Цитоплазма химиясы, құрылысы және қызметі


ЖАСУШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
Цитоплазма, құрылысы және қызметі
Ағзалар жасушасы үш бөліктен: қабықша, цитоплазма және ядродан
құралады.
Цитоплазма - плазмалық жасуша аркылы бөлінген жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Ол -динамикалық күрделі, көп қосымшалы жасуша жүйесі, жасушаның метоболизмдік жұмысшы аппараты, онда негізгі метаболизмдік процестер жүреді. Цитоплазмада гиалоплазма, органеллалар және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазма негізін гиалоплазма түзетіндіктен, құрамы әр текті болады. Жасушаның ішкі құрылымын белгілеу үшін 1840 жылы чех ғалымы Пуркинье "протоплазма" деген терминді ұғынған. Протоплазма жасушаны құрайтын тірі зат кариоплазма мен цитоплазмаға бөлінеді. Бұл екі терминді (кариоплазма және цитоплазма) ғылымға енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер болды.
Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы белінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып табылады. Ал ағза тіршілігіне қажетті органоидтар гиалоплазма және қалып (матрица) деп аталатын массадан орналасады.
Цитоплазма - жас жасуша кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, қоймалжың клегейлі, түйіршікті зат. Цитоплазманы алғаш рет чех ғалымы Ян Пуркине 1840 жылы неміс ботанигі Х. Моль 1846 жылдары ашып сипаттап жазды. Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар. Цитоплазманың басты қасиетгерінін бірі - үнемі қозғалыста болуында. Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. Цитоплазманың барлық жағдайы, қозғалысы сыртқы ортаға тығыз байланысты. Оның қозғалысын хара балдырынан, не элодея, валмеснерия өсімдіктерінен байқауға болады. Цитоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамы орта жағдайында өзгеруі мүмкін. Оның құрамында 30%-тен артық су болады. Су кейбір органикалық заттар мен тұздардың ерігіштік қасиетін артгырып, оның бір жасушадан екінші жасушаға ауысуына көмектеседі. Су көміртегін ассимиляциялау үшін және барлық тіршілік процентіне қажет. Судан басқа цитоплазманың құрамында 60-70% ақуыз, липовд, амин қышқыддары, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар болады.
Цитоплазма - жасушаның күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі Жасушаға тән тіршілік белгілерінің бэрі бар. Цитоплазма өсімдік жасушасының барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты.
Жасуша цитоплазмасында мембраналы және мембранасыз омпоненттер кездеседі. Мембранасыз компонеиггерге микротүтікшелер, рамында микротүтікшелер кездесетін органоидтар, микрофилламентгер және микрофибрилдер жатады.
Мембраналы органоидтарга эндоплазмаяык торлар (тегіс немесе агранулярлы және кедір-бұдыр немесе гранулярлы), лизасомалар, Голъджи комплексі (аппараты) және митохондриялар мен пластидтер жатады.
Цитоплазма әр түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасқан. Мысалы рибосомалар - ақуызты синтездейді, хлоропластарда _ фотосинтез процесі жүреді. Митохондрияларда - диссимиляция, гольджи аппаратында - полисахаридтерді синтездеу және бөліп шығару. т. б. процестер жүреді. Жоғарыда айтылғандай, биологияға «протоплазма» деген ұғымды 1839 жылы чех ғалымы Я. Пуркинье енгізсе, 1862 жылы Келликер ядроны қоршап жатқан сұйықтықты «цитоплазма» (грекше «суtаs» - жасуша, «рlasmа» - сұйықтық зат) деп аталады.
Цитоплазманы жарық микроскопымен зерттегенде оның бірыңғай қоймалжың, мөлдір зат екені байқалған. Нәтижесінде цитоплазма туралы бұрынғы түсініктің ауқымы кеңейе түсті, оның субмикроскопиялық құрылыстық элементтері ашылып, хлоропласт, митохондрия т. б. органелларының зат алмасуына қатынасы, олардын бір-біріне әсері, жасушаның даму барысында олардың пайда болуы мен өзгерістерге ұшырауы туралы көптеген мәліметтер жинақталды.
Эукариоттық жасушалардың цитоплазмасы гиалоплазмадан, органоидтардан және кірінділерден тұрады. Жасушада белгілі функцияларды атқаратын цитоплазманын ерекше жіктелген бөлігін органоидтар (органеллалар) деп атайды. Органоидтарды мембраналы және мембранасыз деп екіге бөледі. Мембраналы органоидтарга эндоплазмалық тор, Гольйжи аппараты, митохондриялар, лизасомалар және пероксисомалар, ал мембранасыз органоидтарға рибосомалар, жасуша орталықтары, микротүтікшелер, микрофибриллалар, микрофилламенттер, кірінділер мен талшықтар жатады.
Гиалоплазма (грекше "һуаlоs" - әйнек - түссіз масса деген мағананы білдіреді) -цитоплазманың негізгі түссіз күрделі қоймалжың (коллоидты) жүйесі, яғни цитоплазманың түп негізі матриксі, маңызды бөлігі, оның ішкі ортасы. Электронды микроскопта цитоплазманың матриксі гомогенді немесе электрондық тығыздығы төмен ұсақ дәнді зат. Гиалоплазманың құрамыңда түрлі глобулалық ақуыздар мен цитоплазмалық матрикстің ферменттері болады. Бұлар эукариоттық жасушалардағы ақуыздардың жалпы санының 20-25 пайызын құрайды. Бактерия жасушаларының палоплазмасы барлық ақуыздардың 50 пайызын қамтиды. Гиалоплазма матриксында гликолиз ферменттері, қант метоболизміне қатысатын Ферменттер, азоттық негіздер, амин қышқылдары, майлар және т. б күрделі заттар болады. Жасушаның космостық және буфферлік қасиеттері де палоплазманың құрамы мен құрылымына байланысты. Гиалоплазма АТФ молекулалары жинақталаты орын. Мұнда гликоген, май тамшылары сияқты қоректік заттар жиналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz