Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту жайлы



1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ

Ж.Ж. Ізбасарова
Тараз-Ғасыр колледжі, Тараз қ.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді - дейді. Сырым Датұлы: Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту - саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан - жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру - адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру - адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол - тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс - деп көрсетеді Л.С.Выготский.
Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр.Оның мәні - тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек[4,24 б.].

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Бөлеев Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау.-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. Демократия и образования.2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. Психолоия и педагогика.-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. Педагогика.1991
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру.Ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. Тәуелсіз елде Алаш даналарын тарихи сахнаға қайтарып, ұмытылмас тарихи тұлғалар тағылымына тағзым етуді жастар саясатының бір бағытына айналдыру өте орынды болмақ.Кезінде Алаш партиясының жетекшілері сынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым. алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманға шындыққа бейімдеу еді [1, 173-бет].
Егемендік алып, еркіндікке, тәуелсіздікке колымыз жеткенде, "Алаш" үғымы көк байрағымыздың желбіреуімен сабақтасып, әлемге өткір үнімен естіліп, қуанышымыздың символ-ұраны болып жаңғырды. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар өз кызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалылығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған, - деп көрсетеді Н.Назарбаев Тарих толқынында кітабында.
Олар, ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов,М. Дулатов.Ә. Ермеков, X. Ғаббасов,
А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов. Ж. Досмұхамедов, т.б қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ халқының көшбасшысы болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты.
1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында Орал облысы қазақтарының I съезі өтті. Съезге 800-ден астам делегат қатысты.
Ж. Досмұхамедов басшылық еткен бұл өкілетті жиын қазақ жұрты көптеп тұратын алқапты басқарудың жүйесін анықтады, қазақ зиялылары ескі мемлекеттік аппараттың жергілікті органдарын түгел жоюды белгілеп, ауылды, болысты, уезді және уалаятты басқарудың тиісті өкімет және атқарушы органдары туралы 100 баптан тұратын уақытша Ереже қабылдады. Таң қалдыратыны жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін жан-жақты анықтап, теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге мүмкіндіктерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Мысалы, күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді: Бүкілроссиялық мемлекет құрылысы; Қазақ облыстарының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция құру; Земство; Халык ағарту ісі; Сот туралы; Дін жөнінде; Әйел теңдігі. Бүкіроссиялық құрылтайға әзірлік халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу жоспарланды. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік ремеслендік мектептің үйіне орналастыру белгіленді (қазіргі облыстық өлкетану мұражайының ғимараты), Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылуы туралы айтылды. Қорыта айтқанда, Орал облыстық қазақ съезі шешімдері арқылы Ж. Досмұхамедов басқарған Уалаяттық Қазақ Комитеті 1918-1919 жылдары ұлттық мемлекеттік-саяси құрылым ретінде дүниеге келген Ойыл уалаятының қызмет жүйесінің негізін қалады.
Кезінде Жаһанша:Біздің максатымыз - ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады десе, қазір Президент партияның Саяси кеңесіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Нұр Отан еліміздің барлық халқының мүддесін қорғайтын шын мәніндегі көшбасшы партияға айналып отырғанын атап көрсетті.
Президент Нұр Отан партиясы дамуының жаңа кезеңі басталғанын, ол Қазақстандағы жүйелі өзгерістердің басты жолсерігіне, елдегі бұқаралық саяси жұмыстын ең тиімді тетігіне айналуы тиіс екендігін атап өтті.
Ғасырдан астам уақыт бұрын басталған идеяның қазір жалғасын тауып, еліміздің қадамы нықталып, қарымы кеңейгенін, халықаралық беделінің артқанын көргенде, мен үлкен мақтаныш сезіміне бөленемін. Бұл ретте Н. Назарбаев бастаған Нұр Отан партиясы маңызды рөл атқаруда.
Кезінде Алаштықтар Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз - біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз, Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап, араздасуға жол бермеуіміз керек, өйткені, ғасырлар бойы олардың тағдыры тығыз байланысты болды десе, қазір "Нұр Отан" партиясы ұлтаралық татулық пен келісім, этностық және діни толеранттылық идеясын белсенді насихаттауда, партия мүшелері осы міндетті шешудің идеологы, локомотиві болып, патриотизмнің үлгісін көрсетулері керек деп ойлаймын. Жастарымыз ар-намыс, парызға сенімділік, парасаттылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтардың жолын ұстанып өсуіне біз де жұмыстанудамыз.
Алаш партиясының желбіреген жасыл туы, кезінде бостандықтың символы ретінде халықты бірлікке, туысқандыққа шақырды. Қазақ шаңырағы бәріне де пана бола білді, саяси авантюристерден жолды бөгеу, қан төгіске жол бермеу үшін күресті де, қазақта бірліктің жоқтығына өкінді. Соған байланысты, қазақты дұшпаны біріне-бірін қарсы қойып, қан кақсатты. Сол кезде береке-бірлік әперетін әділдікті аңсаған алаштықтар елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндерге елді басқартты.
Жаһаншаның сол кезде сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз елдігімізді аңсағанын, соған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және ауызбірлікке, тұтастыққа елді шакырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке үндеді. Осы жағынан алғанда, ол ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше, ұлтын сүйген ұлтжанды азамат екенін танытты. Елінің басқару жүйесі жөнінде, халқының болашақтағы тағдыры жөнінде, өскелең жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білім алу деңгейі жөнінде көршілес, еншілес өмір сүріп жатқан басқа ұлттар жөнінде өз пікірін халқы алдында айтып, халықты бірлікке шақыруы бүгінгі ең қажетті құндылық, ұлттық сананы қалыптастыру, әрі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саясатымен үндесіп жатқанын көреміз. Біздің қазіргі басты міндеттеріміздің бірі - жас ұрпақты жалпы адамзаттық кұндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.
Философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе қате мәнін (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем мен көріксіздік) түсіну үшін қолданылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарға философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығы, бостандығы, табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра және соған сәйкес келетін тәрбие мен білім ұғымдарын енгізеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Ең биік құндылықтардың бірі - адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір сыйлаған адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы құндылықтарынан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректеніп, еркіндікке талпынысы, патриоттық, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жалпы әлемдік құндылықтардың бірі - тәрбиенің қажеттілігі, басқа адамды жақсы көру. Адамның тағдыры әлемдік дүниемен, адамдармен, жыммен байланысты. Ұжым баланың өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез-құлқына адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын адалдық, қайырымдылык, ізгілік, батылдық сынды маңызды қасиеттерді ендіреді. Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта, топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық, басқаны түсіну, қамқорлық, оқушыны өзіндік пікірі бар тұлға ретінде қарастыру. Біз жастардың көзқарасымен келіспесек те, оны құрметтеуге тәрбиелейміз.
Құрмет - адамның кемшіліктерінен бұрын, оңды қасиеттерін көре білу. Қазір қоғамда дінге ынта-ықылас күшеюде. Дін - адам санасынан тысқары емес, қоғамдык өмірдегі сананың бір бөлігі. әлеуметтік ақиқат, шындық фактор. Сондықтан да, ағайын, алаш құндылықтары негізінде ұлттық сананы қалыптастыру бағытында кейбір ғымдардың мәні мен маңызына құлақ түре отырып, корытынды жасау керек. Алашорда қозғалысының жеңіліске жетуі неде жатыр, сол кезде кеткен кемшіліктер қазір қайталанбауы үшін оның басты себептерін айта кетуге болады:
:: бұқаралық сананың кемдігі:
:: ішкі әлеуметтік негіздердің жоқтығы;
:: зиялылардың-халықты бастаушылардын арасында бірлестіктің болмауы: алауыздық, бір-бірімен айтысып, өзара тіл таба алмағандығы;
:: тоталитарлық үстемдік орнатуға бағыт ұстаған күштердің халықты тапқа, жікке бөліп-қырғынға ұшырату әдісін қолдануы;
:: кейбір елді артына ерткен адамдардың мансапқорлық дертіне ұшырауы сайып келгенде, олардың қызыл империя әмірін орындаушы-қолшоқпарына айналуы.
Алаш қайраткерлерінің қателерін қайталамай, партия қатарында болу коғамда мақтаныш пен құрметтің негізіне айналуы керек. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан қоғамы бірлігінің, топтасқандығының факторы болуы керек. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тұрады, бірақ еліміз - біреу. Біз қоғамды "қазақстандық" түсінік төңірегінде топтастыруға тиістіміз. "Біз - қазақстандықпыз. Қазақстан - менің Отаным, менің елім!". Біздің ұранымыз осындай. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу арқылы ұлттық сана оянып, ұлттық идеяны алға тарту патриоттар тәрбиелеу, барымызды бағалау. Осыған сәйкес, бізге партия мүшелерінін, жас саясаткерлердін, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін жоғарылату қажет. Егер, сен партия қатарына өтсең, онда партияның мақсаттарын бөлісетініңді, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысып жүргеніңді, "Нұр Отанның" беделін көтеруге ұмтылысыңды сөзіңмен емес, ісіңмен дәлелде, мемлекетіміздің нығаюы мен халықтың игілігінің өсуіне Алаш қозғалысы басшыларының, ұмытылмас тарихи тұлғалардың тағылымына тағзым ете отырып, өз үлесімізді қосайық. Бүгінгі біздің қызметімізге бір ғасырдан кейін келесі ұрпақ өз бағасын беретінін ұмытпайық. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Н. Назарбаев. Тарих толқынында
Биыл біз еліміздің тәуелсіздігінің жиырма жылдығын атап өткелі отырмыз. Бұл тарихи өлшем бойынша онша ұзақ уақыт емес, бірақ қазіргі ХХІ-ғасырда уақыттың космостық жылдамдықпен өтуіне қарағанда аз да уақыт емес. Сол кезде дүниеге келген сәбилер қазір ер жетіп, білім алып, жұмысқа тұрып, отбасын құрып, өмірдің екінші сатысына аттап жатыр.
Яғни бұл осы уақыт ішінде елімізде бір ұрпақтың өсіп жетілгенін көрсетеді. Олай болса осы жиырма жылда қазақ халқы өзінің саяси тәуелсіздігін нығайтуда, әлеуметтік экономикасын дамытуда, рухани мәдениетін жетілдіруде қандай жетістіктерге қол жеткізді немесе неден кенже қалды осы мәселелер жөнінде бүгін сөз қозғауға тура келеді.
Біздің қазіргі ресми қоғамдық ақпарат құралдарының айтуына қарағанда бәрі ойдағыдай. Қоғамымыз демократиялық жолмен дамып, экономикамыз қарқынды өсіп, рухани мәдениетіміз гүлденіп келеді екен. Ал, опозициялық ақпарат құралдарының айтуынша бәрі керісінше. Қоғамымыздағы саяси жүйе афтаритарлық жолға түсіп, билікте бюрократтар күш алып кетіпті, экономикада біз әлі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы көрсеткіштің деңгейіне жеткен жоқ екенбіз, рухани мәдениетте халқымыз моральдық азғындыққа түсіп, ұлттық қасиетінен айырылып, ассимиляциаланып барады екен. Олай болса осы қарама- қайшы пікірлердің қайсысы дұрыс және ақиқат-шындық кімнің жағында, соған жауап іздеп көрейік.
Бұл сұрақтарға дұрыс жауап табу үшін, біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.
Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.
Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады.
Қазіргі кезде жер бетінде түгелдей бір тектес ұлттан тұратын мемлекет жоқ десе де болғандай. Көп мемлекеттерде бірнеше ұлт өмір сүреді, немесе бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Бірақта көпшілік мемлекеттер сол мемлекетте өмір сүретін ұлттардың біреуінің атымен аталады және ол мемлекет құрушы, титулды ұлт болып саналады. Сондықтан ол мемлекеттің халқы бір ортақ тілде, яғни мемлекет құрушы ұлттық тілінде сөйлеп, алдарына бір ортақ мақсат қойып, сол үшін куреседі.
Мемлекет құрушы ұлт сол мемлекеттің территориясында тарихи қалыптасқан және ұлттық құрамы басқа ұлттарға қарағанда сан жағынан анағұрлым басым болуға тиіс.
Бүгінгі Қазақстан республикасындағы мемлекет құрушы қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында осы белгілердің бәрі бар. Ортақ территориясы, экономикасы мәдени-тілдік ортасы дегендей. Бірақ та қазақ халқының ұлт болып қалыптасуындағы бір әлсіз жері, ол тарихи даму барысында қоғамдық-экономикалық формациалардың капиталистік сатысынан өтпеуі. Соның салдарынан оның ұлттық санасы берік қалыптаспай, ұлттық құндылықтарын онша бағаламай, ұлттық мүддесін қорғауға келгенде онша белсенділік танытпай отыр. Мұның басты себебі қазак халқының бірнеше ғасырлар бойы патшалық Ресейдің, онан кейін қызыл империяның отары болып, өзінің басында билігінің болмауы. Соны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ертегілері негізінде рухани адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі
Пәндер