Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын анықтау ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуын зерттеу .
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың психикалық даму дағдарыстары мен оған дайындығы 7
1. 2. Балалардың мектепке даярлау барасында
ақыл-ойын дамыту жолдары 20
2 Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын анықтау ерекшеліктері
2. 1. Мектепке дейінгі мекемеде баланың тілін дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері 25
2. 2. Мектепке дейінгі мекемеде баланы мектепке даярлауда таным процестерінің зерттелу жолдарын қалыптастыру 27
2. 3. Баланы мектепке даярлауда балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігін пайдалану. жолдары 35
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша 40
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа оң жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылы 30-қаңтардағы Қазақстан халқының жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің бағыт- бағдарын айқындап берген болатын. Осы жолдауында былай делінген: «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік -жекеменшік әріптестігінің зор әлеуі бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалармен шағын орталықтар -бұл мемлекеттік мекемелерге балама. . [1]
"Бала тәрбиесі - бесіктен басталады"- деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1, 5 - 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында - Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Бүгінгі мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру міндеттерін болжаумен және белгілеумен маркстік-лениндік педагогиканың берік іргетасына сүйенетін педагогика ғылымының ерекше саласы - мектепке дейінгі педагогика шұғылданады.
Тәрбиеші балалар мен олардың ата-аналары үшін беделді болуы, жанұямен бірге тәрбие берудің жауапты міндеттерін шешуі тиіс.
Қазіргі кезде біздің елімізде 12 миллионнан астам бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. Бұларда 700 мың тәрбиешілер істейді. Оларға ел ең асылын - өзінің болашағын сеніп тапсырып отыр.
Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген программа бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгерістерге түсетінін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс әрекетінің неғұрлым жоғарғы дәрежесіне қол жетті. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критерийлерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады. . [2]
Зерттеудің мақсаты : Мектепке дейінгі балалардың мектепке бейімделуіне байланысты, олардың жеке даралық өзгешіліктерін анықтау. Соның негізінде баланың мектептегі оқуға бейімдеудің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі : Мектепке дейінгі балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні :Мектепке дейінгі балалардың мектепке бейімделуіндегі өзгешеліктер
Зерттеудің негізгі жорамалы :Мектепке дейінгі балалардың мектепке бейімділігі олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты көрінеді.
Зерттеудің міндеті:
-мектепке дейінгі балалардың психикалық даму дағдарыстары мен оған дайындығын анықтау;
-баланың мектепке адаптациялау мәселесін теориялық зерттеу
-мектепке дейінгі мекемеде баланың тілін дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін зерттеу;
-мектепке дейінгі мекемеде баланың таным процестерінің зерттелу жолдарын қалыптастыру;
-баланы мектепке даярлауда балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігін пайдалану. . жолдарын анықтау;
1 Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуын зерттеу
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың психикалық даму дағдарыстары мен оған дайындығы
Педагогикалық психологияның мәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялык мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жас өспірім - ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы - педагогикалық-психологияның белімдері. Оқыту мен даму проблемасына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қатысады. . [3]
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдары, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандығы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
ХХ ғасырдың басында педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көзі (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға
әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың, биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар-жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Баланың психикалық дамуын, түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта- бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылық пен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор. [4]
Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін-ерте сәбилік шақ тобы; кішкентай тобы-балалар өмірінің төртінші жылы: естияр тобы-бесінші жыл; ересектер-алтыншы жыл және даярлық тобы-жетінші жыл) бөлінеді.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқыраған, затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылай бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады- көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды, Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталау-ға нәресте қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктоушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің, қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді. . [5]
Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін) . Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туган сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емсс, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.
Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу - ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшықет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашкы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабілеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын- нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа құйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние - мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ - заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді. . [6]
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жағады) . Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар - зат-күфалдар (қасық, қарындаш, балға) . Нақ осы арақатынастық және құралдың әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын .
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің, жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі. Ерте сәбилік шақта бала мен ересек адамның бірлескен іс әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Ол өзара түсінуді ұйымдастырады. Заттық іс-әрекетте ересек адам ынтымақтастық сипатын анықтайды.
Бұл кезеңде балалар айналадағы заттардың аттарын білуге ұмтылады. Үлкендердің айтқандарын қайталай отырып, балалар аттарын айта бастайды. Екі жастың соңында өз атын атап айту «МЕН» деген есімдікпен ауыстырылады. «Мен» жүйесі ерте сәбиллік шақ аяғына, қарай пайда болатын орталық құрылым (Л. И. Божович) . Бөбек өзін ересек адамнан ажырата білуге үйреніп, өзіне дербес «мен» ретінде қарай бастайды, яғни онда өзіндік сананың алғашқы формалары пайда болады. Сөздерінде бала өзін қайсыбір өзгермейтін тұрақты, ал өз іс-әрекеттерін көшпелі деп жіктейді. «Қазір Дюка отыр, енді Дюка жүгіреді, Дюка енді құлап қалды». Шын мәнінде, бала өз әрекетін өзінен ажырата білуге үйретіледі. . [7]
Даму жетістіктері сәбидің барлық мінез-құлқын сапалы түрде өзгертеді. Ересек адамның ролі бұрынғыша жетекші болғанымен, өзінің практикалық өмірінің тар жүйесінде, өзінің шағын мүмкіншіліктерінің шеңберінде бала ересектердің көмегінсіз-ақ әрекет жасауға тырысады. Жаңа тенденциялар балалар белсенділігін күшейтеді («Мен өзім») және ересектермен жаңа қарым-қатынастар жасаудың пайда болуына алып келеді. Бұл кезең әдетте қиын кезең («үш жас дағдарысы») деп аталынады, өйткені ересек адам өзге баламен қарым-қатынас жасауда қиындықтарды басынан кешіре бастайды, мойындамауы мен қиқарлығы жағынан адам төзгісіз болуы мүмкін.
Үш жас дағдарысы- бала мен ересек адамның өзара қарым-қатынасының дамуында болатын объективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің дербес қанағаттандыру-тенденциясы пайда болады, ал үлкен адам қарым-қатынастың ескі типін сақтайды да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты, дұрыс дамып келе жатқан бала бұрынғы қарым-қатынастарға қарсыласа бастайды. Ол қыңырланып, барлық істі керісінше жасап, үлкеннің талабына барынша жағымсыз қатынас көрсетеді. Мұндай мінез-құлық барлық адамға қатысты емес: баланың мойындамауы тек кейбіреулерге, оның еркіндігіне қысым жасаушыларға ғана бағытталады. Егер үлкендер баланың дербестігін ақылға қонымды құптап отырса, өзара қарым-қатыныстағы қиындықтар тек жойылады.
Үш жас дардырысы-өтпелі құбылыс, бірақ онымен байланысты жаңа құрылымдар өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру - баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.
Үлкендердей болуға ұмтылу ойын формасында (тек ойында ғана бала дүкенге барады, түскі тамақ дайындайды, ракетамен космосқа ұшады т. б. ) неғұрлым толық шешім табуы мүмкін. Сондықтан да үш жас д ағдарысы баланың ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеліп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының ретте-гіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бір-лескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz