Малдардағы туберкулез ауруы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... . 7
Туберкулез ауруының індеттануы және балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Туберкулез ... ... ... ... ... ... 18
Індеттік ерекшеліктері ... ... 20
Өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... . 22
Өзіндік жұмыс ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... . 33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .. 34
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын /ол шартты түрде «инфектология» деп аталады/ теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жұмыста кіріспе, осы пән туралы қысқаша мәліметтер,
анықтамалар, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер мен
өзіндік жұмыс қарастырылған.
Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде осы тақырып және пән туралы қысқаша
қорытынды жазылған.
Негізгі бөлімде осы пән туралы мәліметтер, анықтамалар, тақырыпқа сай
мәселелер қарастырылған.
Өзіндік жұмыс бөлімінде қолданылған әдебиеттер және қорытынды т.б.
мәліметтер берілген.
Қысқартылған сөздер

мл – миллилитр
% - пайыз
мг – миллиграмм
РНК – Рибонуклеин қышқылы
ДНК – Дезоксирибон қышқылы
млн – миллион
т.б. – тағы басқа.

Анықтама

Инфектология – жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығы.
Эпидемиология – медициналық індеттану.
Эпизоотология – ветеринарлық індеттану.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Туберкулез ауруының індеттануы және
балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Індеттанудың басқа ғылымдармен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 11
Туберкулез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
Індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 20
Өтуі және
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
Өзіндік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 34
Кіріспе

Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы
ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең
таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да
қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп,
оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра
бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын ол шартты түрде
инфектология деп аталады теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы
аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны,
вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны,
патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір
ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану
пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан
тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық
санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға
болмайды.
Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және
жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет
процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын
қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін
зерттейді.
Туберкулез ауруының індеттануы және балау

Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу
заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін
қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет – жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану – білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері – арасында, zoon - жануар) және
logos – ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы
эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері – арасында, demos -
халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы
ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең
таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да
қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп,
оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра
бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын ол шартты түрде
инфектология деп аталады теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы
аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны,
вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны,
патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір
ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану
пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан
тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық
санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға
болмайды.
Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және
жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет
процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын
қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін
зерттейді.
Жұқпалы аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты
жұқпайтын, хирургиялық, гинекологиялық, паразиттік, т.б. дәрігерлік
тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық
белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді.
Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты
микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу. Жануарлар
арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден – ақ көңіл
аудара бастады. Адамзат қоғамының ой - өрісі жетіліп, өнер – білім мен
мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген
салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы
аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде – ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу
заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір
ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған
малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да
жұғатындығы мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке
шалдығуы, т.б. бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам
санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын
микробиология, иммунология т.б. тудыруға түрткі болады.
Ертедегі Грекия мен Рим ойшылдары Гиппократ, б.д.д. 460 – 377 ж. Тит
Лукреций, б.д.д. 96 – 55 ж.; Вергилий б.д.д. 70 – 19 ж. Д. Фракасторо, 1478
– 1553 ж. адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын дөп басып,
оларды қоздыратын бір адамнан екінші адамға, немесе малдан малға берілетін
қандай да бір себепкердің болатындығын тұжырымдады.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай
халықтарда ерте заманнан – ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал
етіп, оны вакциналау деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды vacca –
латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға
шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршақтар пайдаланылды.
Жұқпалы аурулармен күрестің ғылыми негізі микробиология мен
иммунологияның жетістіктерінен туындады. Атап айтқанда француз ғалымы Луи
Пастер 1822 - 1895, неміс ғалымы Роберт Кох 1843 - 1910 ауру қоздыратын
микробтарды ашып, олардан вакциналар даярлауы осы заманғы жұқпалы аурулар
туралы барлық ғылымдардың іргетасын қалады. Бұл саладағы ғылымдарды
дамытуға фагоцитарлық теорияның авторы рессейлік ғалым И.И. Мечников 1845
- 1916, иммунитеттің гуморальдық теориясын жасаған неміс ғалымы П. Эрлих
1854 - 1915, вирустарды ашқан орыс ғалымы Д.И. Ивановский 1864 - 1920
үлкен әсер етті. Ал енді осы ғылымдардың аясынан індеттанудың
(эпизоотологияның) жеке ілім болып қалыптасуына 1905 ж. Будапешт қаласында
шыққан, одан бері 11 рет қайта басылған Ф. Гутира мен И. Марек жазған Үй
жануарларының арнайы патологиясы мен терапиясы деген үш томдық еңбек
айтарлықтай үлес қосты.
Малдың жұқпалы аурулары Ресейдің Петербург қаласындағы дәрігерлік –
хирургиялық академиясында оқытыла бастауына байланысты осы оқу орнының
профессоры П.И. Лукин 1790 - 1836 1836 жылы Эпизоотологические болезни
или скотские падежи Індет аурулары немесе малдың қырылуы, белгілі
зпизоотолог, профессор И.В. Всеволодов 1790 - 1863 1846 ж. Жануарлардың
жаппай өлім – жітімі және жұқпалы ауруларын зерттеу тәжірибесі деген кітап
жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы жетістіктерін
қорытындылады.
Кеңес Одағында індеттану пәнін оқыту, оқулықтар жазу жолында академик
С.Н. Вышелесский 1874 - 1958, профессор М.С. Ганушкин 1863 - 1969
елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде және індеттану ғылымын
дамыту саласында бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары айтарлықтай табыстарға
жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микробтар қоздыратын ауруларды жан –
жақты зерттеген академик Я.Р. Коваленко 1906 - 1978, жылқының делбе,
төлдің колибактериоз ауруларын зерттеген профессор Я.Е. Коляков, вирус
аурулары бойынша академик Н.В. Сюрин, микоздар бойынша академик Н.К.
Саркисов, листериозды зерттеуде академик И.А. Бакулов бар.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық
тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол
тәжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан қалыптасқан сиырда
аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы
осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады. Сондай – ақ сол заманғы
шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, көші
– қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу сияқты
шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені
көреміз.

Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей
байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология
және иммунология. Бұлар жұқпалы ауруларды балау, емдеу, дауалау әдістерін
қарастырады. Індеттану клиникалық диагностика, патологиялық анатомия,
патологиялық физиология, терапия, паразитология, акушерлік сияқты
ветеринарияның салаларымен тығыз байланыста бірге дамып келеді. Бұл
ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан – жақты пайдаланылады. Ветеринария
практикасында да кез – келген жұқпалы ауруларды жұқпайтын, паразиттік,
гинекологиялық аурулардан, уланудан, дұрыс азықтандырылмаудан болатын
дерттерден ажырата білу керек. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру
үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да
жан – жақты ескерген жөн. Мысалы бруцеллез кең тараған шаруашылықтарды
сауықтыру үшін ең тиімді шара – табындағы малды түгелдей сау малмен
алмастыру, яғни мәселенің шешімі малды өсіруге келіп тіреледі. Індеттану
ғылымы дәл осылайша экономикалық мәселелермен, ауыл шаруашылығын
ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы кезде індеттанулық талдау
жұмыстарында есептеу техникасы, моделдеу және болжау әдістері кеңінен
қолданыла бастады. Жалпы бұл ғылым үшін статистиканың берері мол, ал
ветеринариялық статистикасыз індеттанулық талдау жүргізілмейді де.
Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты
індеттің адамдар мен жануарлардың арасында таралуын бірге қарастыруға тура
келеді. Малдан адамға, керісінше, адамнан малға жұғатын аурулар біршама.
Бұдан келіп медициналық індеттану эпидемиология мен ветеринариялық
індеттанудың эпизоотология тікелей байланыстылығы туындайды.
Індеттанудың зерттеу әдістері. Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет
процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи –
географиялық, әлеуметтік – экономикалық шаруашылық жағдайлармен де
байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің
зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен
пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу. Оның
мақсаттары:
1. Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты
індеттік ахуалды зерттеу.
2. Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын
айқындау.
3. Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен
заңдылықтарын анықтау.
4. Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін бағалау.
Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады:
а) шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау; ә) салыстырмалы
тарихи сипаттау; б) салыстырмалы географиялық сипаттау; в) індеттанулық
эксперимент; г) математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау – індеттанудың негізгі
зерттеу әдісі. Жұқпалы аура байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы
ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға
балау қою дегеніміз нозологиялық балау қай ауру екенін анықтау болса
мысалы, аусыл, немесе топалаң, індеттанулық балау байқалған жұқпалы
ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет
тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс
арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу
жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық,
патологиялық – анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық,
аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер
індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы
шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана
емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан
таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза
емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының
нәтижелігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға
беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын –
соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі
індеттік жағдайға әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы өткендегі
деректерді мынандай ақпарат көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу
журналы № 1 журналы, індетке қарсы шараларды тіркеу журналы № 2
журналы, ауданның індет ахуалын тіркейтін журнал № 3 журналы, актілер,
есеп – қисаптар мен ресми статистика материалдары. Аталған құжаттарды
пайдалана отырып ретроспектикалық өткендегіні талдау жасалынады. Оның
нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдығы, кезеңділігі анықталынады. Жалпы
алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау – індеттік ахуалға уақыт тұрғысынан
хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет
ошағының қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді.
Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілк аймақта аудан, облыс
тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым
жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін сол
территорияның індеттік картасы мен нозогеографиялық картасы пайдаланылады.
Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері
белгіленеді де картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді,
нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі.
Аурудың таралған аймағын нозореал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы
аурудың таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Сонымен
салыстырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі
моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент – тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы
жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.
Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама биосынама жасау
емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Мұндай тәжірибенің
індеттану ғылымына індеттің таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер
беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында,
аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі.
Бірақ бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан да
практикада мұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін,
қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау
қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің
әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет
процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге
бөлінеді. Індет процессінің уақыттық хронологиялық немесе динамикалық
моделі індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік
модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау – індет процесінің пайда болуына, оның өршу
кезеңдеріне ғылыми болжам жасау. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы
ғылымға белгілі мағлұматтарды, осы аурудың белгілі бір территорияда пайда
болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып
індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады. Қысқа
мерзімді болжам жыл маусымына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін
қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның
негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру
қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі. Орта мерзімді
болжам бір жыл уақыт уақытты қамтиды да, оның негізінде індетке қарсы
шаралардың жылдық жоспары жасалады. Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам
табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық
болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек. Біріншіден,
аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар
толық болуы шарт. Екіншіден, ветеринариялық есеп – қисап жұмысы дұрыс жолға
қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан – жақты математикалық
модель мен індеттанулық болжам болмаған жағдайдың өзінде де індет жағдайын
статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп,
індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру
қажет.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып
табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы Жұқпалы аурулар курсына келетін
болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты
үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық,
патологиялық – анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық,
аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық
болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер
жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып бөлінеді.
Індеттану курсында қарастырылған ветеринариялық санитарияның негізгі
әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация. Балау, емдеу, дауалау
және ветеринариялық санитария әдістері келесі тарауларда жан – жақты
қарастырылады.
Жұқпалы аурулардың экономикаға нұқсаны және індетке қарсы шаралардың
экономикалық тиімділігі. Егер жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы шұғыл шаралар
қолданылмаса мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды
құрайтындар: мал өлімі және соған байланысты мал басының кемуі, ауырған
малдан алынатын өнімнің азаюы, елдің шикізат қорының және мал мен мал
өнімдерін экспортқа шығарудың төмендеуі. Жұқпалы ауру шыққан кезде карантин
мен шектеу шаралары шаруашылықтың экономикалық байланыстарына нұқсан
келтіріп, оның іс - әрекеттеріне қолбайлау болады.
Індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі осы шаралар арқылы
жұқпалы аурулардың алдын ала отырып, ауру байқала қалған жағдайда оның
зардаптарын шектеу арқылы шаруашылыққа келетін зиянды болдырмау немесе
мейлінше азайтудан туындайды. Бұл шаралардың арқасында мал басы сақталып,
одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Ветеринариялық шараларды
жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да азаяды. Індетке қарсы шаралардың
экономикалық тиімділігін талдағанда мынандай көрсеткіштер нұқсан, алынған
экономикалық нәтиже, жұмсалған әрбір теңгенің қайтарылымы, жұмсалған
күрделі қаржының қайтарылымы.
Мал шаруашылығының қазіргі кезеңдегі дамуынан туындайтын індеттанудың
мақсаттары. Халықты азық – түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен толық
қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын жедел дамытып, оның өнімділігін шұғыл
арттырып, алынатын өнімнің сапалығына қол жеткізу қажет. Мал басын көбейту
үшін де, оның өнімділігін және алынған өнімнің сапасын арттыруда да
індеттану ғылымы мен індетке қарсы шаралардың маңызы аса зор. Мал
шаруашылығындағы осы заманғы жеделдетілген технология тек қана мал басы
жұқпалы аурулардан толық және тұрақты ада болғанда ғана нәтижелі болады.
Экологиялық жағынан таза, санитариялық сапасы жоғары мал өнімдері ғана
халықтың талабын қанағаттандыра алады. Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп
технологиясы малдан алынатын шикізаттың сапасына өте жоғары талаптар қояды.
Ол талаптарға дені сау малдан алынған өнім ғана сай келеді. Қазіргі уақытта
меншіктің барлық түрлері қатар дамып, жекеменшіктегі мал санының шұғыл
артуына байланысты мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету, оның
ішінде індетке қарсы шараларды іске асыру.

Туберкулез

Туберкулез лат. tuberculosis, грек. phthisis - созылмалы түрде
өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар
туберкулалар пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы
дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулещге
тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда
белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде, туберкулез туралы жазба деректерді
Гипократ б.э.д. IV, Гален т.б. қалдырды. Дәрігерлер сол кезден – ақ бұл
аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн
Сина XI ғ. аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әртүрлі ағзаларда болатын
өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу XVII – XIX
ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтижесі 1882 ж.
неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады.
Сонымен бірге Р. Кох 1890 ж. туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік,
кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды.
Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі – 1921 ж. Францияда Кальмет пен Гереннің
БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13
жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрін ет қосылған глицеринді
картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы
иммундеу үшін қолданылады.
Қоздырушысы. Туберкулездің қоздырушысы Mycrobacterium туыстығына
жатады. Бұл туыстықта ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар: M.
tuberculosis адамды ауыртады. M.bovis ірі қаранды , M.avium құсты.
Сирек кездесетін 4-ші түрі - M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы
алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік
ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет
ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
Микобактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері
потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік
өзіне тән емес, яғни әдеттегіден өзгеше, түрлерге жатқызылатын бұл
түрлері адамды микобактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал
жануарларда параллергиялық реакциялар тударды. Раньонның классификациясы
бойынша M.avium атиптік микобактерияларға жатады.
Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде бұтақтанған,
жіпше созылған немесе коктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады. Грам
әдісімен нашар боялса да, грамоң болып есептелінеді. Қозғалмайды, спора мен
капсула түзбейді. Айрықша қасиеті – қышқылға төзімділігі, ол микробтың
құрамында микол қышқылының болуының нәтижесі. Циль – Нильсен әдісімен
бояудың зор диагностикалық мәні бар. Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық
қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауа сыбағалы микробтарға жатады.
Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін
глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейин – Иенсеннің, Гельберттің
қоректік орталары қолданылады. Микобактериялар өте баяу өседі: адамға тән
түрі 20 – 30 күн өткен соң, сиярға тән түрі 20 – 60, құсқа тән түрі 11 – 15
күннен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8 – 10 ай өткен соң өледі. Қақырықта
5 – 6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 2 ай, қыста 5 ай, кей
жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M.avium . Кептіруге,
шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары
температура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қозлдырушысы дезифектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру
үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3 – 5 % ерітіндісі, 5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарып – катерлі ауру
А витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Хлорлы препараттар
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қан алу
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау
Мал шаруашылығы өнімдері
Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
Пәндер