Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру
- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері . . . 5
- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері . . . 10
ІІ ТАРАУ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОДИАГНОСТИКА
2. 1. Кіші мектеп жасындағы балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері . . . 20
2. 2. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі -тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі, сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.
Психика - адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат - мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбенктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Адам өзі өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпалына бағындырады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды қалыптасқан іс- тәжірибемен салыстырады. Ненің пайдалы екенін, ненің зиянды екенін, ой жүгіртіп сараптайды және саналы түрде ой қорытады. Адамның психикалық құбылыстарда бейнеленуі-адам миында қалай бейнеленгендігіне байланысты. Бұл әркімнің өмір тәжірбиесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады.
Көрнекті педагогтар К. Д Ушинский, А. С Макаренко, В. А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, Л. С Рубинштейн, Л. В. Зоньков, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, А. Г. Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы оқушыларының психикалық ерекшеліктері
Зерттеу міндеттері:
1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері
3. Кіші мектеп жасындағы балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
4. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер
І ТАРАУ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. 1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
ХХ ғасырдың басында педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көзі (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға
әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың, биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар-жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Баланың психикалық дамуын, түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта- бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылық пен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор.
Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген программа бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгерістерге түсетінін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс әрекетінің неғұрлым жоғарғы дәрежесіне қол жетті. [1]
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал.
Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан - он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.
Кіші мектеп кезеңіне тән негізгі белгілер мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез-құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым-психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді. [3]
Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей - Кеңес ғалым психологтары: А. В. Петровский, Р. С. Немов, В. С. Мухина, С. Ф. Жустков, Д. Б. Эльконин, Л. В. Заньков және т. б. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ. Жарықбаев, М. Мұханов және т. б. еңбектерінен кездестіруімізге болады.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.
Баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру керек. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруы қажетті шарт болып табылады.
Кіші мектеп оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.
Кіші мектеп оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, өсімдікті ажыратудағы талғамы және озгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте бірте міндеттерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен. [6]
Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде, 7-8 жастағылардың әуесқойлығын алсақ өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не?» - деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар. Өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін гана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.
Кіші мектеп оқушысында кейде ашуланғыштық қасиеті де болып тұрады. Баланы үйінде көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда, «Жақсы», «Өте жақсы», деген баға алса, жұрттың көзінше, соған қатты куанғанын жасыра алмайды.
Кіші мектеп оқушысының ерік жігерін недәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін - өзі меңгере алмайды, импульстік іс жасап калатыны кездеседі. Импульстік іс деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуіне, яғни өзін - өзі меңгере алмауынан кездеседі.
Кіші мектеп оқушысының өз құрбыларымен қарым қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2-3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлыгы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.
Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары-ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді. [7] Психика туралы матералистер мен идеялистер арасында ұзақ жолдар бойы бітпес айтыс жүріп келді.
Идеалистер - психика материядан бұрын - бірінші, яғни материяға қатыссыз дамиды деді. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер - қабілет, мінез - темперамент, жеке адамның адамгершілік сапасы - адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады.
Материалистік тұрғыда психиканы материадан кейінгі екінші құбылыс деп түсіндіріледі.
Біз тіршілік етіп отырған жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деп жорамалданды. Бұдан 2, 5 - 3, 0 миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Тек ұзақ дәуірлерге созылған эволюциялық даму нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс - психиканы тудырды.
Материалистік ілім - психика табиғаттан тыс ғажайып күш емес, жансыз зат емес, керісінше психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі материя - мидың қасиеті деп үйретеді. Алш психика ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті. Мұны жануарларға адамдарға жасалған көптеген тәжірибелерден байқауға болады.
Психика дегеніміз - үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттармен құбылыстардың мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, адамның алуан - алуан гойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат - мүдделеріне орай тітіркеніп икемделеді. Осы жайыттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы орта мен қарым - қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді. Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі - тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологоиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Болмыс пен шындыктың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірбиесімен байланысты. Адам өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бейнеленген ұғымды, ғылыми мағлұматтарды, мүддесін шындыққа жанастырады, олардың ақиқаттығын дәлелдеуге елеулі қадам жасайды. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи-заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады.
Материя табиғатты зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Қозғалыс - материя ішінде даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болады, үнемі өзгеріп, дамып отырады.
Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуы мен байланысты. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады.
Кіші мектеп оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу. Ол сыртқы пішіні мен оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.
Оқушының тұлғалық бейнесі осы міндетті өтудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді.
Жеке басының тұлғалық дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру, қарым- қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне сапалы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту. [10]
1. 2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш. Амонашвили, В. Давыдов, Л. Заньков, В. Репкин, Д. Эльконин және т. б. )
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В. Давыдов тұжырымдамасы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz