Көркем проза тіліндегі кейбір кірме сөздердің қолданылуы



Қазіргі қазақ жазба тілінің даму барысы мен қалыптасу, өркендеп өсу тарихында қалыптасып кеткен шетел тілдерінің элементтері аз емес. Олар иініне қарай арнайы айтылып та жүр. Мысалы, Рабиға Ғалиқызы Сыздықтың еңбектерінде мұндай сөздер өз алдына бөлініп, жеке қарастырылады.
Қазақ тілінде кірме сөздердің бір қабаты – араб, парсы сөздері. Бұл сөздер тілімізге енгеннен кейін о бастағы тұлғасында қалып қоймай, уақыт талабына сай мағыналық, тұлғалық өзгерістерге ұшырап, жаңа сөздердің тууына негіз болып отырған.
Тіліміздегі араб, парсы кірме сөздері тілдің тарихи даму барысында мағыналық, дыбыстық терең өзгерістерге түсіп отырған. Қазақ тілін теориялық тұрғыдан терең зерттеуді бастаған атақты ғалым Қ.Жұбанов: «Арабско-персидские слова, проникавшие в казахский язык, в условиях своеобразных общественных отношений у казахов не могли оставаться в более или менее чистом виде, а подвергались сильному звуковому изменению, часть приводившему к невозможности узнать их арабско-персидское происхождение», - дейді. [1,13].
Академик Н.Сауранбаевтың пікірінше, шығыс тілдерінен қамтылған сөздер қазақ тілінің ішкі тұрақты заңына бағынып қазақыланып кеткен. Олардың қазақыланғандығы соншалық – қазіргі қазақ тілінде қазақ тілінің сөздік құрамындағы қазақ сөзі деп түсінеді. [2,6]
Қазақ тілі түркі тілдерінен бөлініп, өз алдына отау тігіп, жүзеге шыққанда жалпы түркі тілдерінен кірме сөздердің белгілі бір пайызын иемденіп кеткен болуы керек. Бертінірек келгенде көрші-қолаң отырған туысқан тілдермен ауыс-түйіс жүргізіп, одан қайсы бір сөзді алып та, өз сөздерін беріп те күн көрген. Осындай байланыс, қарым-қатынас негізінде халық тілінің кірме сөздер қоры жасалып, қалыптасқан. Енді біз солардың Ш.Мұртаза шығармаларында кездесетін бағзы бір түрлеріне тоқталып өтейік:
«Бір пәс». Бұл тіркес уақыт, мезгіл, момент мағыналарын береді. Мысалы, «Рысқұлов екі-үш жаңғақ шағып, қант орнына тістелеп отырып, шайды қою құйғызып, екі шынысын ішті де , екі қолын столға түгеп, дастарқандағы тандыр нан, мұздаған ет, піскен жұмыртқаға қадала қарап, тұнжырап бір пәс отырды да, орнынан жұлқына тұра берді» [3,204].
Қазақ тілінің орфографиялық сөздерінде (1978, 2001 ж.) пәс сөзінің уақыт, мезгілін білдіретін мағынасы аталмай қалған, онда тек пәс-тің екінші мағынасы ғана көрсетілген: (пәс баға, пәс жұмыс, пәстеу, пәс болу, пәс бас киім). Өзбек тілінде пәс сөзі жиі қолданылады: пас-бир пас (разговорное – один момент, миг, мгновение) [4,321].
Бұл сөз парсы тілінен ауысқан болу керек, онда ол уақыт , мезгіл мағынасын беруі бергенмен, дәл қазіргі қазақ тіліндегіндей емес: пәс (после, потом, итак, следовательно) [5,94]. Әрине бір тіл мен екінші тілдің арасында ауыс-түйіс араласып жүрген сөздердің мағынасы барынша тұрақты болып қалуы міндетті емес. Олар әр халықтың талап тілегіне сай қолдану орайына, жұмсалу иініне қарай азды-көпті жаңа мағына алып, өзіндік ұғымын өзгертіп отырады. Алысып келген сөз ендігі жерде туған тілдің лексемасы ғана емес, кірген тілдің белгілі бір элементі болып қызмет атқаруға тиісті, сонда ғана ол сіңісіп кете алады.
1. Жұбанов К. Исследования по казахскому языку. – Алматы,1996 ж.
2. Сауранбаев Н. Проблемы казахского языкознания. Алматы, 1987ж.
3. Мұртазаев Ш. Жұлдыз көпір. – Алматы, «Мектеп» 1991ж.
4. Узбекча-русча луғат. – Москва, 1959 ж.
5. Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи (сравнительный аспект системы согласных). – Алматы: «Рауан», 1992 ж.
6. Рүстемов Л.З.Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша сөздігі. – Алматы, 1989
7. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. – Москва: «Наука», 1988 г.
8. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: «Ғылым», 1954 ж.
9. Мұртазаев Ш. Мылтықсыз майдан. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1997 ж.
10. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и историии казахского языка. – Алматы, 1959 г.
11. Қарақалпақша-русша созлик. – Москва, 1958 ж.
12. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы: «Мектеп», 1969 ж.
13. Орысша-қазақша сөздік. 2-т. Алматы, ҚСЭЭ, 1981 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚазМемҚызПи, практикалық шетел
тілдері кафедрасының оқытушысы
Ортаева Элеонора Қалижанқызы

Көркем проза тіліндегі кейбір кірме сөздердің қолданылуы

Қазіргі қазақ жазба тілінің даму барысы мен қалыптасу, өркендеп өсу
тарихында қалыптасып кеткен шетел тілдерінің элементтері аз емес. Олар
иініне қарай арнайы айтылып та жүр. Мысалы, Рабиға Ғалиқызы Сыздықтың
еңбектерінде мұндай сөздер өз алдына бөлініп, жеке қарастырылады.
Қазақ тілінде кірме сөздердің бір қабаты – араб, парсы сөздері. Бұл
сөздер тілімізге енгеннен кейін о бастағы тұлғасында қалып қоймай, уақыт
талабына сай мағыналық, тұлғалық өзгерістерге ұшырап, жаңа сөздердің тууына
негіз болып отырған.
Тіліміздегі араб, парсы кірме сөздері тілдің тарихи даму
барысында мағыналық, дыбыстық терең өзгерістерге түсіп отырған. Қазақ
тілін теориялық тұрғыдан терең зерттеуді бастаған атақты ғалым Қ.Жұбанов:
Арабско-персидские слова, проникавшие в казахский язык, в условиях
своеобразных общественных отношений у казахов не могли оставаться в более
или менее чистом виде, а подвергались сильному звуковому изменению, часть
приводившему к невозможности узнать их арабско-персидское происхождение, -
дейді. [1,13].
Академик Н.Сауранбаевтың пікірінше, шығыс тілдерінен қамтылған
сөздер қазақ тілінің ішкі тұрақты заңына бағынып қазақыланып кеткен.
Олардың қазақыланғандығы соншалық – қазіргі қазақ тілінде қазақ тілінің
сөздік құрамындағы қазақ сөзі деп түсінеді. [2,6]
Қазақ тілі түркі тілдерінен бөлініп, өз алдына отау тігіп, жүзеге
шыққанда жалпы түркі тілдерінен кірме сөздердің белгілі бір пайызын
иемденіп кеткен болуы керек. Бертінірек келгенде көрші-қолаң отырған
туысқан тілдермен ауыс-түйіс жүргізіп, одан қайсы бір сөзді алып та, өз
сөздерін беріп те күн көрген. Осындай байланыс, қарым-қатынас негізінде
халық тілінің кірме сөздер қоры жасалып, қалыптасқан. Енді біз солардың
Ш.Мұртаза шығармаларында кездесетін бағзы бір түрлеріне тоқталып өтейік:
Бір пәс. Бұл тіркес уақыт, мезгіл, момент мағыналарын береді.
Мысалы, Рысқұлов екі-үш жаңғақ шағып, қант орнына тістелеп отырып, шайды
қою құйғызып, екі шынысын ішті де , екі қолын столға түгеп, дастарқандағы
тандыр нан, мұздаған ет, піскен жұмыртқаға қадала қарап, тұнжырап бір пәс
отырды да, орнынан жұлқына тұра берді [3,204].
Қазақ тілінің орфографиялық сөздерінде (1978, 2001 ж.) пәс сөзінің
уақыт, мезгілін білдіретін мағынасы аталмай қалған, онда тек пәс-тің екінші
мағынасы ғана көрсетілген: (пәс баға, пәс жұмыс, пәстеу, пәс болу, пәс бас
киім). Өзбек тілінде пәс сөзі жиі қолданылады: пас-бир пас (разговорное –
один момент, миг, мгновение) [4,321].
Бұл сөз парсы тілінен ауысқан болу керек, онда ол уақыт , мезгіл
мағынасын беруі бергенмен, дәл қазіргі қазақ тіліндегіндей емес: пәс
(после, потом, итак, следовательно) [5,94]. Әрине бір тіл мен екінші тілдің
арасында ауыс-түйіс араласып жүрген сөздердің мағынасы барынша тұрақты
болып қалуы міндетті емес. Олар әр халықтың талап тілегіне сай қолдану
орайына, жұмсалу иініне қарай азды-көпті жаңа мағына алып, өзіндік ұғымын
өзгертіп отырады. Алысып келген сөз ендігі жерде туған тілдің лексемасы
ғана емес, кірген тілдің белгілі бір элементі болып қызмет атқаруға
тиісті, сонда ғана ол сіңісіп кете алады.
Қазіргі қазақ тілінде осыған ұқсас тағы бір сөз бар: Пәс – нас,
аласа, төмен, пасық, жаман, кем, арамза. Бұл да парсы тілінің пәст
(низкий, подлый, презренный [5,94]) деген сөзімен өзектес. Парсы
тіліндегі пәстке қарағанда қазақ тілінің пәс сөзінің семантикалық өрісі
кеңейген тәрізді. Пәс сөзі сөздікте бар болғандықтан, ол әдеби тілдің
нормасына жататын лексема болып есептеледі. Ал біз бұл жерде әдеби
нормасына жатпайтын мағынасы туралы ғана сөз етіп отырмыз.
Милләт. Түркістан милләтіне жанашыр адам, мына өзі асынып жүрген
винчестер мылтық, сол арқылы келген [3,118]. Бұл сөз қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде жоқ. Милләт арабтың мелләт сөзі. Л.З.Рустемов
өзінің Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша сөздігінде бұл
лексеманың бірнеше мағынасын атап көрсетеді: 1) народ, нация; 2)
религиозная община, секта; 3) вера, религия [6,06]. Демек, милләт сөзі
халық мағынасын білдіреді. Мұны автор әдемі келтірген.
Қауымиет. Қадірлі меймандар отырған бозаң үйдің айналасына
қауымиет жиналған [3,138]. Қауым сөзі араб тілінен енген (қаум: халық,
ұлт) халық, қоғам [6,161]. Бұл сөз ҚТОС-та бар: қауым (қауымы, қауымдас,
қауымдастыру, қауымдасу, қауымдасса, қауымдасшы). Мұндағы и – изофет,
тәндікті білдірсе, - ат – көптік жалғауы. Тағы бір мысал келтірейік: Тас
түйін болып түйілді де, қауымиетке қарап: Жамиғат! – деп саңқ етті
[3,144]. Бұл жерде жамиғат сөзін қолданып отырғандықтан, қаум сөзіне
қосымша қосып, жаңа сөз туғызуы сәтті шыққан деуге болады.
Зүмірет. Жан-жағы жасыл мүк, қызыл қына жамылған жарлауыт тас
зүмірет кілем төселген алаңқай, тастан-тасқа кеудесін соққан асау өзен,
аласа арша мен биік шынар айқаса өскен ұры шатқал [3,107]. Дүние
сұрқайланып, жап-жасыл жапырақтар зәйтүн түстеніп, топырақ шалғандай
кішкентай мүрденің шаңы зүмірет әлемін қапқандай, күллі шатқал күл беттеліп
бара жатты [3,127]. Зүмірет парсының сөзі [зумуруд: изимруд] зүмрет тас –
изумрудный, драгоценный , прозрачный камень ярко-зеленого цвета [6,124].
Ғазауаткерлік – қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ғазауат діни
сөз. Басқа діндегі халықтарды өз дініне кіргізу мақсатымен мұсылман
дінбасыларының жүргізетін соғысы. Араб-парсы тілінен алынған бұл сөзге
тіліміздің төл қосымшалары қосылған.
Жалпы түрік тілдерінде С помощью этой древней формы на – каркер
созданы преимущественно переходные глаголы активного действия типа др. –
тюрк.ічкер вводить ( іч – внутренность, көзкер – показывать (көз
глаз), көңүлкер – продумать ( құт – счастье, ...башқар ведать,вести (
баш – голова) ... Оставившая в каждом из живых тюркских языков весьма
значительные следы, эта форма давно перешла во внутриглагольное
словообразование, но стало малопродуктивной [7,432]. Қазіргі қазақ
тіліндегі –қар-кер жұрнағы туралы да осыны айтуға болады [8,281]. Ал –
лықлік аффиксі туралы ештеңе айтпай-ақ қоюға болады. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінен енген сөздер
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Шыңғыс Айтматов Жәмилә повестьінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Дүниенің тілдік бейнесі
Зат есімге тән антонимдер
Пәндер