Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

М. Қашқари-түркі тілдерінің фонетикалық жүйесінде, грамматикалық құрылымын да жетік білген Бірақ автор өз еңбегіңде түркі тілдерінің морфологиясы туралы сәл ғана мәлімет береді де, синтаксис туралы сөз қылмайды. Бұл әрекетін грамматика мәселесін екінші еңбегіңде қарастыруына байланысты деп түсіндіріп, ол еңбегінің атын да атайды. «Китаб-и джавахир ан-нахв фи лұғат ит-түрік» («Түркі тілдері синтаксисіне тиісиі гаухарлар») . М. Қашқаридің екі еңбегі болғандығын XIV ғасырда өмір сүрген Мысыр тарихшысы Бадриддин Айни да айтқан Өкінішке орай аталмыш еңбек біздің заманымызға жетпей жоғалған.

«Диуани лұғат ит-түрік» еңбегі үш кітаптан тұрады М. Қашқари оны 8 бөлікке бөліп жазған: 1) хамза кітабы, 2) сәлім кітабы, 3) музағаф кітабы, 4) мисаль кітабы, 5) үш әріпті кітап, 6) төрт әріпті кітап, 7) мұрын жолды дыбыстар кітабы, 8) қос дауыссыз дыбысты кітап. Әр кітап сайын (тараулар болуы керек - О. Б. ) берілген мысалдар есім және етістік болып бөлінген.

Мазмүны жағынан «Диуан» сол замандағы түркілердің қоғамдық өмірінен, рухани дүииесінен түрлі мәлімет бере алатын материалдарға толы. Оларды академик А. Н. Кононов төмендегідей бес салаға бөліп көрсетеді.

  1. түркі халқының әр тайпасына тән сөздік қор;
  2. түркі тайпаларының мекен-қоныстары туралы мәліметтер;
  3. түркі тілдерін топтастыру (классификация) ;
  4. түркі тілінің тарихи фонетикасы мен тарихи грамматикасы туралы мәліметтер
  5. түркілердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры туралы мәліметтер.

М. Қашқари өз еңбегіңде тек түркі тіліне ғана тән сөздерді қамтуға тырысқан. Түркі тілдері материалдары оғыз тілімен салыстырылып беріледі. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрік» туындысы - түркі халықтары тілдерінің тарихи диалектологиясы бойынша баға жетпес еңбек. Сондықтан, араға он ғасырға жуық уақыт салса да, ол өз мамаңызын жоғалтқан емес.

«Диуани лұғат ит-түрікте» 29 түркі тайпасының аты аталады. 110 жер-су атына, 40 ел мен тайпа атауына араб тілінде түсініктеме беріледі. Кітапта екі және төрт жолдық 242 шумақ бәйіт пен 262 мақал -мәтел мысал ретіңде пайдаланылған Олардың 875 сөзі мен 60 мақал-мәтелі казақ тіліне қаз-қалпыңда сәйкес келеді.

«Диуанда» М. Қашқари түркі тілдеріне ең алгаш рет классификация жасайды. Ол түркі тілдерін орналасу террториясына қарай терістік және түстік тілдері деп бөледі. Солтүстік тілдеріне печенек, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қақ ябаку, татар және қырғыз тілін онтүсгік тілдеріне шігіл, mухcu, ягма, ығрақ, чаруқ, чомыл, ұйғыр, қытай, табғач тілдерін жатқызады. Бірақ ғұлама тілдерді бөлуде олардың тазалығы мен басқа тілдер әсерінен бүліне бастағанын негізге алады. Соның нәтижесінде, басқа тайпалардың ықпалына түспеген таза түркіше сөйлейтін тайпалар қатарына қырғыз, оғыз, қыпшақ, mухcu, шігіл, чаруқ, ығрақ тайпаларын жатқызады. Басқа тайпалар тілін иран, парсы, араб тілдерімен араласып кеткен деп түсіндіреді. Түркі тілдерінің ішінен ең жеңілі оғыз тілі, ең дәлі мен икемдісі яғма, түкен тайгаларының және Іле, Ертіс өзендсрі бойына мекендейтін ұйғырлардың тілі делінген.

«Диуани лүғат ит-түрік» - түркі тілдерінің тұңғыш салыстырмалы сөздігі және түркі тілдері бойынша тұңғыш зерттеу кітабы. Үш кітаптан тұратын бүл еңбекте түркі тайпаларының тілі бірінші рет ғылыми тұрғыдан жүйеленген. Онда тек жеке сөздеррдің мағынасы ғана емсс, этимологаясы да түсіндіріледі. Еңбектңц кұндылығы мен оның авторының түркітану ғылымындағы алатын орны туралы ғалымдар берген баға да өте жоғары. Белгілі түркітанушы А. Н. Самойлович М. Қашқариды «XI ғасырдың Радловы» деп бағаласа, А. Н. Баскаков оны «түркі тілдерін салыстыра зерттеудің пионері» деп есептейді.

«Құдатғу білік». «Құтаю білігі» деп аталатын кітап - парсы философиялық поэззиясы дәстүрімен жазылған, 13000 жолдан құралған дидактикалық дастан. Авторы - Баласұғын қаласының тұрғыны Жүсіп хас Хажиб Баласұғын. Жазылу уақыты - 1069-1070 жылдар. Бізге дастанның бір данасы көне ұйғыр алфавитімен және екі данасы араб алфавитімен жазылған 3 көшірмесі жетті Сақталған орындарына қарай ол көшірмелерді Вена, Каир, Наманган варианттары деп атайады. Ұйғыр жазулы варианты 1439 жылы көшірілсе, араб шрифтісімен жазылған варианттары XIV ғасырдың ІІ жартысында және XVII ғасырдың аяғында жазылған. Егер М. Қашқаридің атақты «Диуанын» түркі тілдері бойынша тұңғыш жазылған салыстырмалы-лингвистикалық ғылыми еңбек деп есептесек, профессор Р. Сыздықов Ж. Баласұғынның «Құдатғу білігін» түркі жазба әдеби тіліңде жазылған тұңғыш көркем шығарма деп бағалайды. «Құдатғу білік» қай тілде жазылған деген сұраққа да түркітанушы ғалымдар бірауыздан ортақ жауап бере алмайды. С. Е. Малов оны көне үйғыр, А. М. Щербак қарлұқ, Г. Благова карлұқ-қыпшақ, А. Валидов қараханид, Ә. Нәжіп қарлұқ-ұйғыр тілінде жазылған деген жорамалдар айтады. «Құдатғу білік» - көне ұйғыр әдеби тілінің дәстүрін сақтай отырып, қарлұқ-ұйғыр әдеби тілінде жазылған деген пікір - осы тұжырымдар ішіндегі тарихи және тілдік тұрғыдан шындыққа жақыны.

Бұл еңбектерден басқа Карахандықтар дәуірінің соңғы жылдарында жарық көрген тарихи-жазба ескерткіштер де бар. Оларға Қожа Ахмет Яссауидің ХП ғасырдың ортасында жазған дінисофистік «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») пен Яссауидің шәкірті Ахмед Юғнакидің «һибат ул Хакайк» («Ақиқат сыйы») шығармалары жатады.

Ахмет Яссауи - Түркістан (Яса) каласын мекендеген, ХП ғасырдағы суфизм ағымының ірі өкілі әрі ұраншысы. Өзі үгіттейтін идеялар қарапайым халық жүрегіне оңай жету үшін ол еңбегін поэзия түрінде жазды. Яссауи «Хикметтің» ең алдымен халыққа түсінікті болуын көздеді. Сондықтан болар, оның хикметтері ел арасында әлі күнге ауызша да, жазбаша да сақталуда. «Хикметке» өзінен бұрынғы шығармалар тілі әсер ете алмаған. Демек, шығарма қарлүқ-ұйғыр тілдік дәстүріне қарама-қарсы тұра алатын тілде жазылған деп топшылайды Ә. Нәжіп. Ондай тілге ол қыпшақ-оғыз тілін жатқызады. Яссауидің негізгі тілі - қыпшақ тілі болса да, оғыз тілінің әсеріне ұшыраған дейді. Демек, Хожа Ахмет Яссауи мұрасы - қазақ әдеби тілінің бастау көзі болып танылуға тиіс деп санайды ғалым.

XI ғасырда селжүктер тайпалық одағы күшейеді де, Қарахаңдықтар мемлекеті өз бабаларының жолын қуып, ішкі қарама-қайшылықтар мен тайпа аралық соғыстар зардабына ұшырай бастайды. Осы кезеңде селжүктер тайпалық одағына кірген оғыздар тайпасы да күшейе бастаған болатын. Олар Қарахандықтар мемлекетін өзінің қол астына бағыңдырады. Оғыздар ХП ғасырда Арменияны және Византияның меншігінде болып келген Батыс Азияны жаулап алады. Осының негізіңде, бұл территорияда кейіннен Осман империясы пайда болады.

Оғыздардың тарихи ескерткіштеріне «Китаби дадем Коркут» («Қорқыт ата кітабы»), «Оғынаме» еңбектері жатады. В. В. Радловтың айтуынша, «Қорқьгг ата кітабы» моңғол дәуіріне дейін жазылса да, XV ғасырда толық қалыптасса керек. Ал «Оғызнаме» Оғыз мемлекеті калыптаса бастаган кезеңде жазылған Оғыздардың тарихи мұраларын селжүк ханы Сұлтан Веледтің (1226-1312), Ашық Пашаның (1271-1332) шығармалары, Бурханидден Сивасскийдің (1345-1397) «Диуаны», авторы белгісіз жидақ, «Ибн Бибі хроникасы» (1421-1451) сияқты еңбектер кіреді. Оғыздар тайпалық одағы мен олардың жазба мұралары оғыз-қыпшақ диалектісінің Орта Азиядағы негізгі тілдердің біріне айналуына себепші болды. Осының негізінде Қарахаңдықтар дәуірінде Орта Азияны мекеңдеген түркі халықтарының әдеби тілінің дамуында екі түрлі бағыт - шығыста қарлұқ-үйғыр диалектісі және батыста оғыз-қыпшақ диалектісі негізінде даму бағыты болғандығы анық байқалады.

XI ғасырда қыпшақ (құмандар, половецтер) тайпалары шығыстан Оңтүстік-Шығыс Еуропаға қарай жылжиды. Олар өз жолындағы печенектерді батысқа карай ығыстыра бастайды. Печенектердің бір бөлігі мадиярлармен араласып кетсе, екінші тобы бұлғарларға барып қосылады. Ал олардың үшінші тобы орыстармен бірігіп, қыпшақтарға қарсы тұрды. Бірақ кейіннен печенектердің ол бөлігі қыпшақ тайпасының құрамына сіңіп кетеді. Қыпшақтардың печенектерді ығыстыра отырып меншіктеген даласы тарихта Дешті Қыпшақ деп аталады. Бүгінгі территориялық өлшеммен алатын болсақ, Дешті Қыпшаққа Қазақстанның оңтүстік-батысы, Еділ өзенінің төменгі сағасы, Қырым мен Дон далалары кіреді.

Моңғол дәуіріне дейінгі қыпшақ тілі туралы мәлімет беретін еңбектер өте аз. Қыпшақ сөздері мен қьшшақ тайпалары туралы деректер М. Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрік» еңбегінде ғана кездеседі Моңғол дәуіріне дейінгі қыпшақгар мен олардың тілі туралы мәліметтер басқа халықтардың жазба ескерткіштерінде жалқы есімдер мен топонимдер түрінде кездесіп отырады. Сондай ескерткіштер қатарына орыстар мен мадиярлардың (венгрлер) ХІІІ ғасырдағы тарихи-хроникалық жазбаларын және орыс халқының эпосы «Игорь полкы туралы сөзді» жатқызуға болады.

Моңғолдар дәуірі

Орта түркі дәуіріне тән негізгі тарихи оқиға - моңғол шапқыншылығы. Моңғол шапқыншылығы XІІІ ғасырда басталды. Шыңғыс хан 1215 жылы Пекинді басып алғаннан кейін барлық әскерін Орта Азияға бағыттады. Шыңғыс әскері Түркістан, Сырдария, Амудария, Хорезм, Самарқан жәие т. б. жерлердегі түркі халықтарының гүлденген мәдениетін күл-талқан қылды. Моңғолдар өзінің жолындағы түркі тайпаларын бағындыра отырып, қысқа мерзімде Отырарды, Хорезмді, Орта Азияны, Хорасанды, Ауғанстанды, Солтүстік Индияны басып алды. Жәбә ноян мен Сүбәдәй ноянның жасақтары Кавказга өтіп, қыпшақтар мен орыстардың жасақтарын талқандай отырып, 1224 жылы Дешті Қыпшақты толық басып алады. Тарихта өзінің дұрыс бағасын ала алмай келе жатқан осы кезең мен моңғол шапқыншылығының түркілерлерге әсері туралы академик В. В. Бартольдт: «Моңғол шапқыншылығы моңғолдарға қарағанда түркілер тағдырына көп ықпалын тигізді», -деп бағалайды.

Моңғол тайпаларының үстемдігін тек Шыңгыс хан кезеңімен ғана байланыстыру дұрыс болмайды. Моңғол тайпалары өз үстемдігінің негізін X ғасырларда орната бастаған еді. Олар осы кезеңде Солтүстік Қытайдан оғыздарды ығыстырып шығарып, Жетісуға кірген болатын. «Қара қытайлар» деп аталған моңғолдың осы тайпалық одағы ХП ғасырда Орта Азияда мемлекет құрған болатын.

Моңғол дәуіріңде батыста атақты Алтын Орда мемлекеті қалыптасты. Жошы ұлысына қарайтын бұл мемлекеттің құрамына Орыс жері, Бұлғария, Дешті Қыпшақ, Қырым, Солтүстік Кавказ, Хорезм жері кірді. Алтын Орда мемлекетіиің аса дәуірлеген уақыты - ХIII-ХІV ғасыр. XV ғасырда Алтын Орда үш хандықка - Қырым хаңдығына (1420 ж. ), Қазан хандығына (1433 ж. ) және Астрахань хандығына (1466 ж. ) бөлшектенеді және оньң құрамынан көшпелі өзбектер тайпалық одағы мен ноғайлар (маңғыт) бөлініп шығады. Ноғайлар XVI ғасырда өздерінің мемлекеті - Ноғай Ордасын қалыптастырады.

Ноғай Ордасы. Алтьш Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуі барысында бүгінгі Қазақстан территориясында пайда болған құрылымдардың бірі - Ноғай ордасы. Ноғай Ордасы Алтын Орданың құрамынан ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында бөлектене бастады. Бұл процесс XIV ғасырда өмір сүрген әмір Едігенің тұсында жалғасып, оның баласы Нұр ад-диннің (1426-1440) кезінде аяқталды. Ноғай ордасы XV ғасырда Алтын Орда құрамынан толық бөлініп шығады

Ноғай Ордасыңдағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «Ноғай ордасы», «ноғайлықтар» деген терминдер әдебиетте алғаш рет тек XVI ғасырда ғана пайда болды. Оған дейін олар өздерін «маңғыттармыз» деп, ал өздерінің ұлысын «маңғыт жұрты» деп атап келген. Оларды XVI ғасырға дейін көрші халықтар да осылай таныды. Ногғй Ордасының негізгі аумағы Еділ мен Жайық арасыңда, орталығы Сарайшық қаласы болды. Ноғайлар шығысында Жайықтың сол жақ жағалауын бойлап көшіп жүрді. Олар солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына, солтүстік-батыста Казанға, оңтүстік-батыста Арал мен Каспий өңіріне, тіпті кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейін барып жүрді XV ғасырдың басында ноғайлар Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, Сырдариядан бекініс-қалаларды жаулап алады. Мысалы, 1446 жылы маңғьгг Уақас би Үзкентті басып алады. Ноғай Ордасының негізін Алтын Орда ханы Едіге калаған болып есептеледі Бұл туралы деректер Абдіраззақ Самарқанидің, Ибн Арабшахтың, Әбілғазының, Кадырғали Жалаиридің еңбектеріңде кездеседі. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орданың уақытша билеушісі болып тағайындалған Едіге 15 жыл бойы (1396-1411) Алтын Ордадағы бар билікті өз қолына алады. Оның тікелей басшылығымен Алтын Ордадан бөлектенген маңғыт жұрты XIV ғасырдағы Түркі даласындағы ірі феодалдық құрылымдардың бірі болып саналады. Едіге өзінің Ордасында 200 мыңнан астам атты әскер ұстаған Едіге басқарған Ноғай Ордасы көрші ұлыстар өміріне де зор ықпалын тигізіп отырған. Ибн Арабшах Едігенің 20 шақты баласы болғандығын, әр баласының үлесінде белгілі бір жер мен әскер болғандығын айтады. Тіпті Алтын Орда құрамынан бөлінген хандықтарға Шыңғыс ұрпағынан шықкан әмірші тағайындаудың өзі Едіге ұрпақтарының келісімінсіз іске асырылмаған. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен қатар, қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, карлұқ, алаш, тама сияқты рулар енген.

Ноғай ордасының Казақ хандықтарының калыптасуына үлкен әсері болды. Қаракалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген халықтар негізінде пайда болды. Бүгінгі танда Солтүстік Кавказда осы Орда құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тілі - түркі тілі болды. Бірақ Алтын Орда дәуірінің халықтық тілі де, әдеби тілі де біркелкі жүйелі сипатта болған жоқ. Ақсүйектер ұйғыр жазуы мен араб жазуына негізделген әдеби тілді пайдаланды. XV ғасырдан кейін араб жазуын ғана қолданды. Сөз жоқ, Алтын Орда әдеби тілінде, көбінесе, қыпшақ тілінің элеменгі басым болды. Бірақ бұның өзі түркі халықтарының қоныстанған территориясына да байланысты болып отырды. Мысалы, осы кезде Хорезмде дүниеге келген жазба ескерткіштерде Алтын Орда әдеби тілінен гөрі шағатай әдеби тілінің дәстүрі басымырақ. Ал батыста, Алтын Ордаға жақын маңнда жазылған шығармалар тілінде қыпшақ тілі үстемдік құрды. Осы екі мәдени ағым мен тілдік дәстүр негізінде орта түркі дәуірінде жазылган Алтын Орда дәуірі ескерткшігерін екі топқа бөледі:

1. Алтын Орда шығыс жазба ескерткіштері;

2. Алтын Орда батыс жазба ескерткіштері. Бұл топқа Египет
қыпшақтары - мамлүктердің де тарихи жазба ескерткіштері енеді

Шығыс жазба ескерткіштері катарына оғыз-қыпшақ тіліңде XIV ғасырда жазылған Хорезмидің «Мұхаббат-намесі» және Ибн Муханнаның «Китаби хуллийат ул-хайан ва хулват ул-лисан» атты сөздігі кіреді. Шығыс жазба ескерткіштері қатарына діни мазмұнда жазылған С. Бақырғалидің «Хикмет» (ХПІ ғ. ), Н. Рабғузидің «Хисса сұл-анбия» (1310 ж. ) шығармаларын да жатқызуға болады.

Хорезмидің «Мұхаббат-намесі» 1353 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Хорезми кітап авторының лақап аты болса керек. Бізге шығарманың ұйғыр және араб жазуымен жазылған екі нұсқасы жетті. Шығарма 948 өлең жолынан, 474 бәйіттен, сүйіспеншілікке толы он бір намеден (хаттан) құралған. СИсаев Хорезмидің «Мұхаббат-намесінің» тілін қазіргі қазақ тілінен онша алшақ емес деп тұжырымдайды. Әрине еңбекті көне қазақ тіліндегі тарихи мұра деп айтуға болмас. Дей түрғанмен, ғалымның жоғарыдағы топшылауы қазақ тілінің Н. А. Баскаков айтқандай, тек бір тілдік группаға жататын тармақтан ғана пайда болғандығы туралы теорияны жоққа шығарады.

Батыс жазба ескерткіштеріне Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы, қыпшақ тілінде сөйлеген Львов армяндарының сот қағаздары, XIV ғасырда жазылған қыпшақ ескерткіштерінің көлемдісі - «Кодекс Куманикус» сөздігі жатады. Н. А. Баскаков бұл топқа мамлүк қыпшақтарының ескерткіштерін де кіргізеді.

«Кодекс Куманикус» («Құмандар кітабы») - XIV ғасырдың басындағы қыпшақ жазба ескерткіші. Еңбек құман қыпшақтары тілінде көне готикалық шрифтімен жазылған.

Авторы белгісіз 1303 жылы 11 июльде жазылған деген дерек берілген. Еңбектің түпнұсқасы 164 беттен тұрады. Қазір Италияның Венеция қаласындағы Марк әулиенің шіркеуіндегі кітапханада сақтаулы.

«Кодекс Кумаиикустың» қолжазбасы екі бөлімнен тұрады. 1-бөлімде төмендегідей материалдар берілген:

  1. латынша-парсыша-құманша сөздік;
  2. құман тіліндегі үстеулер және олардың латынша баламалары;
  3. құман тіліндегі есімдер мен есімдіктердің септелу үлгісі жәнеолардың латынша баламалары;
  4. лексикалық мағыналарына қарай 40 топқа бөлініп берілген латынша-парсыша-құманша сөздік.

2-бөлімнің материалдары мынадай сипатта:

  1. құманша-немісше-латынша сөздік;
  2. құман тілінде жазылған мәтіндер;
  3. латынша жазылған қүман тілінің қысқаша грамматикалық очеркі;
  4. латын тіліңдегі бір етістіктің септелу үлгісі және латын тіліндегі мәтіндер;
  1. итальян тілінде жазылған өлеңдер.

«Кодекс Куманикус» 1783-1942 жылдар аралығында әр түрлі тілдерде 5 рет жарық көрді Осы еңбектің негізінде қазақ тілінде ЭВМ-нің көмегімен құман тілінің алфавиттік жиілік, кері алфавиттік жиілік және жиілік сөздіктері жасалды. Зерттеушілер катарыңда белгілі қазақ ғалымы, түркітанушы Ә. Қүрышжанов та бар.

Мамлүк қыпшақтарының хазба ескерткіштері. Батыс Алтын Орда ескерткіштері қатарына мамлүктердің де тарихи ескерткіштері жатады. Мамлүктер деп Египеттегі әскери құлдарды атаған. Бұларды кезінде арабтар теңіз жолымен Қырым, Кара теңіз жағалауларына барған сапарларында сатып алғанга ұқсайды. «Мамлүк» сөзі араб тілінде «ақ құл» ұғымын береді Мамлүктер 1250 жылы Мысыр елінде үкіметті басып алады да, ХШ-ХІV ғасырларда үкімет билігін қолдарына алады. Мамлүктердің Мысыр мемлекетінің тарихында алатын өзіндік орны бар. Олар тарихта тұңғш рет моңғолдарды өздеріне жібермей тоқтатады, кресшілерді Палестина мен Сириядан ығыстырып шығарады. 1516 жылы түріктер Сирия мен Египетті және Палестинаны басып алуына байланысты мамлүктер өз биліктерін жояды. Алайда XVII ғасырдың аяғында Осман империясы әлсіреген кезде, мамлүктер өздерінің билігін кайта орнатады. Олардың ел билігінен түбегейлі айрылуы - XIX ғасыр. Египет патшасы Мүхамед Әли олардың жерін тартып алады да, билерін сарайына алдап шақырып, қырып тастайды. Мамлүктер ел баскару жүйесіне өзгерістер енгізіп, жер суландырумен айналысып, Мысыр мәдениетіне түркі мәдеииетін араластыра дамытып, тамаша үлгідегі мемлекет құрды. Өз балаларын қыпшақ тілінде оқытуға ден қойды. Ана тілінде бала оқытып, тәрбие беру мақсатында қыпшақ тілінің ерекшеліктерін камтитын түрлі зерттеулерін жазды. Соның нәтижесінде түркітану тарихында «Мамлүк қыпшақтары ескерткіштері» деп аталатын еңбектер дүниеге келді.

XIV гасырдағы мамлүк қыпшақтары ескерткіштерінің ең белгілісі және көлемдісі - «Китаб әл-идрак ли-Лисан әл-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») . Авторы - Испанияның Гренда қаласының тұрғыны Асир ад-дин Абу Хаян Мұхаммед ибн Юсуф әл-Гарнати (Абу Хайян) . Еңбек 1312 жылы Каирде жазылған. Мазмұны - фонетика, морфология және сөздік. Абу Хайянның сөздігінде қыпшақ тілінің ерекшеліктері оғыз, әсіресе түрікмен тілімен салыстырылып беріледі. Сондай-ақ бұл еңбекте қыпшақ тілінің сол кезеңде зерттелуі, қыпшақ-оғыз тілдері салыстырмалы сөздігі мен грамматикасы туралы көптеген мәлімет бар. Еңбектің түркітану ғылымында алатын орны, маңызы ерекше. «Абу Хайянның бір еңбегінің өзі-ақ түркология ғылымының даму тарихындағы келелі кезең, өз алдына жеке жол салған дәуір, дара дүние», - деп бағалады оның маңызын түрік оқымыстысы Ахмед Джафароғлы Абу Хайян М. Қашқаридың «Диуани лұгат ит-түрік» еңбегімен таныс болған, одан үзінділер пайдаланады. «Китаб әл идрактың» бізге жеткен 1335 және 1402 жылдары жазылған екі көшірмесі де Түркияда сақтаулы. Еңбек екі рет (1891 жылы Түркияда. 1931 жылы Кеңес Одағында) қайта басылым көрді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Түркі тілдерінің жіктелуі
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Түркі тілдері жайында
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Түркі тілдерінің жіктелуі жолдары
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz