Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану



КІРІСПЕ

І. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Халық педагогикасында тәрбие мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жастардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері, ұлттық дәстүрлері
1.3 Педагогика тарихында жастар тәрбиесінің маңызы

ІІ. ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жастардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының
элементтерін пайдалану әдістемесі
2. 2 Жастарымызды халық педагогикасының элементтері арқылы
тәрбиелеу жолдары


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДЫЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу» А, 2000ж
2. Арын Мұхтар «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, -1996ж
3.Арғынбаев Халел «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» А,-2005ж
Азоров Ю.П. «Семейное педогогика» Москва 1982 г.
4. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж.
5. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың
(жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж «Педагогика тарихы» Алматы, 2006ж.
8. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі» Алматы, 2004ж.
9. Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004
10. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы «Қазақтың салт дәстүрлері»
Алматы, 1999ж
11.Әдібай Табылдиев «Тағылым» Алматы-1995ж
12. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
13. Безкаравайный С, Жұмабаев А, «Мектепте өткізілетін тарихи
әдеби кештер» Алматы « Мектеп » ,1968ж
14.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж
15.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы»
Алматы: Мектеп, 1987 ж.
16. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.
17. Крупская Н. «Вопрсы семейного воспитания и быта» 1959 год.
18. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
19. Крупская Н. К. «Таңдамалы педагогикалық шығармалары». А,1973 ж.
20.Көшекбаев Н. «Оқыту теориясы». Алматы, 1976 ж.
21.Қоянбаев Ж.Б. «Педогогика» Алматы 1992 жыл.
22. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.
23.«Қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ» Алматы 2000ж.
24. Қазақ тәлімдік ойлар антологиясы 1 том, Алматы, 2005ж.
25. Қалижанұлы У. «Қазақ әдебиетіндегі діни – ағартушылық ағым».
Алматы, 1998ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану

Жоспар

КІРІСПЕ

І. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Халық педагогикасында тәрбие
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Жастардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері, ұлттық дәстүрлері
1.3 Педагогика тарихында жастар тәрбиесінің маңызы

ІІ. Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының
элементтерін пайдалану ЖОЛДАРЫ
2.1 Жастардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының
элементтерін пайдалану әдістемесі
2. 2 Жастарымызды халық педагогикасының элементтері арқылы
тәрбиелеу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДЫЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І. КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән
берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның
тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып,
алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала
бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып,
қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға атойлап шабуыл
жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер
енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан
өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың
рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу
қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы
қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік
әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар
тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру
әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып,
егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ
шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен
тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың
өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге,
ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып,
сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар,
әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.

Зерттеудің міндеттері:
- Жас балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми -
теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін
қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу орындарында жүрген жастарымыздың
оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Жастардың білім білік дағдылары, тестілеу
тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда жастардың білім, білік
жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық
педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан
толықтырады.
Міне, баланың жан тәрбиесі, оның құрамындағы 12 арна (түйсік, ұят,
сүю, зерде, қабілет, жігер, мінез) осы кездерден бастап қалыптаса бастайды
да, одан кейін барып сыртқы бес мінез қосылады. Ал егер адамда жоғарыдағы
жеті арнаның бірі болмаса тәрбие кетік болып қалады.
Өмірге ұрпақ әкелуге алдын-ала дайындық жасамаған, сондай дайындықтан
өтпеген адамдар өмірге дертті ұрпақ әкеледі. Бұл дегеніңіз кешірілмейтін
күнә болмақ.
Жастарды тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар
болсақ, ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру,
адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам
ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген
ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі
ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай
қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы
керек.
Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық
ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді
халқымыздың жастар тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын
аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.

2. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

2.1 Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен
қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек
пен ғылымның ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық —
ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ
жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға,
молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-
білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу
ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. Білімдіден шыққан
сөз, талаптыға болсын кез— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді
құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі
азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз
бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр
ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: Фактілер — ғылымның ауасы десе, ғұлама
ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне
сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: Тәрбие негізі — ғылым, даналық
негізі — білім деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға
ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс
түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт
ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа
дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны
немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он
қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын
кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың
қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық,
зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен
ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан
мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты.Осыны ұстанған
қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-
, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға
ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап,
үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың
жадына сіз деген сыпайылық, сен деген анайылық, Адаэддықтың белгісі,
иіліп сәлем бергені, Кішіпейілділіктен кішіреймейсің, Жұпыны жұтамайды,
сыпайы сүйкімді; Құдай деген құр қалмайды деген кағидаларды үнемі
уағыздаған. Халқымыз Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала
тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының,
қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың
көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен
сүйкімді, Қызым үйде, кылығы түзде, Қысыла, қысыла қыз болдым деген
мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. Қыз өссе — елдің көркі деу
арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді
мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы
байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған
халық:Еңбек — адамның екінші анасы, Еңбек түбі — береке, Жалқаулық
аздырады, еңбек оздырады, Еңбексіз өмір — сөнген көмір, Еңбегі қаттының
ембегі тәтті деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің соры жаман
әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан
өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ
халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды
мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер
шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз
балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу,
өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен
әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі,
отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі
болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: Өз үйінде
ою оймаған, кісі үйінде тон пішер деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен
төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін
Қыздың жиған жүгіндей деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну Аяз би
ертегісіндегі Аяз бидің, Керқұла атты Кендебай ертегісіңдегі Кендебайдың,
Күн астындағы Күнікей кыз өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері
арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын
мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі
арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы
халық еңбекпен ер көгереді, мұратына жетеді деп, жастарға үлгі-өнеге-
етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып,
егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ
шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен
тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың
өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге,
ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып,
сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар,
әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Қорыта айтқанда халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде,
алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар.
Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға
алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі
жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал
адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін
тәрбиенің жиынтығы іспеттес.

2.2 Жастардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық педагогикасы
элементтерінің түрлері, ұлттық дәстүрлері

Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру
жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты
феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына
өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел
болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық
санаға ауысқандықты аңғартса керек.
Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана
қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды
қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі
өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.
Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде
шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі
ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі
таңдағы ең үлкен мақсаты.
Жастарды тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар
болсақ, ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру,
адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам
ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген
ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі
ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай
қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы
керек.
Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық
ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді
халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын
аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.
Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық
жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру,
ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар
араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен
балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.
Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын
қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары
барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де
болады.
Қамқор ене әдетте келін түскен кезде — ақ ұл немересі болу үшін
оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса,
біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп
жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып
жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның
әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып
қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа
жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі
келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса"
өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.
Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің
ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін
далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.
Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау
керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек
байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.
Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған
әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген
аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.
Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп,
оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің
тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген
ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш,
қымыздық теріп әкеп береді.
Рауғаштан жесе сәбидің көзі көреген, естігіш болады, ал қымыздық
баланың тәбетін ашады.
Болашақ сәби еңбектей бастағаи кезде жар жағалап, бор жалап кесек
жейтіні белгілі. Бүл сәби организмінде белгілі бір мөлшерде минералдардың
жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген.
Мұны аңғарған халқымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам
жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың
иісі шығатын қайырым топырағын үйге қонды да, "баланың сүйегінің
қалыптасуына керек, кейін бөтен бор іздемейді", деп мөлшерлеп жезігіп
отырады.
Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді.
Халық түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелді баласынын сүйнгі
бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.
Әйелдің жүкті кезінді ескертетін халықтық түсінікке негізделген
мынадай ырымдар бар. Итке "кет" деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы
мүмкін, арқан есуге болмайды; әйелдер босанар үстіндс бала кіндігіне
оралып қалуы мүмкін, тең буын қаптың аузын жабуға рұсат етілмейді, керіснше
жаулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге
болмайды, бұлай етсе, жүкті келіншек баласын тоғыз ай емес, он екі ай
көтеруі мүмкін. Тәжірибелі өнерлер алдын ала түсікті бодырмас үшін
келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін түнде ешқашан жалғыз
шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара
жерді басқызып, "Кеудесі түкті жер — Ана, күш бер, қуат бер!" деп жалаң
аяқ жүргізеді.
Соныменн бірге сл ішінде жас келінді аға-апасы жетелеп апарып, жеті
бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, тенге тастау, бастаудың
басындағы әулиғ ағашқа ақ шүберек байлау секілді сенімдер де бар. Қариялар
осындай іс-әрекеттер арқылы "сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен,
толғатқан кезде сені демеп, жебеп отырады" деп келіннің күпті көңілін
орнына түсіреді.
Міне бұл тәрбиелік іс-әрскеттер ғасырлар бойы халық тәжірибесіне
негізделумен қатар, адамның тыс құдіреті бар деп, ол құдіреттің бірі
табиғат болып саналған. Сондықтан Жер, Күн, Ай, аң-жануарлар сезім күшіне
айналып, өмірде қиындықты болдырмау, жеңу үшін табынып отырған. Халық
сенімінің беріктігін бүгінге дейін сақталып келген наным
сенімдерден байқауға болады.
Аталып өткен дәстүрлер бала тәрбиесіне алдын ала жөн салып,
қалыптастыру кезеңі болса, бала дүниеге келерде қолданылып сақталатын
көптеген ырымдар мен рәсімдері нәрестенің дүниеге келер кезін жеңілдетіп,
алғашғы сәтінен аялауға арналған. Жарыс қазан, кебеже, қан сандықтардың
аузын ашу, күмісті су әзірлеу — бұлардың бәрі де болашақтың алдып алу
әрекеттері. Тағы да халық көрегендігінің дәделі.
Қазіргі медицина әрекеттерінің көбі халық тәжірибесінде өзінше
сақталған. Ол әрекеттер жас нәрестенің дене тазалығы, ширақтылығы, жан
тыныштығына қамқорлық жасауға арналған.
Тұзды суға, күмісті суға шомылдырып, мойнының уақтылы қатуын қадағалап,
ырымын жасап, ауызданып, тамақтанып, құрғақ жатуын қадағалап – сәбидің
физиологиялық заңдарын түсініп, біліп, өзіндік ерекше амалдар табуына
әкелген.
Әрбір ескі қазақ ауылында екі қабат әйелдерді босандыруды машық қылған
қолы жеңіл кемпірлер болған. Олардың ел ішінде "аққол ана" (яки қазіргі
акушер) деп атайды. Аққол аналар кез келген келіншектің қай күні
босанатынын басынан біліп отырған.
Бала дүниеге келісімен дауысты шығу үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады
да кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шешс" аталады.
Жарық дүниеге келген сәбмиі емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға
салынған қасқырдың немесе сыртының жүнінмен ауыздандырады. Көне түріктер
өздерін қасқырдан жаралғанбыз деп, көк бөріні киелі санағаны белгілі.
"Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес,
бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі, Міне осы күндері "шілдехана",
"шілде күзет", "шілдехана күзет" өткізіледі.
Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын
ойнап, көңіл көтереді. Мұнда жастар тек ойын-сауық құру үшін ғана
жиналмайды. Ондағы мақсаты жаңа туған нәрестекні жын-перілерден қорғау
үшін жиналатын болған.
Әйелдердің әл қуат жинап, белі бекіп кетуі үшін арнайы мал сойылып,
қалжа беріледі. Жас сорпа ішккізліп, жас ел жегізу мақсатымен сойылған
малдың семіз, күйелі болуы шарт. Бұл дәстүрдің сақталуы еш кешірімсіз
жағдай деп бағаланады, сондықтан тілімізде "сені туған шешең қалжы жеді-
ау" деп ренішпен айтылатын сөз сақталған.
Шілдехана сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге береді.
Ол мойын омыртқаны опырмай, тек етін қолмен үзіп жеп, төрге іліп кояды. Ел
ішінді жас баланың мойнының қатуы осы омыртқамен байланысты деген сенім
бар. Шілдс күзеттің тағы бір мақсаты анаға аналық сезім туғызып, оған
арнаулы күтім жасау жолы.
Қазақ елінде қалымтасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалмай
ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға да
молда шақырылатын болған. Молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын
тақап, сәбиге қойылар атты үш рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты
тіліміздс "азан шақырып ат қою" тіркесі қалыптасқан. Ат қойған адамға ақы
ретінде арнайы сыйлық дайындалады.
Кіндігі түскен баланы бес күннен бесікке салалы. Осы той томалаққа
жиналған ауылдың корші-қолаң әйелдері шашуларын ала келкді. Баланы бесікке
бөлеуден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады.
Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсак, кәмпит және түрлі дәмдер
жапа-тармағай астына тосылған алақандарға тасталады.
Басқарушы 'Тышты ма?" деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала
"Тышты! Тышты!" деп шу ете түседі. Шашу әуелі ұл балаларға, кейін
қыздарға беріліп, сол балалар сияқты тезірек жүгіріп кетсін деген
ниетпен істеледі.
Әрбір жақсылықтың үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың
бұл дәстүрі — бесік құт дарысн деген асыл ниетпен туған рәсім 40
күн болғанша бөбекгі бір күн сумен, бір күн тұзбен, бір күн
жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып,
тұзға піскен сәби шымыр болады әрі есейген соң денесі зақымданса
"жарасы тез жазылады."
Тумақ үшін ең елеулі кезең қырқынан шығару, яғни шілдеханасын жасау.
Қауіп қатерлі 40 күн өтіп, нәрестенің мойны қатқан соң ата-анасының көңілі
орнына түседі. Осы сәтке дейін іштен туа алынбаған "сүт тырнағы" мен "қарын
шашына" да тиіспейді.
Ұл баланың қырық күнге жеткізбей, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қырық
күннен асырып 42 не 44 күндс қырқынан шығарады.
Бұл кәдеге шақырылған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер
салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алады. Қарын
шашын алғаи әйелге сыйлық беріледі. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп
баланың оң иығына қадайды. Тырнағын жерге көміп тастайды. Батыс Қазақстанда
алынған шаштан тұмарша жасап бас киіміне, бесіктің арқауына қадаса, Семей,
Карағанды облыстарында қарын шашын шүберекке орап сақтап қояды екен.
Бала шашын жерге тастамау, бас қадірін биік ұстау деп
түсінілген.
Жалпы баланың шашын ешқашан ашық-шашық жерге тастамайды, адам аяғын
баспайтын жерге көміп отырады. "Қарын шаштың қарғысы қатты
болады" деген мақалдан осы көрінісі байқалады. Ата-бабамыз сәби
қара құлақтанып қатарға қосылып кеткенше тіл-көзден қатты сақтаган. Жылын
басын, үкіні, куміс тиындарды тесіп нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар
ретінде іліп қояды. Бұл табынушылық дүниелер әр жердің өзіндік сеніміне
байланысты қолданылады. Марал тұяғы, мүйізі (Өскемен), қыран тұмсығы
(Арқалық), үкі мамығы, (жазық далалы жерлерде), көзмоншақ (Оңтүстікте).
Егер "көз тиді" деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін
әкеліп түтетеді.
Осылайша қас күштердің беті қайтады, баланы тіл-көзден сақтайды
деген сенім болған. Әсіресе әлдебіреу нәрестеіе сұқтана қараса не "баланы
балапанақтай екен" десе, ата-анасы дереу көңілдеріне алып, іле-шала оған
түкірту ырымын жасатады. Сәбиге жұрттың назары түспеу үшін көзден
тасалап, оған көбіне жаман-жәутік, ескі-құсқы кигізіп, бет-аузына әдейі
күйе жағып қояды.
Баланың ақыл сезімін, күш қайратын алғашқы күндерден-ақ қалыптастыра
бастаған. Әуелі физиологиялық дене тазалық сауатына көңіл аударған, оны
негіз деп тапқандықтан болып отыр. Дені сау баланың жан тазалғын
қадағалап алғашқы әрекет нәрестені бесікке салу дәстүрімен тығыз
байланысты. Бала тәрбиесінің тағы – бесік.
Ол тек ұйықтау орны емес. Жел-құздан, мезгілсіз
ластануынан сақтап, ойнайтын, қасына келген адамдардың үн дыбыстарын
ажыратып алданып, уілдеп жұбататын. Айналасын арқауға байланған
ойыншықтардың көріп алдынан, айналасын танитын, ең соңында бесік жырын
тыңдап әсер алатын орын. Бесік жыры тек уату емес, арнау тілек айтып,
арманын білдіртіп әуенге құлақ үйретіп, өзге баларадың құлағына ой салу.
Бесік жырына талдау жасап, тәрбиелік мәнін атаған әдебиеттер баршылық.
Сонымен ақыл-ой мен сезім қалыптастырудың құралы – аялы алақан, жылы,
ойлы сөз, сазды әуен екенін халқымыз ежелден түсініп, бұлжытпай
орындап, түрлі салт-дәстүрмен, наным-сеніммен, ырым-жоралғымен жалғасып
отырған.
Туғанына 2-3 ай өткеннен кейін-ақ нәресте айналасындағы дыбыстарға
елеңдеп, әсерін сезіп, қабылдай бастаған. Келе-келе ана дауысынан өзге
үн-дыбыстарды ажыратып, аңдай алатын дәрежеге жетеді. Жағымды ән-әуенін
езу тартып шаттанады, әуезді ырғаққа елтіп, маужырап ұйықтап кетеді.

Сәби 5-6 айдан соң талпынап еңбектенуге бейімделе бастайды.
Осы кезден тез еңбектесін деген ниетпен анасы көрші-қолаңдарын
жинап, бауырынан табақ алу ырымын жасайды. Әдетте бір табақ
арнайы беріліп, талпынып тұрған баланың оңынан сол жағына қарай
тез еңбектеп кетсін деп табақ жүгіртеді. Еңбектеуге әбден
машықтанып алған нәресте 9-12 айлығында қаз тұрып жүріге
талпынады. Сәби- тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы балам тез
жүріп кетсін деген оймен тұсаукесер тойын жасайды.
Халық түсінік бойынша тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.
Бөбектің басқан қадамы құтты болсын, одан әрі жамандық көрмей
жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп оның ата-анасы өзіне жақын
адамдарды жинайды да, аяғы жеңіл, қадамың нық болсын деп, сыйлы адамға
бөбегінің тұсауын кескізеді.
Баланың тұсауын ала жіппен, қойдың тоқ ішегімен араластырып есілген
арқанмен кеседі. Тұсау кесушіге сый-сияпат көрсетіледі. Әке-шеше, ата-әже
бұл рәсімді кіші-гірім той-томалаққа айналдырады. Тұсауы кесілген соң
баланы ақ жайма не кілем үстінен ақ жол тілеп, жолы жұмсқк болсын деп
жүргізіп, тиісті ырым жасайды.
Мысалы кесілген ала жіпті 2-ге бөліп айрық жолға лақтырады. Аяғын
басқан сәбиге жақсылық тілеп, келетін ауыртпалық болса оны көп болып
бөлісуге, жамандық келе жатқан жолынан екіге бөлініп сәбиден аулақ жүрсін
деген рәсім. Ал ішекті табаққа салып таласа-тармаса жеп қою тиіс.
Осы рәсімге қатысушылар "тұсау кесу" жырын қосылып айтып, бөбектің
алғаш кадам басқанына қуанады, ал бұл жәйт балада адамға деген жылы
бауырмалдықтың, сезімдерін артып, ілтипат, инабат, имандылық қасиеттерін
қалыптастыруға себепші болады.
Балалар жүре бастаған кезде оларды қыз болса шашын өсірмей екі шекесіне
екі шоқ шаш қояды. Мұны "тұлым" деп атайды. Қыз баласы 2-3 жасқа келгенде
шашын түгелімен жібереді, ал ұл балаларға шекесіне шаш қояды. Мұны айдар
кекіл - деп атайды. Айдар кекіл кішкене балаға сәнді де, жарасымды
болады. Екі, үш жасқа толғанда ұстарамен алып отыратын болған.
Қазақ отбасында ер баланы ерекше қадірлеп тіпті оның алғаш рет атқа
мінгенінде, бір жаққа жолашны жүргенін де алғаш шаруашылық жұмысына
араласуында шашу шашып қуанышпен атап өтеді. Сондай үлкен тойлардың бірі
сүндетке отырғызу тойы.
Жалпы баланы 4 жаспен 7 жас аралығында сүндетке
отырғызады.
Қазақ халқында сүндетке отырғызу міндеті молдаларға тапсырылған.
Сүндетке отырғызылған балаға бір жеті уақыт ішінде күтім жасалынады.
Осы кезде бала жалықпас үшін ата-анасы немесе тұған-туыстары мұсылман
болуымен құттықтай отырып, отан сүйгіштікке, адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеу мақсатымен батырлар жырын, аңыздар, ертегілер айтып берген.
Сүндеттің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы бар. Сонымен "көкпар" беріп ат
шаптырып той жасаған.
Баланы қаршадай күнінен атқа мінгізіп үйрету тарихи замандағы казақ
қауымының белгілі дәстүрі болса, ата-ана үшін үлкен қуаныш болған. Жас
баланы салт атқа үйреткенде алғашқыда жәй ерден гөрі ашамайға мінгізіп
жан-жағынан байлауды жиірек қолданады. Ашамайды өте жуас қолға тұратын
жылқыға ертейтін де оған баланы мінгізіп, алғашқыда ауыл арасында жаяу
жетектеп үйретеді. Ашамайға бірінші мінген балаға жақсы тілектер айтылып,
шашулар шашылады. Бала әкесі жаттықтырушыға сыйлық беріп, сол күні баланың
бірінші қадамына қуаныш кешін өткізсді. Бірер күннен соң бала тізгінді өз
қолына алып, өз бетімен салт жүруге үйретеді. Кейін 7-10 жасында бәйгеге
шабатын болады. 10-11 жасында асау"тайларды үйретуге жарайды.
Осындай әдет-ғұрыптардың бірі — "шідерге мінгізу", "бірнеше адам бас
қосып балаға сен сенді азамат болдың, шаруаға ыңғайлы бол" деп бата
беріп, алдына шідер тастап оған мінгізеді. Бұл ырым бала еңбекқор,
малжанды, іске бейім болсын деп тілек білдіріп жасалынатын ырым. Шаруаға
икемсіз жігіттерді "шідерге еңбектеп неме" — деп ұрысу содан қалған.
Ел арасында түсінік бойынша төмендегідей сын, ырымдар да кездеседі.
Нәресте анасының омырауын тас қылып ұстап отырып емес, онда ол бала сараң
болады, керісінше алақанын ашып алаңсыз емес, онда ол бала өскен соң мырза
жігіт болады. Ер баланың көзін ашып ұйықтайтын әдеті болса, онда ол
ержеткен соң бақытты жары сұлу болады; ал қыз балада осындай әдеттер
болса, күйеуі көрікті болады; егер бала үнемі жастықтың үстінде ұйықтайтын
болса, кейіп ел басқаратын кқсем болады, егер бүк түсіп ұйыктайтын болса,
уайымшыл, қайғышыл болады, ал шалқасынан жатып ұйықтайтып болса, мінезі
жайдары, ақкөңіл азамат болады, етпетінен ұйықтайтын болса, қызғаншақ,
кейде ойшыл болады; ал аяқ қолын төрі жаққа созып, бей-жай ұйықтайтын
болса, өскен соң төрт құбыласы тең кемеңгер, әрі батыр болады.
Бала бесік дәуірінде қалмайды, сүндет тойымен бала өміріндегі ата-ана
қамқорын аяқтамайды. Бұл жасқа келгеншс ұл мен қыз баланың тәрбиесінде көп
айырмашылық болмай, көген басындағы қозы-лаққа, бесіктегі іні-қарындасқа,
сіңлісін тербетіп, ойнатып жұбататын болған. Ұл сүндетке отырғызылған соң
ересек балалардың соңынан ілесіп, уызқағанақ жеуге, көктемде қозы бағу,
бұзау қайтаруға, ошаққа оттық жинауға икемделініп үйретіледі. Қыз бала
болса үй жинастыруға, өрмек жүргізуге, жүн тазалауға, тезек теруге,
үлкендермен бірге жүріп, ине сабақтап, сауынға ыдыс апарып, үй мен
сырттың жұмысына бірдей араласқан. Мұның бәрі еңбек тәрбиесі. Ал баланың
ақыл-ойы мен сенімін тәрбиелеуге арналған қандай іс-әрекеттер болған.
Бала атаулының айналаны қабылдауына зейінді кезі 3 пен 10 жас аралығы.
Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар
аударып бұларға "жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең" деп
айдар тағып жүр.
Осы ерекшелікті әлімсақтап аңғарып ата-бабаларының төкпе ақындық пен
сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшіліп секілді
киелі өнерлерімізді ірге тасы бала санасында сәби шақта қалатынын ерекше
ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айырықша мән берген.
Сондай-ақ қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-
ойын ойдағыдай қалыптастырып ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік
әдіс тәсілдерді шебер пайдаланып отырған.
Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып,
толғантатын даналық сөздер мен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды,
шешендік толғаныстарды утымды пайдаланған. Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады -дегендей көшпенді халық болса да ғылым-білімді дәріптеп,
ақыл-ой тәрбиесінің негізі — терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа
жан-жақты ұғындырып отырған, әр отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту
үшін санамақтар мен жұмбақтардың түрлі аңыз-әңгімелер мен тақпактардың,
өлең сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез қатты ескерген.
Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру
жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты
феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына
өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел
болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық
санаға ауысқандықты аңғартса керек.
Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана
қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды
қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі
өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.
Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде
шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі
ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі
таңдағы ең үлкен мақсаты.
Бала тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар болсақ,
ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру,
адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам
ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген
ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі
ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай
қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы
керек.
Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық
ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді
халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын
аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.
Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық
жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру,
ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар
араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен
балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.
Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын
қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары
барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де
болады.
Қамқор ене әдетте келін түскен кезде — ақ ұл немересі болу үшін
оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса,
біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп
жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып
жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның
әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып
қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа
жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі
келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса"
өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.
Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің
ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін
далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.
Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау
керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек
байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.
Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған
әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген
аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.
Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп,
оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің
тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген
ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш,
қымыздық теріп әкеп береді.
Рауғаштан жесе сәбидің көзі көреген, естігіш болады, ал қымыздық
баланың тәбетін ашады.
Болашақ сәби еңбектей бастағаи кезде жар жағалап, бор жалап кесек
жейтіні белгілі. Бүл сәби организмінде белгілі бір мөлшерде минералдардың
жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген.
Мұны аңғарған халқымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам
жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың
иісі шығатын қайырым топырағын үйге қонды да, "баланың сүйегінің
қалыптасуына керек, кейін бөтен бор іздемейді", деп мөлшерлеп жезігіп
отырады.
Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді.
Халық түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелді баласынын сүйнгі
бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.
Әйелдің жүкті кезінді ескертетін халықтық түсінікке негізделген
мынадай ырымдар бар. Итке "кет" деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы
мүмкін, арқан есуге болмайды; әйелдер босанар үстіндс бала кіндігіне
оралып қалуы мүмкін, тең буын қаптың аузын жабуға рұсат етілмейді, керіснше
жаулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге
болмайды, бұлай етсе, жүкті келіншек баласын тоғыз ай емес, он екі ай
көтеруі мүмкін. Тәжірибелі өнерлер алдын ала түсікті бодырмас үшін
келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін түнде ешқашан жалғыз
шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара
жерді басқызып, "Кеудесі түкті жер — Ана, күш бер, қуат бер!" деп жалаң
аяқ жүргізеді.
Соныменн бірге сл ішінде жас келінді аға-апасы жетелеп апарып, жеті
бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, тенге тастау, бастаудың
басындағы әулиғ ағашқа ақ шүберек байлау секілді сенімдер де бар. Қариялар
осындай іс-әрекеттер арқылы "сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен,
толғатқан кезде сені демеп, жебеп отырады" деп келіннің күпті көңілін
орнына түсіреді.
Міне бұл тәрбиелік іс-әрскеттер ғасырлар бойы халық тәжірибесіне
негізделумен қатар, адамның тыс құдіреті бар деп, ол құдіреттің бірі
табиғат болып саналған. Сондықтан Жер, Күн, Ай, аң-жануарлар сезім күшіне
айналып, өмірде қиындықты болдырмау, жеңу үшін табынып отырған. Халық
сенімінің беріктігін бүгінге дейін сақталып келген наным
сенімдерден байқауға болады.
Аталып өткен дәстүрлер бала тәрбиесіне алдын ала жөн салып,
қалыптастыру кезеңі болса, бала дүниеге келерде қолданылып сақталатын
көптеген ырымдар мен рәсімдері нәрестенің дүниеге келер кезін жеңілдетіп,
алғашғы сәтінен аялауға арналған. Жарыс қазан, кебеже, қан сандықтардың
аузын ашу, күмісті су әзірлеу — бұлардың бәрі де болашақтың алдып алу
әрекеттері. Тағы да халық көрегендігінің дәделі.
Қазіргі медицина әрекеттерінің көбі халық тәжірибесінде өзінше
сақталған. Ол әрекеттер жас нәрестенің дене тазалығы, ширақтылығы, жан
тыныштығына қамқорлық жасауға арналған.
Тұзды суға, күмісті суға шомылдырып, мойнының уақтылы қатуын қадағалап,
ырымын жасап, ауызданып, тамақтанып, құрғақ жатуын қадағалап – сәбидің
физиологиялық заңдарын түсініп, біліп, өзіндік ерекше амалдар табуына
әкелген.
Әрбір ескі қазақ ауылында екі қабат әйелдерді босандыруды машық қылған
қолы жеңіл кемпірлер болған. Олардың ел ішінде "аққол ана" (яки қазіргі
акушер) деп атайды. Аққол аналар кез келген келіншектің қай күні
босанатынын басынан біліп отырған.
Бала дүниеге келісімен дауысты шығу үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады
да кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шешс" аталады.
Жарық дүниеге келген сәбмиі емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға
салынған қасқырдың немесе сыртының жүнінмен ауыздандырады. Көне түріктер
өздерін қасқырдан жаралғанбыз деп, көк бөріні киелі санағаны белгілі.
"Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес,
бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі, Міне осы күндері "шілдехана",
"шілде күзет", "шілдехана күзет" өткізіледі.
Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын
ойнап, көңіл көтереді. Мұнда жастар тек ойын-сауық құру үшін ғана
жиналмайды. Ондағы мақсаты жаңа туған нәрестекні жын-перілерден қорғау
үшін жиналатын болған.
Әйелдердің әл қуат жинап, белі бекіп кетуі үшін арнайы мал сойылып,
қалжа беріледі. Жас сорпа ішккізліп, жас ел жегізу мақсатымен сойылған
малдың семіз, күйелі болуы шарт. Бұл дәстүрдің сақталуы еш кешірімсіз
жағдай деп бағаланады, сондықтан тілімізде "сені туған шешең қалжы жеді-
ау" деп ренішпен айтылатын сөз сақталған.
Шілдехана сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге береді.
Ол мойын омыртқаны опырмай, тек етін қолмен үзіп жеп, төрге іліп кояды. Ел
ішінді жас баланың мойнының қатуы осы омыртқамен байланысты деген сенім
бар. Шілдс күзеттің тағы бір мақсаты анаға аналық сезім туғызып, оған
арнаулы күтім жасау жолы.
Қазақ елінде қалымтасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалмай
ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға да
молда шақырылатын болған. Молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын
тақап, сәбиге қойылар атты үш рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты
тіліміздс "азан шақырып ат қою" тіркесі қалыптасқан. Ат қойған адамға ақы
ретінде арнайы сыйлық дайындалады.
Кіндігі түскен баланы бес күннен бесікке салалы. Осы той томалаққа
жиналған ауылдың корші-қолаң әйелдері шашуларын ала келкді. Баланы бесікке
бөлеуден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады.
Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсак, кәмпит және түрлі дәмдер
жапа-тармағай астына тосылған алақандарға тасталады.
Басқарушы 'Тышты ма?" деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала
"Тышты! Тышты!" деп шу ете түседі. Шашу әуелі ұл балаларға, кейін
қыздарға беріліп, сол балалар сияқты тезірек жүгіріп кетсін деген
ниетпен істеледі.
Әрбір жақсылықтың үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың
бұл дәстүрі — бесік құт дарысн деген асыл ниетпен туған рәсім 40
күн болғанша бөбекгі бір күн сумен, бір күн тұзбен, бір күн
жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып,
тұзға піскен сәби шымыр болады әрі есейген соң денесі зақымданса
"жарасы тез жазылады."
Тумақ үшін ең елеулі кезең қырқынан шығару, яғни шілдеханасын жасау.
Қауіп қатерлі 40 күн өтіп, нәрестенің мойны қатқан соң ата-анасының көңілі
орнына түседі. Осы сәтке дейін іштен туа алынбаған "сүт тырнағы" мен "қарын
шашына" да тиіспейді.
Ұл баланың қырық күнге жеткізбей, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қырық
күннен асырып 42 не 44 күндс қырқынан шығарады.
Бұл кәдеге шақырылған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер
салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алады. Қарын
шашын алғаи әйелге сыйлық беріледі. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп
баланың оң иығына қадайды. Тырнағын жерге көміп тастайды. Батыс Қазақстанда
алынған шаштан тұмарша жасап бас киіміне, бесіктің арқауына қадаса, Семей,
Карағанды облыстарында қарын шашын шүберекке орап сақтап қояды екен.

1.3 Педагогика тарихында жастар тәрбиесінің маңызды

Жастар тәрбиесі - баршаның іс . Ендеше жастар тәрбиесіне оның болашағыне
немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың ''балалы үй бәзар баласыз үй
мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған. Жастарымыздың риясыз күлкісі,
әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Жастар десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де
сондықтан болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол
қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы
қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғындардың
жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат
болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай
"Қазақстан - 2030" бағдарламасын қуаттап,Мысалы: "Мен Қазақсандықпын"
әдеби-музыкалық мейрам "Отан отбасынан басталады", "Болашақ" атты
интелектуаль-ды ойын-сауық. патриоттық, саяси тақырыптарды Отан-
Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, "Ақын Абай", "Мұхтар
ата", "Қыз Жібек", "Біржан - Сара" тақырыптары қазақ даласының, өнері мен
дәстүріне деген кішкентай жастардың сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ
әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие
2- сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Пәндер