Иммунды жүйе


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Күрделі және көпкомпонетті болып келетін, организмді бөгде заттардан қорғайтын жүйесі - иммунды жүйе бір жарым ғасырдай зерттелініп келеді . Айта кететін бір жайт, иммунология даму тарихы білімнің біртіндеп жиналуымен ғана сипатталмайды. Тіпті, кейде қалыптасып қалған ұғымдарды мүлдем ауыстыруға келтіретін жаңалықтар шығып отырды. Оның бірі - өткен ғасырдың ортасында ашылған, организмге енген клеткаларға спецификалық түрде жауап беретін Т- және В- лимфоциттердің ашылуы. Бұл фундаменталды жаңалық арқасында клиникалық иммунологияға жаңа көзқарас қалыптасты, енді барлығы да судан анық көрінді, тек білімді тереңдете түсу ғана қалғандай болды. Алайда ғасырлар тоғысында рецептрлерді танушы жаңа белоктар тобы табылды, ол иммунды жүйенің жұмысы жайлы түсінікті тағы да өзгертті. Әрине ол өз кезегінде практикалық медицинаға өзінің маңызды жемістерін әкеледі, мәселен, организмнің инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылататын дәрілік заттарды дұрыс таңдауға және ауыр да қауіпті ауруларды емдеуге көмек етеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында, Л. Пастер сібір жарасы, құтыру және тауық холерасына қарсы профилактикалық егу әдісінің ғылыми негізін құрған уақытта иммунды жүйені тек инфекцияға қарсы тұру ретінде түсінді. Иммунды механиздерін тануда маңызды қадамдар біріншіден, Нобель сыйлығының лауреататры - иммунитеттің клеткалық теориясын құрған және фагацитоздың қорғаныс рөлін ашқан И. И. Мечниковтің 1908 ж. және антиген түзілу теориясын ашқан П. Эрлихтің жағалықтарымен байланысты. бұл иммунитетің туа пайда болған және адаптивті (спецификалық) деп бөлудің негізі болды. Туа пайда болған иммунитет спецификалық емес деп саналған және ол макрофагтар және нейтрофильдердің көмегімен фагацитоз арқылы жүзеге асады және организмге инфекция түсе салысымен тез арада іске қосылады деп саналған. Оған қарама қарсы, спецификалық иммунитет организмде антидене және сондай спецификалық клеткалар түзілумен сипатталатын. Ол эффективтірек, бірақ кешірек түзіледі, себебі организмге антиген түскен сайын қайтадан оған қарсы антидене түзетін жаңа клеткалар пайда болады.

Бұдан біраз ертерек 1901 жылы К. Ландштейнер адам эритроциттерінің антигенің ашты.

1946 жылғы П. Медавар жұмыстары бөтен ткандерді кері қайту реакциясының негізінде де иммунды процестер жатқаның көрсетіп инфекциялық емес иммунитеттің шекараларын кеңейті.

Иммунологияның қайта жаңарып жаңғыруы өткен ғасырдың ортасына сәйкес келеді және тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты (1960) - Ф. Бернеттің еңбегімен байланысты. Ол клональді-селекционды теорияны құрыды және иммунологияға организмнің молекулярлық (антигендік) құрамының тұрақтылығын бақылайтын ғылым ретінде анықтама берді. Басқа сөзбен айтқанда организмге бөтен барлық клеткалар мен молекулар, өзінің зақымдалғандары да иммунды жүйемен жойылып отыруы керек. Бірақ ол үшін кез келген антигенге сәйкес келетін миллиондаған түрлі антиденелер қажет. Бернет анықтағандай, спецификалық антиденелер эмбрионалды даму кезеңінде жинақталады және лимфоциттердің ізашарларынан түзілетін клеткаларымен бөлініп шығарылады. Бірақ зерттеулердің бұл сатысында иммунды жүйенің «бөтен» және «өзінікі» екенін қалай ажырататыны түсініксіз болды. Белгілісі тек, Бернет құрған толеранттылық теориясына сәйкес нормада өзінің организімінің күрделі молекулаларына спецификалы барлық клеткалар таңдалынып жойылады. Егер ол жүзеге аспаса ткандердің өзінің антиденелерімен жойылуы жүреді. Бұл патологияларды Бернет аутоиммунды деп атады. Шынымен де, қазір ондай аурулардың бірқатарын білеміз және олармен қалай күресу керектігін түсіенеміз. бұл теориядан тағы, донордың ткандері мен мүшелері неге кері қайту реакциясына ұшырайтыны түсінікті болды. Сөйтіп, иммунологияның жаңа тармағы -трансплантациялық иммунология пайда болды. Иммунитеттің клональді-селекционды теориясы шыққан соң, жаңа технологиялар көмегімен иммунды реакциялардың спецификалылығын сақтайтын лимфоциттердің популяциясы біркелкі емес және екі субпопуляциядан популяциядан тұратыны анықталды. Оның бірі - бөтен антигендерді, организмнен шығару мақсатымен, байланыстыратын антиденелер түзүге қатысатын В-лимфоциттер. Екіншісі - бөтен клеткаларды жойатын ( цитотоксикалық Т-лимфоциттер, немесе Т-киллерлер), иммунды жауаптың спицификалылығын қамтамасыз ететін (Т-хелперлер) - Т -лимфоциттер. Антигендерді тану және антиденелер мен спецификалық Т-лимфоциттердің түзілуін зерттеу антигенге спецификалық жауаптың құрылуы қиын және көпсатылы процесс екенін көрсетті. Бұл поцеске макрофагтар мен дендритті клеткалар қатысатыны анықталды, олар антигенді қорытып лимфоциттерге белгілі белоктармен комплекс түрінде ұсынады. Қазіргі кезде жүздеген түрлі цитокиндер мен рецепторлар белгілі және олардың жаңа түрлері әлі де ашылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
Жануарлардың бруцеллезі
Иммунология
Иммунопатология
Иммунопатологиялық үрдістер
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Иммунды жүйе мүшелері
Иммуниттет анықтамасы
Иммуннопатология
Аллергиялық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz