Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу


Кәсіптік білім берудегі педагогикалық процестер
Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын т. с. с айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.
Психологиялық іріктеу нақты бір кәсіп пен мамандық талаптарымен анықталатын жеке адамның психологиялық қасиеттер жиынтығының даму деңгейін, жағдайын анықтауға бағытталған. Яғни жоғары сынып оқушысы мектептегі соңғы жылдарда өзінің болашақта кім болатындығын, қандай мамандықты таңдап алатындығын саналы түрде ой елегінен өткізе бастайды. Ол тек өзіне ұнаған мамандықтың иесі болуды ғана ойламай, сонымен қатар өз мүмкіндігіне көңіл бөлуі тиіс.
Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптары на кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Яғни әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс.
Зерттеу жұмысының өзектілігі- оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы өмірдегі негізгі мәселелердің бірі болғандықтан жас адамның өзін-өзі бекітуінің негізі және өмірдегі ең басты шешімнің бірі екендігімен сипатталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының болжамы - жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесімен олардың мамандық таңдауы арасында өзара тығыз байланыс бар.
Мамандық таңдауда оқушыға жол көрсететін бірінші ата-ана, екінші ұзтаз болып табылады. Ата-аналар өз балаларының икемділігі мен мүмкіндіктерін ажыратуында және өмірдегі еңбек жолын анықтауында негізгі рөл атқарады.
Болжам -Егер жоғарғы сынып оқушыларына маманыққа бағыт-бағдар беру жұмысы жүйелі әрі дұрыс жүргізілсе, онда жеке басының үйлесімді дамуы үшін өмірлік мәні бар, сондай-ақ қоғамға, өзіне, өзгелерге пайдалы әрі нәтижесі өзін қанағаттаныратын мамандықтың иесі болуы мүмкін.
I. КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ МЕН МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасуы
Жоғары сынып оқушыларына тән басты ерекшелік - бұл олардың өмірлік жоспарларының қалыптасуы. Бұл бір жағынан мақсаттардың тиянақтылығының, қорытылу нәтижесінде өмірлік жоспарлар туындап, олар өздеріне жеке тұлға, иерархизациялардың бағалы бағдарламасының тиянақты ядросын орнығуын келтіреді. Олар өздеріне жеке ұмтылыстарды бағындырады. Екінші жағынан мақсаттардың нақтылану мен даралану процестері жүріп жатады. өмірлік жоспар - бір мезгілдегі әлеуметтік және этикалық құбылыс.
Кім болам? (кәсіптік сананың қалыптасуы) және қандай болу? (моралдык сананың қалыптасуы) сұрақтары жасөспірімдік өркендеу кезеңінің әуелінде ешқандай айырмасыз болады. Қай жер болса, сол жерде жасөспірімдер (бозбалалар) өмірлік жоспарларымыз деп беймәлімдеу белгілер мен армандарды атайды. Алайда бұл нәрселер олардың практикалық қызметтерімен еш қабыспайды. Өмірлік жоспар, өзінің тура мағынасында, тек ой-толғауларының соңғы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге оған жетудің әдісі, яғни адамның жүріп өтуге мақсатты жолы және объективті, субъективті ресурстар, олар өз кезегінде активті де таңдану - қанағаттану түрінде.
Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын өзінше анықтайды. Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады. Бұл сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты, көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады /1/.
Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке
тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын іздейді) . Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық, үшінші -дифференциалды психологиялық) .
Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.
Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.
Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.
Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері сортталып бағаланады. Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай (менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер болармын: көп табыс тапқым келеді.
Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін /2/.
Қыздар алдымен іс-әрекеттің белгілі аумағын қамтуы мүмкін. (медицинамен айналысқым келеді) сонан соң барып оның кәсіби дәрежесін анықтайды, дәрігер болу керек пе? фельдшер ме?, медбике ме, әлде санитарка ма? немесе керісінше - алдымен дәрежесін белгілеу, сонан соң мамандық (жоғары оқу орнына түсемін, бірақ әлі қайсысына екенін білмеймін) . Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда екі жол өте көп сияқты: жоғарғы оқу орнына түсуге бағытталу, тиісті мамандық таңдауға қарағанда ерте қалыптасады.
Мамандық таңдау көп баспалдақтылықпен ерекшеленеді. Тоғызыншы сыныптың соңына қарай оқушылар әрі қарай оныншы класс оқу керек пе? жоқ ПТУ-ға, қолледждерге түсу керек пе? - деп ойланады. Бұл жылдары көп балалар оқуды табыс табумен ұштастырғысы келеді /3/. Қызығушылығына, қабілетіне бағалау бағдарынан басқа шешім кабылдауға өзінің объективті мүмкіндіктерін бағалау маңызды - отбасының материалды жағдайы оқу дайындығының мүмкіндігі, денсаулық жағдайы және т. б. кәсіптік білім алуды немесе жұмысты таңдағандар тез арада әлеуметтік таңдауы кәсіби тандаумен алмастырады, қайда түсу керек, не істеу керек.
Кәсіптік таңдау мектеп оқушыларына екі информация болатындығын көрсетеді. Кәсіптер әлемі туралы: өзі туралы, өзінің қабілеттері мен қызығулары. Мұның екеуі де ең жоғарғы класс оқушыларына жетпейді. Көп жылдық еңбегін нәтижелей келе Е. А Климов былай деп жазады. "17 жаста кәсіптер әлеміне қатынас қызығушылық тәжірибе арқылы
қалыптасады: ата-аналарына, таныстарынан, достарынан, құрдастарынан, кітаптардан, кинофильмдерден, телехабардан алынған білімдер"/2/.
Білгілі бір кәсіптің маңыздылығы, қоғамдық пікір оның жалпылығымен қарсы байланыста болады. Жұмысшыларға қарағанда Е. А Климов мұны екі айналы пирамида есебінде бейнелейді: біріншісі -қоғамның кадрларға деген қажеттілігі, екіншісі - (төңкерілгені) жастар үшін қызғылықтылығы. Қызғылықтылығы артық деп есептелінетін кәсіптерге үміткерлер көп болады. Бірақ қажеттіліктердің саны аз болады. Сондықтан олардың басқа іспен айналысуымен тура келеді. Бұл кездері қоғамның қажеттілігі мен кәсіптік бағдардың айырмасы жастар арасында біршама азайды.
Кәсіптік таңдау мен өмірлік жоспарлардың орындалуы әлеуметтік жағдайларға, оның ата-аналарының білім деңгейіне байланысты. Ата-аналарының білім деңгейі жоғары болған сайын олардың балалары да оқуын жалғастыруы көп болады және ол жоспарлар жүзеге асады.
Бозбалалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруы қыздармен салыстырғанда көпшілік жағдайда басым болып келеді /3/.
Кәсіби бағдарлау тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ол психологиялық та мәселе. Бірінші тәсіл тұрақтылық пен жеке қасиеттердің тәжірибелік өзгермейтіндігінен туындайды. Оларға іс-әрекеттің тәсілі мен үлгермей тікелей байланысты: бұл жерде адамды іріктеу мен саралау жұмысқа байланысты, екінші жағынан - жұмыс таңдау, сол адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Екінші тәсіл қабілеттілікті бағытталған қалыптастыру идеясы арқылы туындайды, мұнда әр адамда мүмкіндігінше кейбір сол жұмысқа қажеттік қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді . Бұл екі тәсіл әр түрлі аталынуы мүмкін, бірақ оларда бірегей „әдіснамалық кемістік бар. Ол жеке және еңбек кызметі бір-біріне байланыссыз әрі қарама-қарсы нәрселер ретінде қаралады. Олардың бірі екіншісін өзіне сөзсіз бағындырады. Дегенмен психологияда қабылданған сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципімен туындайтын үшінші мүмкіндік бар. Е. А. Климовтың топшылауы бойынша бұлар мынадай тұжырымдамаға негізделеді:
І. Тұрақты, тәжірибелік қайта тәрбиелеуге болмайтын жеке психологиялық қасиеттердің болатындығы танылады. Қызметтің табысты болуына тікелей байланысты.
2. Тәсілдері бөлек, бірақ (қасиеттер, қызмет) соңғы пайдасы (еңбектің өнімділігі) бірдей қасиеттер қызметтің табысты болуына байланысты.
З. Қажетті қасиеттерді қалыптастыруда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін, ішкі даму жағдайларын ескере отырып құру дұрыс. Кәсіп таңдауда кәсіби ақыл-кеңестің маңызы ерекше. Бұл тиянақты дайындықты керек ететін қиын жұмыс. Жоғары кластардың басым көпшілік бөлігі кәсіп таңдауда стихиясы түрде келеді /4/.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың байсалды факторлары - жас шамасы, жас адамның ақпарат дәрежесі, оның килігу дәрежесі. Кәсіп таңдау біз көріп отырғандай өте-мөте қиын және ұзақ процесс. Бұл жерде мәселе тек оның ұзақтығына емес, оның кезеңдерінің бірінен соң бірінің келуінде. Мұнда екі
түрлі қауіп бар. Бірі - жоғарғы сыныптың кәсіби өзін-өзі анықтауының созылып кетуі мен кейінге қалдыра беруі қандай да болмасын болмашы кызығушылығының жоқтығынан. Бұл тоқтау жалпы дамуының төмендігінен, тәртібі мен өзін-өзі алып жүруінің нашарлығынан байланыстырады. Мұны былай түсінуге болады, кәсіби өзін-өзі анықтау -үлкеюдің, өзін-өзі сыйлаудың, өзіндік "МЕН-ін" қалыптасуының басты компоненттерінің бірі.
Кәсіп таңдау белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өмірден бір зат алуы, оған килігуін танытады. Ол өзінің объективті мүмкіншіліктерін (балалық шағында музыкаға үйренбеген кісіге, әлбетте, консерваторияға түсу қиын) және өзінің қабілетін бағалауды жинайды. Сонымен бірге оған субъектінің өзі түсінбеуі мүмкін. Кәсіптік талаптар әсер етеді. 15-17 жастағы бозбалалар мен қызбалалардың келіспеушілігі әрқашанда артықтау. Бұл дұрыс керек болса пайдалы, себебі жас адамды өсуге және қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелейді. Жастарды еңбекке дайындау мен кәсіп таңдау маңызды мемлекеттік іс. Жалпы тәрбие мен еңбек тәрбиесінің бірлігінің маңызды екендігі даусыз /5/.
Мектеп оқушылары қоғамдық пайдалы еңбекке тартылуы тиіс. Әрине олардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Тоғызыншы сынып оқушыларының әрі қарай оқуын қайда жалғастыруы арнайы және кәсіби дайындықты қайдан алу жан-жақты түсіндіріледі. Мектепте еңбекке үйрету үшін арнайы бөлінген сағаттың екі есе арттырылуы, мектеп шеберханалары мен оқу-өндіріс бригадаларында, жазғы еңбек лагерінде болуы, кәсіп таңдаудағы, еңбек негіздерін танудағы сатылар.
Кәсіптік-техникалық, арнайы орта оқу орындары мен оныншы кластарды толықтырулар мен кешенді қамтамасыз етуге жылдық және перспективалық жоспарларға сәйкес жалпы мемлекеттік мүдделер ескеріле келе кәсіби дамуында мамандарға деген сұранымы бар жергілікті ерекшеліктер ескеріліп және оқушылардың өз еркімен оқу орнын таңдауы арқасында жүргізіледі /9/.
Кәсіби бағдар - жеке тұлғаның әлеуметтік өзін-өзі анықтауының бір құрамддас бөлігі. Егер де ол әлеуметтік имандылық толған мен өмір сүрудің қажеттілігі туралы ой-толғаныс пен әркімнің өзіндік "МЕН"-і ұштасып қабысып жататын болса ғана, кәсіп таңдаудың тек сонда ғана берекесі болады.
Болашақ мамандыққа қатынас жасөспірімдік шақта болашақ туралы балалық балғын армандардың өз мүмкіндіктері мен өмірдің себеп-салдарымен ауысатын өмірдің кезеңі. Олар өз ниеттерін тәжірибелік іс-қимылға ұштастыруға құштар.
Алайда мұнда қимыл жеткіншектердің барлығына бірдей тән емес, кейбіреулері осы шақпен өмір сүреді, болашақ кәсібі туралы ойланбайды. Белгілі бір кәсіпке қызығушылықты әр түрлі кітаптар, адамдар, теледидар, экскурсиялар оятуы мүмкін.
1. 2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың
психологиялық негіздері
Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде керек болатын білім беру, оны алдын-ала белгілі бір мамандыққа дұрыс икемдеп даярлау. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептердегі қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып, өткізіп табыс табуда.
Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасауды, еңбек сабақтарын да көбейтуді керек етеді. Мектеп тек қана орта білім беру емес, сонымен қатар жасөспірімдерге арнайы еңбек дағдыларын үйретіп, кәсіптік даярлықтан өткізу керек деген идея реформалардың негізі болып отыр.
Республикамызда оқушыларға кәсіптік бағдар беру күрделі әлеуметтік-психологиялық жүйе болып табылады. Ол халық шаруашылығының дамуына техника мен өнеркәсіптің өркендеуіне, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуді талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептердің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы араласуына, біртұтас еңбек политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың пайдалы қоғамдық еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.
Кәсіптік бағдар - бір-бірімен тығыз байланысты салалардан тұратын біртұтас жүйе. Атап айтсақ олар кәсіптік ағарту іс-әрекетінің саласында оқушылардың ынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік таңдау кәсіптік бейімделуді білдіреді /14/.
а) Кәсіптік ағарту - оқушылардың әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар
туралы білім жиынтығы. Сол кәсіптің біреуін дұрыс таңдауға жағдай
жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын
дұрыс тәрбиелеу техникалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсінуін
қарастыру. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде, олардың әр саладағы
кәсіптік қызметке қызығуы мен бейімделуінің сәйкес келуі үлкен орын
алады.ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу, жеке кісіге әсер ету психологиялық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың мақсаты, ой-өрісі, мұраты пәндерді сапалы оқытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына бейімділігіне белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.
б) Кәсіптік ақыл-кеңес беру арқылы оқушылардың өздеріне тән
ерекшеліктерін таңдаған кәсіптерінің талаптарына баса назар аударады. Бұл
төмендегідей формада өткізіледі: диагностикалық ақыл-кеңес
оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес
және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталған.
Анықтама: Ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға немесе жұмысқа қабылдау түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі дайындық мерзімі еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолы хабарланады. Қалыптастырушы ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауына басқаруды көздейді. Ол уақытқа созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіптік таңдауға қатынассыз өзгеруіне байланысты болады.
Дәрігерлік кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психологиялық физиологиялық құрылымын таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психологиялық, физиологиялық көрсеткішін анықтайды. Мамандық туралы кеңес беруден бұрын бастауыш сыныптардан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер, оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқудан тыс уақыттан әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болуы керек /26/.
Кәсіптік бағдардың келесі кезеңдерінде мамандық таңдау, зерттеу, түрлі анкеталар бойынша жүргізіледі; өзін-өзі бағалау анкетасы ата-аналар үшін анкета, бейімділік картасы, оқушылардың белгілі бір мамандыққа қызығуы мен қабілеті жөнінде сынып жетекшілерінен алынған мәліметтер. Бұл мәліметтер әр оқу жылына сәйкес бөлініп, арнайы бланкілерге толтырылады. Оқушылардың кәсіптік қабілеттерін бағалауда мұғалімдер едәуір қиналады. Себебі, ол бір жағынан мамандық таңдауды адамның психологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды білуді, екінші жағынан мамандық тандаушының жеке қабілеттерін зерттеуді қажет ететін.
Мамандық туралы кеңес берудің келесі сатысы - жиналған мәліметтермен танысу және талдау жасау. Бұл жауапты кезеңде талдаудың тереңдігі мен жан-жақтылығы консультанттың алдын-ала қоятын сұрақтың нақтылығына, сапасына тікелей әсер етеді. Оқушы туралы консультант жалпы мәліметтермен танысады, оның қабілеттерімен салыстырып оқушының болашақ. мамандық таңдау бағыты туралы пікір айтады. Сонан соң арнайы құрастырылған әдіс бойынша жекеше диагностикалық әңгіме өткізіледі. Онда жоғары сынып оқушыларының таңдаған мамандығына даярлық деңгейін талқылап, оның сол мамандық жөнінде ақпар жинауының керекті қабілеттері мен икемділігін дамытудың үйірмелерге факультеттерге, өнімді еңбекке қалыптасудың бағдарламасы белгіленеді /27/.
Жеке әңгімеде жасөспірімнің белгіленген бағдарламаны іске асыру жолында кездесетін қиындықтарды анықтаудың мәні зор. Әңгімелесу кезінде оқушының өз бетінше даярлану түрлері мен жолдары оның қоғамдық маңызына, болашақта атқаратын әлеуметтік рөліне аса көңіл бөлген дұрыс. Әңгіме үстінде оқушы өзі таңдаған мамандықтың профессиограммасымен жұмыс істейді. Бұл оған өз күшін объективті бағалауға, мақсатына жету үшін бойындағы резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Әңгіме аяқталған соң оқушы туралы мәліметтер
қортылып, оған таңдаған кәсіптік бағыт пен жетілдіру жолдары туралы ұсыныс беріледі. Бұл жұмыста жоғары нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленеді және олардың негізгі мектеп пен сыныптың кәсіптік бағдары туралы жоспарларына тиісті өзгерістер енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz