ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі
Орындаған 4 курс
студенті Батырғалиев Н. С.
Ғылыми жетекші
э. ғ. д., профессор Бибатырова І. А.
Норма бақылаушы
аға оқытушы Заурбеков М. С.
Кафедра меңгерушісімен
қорғауға жіберілді,
э. ғ. д. ., профессор Кубаев К. Е.
АЛМАТЫ, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі . . . 5
- Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары . . . 11
- Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде . . . 17
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ . . . 27
2. 1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі . . . 27
2. 2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері . . . 39
2. 3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі . . . 47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . . 54
3. 1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау . . . 54
3. 2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79
КІРІСПЕ
Қазақстан Респкбликасындағы экономикалық реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі, елдің тұрақты әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.
Осыған байланысты ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтің өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030: Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» жолдауында «министірлік ішінде орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға орталықтандыру» қажеттігі туралы айтып кеткен /1/.
Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т. б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару - ауыл, ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты - жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытылы» психологиясын тудырады. Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталған/2/. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне жаңа талаптар мемлекеттік басқару жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі ретінде ғана емес, сонымен бірге ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару жүйесі ретінде ғылыми негізделген үлгіні жасау қажеттігін негіздейді. Бұған байланысты мемлекеттік басқаруды реформалау және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәсілілірін зерттеу облысындағы теориялық - әдістемелік және қолданбалы зерттеулердің ролі өседі. Жоғарыда аталғандар диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздейді.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытудың теориялық - әдістемелік және ғылыми - тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыста келесі негізгі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік басқарудың қазіргі жағдайын талдау және мемлекеттік биліктің барлық вертикалі бойынша туындап отырған мәселелерді анықтау;
- мемлекеттік билікті орталықсыздандыру қажеттігін және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін енгізуді негіздеу;
- муниципалды басқаруды дамыту мәселелері бойынша экономикалық дмыған елдердің тәжірибесін зерттеу;
- ҚР-дағы жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту тенденциялары мен перспективаларын анықтау;
- Қазақстандық нақтылыққа сай жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің ұйымдастырушылық үлгісін жасау;
- жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту жолдарын анықтау мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет етуінің қаржылық - экономикалық негізін талдау;
- жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің қаржылық - экономикалық үлгісін жасау;
- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару органдарының өзара әрекет ететін тиімді әдістерін анықтау.
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқарудың рөлі мен мәні, қажеттілігі қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың бұл бөлімінде қазіргі кезеңде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған орталықсыздандыру мәселесі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен байланыстырыла отырып қарастырылады.
Бітіру жұмысының екінші бөлімінде Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін сипаттайтын үрдістер талданады. Бұл бөлімде мемлекеттік басқарудың негізі ретінде бюджет жүйесіне үлкен мән беріліп, жергілікті бюджеттер мен мемлекеттік бюджеттер арасындағы мәселелер қарастырылған
Үшінші бөлім мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру сияқты күн тәртібінде жүрген өзекті мәселеге арналған. Әрине, бұл бөлімде мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының арасындағы байланыс тәрізді күрделі мәселеге де баса назар аударылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде мемлекеттік басқарудың жаһандану жағдайындағы рөлін кеңейте түсуге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.
1. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
- Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде бірінші рет экономиканы дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша реформалар жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі жергілікті мемлекеттік басқару және ЖӨӨ жүйесін реформалау, яғни мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселесін зерттемес бұрын, мемлекеттік басқару, оның қағидарары мен қызметтері, әдістері және т. б түсініктерін анықтауға тоқталған жөн.
Нарықтың азаттық, бәсеке және демократиялық тәртіп барын сипаттайтын қазіргі экономикада маңызды орын мемлекеттік ықпалға берілген.
Осыған байланысты мемлкеттік басқару нарықтық механизмнің тиімді қызмет етуін; таза нарықтық механизмдерді қолдану мақсатсыз және тиімді емес әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды ретеуді; әлемдік масштабында мемлекеттілікті және мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге қызмет етуі керек.
Мемлекеттік басқару - мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер етуі керек. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және басқа өнімдерінің (тұтыну құндылықтарының) ұдайы өндіріс салаларында қызмет ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді. /3/
Мемлекеттік басқару тероиясындағы атақты маман Г. В Атаманчук осы мәселе бойынша келесі мәселені береді: мемлекеттік басқару бұл - мемлеукеттің адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатында тәжрибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері. /4/
Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: а) іс-әрекеттін жүзеге асыру кезінде ол билікке басымдылық беретін ұйымдастырушылық күшіне сенеді; б) басқарушылық әсерінен оның маңызды «тамырлы» процестерін құбылыстарын, өзара байланысын реттей отырып, қоғамға өзінің ықпалын көрсетеді; в) жүйелі қызмет етеді себебі екі күрделі құрылымдардың, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет етуін біріктіреді.
Француз ғалымы Р. Грегори монографиясында мемлекеттік басқаруға «мемлекеттік биліктің арнайы агенті болып қызмет ететін барлық қоғамның мүдесіне дамуды реттеуге бағытталған ерекше әлеуметтік қызмет» - деп анықтама берген.
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен мемлекеттік әкімшілік биліктің үш сферасын - заң шығарушы, атқарушы және сотпен байланысты деп санайды. Мұндай бағытты Д. Вильсон, У. Дмон, Р. Горд, Д. Гринбурд, Р. Григори, Л. Нигро, Ф. Нигро, М. Роскин, ұсынады /5/] . Бұл көзқарас әсіресе американ ғалымы Л. Нигро мен Ф. Нигронның «Қазіргі мемлекеттік әкімшілік» атты монографиясында анық бейнеленген. Авторлар мемлекеттік қызметке жан-жақты анықтама берген: «мемлкеттік әкімшілік - мемлекеттік істердегі 1) заң шығарушы, атқарушы, сот және олардың өзара әсерімен байланысты. 2) мемлекеттік саясатты қалыптастыруағы маңызды мәнге ие және саяси процестердің бір бөлігі болып табылатын 3) жеке секторлардың әкімшіліктер ерекшеліктерін; 4) әртүрілі компаниялар мен ұймдарда жұмыс істейтін жеке топтармен және индивиттермен тығыз байланысты ұйымдастырылған топтық әрекеттерді білдіреді /5/.
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді. Мемлекеттік басқару пәні саяси жүйе мен территроияның жалпылығымен байланысты адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өмір сүруіне әсер етудің нысандары мен әдістері болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұдайы өндірістердің барлық жақтарына әсер етеді; өнірістік қатынастардың негізіне мемлекеттік нысандарын қояды.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, олардың қызығушылықтарын қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тәжрибелік қызмет етуінде көрінеді. Ол табиғи еңбек матиралдық ресурстарды қолданады, халық шаруашылығы және әлеуметтік сфера салаларын басшылыққа алуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті қорғауды жақсартуға бағытталған. Мұнда ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, талдау қызметтері орындалады және сендіру, ынталандыру, күштеу, жазалау әдістері қолданылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері - бұл қағидалар құралддар мен тәсілдердің органикалық жиынтығы. Талдаудың негізгі әдістері - жүйелі талдаулар, синтез, анология, салыстыру, байқау тәжрибе және т. б. [5, 9-10бет]
Мемлекеттік басқару саяси, құқықтық экономикалық әдістер жүйесі ретінде адамдардың қоғамдық қызметін оптималдауға және олардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталуы керек. Жоғарғы ирархиялық құрылымның басқарушылық әсері басқарушы жүйесімен тікелей байланыстар арқылыы жүзеге асырылады. Басқарушы әсерге баламалы ықпал байланыс бойынша түсетін ақпаратпен анықталады.
Мұнда басқару субьектісі - мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен оларда қызмет ететін лауазымды тұлғалар, ал объектісі - қоғамдық процесстер адамдар, шаруашылық етуші субьектілер және т. б болып табылады.
Ресей ғалымы А. В Пикулькин мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын көрсеткен:
- Өкілеттіліктің жауапкершілікпен үйлесімділігі;
- Бас звеноны бөлу;
- Кешенділік;
- Басқарушылық;
- Бірлестік;
- Иницативтік;
- Мақсатпен оған жету құралдарының сәйкестігі;
- Шешім қабылдау уақыттылығы;
- Сызықтық және функциялларды үйлесімділігі;
- Жаңа мәселелер туындайтындай басқарушылық тапсырмалар шешілуі керек.
Отандық экономист Дауранов Н. Н мемлекеттік басқарудың келесі қағидаларлын атап көрсететді;
- мақсатқа бағытталғандық;
- орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы;
- бәсекелі таңдау, басқарушылық кадрлерді дайындау және бекіту;
- басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен уақытылығы;
- басқару мақсаты мен қызметтерімен ақпаратың сәйкестігі;
- динамикалық тепе-теңдік;
- қабылданған шешімдердің дұрыстығы;
- жауапкершілік;
- кезеңдік пен кері байланыс;
- кешенділік
- ирархиялық пен бөлінушілік;
- басқаруды ұйымдартырудың ескі нысандарынан жаңасына көшу: Мемлекеттік билік органдары жүйесі ішкі және сыртқы қызметтерді ұйымдартырушылық және орындау мақсатында қалыптасады.
Жалпы қабылданған квалификациялауға сай, ішкі қызметерге жатады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық салық салу және қаржылық бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамассыз ету.
Сыртқы қызметтер қамтиды: әлеуметтік экономикаға интеграция, мемлекет қорғанысы, қандайда бір мәселені (экогогиялық, шикізаттық, энергетикалық, демографиялық және т. б) шешудегі еліміздің басқа мемлекеттермен қарым қатынасы. /6/
Отандық ғалым Кубаев К. Е мемлекеттің келесі қызметтерін бөліп қарастырады: қорғаныс пен құқық қорғаушылық қызметі және конфликтерде үшінші жақ болады; қоғамдық игіліктерді өндіру; меншік құқығы спецификасы мен оны қорғау; ақпаратық құрылымды қалыптастыру; тауар қозғалысы арналарының инфрақұрылымын құру; ақша айналысы жүйесін қосқандағы шара мен әдістердің меншік стандарттарын жасау. [7, 53бет]
Атқарушы билік органдары оларға басқару элементтері берілген жиынтық бойынша бөлінеді және өзінің статусы бойынша министрлік, комитет, агенство және басқа да болуы мүмкін. Әртүрілі критериялар - қызмет ету нысаны, билікті бөлу қағидасы, ирархия, өкілеттілік мерзімі құзретін жүзеге асыру тәжрибесі және т. б бойынша мемлекеттік органдарды топтау нұсқасы суретте берілген.
Әлемнің барлық елдеріндегідей біздің мемлекеттің басқару құрылымы шығындар мен оған қарсы әдістер жүйесін қолданатын билікті бөлу қағидасына негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында; «Республикада мемлекеттік билік жалпыға бірдей, конституция және заңдар негізінде жүзкге асырылады» - делінген. Оны келесідей бейнелеуге болады.
ҚР -ғы мемлекеттік биліктің бөлінуі
1- сурет
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді/7/.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет - адамдардың аумақтық ұйымдастырылуы. Осыған сәйкес, біріншіден, ру-тайпалық қарым-қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.
1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Конституцияда мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидалары мен бағыттары нақты белгіленген.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орталықтандырылған
жүйесінің схемасы /10/
2 - сурет
Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді/8/. Дамудың әр кезеңінде бір жағынан, адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан, қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның, материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндірумен айналысатын адамдардың проблемаларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз қалап, қамтамасыз етеді.
Мемлекет үшін ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады.
Қоғамдағы мемлекеттің ерекше мәртебесі мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып және бекітілетіндігінде. Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, оның жүзеге асуын өзінің қолданатын барлық әдістерімен, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық-құқықтық әдістері арқылы қамтамасыз етеді. Мемлекет заң шығаруда заңды монополияға ие және оны орындату барысында мәжбүрлеу тәсілін қолданады деп айтуға болады.
Мемлекеттің мәні сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын - ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік-құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір көлемде және жағдайда құратындығында, қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жан-жақты бағытталған қызметі бар. Оның бір бөлігі заң шығару функциясымен, заңдардың орындалуымен және азаматтарға сот ісін жүргізумен айналысады, яғни оның функционалдық түсінігінде мемлекеттік басқарумен байланысты, ал екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Аппараттың жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан алшақтауы, оның көлемі және иерархиялық құрылымы, қызметкерлерінің сапасы және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік басқару үшін маңызды.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншісі, мемлекетті ең кең мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ жоғары билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті білдіру, жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның құқығы мен бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде сипаттайды. Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс-әрекеті мен тәртібін реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси-құқықтық институт, саяси билік ұйымын құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлекетті институционалдық тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы Л. Санистебан былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет «небәрі нақты уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің бір түрі»/9/.
- Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары
Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу жария биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.
Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің таптық және жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Бұл анықтамада мемлекет функциясының маңызды белгілері көрсетілген:
1. мемлекеттің функциялары оның таптық және жалпы адами мәнін тікелей ашып көрсетеді және нақтылайды; олардың мазмұны қоғам мүшелерінің таптық, топтық (корпоративтік), ұлттық және жеке мүдделерін ескереді.
2. мемлекеттің функцияларында оның белсенді қызметтік рөлі айқындалады, сондай-ақ ел ішіндегі және халықаралық аренадағы жан-жақты практикалық қызметі жүзеге асырылады;
3. мемлекеттің функциялары оның тарихи міндеттері мен мақсаттарына байланысты пайда болады және дамиды; мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін өз қызметінің тұрақты қалыптасқан бағытын құрайтын тиісті функцияларды іске асыру арқылы атқарады;
4. әр түрлі тарихи тұрпаттағы мемлекеттердің функцияларында оларға тән даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани өзгерістердің деңгейі нақты көрініс табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz