Қазақстан қорықтары жайлы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі:
2.1 Қазақстан қорықтары
2.2 Наурызым қорығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% - ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
1. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006, Құрастырушы А.А. Иващенко;
2. Қазақстан қызыл кітабы беттерінен –Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары авторы биология ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Кошварь Алматы, ААҚ « Алматыкітап » 2004, 8-12 беттерінен;
3. Қазақстан қорықтары « Алматыкітап » 1996;

ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі:
2.1 Қазақстан қорықтары
2.2 Наурызым қорығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан
байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген
сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен
бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер,
186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар
орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін
жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары,
11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ
туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат
қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы
Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына
қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан –
байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи
лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% -
ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран
жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек
кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта
сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте
қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар
желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және
жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі.
Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан
қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін
алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың
(және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам
баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда
ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол
жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана
жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын
территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай
пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық
көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші
тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының
барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер
түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар
әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының
үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.
Адам баласы ХХ – ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп
–қатердің бірі – қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты
экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау
жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең
ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау
одағы ( ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы – IUCN ) болып табылады, оған
бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық
үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен
алты белгі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған
сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын
территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия ( WCPA ), табиғи экожүйені
қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерімен
айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді,
тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін
құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың
Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы
қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003
жылы Дурбан қаласында ( ЮАР ) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс
комиссия жұмыстарын қортындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның
тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар ( ҚТТ ) маңызын қайта
бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориялдық қорғау
мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі
Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды;
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және оның

көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда,
құрлық бетінің 12% - ынан көбі қорғалады, тек территорияның 10% -
ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған;
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи - мәдени нысаналар саны
101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар
қорғау қажеттіліг одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам
баласының басқа саладағы мүдделері мен байланысы толық емес еді.
Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын
табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы
қабылдады.
Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің
10% - ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан,
қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл
атқарады.

2. Негізгі бөлімі:
2.1) Қазақстан қорықтары

Қорық сөзі өте көне ол сонау Киев Русінің тұсында аң
аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу
үшін қолданылған. Қызыл кітап термині жақында, бар жоғы 30 жыл
бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі
пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық
әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңқа ие болды. Бұл
тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар
мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан
кейін (Рио – де – Жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне
байланысты күшейе түсті. Бұл мақалаларда осы ұғымдардың бір-біріне
пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса да ойлар жиі-жиі көріне
бастады.
Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ бұл терминдер мазмұны
жағынан әртүрлі. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі –
территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік
және т.б) – тұрғыдан қарастырады.
Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында
қорықтар 1926 жылдан, Оңтүстік Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань
табиғатының үлгісі ( эталоны ) ретінде бұл өңірде бірінші болып
Ақсу – Жабағалы қорығы ұйымдастырылған жылдан ашыла бастады.
Екінші болып, Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі
оңтүстіктегі қарағай ормандарын және жануарлар дүниесіне
өте бай далалық аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға алған
Наурызым қорығы ( 1930 жылы құрылған ) ашылды. Одан әрі
солтүстік Тянь- Шань, оның әр түрлі белдеуімен қоса, табиғатының
эталондық учаскелерімен таныстыру мақсатымен Іле алатауы жотасының
орталық бөлігінде орналасқан. Алматы қорығы құрылды
( 1931 жылы ). Төртінші қорық – Көкшетау облысының далалары,
гранитті тас сілемдерінде өсетін қарағайлы – қайыңды ормандарымен
айдын көлдерін ( Бурабай, Шортанды, Шабақты )
қорғауға арналған Бурабай қорығы. Бұл қорық бар-жоғы 15 жыл
жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды.
Бесінші Барсакелмес қорығы, 1939 жылдан Арал теңізіндегі
осы аттас аралда жұмыс істейді. Алтыншы қорық , Қорғалжын
қорығы 1958 жылы құрылды, негізінен Орталық
Қазақстандағы ( Ақмола облысы ) Теңгіз және Қорғалжын
көлдерінің су айдынын және оларға жақын жатқан тың
даланың аздаған учаскелерін алып жатыр.
Бұл жерлер су құстарының, соның ішінде Азияның ең терістігіне
қоқиқаздар тобы (колониясы) орналасқан нағыз қанаттылар базары.
Келесі қорық – Марқакөл, осы аттас көл мен Оңтүстік
Алтайдың таулы тайгасымен таныстыратын, 20 жылдан астам
уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі
Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған, ол үстірттің батыс тік
жарларының ең биігінде орналасқан. Батыс Алтай тайгасының
қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы
ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға
алынып, соңғы есеппен Алакөл қорығы 1998 құрылды.
Өкінішке орай, айтылған қорықтардың көпшілігі орман –
аңшылық және аңшылық-қорық деп аталатын шаруашылықтар
болып бірнеше рет қайта құрылды. Бұл кезде олардың территориялары көп
өзгеріске ұшырап, тіпті бір жерден екінші жерге ауыстырылды (
мысалы, Алматы қорығы ). Тек Ақсу – Жабағылы қорығы ғана 75 жылдан
аса батыс Тянь – Шань табиғатының эталоны қорғау
қызметін бұлжытпай орындап келеді.
Табиғат эталоны термині – жай бейнелі сөз емес.
Ол қорықтар құрудың бастапқы негізгі
мақсатын білдіреді.
Бұл барлық табиғи комплекстерді
адам баласының қызметі
араласпаған күйінде эталандоқ учаскелер экосистемалардың даму
бағыты мен қарқыны зерттеліп, мал жайылған немесе шөп шабылған
көршілес осындай учаскелерде болып жатқан өзгерістермен салыстыру
адам баласының шаруашылық қызметі өздері пайдаланатын табиғат
ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне қалай әсер етеді екен деген
сұраққа жауап беруге тиіс. Биологиялық әртүрлілікті сақтау міндеті
маңызды болғанымен де, бұл жерде ол комплексті қорғаудан кейін
екінші орында тұрады.
Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады:
Наурызым қорығы үшін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жеке
топтарының күрделі жүйелі өзара қарым-қатынасымен қоса барлық
көп комплексін сақтау ол жерде ұялайтын сирек кездесетін түр-бұйра
бір қазанының санын көбейткеннен әлде қайда маңызды болып
табылады.Екінші жағынан, түрді сақтап қалу мәселесінде сол қорықта
ұялайтын 40 шақты бірқазанды ғана қорғап қалу емес, оны шешуде
қорғалмайтын басқа көлдердегі олардың маңызы зор.
Наурызым көлдерінде бірқазандар санының шектен тыс көбеюі тіпті қорық
комплексіне зиян келтірген болар еді.
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым
мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне
қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын,
қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені
биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ,
биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім
және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны
белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті
аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып
кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі
орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес
қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес
аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен
Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне,
осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен
оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі
дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен
жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай
кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі
деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар
қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-
өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде
қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы
бағыттағы шаралардың бірі – Жер жанатты деп орынды аталып кеткен небір
тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін
өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми –
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің
биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты
шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен
табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР
мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген
құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен
міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
1969 жылғы 9 шілдеде Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына
келтіру мен қорғау шаралары туралы, 1972 ж 2 тамызда Қазақ ССР
мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы, 1976 ж 12
шілдеде Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы қаулылар
жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі
қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Қазақстан Қызыл кітабы
Саябақ - елдiң сәнi
Ерементау қорығы
Бастапқыда қорық аумағының ауданы
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар
Қазақстан Республикасының қорықтық аймақтары
Қазақстандағы қорықтар
Пәндер