Қазақстандық химик ғалымдар


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

F:\михаил тихонович.jpeg

Қазақстандық химик ғалымдар

Қазақстандық химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп. Солардың ішінен Е. Н. Өзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов, т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде жоғары оқу орындарына арналған тұңғыш оқулықтар, оқу құралдары және орысша-қазақша сөздіктер жазған химик-ғалымдар: К. Аханбаев, Б. А. Бірімжанов, И. Нұғыманов, Ш. Ш. Шаяхметов, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Ө. Шоқыбаев, Х. Д. Молдағалиев, С. Т. Омаров, т. б. [1] Мазмұны [жасыр]

Михаил Ильич Усанович

Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы болған, дүние жүзіне белгілі ғалым. 1938 жылы М. И. Усановичтің ұсынысы қабылданып, «Қышқылдар мен негіздердің теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары ерітінділер теориясына арналды.

F:\михаил тихонович.jpeg

Михаил Тихонович Козловский

Михаил Тихонович Козловский - аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының докторы, «Амальгама химиясы мен амальгамды металлургия» бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер жасап, оның негізін қалады.

Батырбек Ахметүлы Бірімжанов

Батырбек Ахметұлы Бірімжанов - тұз түзілу теориясының авторы. Б. А. Бірімжанов - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы болған, табиғи тұздар мен тыңайтқыштардың физикалық химиясы және технологиясын зерттеген ғалым. «Жалпы химия» окулығының авторы.

Әбікен Бектұрұлы Бектұров

Толық мақаласы: Әбікен Бектұров

Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республика Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор, минералды тыңайткыштар ендіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды.

Дмитрий Владимирович Сокольский

Толық мақаласы: Сокольский Дмитрий Владимирович

Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Дмитрий Владимирович Сокольский. Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д. В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары Г. Д. Закүнбаева жәнө Ш. Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.

Гауһар Дәуленқызы

Толық мақаласы: Закүнбаева Гаухар Дәуленқызы

Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі ВЫЫЫ топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.

Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.

Ольга Альфредқызы Сонгина

Толық мақаласы: Сонгина Ольга Альфредовна

Ольга Альфредқызы Сонгинаның еңбектері негізінен Қазақстанның түсті және сирек кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық әдістерді қолдануға арналған. Ұзак жылдар бойы ҚазМҰУ-да (1950-1989) шәкірттерге сабак берумен айналысты.

Көрнекті химиктердің бір тобы: Е. Н. Өзірбаев, Н. К. Надиров, Б. А. Жүбанов, С. Р. Рафиков, А. Ш. Шөріпқанов, Т. К. Шомбалов, Е. Е. Ерғожин көмірсутектерді зерттеді.

Ерден Нығыметұлы Әзірбаев

Толық мақаласы: Әзірбаев Ерден Нығметұлы

Ерден Нығыметұлы Әзірбаев - Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, органикалық химия саласында - ацетилен және көміртек оксидінің химиясы, азот, фосфор, күкірт, селен, қалайы және қорғасын қатысатын органикалық қосылыстар синтездеу саласында еңбек еткен ғалым. Ол 500-ге жуықжаңа қосылыстар синтездеген болатын.

Сағид Рауфұлы Рафиков

Толық мақаласы: Сағид Рауфұлы Рафиков

Сағид Рауфұлы Рафиков - Қазақстанда жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаған академик, химия ғылымдарының докторы, Б. А. Жұбановпен бірге қызмет атқаратын башқұрт ғалымы.

Болат Ахметұлы Жұбанов

Толық мақаласы: Жұбанов Болат Ахметұлы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйгілі химиктер өмірінен
Кванттық химия
Химияны оқытуда стехиометриялық есептеулерді шығару дағдыларын қалыптастыру әдістемесі және оның тиімділігі
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Жас ғалымдардың баспасөзде насхатталуы
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
ХИМИЯ ШЕТЕЛІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҒАЛІМДАРДЫҢ ІС - ТӘЖІРИБЕСІНЕН
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
Химиялық элементтер жөнінде қызықты оқиғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz