Экономикалық жүйедегі меншік


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Экономикалық жүйедегі меншік
Орындаған: Карипкулов О.
Тексмерген:
Алматы 2006 ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ. Меншік экономикалық категория ретінде: мәні формалары. Заңдары. Меншік формаларын өзгерту әдістері
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Экономикалық жүйедегі меншік
ҚОРЫТЫНДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ МЕНШІК
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРНЫ
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады (1-сызба) .
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті 2-сызба сипаттайды.
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау,
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктердөн және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін емөстігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды ендіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы әзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері; өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.
Меншік құқықтарының айрықшалануы - бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Толық «құқықтар шоғыры» 11 элементтен тұрады (А. Оноре) :
1) иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
2) пайдалану құқығы, яғни игіліктердін пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
3) басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;
4) табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы;
5) егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;
6) қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің экспроприяциясынан немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;
7) игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
8) игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
9) сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пайдалануға тыйым салу;
10) өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
11) қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.
Меншік қатынастары - материалдық және метериалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар - ешкімдікі емес ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар - бір нәрсе деп айтуға болады.
Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқықтарын айрықшалауды білдіреді.
Айрықшалаудың мәні мен мақсаты - ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕНШІК НЫСАНДАРЫНЫҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ
Меншік - тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) коғамдық иемдену нысандары жатады.
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:
1. Жеке меншік;
а) жеке;
ә) жеке еңбектік;
б) жеке капиталистік болып бөлінеді.
2. Ұжымдық меншік:
а) серіктестіктер;
ә) кооперативтік;
б) акционерлік;
в) ортақ өндіріс болып бөлінеді.
3. Қоғамдық меншік:
а) жалпы мемлекеттік;
ә) муниципалдық болып бөлінеді.
Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандарының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН
АЛУ ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.
Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Ол мына бағыттар бойынша жүреді:
1) иемдену процестін мемлекет қарамағынан алу;
2) шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;
3) жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.
Жекешелендіру - меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының бірі, оның мәні - меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру:
- азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;
- кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;
- кәсіпорындардың материалдық жәнк материалдық емес активтерін;
- акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар) ; жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін (пай, акциялар) меншікке алуын білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.
Жекешелендіру процесі - ұзаққа созылатын процесс. Жапонияда ол 10 жыл, ал Батыс Еуропада 10-15 жыл бойы жүрді.
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа-тұс келеді.
І кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты - мемлекеттік орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
ІІ кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты - мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:
- « шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсетедің байқаулары мен аукциондар арқылы жүзеге асырылады; жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;
- ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
- «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру».
Жекешелөндірудің ІІІ кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді:
- мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
- жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
- кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
- шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін. Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:
- электроэнергетикалық кешендегі;
- мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
- металлургиялық және тау-кен кешеніндегі; көлік-коммуникация кешеніндегі;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі;
- әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.
IV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz