Балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-8

1 БӨЛІМ. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 9

  1. Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау . . . 9
  2. Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері . . . 19
  3. Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары……… . . . 23
  4. Қарым-қатынасындағы проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама. . . . 28

1 Бөлімнің қорытындысы. . … . . . 34

  1. БӨЛІМ. ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. . . 37

2. 1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін зерттеу . . . 37

2. 2 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану

себептері . . . 49

2. 3 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері . . . 55

2 Бөлімнің қорытындысы . . . 57

  1. БӨЛІМ. СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ . . . 60Ұжымнан изоляцияланудың алдын алу жолдары . . . 60Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері . . . 65Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар . . . 69

3 Бөлімнің қорытындысы . . . 85

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 95

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Адам адам болып жаратылған соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағыларымен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез -құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағыолардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс -әрекетті ұйымдастырылуы жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбәр топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты

болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашанда тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама -қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама -қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар да жиі кездеседі.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу -тәрбие істерінде де елеулі орын алады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қоюға арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.

Қазіргі кезде мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез -келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектеп психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектеп сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауды қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі мектеп алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Диплом жұмысының мақсаты : Әртүрлі жас кезеңінде балалардың топтан оқшаулану себептерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі : Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңінде ұжымнан оқшауланған балалар.

Зерттеу пәні : Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасындағы оқшаулану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары.

Зерттеудің негізгі жорамалы : Мектеп жасына дейінгі және мектеп жас кезеңінде балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер :

  • Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
  • Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
  • Баланың ұжымнан оқшаулану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.
  • Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.
  • Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : Л. С. Выготскийдің балаңа комплексті, жүйелік формадағы іс -әрекетті ұйымдастыру теориясы, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың « жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады » қағидасы, О. Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым-қатынасқа түсу стиліне

байланысты, оның ата -анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлелдейтін зерттеулер - біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына ақау болады.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері : Топтағы оқушылардың бір -бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір -біріне тартымдылық деңгейін зерттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата -аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата -аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата -ана мен бала арасындағы қарым-қатынас шкаласы бала мінезіндегі кешеуілденуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылады.

Диплом жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез -құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекешеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасындағы оқушылардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық түрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала бақша және мектеп қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, топтан оқшаулану себептері ашылған, сондай -ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жұргізуге арналған кеңестер

мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектеп психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласы № 13 көп салалы гимназиясының мектепке даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: бітіру жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған 58 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі бет.

1 БӨЛІМ. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

  1. Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау

«Әлеуметтік изоляция», «оқшаулану», «ұялшақтық» - жалғыздыққа душар болған адамның жағдайын сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі - семантикалық жағынан жақын түсініктер.

Психология ғылымында осы бағыттағы зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Дегенмен қарым-қатынас мәселесіне байланысты анықталатын қарым-қатынасында өзгешелігі бар екенін сипаттайтын түсініктер кездеседі.

Түсіндірмелі сөздіктерде «изоляция» ұғымы медициналық және құқықтық терминологиялық мағынада түсіндіріледі. «Изоляция» - термині ауру адамды немесе қылмыскерді әлеуметтік ортадан мүлдем бөлектеп тастауымен сипатталынады.

К. Рубиннің ойынша «Әлеуметтік изоляция», «Әлеуметтік оқшаулану», «Тұйықтық», «Тежелгіштік», «Ұяңдық» сияқты терминдер шындыққа келгенде, әртүрлі феномендерді белгілейді. К. Рубин өз еңбектерінде «Әлеуметтік изоляция» терминін «Әлеуметтік оқшаулану» терминімен алмастырады. «Әлеуметтік оқшаулану» термині зерттеуші топ үшін жалғыздықты сипаттайтын әртүрлі формаларды жалпылаушы ретінде көрсетеді.

Т. Гутеил және Р. Шейдер еңбектерінде изоляция ұғымын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Олардың айтуы бойынша адамдардағы бостандықты шектеу - әрдайым үлкен жауапкершілікті іс. Тәрбие саласында баланың қандай да бір теріс қасиетіне байланысты өз бөлмесіне қамап қою, яғни бір өзін болдыру жазасы қолданылады. Көптеген балалар мұны қатаң сөгіс, жазалау деп қабылдамайды. Дегенмен кейбір балалар өзін мен қажетсіз адаммын, маған бәрі теріс қарайды деп сезінеді.

Медицина саласында изоляция ұғымы емдеу әдісі ретінде өз алдына, медикаментоздық емдеу мен психотерапияда қолданылады. Адам сырқаттанған кезде оны сыртқы қозу әсерлерінен қорғау мақсатында бөлмеде жалғыз ұстайды.

Изоляциялаудың негізгі әдісі - ауру адамды жеке, арнайы бөлмеде ұстау. Оның өзінің заңдық талаптары мен ережелері бар. Мысалы, әрбір 1-2 сағатта 10-20 минуттан бөлменің есігін ашып қойып ауру адамға күтім әрекеттері жасалады.

Медицина тәжірибесінде изоляторды құрудың төмендегідей принциптерін көрсетуге болады:

  1. Изоляциялану ауру адамға қауіпсіздік жағдайда болуы керек.
  2. Мықтылық, яғни изолятор ауру адамның агрессиялы әрекетіне әсер етпеуі керек.

Күшті психоз немесе жеке адам өзін -өзі тастап жіберуінің айқын көрінуі кезінде, былайша айтқанда адам оқшауланған жағдайда, ол адам тітіркендіргіштерге өте сезімтал болып келеді. Психотиптік кезде, алаңдаушылық, құлап қалу қорқынышы, қозғыш болып келеді. Кейде ауру адам қозғыш болатыны соншалық, өз әрекетін басқара алмайды, айналасындағы жағдайларға саналы реакция білдіре алмайды. Ал мұның барлығы қорқыныштың ең жоғарғы деңгейін тудырады. Ауру адамның палатада уақытша аз уақыт болса да жалғыз болуы, яғни айналасындағылардан шектелуі - қауіпсіздік, сенімділік сезімін тудырады.

Ауру адамның кеңістіктік бостандығы өзгеруіне орай, оның психикасында да өзгерістер бойқалады. Қозғыш ауру адам палатада, креслода кішкене жерде өзін еркін ұстайды. Мұндағы терапевтік эффект - тітіркендіргіштерден оқшаулануға қоса, айналасындағылардан қашықтықтық ұлғаюы ретінде болады.

Изоляция ұғымы - қабылдау, қарым-қатынас, әрекет және мінез -құлқы сферасында да қолданылады. Ендігі кезекте бұларға сипаттама беруге тырысайық.

  1. Қабылдау сферасындағы изоляция ­ изоляция кезінде біртекті жағдай құрылуына орай, сенсорлы информацияларды қабылдағысы келмейтін күйі көрінеді.
  2. Қарым­қатынас сферасындағы изоляция. Мұнда изоляция әрекеті - ауру адамды басқа адамдардан уақытша бөліп тастау көрінеді. Дегенмен мұнда изоляция ұғымы толық мағынада айтылып тұрған жоқ. Себебі ауру адам басқа ауру адамдармен, қызметкерлермен көрісіп араласа алады. Дегенмен, құрылған дистанция ауру адамның айналасындағыларды алдағы қорқыныш сезімін төмендетеді.
  3. Мінез ­құлық сферасындағы изоляция. Егер ауру адам өзінің әрекетін басқара алмаса, онда изоляция арқылы оны өзінен және айналасындағыларынан алшақтап бөлектеу арқылы агрессивті әрекет мүмкіндіктерінен арылу болады. Бұдан кейін онда кінәлілігін, ұялу сезімдері туындайды.

Изоляцияға көрсеткіш ретінде патогенездік жағдайдағы түрлі психикалық дамуында бірқатар ауытқулар көрінген жағдайда бола алады. Ауру адамды қоғамдық ортадан изоляцияламас бұрын, оны оқшаулаудың, яғни бөлектеуді алдын -ала мұқият ойланып және ресми тұрғыда дәлелді болатындай етіп алу қажет.

Біз оқыған әдебиеттеріміздің көмегімен медицина тәжірибесінде қолданатын оқшаулаудың бірқатар ережелерін көрсете отырып, оны психология ғылымында қолданатын жағдайға орай түсіндіреміз.

Жалпы адамды топтан изоляциялаудың өзіне тән ережелері болады:

  1. Адамның өз қалауы бойынша оқшаулау, мұны ұжыммен байланыстыратын болсақ, оқушы сыныпта өзіндік ерекшеліктері мен қалауы бойынша бөлек жүруді ұнататындығын көрсетеді.
  2. Дәрігерлік емдеу мақсатында жоспарлы түрде құрылуы мүмкін. Ал мұны психология тәжірибесімен байланыстыратын болсақ, кей жағдайда баланың өз мінез­құлқындағы теріс қылықтарды жөндеу мақсатында мұғалім ол баланы топтан оқшаулата отырып, жеке әрекеттер орындату арқылы, жалғыз өзі орындату шараларын қолдану

негізінде психологиялық коррекциялық жұмыстар жүргізілетінін

көрсетуге болады.

  1. Медицина саласында изоляциялау әрекеті емдеу әдісіне қосымша ретінде қолдану сияқты педагогикалық тәжірибеде де бала тәрбиесінің әдіс ­тәсілдеріне қосымша қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
  2. Медицинада эффекті емес әдістердің орнына қарай изоляция белгіленуі сияқты психологиялық іс­шараларды балаға қолданылған тәрбиелік әдістер тиімсіз жағдайда оны жалғыз қалдырып, оқшаулау арқылы жаза қолдану негізінде жүргізілуі мүмкін.

Жалпы адамды әлеуметтен оқшаулау, яғни изоляциялау өз еркі немесе міндетті түрде болып бөлінеді. Міндетті изоляция экстремалды жағдайда қолданылуы мүмкін. Изолятор бөлмесі ауру адамға да оған қарайтын қызметкерлерге де қауіпсіз болу қажетті. Изоляция адамға өзінің қауіпсіздігі үшін жасалатындығын, ол адам үнемі бақылауда болатындығын, кейін босатылатындығын ескерту қажет.

Медицина саласындағы изоляциялау әдістемесі төмендегі схема бойынша жүргізіледі. Мұны кейінірек педагогикалық тәжірибеде қолдану ерекшеліктерімен түсіндіреміз.

  1. Изоляциялау көрсеткіштері сипатталады, қандай адам изоляцияланатындығы сипатталады ;
  2. Изоляциялау тактикасы анықталады.
  3. Изоляцияланатын бөлмеге қойылатын талаптар сақталынады.
  4. Изоляцияны өткізу ережелері саөталынады.
  5. Изоляцияны аяқтау ережелері нақты көрсетіледі.

Изоляцияны қолдануда ауру адамға кері әсер ететін жағдайлар да кездесуі мүмкін, яғни кейбір басқа эффектілер көрінуі мүмкін.

Медицина саласында қолданатын изоляциялаудың құқықтық аспектілерінде айтып кеткен жөн.

  1. Түрмелік сипатта жалғыз ұстау қажет болған жағдайда сот шешеімі қажет. Ал көптеген заңгерлер мұндай әрекеттер зиянды әрекет деп санайды.
  2. Кейбір заңгерлердің көзқарастары бойынша психикалық бұзылуларды ауруға жатқызбайды. ( Т. Шаш еңбектері ) .
  3. Сондай­ақ заңгерлер адамды изоляциялау емдеу жолы емес, оны қоғамнан оқшауландыру деп есептейді. Сондықтан көптеген заңгерлер қысқа мерзімді изоляциялық ұғымды ұстанады.

Ендігі көрсетілетін изоляциялау ережелері изоляциялауды басқару ретінде қолданылатын талаптар болып табылады.

  1. Изоляцияланатын адаммен жұмыс істейтін адамдар изоляцияланудың медициналық, құқықтық және этикалық ережелерімен танысуы қажет.
  2. Изоляциялануда адамнан рұқсат алады, рұқсат берілмеген жағдайда, күштеу мүмкін ( медицина немесе заң саласы бойынша ) .
  3. Ауру адамға жауапты жанұя мүшелеріне тез арада байланыс жасау қажет. Олардың сұрақтарына жауап беру қажет. Дегенмен дәрігерлік құпияны ұстану керек.
  4. Изоляциялауды белгілеу парақта түсінікті етіп тіркелуі тиіс.
  5. Шұғыл жағдайларда ауру адам дәрігермен телефон арқылы хабарласуға болады. Американ психиатрлары изоляциялану ұстаным уақыты бойынша изоляцияланған адамды алғашқы 3 сағатта әрбір 30 минут сайын үнемі бақылап отыру қажет деп есептейді.
  6. Изоляцияланатын адам медицина қазметкерлерімен алдын ала мүмкіндігінше талқыланады. Жоспар бойынша изоляциялану изоляция арқылы аурудың қай жақтары емделетіндігін алдын ала көрсетілуі қажет.

Ендігі кезекте осы айтылғандарды педагогикалық тәжірибеде қолдануға байланысты сипаттауға тырысайық.

Педагогикалық саладағы изоляциялау әдістемесі төмендегі схема бойынша жүргізілуі мүмкін.

  1. Изоляциалау көрсеткіштері сипаталады, қандай адам изоляцияланатындығы сипатталады, яғни баланы не себептен топтан оқшаулау керектігі туралы мәлімет болуы керек. Баланың жеке даралық ерекшеліктері мен эмоциялық әсерлігіштігіне орай
  2. кейінгі жағдайда психологиялық жарақаттың болмайтындығына сенім болу керек.
  3. Изоляциялау тактикасы, яғни баланы ұжымнан оқшаулаған жағдайда оған қандай технология қолданылатындығын анықтап алу керек.
  4. Изоляцияланатын жағдайлар мен ситуацияларға қойылатын талаптар міндетті түрде сақталыну қажет.
  5. Изоляцияны өткізу барысы балаға ешқандай теріс әсер етпеу керек.
  6. Изоляцияны аяқтау жағдайларында одан шыққан нәтиже мүмкіншілігінше толығымен, нақты көрсетілуі қажет.

Оқушының топтан изоляциялану жағдайларында оған кері әсер ететін жағдайларда кездасуі мүмкін, яғни кейбір басқа мұғалім күтпеген нәтиже, эффектілер көрінуі мүмкін.

Әрбір мұғалім педагогика саласында қолданатын изоляциялаудың құқықтық аспектілерін міндетті түрде білуі шарт.

  1. Түрмелік сипатта жалғыз ұстау қажет болған жағдайда сот шешімі, сондай­ақ ата­ана рұқсаты қажет. Ал көптеген ата­аналар мен заңгерлер мұндай әрекеттер зиянды, балаға теріс әсер етеді деп санайды.
  2. Кейбір ата­аналар мен заңгерлердің көзқарастары бойынша баланың мінез­құлқында дөрекіліктер мен теріс қылықтар болған жағдайдың өзін де оны психикалық бұзылуларға жатқызбайды.
  3. Сондай­ақ ата­аналар мен заңгерлер баланы топтан оқшаулау баланың мінез­құлқын жөндеу жолы емес, оны қоғамнан оқшауландыру деп есептейді. Сондықтан көптеген мұғалімдер, ата­аналар, заңгерлерлер баланың ұжымынан оқшаулану мерзімі қысқа болғанды дұрыс көреді.

Мектеп қабырғасында көрінетін баланың ұжымынан оқшаулану жағдайлары бірнеше себептің негізінде болады. Мұны біз зерттеуіміздің басқа тарауларында кейінірек кеңінен тоқталамыз. Дегенмен балалардың өз арасында туындаған оқшаулану жағдайларын сынып мұғалімі аңғарысымен ­ақ оны

тиімді және дұрыс басқаруды, оны басқаруға қойылатын талаптардың тиімді жүзеге асырып отыру қажет.

  1. Изоляцияланатын адаммен жұмыс істейтін адамдар, топтан оқшаулап тастаған оқушылар изоляцияланудың педагогикалық құқықтық және этикалық ережелермен танысу қажет . ережелерді білмеген жағдайда сынып жетекшісі сынып оқушыларымен әңгіме жүргізуі қажет.
  2. Баланы ұжымнан оқшауламас бұрын, оған алдын -ала ескерту жағдайлары, өз кемшіліктерін жоюға мүмкіншіліктер берілу қажет тек одан нәтиже шықпаған жағдайда ғана күштеу мүмкін.
  3. Оқушылар арасында туындаған мұндай жағдайдағы оқшауланған баланың ата-анасымен немесе балаға жауапты жанұя мүшелері мен тез арада байланыс жасау қажет. Олардың мұндай жағдайдың не себептен туындағандығын білгісі келген сұрақтарына жауап беру қажет.
  4. Сыныпта болып жатқан бұл процессті мұғалім үнемі бақылап, қадағалап, ситуацияларды белгілеу арқылы парақты түсінікті етіп тіркеп отыруы тиіс.
  5. Шұғыл жағдайларда бала мұғаліммен кеңесе алатындай жағдайда ыңғайластыру керек, яғни бала ең болмағанда мұғалімге шағымдануға болатындығын сезіне алу керек. Ұжымда оқшауланған баланы аңғара салысымен-ақ мұғалім оны алғашқы күндері жиі бақылау арқылы ондағы эмоциялық күйлерді үнемі бақылап отыру қажет.
  6. Оқушылар арасында өздері оқшауланып тастаған бала туралы мұғалім басқа балалармен оның соңы немен аяқталатынын алдын ала мүмкіншілігінше талқылап алған жөн. Олармен оқашылардың ойлары бойынша баланы ұжымнан оқшаулау арқылы оның қай жақтары жөнделетіндігін алдын ала көрсете алатындай болу қажет.

1. 2 Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері.

Қарым­қатынас ­ жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, содай­ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым­ қатынас жасайды. Қарым­ қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екендігін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым ­ қатынастың рөлі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері
Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері
Балалардың үлкендермен қарым-қатынасы
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас сферасы
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым-қатынасына сипаттама
Өзара түсіністікті қалыптастырудағы педагогикалық ілімдер
Қиын балалардың психологиялық-педагогикалық жағдайлары және оларға көмек көрсету жолдары
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Сәбилік кезеңде балалардың үлкендермен қарым-қатынас рөлі
Девиация - әлеуметтiк - педагогикалық проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz