Антидепрессанттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Реферат

Тақырыбы: « Антидепрессанттар»

Тексерген: Имашева Ш. О.

Орындаған:Хаджиева М. Р

Курс:2

Топ:2058

Алматы 2009

Антидепрессанттар деп депрессияны емдеуде қолданылатын заттарды атайды. Олар келесі топтар түрінде берілуі мүмкін:

І. Моноаминдердің нейроналды ұсталуын тежейтін заттар

1. Серотонин мен норадреналиннің нейроналды ұсталуын тежейтін, әсері таңдамалы емес заттар

Имизин Амитриптилин

2. Әсері таңдамалы заттар

А) Серотониннің нейроналды ұсталуын тежейтін заттар

Флуоксетин

Б) Норадреналиннің нейроналды ұсталуын тежейтін заттар

Мапротилин

ІІ. Моноаминооксидазаның (МАО) тежегіштері

  1. Әсері таңдамалы емес заттар (МАО-А және МАО-В тежегіштері)

Ниаламид Трансамин

  1. Әсері таңдамалы заттар (МАО-А тежегіштері)

Моклобемид

Медициналық практикада кең қолданылу орнын үшциклды антидепрессанттар болып табылатын бірінші топтың дәрілік заттары алады. Олар серотониннің де, норадреналиннің де кері нейроналды ұсталуын тежейтін таңдамалы емес антидепрессанттарға жатады. Олардың өкілдерінің бірі - имизин (имипрмин, мелипрамин, тофранил) . Оның ағзадан тыныштандырғыш әсермен үйлесетін айқын антидепрессивті қасиеті бар. Сонымен қатар, белгілі жағдайларда психостимуляторлық компоненті де байқалады (кейде біраз қозулар, эйфория байқалады, ұйқысыздық болуы мүмкін) .

Имизин асқазан-ішек жоларынан жақсы сіңеді. Айтарлықтай дәрежеде бауырда метоболизмге түседі. Оның метоболиттерінің бірі - дезметилимипраминнің (дезимпрамин) депрессияға қарсы айқын әсері бар және оны медициналық практикада қолданылады. Метоболиттер, канъюгаттар өзгермеген түрінде көбіне бүйрек (40% 1-ші тәулікте), жартылай ішек арқылы шығады.

Имизинді депрессияда қолданылғанда емдік әсері 2-3 аптадан кейін басталады. Жанама әсерлері көбінесе имизиннің атропин тәрізді қасиетіне (ауыз қуысының құрғауы, аккомадацияның бұзылуы, тахикардия, іштің қатуы, зәр бөлінуінің қиындау) болады.

А м и т р и п т и л и н (триптизол) құрылымы жағынан имизинге ұқсас. Амитриптилиннің және имизиннің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы бірдей. Амитриптилиннің депрессияға қарсы белсенділігімен қатар психоседативті қасиеті айқын байқалады. Оның ынталандырғыш әсері жоқ. Сонымен қатар, оның М-холиноблакаторлық және гистаминге қарсы қасиеті имизинге қарағанда басым. Амитриптилин белсенділігі жоғары антидепрессиялық заттарға жатады. Оның емдік әсері 10-14 күннен кейін байқалады.

Сондай-ақ, норадреналиннің нейроналды ұсталуын таңдамалы тежейтін препарат - мапротилин (лудиомил) синтезделеді. Фармакологиялық қасиеттері және қолдану көрсеткіштері бойынша имизинге ұқсас.

Ас қорыту жолдарынан баяу сіңеді (9-16 сағ) . Препараттың 90% қан сары суының белоктарымен байланысады. Т 1/2 =43-51 сағ. Бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Мапротилин және оның метоболиттері негізінен бүйрек арқылы шығады.

МАО тежегіштері ретінде көптеген гидразин туындылары снтезделді. Дегенмен, қазіргі таңда медицинапрактикасында гидразиндік препараттардың біршамасы ғана қолданылады мысалы, н и а л а м и д (ниамид, нуредал) . Бұл тиімділігі өте төмен антидепрессанттардың бірі. Бірақ, оның сөзсіз артықтылығы болып келетін бауырға уытты қасиеті және басқа да жанама әсерлері аз дәрежеде байқалады.

Химиялық қосылыстардың басқа класына («гидразиндік емес») трансамин (транилципромин, парнат) жатады. Ол фенилциклопропиламин болып табылады, яғни құрылымы бойынша фенилалкиламиндерге (мысалы, фенаминге) ұқсас. Трансамин - МАО-ның күшті қайтымды тежегіші. Ол бұл топтың аса тиімді антидепрессанттарға жатады. Оның емдік әсері көптеген гидразиндерге қарағанда (ниаламидте - 12-14 күннен кейін, трансаминде - 2-7 күннен кейін) біраз жылдам басталады.

Трансаминнің фармакодинамикасы басқа да МАО тежегіштеріне ұқсас. Осыған қоса оның кейбір симпатомиметикалық әсерлерінің бар екенін ескерген жөн.

«Гидразиндік емес» қосылыстардың бауырға уытты әсері гидразин тобының препараттарына қарағанда аз дәрежеде байқалады.

Таңдамалы емес МАО тежегіштері тобының антидепрессанттары бауырдың, бүйректің ауруларында, ми қан айналымының бұзылуында, айқын психикалық қозуларда қарсы көрсетілген.

Соңғы жылдары МАО-А таңдамалы түрде қайтымды тежейтін препараттарға назар аударылып жатыр. Оларға м о к л о б е м и д, пиразидол және басқалар жатады. Бұлар МАО-ның қайтымсыз тежегіштеріне қарағанда қысқс уақыт әсер етеді. Сонымен қатар таңдамалы емес МАО тежегіштеріне тән тамақ құрамындағы симпатомиметиктермен өзара байланысу барысында туатын гипертензивті криздің даму мүмкіндігі оларды қолданғанда төмендейді. Моклобемид бензамид туындыларына жатады.

Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің жалпы принциптері

Химиялық заттармен, соның ішінде дәрілермен жедел улану едәуір жиі кездеседі. Улану кездейсоқ, қасақана (суицидалды) және мамандығының ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Жедел улану этил спиртімен, ұйықтатқыш заттармен, психотроптық препараттармен, опиойдтық және опиойдтық емес анальгетиктермен, фосфорорганикалық инсектицидтермен және басқа қосылыстармен көбінесе жиі кездеседі.

Химиялық заттармен улануды емдеу үшін арнайы токсикологиялық орталықтар мен бөлімдер құрылған. Жедел улануды емдеудің негізгі міндеті - улану туғызған заттарды ағзадан шығару. Науқастардың жағдайы ауыр болған кезде мұның алдына өмірге маңызды жүйелер - тыныс және қан айналымның қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы емдік және реанимациялық шаралар жасалуы қажет.

Детоксикация принціпінің мәні келесіде. Алдымен заттың енгізілген жолынан сіңуіне кедергі жасауы керек. Егер заттың кейбір бөлігі немесе толық сіңген болса, оның ағзадан шығарылуын жылдамдату, сонымен қатар оны зиянсыздандыру және жағымсыз әсерлерін тоқтату үшін антидоттарды қолдану қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Машковский М. Д. «Лекарственные средства» Москва, 2007
  2. Харкевич Д. А. «Фармакология». Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. . Мемлекеттік тілдегі аудармасы. - Алматы, 2004. - 608 бет.
  3. Сламжанова С. Б. «Жалпы рецептура». Студенттерге арналған оқу құралы. - Алматы, 2005. - 71 бет.
  4. Есетова К. Ө. «Жалпы фармакология». Барлық факультеттердің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. - Алматы, 2003. - 28 б.

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Депрессанттардың түрлері

б) Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің жалпы принциптері

3. Қорытынды

Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.

ХЭК - тың негізгі фомаларына жататындар:

а. Халықаралық сауда;

b. Капитал қозғалысы;

c. Жұмысшы күші миграциясы;

d. Халықаралық өндірісті кооперациялау;

e. Ғылыми-техникалық айырбас;

f. Валюта-несие айырбасы

Мына схемадан ХЭҚ-тардың формаларын көруге болады:

Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формалары

Халықаралық экономиклық қатынастар

Халықаралық қозғалысы
Капитал
Жұмысшы күшінің миграциясы
Валюта-несие айырбасы
Ғылыми-техниклық айырбас
Халықаралық өндірісті кооперациялау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.
Психопатологиялық симптомдар бойынша жағдайлық есептер
Диагноз қою және ем тағайындау
Биогендік аминдер. МАО ингибиторлары. Антигистаминдік препараттар
Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын
Ауыр интоксикацияның белгілері. Аса қатты улану
Жалпы антидепресанттарға сипаттама
Жетілмей қалған немесе дамымай қалған жүктілік
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ - ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР
Анальгетиктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz