Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы


Кіріспе
Қазақстан табиғат жағдайларын зерттеу тарихы өте ұзақ және әріден адам баласы мәдениеті дамуының ежелгі кезеңінен басталады. Мұның басты екі себебі бар. Біріншіден, қазақ жері Еуразияның орта тұсында-Еуропа мен Азия елдерін бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған жолдардың торабында орналасқан. Сонау ежелгі заманнан бері қазіргі Қазақстан жеріндегі керуен жолдар арқылы Жерорта теңізіндегі елдермен, Орта Азиямен және Қытаймен сауда-саттық жүргізілген. Әсіресе Қытай мен Монғолиядан шығып, Жоңғар қақпасымен Жетісу арқылы Тянь-Шаньның солтүстік бөктерлерін жағалай отырып Бұхар асқан, сол сияқты Орта Азиядан шығып, Хиуа арқылы немесе Сырдарияны бойлай Каспий ойпаты арқылы Еуропаға тартқан жолдарда керуендер бірінен соң бірі тынбай ағылып, кейінірек Орта Азиядан шығып орыс қалаларына қатынайтын керуен жолдары Қазақстан жерін басып өтетін болған.
Екіншіден, кең-байтақ даланы қоныстанған көшпенді ел тауар өткізетін қолайлы аймақ, ал оның жер байлығы арзан шикізат көзі ретінде әрқашан да көрші назарын өзіне тартты. Геологиялық құрылымның тым күрделі болуына орай Қазақстан жер қойнауында алуан түрлі пайдалы қазбалардың аса бай қоры сақталған. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың қойнауынан табиғатта кездесетін қазба байлықтарының бәрі дерлік табылып, зерттелді. Мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, борат, алтын, тас көмір, мұнай және марганец қоры жөнінен Қазақстан одақтас республикалар арасында жетекші орын алады. Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып білудің ұзақ тарихы бар. Қазақстанның батыс және оңтүстік бөліктерінің табиғат жағдайлары туралы алғашқы мағлұматтар ежелгі замандарға жататын деректерде-парсы жазбаларында, грек және рим ғалымдар мен жазушыларының, қытай және араб саяхатшыларының шығармаларында ұшырасады.
XVI-XVII ғасырлардан бастап Қазақстан табиғатын зерттеуде орыс саяхатшылары жетекші орынға ие болады. Ең алғаш қазақ жеріне келген саудагерлер мен әскери шенеуніктер қазақ халқы, оның жерінің табиғаты туралы түрліше деректерді орыс үкіметіне үзбей мәлімдеп тұрды. Соның нәтижесінде қазақ жері туралы географиялық деректер жинақтала берді.
Қазақстан жеріндегі географиялық ұғымның онан кейінгі өркендеп қанат жаюы бауырлас екі халықтың-орыстар мен қазақтардың өміріндегі аса ірі тарихи оқиғаға-Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты болды. XVIII ғасырдың 30-жылдарында басталған бұл оқиға XIX ғасырдың 60-жылдарында түгелдей аяқталды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанның табиғат жағдайларын жүйелі зерттеу ісі қолға алынды.
XIX ғасырдың екінші жартысында физикалық-географиялық зерттеу жұмыстарының барысында Қазақстанның Ресейге қосылуына орай туған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсері тиді. Бұл қосылудың Қазақстанның қоғамдық дамуында үлкен прогрестік маңызы болды. Орыстар байырғы халықтың мәдениетінің, ғылымының өсе түсуіне әсер етті. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстан табиғатын зерттеу кең көлемде жүргізілді. Бұл зерттеулердің негізгі мақсаты халықтың әлауқатын ұдайы жақсартуға және халық шаруашылығының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыруға бағытталған. Мұның өзі жаңа шикізат көздерін ұдайы іздеп табуды талап етіп қана қоймай, сонымен бірге бұрыннан белгілі табиғат ресурстары мен географиялық ортаны тұтастай тиімді пайдалануды көздеді.
Қазақстанды ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейін географиялық жағынан зерттеулердің басын қосып, біріктіріп жазылған еңбектер аз. Әсіресе төңкеріліске дейінгі кезең жеткіліксіз зерттелінген.
Төңкерілістен бұрын республиканың жекелеген аудандарын зерттеген материялдар М. Н. Богдановтың, И. В. Мушкетовтың және П. П. Семеновтың Түркістан өлкесі мен орыс географиялық қоғамының тарихына арналған шолуларына пайдаланып жинақталынды. Арал теңізі мен Зайсан көлін зерттеу тарихы Л. С. Берг пен А. Н. Седельниковтың жазбаларында баяндалған. Алайда аталмыш еңбектер және басқалары ұланғайыр республика территориясының жекелеген аудандарын географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының кейбір кезеңдерін ғана қамтиды.
Елуінші жылдардың басында ғана И. П. Герасимов пен С. Н. Рязанцевтің шолу ретінде жазылған мақалаларында Қазақстан табиғатын географиялық тұрғыдан зерттеу тарихының негізгі кезеңдерінде тұңғыш рет сипаттама берілді. Төңкерілістен бұрынғы уақытта республика территориясын танып-білудің тарихы Қазақстан географтары А. П. Горбунов пен Ә. Бірмағамбетовтың т. б. еңбектерінде ішінара қамтылды.
Ал, Ресей мен Орта Азия республикаларының территорияларын физикалық-географиялық жағынан зерттеп, ашу мәселелерін қарастыратын толып жатқан еңбектерде Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихына қатысты жекелеген материалдар ұшырасады. Бұлардың қатарына Л. С. Бергтің, Д. М. Лебедевтің, Э. М. Мурзаевтің, В. А. Есаковтың, А. А. Азатьянның, О. В. Маслованың, В. Н. Федчинаның, В. М. Четыркиннің, Х. Х. Хасановтың, Р. Л. Югайдың, С. Өмірзақовтың, Э. Н. Донцованың, Р. Рахымбековтың және басқаларының зерттеулерін жатқызуға болады.
Осы авторлардың еңбектері нәтижесінде Қазақстан жерін танып-білу тарихының талай-талай қызғылықты да көңіл аударарлық беттері ашылды. Олардың қазіргі Қазақстан табиғатының экологиялық тұрғыдан қарап тануда табиғаттың өткен кездегі жағдайларына талдау жасауда бүгінгі ғылым үшін айрықша маңызы бар.
Түрлі кезеңдерде Қазақстан табиғатын зерттеудің сипаты мен ерекшеліктері оның тарихи даму жағдайына ықпалын тигізетін елдердің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне тығыз байланысты болды. Сондықтан Қазақстанды дәуірлерге бөлу ең алдымен жалпы тарихи дәуірлерге бөлуге негізделеді. Сонымен бірге әр кезеңдегі зерттеу сипатының өзіндік ерекшеліктері де есепке алынады.
... жалғасыЕжелгі және орта ғасырларда қазақ жері туралы географиялық сипаттағы деректерді кездейсоқ адамдар, саудагерлер немесе елшілер алып қайтқан. Мұндай деректер батыс еуропа, қытай және араб саяхатшылары мен географтарының жазбаларында кездеседі. XVΙ-XVΙΙ ғасырларда қазақ жеріне бір отарлыққа бағынып, жаңадан күшейе бастаған Ресей мемлекеті көз тікті.
Қазақстан табиғатының зерттелуіндегі бұл бірінші кезең жер бетіндегі көрінерлік нысандардың атаулар тізімі жайында деректер жинау кезеңі болды.
XVΙΙΙ ғасырдың 30 жылдарынан Ресей қазақ жерін жаулап ала бастады. Жаңа елді танып, білу жайында мағлұмат жинау оны жаулап алу және бағындыру мүддесіне сай жүргізіліп отырды (бекініс қоныстар мен шептер құру үшін жер бетін картаға түсіру, жергілікті халықтар жайында экономикалық мағлұматтар жинау, қатынас жолдарын барлау т. с. с. )
XΙX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресей имперализм даму сатысында көтерілген кезде Қазақстан табиғатын зерттеу ешқандай бүкпесіз айқын отарлық сипат ала бастады. Зерттеу жұмыстары темір жол салу, пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру, қоныс аударушыларды орналастыру, егіншілікке қолайлы жер іздестіру, жаңадан орнаған елді мекендерді сумен жабдықтау т. б. нақты шаруашылық талаптарына қызмет етті. Арнайы ғылыми экспедицияларды ұйымдастыруға Орыс география қоғамы мен оның бөлімшелерінен басқа Қоныс аудару басқармасы, Геологиялық комитет, түрлі темір жол бірлестіктері т. б. ғылыми қоғамдар ат салысты.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, Қазақстан табиғат жағдайларын зерттеу тарихын төрт дәуірге бөлеміз.
Тарихи-географиялық ғылыми мәселелердің ішінде зерттеулерді дәуірлерге бөлудің, идеялар мен тұжырымдардың дамуы және жалғастығы тұрғыдан зерттеудің де айрықша мәні бар.
Дәуірлерге бөлу - география тарихын зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл ғылымды дамытудың басқа мәселелерін жолға қойып, дұрыс шешуге мүмкіндік туғызды. Бұл белгілі бір пәннің, яғни ол зерттейтін процестің өз құрылымын, табиғатын айқындайды
Қазақстан табиғатының зерттеу тарихы да, жалпы алғанда географиялық білімдер тарихын дәуірлерге бөлумен сабақтас. Алайда оның кейбір өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тарихын дәуірлерге бөлуде бұл еңбекте Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың даму барысы негізге алынды.
1-дәуір. Ежелгі заманнан XVΙΙΙ ғ. 30-жылдарына дейінгі аралық.
2-дәуір. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі жалпылама географиялық зерттеулер дәуірі.
3-дәуір. Қазақстан табиғатының Ресей империясының боданы кезінде зерттелуі (XΙX ғ. 60-жылдарынан 1917 ж. дейін) .
4-дәуір. Қазақстан табиғатының кеңес үкіметі жылдарында және онан кейінгі кезеңде жан-жақты зерттелуі.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында Л. С. Бергтің, А. И. Левшиннің, Ю. Н. Бессонов пен В. Я. Якубовичтің, Ш. Ш. Уалихановтың, Ә. Б. Бірмағамбетовтың, Ә. С. Бейсенованың, М. Өтемағанбетовтың, т. б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Осы авторлардың еңбектері нәтижесінде Қазақстан жерін танып-білу тарихынан көкейімде жүрген талай-талай сұрақтарға жауап алдым. Олардың қазіргі Қазақстан табиғатының экологиялық тұрғыдан қарап тануда табиғаттың өткен кезеңдегі жағдайларына талдау жасауда бүгінгі ғылым үшін айрықша маңызы бар. Осының негізінде мынадай тарауларға жіктедім:
1-тарау. XIX ғасырдың 60 жылдары мен XX ғасырдың басында Қазақстан табиғатынын зерттелуі.
2-тарау. Осы кезеңде туған физикалық-географиялық жаңа ой-пікірлердің дамуы.
2. 1. Арал-Каспий ойпатының геологиялық-географиялық проблемалары.
2. 2. Тянь-Шань тау жүйесінің орографиялық-тектоникалық проблемалары.
2. 3. Физикалық-географиялық аудандастыру проблемалары.
Бұл дипломдық жұмысты өз Отанымның сол кездегі Қазақстан табиғатының зерттелу тарихына, республика табиғаты ресурстарының байлығын танып-білудің кезеңдері мен дәуірлерін айқындауға, бұрынғы зерттеулердің физикалық-географиялық ұғымға қосқан үлесін тануға, республика территориясына байланысты туған ғылыми идеялар мен тұжырымдарды тереңірек білу мақсатында өте қызыға отырып, бар ынтаммен жаздым.
I-тарау. XIX ғасырдың 60 жылдары мен XX ғасырдың басында Қазақстан табиғатының зерттелуі
XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақстанның ұзаққа созылған Ресейге қосылу процесі аяқталды. Бұл тарихи оқиға Ресейдің қоғамдық-экономикалық даму жолындағы үлкен өзгеріс феодализмнен капитализмге өту кезеңіне тұтас келді. Орыс үкіметі ендігі жерде Қазақстанға тауар өткізетін рынок ретінде ғана емес, сонымен бірге шикізат қөзі ретінде де қарай бастайды. Соған орай зерттеу жұмыстары пайдалы қазбаларды зерттеу қазбалары пайдалы қазбаларды іздеу, темір жол салу, егістік жер қорын кеңейту, жер беті мен жер асты су қорларын пайдалану бағытындағы нақты іс сипатын алды. Өткен дәуірдегі жалпы географиялық зерттеулердің орнына бірінші кезекке арнаулы геологиялық, гидрологиялық, топырақтану, ботаникалық, зоологиялық т. б. салалық зеріттеулер қойылды.
Бұл дәуірде Қазақстанның түпкір-түпкірінен жіберілген геологиялық экспедициялар пайдалы қазба кен орындарын барлауға бағытталды.
1864 жылы тау-кен инженері А. С. Татаринов Тарбағатай жотасында ашылған қазба-байлықтарын барлау мақсатымен осы өңірге келді. Мұның мағлұматтары әсіресе Тарбағатай жотасындағы тау жыныстарының құрамы жөнінен А. Г. Влангалидің бақылауларын толықтырды.
1865-79 жылдары А. Татаринов Оңтүстік Қазақстандағы Ленгер, Келтемашат, Боралдай қоңыр кен орындарын ашты. Көмір кендерін барлауға байланысты Маңғыстау түбегіндегі П. П. Дорошин, Н. П. Барботде Марни, Н. И. Андурсов геологиялық зерттеулер жүргізді. Түбектің тектоникасы мен стратиграфиясы туралы қазан төңкерілісіне дейін жиналған мәліметтер Н. И. Андрусовтың «Маңғыстау» деген еңбегінде /1915/ қорытылып, бір жүйеге келтірілді.
Бұдан біршама кейінірек (1869 жылы) П. П. Дорошин Маңғыстау түбегінде геологиялық зерттеулер жүргізіп, мұндағы Ақтау және Қаратау тауларының түрліше шөгіділерден жаралу ерекшеліктерін дәлелдеді, сондай-ақ таулардың қай кезде пайда болғанына ғылыми анықтама берді. Аталған таулардың құрамында үштік кезеңдегі және бор дәуіріндегі шөгінділердің барлығы бұрыннан мәлім болатын. Бұларға қоса П. Дорошин Маңғыстау тауында юралық жүйе шөгінділерінің де кездесетінін байқады.
XIX ғасырдың 70-жылдары көтеріліске шыққан жергілікті халық қытайлықтарды Іле алқабынан қуып жіберді. Қазақстанның оңтүстік- шығыс бөлігінің орыстардың иелігіне көшуі ғалымдар мен саяхатшыларға Жетісудың Қытаймен шекаралас жатқан беймәлім тау жоталары мен алқаптарын танып-білуге жол ашты.
Шығыс Тянь-Шаньның Қазақстанға қарайтын бөлігін алғашқылардың бірі болып зерттеген А. А. Шепелев Жетісудың тұңғыш картасын жасап, Шығыс Тянь-Шань жоталарының бар екенін дәлелдеді.
1871 жылы инженер Фишер Іле өзенінің бойында Іле поселкесі мен Құлжа қаласының аралығында гидрографиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, өзен жағаларының толық топографиялық және гидрографиялық сипаттамасын берді, судың тереңдігін анықтады, кеме жүзетін арнаны белгілеп, Іле өзенінде кемемен тасымал жұмысын дамытуға мүмкін екенін дәлелдеді.
1875 жыл мен 1878 жылдың аралығында Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі Г. Д. Романовский мен ол кезде әлі жас геолог И. В. Мушкетов Жетісуда және Қазақстанның оңтүстік аймағында геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысты.
1865-79 жылы И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский Арал маңы, Қаратау, Солтүстік Тянь-Шань, Оңтүстік Балқаш маңы, Тарбағатайда геологиялық зерттеулермен айналысты. Жиналған мәліметтер Түркістанның тұңғыш геологиялық картасына енді. Картада бүкіл Оңтүстік Қазақстан жері қамтылды. Осымен бірге И. В. Мушкетов Орта Азияның таулы және жазықтық бөлігінің геологиясы мен физикалық географиясына арналған 2 томдық «Түркістан» деген еңбегін жазды. Г. Д. Романовскийдің Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген көп жылғы геологиялық зерттеулерінің нәтижелері «Түркістан өлкесінің геологиясына арналған материалдар» (1878-1884 жылдар) атты күрделі еңбегінде жарияланған. Ол И. В. Мушкетовпен бірлесіп, Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын (1884 жыл) жасады.
XIX ғасырдың 90 жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанға көрнекті геолог К. И. Богдановичтің басшылығымен бірнеше экспедедиция ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде Солтүстік және ішінара Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше кен орындары (Екібастұз т. б. ) ашылды. Сол сияқты XX ғасырдың бас кезінде Ақтөбе-Торғай-Ақмола-Семей және Семей-Верный темір жол желілерін жобалауға байланысты геологиялық, гидрогеологиялық, орографиялық т. б. мағлұматтар алынды.
1870 жылы А. А. Тилло Торғай және Орал обылыстарында нивелирлеу жұмыстарын жүргізді. Кейінірек (1874) Орыс география қоғамының тапсыруымен Арал мен Каспий теңіздері деңгейлерінің айырмасын анықтау жұмыстарымен айналысты. Экспедиция бұрынғы өлшеулерге қарағанда бұл айырма екі еседей қөп екендігін анықтады (74м) . Арал деңгейінің биіктігін дәл өлшеу оның ауытқу мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік берді. Экспедиция нәтижелері Үстірттің орографиясы туралы ұғымға өзгеріс енгізді. Оның жер беті тегіс емес, белесті екендігі анықталды. Гипсометриялық картада Асмантай-Мантай және Сам қөлдері алып жатқан ойыс Өлі Қолтыққа қарай ашық болып келетін қазан шұңқыры сипатын алды.
1874 жылы Орыс географиялық қоғамы Арал-Каспий бассейніне Н. Г. Столетов басқарған арнайы экспедиция жасақталды.
Гидрографилық тұрғыдан алғанда Н. Г. Столетов экспедициясы сол аймақтағы өзендер мен көлдердің жүйелерін және Амудария атырауының тармақтарын зерттеді. Олардың бәріне судың тереңдігін өлшейтін, ағыстың жылдамдығын анықтайтын, түбіндегі топырағының қасиеттерін зерттейтін аспап-құралдар қойылды.
Экспедицияның гидромереорологиялық саладағы жұмысы да айтарлықтай табысты болды. Аға метеоролог, Ф. Б. Дорандт бір жердің (соның ішінде Қазалы қаласының, Ново-Александров бекінісінің, Ырғыздың және т. б. ) географиялық бағыттарын айқындады, тал түс кезіндегі күннің көзіне қарап 167 рет уақыт өлшемін және 19 рет ендікті анықтады. Бұған қоса экспедиция мүшелері 176 рет абсолютті магниттік бақылау жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Қызылқұм шөлінің климаты бойынша құнды материалдар жинады.
XIX ғасырдың соңғы кезінде Қазақстанның жеке аудандарының гипсометриясы жайында арнаулы және темір жол желілерін жоспарлауға байланысты жүргізілген нивелирлеулер нәтижесінде нақтылы деректер алына бастады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орынбор- Ташкент, Александров-Гай-Әмударияның сағасы, Оңтүстік Сібір, Ақтөбе-Торғай-Семей, Семей-Верный магистральдары бойынша нивелирлеу жұмыстары атқарылды. Дәл нивелирлеудің нәтижесінде жиналған мәліметтер жеке аудандардың орографиясы туралы түсініктерді қайта қарауға мәжбүр етті. Мәселен, Үстірттің жер беті солтүстігінен оңтүстігіне қарай да үлкен мөлшерде өзгеретіндігі белгілі болды. Мұндағы темір жол желісі жоспарланған сызықтың бойындағы абсолют биіктіктердің айырмасы 128, 8 м-ге жететіндігі есептелініп шығарылды. Теңіз деңгейінен төмен жатқан алқап Каспий маңы ойпатын түгелдей қамтымайтындығы анықталып, оның шегі белгіленді. Сол сияқты Торғай үстіртінің, Сарыарқаның т. б. аудандардың орографиялық ерекшеліктері анықталды. Нивелирлеумен қамтылмаған аудандар Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының гипсометриясына байланысты кейбір деректерді А. К Мейстер жариялады. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л. С. Бергтің еңбектері ерекше орын алады. Оның Арал проблемасына байланысты XX ғасырдың басында жүргізген зеріттеулері Солтүстік Арал маңы рельефін танып білуде аса маңызды орын алады. Ғалым Арал теңізінің солтүстік жағалауында жел әрекетінің нәтижесінде төрткүл, ампитеатр, беткейдегі қуыс, жел ойыс т. с. с. рельеф формалары түзілетіндігін анықтады. Сонымен бірге жел ойыс рельеф формаларын түзуге де қатысатындығы белгілі болды (жел үру қазан шұңқыры) .
Л. С. Берг қазақ жерінде жиналған деректерін көлемді геморфологиялық қорытындылар жинауға да пайдаланды.
«Орыс шөлдерінің пішіндері» деген еңбегінде Орта Азия мен Қазақстан шөлдері туралы жинаған мәліметтерін қорыта келіп, құмды шөлдерде дюна, барқан, қырқа құм, төбешікті құм рельеф түрлерін ажыратты. 1913 жылы жарияланған «Сібір мен Түркістанда ландшафтық және морфологиялық обылыстарға бөлу тәжірибесі» деген қөлемді мақаласында Қазақстанның жазықтық бөлігін 5 геоморфологиялық обылысқа жатқызды. Олар: Батыс Сібір, Торғай төрткіл өлкесі, Үстірт, Қырғыз (қазақ) қатпарлы өлкесі, Түркістан ойпаты. Бұл аталғандардың ішінде дербес геоморфологиялық бірлік ретінде Л. С. Берг тұңғыш бөлген Торғай төрткүл өлкесі, Қырғыз қатпарлы өлкесі және Түркістан ойпаты ғылыми географиялық әдебиетке түпкілікті енді.
Қазан төңкерілісіне дейінгі дәуірде Қазақстан климатының сипатын анықтайтын нақтылы деректер жинала бастады. Тұңғыш метеорологиялық станциялар 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғызда орнады. Станциялар саны XX ғасырдың басында Қоныс аудару басқармасының қызметіне байланысты едәуір көбейді. Дегенмен олардың жалпы саны төңкеріліс қарсаңында 43-ке ғана жетті және территория бойынша өте ала-құла орналасты. Меторологиялық станциялар негізінен егіншілік аудандарда шоғырланды, ал шөлді және биік таулы аймақтарда бірде бір станция болған жоқ. Дегенмен осы аздаған метеостанциялардың бақылау нәтижелері сол кездің өзінде-ақ қорытыла бастады. Б. А. Скалов Батыс Қазақстанды орташа температуралардың және жауын-шашынның таралуына қарай үш климаттық өңірге бөлді (1907) . Оның климаттық өңірлері кейінірек табиғат зоналарын бөлуге негіз болды. Осымен қатар, азынаулақ метеорологиялық бақылау мәліметтері орыс шаруалары қоныс аударып келген әкімшілік аудандарының (обылыстардың, уездердің, болыстардың) табиғи-тарихи сипаттамаларына енді.
Қарастырылып отырған дәуірде Қазақстан көлдерінің зерттелуі көбінесе Л. С. Бергтің атымен байланысты. 1898-99 жылдары Л. С. Берг П. И. Игнатьев және В. Д. Елпатьевскиймен бірге Солтүстік Қазақстанның Батыс Сібірге жатысты бөлігіндегі Қызылқақ, Теке Сілетітеңіз көлдерін зеріттеуге қатынасты. Осы алғашқы зерттеулер нәтижесінде жариялаған тұңғыш географиялық сипаттамасында (1901) Л. С. Берг комплекстік-генетикалық лимонологияны негіздеуші ғана емес, болашақ географ-ландшафттанушы ретінде де бірден қөзге түсті. Ол өзінің географиялық сипаттамасында көлдерді жан-жағынан қоршаған географиялық ландшафтан туындайтын айрықша табиғат кешені ретінде қарастырады. Көлдердің өзендегі және су жинайтын алабындағы процестер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста дамитындығын көрсетті. Л. С. Бергтің анықтағанындай Сілетітеңіз, Қызылқақ және Теке көлдері деңгейінің айтарлықтай көтерілу факты сол кезге дейін география ғылымында орын алып келген Азияның ішкі бөлігінің климаты тарихи кезенде бір беткей құрғап бара жатыр деген теорияға қарама-қайшы келді. Бірақ бұл теорияның терістігін дәлелдеу үшін шағын аудандағы қысқа мерзімді бақылаулар жеткіліксіз еді. Сондықтан ғалым Қазақстан мен Орта Азияның басқа аудандарында зерттеу жұмыстарын жалғастыруды жөн көрді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz