Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... 2.

І ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

1.1. Музыкалық аспаптың жастарға беретін тәрбиелік мәні ... ...5

1.2. Түркі тілдес халықтар мен, қазақ халқының ұлттық
музыкалық аспаптарының ұқсастығы ... ...22

ІІ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2.1. Аспаптық музыка ... ... ... ..28
2.2. Ұлттық музыканың эстетикалық тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... 38

ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... 58


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..60
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы науқан-дық, яғни биылғы бір жылға ғана арналған емес, онда 2020 жылға дейінгі еліміздің стратегиялық даму бағыты айқындалған. Жолдауда білім беру сала-сында айырықша басымдық беріліп отыр. Ел болашағының жарқын болмағы, ең алдымен, әрбір азаматтың білімді де, білікті, көкрегі ояу көзі ашық болуы-на да байланысты. Қазіргі музыкалық білім беружүйесінде, бастауыш сынып-
тардағы тәрбиенің мазмұны Жаңа заман оқушысының жалпы музыкалық бағыттарының негізгі болып табылады.
Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құдыреттілі-гін таныту арқылы олардың санасына, сезімі мен ұшқыр қиялына игі әсер ету. Сонымен қатар музыка сабағында қазақ халқының көне заманнан мұра болып келе жатқан ұлттық аспаптарымен таныстырып, ойнау тәсілін үйрете білу керек. Қазақ халқы музыкалық дыбысқа қызыққаны соншалық, барша дыбысты толық қамтитын жаңаша, күрделі де сапалы аспап жасауға үнемі құлшынып отырған. Қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталама-
ған. Осыдан келіп аспаптардың алуан түрі шыққан.
Қазақ халық музыка аспаптарын жетілдіру 60-70 жылдарда ерекше қарқын ала бастады. Бұл жолда өнер зерттеуші Болат Сарыбаев еселі еңбек етті. Ол бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып, кейіннен жоғалған жиырмадан астам ұлттық музыкалық аспаптарында ойнау ерекшеліктерін табу істерімен де айналысты. Сөйтіп, бұрын белгісіз болып келген шертер, сазсырнай, жетіген, асатаяқ, нарқобыз, шаңқобыз, сазсырнай, қоссырнай секілді аспап-тар қайта тіріліп халық музыкасы санынан берік орын алды. Осының нәтижесінде фольклорлық-этнографиялық «Ғасырлар үні», «Шертер», «Же-тіген» ансамбльдері, «Отырар сазы» оркестрі өмірге келді. Аспаптардың жетілуі, дамуы тек ғылыми лабараторияларда шешіле салмайды. Ол халық арасында, нақты шығарма ойнау, оқып үйрену үстінде айқындала түседі.
«Табиғат дүниесіндегі сұлулықтытың ғажабы аспап шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй сазында» - дейді шығыс философы, музы-ка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбунәсір әль – Фараби. Музыка да ғылымның бір саласы екені баршамызға аян. Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрінісін, жыл мезгілдерін, хайуанаттардың әрекеттерін, адамның мінез құлқын, қайғы-қуанышын жеткізіп, білдіре аламыз.
1. Н.Ә.Назарбаев «Білім туралы» заңы Егемен Қазақстан, 1999ж. 11 маусым.
2. А.Қ.Жұбанов Ән-күй сапары. Алматы, Ғылым,1967ж. [15-24]б.
3. Б.Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары» Алматы, «Өнер» 1981ж. [11-18]б.
4. Ө.Спанов «Домбыра үйренейік» Алматы, «Әуен» 1992 ж. [25-30]б.
5. А.Райымбергенов, С.Аманова «Күй қайнары» Алматы, «Өнер» 1990ж. [40-42]б.
6. Х.Тастанов Домбырадан сабақ беру әдістемесі. Алматы, «Жазушы», 1970ж. [78-90]б.
7. Т.Мерғалиев «Домбыра сазы» Алматы, 1972 ж.
8. Ө.Спанов Оқушылардың халық аспаптар оркестріне арналған бағдарлама. Алматы, 1989 ж.
9. Б.Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары» Алматы, «Жалын» 1978 ж. [65-96]б.
10. Абай энциклопедиясы. А., 1994 ж.
11. М.Ауезов Эпос и фольклор казахского народа. [155-160]б.
12. Д. Әлсейітова Халық өнері өрлей берсін. Қазақ әдебиеті. Алматы 1989 ж.
13. Ө.Әлімгереев Күй күмбез Алматы, 1997 ж. [74-80]б.
14. С.Әбдірайымұлы «Қахарман Нұрғиса» Алматы, «Санат» 1999 ж.
15. Б.Қосбасаров «Қоңыржай» Алматы, «Өнер» 1988 ж. [5-9]б.
16. И.К.Қожабекова А.В.Затаевич 1000 песен Казахского народа. Алматы 2004 г.
17. И.К.Қожабекова А.В.Затаевич 500 песен Казахского народа. Алматы, 2002 г.
18. Б.Ысқақов «Сарыарқа саздары». Алматы, 2007 ж. [14-18]б.
19. Ж.М.Акпарова Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалрдың қазақ халық музыкалық шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997 ж. [85-90]б.
20. М.Х.Балтабаев Қазақ халық музыкасы және студент жастар. Алматы, «Ана тілі» 1991 ж. [150-165]б.
21. А.Жайымов Б.Ысқоқов Музыка (Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық). Алматы, «Атамұра» 2001 ж. [200-220]б.
22. Ш.Құлманова Б.Сүлейменова М.Оразалиева «Музыка» (Жалпы білім беретін мектиептің 4-сыныбына арналған оқулық). Алматы, «Атамұра» 2000 ж. [13-17]б.
23. Т.Қышқашбаев Қазақ халық аспаптық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалы-эстетикалық тәрбие беру: Пед. Ғылым. Канд. Дисс. Автотеф-Алматы. 1992 ж.
24. П.Момынов Музыкалы-эстетикалық тәрбие. – Алматы, 2000 ж. [27-35]б.
25. Б.Қазыханов Эстетическая культура казахского народа. Алматы 1990 ж. [105-126].
26. А.Қ.Жұбанов Музыка әліппесі. – Қызылорда: Қазақстан, 1933 ж. [205-220]б.
27. Р.К.Дүйсенбінова Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған, 2006 ж. [125-130]б.
28. Музыка сабағын жүргізу әдістемесі, оқытушыға көмекші құрал, Алматы 2001 ж. [33-64]б.
29. Музыкалық сөздік Москва, 1995 ж.
30. Д.Б. Кабалевский Как расказывать детям о музыке? – М., 1977 г.
31. С.А.Ұзақбаева - Өміршең өнер өрісі. Оқушыларға музыкалық эстьетика-лық тәрбие беру. – Алматы. «Мектеп» 1998 ж. [114-120]б.
32. Психология – Алматы : «Білім» 1993 ж. [38-45]б.
33. М.Х.Балтабаев Б.С.Өтемұратова Әсем саз. Алматы; «Атамекен» 1993 ж. [18-23]б.
34. С.А.Ұзақбаева Тамыры терең тәрбие. Жоғарғы оқу орындары студент-теріне арналған оқу құралы. – Алматы «Білім» 1995 ж. [87-96]б.
35. Р.Р:Джердемалиева Проблемы подготовки учителя музыканта; Методи-ческие рекомендации. Алматы; РИК МО РК, 1996 г. [189-210]б.
36. Р.К.Дүйсенбинова Сузыкально – эстетическое воспитание подготовки учителя музыки. – Алматы; «Ғылым» 1997 г. [236-238]б.
37. Қ.Жарқынбаев С.Қалиев Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы. «Санат» 1995 ж. [7-15]б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
-----2.

І ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

1. Музыкалық аспаптың жастарға беретін тәрбиелік мәні -------5

2. Түркі тілдес халықтар мен, қазақ халқының ұлттық
музыкалық аспаптарының ұқсастығы-------------------------- ----22

ІІ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

2.1. Аспаптық музыка----------------------------- --------------------------
---28

2.2. Ұлттық музыканың эстетикалық тәрбиелік мәні--------------------38

ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ----------------------------- -52

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- -60

КІРІСПЕ.

Зерттеудің көкейкестілігі:
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы науқан-дық,
яғни биылғы бір жылға ғана арналған емес, онда 2020 жылға дейінгі еліміздің
стратегиялық даму бағыты айқындалған. Жолдауда білім беру сала-сында
айырықша басымдық беріліп отыр. Ел болашағының жарқын болмағы, ең алдымен,
әрбір азаматтың білімді де, білікті, көкрегі ояу көзі ашық болуы-на да
байланысты. Қазіргі музыкалық білім беружүйесінде, бастауыш сынып-
тардағы тәрбиенің мазмұны Жаңа заман оқушысының жалпы музыкалық
бағыттарының негізгі болып табылады.
Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құдыреттілі-
гін таныту арқылы олардың санасына, сезімі мен ұшқыр қиялына игі әсер ету.
Сонымен қатар музыка сабағында қазақ халқының көне заманнан мұра болып келе
жатқан ұлттық аспаптарымен таныстырып, ойнау тәсілін үйрете білу керек.
Қазақ халқы музыкалық дыбысқа қызыққаны соншалық, барша дыбысты толық
қамтитын жаңаша, күрделі де сапалы аспап жасауға үнемі құлшынып отырған.
Қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталама-
ған. Осыдан келіп аспаптардың алуан түрі шыққан.
Қазақ халық музыка аспаптарын жетілдіру 60-70 жылдарда ерекше қарқын
ала бастады. Бұл жолда өнер зерттеуші Болат Сарыбаев еселі еңбек етті. Ол
бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып, кейіннен жоғалған жиырмадан астам
ұлттық музыкалық аспаптарында ойнау ерекшеліктерін табу істерімен де
айналысты. Сөйтіп, бұрын белгісіз болып келген шертер, сазсырнай, жетіген,
асатаяқ, нарқобыз, шаңқобыз, сазсырнай, қоссырнай секілді аспап-тар қайта
тіріліп халық музыкасы санынан берік орын алды. Осының нәтижесінде
фольклорлық-этнографиялық Ғасырлар үні, Шертер, Же-тіген
ансамбльдері, Отырар сазы оркестрі өмірге келді. Аспаптардың жетілуі,
дамуы тек ғылыми лабараторияларда шешіле салмайды. Ол халық арасында, нақты
шығарма ойнау, оқып үйрену үстінде айқындала түседі.
Табиғат дүниесіндегі сұлулықтытың ғажабы аспап шырақтарында, ал
жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй сазында - дейді шығыс философы, музы-ка
зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбунәсір әль – Фараби. Музыка да ғылымның бір
саласы екені баршамызға аян. Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі
көрінісін, жыл мезгілдерін, хайуанаттардың әрекеттерін, адамның мінез
құлқын, қайғы-қуанышын жеткізіп, білдіре аламыз. Музыка дегеніміз-өмір-дің
бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. Жеңіл
ескен самал тербеген жапырақтар сыбдыры, қыр мен ойды қуалаған жел гуілі,
құлдырай аққан бұлақ сылдыры, бұлбұлдың үні, бозторғайдың шырыл-даған
даусы, тұлпар тұяғының дүбірі, бәрі дыбыс бәрі үн. Сан алуан әуенге толып,
жер бетін дыбыс кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Бырақ дыбыс
атаулының бәрі музыкалық дыбыс, бәріде адам өміріне қызмет етеді деп түсіну
қателік.
Дыбыстың ең жоғары қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық
силау. Мұндай қызметті музыкалық дыбыс қана атқарады. Музыкалық ды-быс-
өзіндік мәні мен маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс. Мәні
-адамның аңсаған арманы, қуанышы мен күйініші, өмір құбылыстарын сан алуан
сиқырлы иірімдер арқылы санаңа жеткізіп, жүрегіңе құйып беретінді-гінде.
Маңызы-сиқырлы да сүйкімді ырғақтармен, тебіреністі тербелістермен
адамды дүние сырын түсінуге, сұлулықты сезінуге жетелейді.
Зерттеу мақсаты: Мектеп оқушыларына музыка сабағы арқылы ұлттық
музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, музыка сабағына
ұлт аспаптарының алатын орнын және музыкалық педагогикалық мәніндегі
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Музыкалық оқу-тәрбиелік жұмыстар арқылы, оқушы-
лардың ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Музыкалық-эстетикалық оқу - тәрбие жұмыстары арқылы,
оқушылардың қазақтың ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын
қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік
жұмысында қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының алатын орнын түсіндіре білу
және музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар
арқылы, оқушылардың патриоттық сана сезімін, музыкалық – эстети-калық,
көркемдік талғамын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері: Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбие
жұмыстарында оқушылардың ұлттық музыкалық аспаптарына өнерге деген
қызығушылығын қалыптастыруда ғылыми - теориялық негіздерін анықтау.
1. Музыка сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие
жұмыстарында оқушылардың қазақ ұлттық музыкалық аспаптарына деген
қызығушылығын қалыптастырудың маңызын және рөлін анықтау.
2. Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу – тәрбие жұмыстарын-дағы
оқушылардың ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын
қалыптастыруда музыкалық педагогикалық мәндеріндегі іс –
шаралардың үлгі жоспарларын дайындау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық, пси-
холгиялық, музыкалық, мектеп пәндік оқулықтарға, әдебиеттерден іздену,
мектеп оқу үрдісін бақылау, әңгіме, сауалдамалар, музыкалық-тәрбиелік іс-
шаралар жүргізу, эксперименттік бақылау нәтижесін бағалау:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
-оушылармен жүргізілетін музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие жұмыста-
рындағы оқушылардың ұлттық музыкалық аспаптарға деген қызығушылы-ғын
қалыптастыру ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделеді;
-музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушылардың ұлттық
музыкалық аспапқа деген қызығушылығын қалыптастырудың музыка пәні-нің
мүмкіндіктері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталады;
-оқушылармен жүргізілетін музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие жұмыста-
рындағы оқушылардың ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын
қалыптастырудың іс-шаралары жасалады, тәрбиелік эксперимент барысында
нәтижелері анықталады;
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелерін мектептегі музы-ка
пәнін оқытуда, мектептен, сыныптан тыс музыкалық тәрбиелік іс-шара-ларға,
жоғарғы және орта оқу орындарындағы Музыкалық білім маманды-ғында дәріс
алып жатқан білімгерлермен жүргізілетін жұмыстарға пайдала-нуға болады:
Зерттеудің базасы: Тараз қаласы №23 орта мектебі 6 сынып аралығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, эксперимент нәтижелерден,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі, объетісі, пәні,
бол-
жамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы,
тәжірибелік мақсаты, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.
Бірінші бөлімі – Музыка аспаптарының ұлттық сананы қалыптастыруын-
дағы қызыметі.
Екінші бөлімі - Музыка сабағында ұлттық аспаптарының алатын орны.
Қорытынды: - Жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдама-лар
мен ұсыныстар берілген.

І. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ.
1.1. Музыкалық аспаптардың жастарға беретін тәрбиелік мәні.

Қазақ халқының тарихы небір оқиғаларға толы. Ондай оқиғалар сол орта-
да өмір сүрген адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырып, мәңгі есте сақта-лып
қалады. Ал, мәдениет әрқашанда тарихпен тығыз байланысты. Әсіресе, қоғамдық
өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз
көріністерін тауып отырған. Ақын жыраулар көбіне тарихи оқиғалар жайында
толғаса, ол жырлар өз заманының шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз,
өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырған.
Мне, сол халықтың музыка мен музыкалық аспаптарының пайда болуын және
даму жолдарын зерттеу қазіргі музыка тану саласындағы абыройлы да ардақты
жұмыстардың бірінен саналады. Бұл – музыка өнерінің халықтығы мен ұлттық
өзгешелігі, халық шығармашылығының көркемдік жағынан баюы сияқты
проблемалармен тығыз байланысты. Музыкалық аспаптарды зерттеу және қайта
жасау ісі Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін қолға алынды. Орта
Азия халықтарының музыка мәдениеті жайында бағалы еңбек-тер, белгілі
ғалымдар В.М.Беляев пен В.С.Виноградовтың қаламынан туды. Ал, Н.Миронов,
С.Векслер, А.Петросинц, Т.Вызго және Ф.Каромотов сияқты музыка зерттеушілер
өзбек музыка аспаптарының сыр-сипатын ашуға және оларды жетілдіре түсуге
көп еңбек сіңірді.
Әйткенмен де, түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда
болу және даму жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Түркі тілдес
халықтардың қазіргі музыкалық аспаптарын тереңірек зерттеп білу үшін,
қолдағы бар деректерге сүйене отырып, көне музыка аспаптарының үлгілерін
мүмкіндігінше дәлірек етіп қайта жасап шығу жұмысы тұрды. Тіл білімі сияқты
музыкада да екі түрлі қозғаушы күш болатыны байқалады, олардың бірін-
негізгі қозғаушы күші десек, екіншісі-жанама, яғни өзге халықтардан
алынатын, өзге жұрттан келіп қосылатын қозғаушы күш дер едік.
Қазақтың музыкалық аспаптары Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес
халықтарының, сондай-ақ қалмақтар мен монғолдардың музыкалық аспапта-
рына көп ұқсастығы бар. Қырғыздың халық музыкасын зерттеуші В.Виногра-
дов былай дейді: Музыка аспаптарының өз ара байланыстылығы тайға таңба
басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері солтүстікке, Орталық Қазақс-
тан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді. Аспаптар өздерінің аталуына,
құрылысына, пішін-түріне, ою-өрнегіне, шығатын үніне қарай белгілі бір
ұлтқа тән болған, сол ұлттың өнерін паш еткен. Үрлеп және ұрып ойналатын
аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен
құстың даусын салу үшін пайдаланылғаны ешқандай дау туғызбайды. Мұндай
аспаптарды біздің арғы аталарымыз жорыққа шыққандарында, аң аулағанда
өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт-жораларда, бекза-далардың
сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет болғандықтан
көне аспаптардың үрлеп тартылатын және мембраналық ұрып ойналатын түрлері
өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады. Ал, кейін келе сирек
қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспаптардың кейбір түрлері мүлде
ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін
пайдаланылған. Халықтың ән-күйінің дамуы аспапты жетілдірумен және орындау
шеберлігін арттырумен қатарласа жүріп отырған. Әуелгі қарапайым әндер
әдетте аспаптық техникалық мүмкіндігіне қарай, сондай-ақ, айтушының өнері
мен шеберлігіне қарай түрлі нұсқада орындалып келген.
Музыканы, ән мен биді ансамбль сүйемелімен орындау түрлері кең дамыған
халықтарда көне аспаптар жақсы сақталған. Түркі тілдес тайпалар арасында
үрлеп және ұрып ойналатын аспаптармен бірге ішекті, тілді және сілку арқылы
дыбыс шығаратын аспаптар да қолданылған. Кейбір мәлімет-терге қарап
бұлардың қай топқа жататынын анықтауға болады. Көне аспаптардың көптеген
аттары ҮІІ – ХІІ ғасырлардағы ежелгі түркі жазу-сызулары ескерткіштерінде
кездеседі.Ұрып ойналатын аспаптар ішінен ежелгі жазу-сызу ескерткіштерінде
бәрінен де барабан мен бубен тәрізді аспаптар жиі аталады. Шертіп ойналатын
аспаптың бірі – арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Түркі
тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу, шыққан тегі бір.
Ежелгі түрік жазу-сызуларында күні бүгінде кездеседі. Бұлар-сырнай, чанг,
жетіген, накара, шаңқбыз, сыбыз-ғы, дабыл, керней, абырға. [2]
Орта ғасырда өмір сүрген ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби (873-950) ежелгі
Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың
теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшыл-дан
асып түсті. Китап әл-мусики әл-кабир (Музыканың ұлы кітабі) деп
аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп таныды. Әл-Фараби музыкалық
аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы
зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және
жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған
күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында Құс жолы, Жез табақ,
Сыр сандық, Желмая күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен
Шұбар айғыр күйін шығарда. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб
философы әл-Киндидің (800-879) еңбегімен танысады.
Әл-Фараби бұл кітабында музыканың тарихы мен теориясы мәселелерін
қозғайды. Олар: құлақ күй, перне, дыбыс қатары, интервалдар, диапазон,
акустика, аспаптарды ойлай шығару эстетикасы, вокальдық және аспаптық
музыканы дамыту.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын
себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Әл-
Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны
қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің
уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т.б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы
желдің үскіріп соғуына байланысты туған.
Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығанды-ғын
айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір
сарынмен дыңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптар тым қарапайым
болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан
әншінің мың құбылтқан әндерін сүйемелдеуге бұл аспап жарамаған. Әл-Фараби
адамның даусын ең жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне
аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды
түрлеріне жатқызады.
Әл-Фараби арфаның шығу тегі садақ деп жазады. Әуелгі кезде оған екі
ішек қана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ
пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің айтуынша, көне арфаның басы мен даусы
аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың
диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің санын көбейту керек деп тапқан.
Біздің заманымызға дейін сақталған екі ішекті аспап, қылқобыз-дың түрі
аққуды ұқсатады. Қазақтың аспаптық музыкасында аққудың ұшуы мен даусын
келтіретін Аққу атты күйі бар.
Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі:
а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар – арфа, канун;
б) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар – уд,
дутар, танбур. Шертіп ойналатын аспаптардан әл-Фараби екі және үш ішекті
танбурларды зерттеген. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты
шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына
жатқызады және олардың көбінесе ұрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын
айтады. Әл-Фараби көне халық аспаптарын толымды және толымсыз деп екіге
бөлген. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі шектеулі аспаптарды
жатқызған. Бізге белгілі қазақтың көне музыкалық аспаптарының ішінен мұндай
топқа – саз сырнай, үскірікті және тастауықты; ысқыруықты, бұғышақты; сым
тілшелі аспаптарды-шаңқобыздың ескі қара-пайым түрін жатқызуға болады.
Адамдардың көңіл-күйі, ой-арманын білдіру үшін қызмет еткен музыкалық
құралдардың ішінде халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді
сүйемелдеуші музыкалық аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз
байланысты. Әнші аспаптың диапазонының, регистрін, әуезділігін, тембірін өз
даусының дәрежесіне жақындатуға ұмтыл-ған. Әншінің өз даусын аспаптың үніне
сәйкес қосуы күні бүгінге дейін ән салудың дәстүрлі тәсіліне айналып отыр.
Сыбызғыда, шаңқобызда, қурайда және басқа аспаптарда орындаушылар кезінде
негізгі тоннан октаваға немесе квинтаға төменірек алып, даусын қосады,
сөйтіп тартымды тембрлік синтез жасайды. Әл-Фараби рубабты және үрлеп
ойналатын музыкалық аспаптарды адам даусына жақын дыбыс шығаратын аспаптар
деп санаған. Бұл аспаптар адам даусының баритон немесе альттық регистріне
сәйкес келетін жұмсақ, майда қоңыр үн шығара алады. [3]
Орта ғасырлардағы қолданылған, әнді сүйемелдеуші музыкалық аспаптар-
дың ролін Әл-Фараби былайша сипаттап жазған екен: ...аспапта сүйемелде-
нетін вокальдық музыка мейлінше құлпырып, байи түседі, құлаққа жағымды
естіліп, жүрекке жылы тиеді және поэзиясы мен ырғақтылығының арқасында оңай
жатталады..
Аспаптық музыканың (күй) өмірге келуі, дамуы аспаптардың өздерін
жетілдірумен қатар жүреді. Нақ осы жөнінде әл-Фараби қызғылықты пікір
айтқан: Музыканттар аспаптардан адам даусымен салыстырғанда басқаша түрде
болып келетін ноталар мен әуендер шығаруға болатынын байқайды. Мұндай
әуендер жанға жағып, бойды билейтін болғандықтан, вокальдық тондардың
барлық қасиеттерін бере алмағанымен де, табиғи әуен ретінде жоғары
бағаланған. Ұлы ойшыл жерлесімізді туғанына 1100 жыл толу юбилейін 1973
жылы Алматыда тойлау қарсаңында республикамыздың ғалымдары әл-Фарабидің
еңбектерін оқып-зерттеу және жариялау жөнінде қыруар іс тындырды. Әл-
Фарабидың образы республикамыздың шығарма-шылық интеллигенциясын музыкалық
және әдеби-көркем шығармалар жазуға шабыттандырады. Сондай шығармалардан
сазгер К.Күмісбековтың Фараби сазы симфониялық поэмасын, сазгер
Б.Жұманиязовтың әл-Фарабиға арналған қобызда ойналатын Пьесасын,
Ш.Әбілдтаевтың дом-бырамен ойналатын Фараби толғауын, сазгер
М.Маңғытаевтың Ш.Смахан-
ұлының сөзіне жазған Фарабидың сағынышы әнін атау керек.
Белгілі сазгер, академик А.Қ.Жұбанов: Халық аспаптарының ішектерінде
ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр, - деген екен. Қазақтың көптеген музы-
калық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырында
үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кезде-седі, бұл
аспаптарды дабыл қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған. Дабыл қағу
мақсатында мүйіз сырнай мен керней кеңінен қолданылған. Бұл жайында бұрынғы
замандардағы батырлар жырыда жиі айтылған.
Бір жолы Алпамыс батыр, жорықтан қайтып келе жатып, ойламаған жерде
байқамай терең орға құлап түседі. Одан шықпақ болып қанша тырмысса да шыға
алмайды. Сонда Алпамыс өзінің бұл халін сүйгені Қаракөзге хабарлау үшін
терең ордың түбінде отырып сырнай жасайды. Сырнай халық поэзиясында жиі
еске алынады. Семей облысының қазіргі Аякөз ауданында туған ақын Әріп
Тәңірбергенов (1856-1924) өз өлеңінде былайша толғайды:
Сыбызғы, сырнай қызығы әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер.
Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, қоңырау, көлемі әр түрлі
сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Жауынгер жорыққа шығарда
оларды өздерінің найзаларына тағады, сөйтіп даңғұр-дұңғыр дауыс-ты көбейтіп
жауларын сескендірмек болады екен.
Қазақ бақсылары да өздері ем жасаған кездерінде жынын алдырғандай
болып ақыра - бақыра отырып, қоңыраулар мен сақина - шығыршықтарды қоса
даңғырлатып - күңгірлететін болған. Оларды көбінесе музыкалық аспап-
тар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып алады екен, добыраға сирек
таққан, сондай-ақ бақсы салт бойынша қолына үстап жүретін бұйымдары мен
үстіне киетін киімдеріне де қоңыраушалар байлап алатын болған. Ұрып
ойналатын және үрлеп тартылатын аспаптарды аңшылар да пайдаланған. Әсіресе,
ұрып ойналатын дауылпаз бен шыңдауыл көп тараған. Бұл жайында жиі ауызға
алынады.
Аңшылар аңдар мен құстарды алдап түсіру үшін олардың даусын айнытпай
сала отырып, үрлеп тартылатын аспаптарды пайдаланған. Маралды алдап шақыру
үшін бұғышақ деген аспап кеңінен қолданылған. Әдетте, аңшылар бұл аспапты
бұғышақ, бұғы шақырғыш деп атаған, кейде бұғы сыбызғысы деген. Тағы
бір үрлеп тартылатын аспап сабыз туралы, Қазақ поэзиясының анталогиясы
түсіндірме сөздігінде оны орыстың жалейкасына ұқсас деген. Бұғышақ сияқты
сабыз да әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Жетігеннің жетеуі деп
аталатын аңыз жеті ішекті көне музыкалық аспаптың шығу тарихын баяндайды.
ХІХ – ХХ ғасырлардағы ауыз әдебиетінде қылқобыз, сыбызғы мен домбыра көп
ауызға алынады. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ақындар поэзиясында
7 – 8 немесе 13 – 14 пернелі екі ішекті домбыра, сондай-ақ сол кезде қазақ
жұртының арасына кең тараған гармоника дәріптеліп жырға қосылып отыроған.
Кейбір ақындар гармониканы сырнай деп атаған.
Әр түрлі деректер мен материалдарға қысқаша шолу мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік береді, баяғыда-ақ ұмыт болған аспаптар жөнінде халық
ауыз әдебиетінен мол мағлұмат алуға болады екен, олар: үрлеп тартылатын –
сырнай, керней, бұғышақ, сабыз; шертіп ойналатын-жетіген; ұрып ойналатын –
дабыл, дауылпаз және шың. Әскери-дабыл қағатын және аңшылыққа
пайдаланылатын көне аспаптар ұмытылды, өйткені бұл күнде олардың қажеті
болмай қалды. Ұрып ойналатын аспаптар даңғыра, асатаяқ және қияқпен
ойналатын қылқобызды көбінде бақсылар қолданған. Мысалы, саяхатшы И.Георги
былайша әңгімелейді: Бақсы мәжуси шамандарға неме-се камаларға ұқсайды.
Олар жын-перілермен таныспыз, жын-шайтандар шақырсаң келе қояды, қусаң
кетеді деп мақтанады, жын шақырғандарында алақ-жұлақ етіп аласұрып
нешетүрлі қимыл жасайды, кейбіреулері мұндайда барабан қолданады...
И.Андреев еңбектерінің бірінде асатаяқ жөнінде айтылған, автор оны жезл
деп атапты.[4]
Біз белгілі музыка зерттеушісі, Алматы мемлекеттік консерваториясының
профессоры Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың музей-пәтеріне жиналған көне
музыкалық аспаптарды жылдар бойы теңіз тұңғиығының түбінде жатып, бар
асылын бар қасиетін құсаулап сақтаған, сол сәуле шашқан теңіз маржанына
теңеген болар едік. Себебі бұл көнекөз аспаптарды іздеп тауып, оны қалпына
келтіру жұмысы да теңіз маржанын терумен бірдей.
Музей-пәтердегі баға жетпес асыл мүліктердің бірі-қазақ халқына етене
таныс, бір қарағанды онша қызықтыра қоймайтын қарапайым да көнетоз домбыра.
Сол дала күйшілерінің бірі - Дина Нүрпейісова. Ол осы бір қарапайым қара
домбырадан күй төгіп, 1939 жылы Москваның үлкен театры сахнасында өткен
халық орындаушыларының Бүкілодақтық байқауына қатынасты. Кейін сол
домбыраны Болат Сарыбаев өз ұстазының көзіндей сақтап, күй мұрасы ретінде
музей-пәтерінің төріне қойды. Мне, бұл қазақтың көне музыкалық аспаптарын
жинау жұмысының алғашқы бастамасы болды.
Күйге көңіл қойып өскен, одан бүкіл шығармашылық өмірінен қуат алған
Болат сарыбаев өз ұстазы Дина Нұрпейісованың сол домбырасын музеінің
алғашқы экспонаттарының бірі етіп алады. Бірде оны Қазақтың мемлекеттік
Орталық музейіне қойылған домбыраның ерекше бір түрі қатты қызықтыра-
ды. Содан ол музейге бірнеше рет келіп, әлгі домбыраның қалай жасалғанды-
ғын, иесін анықтап, сондай домбыраның үлгісін жасау ниетімен оны сипат-тап
жазып, суретін салады. Домбыраның 1925 жылы Халық ағарту наркомы
Луначарскийдің тапсыруымен халық шеберлері Парижге гастрольдік сапармен
барар алдында дарынды қазақ әншісі Әміре Қашаубаевқа арналып жасалғандығына
көз жеткізеді. Әншінің бұл домбыраға қосылып орындаған әндері Франция
тыңдаушыларының жүрегіне жылы ұялады және оның орындаушылық шеберлігі өзіне
лайық жоғары бағаланды. Қазір Әміре Қашаубаевтың ол домбырасы ұлттық
мәдениеттің асыл мұрасы саналады.
...Ұлым, жақсы сөз жарым ырыс деген емес пе егер сен қазақтың ұмыт
болып бара жатқан көне музыкалық аспаптарын жинастырып, оны қайтадан
жаңғыртып жетілдіру ісін осы бастан қолға алсаң, ол сенің бүкіл өміріңе
рухани азық беріп, еңбек зейнетіңе айналар еді - деп өсиет айтқан аяулы
әкенің даналық ақылы Болат Сарыбаевтың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына
бірден-бір себепші болды. Иә, жылдар бойы тынымсыз ізденіс үстінде келе
жатқан Болат Сарыбаев бұдан кейін бір күнін де босқа өткізбей көне
музыкалық аспаптарын іздестіреді. Халық музыкасы және музыкалық аспаптары
жайлы жазылған шағын мақала, суреттеме, очерк, өлең мен аңыз әңгімелерде
келтірілген деректерді тәптіштеп зерттеп, одан өзіне ерекше бір құдіретті
күш тауып, зор ықыласпен ізденіс сапарына шығады. Республика-мыздың түкпір-
түкпірінде болып, Москва Ленинград, қалаларындағы кітап қорларын ақтарады.
1910жылғы кітапта сыбызғының ескі түрінде ойнап отырған дала қазағының
суреттері кездеседі. Поэманың алғы сөзінде кітапты көркемдеген Семей
қаласының суретшілері екендігі көрсетіліп, аталған аспаптары 1885 жылы Абай
Құнанбаевтың музейге табыс еткендігі баяндала-ды. Жас зерттеуші енді Семей
қаласына аттанады. Фотокөшірмелер арқылы жоғарыда аталған аспаптардың
бірнеше түрі табылып, кейін олардың үлгілері пәтер - музейінің төрінен орын
алады. [5]
Ғасырлар бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз үні!
Қобыз көмейінен төгілген үнде қызғалдақ гүлі жайқалып, масатыдай құлпыр-ған
көктемгідала тынысы бар. Дала төсін желпіген қоңыр салқын жібек желдің
сыбдыры бар. Елін, жерін қорғап батыр атанған ұлдарының ерлігін жырлайтын
тегеурінді тентек үн естіледі. Қобыздың тынысы кең. Дыбыс шығару мүмкіндігі
де ұшан-теңіз. Қобыздың әуелдегі түрі қос ішекті, үш ішекті болып келетін.
Қазір оларды жетілдіре түсудің арқасында төрт ішекті басқобыз, альт-қобыз,
қобыз-прима сияқты бірнеше түрлері пайда болды. Олар Құрманғазы атындағы
ұлт-аспаптар оркестрінің құрамына енгізіліп, күрделі классикалық шығармалар
орындалып жүр.
Болат Сарыбаев музейді көруге келушілерге жетіген аспабының техника-
лық сипатын айта келіп, орыстың көп ішекті гусли аспабына ұқсастығын
дәлелдеп түсіндіреді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Болат Сарыбаев
тапқан ұлттық көне музыка аспаптарының түрі отызға жетеді. Ұлттық музыка
аспаптарының әлі зерттелмеген, табылмаған, тек фотосуреттерде ғана белгілі
түрлері одан да көп.
Болат Сарыбаевтың фотожинағында мыңнан аса сурет бар. Онда домбыра,
қобыз, қылқобыз, шаңқобыз, сыбызғы, тағы басқа аспаптар жайлы толық
суреттеп жазылған. Оның бәрі елу жылдан бері әлі күнге жалғасып келе жатқан
тынымсыз шығармашылық ізденістің, жалықпай архив ақтару мен
республикамыздың түкпір-түкпіріне барып қайталаудың жемісі.
Болат Сарыбаев бұдан бірнеше жыл бұрын белгісіз көне аспаптардың тағы
бірін бізге анықтап берді. Ол – шертер аспабы. Бұдан жүз елу жыл бұрын
Париж қаласында басылып шыққан Поляк революционері Бронислав Залесскийдің
Қырғыз далаларындағы тіршілік атты альбомын оқи отырып Болат Сарыбаев
көптеген мағлұмат алады. Музей жаймасына орналасқан әрбір көне аспаптың
әрқайсысының өзіне тән үні бар, техникалық мүмкіндік-тері де әртүрлі. Қазір
бұл көне аспаптардың жетілдірілген түрлерін іс жүзінде тексеріп-тыңдау
мақсатында Алматыда Жетіген, Торғай облысында Шер-тер және Ғасырлар
үні атты ансамбльдердің құрылғаны белгілі.
Сондай-ақ көне аспаптьар Дос-мұқасан, Гүлдер, Айгүл және Ал-тын
дән сияқты эстрадалық жастар ансамбльдерінің құрамына да енгізіліп жүр.
Олардың орындауындағы ән-күйлер жаңа ырғақпен, тамаша әсер қалдырады.
...Зерттеуші, ғасырлар бойы үнсіз жатқан көне музыкалық аспаптарды
қайта жандандырды. Оларды қалпына келтіріп, жетілдіре түсуде бар уақтын
сарп етіп, аса игілікті жұмыс жасаған. Мне, бұл сөздерді белгілі сазгер,
музыка зертеушісі И.Бродский халықтың ұмыт болып бара жатқан көне музыка
аспаптарын қайта жаңартып, бүгінгі ұрпақтың қажетіне жаратқан.
Мінезі жарқын, есігі ашық пәтер-музейдің иесі және оның экспонаттары
келген адамның көз алдынан, көңіл зердесінен көпке шейін кетпейді. Бірі
қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісі мен сүйегінен және
темірден жасалып, ойып өрнектелген музыкалық аспаптардың әрқайсысының
өзінше ерекше үні әрқашанда сіздің құлағыңызда қалады. Себебі, оларда өткен
ұрпақтың күлкісі, қуанышы, даусы бар. Ол әрбір көктеммен бірге қайта
жаңарып құлпыратын, түлей түсетін өмірдің өзі сияқты.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының
тәжірибесіне, әдет ғұрыптарына, салт-дәстүріне, рухани қазынасына, саяси-
әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз
ұрпақтарымызға, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай
деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұма-
баев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: Әрбір ұлттың балаға тәрбие
беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жлдары бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан
бері сыналып, көп қолданылып келе жатқан болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз
жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз
ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеленетін
баланы сол ұлттық тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті.
Қазақ мәдениетіндегі маңызды салаларының бірі-музыка. Музыка-ой мен
сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің
бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, мәдениетін қазірге дейін жеткізе
білген. Осы ғасырлар бойы жиған-тергенін асыл рухани қазыныларын, жас
ұрпақтың бойына сіңіріп, дүниетанымын қалыптастыруда музыкалық өнер арқылы
тәрбиелеу өзекті мәселелрдің бірі. Музыканы сүйген қауым адам баласына тән
ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінез құлықты қастарлайді.
Қазақтың әні мен күйін естіп өскен адамды биік мұраттарға жетелейді. Оның
көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан
басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылмен Аристотель адамның жан-жақты
мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде
музыка адамдарды тәрбиелеудің негізхгі құралы деп таныған. Біз қазір
музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежүзілік классикалық
үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз қажет,-дейді ғалымдар Ә.Нысанбаев пен
Т.Әбжановтар, - өйткені музыка халқымыз-
дың адамгершілік пен парасаттылық қасиетке жетудің жолы дейді. Өте тура да
әділ айтылған пікір. Ендеше осы халқымыздың дәстүріндегі әсем ән мен тәтті
күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін жол. Осы бір аса
бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де
айырықша. Сол үшін де өнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді.
Біз қазір музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежү-
зілік классикалық үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз қажет дейді ғалым-
дар Ә.Нысанбаев пен Т.Әбжановтар, - өйткені музыка халқымыздың адамгершілік
пен парасаттылық қасиетке жетудің жолы дейді. Өте тура да әділ айтылған
пікір. Ендеше осы халқымыздың дәстүріндегі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді
адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін жол. Осы бір аса бай рухани
қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де айырықша. Сол
үшін де өнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді.
Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жөнінде-Музыка
денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді.
Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді, -
деп пікір айтқан. Ал ұлы грек ойшылы Платон: Музыка-адам жан дүниесін
еріксіз еліктіріп, тұрмыс-тіршіліктің қандайда болсын мұң-заласын
ұмыттыратын қасиетті күш,-деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар
көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар
болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық
әндер т.б. Міне, осы фольклорымызбен-ақ ұлттық-тәрбиемізді, болмысымызды
қалыптастыратын тәлім-тәрбие беріп отырған тарихи шындық.[6]
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен
еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат-рухани жан дүниесі биік,
жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз-ол баланың
бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның
ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың
күмбірлеген күміс күйі мен сыбызғы-сырнайдың үні, асқақтата салған әсем
әні, ғашықтық жырлары, шешендік сөз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері
мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы
өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгерші-лік ар-ожданы жоғары намысқой
азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы
желбіреген егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде,
олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішпейілдік, әдептілік, елін,
жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиет-терді, қаны мен жанына
сіңіруде осынау ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін негізге ұстансақ, өте
ұтымды болар еді.
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті,
ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл бейнесін қалыптастырады. Тәрбие
ісі бүкіл адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие бір
ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғасытырушы үрдіс. Қазақ
халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Жазу-сызу
мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира дала
тұрғындары өздерінің тарихында жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр-рәсімдерін дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері-
мен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды.
Ән мен күй, өлең мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте
заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған
дүниелер. Өнердің, музыка мен әннің мақсаты-адамдардың көңіл күйіне әсер
етіп, оларға рухани қорек беру, эстетикалық ғажайып рахат шәрбатынан
сусындатып, жағымды, эстетикалық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау.
Адамзат дамуының философиялық, эстетикалық заңдылықтарына сүйенсек, жеке
тұлғаның рухани дамуына көркем өнер мен мәдениеттің ықпалы туралы
мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады. Қазақ дала-сындағы ұлы
ғұламалар Әл-Фараби, Ибн-Сина, Дәруіш Әли т.б. музыка өнерінің теориялық
және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызды зор еңбектер қалдырды
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің
көптеген қайраткерлері Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский, А.В.Луначарс-кий,
К.Д.Ушинский және т.б. аса мән берген. Мектепте білім беруде түбегейлі,
міндеттерін жүзеге асыруда ұлттық музыка пәнінің де алатын орны
ерекше. Оқушылардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әс-емдігін,
терең сезімінмузыкалық сауатын, шығармаларды, музыканы айту, тыңдау арқылы
жүзеге асыру үшін музыка пәні оқытушыларының алдына көптеген міндеттер
жүктелінеді. Мектепте ұлттық музыка пәнін оқытудың басты міндеті және
мақсаты - оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра
отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухы-на толы, оны қабылдай
алатын біртұтас көркемдік-эстетикалық мүмкіндік-терді туғызу керек.[7]
Балалар ұлттық музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің
әдемілігі мен сұлулығы, өнерді біртұтас сезінуге тиіс болса, ұстаз
осыларға сәйкес ұлттық музыкалық шығармалардың терең педагогикалық
дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдемілік көздерін табуы қажет. Өзін
қоршаған өмір мен мектептегі ұлттық музыка сабағын тығыз
байланыстыра ұстау, оқу – тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі
міндет болуы керек. Өйткені, өзіміз қоршаған табиғат, күнделікті еңбек,
халықтың материалдық–рухани мәде-ниеті (халықтың қолданбалы өнері,
зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз шығармашылығы, ойын сауық,
салт–дәстүр, т.б. ұлттық музыка-лық білім беру мен тәрбиелеудің басты
мақсаты болып табылады.
Оқушылардың ұлттық музыка сабақтарына деген ынтасын
арттыру, ұлттық музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне
айналдыру, құштарлық сезіміне тәрбиелеу. Оқушылардың жоғары көрнекілік
талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу
қабілетін қалыптастыруы, оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра
білу-ге, ұлттық музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына
және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, ұлттық музыкалық шығармалардың
сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтың, тембрлік ерекшеліктер тура-лы
және оларды музыка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы
арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Оқушылардың ұлттық музыкалық өнермен қарым–қатынасындағы түрлі
практикалық тәсілдерін игеруді қалыптастыру (ән айту дағдысы, музыка
тыңдау, музыка сауатын меңгеру, шығармашылық қаблеттерін қалыптасты-
ру). Көркем бейнелерді қабылдау негізгі музыка болып табылатын өнердің
әралуан түрлерін интеграциялау (біріктіру) нәтижесінде жүзеге
асырылады. Бұл, оқушылардың түрлі іс – әрекет барысында белсенді
шығрмашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
Музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық шығармашылық дағды-
ларын дамыту. Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың
бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін (әншілік, күшілік, ақын-
дық, суырып салма, бейнелеу өнерпі, актерлік, жазушылық т.б.) қалыптас-тыру
болып табылады. Музыка пәні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мен
міндеттерді мектептегі музыка сабағында жүзеге асыруда, өз шеберліктері
мен әдістерін, музыкалық білімдерін үнемі ізденіспен толықты-ра отырып
қолдануы керек. Мектептегі музыка сабақтары оқушыларды әсемдік әлемінің
таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан
рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат
мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды.[8]
Музыка сабағы мектептегі басқа пәндерге қарағанда оқушыларға ерекше
әсер етіп, олардың ой – өрісінің дамып, шығармашылығының қанағаттануы-на
зор ықпал (енерция) береді. Музыка сабағы арқылы оқушылар тек қана ән
айтып, музыка тыңдап қана қоймайды, ғылым – білімнің әр саласынан
мағлұмат алып, бойларындағы қалаған өнердің несмесе мамандықтың негізін
қалыптастырады. Музыка сабағында оқушылар еркін ойлап, қиялдап, өз
қиялдарының нәтижесін баяндауға немесе суреттеуге дағдыланады.
Оқушылардың өнерге деген қызығу сүйіспеншілігі, өмірге деген құштар-
лыңы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыруы үшін оқытушының әр
сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырыл-ған музыка
сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғарғы мәдениеттіліктің
негізі қаланып, жаман әдеттерге үйір болмауға, саналы, тәртіпті, ақылды
болып өсуі қалыптасады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өлгеніміз
тіріліп, өшкеніміз қайта жанған, өз өнеріміз бен рухани байлығы-мызды, әдет
– ғұрпымыз бен салтымызды толық меңгеруге мүмкіндік алған жағдайға келген
кезде, өз халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастыру, музыка мұғалімінің басты мақсаты болуы керек. Сондықтан
музыка пәні мұғалімі үнемі ізденіспен әр сабағында оқушылардың бойына
ізгілік пен адамгершіліктің, әсемдік пен сұлулықтың, инабаттылық пен
қайырымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыруы керек.
Қазіргі жалпы мектептерде ұсынылған музыка пәнінің
бағдарламасына сай сабақтарды өткізуге мол мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті
тиімді пайда-лана отырып сабақтың түрін, формасын ауыстыра отыра, әр
түрлі әдістерді қолданып, музыка сабағын мағналы етіп өткізуі
оқытушының міндеті.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар халық аспаптар оркестрін
құру қазіргі заман оқушысын ұжымшылдыққа баулу, ансамбльде \сап, қатар\
түрлі аспапта ойнау шеберлігін меңгеру талабына жатады. Халқымыздың
музыкалық аспаптарын мектеп қабырғасында жүргізілетін түрлі музыкалық
үйірмелерден игеру, мектеп оқушысы үшін сабақтан тыс білімін толықтыру-дың
бір формасына жатады. Білім беретін мектептерде оркестр құру үшін
оқушыларды қабылдау жұмысы оқу жылының басында өткізіледі. Қабылда-ған
балалар негізгі және қосымша топқа бөлінеді. Дакйындық сабақтары әр топпен
асптасына қанша сағаттан өткізілетінін, біріккен дайындықтың қалай
жүретінін белгілеуі қажет. Әр қатысушы баламен жеке сабақтар өткізу уақтын
да бергілеп, кесте бойынша өткізеді.
Оркестрді құру ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлап бекіткеннен кейін,
оркестр жетекшісі арнайы хабарландыру жазып, мектеп оқушыларымекн кездесіп
үгіт-насихат жүргізіп, оркестрдің белсенді мүшелерінің қатысуымен концерт
өткізу арқылы радио, теледидардан да хабарландыру беруге болады. Жұмысты
бастар алдында ата-аналар жиналысына шақырып, оларды алдағы жоспармен,
дайындық өткізетін мерзімдермен толық таныстыру, іштерінен осы оркестрдің
құрылуына әрдайым көмек көрсетіп отыратын ата-аналарды сайлаған да жұмыс
жүргізуге кеңінен мүмкіндік жасайды. Арнайы журнал арнап, әр баланың аты-
жөні, қай сыныпта оқитыны, мекен – жайы белгілене-
ді. Олардың мінез-құлқын, музыкалық қаблетін, басқа қандай өнермен
шұғылданатынын жетекшінің толық мағлұматта болғаны дұрыс. Сол сияқты
оқушының қандай аспапты игергісі келетінін арнайы сауалдама дайындап,
таратып, оқушыға толтыру арқылы, оқушының ойын да анықтай аламыз.
Оркестр жетекшісі бүкіл оқу-тәрбиелік жұмысты жүргізуге міндетті.
Оркестр жетекшісінің негізгі міндеті-оркестрге қатысушы балалардың эсте-
тикалық талғамын, музыкаға жоғарғы деңгейде тәрбиелеу ол оқу-тәрбие жұмысын
сапалы жүргізу үшін жоспар құрып,алдын-ала оркестр репертуа-рын дайындай
ды. Оркестрге жағадан қатысушыларды қабылдауды жос-пармен жүргізіп отырады.
Оқу жоспарына сәйкес оркестр сабақтарын өтетін уақытын белгілеп, концерттік
бағдарламаны әзірлеп, оны байқауларға дайындап отыруы керек. Қазіргі кезде
білім беру саласында мектеп аралық түрлі өнер байқаулары жыл бойы өткізіліп
тұрады. Сондай-ақ оркестрдің жетекшісі мектептің мұғалімдер кеңесіне,
жиналыстарға қатысып отыруға міндетті. Басқа қоғамдық ұжымдармен де
шығармашылық қарым-қатынасты үзбей, жұмыс барысында бағдарламаға
өзгерістеренгізіп тұрады. Сондай-ақ оркестр аспаптарының толық күйді
дайындығымен, сапасына, жұмыс істеуге арнайы дайындығына жауапты жұмыстарды
атқарады. Оркестрге керекті музыкалық аспаптарды мектеп басшылығымен келісе
отыра, оркестрді қам-тамасыз етуге жағдай жасайды. Оркестр жұмысын
жоспарлау арқылы үйір-менің жұмысын сапалы жүргізуге мүмкіндік
жасалынады.[9]
Музыкалық аспаптарда ойнатып үйрету әдістемесін қолдана отырып,
нәтижелі жүйелі сабақтар өткізген талапқа сай болып табылады. Мысалы:
домбырашылар, қобызшылар, сырнайшылар; шертершілер тобымен жүргізі-летін
жұмыстың негізгі талаптары мынадай:
- аспапта орындаудағы оркестранттың отыруы:
- аспапты дұрыс ұстап отыру;
- қолды қою;
- аспаптан дұрыс дыбыс шығару әдістерімен, құрылымымен таныстыру;
- бір позициядан, келесі позицияға ауцысу әдісін көрсету;
- гаммалардың, олардың арпеджиоларын ойнау;
- штрихтарды қолдану және оларды алмастыру әдісін үйрету;
- орындацу шеберлігін жаттығулар ойнау арқылы дамыту;
- нотаны қолма-қол бір көргеннен ойнап кету қаблетін дамыту;
- біркелкі әсем орындау тәсілін үйрету;
- оркестрге бейімдеу;
- дирижерлік сызба-нұсқаулармен таныстыру;
- дирижерлік нұсқаудың жәй тактіні санау нұсқауынан айырмашылығын
түсіндіру қажет;
- шығарманы бастау үшін немесе дыбысты тоқтату үшін көрсетілер белгі
туралы түсінік беру керек:
Шығарманы белгіленген бір екпінді, біркелкі штрихпен, бірқалыпты дыбыс
шығару арқылы орындау, оркестрдің дыбысын жалпы бір жүйеге келтіріп,
біркелкі ұлғайтуға және азайту тәсілін шәкірттер меңгеруі керек. Оркестрді
кез келген жерден бастап және кенет доғару тәсілі, біржола доғарылатын және
доғарылмайтын ферматалар жөнінде мағлұмат беріп, екпінді жеделдетіп және
сол қолының нұсқауын түсіндіру керек. Оркестран-ттардың эстетикалық көз-
қарасын және музыкалық талғамын тәрбиелеу де маңызды міндеттерге жатады.
Оркестр жетекшісі жұмысты бастамас бұрын сабақ жүргізу әдістемесін
жоспарлап алу қажет. Практикалық сабақтар теориялық біліммен тығыз
байланыста өтеді. Окестрдің ойдағыдай қалыпта-сып кетуі оның мүшелерінің
белсенді қатысуына байланысты. Жетекші айтқан нұсқауынан қатысушылар бір
шешімге келіп, қорытынды шығару тиіс.
Қай ішекті, қай пернені басқанда қандай дыбыс шығады деп түсіндірген-
ше, дыбыстардың интервалдық қарым-қатынасын осы пернеден не ладтан қалай
жарты тон жоғары не төмен алуға болады деп түсіндірген жөн. Осыдан кейін
оқушылар өздері сол белгіленген жерден қалай, қай нотаны ойнау кекрекк
екенін өздері табуы керек. Есту және музыканы қабылдау қаблеті әр сабақта
бірте-бірте дамытылады. Ол өте жай қабылданатындықтан оқушы-лардың ынтасын
музыканың мазмұнына аударып отырғаны дұрыс. Қатысу-шыларға ырғақты және
интервалды даусымен айтқызып, әр тактыда қанша сан бар екенін сезе білуге
үйрету керек. Жетекші орындалатын шығарманың стилін, тұлғасын, орындау
жүйесін ұғындыра отырып, шығарманың авторы, шыққан мерзімі туралы баяяндап
берсе, оқушының музыкалық, мәдени білімдері тереңдей түседі.
Әрбір оқушының сана-сезім, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, мәдениеті,
музыкалық қаблеті бірдей болып келмейді. Оның ерекшелігі-тәрбиесінде,
шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір
оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданылады. Қазақ
музыкалық өнерінің маңызды ерекшелігі-оның өткен тарихы мен ұлттық
сипатында. Түркі тілдес республикалар сазгерлерінің таңдаулы шы-ғармалары
концерттерде, радио мен көгілдір экран арқылы, халықтар досты-ғының
фестивальдарында естіліп, елімізде және шет елдерде кеңінен мәлім болып
отыр. Өнер мен мәдениеттің жетістіктерін өзара қарым-қатына-судың әр
түрлері оларды өзара байытуға және дамытуға көмектесуде, барлық салалы
музыка өнерінің өскенін, дамыған, достық елдердің суреттік мәдение-
тінің нығайып отырғаны, біздің музыка мәдени саламызға өз әсерін тигізге-
нін байқаймыз.
Адам баласының өмірінде өнер үлкен орын алатынын жоғарыда айтсақ та
жас сәби жарық дүниеге келген күнінен бастап, ол өнердің ортасында өседі.
Өнер түрлері архитектура, склуптура, бейнелеу өнері және графика, көркем
әдебиет, би (хореография), театр, кино және музыа болып бірнеше салаға
бөлінеді. Өнердің осы аталған салалары әр кезеңде біртіндеп пайда болған.
Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының дамуына байланысты, өнердің
түрлері өзгеріп, дамып отырады. Әсіресе, музыка өнері күшті өзгеріске
түсті. Сондықтан да қазіргі өнер жастарға эстетикалық тәрбие берудің күшті
құралы болып саналады. [10]
Бүгінде, ұлт мәдениетінің өткенінде үңіле қарап, оның озық үлгілерін
ұрпақ тәрбиесінің қажетті құралы ретінде пайдалану, ұлттық мәдениет пен
әлемдік өркениет құндылықтарын игерте отырып, еліне, жеріне, ана тіліне,
ұлттық өнеріне деген отаншылдық қатынасы жоғары азамат тәрбиелеу-орта
мектептер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының басты міндеті. Бұл
саладағы педагогикалық іс-әрекеттердің бірден-бір компроненті-музыка-лық
білім мәдениет пен бірге, дәстүрлі ұлттық музыкалық өнерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Пәндер