады”.
Фольклорлық проза синтаксисінің тағы бір ерекшелігі мұнда синтаксистік
элементтер (сөздер, сөйлемдер) байланысында салаласа байланысу тәсілінің
мейлінше басым болып келетінінде. [29, 24].
Қ.Жұмалиев пен М.Ақшолақовтың 8-сыныпқа арналған “Қазақ әдебиеті”
оқулығында “Ер Төстік” ертегісін талдау үстінде ертегі тіліне синтаксистік
талдау жасайды.
“Ертегі неғұрлым көне болған сайын, сөйлем құрылысы ырғақты келеді”.
Көбіне жалаң сөйлемнен құралады. Сөздердің дыбыстары қайталанып отырады.
Мысалы: “Ертеде бір Ерназар дейтін кісі болыпты өзі бай болыпты, төрт
түлегі сай болыпты, қора толған малы болыпты, матау толған түйесі болыпты.
Ерназардың сегіз ұлы болыпты”, - деген үзіндіні алсақ, белгілі ырғақ,
ұйқасқа құрылғанын көреміз [24, 36-37б].
Құрмалас сөйлемдердің көп жылдық зерттеу тарихына қарамастан
С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев,
Р.Сыздықов, Р.Әміров, Қ.Есенов, Қ.Мамытбеков, О.Төлегенов және т.б., қазақ
ертегілері тіліндегі құрмалас сөйлемдер зерттеу нысаны болған емес. Қазақ
ертегілеріндегі құрмалас сөйлемдердің зерттелуімен қазақ тілі синтаксисінде
құрмалас сөйлем түрлері теориясы жетіле түседі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты, біріншіден, қазақ ертегілеріндегі құрмалас
сөйлемнің мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын айқындау. Екіншіден, қазақ
ертегілерінде молынан кездесетін көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы
сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің мағыналық, құрылымдық сипатын және
осы сөйлемдердеге тән заңдылықтарды ашу. Бұл мақсаттардан туындайтын
міндеттер:
---- құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтау;
---- ККСҚС-нің синтаксистік құрамын, құрылымын анықтау;
---- көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамын, құрылымын
анықтау;
---- аралас құрмаластың құрылысын, құрамын анықтау;
---- көп сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдердің құрылысын, құрамын
анықтау.
Зерттеу нысаны:
Жұмысымыздың зерттеу нысаны жалпы тіл біліміндегі және түрік тіл
біліміндегі, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясына
қатысты көзқарастар жүйесі негізінде анықталған қазақ ертегілері тіліндегі
құрмалас сөйлемдер. Жұмыстың негізгі материалы Қазан революциясына дейінгі
басылып шыққан ертегілер мен ауыздан жазып, хатқа түсу жағынан кемі 100-150
жылды қамтитын өзінше “жазба ескерткіш” дәрежесіне келіп қалған дүниелерді
әдейі бөліп қарауды жөн көрдік. Олар Қазақстанның барлық бөлігінен жиналған
В.В.Радловтың жинағына енген ертегілер және А.В.Васильевтің “Образцы
киргизской народной словесности” кітабына енген ертегілер.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Көп көмпонентті салалас құрмалас сөйлем
(ККСҚС), көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің (КБСҚС) қазақ
ертегілерінде күрделі ойды білдіруге қалыпты салалас, сабақтас
құрмаластардан өзіндік айырым белгілерімен ерекшеленетін тілдік бірлік
ретінде дербес тану. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің негізгі
белгілері сараланып, бұрын зерттеу нысаны болмаған құрылымдық –
семантикалық түрлері анықталады.
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің негізгі әдісі ретінде сипаттама әдісі алынды. Сонымен қатар
қажетті мәліметтерді саралау, пікірлерді қорыту, жинақтау, модельдеу
әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.
Ертегілердегі құрмалас сөйлем түрлерін зерттей отырып, құрмалас
сөйлемдердің даму жолын анықтау болды. Жұмыс нәтижелері құрмалас сөйлем
теориясын толықтыра түсіп, осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің көптеп
жүргізілуіне септігін тигізе алады.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
I тарау
Салалас құрмалас сөйлем

Қазақ ертегілері өздерінің сөйлем түрлері жағынан, негізінен, жай
сөйлемді болып келеді. Сөз құрамы жағынан қарайлас болып келу, тектес,
тұлғалас сөздердің тізбегінде келу, осы сөз құрамы қарайлас, сөздері әрі
тектес, әрі тұлғалас сөйлемдердің қатарының өзі бірнешеу болып келу,
сөйтіп, бірнеше сөйлемі түрі жағынан бір сипатты болып, үйірлесіп, топ-топ
болып отыру – ертегілерге тән ерекшелік. Бұл – бірінші ерекшелік. Екінші
ерекшелік – сөйлем түрі жағынан бір сипатты осы бірнеше сөйлем тобының
баяндауыштары формалас болып келеді. Сөйтіп, сөз құрамы, сөз тұлғалары
қарайлас бірнеше сөйлем біріңғайлас баяндауышты сөйлем болып келіп, ұйқасты
сөйлемдер тобын құрайды. Сөйлемнің барлық позициясында бір сипаттық үстем
болып келетін бұл сөйлемдер ерікті құрылған сөйлемдер емес, модельге
бағынған шарттылыққа бағынған сөйлемдер.
Мұны түсіну үшін етістік баяндауышты ұйқасқа құрылатын өлең жүйесін
еске түсіру керек. Бұл өлеңнің жеке жолдары (жол сөйлемдері) өзара
бірізділік заңын бұзып, өзінше тууына әсте ерікті емес, құрамындағы
сөздердің өзара тіркесу заңдылықтарынан келіп туатын табиғи қалпының өзін
өлең жолының ырғақ өлшеміне, буын өлшеміне, ұйқас өлшеміне, ұйқас түріне
бағындырып қайта құрады. Бұл модельсіз, шарттылықсыз өлең жанры тумайды.
Ертегілер де солай: сөйлемдері бір модельдес болып келіп отыру – ертегі
жанрының өзі тапқан заңдылық. Сөйлемдерін, сөйлемдердің тізбекті тобын
басқаша құрса-ақ, ол ертегі болудан қала бастайды. Үшінші ерекшелік –
ертегілерде оның мәтінінің әр тұсында келетін ұқсас сюжеттер, қайталанып
келетін ұқсас (я бір) оқиға алғашқысы қандай сөйлемдер желісіне құрылса,
соңғысы да дәл сол сөйлемдер желісіне құрылып отырады. Бір (жеке) сөйлем
түр жағынан ұқсас болып қана қоймайды, екі я үш сюжет бір ғана үлгіде
туады, яғни модельге бағыну жеке сөйлем аясында ғана болмай, тұтас сюжетке,
бір әңгіме үзігіне тән болып келеді.
Демек, клишелік, матрицалық, яғни қалыпқа құйылып шығу, модельдердің
желісінен тұру – ертегілердің негізгі жанрлық, стильдік ерекшелігі.
Сондықтан да ертегілердің сөйлем жүйесін біздің ғылыми
грамматикаларымызда қалыптасқан дәстүрлермен топтап бөліп тастауға әсте
болмайды, оның өзіне тән ерекше белгілеріне қарай жіктеп сөз ету керек
болады.
Ертегілердің баяндау үлгісі
Ертегілердің мәтіні дәстүрлі желілерге бөлінулі болады. Ал дәстүрлі
желілер барлық ертегілерде дерлік бұзылмай, қайталап келіп отырады.
Ертегіші – автор ертегі кейіпкерінің тууынан “мұратына жетуіне” дейінгі
әрекетін жүйелі тізбекке (желіге) құрып айтады. Осы тізбек (желі)
ертегілерде негізінен сақталып отырады. Осыдан келіп ертегілерде сюжет
желісінің, тақырып тізбегінің дәстүрлі моделі жасалған. Ертегі желісіне тән
осы дәстүрлі модель, стандарттылық олардың тіліне де өзінің таңбасын
түсірген, яғни ертегінің әрбір желісіне лайық өзінің стандартты баяндауы
тәсілдері жасалған, тілдік тәсілдер жасалған, тілдік модельдер жасалған.
Бұрынғұ заманда Қарыс Қара Батыр бар екен, өзү тоқсан бесте жасы бар
екен, өзүнүң қатыны бар екен, сексен бесте жасы бар екен, он мың жылқысы
бар екен және бір жерде Дөнөн Қара Бағыс, Құнан Қара Бағыс, Жақсы Жирен
атты Кенже Қара Бағыс бар екен. Бұл үшеуі келген Қарыс Қара батырдың
жылқысын алып кеткен. (Р, III, ХШ.)
1. Еркем Айдардың Наран сұлу деген қарындасы болған, сол сұлу
қарындасын аламын деп Ұзұн Сары Алып қызыққан, сол елді келіп
шапқан, Еркем Айдар қарындасын алып бір құдыққа түсүп
жасырынған, ұзұн Сары Алып келіп елді шапқан, Еркем Айдарды
қарындасымынан қарап таба алмаған (Р., III,ЕА.).
2. Ертеде бір молда болыпты, молданың оқытқан тоғыз баласы
болыпты, отыз сегізінің әкесі де, шешесі де болыпты, біреуінің
әкесі де жоқ, шешесі де жоқ жетім болыпты. (Р., III, Мүоб.).
3. Еркем Айдар ... қотыр күрөң тайды барып ұстап алады, ұстаған
екен құнан болады, жүгөндеген екен – дөнөн болады, ерттеп
мінген екен, бесті ат болады (Р., III, ЕА.).
4. Қыз жылқыдан құла тайға құрық салды, құнан болды, жүгендеді,
дөнөн болды – ерттеді – бесті болды (Р., III, ДҚ.).
Ертегілер тілінде тізбекті топтас жай сөйлемдерден бөлек, қалыпты
құрмалас сөйлемдер де кездеседі.

Салалас сөйлемдердің келу жағдайлары.
Қазақ ертегілерінде салалас сөйлемнің компоненттерінің мағыналық
қатынасы жағынан алғанда, төмендегідей түрлері кездесті.

Мезгілдес салалас сөйлем
Қазақ ертегілерінде мезгілдес салалас сөйлемдер молынан кездеседі.
Салалас сөйлемнің бұл түрі қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан
бастап сөз болып келеді. Терминдік жағынан болсын, жасалу тәсілі жағынан
болсын ол әр кезеңде әр түрлі баяндалып отырған. Жиырмасыншы жылдар ішінде
жарық көрген еңбектерде “Тіл құралында” салаластың осы түріне жататын
сөйлемдер “ қиысуы біріңғай, біртектес” “жайылыңқы салалас” деп аталған.
Бірақ бұл сөйлемді жасауға жалғаулықтардың қатынасатыны немесе
қатынаспайтыны туралы ештеме айтылмаған.
1936 жылы жасалған оқу бағдарламасында салаластың бұл түрі “ыңғайлас
салалас” деп аталған да, оған: “ыңғайлас сөйлемдердің біреуінің хабары
басқаларының бәрін де өз ішіне алатын жалпы хабар болады, бір сөйлемі жалпы
сөйлем болады”, [22, 359] деген анықтама береді. Бұл анықтаға қарағанда,
бағдарлама авторларының “ыңғайлас салалас” деп отырғандары қазіргі оқулықта
“түсіндірмелі салалас” деп аталып жүрген сөйлемге келеді. Бағдарламада
салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу тәсілдері жалпы түрде
берілген де, салаластың әр түрінің қалай жасалатындығы айтылмаған.
С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен 1939 жылы шығарылған “Қазақ
тілінің грамматикасы” атты оқулықта “Тіркес салалас” деп аталып, “Мұндағы
ой бір-біріне тіркес айтылады” делінген және салаластың бұл түрінің -да,
-де, -та, -те, және жалғаулықтары арқылы жалғасатындығы айтылған. Мағыналық
жағынан осы топтағы жалғаулықтар қатарына жататын әрі шылауы арқылы
жасалатын салалас сөйлем бұл оқулықта “Үлеспелі салалас” деген атпен жеке
берілген.
1961 жылдан бастап “Мезгілдес салалас” деген атау тұрақталды.
Қазақ ертегілерінде мезгілдес салалас сөйлемнің құрамындағы жай
сөйлемдер жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласады.
1. Аспаннан күмісті табақ балмен түсті, ішінде күміс қасық бар екен (Р,
III, Желк., 102). Бағанағы Айнаханның қызы отыр екен, оның қасында бір
қыз отыр екен (Р., III, ХШ., 121). Сыншының Сары қызының көңілі балада
екен,баланың көңілі қызда екен (Р., III, ХШ., 124). Жанында бір тал
бар екен, түбінде жарбиған бір жаман кемпір отыр (ЕТ., 37). Бір
күндөрдө онұң бақытсыз өмүрүн әңгіме етіп тұрұпты (В.Түлкө, 73). Бұл
кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты
ешкісі болыпты (Күн астындағы Күнікей қыз, 5). Хан сейілге шығыпты,
қасында бір уәзірі болыпты (Р., III, Ханның қызы).
2. Бір уақытта борандатып, дауылдатып келе жатқан айдаһардың даусы
естілді, артынша айдаһар да келіп қалды (Ұшар ханның баласы, 64).
Семсер айдаһарды екі айырып тастайды. Жігіт айдаһардың құйрығынан
сыпырылып қалады (Кедейдің үш баласы, 46). Қыз үйінен шықты, екеуі екі
арғымаққа мінді, кетті (Р., III, Тст.).
3. Қолын тығып еді, қолы шолақ болып қалды (Р., III, ХШ.). Қырағы көз
жіберіп еді, алты таудың ар жағында, жеті көлдің желкесіндегі жалпақ
жартастың астына барып тығылған екен (ЕТ., 44). Жағалап қыдырып жүр
еді, күннің астында көз көрім жерде жалтыраған бір нәрсе көрінеді
(Кедейдің үш баласы, 50). Бала қырық құлаш семсерін көлденең ұстап
тұрып қалып еді, семсер айдаһарды екі бөліп түсті (Ұхб., 64). Соның
бір үш қарындасы бар еді, соны үш ұлға алып бермек болды (Р., III,
ХШ., 116). Кешке таман жолда бір керуен қонып жатыр екен, мерген сол
керуенмен бірге далаға қонады (Сұр мергеннің ажалы, 303). Сарыбай
деген бай екен, бала жоқ екен бір күнде (Р., III, Желк.). Боран батыр
қарсы ұмтылған екен, аю тағы ақырып келіп қалды (Боран батыр, 140).

Қазақ ертегілеріндегі салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін
компонеттер -да, -де, -та, -те және жалғаулықтары арқылы байланысады.
Дәу басынан кешкен өмірбаянын тегіс айтып шықты және өзінің суға түсіп
кеткен нәрсені тауып аларлық өнері бар екенін айтты (Ұшар х.б., 58). Байдың
ұрасынан жыл сайын қазынасы ұрланып тұрады екен және бай оны кім ұрлағанын
таба алмай жүреді екен (Молда мен сиқыршы әйел, 299). Осы шаштың иесін кім
біледі және кім маған соны әкеліп береді (Ұшар ханның баласы, 62). Асан
қызды ауылына апарып тастайды да, өзі үйін іздеуге шығады (Асан батыр, 80).

Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланның бірі үлкен кісі болады да,
бірі соның бәйбішесі болады (ЕТ., 41). Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды
алып кетті де, құйрық менің қолымда қалды (Керқұла атты Кендебай, 58).
- Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі
жолығады. (ЕТ, 41).
- Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін, ұшқан құс, жүгірген аңның менен
құтылатыны жоқ (ЕТ., 42).
Кендебай шап беріп құйрықтан ала түседі, кендебайдың қолында алтын
құйрық жұлынып қала береді (Кер. атты Кендебай, 58). Күндерде бір күн алған
әйелінен бір ұл туады, ұлдың атын Жанды батыр деп қояды (Ұшар ханның
баласы, 61).

Қарсылас салалас сөйлем
Қарсылалас салалас сөйлемге құрамындағы компоненттерінің мағыналары бір-
біріне қайшы келетін құрмалас сөйлемдер жатады.
Қазақ ертегілерінде салаластың бұл түрі қайшы мәнді жалғаулықтардың
дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Компоненттерді бір-бірімен
ұштастырып, олардың арасындағы мағыналық қатынасты айқындай, дәлелдейді
түсетін дәнекерлер қатарына бірақ, сонда да, сөйтсе де деген жалғаулықтар
жатады. Мысалы:
Данаға уәзірлерін жіберіп, сөз айтқызып қарайды, бірақ Дана оларға
найзадай өткір сөзімен жауап береді (Қанатты қара қасқа ат, 95). Бала
пештің түбінен шықпапты, бірақ сары мысығы өте пысық, әрі күшті болып
баланы асырапты (Пеш көсесі, 217). Соны саған атып әкеп берейін деп садақ
тарттым, бірақ оғым жетпеді (Жылан қабықты жігіт, 20). Құлдары ханшалардың
көзінше кемпірді зынданға тастап жіберіпті, бірақ кемпір тағы да өз үйіне
қайтып келіпті (Сиқырлы тас, 95). Екі жігіттің де барғысы келмеді, бірақ
хан оларға ат бермеді (Малхуан сұлу, 277). Асан ханның шартын мүлтіксіз
орындайды, бірақ қызын хан оған бергісі келмейді (Асан батыр, 79). Ол
перінің елін іздеп табарсың-ау, бірақ та құсты саған оңайлықпен алдыра
қоймас (Күлсе, ...259). Мен сендермен қашайын, бірақ қалмақ ханынан құтылу
үшін үлкен айла керек (Малхуан сұлу, 67). Және менің тілім бар, бірақ
сөйлемеймін.
- Олай болса, мен қалайда аралап барып қайтамын, бірақ өзің уәдеңнен
айныма (Атымтай, Жомарт, 145).
Мұны адам қылып шығару үшін талай молда мен тәуіптерге қаратыпты, сонда
да жазылмапты (Дәулет құс, 79). Сенің көргеніңнен көрмегенің әлі көп,
дегенмен саған сырымды айтайын (Махмуд пен жолдас, 21).
Қазақ ертегілерінде қарсылықты салалас сөйлемнің жалғаулықсыз түрі де
кездеседі.
1. Қыздардың үшеуіне үш шелек беріп суға жібереді, шелектердің түбі тесік
екен (В.Шал мен кемпір, 26). Дауғар алыптың ойбай салғанын қырық
нөкері есітті, алып келіншекке зорлық қылып жатыр екен деп ойлайды
(Р., III, Ежігелді). Соны жағып емдеп тірілтті, бағанағы пышағын суыра
алмады (Р., III, ЕА.). Мүшкен суды ұрттап алып еді, ештеңе де
көрінбеді (Кед. үш баласы, 51). Келіп судан әрі қарайды, бері қарайды,
ешқандай дерек табылмайды (Ұшар х.б., 64).
2. Баяндауыш ашық райдағы көсемше формалы етістікке жіктік жалғауының
жалғануы арқылы бірінші компонентте болымды, екінші компонентте
болымсыз формада немесе керісінше жасалады.
Сарыбай ұйықтап қалды, қатыны ұйықтаған жоқ екен (Р., III, Желкілдек,
102). Жерге салған болсын деп қозғауға шамасы келмейді, тек қана үлкен
көздерін жыпылықтатып, жалынышты түрін байқатқандай болды (Қарақұсбай,
128). Шаһарда ешбір жан көрінбейді, тек айқай-ұйқай дауыс естіледі
(Уәзірдің баласы, 116). Мүшкен суды ұрттап алып еді, ештеңе де көрінбеді
(Кедейдің үш баласы, 51). Жігіттер сұрау салады, бұл елден Ақбайды көрген
білген адам табылмайды (Ақбай, 203). Хан енді байдан бұрыл атты маған
берсін деп сұрата кісі жіберіпті, бай бұрыл атты бермейді (Р., III, ДҚ,
69). Елі аттан алайын деп еді, жігіт алғызбады (Мануар мен Бибәтима, 88).
Жебірейілді айтып еді, тұрмады (Әбдрахман патша, 200). Сонан соң тал түйені
сойған екен, табылмапты (Д.Құйыршық патша, 200).
Компонеттерді бір-бірімен ұштастырып, олардың арасындағы мағыналық
қатынасты айқындай, дәлелдейді түсетін дәнекерлер қатарына бірақ, сонда да,
сөйтсе де деген жалғаулықтар жатады.
Құлдары ханшалардың көзінше кемпірді зынданға тастап жіберіпті, бірақ
кемпір тағы да өз үйіне қайтып келіпті (Сиқырлы тас, 95). Екі жігіттің де
барғысы келеді, бірақ хан оларға ат бермейді (Малхуан сұлу, 277). Бала
пештің түбінен шықпақшы болыпты, бірақ сары мысық өте пысық, әрі күшті
болыпты (Пеш көсесі, 279). Асан ханның шартын мүлтіксіз орындайды, бірақ
қызын хан оған бергісі келмейді (Асан батыр, 79). Ол перінің елін іздеп
табарсың-ау, бірақ та құсты саған оңайлықпен алдыра қоймас (Күлсе, 269).
Мен сендермен бірге қашайын, бірақ қалмақ ханнан құтылу үшін үлкен айла
керек (Малхуан сұлу, 67). Бірақ баяғыдағы киімдер жоқ, сөйтсе де сүйек-
сымбаты ұқсап тұр (Көк сиыр, 260). Мұны адам қылып шығару үшін талай молда
мен тәуіптерге қаратыпты, сонда да жазылмапты (Дәулет құс, 79). Және менің
тілім бар, бірақ сөйлемеймін (Ханның тілсіз баласы, 92). Мүшкен суды ұрттап
алып еді, ештеңе де көрінбеді (Кедейдің үш баласы, 51).

Себептес салалас сөйлем
Себептес салалас сөйлем деп компоненттері бір-бірімен себептестік
қатынаста тұратын сөйлемді айтады [45, 251]. Қазақ ертегілерінде себептес
салалас сөйлемдер өте сирек сездеседі. Ол сөйлемдер жалғаулықсыз және
жалғаулықтар арқылы да жасалады.
1. Ол өзара құлұндарын ала алмайды екен, ол құлұнды бір перінің қызы
бермей алып кетеді екен (В.Алтын Айдар, 33). Мұнұ алдауға Алдаргөсенің
көңүлү кетті, өзү тоңбаған кісі бола қойұптұ (В.Алдаргөсе, 68). Жігіт
атын таба алмады, өзінің әкесі де, шешесі де атын білмейді екен (Р.,
ДҚ, 70). Енді түсіңді маған айт, сені өлтірмей тірі алып шықтым ғой
(Минуар мен Бибәтима, 81).
2. Себептес салалас құмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттер себебі,
өйткені, сондықтан жалғаулықтар арқылы байланысады.
Оның кім екендігінде ханның жұмысы да болған жоқ, себебі уәзірдің
баласы да асқап сұлу болатын-ды (Малхуан сұлу, 275). Таудың бірдей болмау
себебі - әрқайсысының жасына, күшіне қарай өлшеніп көрсеткен екен (Тотан
батыр, 290) оның жылап келе жатқан себебі – бүгін балапандарын айдаһар
жейтін күн екен (Сарат, 286).
- Мені айдаһар ертең жейді, сондықтан бір күн өмірім қалғандығына
жыламсырап отырмын (Қанатты қара қасқа ат, 96).
- Айжарық, бұл сенің балаң емес, сондықтан оның өлі-тірісі сен үшін
бәрібір (Баласын жоғалтқан Күнше, 215).
Олай деп айтушы болмаңдар, айдаһардың аузына түсіп кетесіңдер, өйткені
мынау берілейін деп отырған заттар патшаның жұмысына бір рет беріп тұратын
(Ұшар ханның баласы, 58).
Шартты салалас сөйлем
Қазақ ертегілерінде төмендегідей шартты салалас сөйлемдер кездесті.
1. Бірінші компонент баяндауышы бұйрық райдың I жағында, екінші компонент
баяндауышы II жақта айтылады.
Айтайын , тапқаныңа серік қыласың ба? (Түс көрген тазша, 99)
2. Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады.
Уәдеңді орында, әйтпесе тұрысатын жеріңді айт! (Батыр қойшы, 128)
3. Бірінші компонент II жақта, екінші компонент I не III жақта айтылады.
Менің тілімді ал, жолың болады (Жайық пен Еділ, 189). Жалғыз балаңды
бер, жіберейін (Алтын сақа, II).
4. Сол күн астындағы Күнікей қызды тауып әкел, сыйлықты сонда беремін
(КаКқ., 8). Бұл бала сол қызды тауып әкелсін, сонда мықтап сыйлық
беруіңізге болады (КаКқ., 8).

Түсіндірмелі салалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады
да, кейінгі компонентте оның мәні, себептері сараланып ашылады, талданып
түсіндіріледі.
Самұрұқтың екі басы бар екен: бір басы адамдікіндей, бір басы
құстікіндей екен (Ер Төстік, 48). Шал айтқан, барлығын да істейді: дуал да
тесілді, маймыл да өлтірілді (Ұшар Ханның баласы, 68). Ағаштың ортасында
шешек атқан гүлдің жанынан жарыса сылдырап аққан екі мөлдір бұлақ бар:
біреуінде тірі су, біреуінде өлі су ағады (Әбдірахман патша, 227).
Ертегілерде бірінші жай сөйлем баяндауыш сондай, сонша деген
есімдіктерден болған түсіндірмелі салалас сөйлемдер сирек те болса
кездеседі. Мұнда бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде ашылады,
түсіндіріледі.
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы және сол арқылы екі
жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұратын сондай, сонша сөздері өз
бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын
әрекетке, жағдайға ерекше мін беру, көңіл аудару мақсатымен соған сілтейді
де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нәтижесінде кейінгі жай
сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына қолданылады, соның
білдіруге тиісті мағынасын білдіреді. Сөйтіп, бір ой екі рет айтылады.
Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түрінде ғана
айтылса, екіншісінде талдап ашылады. Мысалы:
Қыздың сұлулығы сондай-қараған адам есінен танып қалады екен (Жеті
өнерпаз, 119). Сарайлардың сәнділігі сондай-жақұт-маржан, алтын-күмістермен
әшекейленіп салдырған екен (Малхуан сұлу, 273). Қыздың жігітке ауғаны сонша-
үш күнге дейін ас-су ішпестен шаңыраққа қараумен отырып қалады (Жылан
қабықты жылан, 247). Мықтылығы сондай – оны отырған орнынан жетпіс кісі
тұрғыза алмайтын болады (Ұшар ханның баласы, 61). Мұның қасиеттілігі сондай
– жер жүзіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайды (Сиқырлы тас, 27).
Қалыңдығының сұлулығы сонша – қараңғы үйді жарық қылып жатыр екен (Ағабай
шал, 119). Ойынның шарты: қарсы жақтағы кісіні он рет жеңсе, ол кісі ұтқан
болады екен (Дәулет құс, 78). Мұның өнері сол – жер жүзіндегі қояннан,
түлкіден, қасқырдан түк қалдырмайды (Сиқырлы тас, 93). Бұл тастың кереметі
сондай – көңілдегіңе қолыңды жеткізеді (Сиқырлы тас, 94). Ол кілемнің
қасиеті сол – үстіне отырсаң болды, қалаған жеріңе ұшып барады екен
(Қасиетті құдық, 187).

II тарау
Сабақтас құрмалас сөйлем
Қазақ ертегілерінде құрмалас сөйлемдердің мына төмендегідей мағыналық
түрлері кездесті:
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Қазақ ертегілерінде сабақтастың бұл түрі өте сирек кездеседі. Бағыныңқы
компонент басыңқы компонентпен мынадай баяндауыш формалары арқылы
құрмаласады.
1. Бағыныңқы компонент деп көмекшісіне тіркесіп келген етістік түрлеріне
аяқталады. Деп көмекшісіне тіркесіп айтылған етістік бұйрық райдың 1,3-
жағында есімше формасында тұруы да мүмкін. Мысалы:
Сонысын ата-анам мен жыламай жатсын деп, емізулі кезімде анашаның суын
беріпті (Бәнші мен жамаушы, 24). Алдаргөсе бермепті, жорта жабыса түссін
деп (В. Алдаргөсе, 68). Неде болса, мен бұл үйдің мән –жайын білейін деп,
хан үйге келеді (Хан Шалқан, 223). Үйдегі қарындасым Сарқыт ермек етсін
деп, мысықты ала кетіпті (Қара үйрек, 195). Үш күннен бері аш ит адамдар
бірнәрсе бере ме екен деп, құйрығын бұлғаңдатып, еркелеп есіктен қарапты
(Ақбай, 236). Ханның жалғыз қызының күйеуі келеді деп, оңаша жерге
алтындаған ақ отау тіктіріп қойған екен (Жылан қабықты жігіт, 246).
Өзін қуып келген Асаубай шығар деп, басын төмен иіп жылай берді (Бақыт
құсы, 220). Патша да осы маңның бір жеріне келген шығар деп, жер жайын
білетін адамдардан жасырын бақылау жүргізеді (Мафрузаның уақиғасы, 269).
Сіздердің басқалардан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім (Ақылды етікші,
43). Осы түсім рас болар деп, сол қызырды іздеп барамын (Бақытты басқа
тепкен адам, 294).
2. Бағыныңқы компонент бол көмекші етістігіне тіркескен –мақ, -мек,,
-пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақты келер шақтың есімшеге аяқталады.
Мысалы:
Бұлар енді елге қайтпақшы болып, сіңлісі екеуі күн-түн демей жол
жүріпті (Алтын жүзікті қыз, 198). Бірнеше күннен соң хан ақшаны кім алғанын
білейін деп, барлық жұртын асқа жинады (С. Амалшыл Бекжан, 65). Сонысын ата-
анам мен жыламай жатсын деп, емізулі кезімде анашаның суын беріпті (Бәнші
мен жамаушы, 24).
3. Бағыныңқы компонент үшін шылауына тіркескен тұйық етістікке аяқталады.
Мысалы:
Иттің қасиеті байқау үшін, бай Сары шолақты аулына ертіп келеді (Молда
мен сиқыршы әйел, 299). Ұры екі баланы өлтіру үшін, есік алдына жасырынып
тұрады (Дәулет құс, 278). Айдаһарды кім өлтіргенін білу үшін, хан жар салып
халық жиды (Ұ.х.б., 65).

Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді өзара топқа бөліп жіктегенде,
олардың бағыныңқысы мен басыңқыларының баяндауыш формасына да қараймыз.
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қайсысында да болмасын әр уақытта етістіктің
шартты рай тұлғасымен (кейде –й, -ған формантты көсемше мен есімше) беріліп
отырады. Сөйлем түрлерін бір-бірінен ажыратуда, әсіресе басыңқы
компоненттің баяндауыш формасының берілуі мен жалпы сөйлемнің мағыналық
мазмұны басшылыққа алынады.
Бүтін сөйлемнің өн бойынан байқалатын шарттық және оның әр түрлі болуы
олардың құрылымдық өзгешелігімен байланысып жатады. Алайда қайсысында да
болмасын бағыныңқыдағы қойылатын шарттың болмыстың басыңқыда орындалу
нәтижесі қалай да болса іс-жүзінде асырылуға тиіс болып көрінеді. Басыңқы
сөйлем баяндауышының бұйрық райда келуіне байланысты сөйлем бойында болатын
шарттың негізгі екі жақты да (бағыныңқы, басыңқы) орны алып тұрады:
бағыныңқы компонентте бір уақиғаның орындалу барысын шарт қойылса,
бағыныңқыда сол шарттың орындалуына қайтарма ретінде тағы да шарт қойылады.
Сөйтіп, әрбір сөйлемдегі шарттық болмыстар бір–бірімен өзара егісіп тұрады.
Мұндай байланыс, сөз жоқ, шарттың дәреженің күшін шыңдайды да уақиға,
әрекеттің орындалу барысына бар мүмкіндігіне керекті жағдайлар туғызады.
Олардың құрылысы төмендегідей болады.
а) Басыңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық райында келеді.
Бұлайша берілуі – бағыныңқыдағы шарттық дәрежесінің күшін одан сайын
арттыра түседі. Мысалы:
Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат (Кер. атты
Кендебай, 57). Қай жерде керек қылса, мына тасты отқа сал (Әуезханның қырық
ұлы, 99). Датың болса, айт! (Минуар мен Бибәтима, 86).
ә) Қазақ ертегілерінде шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің
бағыныңқысы мен басыңқы компоненттерінің баяндауыштары кейде бір түбірлі
етістік сөздермен беріліп отырады (барсаң, барамын; айтсаң, айтамын;
айтпасаң, мен де айтпаймын). Бұлайша жұмсалудан сөйлемдер арасындағы
тартыстық байланыс бір-бірімен жымдаса берік болып тұрады. Басыңқы сөйлемде
хабарланған уақиға, әрекеттің мазмұн желісі алғашқы сөйлемдегі (басыңқы)
ойдың негізінен туып отырады. Мысалы:
Сол ит күн астындағы Күнікей қызға келе жатқан адам болса, соның
дыбысын сезіп, жүз шақырым жерден алдынан шығады екен (КаКқ., 9).
Егерде сол малды сандыққа сыйғызып берсем, үйіңдегі өзін білмейтін
нәрсені беремісің (Р., III, Қсж). Қызыңды берсең, үлкен ағама берерсің
(Кедейдің үш баласы, 105). Анам саған бір табақ алтын берсе, мені саған он
табақ алтын беремін (Дәулет құс, 77).
Мен сенің малыңның бәрін қайтарайын, егер сен үйіңдегі кенже балаң
Көкжан батырды маған берсең (Көкжан батыр, 263).
- Қой, өзінің үлкендігіндей алтын берсе, сатып-ақ жіберейік (Хан мен
уәзір, 48).
Егер ұры келе қойса, өзім ұстап алайын! (Тазша бала, 30).
б) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты рай формалы етістіктен болады
да, басыңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық райы арқылы жасалады.
1. Бұйрық райдың бірінші жағында. Мысалы:
Сен ренжімесең, мен бір он шақты күн таулы жерге барып, аң аулап
келейін (Мануар мен Бибәтима, 85). Егер аттасың, сенің сүйікті қалыңдығың
болайын (Уәзір бала, 115). Қайсымыз жықсақ, жыққанымыз жығылғанымыздың
басын кесейік (Жерден шыққан Желім батыр, 75). Ей, ағатай, маған жаныңыз
ашыса, осы Шарбануды өзім алайын (Төрт дәруіш, 171).
- Тақсыр! Менің бір қасық қанымды қисаң, сөздің расын айтайын (Үш ауыз
сөз, 36).
1. Бұйрық райдың 2-ші жағында тұрады. Мысалы:
Датың болса, айт! (О дүниеге барып қайтқан жігіт, 143). Егер керек
болып қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат (Керқұла атты Кендебай, 57).
Жаның кеудеңе сыймай бара жатса, соған апарып қоса сал (ЕТ., 51). Осы кетіп
бара жатқан жақтан қопа кездессе, қонбаңдар, түстенбеңдер (Кедейдің үш
баласы, 100). Егер сендерге аш-жалаңаш адам көрінсе, қалдырмай ала келіңдер
(Қара үйрек, 194). Қай тай бетіңе қараса, соны мін (Алтын сақа, 80). Егер
сізге жететін болса, онда сіз биік талдың басына шығып кетіңіз (Алтын
жүзік, 53).
в) Шартты бағыныңқылы сөйлемнің күшті түрінде басыңқының баяндауышы
бұйрық райдың III жағымен де беріледі. Алайда мұнда шарттылық дәрежесінің
күші сәл де болса бәсеңдейді. Бұл бұйрық райлы етістіктің бастапқы қалпында
және туынды тұлғада келуімен байланысты болса керек. Мысалы:
Жұмысы болса, хан өзі келсін (Кедейдің үш баласы, 103). Оң қолың ұрыс
бастаса, сол қолың арашашы болсын ( ). Кімде-кім тойға келетін болса, бір-
бір түшпарадан ала келсін (Патша мен бүркіт, 92).
г) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы шартты рай
формасындағы де етістігінен жасалады.
Бұл етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалғанда, шарттық
мағынаны жинақылай, саралай түседі.
Айтушы адам тыңдаушыға бір нәрсе жайында шарт қойғанда, әсіресе неге
боса көңіл аударатынын аңғартып тұрады. Мұндайда да басыңқы жақтың
баяндауышы бұйрық райдың екінші жағымен беріледі. Мысалы:
Талға шығамын десе, оның сақалы талдың бұтағына оралып қалады (Алтын
жүзік, 53). Маған қызыр бақытты басқа тепкен адамның басы ем десе, сенен
артық бақытты басқа тепкен адам табылмас (Бақытты басқа тепкен адам, 296).
Жер басында демесең,
Жарты лашық демесең,
Біздің де үйге түсе кет (ЕТ., 36).
д) Қазақ ертегілерінде шартты бағыныңқы сөйлемнің басыңқысының
баяндауышы еді көмекші етістігімен тіркесе айтылған келер шақтың есімшенің
болымды (-ар) болымсыз (-ма) түрінде келіп отырады. Мұнда болжай айтылған
уақиға, әрекеттің қимылы барысында субъектінің өз тарапынан түрліше ойы,
көңіл-күйі, қөзқарасы білініп тұрады. Мұндағы хабарланған қимыл әрекет
бірінші жақты субъектінің өзіне арналады да, оның өзіндік пікірі беріледі.
Бұл пікір оның көңіл-күйінен туады.
Егер сіз онда барсаңыз, әке-шешеңіз жібермесе еді (О дүниеге барып
қайтқан жігіт, 144). Сол қыз келсе, әрине, бұл сарайыңыз мұнан да артық
гүлденер еді (Төрт дәруіш, 156). Сіз уәзірлікке ұнат саңыз, жарар едім
(Уәзір бала, 144). Мен болмасам, бәрің де тайың астыңда қырылып өлер
едіңдер (Жеті өнерпаз, 121). Енді соны алдырсаңыз, мәртебеңіз бұрынғыдан да
артар еді (Алтын балық, 37). Егерде сіз кездеспегенде бағанағы жұрт мені
өлтіретін еді (Ай астындағы Айбарша сұлу, 298).
е) Енді бірде қазақ ертегілеріндгі шартты бағыныңқы сөйлемдегі
синтаксистік компоненттердің баяндауыштардың құрылысы керісінше болады:
бағыныңқы сөйлем баяндауышы сөйлем баяндауышы етістіктің болымды түрімен
беріледі де, басыңқынікі болымсыз түрде жұмсалады. Мысалы:
Қыз бейнесіне кірсең, айтпаймын (Уәзір бала, 115). Егер де бұлардан
сескенсең, сені ер төстік демейді (Ер Төстік, 4). Сол қызды әкеліп берсең,
мен сені жұтпаймын (Әуезханның қырық ұлы, 99).
ж) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің болымсыз түрімен беріледі
де, басыңкінікі болымды түрде қолданылады. Мұндайда бағыныңқы жақ
компонентте шартқа негізделген уақиға орындалу үстінде не бұрын орындалған
болады да, басыңқыда орындалу үстінде не алда орындалатыны көзделеді.
Осыған орай бағыңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің осы – келер не өткен
шағымен беріледі де басыңқының сөйлемнің баяндауышы кейде басыңқыда
орындалған не орандалатын іске қойылған шарттың қалай болудағы себебін
білдіріп тұрады. Мысалы:
Баламды көріп отырмасам, ішім жарылып кетер (Жерден шыққан Желім батыр,
72). Егер атпасаң, сенің сүйікті қалыңдығың болайын (Уәзір бала, 115).
Сырыңды айтпасаң, сені ұрып өлтіремін (Мануар мен Бибәтима, 81). Маған осы
қызды алып бермесеңіз, мен сізден безем (Ұшар ханның баласы, 51). Егер алып
келмесең, басыңды алам (Уәзір бала, 115). Егер мен жұмсайтын барса келмес
жолды таба алмасаңдар, сендердің бастарыңды аламын (Уәзір бала, 115).
з) Шартты бағыныңқы сөйлемнің екі жақ компоненттерінің баяндауыштары
болымсыз түрде айтылады. Мұндайда әр компоненттегі орындалатын уақиғалар
бір-бірімен егесе айтылады, яғни бірінде хабарланған уақиғаның орындалуы
екіншісіндегі қимыл, әрекетпен тығыз байланысты болады. Сондықтан да
алғашқысында субъект тарапынан хабарланған ой орындалатын болса, екінші
сөйлемде синтаксистік компоненттердегі баяндалған уақиғалардың орындалуы
бір-біріне тәуелді, біріне-бірі мен артып тұрады. Уақиға орындалу барысында
қимыл, әрекеттің бірі болмаса, екіншісі де болмайды. Сондықтан да екі жақты
баяндауыштың болымсыз қолданылған түрінде басыңқыдағы қимылдың орындалуы
бағыныңқы сөйлемге қатысты болып отырады. Мысалы:
Жаның таппасаң, құтыла алмайсың (Ер Төстік, 50). Егер айтпаса, онда
сенімен өмірлік болмағаны (Ұшар ханның баласы, 63). Кітабыңды бермесең,
жібермеймін (Ұшар ханның баласы, 62). Осы кезеңде ұстай алмасаң, онда ол
тіпті ұстатпайды (Қанатты қара қасқа ат, 97). Егер шындығын айтпаса, мен
дұға қылмаймын (Мархума, 206).
и) Қазақ ертегілеріндегі шартты бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдағы
нәтижесі түрлі етістіктері мен беріліп отырады. Алайда солардың ішінде
кейбір етістіктердің басқаларға қарағанда, қолданылу аясы кең болады. Бұл
біздіңше, мұндай етістіктерден бағыныңқыдағы шарттың нәтижесін білдіруге
бейім тұратындығынан ба дейміз. Осы тұрғыдан қарағанда, басыңқы сөйлемде
көбінесе болады етістігінің көбірек қолданылатыны байқалады. Бұл әрине
дәлелді де. Өйткені басыңқы сөйлемде орындалатын шарт нәтижесі өз көрінісін
көбінесе осы бол етістігінен таба алады. Мысалы:
Соның үшін сіз енді басқа басқа жаққа кете тұрмасаңыз, болмайды
(Мархума, 203). Қысылған жерінде осы қауырсынды тұтатсаң, даяр боламын
(Қаш. ерт., ЕТ, 49). Жүнімнің біл талын тұтатып жіберсең дайын боламын
(Әуезханның қырық ұлы, 99). Егер атты өте алысқа айдаса, менің табысым да
өте жылдам болады (Ер Төстік, 44). Шынын айтпаса, басын алмақшы болады
(Уәзір бала, 116). Егер қолы күймесе, ақ болғаны (Жалайырхан мен Сағат,
44).
к) Қазақ ертегілерінде шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің басыңқы
компонентінің баяндауышы көсемшенің –а, -е, -й тұлғасында жіктеліп келеді.
Мысалы:
Етікті салыстырса, дәл шығады (Кедейдің үш баласы, 105). Тағы бір күні
Төстік асық ойнап жүріп әлгі кемпірдің жалғыз баласын жұдырығымен қойып
жіберсе, бала талып қалады (ЕТ., 34). Сол қызды тауып балаңызға қоссаңыз,
балаңыз жазылады (Малхуан сұлу, 65). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Нығмет Сауранбаев туралы
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Пәндер