Созылмалы гастрит



Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.
Этиологиясы. Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:
• хеликобактерлік инфекция (95%)
• аутоиммундық фактор (15-18%)
• дуоденогастральдік рефлюкс;
• ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б
• алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық)
• зиянды әдеттер;
• өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;)
Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-95%
Патогенезі. Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Созылмалы гастрит

Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен,
регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің
атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның
секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін
туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.
Этиологиясы. Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін
себептер:
• хеликобактерлік инфекция (95%)
• аутоиммундық фактор (15-18%)
• дуоденогастральдік рефлюкс;
• ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы
дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы
дәрмектердің т.б
• алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау
жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық)
• зиянды әдеттер;
• өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің
жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;)
Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-
95%
Патогенезі. Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің
регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе
қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында
атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың
атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.
Жіктемесі. Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады: атрофиясыз; атрофиялық;
ерекше түрлері;
Атрофиясыз гастриттің басты себебі- Н. Pylori. Атрофиялық гастриттің өзі 2
түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық. Мультифокальдық деп
асқазанның бір бөлігінен алынған биоптаттарда, тұтас емес, көп ошақты
атрофияның және НР болуымен дамитын түрін айтады. Бұл гастриттің ракқа жиі
айналатын түрі болып саналады.
Созылмалы хеликобактерлік гастрит (В тип).
1983 жылы Б. Маршалл мен Д.Уоррен антральды гастритпен сырқаттанған
адамдардың асқазан кілегей қабығының биоптатында Неlicobacter pylori (НР),
гастроэнтерологияға нағыз революциялық жаңалықтарды енгізді.
Қазіргі кезде НР-дің патогендік әсері штаммның түріне тәуелді болатындығы
анықталды. І типті штамм жара ауруының, асқазан рагының, ал ІІ типті штамм
созылмалы гастриттің дамуына әкеледі. Бұл S тәрізді, микроаэрофильдік, грам
теріс, ұзындығы 2,5-6,5 мкм, ені 0,5-1,0 мкм, бір полюсінде 5-6 мономерлік
кірпікшелері бар бактериялар. Кірпікшелерінің көмегімен бактерия ирелеңдеп
қимылдайды.
Инфекция хеликобактерлік инфекцияның тасымалдаушыларынан ауыз, нәжіс
арқылы, гастрооральдік жолмен жұғып таралады( сүйіскенде, тамақты бір
ыдыстан ішкенде немесе ластанған ауыз суын, тағамдарды ішкеннен). Сонымен
қатар инфекция ластанған зонд немесе эндоскоппен жұғады. НР жұққан кезде
жедел гастриттің көрінісі пайда болады- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы.
Бұл көбіне тамақтан ұшыну болып саналып, емнің күшімен немесе өздігінен 5-6
күннен кейін басылады.
НР көбіне асқазанның антральды бөлігін мекендейді. Бұлардың тіршілігіне 4-6
шамасындағы рН және 37-42°С шамасындағы температура ең қолайлы орта.
НР тек қышқыл ортада тіршілік етуге бейімделген, өйткені оның сыртқы қабығы
көп қабатты және мочевинаны ыдырататын ферментті- уреазаны түзеді.
Мочевинаның ыдырауынан бөлінетін аммиак және көмір қышқылы микробтың
айналасында асқазан сөлінен қорғайтын микроортаны түзеді. Уреазаның
әсерінен асқазан жасушаларының маңында рН жоғарылайды, осыдан G
жасушалардың белсенділігі артады да, гастриннің секрециясы жоғарылайды,
яғни гипергастринемия пайда болады.
НР- дің уреазаны бөлу қасиеті біріншіден оны ортаның қышқылдығынан
қорғайды, екіншіден- гипергастринемияны қалыптастыру арқылы асқазанның
секрециясын күшейтеді.
Асқазанға түскен бактериялар, адгезиялық қасиетінен, кілегей қабаттан өтіп,
астындағы эпителийлік жасушаларға тығыз жабысады және сол жерде қабыну мен
инфильтрация процестерін қоздырады. НР асқазанның кілегей қабығында басқа
жасушалармен де әрекеттеседі- лимфоциттермен, лейкоциттермен және
нейроэндокриндік жасушалармен, бірақ басым зақымданатыны – эпителиоциттер.
Қабыну ошағына лимфоциттер, плазмоциттер жиналады, гастриттің аса өткір
түрінде крипт- абсцестер дамиды. Қабыну процесінде бөлінетін және
лимфоциттерден шығатын медиаторлар мен бактериялық токсиндер кілегей
қабықты зақымдайды. НР ұзақ мекендеуі эпителийдің пролиферациясын
күшейтеді, бірақ пролиферацияланған жасушалар жетіліп үлгерместен жойылады.

Ақырында бұл процесс кілегей қабықтың атрофиясына, ішектік метаплазиясына,
асқазанның рагы мен лимфомасына, секреция шамасыздығына әкеліп соқтыруы
мүмкін. Уақтылы емделмесе, антральді бөліктен басталған процесс басқа
аймақтарға тарайды. Осыдан пангастрит, дуоденитдамиды, бірақ процесс көбіне
антропилоробульбит түрінде толастайды. Процесстің жаңа басталған шағына
гиперсекреция немесе нормосекреция болады, ал гастрит уақтылы емделмесе,
жүре- бара атрофия процессі дамып секреция жетіспеушілігі қалыптасады.
Атрофия дамыған кезде НР азаяды, өйткені оның тіршілігіне тұз қышқылы
қажет, сондық тан атрофияланған кілегей қабық НР-дің тіршілігіне қолайлы
болмайды.
Аутоиммундық гастрит (А типті)
А типті гастрит- гнедердің белгісіз кемістігінен дамуы мүмкін аутоиммундық
ауру. Гастриттің бұл түрі тұқым қуалауға бейім және өзге аутоиммундық
аурулармен жұптасуы жиі байқалады, мәселен Хашимото тиреоидитімен, уытты
жемсаумен, І типті қантты диабетпен, Аддисон ауруымен т.б. гастриттің
басталу кезінен асқазанның түбі мен денесінде орналасатын басты бездер
зақымданады.
А типті гастритте париетальдік жасушаларға, ішкі факторға, асқазанда
түзілетін т.б заттарға аутоантиденелер түзіледі. Сондықтан париетальдік
жасушалардың табиғи орналасатын аймақтары – асқазанның түбі мен денесі ерте
атрофияланады, ахилия тез пайда болады. Егер аутоантиденелер ішкі факторға,
В12 витаминге түзілсе, онда гастритте В12 витамин тапшылықты анемия дамиды.
Түрлері:
* классикалық париетальдік жасушалардың микросомалық антигендеріне;
* гастрин байланыстыратын белоктарға (гастринге деген рецепторларды
блоктайды);
* тұз қышқылының секрециясында протондық помпаның функциясын қамтамасыз
ететін Н+-К+-АТФ-азаға;
* цитотоксикалық антиденелер
* ішкі факторға (гастромукопротеинге). Гастромукопротеинге қарсы
антиденелер екі түрде болады: В12 витаминнің ішкі фактормен байланысуын
бөгейтін, және В12 витаминмен комплекс түзетін.
Атрофияланған аймақта қалыпты бездер жойылады, орнына псевдопилорикалық
бездер немесе ішектік метаплазия пайда болады, яғни антральдік метаплазия
қалыптасады, сонымен қатар кілегей қабық лимфоциттермен инфильтрацияланады.
Ахилияның салдарынан антральді бөліктегі гастрин түзуші жасушалар
гипетрофияланады, сондықтан қанда гастриннің мөлшері жоғарылайды.
Реактивті гастрит (С типті). Бұл асқазанның кілегей қабығының агрессиялық
әсерлі химиялық заттармен ұзақ тітіркенуінен дамитын гастриттің түрі.
Асқазанды көбіне зақымдайтын: рефлюкстің салдарынан ұйқыбездің ферменттері,
өт қышқылдары, ұзақ қолданылған дәрі дәрмектер, алкоголь. Реактивті
гастритте зақымдалатын – антральді бөлік. Кілегей қабықта қабыну процесінен
гөрі дистрофиялық, некробиоздық процестер басым.
Гастриттің ерекше түрлері
Радиациялық гастрит- сәулелік емнен асқазан қабырғасында коагуляциялық
некроздардың, екіншілік қабыну инфильтрациясының дамуынан болады.
Гастриттің ауырлығы дозасына тәуелді.
Инфекциялық гастрит- асқазанның НР тыс, өзге бактериялармен, вирустармен
зақымдануынан дамитын гастриттердің түрлері. Оның дамуына иммундытапшылық,
ахлоргидрия, Н2- гистаминдік блокаторларды ұзақ қолдану себепті.
Гранулемалық гастрит- бұл топқа асқазан қабырғасында гранулемалық процестің
қалыптасуымен дамитын гастриттің түрлері жатқызылады: идиопатиялық
гранулемалық гастрит, асқазанның Крон ауруында, саркоидозда, туберкулезде
зақымдануы.
Эозинофильдік (аллергиялық) гастрит- асқазанның кілегей қабығында,
шұңқырлық эпителиймен бездердің маңында эозинофильдік инфильтрация дамиды,
кейде бездердің эозинофильдік абсцестері пайда болады. Қанда эозинофилия
анықталады.
Лимфоцитарлық гастрит (вариолоформалық, созылмалы эрозиялық гастрит)-
ерекше белгісі кілегей қабықтың эпителийлік қабатының лимфоциттік
инфильтрациясы және меншікті пластинада лимфоциттік және плазмалық
жасушалардың аздығы. Эндоскопияда беті тесіліп жараланған түйіндер,
эрозиялар, қатпарлардың қалыңдауы анықталады.
Клиникалық көрінісі. Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі оның түріне,
фазасына, асқазан секрециясының деңгейіне тәуелді. Белгілер тән:
• эпигастрий аймағының тамақ ішкенге байланысты ауруы,
• асқазандық диспепсия;
• созылмалы гастриттің салдарынан жалпы күй бұзылыстарының, өзге
ағзалардың екіншілік зақымдануының белгілері;
Созылмалы гастритте эпигастрий аймағы жай сыздап ауырады. Антральді
гастритте, секрецияның қалыпты немесе жоғары кезінде, ауырсынудың түрі жара
ауруына өте ұқсайды- ашқарында, тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін
мазалайды, өйткені пилорикалық канал мен 12ішектің қышқылды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы гастрит туралы
Асқорыту ағзаларының аурулары
Гастрит
Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары
Гастрит себептері, дамуы
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері
Жануарлардағы гастрит ауруы
Иттердің гастриті, емі және профилактикасы
Асқазанның кілегей қабығының қабынуы
Пәндер