Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты

Орындаған:

ХҚ-11Қ группасының студенті

Кажибаев Т. Ж.

Ғылыми жетекші:

халықаралық құқық магистрі

Жанибеков А. Қ.

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра жетекшісі, з. ғ. к., доцент

Досымбекова М. С.

«___» 2006 ж.

Алматы

2006

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 2

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 6

1. 1. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы халықаралық шарттарды жасасу тәртібін реттейтін маңызды халықаралық құжат ретінде . . . 6

1. 2. Халықаралық шарт - халықаралық шарттар құқығының объектісі ретінде . . . 19

1. 3. 1986 жылы Вена конвенциясына салыстырмалы талдау.

1969-1986 ж. ж . . . 21

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ЖАСАСУ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ . . . 24

2. 1. ҚР Конституциясы . . . 24

2. 2. Халықаральқ шарт Қазақстан Республикасьньң шетелдік мемлекеттермен өзара катынасының кұқықтық негізі ретіңде . . . 34

2. 3. Қазақстан Республикасының Заңы “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47

БИБЛИОГРАФИЯ . . . 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Халықаралық құкықтық теориясында халықаралык шарт негізгі әрі басты құкық көзі ретінде қарастырылады. Халықаралық шарттар қазіргі кездегі халықаралық кұқықтық барлық жүйесін қамтиды, бұл тек қана әдеттегі ғана емес, сонымен бірге бұрынғы шарттарды да өзгертудің және әсіресе халықаралық құқықтык барлык салаларында маңызды жақа нормаларды құру құралы ретінде колданылады. Сондыктан халықаралық шарттар құқығында болып жатқан өзгерістер халықаралық құқыктың басқа салаларын да міндетті түрде козғайды. Мұның бәрі халықаралык шарттардың қазіргі халықаралық кұкьіқ жүйесіндегі айрыкша алар орнын айқындап береді.

Халықаралық құқық нормалары осы құқықтың субъектілерінің өздерімен, бәрінен бүрын мемлекеттермен кұрылады. Бұл егеменді елдердің еріктерін еркін түрде келісу және осы келісілген еріктерді олардың арасында жасалатын нақты халықаралық шарттарда көрсету жолымен жүреді.

Шарт бұл екі жакты немесе көп жакты саяси, экономикалық, мәдени және баска да қатынастар аумағындағы келісім. Шарттар мемлекеттер арасындағы қандайда бір мәселелерге катысты катынастардың жалпы кағидаларын айқындайды және осы қатынастардың жалпы құқықтық базасын құрады. Шарттарға көбінесе мемлекет басшылары атынан қол қойылады және ол сол уақыттан бастап бекітуі е жатады. Олар үзақ мерзімге жасалады (бес, он, және одан да көп жылдарға) .

Шарттарды олардың мәндік мазмұны бойынша, реттелетін нысан бойынша ажырату да қолданылады: саяси- экономикалык; мәдени-ынтымақтастық саласындағы шарттар (құқықтық мәселелері, көлік және байланыс мәселелері, денсаулық және т. б. бойынша) .

Мәселенің өңделу жағдайы. Бұл мәселе әлі толық көлемде қарастырылмағандықтан өз жұмысымда шетел әдебиеттерінде көрсетілген мағлұматты өңдей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының ерекшеліктерін ескеру жолымен жаңа жайттарды талқылауды жөн көрдім. Лукашук И. И, Бекешев К. А, Талалаев А. Н, және өзге де шетелдік авторлардын еңбектерін зерттеу бағдарымен осы мәселенін әлі толық зерттелінбегендігі көрініп тұр 1969 және 1986жылдардағы Вена Конвенциялары осы жана мың жылдықта қайта қарастырылып, жаңа бір құжат пайда болу қажеттілігі туып отыр. Кәзіргі таңда әлемде 500 мыңнан астам екіжақты және көпжақты шарттар бар, яғни олардындұрыс және адал орындалуы келелі мәселеге айналып отыр

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Осы зерттеудін негізгі мақсаты болып осы халықаралық шарттарды жасасуга байланысты халықаралық құықық субъектілерінін құқыққаблеттілігін талдау, Халықаралық шарттардың формасымен құрлысын анықтау және шарт жасасу мәселесін анализдеу табылады. Әр шартты жасаған кезде аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес. Бұл шарттың түрлері мен тараптардың келісуіне байланысты болады. Бірақ әрбір халықаралық шарт мәтінді әзірлеу, оны қабылдау және шарттың міндеттілігіне мемлкет келісімін білдірген сатылардан өтеді.

Халықаралық шарттарды жасаудың төрт сатысын шартты түрде бөліп алып қарауға болады: 1) мақсаты халықаралық шарттардың жобасын жасау болып табылатын келіссөздер; 2) шарт мәтінінің аутенттілігін бекіту; 3) шарттың өзінде қарастырылған қол қоюмен, бекітумен, қабылдаумен, қосылумен айқындалған шарттың міндеттілігіне келісім беру 2 ; 4) шартты тіркеу мен жария ету.

Алайда халықаралық шарттардың көрсетілген сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес. Олардың кейбіреулері, мысалы, қүжатты бекітудің болмауы да мүмкін.

Көп жақты шарттарға бірін-бірі мойындамайтын мемлекеттер мен үкіметтердін қатысуы - күнделікті жағдай. Бірак шарттар іске асрылуы үшін, тараптар бір-бірін ең болмаса шарттық қаулыларды орындауга қажетті көлемде мойындауы тиіс. Оарт біткеннен кейін мұндай мойындау да жойылады. Көп жақты шарттарға бірге қатысу ресми мойындауды қажет етпейді.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеудің пәні халықаралық шарттарды дайындау мен рәсімдеудің, дишюматиялық келіссөздерден бастап және шарт мәтінін жариялауға дейінгі, барлық заңи мәселелері болып табылады.

Зерттеудің әдістері. Мен озімнін дипломдық жұмысымды жазу барысында әр түрлі ғылыми әдістерді қолдандым эмперикалық зерттеуде Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттерінін заңнамасында халықаралық шарттарға байланысты корсетілген жайыптарды салыстырдым. Эмперико-теориялық әдістерге жүгіну жолымен екіжақты және копжақты халықаралық шарттардыоқу барысында анализдеу мен синтездеу жолдарын қолдандым, әрі осы шарттармен конвенциялардағы индукция мен дидукция әдістерін қолдана отырып олардын жүзеге асу механизмін талдадым.

Қорғауға жіберілетін ережелер. Зертеу барысында томендегідей ережелерді ұсынуға бел бұрдым:

  1. 1969 және 1986жылдардағы Вена Конвенциялары осы жана мың жылдықта қайта қарастырылып, жаңа бір құжат пайда болу қажеттілігі туып отыр.
  2. Дүниежүзінде және халықаралық ұйымдар жанында халықаралық шарттар орындалуын бақылайтын және мемілекеттерді олардын орындалуына міндеттейтін арнайы органдарды құру қажеттігі.
  3. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық шарттарға байланысты өкілеттігін арттыру.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Теориялық маңызына келетін болсақ, халықаралық шарттар институтын оқу процесінде оқып үирену мен қолдану қажеттігі туындайды, әрі халықаралық шарттарға байланысты ұлттық заңнаманы жетілдіру қажеттігі пайда болады. Тәжирбеде халықаралық шарттарды жасасуға байланысты мемілекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардын өкілеттілігін ерекше атап өтуге жөн көрдім. Мемлекеттер халықаралық шарттарды "өздерінің жоғарғы мемлекетік және мемлекеттік баскару билігінің атынан жасайды. Шарттарды жасау кезіндегі мемлекеттің өкілеттеу, тиісті органдарды аныктау мен оларды қүзырлы ету тәртібі мемлекеттің ішкі істері болып саналады және мемлекеттердің конституцияларымен, ішкі мемлееттік кұкыкпен реттеледі.

Көп жағдайларда мемлекеттік органдар халыкаралық шарттарды жасаған кезде соған арнайы өкілеттенген тұлғалар арқылы әрекеттенсді. Ол үшін оларға өкілеттік деп аталатын айрықша құжаггар беріледі.

Өкілеттерде келіссөздерді жүргізу, шарттарды қабылдау, оның аутенттілігін бекіту, қол қою және басқа да шарттың міндеттілігін білдіру тәсілдеріне құқықтар белгіленеді. Өкілеттер шарттың барлық жасалу сатыларына берілмеуі де мүмкін, мысалы, тек шартқа келіссөздерді, кол кою құқығысыз жүргізуге.

Мына түлғалар өкілеттікке мұқтаж емес және өз мемлекеттерін ех оffiсіо өкілеттей алады деп саналады:

а) мемлекет басшылары, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлігі - шарт жасауға қатысты барлық актілерді іске асыру мақсатында;

б) дипломатиялық өкілдіктер басшылары - тіркеуші мемлекеттер мен мемлекеттер арасындағы шарттар мәтінін қабылдау мақсатында;

в) халықаралық конференцияларда немесе қандай да бір халықаралық үйымдарда оларды өкілеттеуг өкілеттенген өкілдер осындай конференцияда, осындай ұйымда немесе осындай органда шарт мәтінін кабылдау мақсатында.

Мен - Халықаралық құқық Асоциациясынын мүшесімін, яғни халықаралық шарттар институтынын дамуына үлес қосуға бел бұрдым, әрі бірнеше конференцяиаларға қатысу барысында халықаралық шарттарды орындаудағы мемлекеттердін рөлін анықтау мен бекіту қазіргі таңда толық қанды зерттелінбегендігі анықталып отыр.

Жұмыстың құрылысы мен көлемі. Менің дипломдық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен және қортыдыдан тұрады. Жұмыстын жалпы колемі 50 беттен тұрады.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ЖАСАУДЫҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҮҚЫҚТАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ

1. 1. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы халықаралық шарттарды жасасу тәртібін реттейтін маңызды халықаралық құжат ретінде.

Халықаралық шарттарға 1969 жылғы 23 мамырдағы халықаралық шарттар күқығы туралы Вена конвенциясы арналған. Шарттарға қатысты мемлекеттердің құқық сабақтастығы туралы Вена конвенциясы, 1986 жылғы 21 наурыздағы мемлекеттер мен халыкаралық үйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы Б¥¥ Вена конвенциясы.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қатысты мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30-ы мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарын жасау, орындау және бұзу тәртібі туралы» заң күші бар жарлығымен реттестіріледі.

Осы жарлық мемлекеттің шарттық қызметінің конституциялық негіздерін саралай реттестірген, олар халықаралық шарттар мен 1969 жылғы Вена конвенциясынын жалпылай мойындалған құқық нормаларына толық сәйкес берілген.

Халыкаралық шарттың пәрмені халықаралық-құкықтық нормаларды және олардан шығатын құқық пен міндеттерді туындатады дегенді білдіреді. Сонымен қатар 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясында бекітілген халықаралық шарттардың нақты шарттары халықаралық құкық нормаларымен анықталады, шарттың пәрмені көбінесе осы шарт қатысушыларының өзіне байланысты болады, олар шарттың күшіне ену тәртібі мен мерзімін, оны тоқтату мен тоқтата тұруын анықтайды. Бүл шарттар халықаралық шарт пәрменінің уақытша шегін айқындайды1.

Көп жағдайларда халықаралық шарт қатысушыларының еркіне шарт пәрменінің аясын және қолданылуын, оның пәрмені мен оны кеңістікте қолдануға байланысты болады.

Енді шарттарды жасаудың әр сатысына егжей-тегжейлі тоқталамыз . Бірінші сатының мәні өте маңызды тараптардың еріктерін келістіруге және халықаралық шарттың мемлекеттер үшін жарамды мәтінін жасауға бағытталған келіссөздер. Келіссөздер мен мәтінді құрастырудың маңыздылығы мынада, дәл осы сатыда тараптардың ниеттері аныкталады, әртүрлі көзқарастар келісіледі, өзара дегендеріне көніп ымыраға келеді, келісіп жаткан тараптарға жарамды болашақ халықаралық шарттардың қаулысы қалыптастырылады.

Халықаралық шарттарды жасау жөніндегі келіссөздердің маңызының зор екендігін ескере отырып, әлемдегі мемлекеттердің көпшілігінің конституциялық зандылықтары келіссөздер жүргізу қүқығын мемлекеттердің жоғарғы атқару және заңдылық органдарының кұзырына жатқызады.

Халықаралық қүқықтың негізгі қағидаларын ұстана отырып. конференциялардың қызметінің процедурасы конференция жүмысының барлық сатыларында тараптардың теңдігін қамтамасыз етуі керек; оған қатысушылардың барлығының абыройы мен мүдделерін, құқығын қорғауы тиіс; мәселелерді талқылаудың өте демократиялық түрлеріне кепілдік беруі керек; толық еріктілікі негізінде тараптардың көзқарастарының табысты келісімге келуіне көмектесуі тиіс; бір мемлекеттің екінші мемлекетке қатысты күш көрсетуі мен еркіне бағындыру мүмкіндігіне жол бермеуі керек.

Осы ережелерді бұза отырып, әдетте, әзірленген шарттардың жүзеге асырылуы мен занды күшіне әсерін тигізеді'. Сонымен, 1969 жылғы вена конвенциясының 46-5366. Халықаралық шарттардың жарымсыз болатын нақты жағдайларын атап көрсеткен2. Мысалы, «келіссөздер барысында мемлекеттердің өкілдерін алдау, сатып алу, мәжбүр етеді және т. б. ».

Халықаралық үйымдардың, оның ішінде БҰҰ халықаралық шарттар әзірлеген кездердегі көп көмегін атап айту қажет.

БҰ¥, мемлекеттердің әрекеттерін келістіру жөніндегі орталық болғандықтан, өзінің жарғысына сәйкес конвенцияларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқылы.

Халықаралық шарттың күшіне енуі .

Danta sunt servanda қағидасы тек қолданыстағы халықаралық Іпарттарға ғана қатысты, яғни күшіне енген және өз пәрменін әлі токтатпаған. Сондықтан шарттың күшіне ену мерзімін бекітудің маңызы зор.

«Халықаралық шарт күшіне енді» сөзі халықаралык шарттың оның қатысушылары үшін міндетті болғаньш және осы ережелерді бұзу, оның ішінде бүзушы-мемлекетті де белгілі бір халыкаралык-күкықтық салдарға алып келетінін білдіреді. Күшіне енуден шарттың жекелеген ережелерінің пәрмепіне^енуін айыра білу керек.

Халыкаралық шарттың күшіне ену сәті оны ратификациялау, ратификациялық грамоталар алмасқан немесе ратификациялық грамотаны сактауға берген кез болуы мүмкін. Мүндай ІІІарттар көбіыесе ратификациялауға жататын шарттарда карастырылады. Кейбір жағдайларда шарт күшіые енуі үшін оны ратификациялайтын мемлекеттер көрсетіледі.

Қазіргі кезде ортақ көп жақты піарттардың тиімділігін арггыруда белгілі бір рөлді оның тезірек күшіне енуі ойнайды. Халықаралык

шарттардың күшіне ену тездігі тек ратификацияны немесе қосылуды жүзеге асырушы мемлекеттердің санына ғана байланысты болмайды, сонымен бірге оны жүргізу процедурасына да байланысты болады.

Шарттарды жасау тәртібі.

Әрбір халықаралық шарт, халықаралық-құқықтық акт болар алдында, халықаралық субъектілер арасында тиісті түрде жасалуы тиіс.

Мемлекеттер шарттарды өздерінің жоғарғы мемлекеттік билік пен басқару органдарының атынан жасайды.

“Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, халықаралық шарттарды ' жасау Казақстан Республикасы Президентінің құзырына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің, министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ҚР орталық атқару органдарының құзырына берілген. Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін министрліктер де, мемлекеттік комитеттер мен басқа да орталық органдар, Қазақстан Республикасы СІМ бірге немесс олармен келісе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметіне өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық шартгар жасау туралы үсыныстар енгізеді.

Бұл ұсыныстарды қарап шыққан Қазақстан Республикасы

Үкіметі оларды Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынады3.

Үкіметтің қарауына қатысты мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасы Сыртқы Істср Министрлігі енгізеді, сонымен бірге онымен бірлесе немесе келісе отырып, басқа да министрліктер, мемлекеттік комитеттер, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатым жопе сссп беретін'министрліктер де, мешіекеттік комитеттер мен басқа ла орталық органдар енгізеді.

Ал мекемеаралық шартгарға? келетін болсак, оларды жасау бойынша үсыныстар Қазакстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігімен міндетті түрде келісе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметіне соңғы мемлекеттік органдармен енгізіледі.

Мемлекеттер шарттарды оған арнайы өкілеттенген тұлғалар арқылыжасайды.

Келіссөздер жүргізетін және шарттарға қол коятын өкілетті түлғаларды немесе делегациялардың қүқығын растау үшін оларға мемлекет атынан осындай сипаттағы жүмыстарды жүргізуге халықаралық тәжірибеде қабыдцанған өкілеттіктер беріледі4.

Осылайша, өкілеттік - бүлар ерекше қүжаттар, онда келіссөздар жүргізуге, шарт мәтінін қабылдауға, онын аутенттілігін бекітуге, мемлекет үшін шарттың міндеттілігіне келісім беруге күкығы расталады 2 (1969жылғы Вена конвенциясының 76. ) .

Әрине, өкілеттілік шамасы әрдайым басқа мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге түлғаларды тағайындауға кұкык берілгенчшкі мемлекеттік күқық женіндегі органмен айқындалып отырады 3 .

ҚР Президентінің. 30-ы мамыр 2005ж. Жарлығының 8 б. сәйкес мемлекет аралык сипатта келіссездер жүргізу мен шарттарға қол қою өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Президентімен беріледі, ал Үкімеггің карауына катысты мәселелер бойынша - Республика Үкіметімен. Бұл өкілеттіліктер Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігімен де берілуі мүмкін.

Мекемеаралық шарттарды жасау туралы келіссөздерді жүргізу өкілеттілігі Министрмен, мемлкеттік комитеттің төрағасымен, басқа да Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының басшыларымен, сондай-ақ Республика Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның басшысымен деберіледі:

Дегенмен атап өткен жөн, 1969 жылғы Вена конвенциясы да, халықаралық құқық нормаларына сай 17. 01. 92ж. Заң да арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға құқылы тұлғаларды айқындап берген.

Міне халықаралық шарттар қүқығы туралы Вена конвейциясының 76. 2т. «мемлекет басшылары, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері өз мемлекеттері атынан қажетті өкілеттіксіз-ақ өкілеттейтінін» нақтылап берді.

Алайда, 1969ж. Вена конвенциясының 76. айтылғандай, дипломатиялық өкілдіктер басшылары мен ХҰ жанындағы өкілдіктер басшылары мемлекеттерін өкілетсіз тек қана мәтін қабылдаған кезде ғана өкілеттей алады; ал қол қоюға оларға арнайы өкілеттік қажет.

“Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы төртінші бөлігіне назар аударайық, онда да арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізу қүқығы бар тұлғалар көрсетілген: мекемеаралық сипаттағы шартар бойынша - Республика Министрі, Республиканың Мемлекеттік комитетінің Төрағасы, басқа да Респубдиканың орталық атқару органцарьшың басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның басшысы5.

Өйткені өкілдердің өкілеггіктері олардың шарт жасау бойынша қызметінің құқықтық негізі болып табылады, осы өкілеттікті асыра сілтеу немесе бұзуды занды күшінен айырыдған заңсыз әрекет деп карау керек. өкілеттікті бұза отырып қол койылган кұжаттар мемлекеттерді міндетгемейді және байланыстырмайды. Сондықтан, мемлекет өкілдері халықаралык шарт жасау себебімен келіссөздер жургізу үшін, олардын жұмыстары өкілеттіктерді тексеруден басталады.

Екі жақты шарттар жасаған кезде қатысушылар өкілеттіктер алмасады, ал көп жақты (арнайы конференцияларда немесе халыкаралык ұйымдар шегінде) шарттар жасаған кезде өкілеттіктер хатшылыққа немесе өкілеттіктерді тексеретін арнайы комитсттерге беріледі. 6

Келіссөздер жүргізуге өкілсттілік алған тұлғалармен тиісті мекемелер беретін нүскаулардың мәні басқаша блады. Нүсқаулар, әдетте. құпия сақталады. Олармен бекітілетін түлғалардың мінез-қүлқының шегі осы ел үшін занды мәртебеге ие болады, соның аркасында екінші жақ қандай да бір шамада бұл нұсқаулармен санасуының қажеті шамалы. Нұсқауды бүза отырып қол қойылған шарт занды күшін жоймайды.

Халыкаралық шарттарды жасау тәртібі мен сатылары. 1969 жылғы Вена конвенциясьг халыкаралық*шартты «жасау» терминіне анықтама бермегенімен, бүл ұғымға бірқатар нақты сатылар мен заңды әрекеттерді кіргізеді: шарт мәтінін құрастыру және қабылдау, мәтіннің аутенттілігін орнату, шартқа кол кою, ратификациялау және шарттың міндеттілігіне келісімді білдеретін бекіту, қабылдау, қосылу, құжаттар алмасу сиякты басқа да қүжагграды қүрайтын әдістер. Ратификациялық грамоталар алмасу немесе сақтауға өткізу де жасау сатысына жатады. Кейбір заңгерлер жасауға шарттың күшіне енуін де жатқызып жүр7.

Әр шартты жасаған кезде аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес. Бүл шарттың түрлері мен тараптардың келісуіне байланысты болады. Бірақ әрбір халықаралык шарт мәтінді әзірлеу, оны қабылдау және шарттың міндеттілігіне мемлкет келісімін білдірген сатылардан өтеді.

Мемлекеттер халыкаралык шарттарды өздерінің жоғарғы мемлекетік және мемлекеттік басқару билігінің атынан жасайды. Шарттарды жасау кезіндегі мемлекеттің өкілеттеу, тиісті органдарды анықтау мен оларды қүзырлы ету тәртібі мемлекеттің . ішкі істері болып саналады және мемлекеттердін конституцияларымен, ішкі мемлееттік қүқықпен реттеледі.

Өкілеттер мен өкілдер

Көп жағдайларда мемлекеттік органдар халықаралық шарттарды жасаған кезде соған арнайы өкілеттенген түлғалар аркылы әрекеттенеді. Ол үшін оларға өкілеттік деп аталатын айрықша құжаттар беріледі. Өкілеттерде келіссөздерді жүргізу, шарттарды қабылдау, оның аутенттілігіп бекіту, қол кою жәпе баска да шарттың міндеттілігін білдіру тәсілдеріне құқықтар белгіленеді. ікілеттер шарттың барлык жасалу сатыларына берілмеуі де мүмкін, мысалы, тек шартка келіссөздерді, кол кою кұқығысыз жүргізуге.

1969 жылғы Вена конвенциясының 7 бабына сәйкес мына түлғалар өкілеттікке мүқтаж емес жоне өз мемлекетгерін ех officio өкілеттей алады деп саналады:

а) мемлекет басшылары, үкімет басшылары меп сыртқы істер
министрлігі - шарт жасауға қатысты барлық актілсрді іскс асыру
мақсатында;

б) Дипломатиялық өкілдіктер басіиылары - тіркеуші мемлекеттер
мен мемлекеттер арасындағы шарттар мотінін кабылдау максатында;

в) халықаралық конференцияларда немесе қанДай да бір
халықаралық үйымдарда оларды өкілеттеуге өкілеттенген өкілдер -
осындай конференцияда, осындай үйымда немесе осындай органда
шарт мәтінін қабылдау мақсатында.

Халыкаралык шарттарды жасаудың төрт сатысып шартты түрде бөліп алып қарауға болады: 1) мақсаты халыкаралық шарттардың жобасын жасау болып табылатын келіссөздер; 2) «шарт мәтінінің аутенттілігін бекіту; 3) шарттың өзінде қарастырылган қол коюмен. бекітумен, қабылдаумен, ааеіооіаі нсмссе қосылумен айкындалған шарггың міндеггілігіне келісім беру 2 ; 4) шартты тіркеу мен жария ету.

«Алайда халықаралық шарттардың көрсетілгсн сатылардың зәрінен өтуі міндетті емес. Олардың кейбіреулері, мысалы, құжаггы 5екітудің болмауы да мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Некені бұзу мәселелері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Халықаралық құқықтың қағидалары
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Халықаралық құқық субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz