Демократиялық қалыптасу кезеңі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

Университеті. С. Тайбағаров атындағы колледж

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Демократиялық қалыптасу кезеңі.

Өскемен 2007ж

Қоғамның жанаруы.

а) Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

80-жылдардың басында КСРО экономикалық, әлеуметтік, саяси дағдарыс алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе қазіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негіздерін, әлеуметтік өмірді, саяси құрылымды, рухани саланы жанарту қажеттілігі сезілді.

Дағдарыс

  • КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.

ә) Жеделдету бағыты.

  • 1982 жылғы 10 қараша- Л. И. Брежневқайтыс болды.
  • Партия мен үкімет басшылығыЮ. В. Андропов(1982-1984 ж. ж) келді. Ол 80-жылдардың басындағы елде қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді:
  • Өкіметтің жоғарғы эшелонында жүйелі түрде тәртіп орнатуды бастады.
  • Өндірісте реттілік пен тәртіпті жолға қоюды қолға алды.

Алайда, бұл шешімджерді іске асыруда дәстүрлі әкімшіл-бюракраттық рухтағы жергілікті органдар заңдылықтың өрескел бұзылуына жолберді.

  • 1984 жылғы ақпан - Ю. В. Андропов қайтыс болды. Саяси басшылық КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшылығынаК. У. Черненконысайлады. (1984-1985 ж. ж)
  • Оның басшылығы тұсы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады:
  • Молотовтың партиалығын қалпына келтірді.
  • КОКП ОК-нің ғылыми-техникалық саясат жөніндегі пленумы өткізілмеді. (1984ж)
  • Елді күйзеліске ұшырататын, орасан зор қаржыларды мағынасыз жұтатын гидромелеорациялық жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берді.
  • 1985 жылғы наурыз -К. У. Черненкоқайтыс болды КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшылығынаМ. С. Горбачевсайланды. (1985-1991ж. ж)

Комитеті пленумында әлеуметтік - экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.

1985 жылғы сәуір Плнумы - әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағыты.

Кемшіліктері:

  • Жеделдету бағыты ғылыми концепциясыз, анық бағдарламасыз жүргізілді.
  • Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекетік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идиалдық - саяси тәрбиені күшейту арқылы жоюғаболады деп есептеді.
  • Ж еделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекелеген басшылар деп жариаланды.

Мәскеуде - В. В. Гришин; Ленинградта - Г. В. Романов; Қазақстанда - Д. Қонаев;

Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы күрес» қаулысы жариаланды. Практикалық комитеттердің нұсқаулары бойынша науқан өрістеді:

  • Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жариаланды.
  • Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді.
  • Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді.

Өкімет орындарының шалағай шараларының салдарлары:

  • Самогон қайнату күшейді, спирттік ішімдіктерге алып сатарлық көбейді.
  • Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты.
  • Ұрлық қылмыс көбейді.

б) Қайта құру бағытының қарама - қайшылығы.

  • 1987 жылғы қаңтар -КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды.

Кемшіліктері:

  • Дағдарыстын нақты себептерін көрсете алмады.
  • Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтаннат құрды. 1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірленген құжаттар негізінде «Мемлекетік кәсіпорын туралы заң» қабылданды:
  • Тауар ақша қатынастарының рольі айқындалды.
  • Мемлекетік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.
  • Шаруашылық жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды.
  • Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекетік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығынын жағдайы ауырлай түсті,

Қазан төнкерісінің 70 жылдарындағы мерекелік мәжілісте М. С. Горбачев қоғам дамуының негізгі кещзеңдеріне талдау жасады:

  • Тарих «ақтандақтары» жаңа тұрғыданқаралды.
  • Сталинизм қылмысты құбылыс деп саналды.
  • 1987 жылғы қазан- КОКП ОК-нің Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б. Н. Ельцин қайта құру барысында, реформа баяулығына наразылық білдірді. Алайда оның сөзі «қайта құрудың ту сыртынантиген соққы» деп қабылданып, баспа сөзде жарияланбады. Б. Н. Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді.
  • 1988 жылғы маусым- КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында қоғамнаң әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды. Шешімдері:
  • Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.
  • Демократияландыру мен жариалылық.
  • Төрешілдікке қарсы күрес.
  • Халықтық реформа жүогізу.
  • Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.

в) Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар.

Әміршіл- төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіпгіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарын нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар:

  • Жоспарлау және жаңа кең орындарын игеру кезінде республика мүдесі есепке алынбады.
  • Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы ғана бөлігі беріліп, жергілікті халыққа ештеңе тимеді.
  • Қаржының көп бөлігі өндіруші салаларға жіберілді.
  • Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды
  • Қазақ тілі қоғамдық орындарда қызмет еуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Нәтижесінде 1954-1986 жылдар аралығында 600 астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.

Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаға деректива ретінде жіберіліп отырды. Жоғарыжақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, қатал жазаланды.

  • 1986 жылғы ақпан -наурыз -Қазақстан Компартиясының XVI съезі әлеуметтік - себептеріне терең талдау жасамай, жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді.

Республика басшысы, дарынды қайраткер Д. А. Қонаевтың (1912-1993 ж. ж) өзі де әкімшіл- әміршіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Оған үш мәрте Социолстік еңбек ері ретіндеөзіндік табынушылық қалыптасты. Д. А. Қонаевтың тағдыры Кремельде шешілді.

  • 1986 жылғы 16 желтоқсан КОКП ОК-нің V пленумында 18 минуттық ұйымдастыру мәселесе қаралды.
  • КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский ұсынысымен Д. А. Қонаев қызметінен алынды.
  • КОКП-нің бірінші хатшысы болып Г. В. Колбин тағайындалды. (1986-1989 ж. ж)

Қоғамда өрістің нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына әкеп тіреді.

  • 1986 жылғы 17 желтоқсан - Алматыда жаппай толқу басталдыКейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасының басталу себебі - Колбиннің басшылыққа келуімен сипатталды.

Желтоқсан оқиғасының болу себебі:

  • Орталық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариаланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарамайшылықтар.

Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемлекетік құрылысты жою үдеулері болған жоқ. Әкімшіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағаланып, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді.

  • 8. 5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.
  • 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды (46-сы кейін ақталды) 2 адам ату жазасына кесілді. 83-адам 1, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
  • 52 адам партия қатарынан шағарылды.
  • Жоғары оқу орының 12 ректоры қызметінен алынды.
  • 271 студент оқудан шығарылды.

Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рысқұлбеков- Алматы архитектура құрылысы институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанды - «Халық қаһарманы» атағы берілді.

  • 1989 мамыр- маусымда КСРО халық депутатының І съезінде дарынды ақын М. ШахановЖелтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етті. Желтоқсан оқиғасына байланысты баға беруге комиссия құрылды. (төрағасы М. Шаханов)
  • 1991жылғы желтоқсан -«1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларна қатысқаны үшін жауапқатартылған азаматтардыақтау жөнінде Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы шықты.
  • 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау обысының Жаңа өзен қаласындағы ірі толқу.

Толқудың себептері:

- Жергілікті тұрғындар арсындағы жұмыссыздық.

- Орталық ведомстволарадың жұмыс қолдарын сырттан әкелуі.

- Тұрғын үй алу және бала бақшаға орналасудың қиындығы.

- Сауда, тамақтану орындарындағы т. б ірі кемшіліктер.

  • 1989 жылғы шілде -Қарағандыдағы 10-15 мыңдай адам қатысқан кеншілер ереуілі. Олар экономикалық және саяси талаптар көтерді:Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркәсібі министрі М. И. Шадовтың келуі кеншілерді тоқтатпады. Қазақстан КОКП-ның бірінші хатшысы Н. Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, кеншілермен бірінші рет кездескеннен кейін барып тоқтады. Кеншілер мен басшының көз қарасы бірдей болды:
  • Орталық монополияға наразылық.
  • Экономикалық дербестікті сақтау,

Республика басшылары кеншілердің талаптарын орындауға уәде берді.

  • Бұл оқиғалар жұмысшы қозғалысының елеулі саяси күшке айналғанын көрсетеді. Алайда КСРО басшылығы республика халқанаң әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне әлде де көңіл бөлмеді.

г) Экономикадағы проблемалардың тереңдей түсуі.

Басшылық 80-жылдары сыртқы саясаттағы және ішкі экономикадағы дағдарыстарды жеткілікті бағалай алмады. Ел басшылары бұл проблемаларды ескі әміршіл әдістермен шешуге болады деп есептеді.

1987 жылы басталған республика халық шаруашылығының құлдырауы терендей берді. Республика экономикасына халық шаруашылығының қалаптасқан салалық құрылымы кері әсер етті. Осылайша қалыптасқан экономикалық байланыстардың құрылымы тиімсіз болды. Республиканың экономикалық дамуында экстенсивті факторларының ролі өте жоғары болып қала берді.

80- ші жылдардың сонында Қазақстан сыртқы рынокқа неғұрлым белсенді шыға бастады:

- Экспортың 97 пайызы - шикізаттар, материалдар, жартылай дайын өнімдер.

- КСРО экспортындағы сары фосфордың-90%, мыстың-72%, барлық хром, қорғасын, мырышты қазақстан дайындады.

- Экспортқа шығарудан Қазақстан КСРО-да бесінші орында тұрды.

Республикада сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ұйымдастырылып, сыртқы экономикалық банкі құрылды.

  • 1990ж қарашада - алғаш рет «Аль-Баракка Банк Қазақстан» банкісі Сауд Арабиясымен бірлесе құрылды.
  • 1991 жылы сыртқы сауды 105 есеге дейін өсті.
  • Корея республикасының «Самсунг», «ГолдСтар» корпарациясымен байланыс нығайды.

1991 жылы экономикалық дағдарыс тереңдеп, еңбек өнімділігі 8, 7%-ға төмендед. Басқа республикалар кәсіпорындарының келісім - шартты орындамауы қиыншылықтар туғызды:Өнеркәсіп тауарлары бағасының қымбаттауы аграрлық жағдайдың дәрежесінқұлдыратты. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғында ауылшаруашылығының өнімі 8%-ға төмендеді. Мал саны күрт азайды. Колхоздар мен совхоздар қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсізге душар болды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің төмендеуінің себептері:

- 1986-1990 ж жем-шөп дайындау күрт төмендеді.

- Ауыл шаруашылығының техникаларының паркі ескірді.

- Экономикалық шаруашылық жүргізудің ескі формасы сақталды.

Салдары:

  • Ет, сүт, жұмыртқа тұрақты түрде жетіспеді.
  • Өнеркәсіп қалаларда
  • азық-түлік карточкалары еңгізілді.

Нәтижесінде :

  • Ақша эмиссиясы өсті.
  • Инфлияция шақырды.
  • Баға өсті.

д) 80-90 жылдардағы Қазақстан ауылдары.

1980 жылдан бастап ауыл тұрғындары бала туудың артуынан 325, 9 мың адамғы (4, 8%) көбейіп, 1991 жылы 7млн 124, 6 мың адамға жетті. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы артта қалды. Тұрғын үймен қамтамассыз ету XII бесжылдықта үздіксіз кеміп отырды.

Себептері:

  • Материалдық техниканың нашарлау.
  • Құрылыс материалдарының қымбат болуы,
  • Қаржының жеткіліксіз бөлінуі.

70-Жылдары басталған «болашағы жоқ» шағын ауылдарды жойып мектептерді, сауда орындарын, дәрігерлік мекемені қысқарту жүрді.

  • Совхоздар мен Колхоздардың 1/3-не жуығында типтік жоба мен салынған мектептер, клубтарболмады.
  • 400-ден астам шаруашылық тасымал сумен күн көрді.
  • Күнделікті тауарларға, балар бұйымдарының жетіспеушілігі көрінді.

Ауылдағы тұрмыс қажетін өтеу мекемелерінің жұмысы төмендеп кетті:

  • Қызмет көрсететін көлік - 979-дан 189-ға қысқарды.
  • Монша -4202-ден3482-ге азайды.
  • Телерадио деталье -334 -тен 226-ға кеміді.

Республика бойынша ең төменгі облыстар:Маңғыстау, Атырау, Жезқазған, Қызылорда.

Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформа саясатының салдарынан туындаған проблемар:

  • Өнімді өткізудің қиындығы. Жоғары салықтар.
  • Қарыз төлемдерінің артуы.
  • Мемлекетік қолдаудың болмауы.
  • Әлеуметтік қорғау жүйесінің төмендеуі. Ауырухана, мектептер, мәдениет үйлерінің жабылуы.
  • Көлік қызметінің қысқаруы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Конституцияға қайшы елсе
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Алаш қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі туралы
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz