Іш- киімдік өндірісте қолданылатын маталардың негізгі қасиеті мен ассортименті


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

«Т. Ө. Т» кафедрасы

Тақырыбы: Іш- киімдік өндірісте қолданылатын маталардың негізгі қасиеті мен ассортименті

Орындаған: Қалымбетова Л.

ТиКИЛП-07-12 тобы.

Тексерген: Тюлебаева А. М.

Алматы -2009ж.

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Иірімжіптер туралы жалпы түсінік . . . 4 2 . Жоғары көлемді иірім жіптердің өндірісі . . . 5

3. Иірімжіптің түрлері . . . 6

4. Иірімжіптержің қасиеттері . . . 8

5. Иірімжіптер мен жіптердің топтасуы . . . 9

6. Тарақты иіру жүйесінің жабдықтарының құрылысы . . . 10

Қорытын

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта бүкіл әлем елдерінде тігін өндірісі, сонымен қатар трикотаж өндірісі даму үстінде.

Біздің елімізде де тігін өндірісі мен трикотаж өндірісі дамып келе жатыр. Тігін және трикотаж өндірісіне арналған маталар, тігін жіптер, трикотаж және басқа да қажетті өнімдер өндіру үшін шикізат мақта, зығыр, жүн, тағы басқа талшықтары қолданылады.

Адам көркі - шүберек демекші, жіңішке жіптер, яғни иірімжіптер арқылы маталарды тоқып, өндіреді. Ең алдымен бастапқы шикізат - талшықтар немесе элементарлы жіптерден текстиль жіптерін өндіреді: иірімжіптер немесе кешенді жіптер. Иірімжіпті талшықты иіру арқылы алады, ал кешенді жіптерді бірнеше элементарлы жіптерді ширату арқылы алады. Кейін тоқымашылық процессінде алынған иірімжіптер мен кешенді жіптерден мата өндіріледі. Адам өміріне қажетті де, маңызды болып табылатын киімді осы маталардан тігеді.

Бұл жұмыста иірімжіптердің қалай өңдеу жолдары туралы, иірімжіптің түрлері мен қасиеттері жайлы мәліметтермен таныса аласыз.

1. Иірімжіптер туралы жалпы түсінік

Қазіргі уақытта бүкіл әлем елдерінде тігін өндірісі, сонымен қатар трикотаж өндірісі даму үстінде. Біздің елімізде де тігін өндірісі мен трикотаж өндірісі дамып келе жатыр. Тігін бұйымдар өндірісінде мата, трикотаж және беймата жаймаларды, таза және жасанды былғарыны, құрама, қабыршақ, желімді материалдарды, табиғи және жасанды үлбірді, текстиль жіптерін, түрлі фурнитураны қолданады. Осы аталған материалдардың құрылымын білу, олардың қасиеттерін анықтай алу, ассортиментін танып - білу жақсы сапалы киім өндірудің қажетті шарттары болып саналады.

Киім өндіру процесінде жіңішке жіптер, яғни иірімжіптер арқылы маталарды тоқып, өндіреді. Ең алдымен бастапқы шикізат - талшықтар немесе элементарлы жіптерден текстиль жіптерін өндіреді: иірімжіптер немесе кешенді жіптер. Кейін тоқымашылық процесінде алынған иірімжіптер мен кешенді жіптерден мата өндіріледі. Адам өміріне қажетті де, маңызды болып табылатын киімді осы маталардан тігеді.

Иірімжіп деп қысқа талшықтарды ширату арқылы өндірілген және өндіріске арналған маталар, тігін жіптер, трикотаж және басқаларға бекітілген жіңішке жіпті атайды. Иірімжіп шикізатын өндіруге мына аталған иірілген талшықтар қызмет етеді: мақта, зығыр, жүн, қысқа табиғи жібек талшықтары және штапельді талшықтар. Үрдістің бірігуі негізінде қысқа талшықтардан үзілмейтін берік жіп - иірілген жіп алады, ол иірімжіп деп аталады. Иірімжіп көп талшықты тіркесу күші және ширату арқылы байланыстырумен алынады. Иірімжіп оның ұзына бойында азды - көпті біртегіс орналасқан талшықтардан тұрады. Талшықтардың саны қима бойынша орташа санның шамасында тербелуі мүмкін. Ширатылу нәтижесінде талшықтар бір - бірін айналдыра орайды. Иірімжіптің көлденең қимасы сопақша шеңбер шамасында болады.

Иірімжіптің ерекше өзгешеліктері - оның бетінде талшықтар ұшының шығуы. Оны тарқатқанда соңында ұзындығы шектелген бөлек талшықтар да ажыратылады.

2. Жоғары көлемді иірімжіптердің өндірісі.

Жоғары көлемді иірімжіптер әртүрлі талшықтардың араласуынан өңделеді. Араласқан иірімжіптерді химиялық және жасанды талшықтардан дайындауы мүмкін. Химиялық талшықтарға анықталған ұзындықтағы штапельді талшықтар және күйдірілген талшықтар түрінде қолданылуы мүмкін.

Сапасы төмен талшыққа лавсан, нитрон А, капрон, жүн, вискоза талшығы, сапасы жоғары талшық - нитрон В, оксон 10 және басқалар қолданылады.

Араласқан иірімжіптер 30-50% отырылуы жоғары талшықтардан және 50-70%отырылуы төмен талшықтар дандайындалады. Осы талшықтардың отырылуындағы айырмашылық 20-28% шамасында болуы керек.

Иірімжіпті негізінен мақта иірімін Кард жүйесі бойынша өңдейді.

Дайын иірімжіп кәдімгі иірімжіптен айырмашылығы болмайды. Бұл иірімжіптің көлемінің артуының әсерін байқау үшін келепке орайды және бумен өңдейді немесе талшық отырғызу машинасында қайнаған сумен өңдейді.

Релаксация нәтижесінде жоғары отырғызу талшығы қысқарады және сонымен қатар отырылуы төмен талшықтардың мыжылуына әкеліп соқтырады және сол иірімжіпке көлемдік, үлпілдек және жұмсақтық береді.

Дегенмен, материалдар және де басқа бұйымдар релакцияланбаған иірімжіптерден өңдеген тиімді, сосын оны бумен өңдейді. Ең жақсы көлемді иірімжіптер 30-50% отырылуы жоғары талшықтарды араластыру арқылы қол жеткізеді. Араласқан талшықтардың қалыңдығы біртүрлі және әртүрлі болуы мүмкін. Араласудың ең жақсы әдістері болып отырылуы жоғары талшықтар отырылуы төмен талшықтарға қарағанда қалың болуымен сипатталады. Бұл жағдайда аса қалың талшықтар беріктілігі және серпімділігінің бірігуімен құрастырылады.

Отыруы жоғары иірімжіп трикотаж бұйымдарын дайындауда кең қолданылады, әсіресе жемпер, жакеттер, көйлектер, балалар киімдері мен ішкиімдер. Одан басқа жоғары көлемді иірімжіптен «джерси» деп аталатын костюм және пальто жаймалары, сондай-ақ әйелдерге және балаларға арналған киімдерді әртүрлі көйлектік, костюмдік және пальтолық маталардан өңдеуі мүмкін.

Полиакрилонитрильді талшықты жоғары көлемдік иірімжіптің өндірілуі жартылай жүнді таралған иірімжіптің өндірісімен салыстырғанда үлкен экономикдық күш береді. Едәуір аз өндірістік аудан қажет етеді, ал эксплуатациондық шығындар және еңбек шығыны жартылай таралған иірімжіптің өңделуіне қарағанда екі есе төмен.

3. Иірімжіптің түрлері.

Иірімжіптің түрлері көп, бірақ бұл жерде тек негізі көрсеткіштерінің классификациясы келтірілген.

Талшықтың құрамына байланысты иірімжіптер біртекті және араласқан болуы мүмкін. Біртекті иірімжіптер бір түрлі шикізат - мақтадан, жүннен, штапельді визкозадан, лавсан талшығы, нитрон және хлор талшығынан өндіреді; араласқан иірімжіптер - әртүрлі табиғи шикізаттардан, мысалға жүн вискоза талшығымен араластырып өндіреді.

Химиялық штапельді талшықтарды әр түрлі араластыруда олардың жарамды қасиеттері сақталып, ал жағымсыз қасиеттерін мүмкіндігінше жойылуы үшін қолданады. Мысалға, жүнді капронды штапельді талшықпен араластыру арқылы бұйымның жақсы сыртқы көрінісін, жақсы жылу өткізгіштігі мен гигроскопиялық қасиеттерін, беріктілігі, жуылуға мықтылығы және жуған кездегі созылмайтын қасиеттерін алу үшін қолданады. Бірақ капронның араласуы 20% шамасынан аспауы маңызды; әйтпесе, бұйымның қаттылығы артады, жоғары температураға сезімталдығы және жылу өткізгіштік пен гигроскопиялық қасиеттері төмендегені байқалады.

Жүн (33-50%) мен лавсаннан (67-50%) араласып өндірілген иірімжіптерден жақсы жылу өткізгіш және майысқақ (иілгіш) қасиеттері бар маталар өндіреді; осындай маталардан жасалған бұйымдар формасын жақсы сақтайды.

Жүнмен араласып қосылған нитрон иірімжіптері матаның мықтылығы мен үлпілдектігін, яғни жұмсақтығын жоғарылатады, отырылу қорғаныштығын және ылғалды жылу өңдеуін төмендетеді, бірақ бұйымның қаттылығын жоғарылатады және жылтырлығын күшейтеді.

Жүнмен вискозалық штапельді талшықты араластырғанда (30-50%) жартылай жүнді иірімжіп алынады, бұдан үстіңгі киімге және үстіге арналған трикотажды бұйымдарға арналған әр түрлі маталар дайындалады. Вискозды талшықтар ірі және жартылай ірі құрамды жүнді иірімжіпті жұмсартады.

Ең көп қолдануды мақта-лавсанды және вискоза-лавсанды иірімжіптерден табады. 33% -ті мақта немесе вискоза талшығын 67%-ті лавсан талшығымен қосып араластырған кезде ең жақсы нәтижеге жетеді. Сондай-ақ 50%-ті мақта немесе вискоза талшығы және 50%-тік лавсан талшығынан да жақсы араласу алады.

Осындай араласқан иірімжіптер жақсы беріктілік және созылымдық қасиетке ие болады.

Сондай-ақ иірімжіптерді әр түрлі химиялық талшықтардан да араластырып өңдейді.

Иірімжіптің жүйесіне баланысты иірімжіптер келесі түрлерге бөлінуі мүмкін:

Мақта-мата иірімжібі - кардтық, тарақшалы және аппараттық;

Зығырлы иірімжіп - ылғалды және құрғақ иірімжіптер, өте қанық дымқыл және құрғақ иірімжіптер;

Жүнді иірімжіп - тарақшалы, оның өңделуіне байланысты жүндер жіңішке тарақшалы және жуан тарақшалы болуы мүмкін; жіңішке шұға және жуан шұға болып бөлінетін жартылай тарақшалы және аппараттық;

Жібек иірімжіп - табиғи жібек талшығынан жасалған кардтық, иісті және аппараттық иірімжіп;

Штапельді иірімжіп - кардтық, аппараттық және тарақшалы иірімжіп;

Құрылысы бойынша иірімжіпті екі немесе одан да көп жіптердің ширатылуынан құралған біржіпті, ширатылған; пішімді және жоғары көлемді иірімжіптер деп бөледі.

Ширату көлеміне байланысты иірімжіптер әлсіз, орташа, жоғарылатылған және күшті ширатылған иірімжіптер болып бөлінеді.

Иірімжіптер оңға ширатылған (Z әрпімен белгіленеді) және солға ширатылған (S әрпімен белгіленеді) болуы мүмкін. Оң ширатқан кезде иірімжіптер оң жақтан төменге жоғарыдан оңға, ал солға ширатқан кезде оңнан төменге жоғарыдан солға кетеді.

Оң ширатуды негізінен бір жіпті ширатқан кезде, ал сол ширатуды - екі және бірнеше құрылымды иірімжіптерді ширату кезінде қолданады.

Иірімжіпті ширату келесі ширату түрінде болуы мүмкін:

Z/S, Z/Z/S, Z/S/Z, S/Z/S және т. б.

Ширату әдісіне байланысты иірімжіптерді кәдімгі және пішімді деп бөледі.

Өңдеуіне және бояуына байланысты иірімжіптер қатал, піскен, ағартылған, мерсерленген, боялған, меланжды болып бөлінеді.

Аталуына байланысты иірімжіптер мата өндірісіне арналған, трикотаж өндірісіне арналған, тігін жіптерін дайындауға арналған, кестелеу өндірісіне арналған және т. б. болып бөлінеді.

4. Иірімжіптержің қасиеттері

Иірімжіптің негізгі қасиеттері мен сапа көрсеткіштері болып қалыңдығы, ширатылуы, беріктілігі, созылымдығы және тегістігі саналады.

Иірімжіптің қалыңдығын кенепті таразылау арқылы анықтайды. Алғаш кенепті 10 сағаттан артық стандартты атмосфералық жағдайда ұстайды. Кенептің салмағын таразыны қолданып анықтайды. Иірімжіптің қалыңдығын қысқа бөліктермен де анықтауға болады. Бұл жағдайда таразылау торсиондық немесе аналитикалық таразыларда өлшенеді. Иірімжіптің қалыңдығын тәжірибе-лабораториялық тәсілмен анықтауға болады, оны нақты қалыңдық деп атайды.

Иірімжіптер мен жіптерді ширату ГОСТ 6611-55 сәйкесінше 1м ұзындықтағы жіптің ширату санымен анықталады. Ширату саны талшықтың түріне және сапасына, иірімжіптің қалыңдығына және белгіленуіне байланысты болады. Иірімжіп қалың болған сайын, оның 1м ұзындықтағы ширатылуы аз болады.

Ширату кезінде иірімжіптің қасиеті өзгереді. Иірімжіптің беріктігі созу кезіндегі үзуге беріктігі сапаның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштер шикізат талшықтарының сапасына, ширату көлеміне, тегістігіне, өңделу сипатына байланысты. Иірімжіптің беріктілігін арнайы үзу машиналарында РМ - 30, РМ - 3, РН - 3, РП - 100 анықталады.

Иірімжіп және жіптің, сонымен қатар талшықтың беріктігі үзілу ұзындығының көрсеткіштерімен сипатталады.

Иірімжіптің және жіптің созылымдылығы - бұл созу үшін күштің әсерінен бастапқы ұзындығын үлкейтетін қасиеті. Иірімжіптің созылу көлемі шикізат түріне және құрылысына байланысты болады. Жақсы созылатын иірімжіп шикізаттың қалыпты сапасын және дұрыс ширатылуын көрсетеді. Иірімжіптің созылымдылығын арнайы үзу машинасында анықтайды және бастапқы ұзындығының қатынасының пайызымен белгіленеді.

Иірімжіптің тегістігі сапаның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

5. Иірімжіптер мен жіптердің топтасуы

Иірімжіп әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.

Талшықтардың құрамына қарай иірілген жіп біратты талшықтардан тұрса біртекті деп, және әратты талшықтардан тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді. Біртекті талшықтарына таза мақта, жүн, жібек, вискоза және т. б. жатады. Аралас жіптерге мақтаның вискозамен және т. б. қосындысы жатады.

Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптер - шөткелік, тарақтық және аппараттық жүннен иірілген жіптер - аппараттық, тарақтық және жартылай тарақтық, жібектен иірілген жіптер - тарақтық және аппараттық; зығырдан иірілген жіптер - құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып бөлінеді.

Тарақты жүйемен өндірілген жіптердің сапасы жоғары болады. Мұндай жіп берік, біртегіс, біркелкі және жіңішке келеді. Көптеген мақта маталары кардтық тәсілмен алынған жай жіптен тоқылады. Аппараттық жіп құрылымы бос, үлпілдек, беріктігі және біркелкілігі басқа жіптерге қарағанда төмендеу болады.

Иірімжіпте талшықтардың орналасуы да аса маңызды роль атқарады. Мысалы, таралған иірімжіп иірімжіпте талшықтар түзуленген, сондықтан қалыңдығы кіші түрінде беріктігі мен тегістігі қамтамасыз етіледі. Керісінше, аппараттық иірімжіпте талшықтар шатысқан және нашар түзуленген, сондықтан оның біркелкісіздігіне, қалыңдығы үлкен, үлпілдек және беріктігі төмен болуына себеп болады.

Тарақталған, кардтық, пневмо - механикалық және аппараттық иірілген иірімжіп бетінің әр түрлі түктілігімен бөлінеді: әдетте тарақталған иірімжіп неғұрлым тегіс және бетінің түктілігі төменірек, ал үлпілдектігі мен көлемділігі неғұрлым жоғары аппараттық және жоғары көлемді иірімжіп.

Иірімжіп талшықтарды бірнеше сатыдан қайта өңдейді. Иірімжіптің жеке үрдісінің мазмұны мен бірізділігі талшықтың түріне және өңделіп жатқан иірімжіпке байланысты өзгереді. Бірақ иірімжіптің әр түрлі өңдеу тәсілдері болғанымен, олардың көп ұқсастықтары бар және бір мақсатқа ұмтылады - ол жіптің жіңішке, түзу және мықты жіптер болып өңделуі.

6. Тарақты иіру жүйесі туралы жалпы түсінік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Мақта өндірісі
Тоқыма маталардың классификациясы және қасиеттері
Жалпы мақсаттағы маталарды біржола безендіру
Әрлеу материалдары және киім фурнитурасы
Синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру
Текстиль өнеркәсібі салалары туралы түсінік. Текстиль өнеркәсібі шығаратын бұйымдар
Киім және оның түрлері
Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz