ЧЖОУ ЭНЬЛАЙ – ҚЫТАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРІ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Чжоу Эньлайдың қоғам және саяси қайраткері ретінде қалыптасуы ... ... ...7
ІІ.Тарау. Жапонияның Қытайдағы отарлау саясаты және Чжоу Эньлайдың азаттық қозғалыстағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ІІІ.Тарау. Чжоу Эньлай . мемлекет қайраткері, Қытай Халық Республикасының премьер . министрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қоғамның даму тарихында ХХ ғасырдың 90 жылдары үлкен өзгерiстерден басталды. Еуразия құрлығында ең мықты атанған және коммунизм мен социализм идеяларын ұстанып, капитализмге қарсы шыққан тұтас бiр жүйе – Кеңес одағы ыдырады. Халықаралық аренада жас егемен мемлекеттердiң пайда болуы, халықаралық қатынастар тарихында жаңа бiр кезең болып табылатыны сөзсiз. Дәл осы сәттен бастап бұрынғы кеңес мемлекетi орталықа бағындырылған бүкiл саясаты, экономикасы және нарығы өзiнiң орны мен ролiн анықтай халықаралық қатынастарды дамыту бағытына түседi. Халықаралық байланыстарды дамыту жолына түскен Қазақстан - интеграция барысында Еуропа елдерiне қарағанда, Азия мемлекетерi жақын екендiгiн түсенедi. Олардың iшiнде ең маңызды болып, этномәдениеттiк және тарихи байланысы бар мемлекет – Қытай Халық Республикасы болып табылады.
Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап біздің екі жақты байланыстарымыз барлық бағыттар бойынша даму үстінде. Жоғары деңгейлі сапар алмасулар өрістей түсуде, саяси өзара түсіністік тұрақты нығаюда, сауда-экономика, көлік қатынастары, энергетика салаларында, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен мәдениет саласыда ынтымақтастықтың жемісті нәтижелерін көруге болады.

1. .С.Л.Тихвинский Путь Китая к объединению и независимости. 1898-1949. По материалам биографии Чжоу Эньлая. М. Восточная литература, РАН, 1996.
2. .Политический портрет Чжоу Эньлая «Эхопланеты», 1988г. Октябрь с. 26-31 Чжоу Эньлай первый премьер Нового Китая. //Азия и Африка; 1997г. с.46-51.
3. Лю Дан-Нянь «История американской агрессии в Китае»
4. Гарушянц Ю.М «Движение 4 мая 1919 года в Китае» М.,1959г.
5. Гончаров П.Ф. «Победа Великой Октябрьской социалистической революции и подъем национальноосвободительного движения в странах Азии в 1917-1923гг.» М.,1960.
6. Жуков В.В. «Китайский милитаризм» М., 1988.
7. Загорский А.В. «Япония и Китай» М.,: Наука, 1991.
8. Захарова Г.Ф. «Политика Японии в Маньчурии, 1933-1945» М., 1990.
9. «Новейшая история Китая». 1917-1970гг. М., 1972
10. «История современной китайской революции» Перевод с китайск. А.Гатова. М., 1959.
11. «Коммунистический Интернациональ и китайская революция».
12. Кусургашева П.Г. «Педпосылки, движущие силы и характер китайской революции». 1927-1949гг. М.,1959.
13. Меликсетов А.В. «Социольно – экономическая политика гоминьдана в Китае (1927-1949)», М.1977.
14. «Рожденная в боях. Воспоминания участников гражд. Революционных войн и войны против японских захватчиков», М., 1961.
15. Сладковский М.И. «Очерки экономических отношений СССР с Китаем», М., 1957.
16. Тихвинский Л.С. «Путь Китая к объединению и независимости. 1898-1949», М., 1996.
17. «Великий поход 1-го фронта Китайской Рабоче-крестянской Красной Америкий», М., 1959.
18. Дубинский А.М. «Народная антиимпериалистическая и антифеодальная революция в Китае», М., 1953.
19. Бедняк И.Я. «Японская агрессия в Китая и позиция США (1937-1939)», М., 1957.
20. «Китай: история в лицах и событиях», М., 1991.
21. «Советский Союз и Маньчжурская революционная база. 1945-1949», М., 1975.
22. Владимиров П.П. «Особы район Китая». 1942-1945, М., 1977.
23. Дубинский А.М. «Советско –китайский отношения в период японо –китайской войны. 1937-1945», М., 1980.

Ф.4.7.-007-05
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
Педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтықтан оқыту институты
ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі
______Е.И.Шабанов
т.ғ.к.,доцент
____________________2007ж
тақырыбы: чжоу эньлай – Қытайдың мемлекет және саяси қайраткері
Кеңесші:
Диплом жұмысының жетекшісі:
аға оқытушы.Турекулова Ж.Е аға оқытушы Камалдинов Р.А.
аты-жөні, ғылыми атағы _______________________2007ж
Рецензент:
Тапсырманы орындаған
т.ғ.д.,профессор Голованов А.А. студент Оразбаев
Серик
аты-жөні, ғылыми атағы
Шымкент-2007ж
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Чжоу Эньлайдың қоғам және саяси қайраткері ретінде
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ІІ-Тарау. Жапонияның Қытайдағы отарлау саясаты және
Чжоу Эньлайдың азаттық қозғалыстағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ-Тарау. Чжоу Эньлай – мемлекет қайраткері, Қытай Халық Республикасының
премьер –
министрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Кіріспе
¬оµамның даму тарихында ХХ µасырдың 90 жылдары үлкен өзгерiстерден
басталды. Еуразия ұрлыµында ең мыты атанµан және коммунизм мен социализм
идеяларын ұстанып, капитализмге арсы шыан тұтас бiр жүйе – Кеңес одаµы
ыдырады. Халыаралы аренада жас егемен мемлекеттердiң пайда болуы,
халыаралы атынастар тарихында жаңа бiр кезең болып табылатыны сөзсiз.
Дәл осы сәттен бастап бұрынµы кеңес мемлекетi орталыа баµындырылµан бүкiл
саясаты, экономикасы және нарыµы өзiнiң орны мен ролiн анытай халыаралы
атынастарды дамыту баµытына түседi. Халыаралы байланыстарды дамыту
жолына түскен ¬азастан - интеграция барысында Еуропа елдерiне араµанда,
Азия мемлекетерi жаын екендiгiн түсенедi. Олардың iшiнде ең маңызды болып,
этномәдениеттiк және тарихи байланысы бар мемлекет – Қытай Халық
Республикасы болып табылады.
Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен
бастап біздің екі жақты байланыстарымыз барлық бағыттар бойынша даму
үстінде. Жоғары деңгейлі сапар алмасулар өрістей түсуде, саяси өзара
түсіністік тұрақты нығаюда, сауда-экономика, көлік қатынастары, энергетика
салаларында, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен мәдениет саласыда
ынтымақтастықтың жемісті нәтижелерін көруге болады.
Екі мемлекет те үздіксіз мәдени әріптестік жобаларын жүзеге асырып, жыл
сайын 10-нан астам мәдени шаралармен алмасуда. Мұнда: 2004ж Алматыда ҚХР
ШҰАР-дың мәдени апталығы сәтті өтіп, ол Шанхай қаласындағы Алматының
мәдени күндеріне ұласты. Екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстар
да күнен –күнге жақсарып келеді.
Қытай мен Қазақстан ең жақын көрші елдер, біздің тауларымыз да,
өзендеріміз де ортақ алады. Екі мемлекет арасындағы жоғары саяси сенім
қалыптасты.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында екі елдің басшылары көрегенді саясатпен
1700 шақырымға созылып жатқан шекара мәселесін өзара түсіністік және өзара
пайдалы құжаттарға қол қою арқылы шешіп алған. Жалпы алғанда қай салада
болсын шешілмей жатқан саяси мәселелер жоқ деп айтуға болады.
Екі мемлекет басшысы мен үкіметтерінің бір-біріне деген жоғары саяси
сенімі, көрші болуды жазған екі халықтың дәстүрлі терең достығы,
әріптестіктің үлкен әлеуеті, сауда-экономикалық, гуманитарлық, ғылыми-
техникалық, қоршаған ортаны қоғау салаларындағы іс-шаралар екі елдің
ынтымақтастығы мен достастығының тереңдей беруіне негіз қалайды.
Міне осы жағдайлардың бәрін ескере отырып бүгінгі таңда біз жастар, өз
көршіміз ҚХР тарихында маңызды орын алатын қоғам қайраткерлерінің өмірі мен
қызметін білуіміз қажет.
Қытай Халық Республикасының құрылуы - Қытай халқының талай жылдарға
созылған ұлт-азаттық күресінің жемісі.
Тәуелсіздікке жеткізген жол оңай болған жоқ, ол ұлы белестерден,
көптеген қиын-қыстау асулардан тұрды. Міне, осы Қытай Халық Республикасының
жариялануына ерен қызметімен үлес қосқан, туған халқын азаттық жолындағы
күресте бастаған Қытай қолбасшыларының көш басында тұрған аса ірі саяси
жетекшілерінің бірі және Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушы -
Чжоу Эньлай Қытай тарихында ерекше орын алады.
Чжоу Эньлай - Қытай Халық Республикасының және Қытай Коммунистік
партиясының көрнекті саяси қайраткері, Қытай халқының тәуелсіздік үшін
күрес жылдарында бұқара халықты жігерлендіріп, ұйымдастыра алған талантты
басшыларының бірі.
Кәсіби – революционер, жас кезінен Қытай халқын шетел империалистері
мен ұлттық феодалдық – милитаристік және компрадорлық қуғын сүргіннің
езгісінен азат ету жолына түскен Чжоу Эньлай революцияның жеңісінен соң
көрнекті мемлекет қайраткері, 1976 жылдың қаңтарында қайтыс болғанға дейін
ҚХР мемлекеттің министрлер кеңесінің басшысы болды.
Чжоу Эньлайдың өмірі тәуелсіздік үшін болған соғыстармен, шет ел
интервенттеріне қарсы жүргізген саяси қызметімен байланысты. Ол шет елде
эмиграцияда жүрген кезінде Карл Маркстің Капиталымен танысып,
В.И.Лениннің революция жайлы еңбектерін өте қызығушылықпен оқып, оны
халқына жеткізу үшін көптеген шығармаларын газет беттеріне шығарып отырды.
Мен бұл тақырыпты қарастыруда алға қойған мақсатым Чжоу Эньлайдың Қытай
тарихында, әрбір Қытай өмірінде алатын орнын зерттеу болып табылады. Чжоу
Эньлайдың өмірі мен қызметін жазуда біздің алдымызға қойған негізгі
міндетіміз:
- оның саяси қайраткер ретінде қалыптасуы;
- мемлекеттік аппараттағы қызметін зерттеу және оған дұрыс баға беру
болып табылады.
Чжоу Эньлайдың қоғадық - саяси және мемлекет қайраткері ретінде рөлін
зерттеген орыс және ағылшын тарихшыларының монографиялық еңбектері бар.
Англияда Чжоу Эньлайдың өмірі мен қызметі жайлы әр уақытта әр түрлі
бірқатар кітаптар шығарылды. Қытай ұлттық көсемдерінің өмірі мен қызметін
қарастырған орыс академигі Л.С.Тихвинскийдің Чжоу Эньлай туралы
монографиялық еңбегі жазылған.1
Чжоу Эньлай бала кезінде әке-шешесінен ерте айрылып, өзінің туысқан
ағайындарының қолында тәрбиеленеді. Ол жас кезінен бастап патриоттық
сезімге толы антиманьжуриялық памфлеттерді оқып өседі. Мектеп қабырғасында
жүрген кезінде газет ашып, оған Пекин милитаристік билігінің ішкі және
сыртқы саясатын сынап, өте қатал баға беріп отырды. Осы кезде Қытайда болып
жатқан патриоттық, антижапондық қозғалыстарға да қатысып отырды. Бұл істері
үшін Чжоу Эньлай талай рет саяси қуғынға ұшырады.
Қытай халқының отарлық езгіге қарсы күресі мен онда Чжоу Эньлайдың
алатын орны туралы көптеген құнды зерттеулер бар. Қытай халқының ұлт
азаттық көтерілісте жеңіске жеткеннен кейін мемлекет басына келген
алғашқылардың бірі Чжоу Эньлай болды.
Бұл кезең Қытай халқы үшін есте кетпес ең ауыр жылдар. Себебі қаншама
жылдар бойына созылған революцияның салдары елдің экономикасына кері әсерін
тигізді. Елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайы өте төмен сатыда болды.
Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде үкімет басына келіп, оны экономикалық
дағдарыстан шығарып қана қоймай, өрлеу жолына салған Чжоу Эньлайдың рөлі
тарих бетінде ерекше орын алды.
Чжоу Эньлайдың қызметі Қытай революциясының шешуші кезеңдерінде өте
қажет болды. Партиялық, әскери және дипломатиялық істермен айналысуда Қытай
Коммунистік партиясында Чжоу Эньлайдың беделі өте жоғары болды.
Чжоу Эньлай тарихқа халықаралық коммунистік қозғалыстың ірі қайраткері,
дарынды әскер басы және Қытайдағы социализм құрылыс ісіне елеулі үлес
қосқан дипломат ретінде кіреді.
Бұл тақырыпты жазуда біз сонымен қатар мерзімді басылымдар беттерінде
жарық көрген мақалаларды қолдандық.2
Әрине соңғы кездері жазылып жатқан мақалаларды Чжоу Эньлайдың саяси
көзқарастары мен мемлекеттік қызметіне дұрыс баға берген.
Диплом жұмысы екі бөлімнен, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Жұмыс
соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І -тарау. Чжоу Эньлайдың қоғам және саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
Чжоу Эньлай 1898 жылы 5-наурызда Цянсу провинциясындағы уездік қала
Хуайанда кедейлікке ұшыраған мемлекеттік қызметкердің – феодалдық топтың
оқымысты сословиясы өкілдерінің отбасында дүниеге келді. Провинциалық қаржы
басқармасының ұсақ қызметкері болған оның әкесі, әйелі қайтыс болған соң
тоғыз жасар ұлын өзінің баласыз ағасының отбасына береді. Бір жылдан соң
баланы Мукденде (қазіргі Шэньян) полицияның офицері болып істейтін немере
ағасы өз тәрбиесіне алады. Осында Чжоу Эньлай шет ел миссионерлерінің
көмегімен ашылған мектепке барады. Ол онда Қытай классикалық әдебиетімен
қатар Чарлз Дарвиннің, Жан-Жак Руссоның және басқа Европалық авторлардың
шығармаларын оқып танысады, мұнымен қатар осы тұста Қытайдың патриоттық
антиманьчжуриялық мақалаларымен танысады. Мектепте ол ағылшын тілін үйрене
бастайды. 1911 жылы Басталған Синьхай революциясынан соң және Қытайды 1912
жылдың ақпанына дейін басқарған Цин империясы биліктен тайғаннан кейін Чжоу
Эньлай маньчжурлар Қытайдың ер адамдарына күштеп таңған дәстүрлі бұрымын
кесіп тастайды.
1913 жылы Чжоу Эньлай Тяньзинде американ миссионерлерінің көмегімен
жаңадан ашылған Нанькай орта мектебіне түсіп, онда төрт жыл интернатта
жатып оқиды және мектеп әкімшілігінің түрлі техникалық жұмыстарын орындау
арқылы күнелтеді. Нанькай орта мектебінде оқыған жылдары (1913-1917) елдегі
революциялық қозғалыстың бәсеңдеген кезіне топ келді. Билікті ірі помещик
генерал Юань Шикай; соңынан оның жолын қуушылар басқарған реакциялық
солтүстік милитаристік (бэйяндік) тап басып алды. Оңтүстік және Оңтүстік-
батыс милитаристерінің сепаратистік топтары белсенді қызметін өрістетті.
Басталған бірінші дүниежүзілік соғысты пайдаланған жапон милитаризм өзінің
Қытайдағы Экономикалық және саяси ықпалын күшейтті. 1915 жылы оларды
орындау елдің толық отаршылық құлдыққа түсуін білдіретін еді. Қытай
қоғамының қалың бұқарасы ішінде, ең алдымен оқушы жастар арасында жаппай
патриоттық жапонға қарсы қозғалыс етек алып, онымен милитаристік топтарда,
жапондар да санасуға тура келді.3
Чжоу Эньлай осы оқиғаларға үн қосып, Еңбекті құрметтеу, ұжымдасып
өмір сүру атты мектеп қауымдастығын құрды және осы қауымдастық журналының
редакторы болды. Журнал Қытай басшыларының жапон басқыншыларына тайтарыс
бере алмауын қатты сынға алды. 4
1917 жылы Жазда Чжоу Эньлай Нанькай мектебін үздік бітіреді. 1917 жылы
қыркүйек ол мектепте бірге оқыған ауқатты досының шақыруымен жапонияға
университеттік білім алуға кетеді. Бірақ осында келген соң жапон
социалистік әдебиетін оқумен айналысты, К.Маркстің Капиталымен танысты,
университетке түсу емтихандарына дайындалуды қойып, Жапониядағы Қытай
студенттерінің қоғамдық қызметіне белсенді түрде кірісті, жапон үкіметінің
Қытай әскерлерін Қиыр Шығыс пен Сібірге қатар ол газет басылатын баспахана
жұмысшыларының арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргідеді. Чжоу Эньлай өз
мақалаларында социалистік идеяларды таратты, шет ел капиталының Қытай
жұмысшыларының арзан еңбегін қанауға қарсы болды, еңбек ақыны арттыру
туралы олардың талабын қорғады, Қытай милитаристерінің саясатын айыптады,
ескі феодалдық – отбасылық әдет-ғұрыпты, конфуцияндық философияны
сынады.5 Октябрь революциясы мен Кеңестік Россияның өмірімен танысуды
жалғастыра отырып, Чжоу Эньлай Қиыр Шығыс университетін бітірген,
коммунистік көзқарастағы Пекин университетінің оқытушысы Сергей Полевпен
кездесу үшін студенттер тобын бастап келіп жүрді. Осы кездесулер кезінде
студенттер социалистердің, анархистердің, чаристердің, әсіресе
коммунистердің тарихтағы орны мен рөлі байланысты мәселелерді талқылады.6
1919 жылы Тамызда Чжоу Эньлай Шаньдун провинциясының жапондықтармен ымы-
жымы бір милитаристерінің осы провинциядағы бұрынғы герман иеліктерін
жапоншыға беруге қарсы бас көтерген студенттерді қуғын-сүргінге салған
әрекеттерін қатты сынға алған мақала жарияланды. Оның бастамасы бойынша
митинг шақырылып, онда шоньдун өкіметінің әрекеті айыпталды. Митингке
қатысқан Тяньзинь студенттерді өкіметке наразылық білдіріп, астаналық
студенттермен байланыс орнату үшін өз делегаттарын Пикинге жіберуге шешім
қабылдады. 7 Пикин өкіметі осы делегаттарды тұтқынға алған кезде Чжоу
Эньлай Тяньзиньдік студенттердің Пикинге қарай жаппай жорығын ұйымдастырып,
қамалғандарды босатуды талап етті. Өкімет оларды тыңдауға мәжбүр болды.
1919 жылы 6-шы қыркүйекте Тяньзиньде студенттік патриоттық ояну
Қауымдастығының құрылуына арналған жиналыс өтіп, онда Чжоу Эньлай
милитаристерінің, компрадарлық буржуазия мен бюрократтардың өкіметін
құлатуға, жыныстар теңдігіне және феодалдық сарқыншақтарды жоюға шақырды.
Көп ұзамай Чжоу Эньлай Қауымдастықтың мәжілісінде алғашқы Қытай
марксистерінің бірі, Пикин университетінің профессоры Ли Дагжаоны сөз
сөйлеуге шақырды. Бұл кезеңде Чжоу Эньлай Коммунистік партияның
Манифесін, марксизмнің негізін қалаушылардың басқа шығармаларын көп көңіл
бөліп оқыды, Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі
ЧэньДусюмен кездесті. Өкімет студенттер газетіне тыйым салған соң, ол оны
астыртын шығарып тұрды.
1920 жылы 29-шы қантарда өкімет жапон тауарларына байкот жариялауға
шақырған жаппай митингіні қуу кезінде Чжау Эньлай басқа бірқатар
студенттермен бірге қамауға алынды.8 13 апталық түрмеде болу кезінде ол
камерадағы жолдастарымен марсизм, экономика және құқық бойынша сабақтар
жүргізді, өз білімін жетілдірді. Чжоу Эньлайдың сотта жапон тауарларына
байкот жариялауға шақырған патриоттық қозғалысқа қарсы болып, студенттік
митингілер мен шерулерді аяусыз қудаланған өкіметті айыптаған өжет мінезі
оны Тяньзиньде кеңінен танымал етіп қамаудан шығуына себеп болды.9 Чжоу
Эньлай түрмеден шыққан соң ояну Қауымдастығының басқа да мүшелері сияқты
Қытайда қанат жайған жастардың оқу мен жұмыс істеу үшін Еуропа елдеріне
кету қозғалысына қатысты, бұл қозғалыс Қытай қоғамының алдынғы қатарлы
Европа елдерінің тәжірбиесіне сүйене отырып, елді артта қалушылықтан
шығаруға ұмтылысын білдірді.
1920 жылы күзде Чжоу Эньлай Тяньзинь тұрғындары өз еріктерімен жинаған
ақшаға бір топ студент болып Францияға келді.
Франция бұл жылдары қытай жастарын басқа Европалық елдермен
салыстырғандағы арзан өмірімен, саяси либерализмімен және жоғары оқу
орындарының ашықтығымен қызықтыратын. Оның үстіне, Қытай үкіметі жолға
шыққандарға жәрдемақы беруге уәде берді. Бірақ мың жарым Қытайлық Францияда
өте қиын жағдайда болды, үкіметтің жәрдем ақысы келмеді, жоғарғы оқу
орындарына түсу жайына қалды. Келгендердің көпшілігі Париж бен Лиондағы
Рено автомобиль заводтары мен Лиллдегі көмір шоқтарына жұмысқа тұрды.10
Францияға келген соң Чжоу Эньлай Париж маңындағы Бийянкур жұмысшысы
қалашығына орналасып, бірден Қытай жастарының арасындағы ұйымдастыру және
революциялық насихат жұмыстарына беріледі. Ол сондай-ақ Бельгия мен
Германиядағы Қытайлармен байланыс орнатты. Бір мезгілде Чжоу Эньлай бір
Тяньзинь газетінің штаттан тыс тілшісі болады.9 Берлинде ол Қытай Қызыл
армиясының болашақ бас қолбасшысы Чжу Дэмен танысып, оны революциялық
жұмысқа тартады. Францияда Чжоу Эньлай Марксизм идеяларын зерттеп,
насихаттауды жалғастыра берді және Цай Хэсень, Ли Лисано, Дэн Сяопин сияқты
тұлғалар кірген бір топ серіктерімен бірге ҚКП құрылғанға дейін Парижде
Қытай коммунистік жастар лигасын ұйымдастырып, оның органы- La jeunesse
(жастар) журналының редакторы әрі негізгі авторы болды 1921ж. Жазда
Шанхайда құрылған Қытай Коммунистік париясымен байланыс орнатқан соң 1922
жылы Жазда Лиганың мүшелері Европада тұратын Қытайлардың коммунистік
үйірмелерін өкілдерінің қатысуымен Париж маңындағы Булон орманында жасырын
өткен конференцияда ҚКП-ге кіру туралы шешім қабылдап, оның Европалық
специясын құрады.11 Сондықтан ҚХР-да Чжоу Эньлайды ҚКП-ның негізін
қалаушылардың және оның алғашқы мүшелерінің қатарына қосады. Специяға
қатысушылар, оның ішіндегі Чжоу Эньлай, Коминтерн мен ҚКП-ның шешімі
бойынша Сунь Ятсен негізін қалаған Гоминьдан партиясына кіре бастады. Сол
кезеңге қарай Қытай Гоминьдан мен ҚКП-ның біртұтас антиимпериалистік
майданы құрылған еді.
1924 жылы Қыркүйекте ҚКП басшылығының нұсқауымен Чжоу Эньлай Европадан
Қытайға, Гуангжауға (Кантон) – Оңтүстік Қытайдың астанасына келеді, мұнда
Сунь Ятсен басқарған революциялық үкімет орналасқан болатын. Чжоу Эньлай
ҚКП Гуандун-Гуансийск коммитетінің хатшысы және оның әскери бөлімінің
басшысы болып істейбастады. Көп ұзамай Сунь Ятсеноны Кеңес әскери
кеңесшілерімен нұсқаушыларының қатысуымен Сунь Ятсен үкіметіне әскери
кадрлар даярлау үшін құрылған Хуанпу (Вампу) әскери мектебінің саяси
бөлімінің бастығы етіп тағайындайды. Осы қызметте Чжоу Эньлай өзінің
дарынды саяси қызметкер ретінде көрседеті. Хуанпу мектебінің бастығы Чан
Кайши еді, ол сол кезде өзінің реакциялық көзқарастарын мұқият жасырып,
өзін Сунь Ятсеннің адал шәкірті ретінде көрсетуге тырысты. Ұлттық –
революциялық армияның Оңтүстік Қытайдың милитористеріне қарсы әскери
операцияларына ерлікпен қатыса отырып, Чжоу Эньлай мектептің командирлері
мен курсанттарының арасында үлкен беделге ие болады , бұл кейіннен оның
1937 жылы Гоминдон – ҚКП біртұтас майданын өркендету жөніндегі табысты
жұмысына көп жәрдемін тигізді.
1925 жылы 27-жасар Чжоу Эньлай студенттік ояну Қауымдастығының
белсендісі Дэн Ингаоға үйленеді, ол онымен 1919жылы Танысып, Европада
болған жылдары үзбей хат алысып тұратын. Чжоу Эньлай мен Дэн Ингао 50
жылдан астам өмірдің ыстық – суығын бірге көреді. Соңғы уақытқа дейін Дэн
Ингао Қытайдың Біртұтас патриоттық майданының органы- Қытай халық саяси
консультативтік кеңесінің БүкілҚытайлық комитетінің төрағасы болды.
Оңтүстік революциялық әскерлерінің 1925-1926 жылдары Солтүстік жорығы
кезінде Чжоу Эньлай 1-армениялық корпустық саяси комиссары болды, соңынан
Шаньхойда пролетариаттық Ұлттық-революциялық армияны қолдауына бағытталған
әскери бас көтеруіне дайындық жүргізді.12 Чжоу Эньлайдың басшылығымен
көтеріліске шыққан пролетариат Қытайдың осы ірі өнеркәсіп орталығында
билікке қол жеткізеді. Үш күн бойы жұмысшылар Чан Кайши бастаған
әскерлердің келуін күтіп, қаланы ұстап тұрды. Бірақ Чан Кайши реакцияның
жағына шығып, 12-сәуірде Ианхайға келген соң империалистік державалар мен
жергілікті контрреволюциямен ауыз жаласып, көтеріліске шыққандарды аяусыз
жазалады.13 Чжоу Эньлай кереметтің күшінен қашып құтылады: оның басы үшін
көп сыйлық тағайындаған еді.
Чан Кайши бастаған Гаминьданның оң қанаты революция іске сатқындық
жасап, ол Нанкинде контрреволюциялық орталық үкімет құрған соң Чжоу Эньлай
Гамиьдан құрамынан шығады. 1927 жылы Көктемде өткен ҚКП-ның V съезінде ол
ҚКП Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланып оның құрамында өмірінің соңғы
кезіне дейін болады. Бір мезгілде Чжоу Эньлай Орталық Комитеттің әскери
бөлімінің меңгерушісі болып бекітіліп, осы қызметте революция ісінің
Гоминданның сол қанатының көптеген басшылары кеткен сонда революцияға адал
бөлімдердің Наньчан қаласында 1927 жылы 1-ші тамызда басталған көтерілісін
басқарады. Біраз көтеріліске қатысқан бірқатар Гоминьдан әскер басшыларының
сатқындығынан ол жеңіліске ұшырайды. Көтерілісшілердің бір бөлігі, оның
ішінде Чжоу Эньлай, революциялық база орналасқан Гуандун провинциясының
Оңтүстігіне кетеді, ал Чжу Дэ басқарған екінші бөлігі Изиньганшань
тауындағы Мао Цзэдун жетекшілік еткен шаруалар тобына барып қосылады.
Наньган көтерілісін есте қалдыру үшін 1-тамыз қазір Қытай халық-азаттық
армиясының күні ретінде атап өтіледі.
1928жылы Басында Чжоу Эньлай Коминтерннің жәрдемімен Кеңес Одағына
жасырын түрде келеді, осында Москва маңында маусым – шілдеде ҚКП-ның V
съезі өтіп, онда 1925-1927 жылдары Ұлттық революцияның қорытындылары
шығарылады14 және Қытай халқының ұлт-азаттық күресінің одан арғы
бағыттары белгіленеді. Съезде Чжоу Эньлай ұйымдық жұмыс туралы есеп беріп,
әскери мәселе бойынша баяндама жасайды және Саяси Бюроның мүшесі, Орталық
Комитеттің хатшысы болып сайланады. 1928жылы Жазда ол Коминтерннің Москвада
өткен VI конгресінің жұмысына қатысып, онда Коминтерннің Атқару Комитетінің
мүшелігіне кондидатболып сайланады.
Гаминьдан ҚКП-мен біртұтас майданды жайып, ҚКП-ға жұмысшылар, шаруалар,
жастар, әйелдер мен кәсіптік одақтарға қарсы қатал қуғын-сүргін
ұйымдастырған соң, Қытайдағы революциялық қозғалыс бәсеңдеп қалды.
Ақ террор жағдайында ҚКП ОК Чжоу Эньлайға ОК жұмысын астыртын
ұйымдастыруды жүктеді. 1928 жылы Қазан айында ол Шанхайға астыртын оралып,
осы міндетті орындауға кіріседі. 1929 жылы екінші жартысында ҚКП өз қатарын
ішінара қалпына келтіріп, астыртын түрде жұмыс істей бастады.
1929 жылы соңына қарай жұмысшы, әсіресе шаруалар қозғалысы едәуір
жанданды; бірқатар провинциялдар Қызыл Армияның шағын, бірақ тұрақты
бөлімдері мен кеңес аудандары құрылды. 1930 жылы жазда Чжоу Эньлай
Комитеттерінің Атқару Комитетінде ҚКП ОК-нің қызметі туралы баяндама жасау
үшін Кеңес Одағына жасырын барады. Ол Москвада 1930 жылы 5-ші маусымда өз
партиясы атынан ВКП (б) ХVI съезінің қатысушыларын құтықтап15, Қытайдағы
революциялық қозғалыстың күйі туралы кеңінен әңгімелейді және өз елінің
жұмысшысы-шаруа бұқарасының кеңес халқымен ынтымақтасуға әзір екенін
білдіреді.
1930 жылы тамыздың соңында Қытайға оралған Чжоу Эньлай Шанхайда өте
астыртын жағдайда жұмысын жалғастыра береді. Ол ОК-нің айналасында ҚКП-ның
барлық ұйымдары мен партияның басшы қайраткерін жұмылдыруға тырысты. 1931ж.
маусымда серіктерінің бірінің сатқындығынан Чжоу Эньлай қаланы тез арада
тастап, 1928-193 жылдары Изянси провинциясында құрылған, Фунцянь
провенциясымен шекаралас Орталық кеңес ауданына кетуге мәжбүр болды.
1931жылы 17-ші қарашада өткен 1-Бүкіл Қытайдың Кеңестер съезінде ол
Қытай Кеңес Республикасының Орталық Атқару Комитетінің құрамы сайланып,
оның әскери кеңесінің мүшесі болады. Осы қызметкерде ол өзінің революциялық
қарулы күштердің дарынды ұйымдастырушысы ретінде көрсетті, тұрғындарды
Орталық кеңес ауданының үкіметін қолдап, Чан Кайши армиясының оған қарсы
Төртінші жазалау жорығына тиісті тайтарыс беруге жұмылдыруда көп іс
бітірді. Чжоу Эньлайдың әскери сіңірген еңбектерін ескере отырып, 1934 жылы
қаңтарда Орталық кеңес ауданында өткен ІІ-ші Бүкіл Қытайлық кеңестер съезі
оны республиканың әскери кеңесі төрағасының орынбасары етіп сайлайды.
1934жылы көктемде Чан Кайши үлкен армия жинап, авиация мен артилярияның
көмегімен Орталық кеңес ауданына қарсы Бесінші жазалау жорығын жасады.
Жаудың басым күштерінен осы тірек базасын ұстап тұру мүмкін емес екенін
түсінген Чжоу Эньлай Гаминьдан қоршауын бұзып өту жоспарын жасады, осыған
қажетті адал күштерін, әскери материалдар мен азық-түлікті жасырын
жұмылдырады, сөйтіп 1934 жылы қазан айында Қызыл армияның негізгі күштері
Изянси провенциясынан шығып, басқа кеңестік тірек базасы бар Қытайдың
Солтүстік батысына аттанды. Осы бір қаһарман, 10 мың километрден асқан
жорық терең шатқалдар, қалың тоғайлар, мұз басқан құзды шыңдар, шөлдер,
батпақтар мен өзендер арқылы Қытайдың 11 провинциясын Гоминьдан әскері мен
жергілікті милитаристер бөлімдерінің үнемі жасаған шабуылының астында басып
өтеді-бұл Қытай халқының ұлт-азаттық күресінің тарихында ұмытылмас бет
болып қалады.16
Чжоу Эньлайжарықтың бар қиындықтарын оның қатардағы қатысушыларымен
бірге бөлісті, ерлік пен қаһармандық көрсетті, өзінің жеке үлгісімен Қызыл
армияның әскерлері командирлеріне қуат береді.
Жорық кезінде Чжоу Эньлай штаб бастығының міндетін атқарады және ҚКП ОК-
нің атынан бірнеше рет қарсы жақтың солдаттары мен офицерлерін ұлттық
барлық күштерін империалистік жапонияның басқыншылығына тайтарыс беру үшін
жұмылдыруға шақырды. 1935ж. 1 тамызда ҚКП-ның азамат соғысын тоқтатып,
ұлттық қорғаныс үкіметін құруға шақырған декларациясы жарияланады. 1936ж. 5
мамырда Чанкайшилік нанкин укіметінің әскери комитетіне, барлық қарулы
күштерге, партияларға, топтарға, газет редакторына жолданған жеделхатта ҚКП
басшылары тағы да азамат соғысын тоқтатып, елді барлық күштерін жапониямен
күреске біріктіру ұсыныс жасайды.17 Осындай үндеулерді ҚКП тамыз айында
да, қыркүекте де қайталайды. Бірақ Чан Кайши секілді адамдарына ҚКП
өкілдері –Чжоу Эньлай мен Пань Ханьянмен келіссөздер жасауды тапсырып, өзі
мен бірге ҚКП-ның тіреп базаларына қарсы кезекті операцияларды жоспарлайды.
ҚКП ОК-нің тапсырмасы бойынша Чжоу Эньлай Чжон Сюэмен басқарған
әскермен байланыс орнату жөнінде жұмыс жүргізеді, әскер Нанкиннен келген
бұйрықты алуына бөген жасамай Қытайдың Солтүстік-Батысына шегінуге мәжбүр
болды. 1936ж. қаңтардың өзінде Чжоу Эньлай Мао Цзэдун мен Чжу Дэмен бірге
Чжан Сюэляннің Солтүстік-Шығыс армиясының офицерлері мен солдаттарына
арнайы үндеу жазып,18 оларды жапон басқыншыларына бірлесіп тайтарыс
беруге шақырады. ҚКП осындай жұмысты патриоттық күйдегі генерал Ян Хуген
басқарған Гоминданың 17-армиясымен де жүргізеді, 1936 жылы 9-шы сәуірде
Чжоу Эньлай өте астыртын түрде Чжон Сюэлянмен кездесіп, оның барысында оған
ҚКП-ның жапон агрессиясына жалпы ұлттық тайтарыс беруді ұйымдастыру
саясатын түсіндірді. Осы кездесудің және одан кейінгі Чжоу Эньлай мен
арадағы хаттар алмасудың әсерінен Чжон Сюэлян азамат соғысын тоқтатудың
қызу жоқтаушысына айналады, енді Ерекше ауданды, 19 (1937-1945 жылдары
Шэньси – Ганьсу – Ниная шекаралық ауданы осылай аталатын) қоршау туралы Чан
Кайшидің бұйрықтарын орындамауды және ҚКП-ге провенциялық орталық Сиань
қаласында Солтүстік Қытайда шоғырланған жапон басқыншыларына татарыс беру
жөніндегі бірлескен әрекеттердің жоспарын жасау үшін өзінің ресми емес
өкілдігін алуға рұқсат берді.
Чан Кайши ҚКП бөлімдеріне қарсы әскери қимылдарды басқару үшін Сианьға
келген кезде Чжон Сюэмен мен Ян Хуген одан азамат соғысын тоқтатуды талап
етті. Чан Кайши бас тартады. Сондықтан олар 1936 жылы 12-ші желтоқсанында
оны тұтқынға алып, өз әскерінің талабы бойынша сотқа бері, оны ұлт сатқыны
ретінде өлтірмек болады. Чан Кайшидің қамауға алынуы Нанкин үкіметіндегі
жапонды жоқтаған элементтердің әрекетін күшейтті. Чан Кайши коммунизмге
қанша қарсы болғанмен, жапонияға тізе бүгудің жоқтаушысы емес еді және
агрессорға бірлесіп тайтарыс беруге қабілетті ұлттық ауқымдағы ең ірі және
саяси тұлға болғандықтан, Коминтерннің кеңесі бойынша ҚКП Сиань оқиғаларына
жедел араласты. Қақтығысты бейбіт реттеу мақсатымен Чжоу Эньлай сонда
жіберілді. Ол осынау өте қиын міндетті табысты түрде шешеді. Чан Кайши
онымен әңгімесінде20 елдің барлық күшін сыртқы жаудан қорғану үшін
біріктіруге және азамат соғысын тоқтатуға дайын екенін білдіреді, бұдан соң
Чжан Сюэлян мен Ян Хугэн Чан Кайшиді қамаудан босатуға келісім береді.
1936жылы 25-ші желтоқсанда Чан Кайшиді Сианьнан кетеді.
Сиань кикілжіңін бейбіт шешу Қытайда Гоминьдан мен ҚКП-ның қатысуымен
жапонға қарсы біртұтас ұлттық майдан ашуға негіз қалады.
Көп ұзамай Чжоу Эньлай Нанкин үкіметімен жапонға қарсы біртұтас майдан
ашу туралы келіссөздер жасау үшін ҚКП-ның өкілі болып тағайындалады. 1937ж.
7 шілдеде Жапония Қытайға қарсы соғыс ашқанда Чжоу Эньлай тұрғындардың
арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін, партизан соғысының әдістерін
түсіндіріп, барлық патриоттық күштерді жұмылдыру мақсатымен Солтүстік
Қытайға, майданға келді. 1937ж. соңында Гоминьдан мен ҚКП арасында
ынтымақтастық орнаған соң, ҚКП ОК-нің шешімі бойынша Чжоу Эньлай Жапония
Нанлинді басып алған соң Қытайдың уқытша астанасы болған Ухань қаласына
келді мұнда ол жапонға қарсы біртұтас ұлттық майданды нығайту жөнінде үлкен
жұмыстар жүргізіп21, бір мезгілде ҚКП органы Синьхуа жибао газетінің
редакторы бомады.
1938ж. наурызда Қытайдың Орталық үкіметі оны Қытайдың Әскери
комитетінің саяси басқармасы бастығының және осы комитет жанындағы
тұрғындары мобилизациялау жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары етіп
тағайындайды. Осы қызметтерде Чжоу Эньлай өнер қызметкерлерінің мәдениет
қайраткерлерінің, жазушылардың, зиялы қауымның басқа өкілдерінің арасында
зор беделге ие болып, олардың күш-жігерін жауға тайтарыс беруге
жұмылдырады. 1938ж. соңында жапон әскерлерінің еелдің ішіне тереңдеп енуіне
байланысты, ол Қытай астанасы көшпен Чунцин қаласында ҚКП өкілдігі мен 8-
армияны басқарады, жапонға қарсы біртұтас майданды нығайту жұмыстарын
жалғастырып үкімет пен армиядағы жағдайға мойынсынған әлеметтерді
әшекелейді, майдан маңындағы аудандармен жапон тылына жиі инспекциялық
сапорлармен барып тұрады. Бір мезгілде ҚКП ОК-нің хатшысы, оның Оңтүстік
Қытай бюросының хатшысы және Синьхуа жибао газетінің бас редакторы
ретінде ол үлкен ұйымдық насихат жұмыстарын жүргізеді.
1939ж. тамызда Яньанда іс сапарымен болған кезінде Чжоу Эньлай аттан
құлап, қолын сындырып алады және емделуге Кеңес Одағына барады.
Коминтерннің басшылығымен кездескен Чжоу Эньлай оны Қытайдағы жағдаймен,
ҚКП қызметімен кеңінен хабардар етеді және өз кезегінде, халықаралық
коммунистік, жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалысының күйімен, Коминтерн
Атқару Комитетінің қызметімен танысады. Көптеген тілдерде щығатын
Коммунистік Интернационал журналы көрнекті Қытай коммунистерінің
мақалаларын, ҚКП құжаттарын үнемі жариялап отырды22 журналдық 1935 жылы 1-
ші желтоқсанда нөмірі толығымен Қытай коммунистерімен қаһармандық күресіне
арналды.
Журналда басқа құжаттар мен қатар Чжу Дэ, Чжоу Эньлай және Ван Изясан
қол қойған Қытай қызыл армиясы Рев әскери кеудесінің абиссин
халқынаүндеуі жарияланды. Онда Қытай Қызыл армиясы мен 9 тәуелсіздігі үшін
күресіп жатқан Қытай халқының атынан олар Абиссния халқының италиян
фашизміне қарсы күрес қолдайтынын білдірді және оған туысқандық сәлем
жолдады. Біздің мыңдаған киллометр, өзендер, теңіздер мен таулар бөліп
жатыр, -делінген үндеуде – бірақ біз бар ойымыз бен сезімімізбен сіздермен,
сіздердің империалистік варварларға қарсы қаһармандық күрестеріңізбен
біргеміз. Империалистер өздері құл еткен халықтары қалай қинап,
азаптайтынын және қудалауға салатынын бізден артық ешкім білмейді. Сіздің
халыққа итальян импералистерінің тарапынан болатын сұмдық қауіпті бізден
артық ешкім түсінбейді... Сіздің халық құтылатын жалғыз жол – бұл
өздеріңіздің ұлттық тәуелсіздігіңізді қарумен қорғау23.
1940 жылы СССР-де Чжоу Эньлайдың Қытайдағы бөліну мен тізе бүгу
қауіпіне қарсы мақаласы шығып, онда ол Қытайдағы ұлт-азаттық соғыстың
бүкіл кезеңі ішінде тізе бүгу қаупі қазір өте-мөте күшейіп тұр деп жазды.
Осы қауіптің ішкі және сыртқы жақтарын көрсете отырып, Чжоу Эньлай былай
деп өтті: Американ бржуазиясы Қытай халқының ұлт-азаттық соғыстағы
жеңісінің салдарынан қауіптенді. Оның үстіне, Европадағы соғысқа байланысты
АҚШ жапон Қытай соғысы үшін әскери материалдар жеткізуге онша мүдделі емес.
Міне, сондықтан, Англия, Франция және АҚШ арасындағы қайшылықтарға, олардың
және Жапонияның арасындағы қайшылықтарға қарамастан, олардың бәрі Қытай
халқының қарсыласуын тоқтатып, оны тізе бүктіру үшін Қытай үкіметі мен
Қытай халқына жасап отырған қысымдарын күшейтуде. Әрі қарай Чжоу Эньлай
былай деп жазады: Қытайдың ішіндегі копитулянттік және консервативтік
элементтер елдегі алдынғы қатарлы элементтерге қарсы, Шекаралық ауданға, 8
және 4 армияларға қарсы өтірік пен жала жабу науқанын жүргізуде әскери
қақтығыстарды арандату арқылы Қытай күштерін Жапонға қарсы соғыста
бөлшектеуге ұмтылуда. Бұл тізе бүгуге жол ашу деген сөз, қазіргі кезде
Қытай халқы үшін басты қауіп осы болып тұр. Жапонға қарсы күштердің
тұтастығы үшін күресе отырып, Қытай коммунистерінің өз халқына адал ұлдары-
Қытай халқы мен оның армиясына қырағы болуға және тізе бүгу қаупін
болдырмау үшін күресуге шығарады - деп аяқтайды Чжоу Эньлай өз мақаласын.
1940 жылы наурызда Чжоу Эньлай емделген соң СССР-ден Яньанға оралып,
одан соң Чунцинге кетеді, сонда жапонға қарсы біртұтас майданды нығайту,
барлық демократиялық күштерді жұмылдыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады,
әскери комитеттегі Чан Кайши мен оның жоқтастарының антикоммунистік
акцияларына батыл қарсы тұрады, Гоминьдандағы капитулянттік элементтермен
күресін жүргізеді. Чунцинде ол дипломатиялық корпус пен шетел тілшілерінің
арасындағы ҚКП мен 8-армияның пайдасына үлкен насихат жұмыстарын жүргізеді.
1943 жылы маусымнан 1944 жылдың қарашаға дейін Чжоу Эньлай Мао
Цзэдунның шақыруымен жұмыс стилін түзеу жөніндегі науқанға қатысу үшін
Яньваньда болады. Ерекше ауданда 1941 жылдың соңында басталған бұл науқан
1943 жылдың сәуірінен бастап ҚКП қатарын жаппай тазалау сипатында болады.
ҚКП ОК-і Мао Цзэдунның идеаломиялық жүйесінің көмегімен партия ішіндегі
меньшевиктік идеаломины жою міндетін қойды. Науқан барысында адал
коммунистерге әртүрлі теріс қылықтар жасады деген айыптар тағылды. Мао
Цзэдунның қарсы барлауының бастығы – Кан Шэн Гоминьдан мен жапондық
агенттерді табу жеңуімен негізсіз жаппай қуғын-сүргіндер ұйымдастырды,
біртіндеп Мао Цзэдунның атына табыну басталды, оның көзқарастары
Қытайландырған марксизм үлгісі ретінде берілді.
КАК Төралқасының 1943 жылы мамырдағы Коминтерінде тарату туралы
шешімінен соң, Яньаньда Гоминьданмен бір тұтас майдан саясатын жақтаушы
коммунист – интернационалистер, оның ішінде Чжоу Эньлай, дәлелсіз сынға
ұшырай бастады. Бұл жағдай Г.Димитровты 1943 жылы 22-ші желтоқсанында Мао
Цзэдунге хат жазуға мәжбүр етті, онда ол партия басшылығының бір тұтас
ұлттық майдан саясатына ауытқуына байланысты өз мазасыздығын білдірді.
Қытай халқының ұлттық соғысы кезінде, - деп жазды Димитров, - мұндай бағыт
партияны халық бұқарасынан оқшауларға әкелуі және өзара қантөгіс қырғынға
соқтыруы мүмкін, бұған тек басқыншылар мен олардың Гоминьданған агенттері
ғана мүдделі. Мен Чжоу Эньлай мен Ван Минге қарсы жүргізіліп отырған
науқанды саяси қате деп есептеймін. Чжоу Эньлай мен Ван Мин сияқты
адамдарды партиядан шеттетпей, қайта партия ісі үшін сақтап, мүмкіндігінше
пайдалану қажет.
Жұмыс стилін түзеу жөніндегі науқан барысында 1944 жылы наурызда Чжоу
Эньлай 1928 жылы Москвада өткен ҚКП VI съезінде жұмысын басқаруға өзінің
қатысуына байланысты өзін-өзі кеңінен сынап сөйлеуге, сондай-ақ
Коминтерннің Қытай істеріндегі 1928 жылы және одан кейінгі жылдардағы
саясатының кейбір жақтарын сынауға мәжбүр болды. ҚКП VI съезінің негізгі
кемшіліктерінің қатарында ол оның жұмысына Қытай істерін сезбейтін
Коминтерндегі бір қатар кеңес өкілдерінің қатысуын және съезде Мао Цзэдун
мен Лю Щаоцидің болмауын айтты. Ол сондай-ақ 1940 жылы Москвада өзі
әңгімелескен коминттерннің басшы қызметтері біздің жұмысшы табынан тым
алыс кетпеуіңіздің қамын жегені туралы еске алды және Чжоу Эньлай дың
ауылдағы ұзақ күресе шынығудан өтіп, жұмыс істей отырып біз пролеторлана
аламыз дегеніне Коминтерндегі жолдастар... мырс еткен көрінеді.
Өзін-өзі сынап және Мао Цзэдун идеяларын насихаттап сөз сөйлей отырып,
Чжоу Эньлай Яньандағы ҚКП ОК-нің жанындағы Партия мектебінде жасаған
Партияның VI съезін бағалау туралы баяндамасында алғаш рет партия активін
осы съездің тарихымен, онда талқыланған мәселелермен, Коминтерн қызметімен,
Қытай революциясының көптеген теориялық проблемалармен таныстырады. Содан
да болар, Мао Цзэдун көп ұзамай Чжон Эньлай жолдас өзін өзі сынаумен тым
көп айналысады деп мәлімдейді. Г. Димитровтың Мао Цзэдунге жазған хаты
жұмыс стилін түзеу жөніндегі науқанның аяқталуын тездетті.
1944 жылы қарашада Чжоу Эньлай Гоминьдан өкіметі мен Қытайда
коомициялық үкімет құру үшін Гоминьдан мен ҚКП арасында ағайындық жасаған
АҚШ өкілдерімен келіссөздер жасау үшін Чунцинге жіберіледі. 1945 жылы
сәуірде ол Яньандағы ҚКП VIІ съезіне қатысып, онда біртұтас майдан туралы
баяндама жасайды. Съезд ол ҚКП ОК Саяси бюросы мен Секреториатының құрамына
қайта сайланады. 1945 жылы 28-ші тамызда, жапония тізе бүгердің қарсаңында,
Чжоу Эньлай Мао Цзэдун мен бірге АҚШ өкілдерінің қатысуымен Гоминьданмен
бейбіт келіссөздер жасау үшін Чунцинге келеді және 10-шы қазанда ҚКП атынан
Гоминьданмен тиісті келісімге қол қояды. 1946 жылы 1-ші қантарда ол әскери
қақтығыстарды тоқтатып, қатынас жолдарын қалпына келтіру туралы Гоминьдан
және АҚШ өкілдерімен арадағы үш жақты келіссөздерде ҚКП өкілі болып
тағайындалады, одан соң Чунцинде шақырылған Қытайдың түрлі партиялары мен
қоғамдық ұйымдары өкілдерінің саяси консультативтік конференциясының
басшысы ретінде қатысады.
1946 жылы наурызда Чжоу Эньлай Нанкиндегі ҚКП мен 8-армияның өкілдігін
басқарады. ҚКП бақылауындағы бөлімдердің Гоминьдан әскерімен қақтығыс болып
тұратын аудандарға оларды реттеу үшін жиі барып тұрды және осы жылдың
қараша айында Гоминьдандықтардың Чунцинде қол қойылған келісімдерді үнемі
бұзуына және американ басқыншылығына байланысты ол ҚКП ОК-нің нұсқауы
бойынша Яньанға қайтады. Көп ұзамай Чан Кайши АҚШ қолдауына сүйене отырып,
елдің демократиялық күштеріне қарсы үлкен ауқымда азамат соғысын бастайды.
1947 жылы наурызда ҚКП ОК мен Ерекше ауданның үкіметі Гоминьдан
әскерлерінің шабуылынан Яньанды тастап, Шэньси провинциясының солтүстігіне
көшуге азаттық армиясы (ҚХАА) (халықтың-революциялық әскерлер 1947 жылдан
осылай аталады) бөлімдерінің қимылын үйлестіреді. 1947 жылы тамызда Чжоу
Эньлай ҚКП ОК Әскери кеңесі төрағасының орынбасары, ҚХАА Бас Штабы
бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды және 1948 жылдың соңы 1949
жылдың басында Ляосн – Шэньян, Бэпин – Тяньцзинь – Хуанхай сияқты ірі
операцияларға басшы жасауға қатысады.
Соғыс жылдарында Чжоу Эньлай басшылық жасаған ірі операциялары Қытай
халқының саяси өмірінде зор роль атқарды. Чжоу Эньлайдың табиғи
ұйымдастырушылық талантының арқасында Қытай халқы көптеген жетістіктерге
жетті деп айтуға болады. Революция жылдарында жауға қарсы қимылдарда,
әсіресе әскери бөлімдерді ұйымдастыруда орасан зор жұмыстар атқарды.

Чжоу Эньлайдың азаттық қозғалыстағы орны
1932 ж. 29 ақпанда жопан әскері Мукденде жалпы Маньчжуриялық жиналыс
өткізді. 1932 ж. 1 наурызда Маньчжоу Го - ның қаралуы жөнінде
декларация жариялады, 3 наурызда Пу И – ді марионеттік Манчжуриялық
мемлекеттің уақытша басшысы етіп сайлады. Маньчжоу Го – ны құру әлемдік
қоғамдағы ойды тыныштандыруға және 1931 ж. 10 желтоқсаннан бастап
Манчжурияға бағытталған Лорд Литтің басқаруымен құрылған Кеңес ұлттық
лигасының шешімін әлсірету еді.
Ұлттық лигаға және Нанкиндік үкіметке қысым келтіру үшін және олардың
Манчжурияға деген көзқарасын әлсіретуде Жапония 1932 ж. қаңтарда Шанхайға
келуін ұйғарды. Шанхай ауданына Жапонияның ірі теңіз және жаяу әскер күші
жиналды, бұл ірі капитал құрған Англия, АҚШ, Франция және басқа
империялистік мемлекеттерге қауіп төндірсе, бір жағынан Шанхай
жұмысшыларымен қолдауымен белең алған 19 – нанкиндік армияның қарсыласуының
күшеюі, гоминдадық үкіметке қауіп төнген сенімді Англияға, АҚШ және басқа
империялистік елдерге қиын да жаңа жағдайды туындатты. Кезекте Жапония
жолынан тікелей төнген қауіппен қатар, олар үшін Қытай халқы жағынан да
жаңа қатер төнді.
Шанхай инцидентін орнатуда ағылшын – американдық елшілік белсенді
делдалдық қызметін атқарды.
Жапония ұлттық лига ассомблеясының 1932 ж. 3 наурыздағы үкіметпен
бейбіт келісімге келу жөнінде ұсыныспен келісті, нәтижесінде 1932 ж. 5
мамырда Шанхайдағы шешімін тапқан мәселелерді реттеуге жапон – қытай
келісімі жасалды, бұл Жапония мен батыс – державалары арасындағы Қытайға
деген қызығушылық көзқарасты шешіп берді. Ұлттық Лига кеңесінің ұсынынсын
қабылдай отырып, Жапония қытайлықтарды ұйымдасқан халық деп
сезінбейтінін және сезіне алмайтынын білдірді, Қытайдағы болып жатқан
жағдайды өз жауапкершілігіне беруді, болыашақта Қытайдың ішкі ісіне араласу
құқығын беруді сұрады.
Шанхай конфликтін шешуге келісу және ізінше Жапон әскерлерінің
эвакуация жасауы Жапония империялистері жағынан шекетулі дәрежедегі шегіну
болды, бұл АҚШ және Англиямен ашық түрде конфликтіге бармауға талпыну және
Қытай халқымен үлкен соғыс болып кетуден сақтанумен түсіндіріледі. Сол
уақытта Жапония американ – ағылшын келісімін алды. Шанхай инциденті
жапонияға АҚШ пен АНглияның Қытайдағы экспансияға қарсы іс әрекетіне
көмектесуге дайын еместігін бірнеше рет дәлелдеді. Бұларды алып социалистік
держава Кеңес одағына сүйенген Қызыл Қытай сескендірді. Англия мен АҚШ
Манчжурияда Жапонияның билігін нақтылауға дайын екендігін білдіре отырып,
Жапонияның Совет одағына қарсы келуіне итермеледі. Олар Жапонияның
Солтүстік Манчжурияға қарай жылжуы 1905 ж. Портсмуттегі, 1925 ж. кеңес –
жапон конвенциясымен бекітілген келісімнің бұзылуы, Кеңес Одағымен арады
қарым - қатынастың өршіленетіндігіне әкелетініне сенді. Олардың ойы іске
асатынындай көрінді.
Жапония Совет Үкіметімен 1931 ж. 31 желтоқсанда ұсынылған жапон –
кеңес келісімін жасаудан бас тартып және кеңес одағының КВЖД – дағы құқығын
бұзды.
Бірақ та бейбітшілікті сүйгіш кеңес одағының саясаты, кеңес -
жапондық қарым – қатынастың асқынуына жол бермей Жапония мен КСРО
арасындағы қатынасты сақтап қалыға тырысты.
Осы уақытта Жапонияда ұлыдержавалық шовинистік күш өсе түскен еді.
Фашистік топтар әскери психозды тудырды, прогрессивті тоаптарды, бірінші
орында коммунистік партияны жойды.
1932 ж. 15 мамырда армия және флот офицерлері фашистік толқу
ұйымдастырды. Бұл кезде премьер Инукай ауыр жарақаттанған еді. Билікке
араласқан тыс Сайтоның ұлттық кабинеті Қытайға қатысты бұрынғы кабинеттің
басып алу саясатын одан әрі жалғастырды.
Бұл саясаттың негізгі концепциясы Маньчжоу Го – ны оқыту
декларациясында айқын формасы қойылды. Манчжурия және Монғолияның
бұрынғы жеке мемлекеттер болғанын негіздеуде Декларацияның жапондық
авторлары барлық Манчжуриялық жиналыс атынан Манчжурияның туелсіздігін
дәлелдеп, Монғолияның тең құқылы Тәуелсіз екендігін дәлелдеді. Қытайға
қатысты декларация авторлары оның ұйымдаспаған ел ретінде танытуға тырысты.
Декларацияда – 20 жыл өтті, революция болды, бірақ осы уақытта милитаристер
билікті алып, халықтың барлық байлығын өздеріне ғана пайдаланды, -
делінген. Жапонияның басқару орталығы Манчжурияға деген негізгі ойын
жинақтағаннан соң, Қытайды жаулап алу ойын жасырудың керек еместігін білді.
Жапония мен Маньчжоу Го арасындағы қарым – қатынас 1932ж. 9 қыркүйекте
қол қойған ротокол шешті, бұл Жапон әскерінің интервенциясына және оның
Манчжурияға құқығының шектеусіз екендігі айқындалды.
Маньчжоу Го - ны оқыту декларациясы мемлекеттің барлық тұрғындарына,
оның ішіндегі Маньчжоу Го – ға берілген жапондықтарға декларацияны
қабылдады.
Маньчжоу Го мемлекеттік органдарындағы арнайы жапон кеңесшілері, әр
түрлі әскери шендегілер және азаматтық ұйымдардың басшылары Маньчжоу Го -
ға ынтасымен беріліп және мемлекеттік органдарға кез келген билікке
араласуға құқық алды.
Жапондықтар Маньчжоу Го - ны экономика аумағында кең ауқымды дамытуға
ұйғарды. Қытай капиталын Манчжурия экономикасынан ығыстыру, ашық түрде
Қытай меншігіндегілерді экспроприациялаумен, физикалық жою немесе
техникалық интелегенцияны және қытай өнеркәсіпшілерін қуу жолымен
жүргізілді. Әр түрлі заңдар мен рұқсат қағаздар Маньчжоу Го - да жеке
өндірістік бағыттағы мемлекеттік монополия құрды (тау, транспорттық, сауда
қатарында). Сонымен қатар Жапония компаниялары Маньчжоу Го үкіметінен
мемлекеттік монополияларды қолдануға мүмнкіндік алып жергілікті
концерндерді қалыптастырды. Сонымен, Жапон Нисан концернінің қатысумен
және жапон әскері көмегімен Манчжурияда (Мангио) негізгі әскери құрылыс
стратегиясындағы, өндірістік және транспорттық обьектілерледегі жетекші
орын алған ауыр өнеркәсіпті дамытуға компания құрылды. Монгио тек
Манчжуриядағы ғана емес Жапонияға да үлкен концерн болды. Бұған куә
төмендегі үш негізгі концерн.( млн. иен )
Мангио 1963
Мициу 1822
Митсубиси 1463
Мангио Манчжуриядағы жапондық 6 басты компанияларға бақылау орнатты.
Олар: Манчжуриялық көмір компаниясы Сиова зауыты, Манчжурияның жеңіл
өнеркәсіп компаниясы, Манчжуриялық алтын өндыретін компаниясы және Дова
көлік зауыты және Манчжуриялық тау жыныстарын өндіретін өнеркәсіп. Егер
барлық темір жол және транспорттық өнеркәсіптері (КВЖД – ны қоспағанда)
жапон ЮМЖД концернінің бақылауында болды. Бұдан Жапон монополиялары
Солтүстік- Шығыс Қытайдағы барлық өнеркәсіпті және транспортты иеленгені
көрінеді.
Жапон капиталының Манчжурия территориясындағы Маньчжоу Го – ға енуін
жеңілдету үшін жапон иенімен еркін араласу үшін жаңа ақшалық бірлі – гоби
енгізілді. Ол курсы бойынша иенмен тең болды. 1935 ж. ақпанда Жапония
Маньчжоу Го – мен кедендік келіссөз жүргізді.
Жапонияның империялистік ортасындағы саясаты Манчжурияның Маньчжоу Го
– ны қалыптастыруын шектеді немесе оның шынайы ұлттық мемлекеттке айналуына
кедергі келтірді. Жапондық елес Маньчжоу Го мемлекетінің мүшелері және
император Пу И істерге араласуға жіберілмеді. Пу И еске алады: Менің
байқағаным бізді қонақ үйден де шығарай оқшаулады... Мені таң қалдырғаны
бізге төменгі қабатқа да түсуге рұқсат бермеді.
Жапония үкіметі бұнымен ғана шектеліп қоймай, негізгі өндірістік және
транспорттық саладағы өндірілген өнімдерді Жапонияның қажетін
қанағаттандыруға шығарды. Ол Маньчжоу Го – ның экономикасының Жапониялық
экономикалық байланыста болуына қол жетізуге тырысты. Бұл саясат 1933 ж.
Маньчжоу Го – ның темір жолының Солтүстік Кореяның темір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz