Азия Республикалары



1 Әзербайжан
2 Дағыстан
3 Чечен.Ингуш Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы
Әзербайжан. Әзербайжан Республикасы - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы-1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығарушы жоғарғы органы-тұрақты парламент (Милли Меджилис, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғарғы органы-Министрлер Кабинеті, оны- премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы - 86,6 мың км2, халқы 7,5 млн. адам (1995). Астанасы-Баку (Бақы) қаласы (1,1 млн. адам). Халқының 83℅-і әзербайжандар. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Халқы, негізінен, ислам (шиит және суннит ағымдары) дінін ұстанады.
Табиғаты. Әзербайжанның жер бедерінің 2,3-ін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Карабах жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері-Базардюзю (4466 м.). Үлкен және Кіші Кавказ таулары аралығында Кура-Аракс аллювийлі ойпаты орналасқан. Талыш тауының етегін бойлай Ленкоран ойпаты жатыр.Үлкен Кавказ таулары, негізінен, мезозой тақтатасынан, саздан, құмтас пен әктастардан, Кіші Кавказ таулары мен Талыш таулары кайнозой эрасының жанартау текті шөгінді жыныстарынан түзілген.
Тарихы. Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген манналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар, т.б. қоныстанады. Б.з.б. 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, б.з.б. 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзербайджан» (грекше сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Әзербайжан халқы, негізінен, 11-13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30 жылдарында Әзербайжанды және оған көрші елдерді монғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың соңына қарай Кавказда үстемдік ету үшін Иран мен Түркия арасындағы күрес күшейіп, Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 1990 жылы 20 қарашада Кеңес одағының басшылығы Әзербайжанның жоғарғы мемлекет органдары келісімінсіз Бакуге заңсыз түрде әскер енгізді. Оның салдарынан көптеген адам қаза тапты. (Баку қаласындағы қанды оқиға). 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде декларация, 1991 жылы 18 қазанда Әэербайжан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде «Конституциялық шарт» қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Экономикасы. Әзербайжан индустрияалды және а.ш. көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. 1995 жылы Әзербайжанның ұлттық табысы 7,1 млрд. Ақш доллары мөлшерінде болды. Экспортқа 1996 жылы 54 млн. доллардың өнімі шығарылса, импортпен 961 млн. доллар өнім алынды.
1) Қазақстан СССР Энциклопедиясы;
2) Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы;
3) СССР тарихы, 1-2 том;
4) Всемирное история.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әзербайжан. Әзербайжан Республикасы - Кавказдың оңтүстік-шығысында
орналасқан мемлекет. Негізгі заңы-1995 жылы 12 қарашада қабылданған
Конституция. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығарушы жоғарғы органы-
тұрақты парламент (Милли Меджилис, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы
өкіметтің жоғарғы органы-Министрлер Кабинеті, оны- премьер-министр
басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында
Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен,
шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы - 86,6 мың
км2, халқы 7,5 млн. адам (1995). Астанасы-Баку (Бақы) қаласы (1,1 млн.
адам). Халқының 83℅-і әзербайжандар. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі.
Халқы, негізінен, ислам (шиит және суннит ағымдары) дінін ұстанады.
Табиғаты. Әзербайжанның жер бедерінің 2,3-ін Үлкен және Кіші Кавказ
таулары, Карабах жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр.
Ең биік жері-Базардюзю (4466 м.). Үлкен және Кіші Кавказ таулары аралығында
Кура-Аракс аллювийлі ойпаты орналасқан. Талыш тауының етегін бойлай
Ленкоран ойпаты жатыр.Үлкен Кавказ таулары, негізінен, мезозой
тақтатасынан, саздан, құмтас пен әктастардан, Кіші Кавказ таулары мен Талыш
таулары кайнозой эрасының жанартау текті шөгінді жыныстарынан түзілген.
Тарихы. Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана
бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген
манналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық
одақтары негізінде құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде
кадусилер, каспилер, албандар, т.б. қоныстанады. Б.з.б. 9 ғасырда Маннада
ертедегі құл иеленуші мемлекет, б.з.б. 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия
мемлекеті құрылып, оның құрамына оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның,
кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет
150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі Әзербайджан
(грекше сөзбе-сөз аударғанда от сақтаушылар елі) деген атау шықты.
Әзербайжан халқы, негізінен, 11-13 ғасырларда түрік тайпаларының
негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30 жылдарында Әзербайжанды және оған
көрші елдерді монғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет
құрылды. 16 ғасырдың соңына қарай Кавказда үстемдік ету үшін Иран мен
Түркия арасындағы күрес күшейіп, Әзербайжанның солтүстігі мен
оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 1990 жылы 20 қарашада
Кеңес одағының басшылығы Әзербайжанның жоғарғы мемлекет органдары
келісімінсіз Бакуге заңсыз түрде әскер енгізді. Оның салдарынан көптеген
адам қаза тапты. (Баку қаласындағы қанды оқиға). 1991 жылы 30 тамызда
Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік
тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде декларация, 1991 жылы 18 қазанда
Әэербайжан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық
шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992
жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Экономикасы. Әзербайжан индустрияалды және а.ш. көп салалы ел. Жері
мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты,
хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс
материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-
газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері
елеулі маңыз атқарады. 1995 жылы Әзербайжанның ұлттық табысы 7,1 млрд. Ақш
доллары мөлшерінде болды. Экспортқа 1996 жылы 54 млн. доллардың өнімі
шығарылса, импортпен 961 млн. доллар өнім алынды.
Әдебиеті мен өнері. Әзербайжан әдебиеті әзербайжан халқының көп
жанрлы, бай фольклорынан бастау алады. Батырлық эпос-дастандарының ішіндегі
ең көрнектісі- Көроғылы дастаны. Бұл эпос (әр түрлі нұсқаларда) Таяу
Шығыс, Орта Азия елдерінде кең тараған.
Әзербайжан мәдениетіне араб (7-9 ғ.) және иран (11 ғ.) мәдениеті зор
ықпал жасады. Араб, парсы тілдері ресми құжат, ғылыми және көркем әдебиет
тіліне айналды. Хатиб Тебризи, Гатран Тебризи сияқты ақындар мен ғалымдар
өз шығармаларын сол тілдерде жазды. 12 ғасырдағы Әэербайжан поэзиясының
шыңы-Гәнжауи Низами шығармашылығы арқылы көрінді. Ұлттық әдеби тіл мен
прозаның қалыптасуы Мұхамед Сулейман Физули (1494-1556) есімімен
байланысты. 19 ғасырда Әзербайжан әдебиеті өзінің классикалық дәстүрін
жалғастыра отырып, демократиялық орыс әдебиетінің ықпалын бойына сіңірді.
Реалистік әдебиеттің дамуында М.Ф. Ахундовтың ықпалы зор болды.
Әзербайжандар (өздерінің атауы - азербайджанлылар) - Әзербайжан
Республикасының байырғы халқы. Әзербайжан республикасында 5,8 млн., Ресей
Федерациясында 336 мың, Иранда 10430 мың, Грузияда 307 мың адам, Қазақстан,
Армения, Ауғанстан, Ирак, Түркия, т.б. елдерде тұрады. Жалпы саны 17,2 млн.
адам (1992). Ресейдің ресми құжаттарында бұл халықты түркілер, татарлар деп
атаған. Әзербайжан өз ішінде айрум, афшар, баят, қарадағ, қарапапах,
шахселен, т.б. субэтникалық топтарға жіктеледі. Тілі түркінің оғыз тобына
жатады, жазуы латын және орыс графикасына негізделген, діні бойынша
мұсылман-шииттер (сунниттер де бар). Әзербайжандардың халық ретінде ұйысуы
б.з.б. Кавказдың көне мемлекеттері Маны, Кавказ Албаниясы, Мидия,
Атропатоныдан бастау алады. 7 ғасырда арабтар жаулап алған соң әуербайган,
әзербайжан деп атала бастады.
Ұлттық киімдері: әйелдер кеудешесі-арханук, еркектердің кең шалбары,
шекпен тәрізді сырт киім-чуха, папаха, джорабы қазір ауылдық жерлерде ғагна
кездеседі.
Әзербайжан тілі-түркі тілдерінің оғыз (Оңтүстік-батыс) бұтағына
жатады. Әзербайжан республикасының мемлекеттік тілі. Одан тыс Грузия,
Армения, Дағыстан, Ирак, Түркия, Ауғанстан елдеріне де тараған. Шамамен
жиырма миллионға тарта адам сөйлейді.
Әзербайжан тілінің арғы тегі 8-10 ғасырларда Орта Азия топырағында өмір
сүрген оғыз тайпалары тілімен өзектес, содан өрбіген тілдердің бірі.
Туыстық жағынан қазіргі түрік тіліне жақын, бірақ одан елеулі
айырмашылықтары бар: Әзербайжан тіліне тән ә дауыстысы түрік тілінде жоқ,
қыпшақ сөздері де Әзербайжан тілінде молырақ. Жазуы 1929 жылға дейін араб,
1939 жылға дейін латын графикасына негізделді, 1939 жылы кириллицаға көшті.

Дағыстан. Дағыстан Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы
автономиялық республика. Солтүстік Кавказдың шығыс жағында, Каспий
теңізінің жағалауында орналасқан. Жер аумағы 50,3 мың км2. Халқы 2,09
млн.. (1998). Астанасы - Махачкала қаласы Әкімшілігі жағынан 39 аудан, 10
қала, 14 кентке бөлінеді. Дағыстанда 30-дан аса ұлт пен ұлыстардың өкілдері
(авар, орыс, дергин, құмық, лезгин, лак, әзербайжан, табаран, шешен, ноғай,
рутул, тат, агул, т.б.) тұрады. Ресми тілі - авар тілі. Халқы, негізінен,
ислам дінін ұстанады.
Дағыстанның өлкесін адам баласы палеолит дәуірінен бастап мекендеп
келеді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың аяғында қазіргі Дағыстанның аумағы Кавказ
Албаниясына бағынған. 3-4 ғасырларда Оңтүстік Сасани әулеті мемлекетінің,
ал елдің қалған бөлігі ғұндардың иелігінде болды. 7 ғасырларда елдің
жазықтағы бөлігі Хазар қағанатының құрамына кірді. Осы кезеңде ел
территориясы арқылы сауда жолдары өтіп, Каспий теңізі жағалауындағы қалалар
(Дербент, Семендер, Зерихгеран, т.б.) сауда және қолөнер орталықтарына
айналды. 664 жылдан бастап Дағыстанның жеріне араб әскерлері басып кіріп,
жергілікті халық арасында ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың орта
тұсында елдің көпшілік бөлігінде салжұқтардың үстемдігі орнады. Ал 12
ғасырдың аяқ кезінде Авар қағандығы және бірнеше ұсақ мемлекеттік
бірлестіктер құрылды.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін елде Ерекше Кавказ комитетіне
бағынатын Ерекеше комиссариат құрылды. Осы жылдың аяғына таман кейбір
аудандарда Кеңес үкіметі орнағанмен 1918 жылдың жаз айларынан бастап елді
алдымен герман-түрік, кейіннен ағылшын әскерлері басып алды. 1921 жылы 20
қаңтарда РКФСР құрамына кіретін Дағыстан АКСР-і құрылды. 1991 жылы мамыр
айында республика Жоғарғы Кеңесінің шешімімен ел атауы Дағыстан
Республикасы болып өзгертілді.
Қазіргі кезде республика экономикасының негізгі салалары: мұнай өңдеу,
электр энергиясын өндіру, химия өнеркәсібі, машина жасау, метал өңдеу, ағаш
дайындау, құрылыс материалдарын шығару жеңіл (тоқыма, тігін) және тамақ
өнеркәсіптері, шарап жасау және балық аулау өндірістері. Ауыл
шаруашылығында, негізінен, астық, жүгері, бау-бақша, көкөніс өнімдері,
жүзім шаруашылықтары жақсы дамыған, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, ешкі
өсіріледі. Республика территориясы арқылы өтетін темір және тас жолдар
Орталық Ресей мен Кавказ республикаларын жалғастырып жатыр. Басты теңіз
порты-Махачкала қаласы.
Дағыстандықтар - Ресей Федерациясы құрамындағы Дағыстан
Республикасында тұратын халықтардың ортақ атауы. Оның құрамына 30-дан астам
халық кіреді. Негізгілері: аварлар, даргиндер, құмықтар, лезгиндер, лактар,
табасарандар. Жалпы саны 1,9 млн. адам (1998). Антропологиялық жағынан
Дағыстандықтар еуропалық нәсілдің балкан-кавказ тобына жатады; ислам
дінінің сүннит тармағын ұстанады.
Дағыстандықтар әр түрлі топтағы тілдерде сөйлейді. Мыс., авар-андицез
тілдері тобына авар, анди, ботлих, годоб-ерин, карата, ахбах,багулал,
тиндин, чамолин, цез, хварши, гинух тілдері жатады. Түркі тілдеріне құмық,
ноғай тілдері кіреді. Ұлтаралық тіл ретінде орыс тілі кең тарған.
Әдебиеті. Дағыстан әдебиеті авар, құмық, дарғын, лезгин, лак, тат,
табасаран, ноғай және орыс тілдерінде дамыған. Дағыстан халқының
экономикалық, мәдени тұрмыс мен күрес жолдары бейнеленген.
1905-07 жылдардағы революциядан кейінгі жылдарда Дағыстан әдебиеті
таулықтар өміріндегі әлеуметтік өзгерістерді, тап қайшылығының шиеленісуін
көрсете бастады. Сулейман Стальский (1869-1937) мен Ғамзат Цадасаның (1877-
1951) сатиралық қанатты жыр, толғаулары ескі мешеулікті әшкерелемсе, С.
Ғабиев (1882- 1963), З. Батырмурзаев (1897-1919), Г. Саиидов (1891-1919),
Р. Нұров (1889-1942) шығармалары халықты революцияға, болашақ бақытты
тұрмысқа шақырды.
Дағыстан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы, Дағыстан.
РСФСР-дің құрамына кіреді. 1921 жылы 20 қаңтарда құрылған. Жері 50,3 мың
км2. Халқы 457 мың (1971). Әкімшілігі жағынан 39 ауданға бөлінеді. 8
қаласы, 14 қала типтес поселкесі бар. Астансы - Махачкала.
Табиғаты. Дағыстан солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде. Шығысында
Каспий теңізімен шектеседі. Жер бедеріне қарай Дағыстан 4-ке бөлінеді:
ойпатты бөлігі (Терек-Кума, Терек-Сулак және Теңіз жағасы ойпаттары); тау
алды (солтүстік батыста және оңтүстік-шығыста бағытқа созылып жатқан
жоталар).
Халқы. Дағыстанда авар, орыс, дарғын, құмық, лезгин, әзербайжан,
еврей, т.б. тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 29 адамнан келеді.
36℅-і қала тұрғындары. Басыт қалалары (1971 жылғы мың адам есебімен):
Махачкала,(193), Дербент (59), Хасавъюрт (56).
Тарихы. Дағыстан жерін адам палеолит дәуірінде игерді. Неолит
дәуірінде Дағыстандағы тайпалар кетпенді егіншілік пен мал шаруашылығына
көшті. Энеолит дәуірінде (б.з.б. 3-мың жылдық) егіншілік пен мал
шаруашылығы ілгері жами түсті. Бұл дәуірде мыс кені өндіріліп, балқытылды;
қола дәуірінде рулық құрылыс ыдырай бастады. Б.з.б. 1-мың жылдықтың аяқ
шенінде Дағыстанның халқы Албанияның (Кавказдағы) құрамына кірді. Ол кезде
бұл ірі мемлекетік бірлестік болған еді. Б.з. 3 ғасырында Оңтүстік
Дағыстанды Дербентке дейін Сасани әулеті, ал 4 ғасырда Дербенттен
солтүстіктен қарайғы жағалауды ғұндар басып алды. 5 ғасырда Дағыстанда
албан алфавиті тарады. 664 жылдан бастап Дағыстан арабтардың шапқыншылығына
ұшырады да, 8 ғасырдың 1 жартысында түгел бағынды.
Қарашай (өздерінше қарашайлы) - Балқарларға туыстас халық, Қарашай-
Черкес автономиялы облысының жергілікті тұрғындары. Саны 113 мың адам
(1970). Түркі тілінің қыпшақ тобына жататын қарашай-балқар тілінде
сөйлейді. Діни сенімдегі Қарашайлар ислам дінін ұстайды. Қарашай халқының
қалыптасуына (13-14 ғасырларда) қола дәуірінен осында тұратын жергілікті
таулық тайпалар, сондай-ақ аландар, балқарлар, қыпшақтар, әсер етті.
Олардың дәстүрлері Қарашай мәдениетінде 20 ғасырға дейін ізін жоймай келді.
Негізінен мал шаруашылығымен, егіншілікпен, кәсіпшілікпен айналысты. 19
ғасырдың ортасына дейін Қарашай арасында феодализмдік-патриархалдық қатынас
сақталды. Қарашай 19 ғасырда Россияға қосылғаннан кейін капитализмдік
қатынас дами бастады. Ұлы Октябрь революциясы Қарашай халқын әлеуметтік
және ұлттық қанаудан азат етті. 1922 жылы қаңтарда Қарашай-Черкес АО
құрылды.
Қарашай-Балқар тілі - қарашайлар мен балқарлардың тілі. Түркі
тілдерінің батыс қыпшақ тобына кіреді. 1970 жылы халық санағы бойынша Қаб.-
Балқар АССР-і мен Қарашай-Черкес Ао-дағы 113 мың қаршайдың 98,1 ℅-і, 60
мың балқардың 97,2 ℅-і осы тілде сөйлейді. Балқарлар Қазақстан мен
Қырғызстанда да бар. Қарашай мен балқарлар ежелден өздерін алан деп атайды.

Табиғаты. Қаршай-Черкес Үлкен Кавказдың солтүстік беткейін,
Эльбрустың батысы мен солтүстігін ала, оңтүстігінде Бас немесе Су айырық
жотадан бастап, солтүстігінде Кавказдың етегіне дейінгі аралықты
орналасқан. Солтүстігін Бүйір жота (ең биік жері-Эльбрус шыңы, 5642 м) алып
жатыр. Бас жотада Пшиш (3790 м) шыңдары бар Басты асулары-Клухор және
Марух. Климаты биіктік белдеулерге байланысты өзгеріп отырады. Қаңтар мен
ақпанның орташа температурасы тау етегінде -5С, биік жерінде -10С. Шілде
мен тамыздың орташа температурасы тау етегінде 21С, тауда 8С. Аяусыз мерзім
солтүстігінде 182, оңтүстігінде 50-75 күнде созылады.
Халқы. Қарашай-Черкесте қарашайлар (28,2℅, 1970), черкестер (9℅),
орыстар (41,1℅ ), абазалар (6,6℅), ноғайлар (3,2℅), осетиндер, гректер т.б.
тұрады.Халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 25 адамнан (1972), әсіресе
облыстың солтүстік бөлігінде халық жиі қоныстанған, мұнда 1 км2 жерге 54
адамнан келеді. Оңтүстігінде халықтың орналасуы сиегірек (Қарашай ауданында
1 км2 жерге 7 адамнан). Қала халқы 119 мың (34℅). Қалалары-Черкесск
(73мың, 1972), Қарчаевск, Теберда.
Тарихы. Қарашайлар мен черкестердің арғы ата-бабалары ежелден осы
Қ.Ч. АО-ның қазіргі жерін мекендеген. Оны археологиялық ескерткіштерден (
Кардоник, Овечка, Яворадағы тас дәуірінің қоныстарынан) көруге болады. 5-13
ғасырдың ескеркіштері (Рим тауы, Адиюх қалашығының жұрты) алғашқы қауымдық
қоғамның ыдырауы мен феодалдық қатынастардың туу кезеңінен мағлұмат береді.
9-10 ғ-да Қ.-Ч.АО-ның жері алаңдардың бастапқы феодализм мемлекетіне
қарады. Алан мемлекеті Византиямен,хазарлармен, грузиндермен саяси және
экономикалық байланыс жасап тұрды. 10 ғасыр қарсаңында адыгей-черкес
халықтығы қалыптасты. 13-14 ғасырда қарашай халықтығының қалыптасуы
аяқталды. Бәрі де мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысты. 14-16 ғ-да
қазіргі Қ.-Ч. АО-ның жеріне Абхазиядан қоныс аударып абазалар, 17-да Азов
жағасынан,Еділ бойынан ноғайлар келді. 15-18 ғ-да қарашай – черкес жеріне
Қырымның түрік феодалдары шабуыл жасады. Олардан қорғану үшін жергілікті
халық Орыс мемлекетімен одақтасуды жақтады. 1552, 1555, 1575 жылдары
Москваға елшіліктер жіберіп, Россиямен саяси одақ жасады. 1791 ж. қазіргі
Черкесск қаласы жанындағы шайқаста таулықтар мен орыс әскерлері түріктің
Батал –пашасының корпусын талқандады.
19 ғ. 1-жартысында қарашай-черкес жері Россияға қосылды. Россияның
даму жолына ілесіп,ілгері басқан бұл өлке бұрынғы натуралды шаруашылықтың
тұйық шеңберінен шығып, ондағы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Сонымен
бірге еңбекші бұқараны қанау күшейді: шаруалар шұрайлы жерінен
айрылды,халық отаршылардың тонауына ұшырады : жергілікті феодалдарға ғана
жеңілдік берілді, әкімшілік апараттарында, соттарда тек орыс чиновниктері
отырды. 1858-61 ж. қарашай-черкес жерінде қазақ-орыстардың станицалары
орнады; қарашай-черкес ауылдарымен бірге олар Батал-паша уезіне қарады,
кейін Кубань облысының бір бөліміне айналды. 1868 ж. мұнда басыбайлылық
жойылды. Реформадан кейін шахта, кен орындары ашылды, тамақ өнеркәсібінің
ұсақ кәсіп орындары пайда болды. Патша үкіметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Кеңес Социалистік Республикалар Одағының құрылуы (КСРО)
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Арал теңізінің тарихы
Тұтас Түркістан идеясы
Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
1991 жылғы тамыз төңкерісі туралы
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
КСРО – ның ыдырауының себептері және ТМД мемлекетінің қалыптасуы мен даму бағыттары
Егемен қазақстанның сыртқы саясаты
Пәндер