Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер



1 Банк ісінде тәуекел
2 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері және олардың классификациясы
Тәуекед гректің ridskon, ridsa, италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque» қазақша «қауіп», «қатер» деген адағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиялық сапасын көрсетеді.
Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын бір жағынан алғанда банктік пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы «яғни, экономикалық орта, конъюктурамен байланысты «сыртқы») және эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Тәуекед гректің ridskon, ridsa, италиянның risiko және француздың
тілінде risque қазақша қауіп, қатер деген адағына береді. Ал латынша
rescum сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін
нәрселердің бірін білдіреді
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз
қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған
жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері
бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу
ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен
болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады.
Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару
шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы
қатынасына мән беруге тиіс.
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің
ресурстарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды
жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы
банктің стратегиялық сапасын көрсетеді.
Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың
салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын бір жағынан алғанда банктік
пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың
пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында
айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен
кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны,
экзогендік факторлар жиынтығы яғни, экономикалық орта, конъюктурамен
байланысты сыртқы) және эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате
қызметінен пайда болатын ішкі) бойынша ажыратылады. Сонымен, банктік
тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
Банктік тәуекелдің әсер ету және кызмет ету аясы.
Банк клиенттерінің құрамы.
Банктік операциялар сипаттамасы.
Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және
ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер
жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай
факторлардан пайда болады.
Саяси- бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік
органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару
және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да
саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.),
этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің поляризациясы
және т.б.
Құқықтық - банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік
шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін
лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу);
Экономикалық:
• жалпы экономикалық тәуекелдер - экономикалық құндылықтар экономикалық
саясатпен байланысты. ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың
экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
• қаржылық тәуекелдер - ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сырткы
қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы
қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар
бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының
болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы,
жана экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен
квоталардың енгізілуі;
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп
аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:
банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік,
кассалық есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша,
қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.);
банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық
несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері және олардың
классификациясы
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел
біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу
немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын
айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені
жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді.
Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп
баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді.
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді.
Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым
жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен
болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің
арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең
маңызды мәселелердің, бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез
келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақытысында
оның іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты бллып келеді.
Сондықтан банктің болашақта банкротқа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің
тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы
мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдылығын
айтамыз.
Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға
мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына
байланысты шығындардың пайда болуы, базалык, ресуртардың азаюы, баланстан
тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ
тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да
соншалықты төмен болады. Сондықтан кез келген банк өзінің қаражаттарын
табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Банк басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу
себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (1-сурет).Тәуекелдің пайда болуының үш
көзін атап әтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің
іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі
субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.

1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді
қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
а) Проценттік тәуекел - ағымдағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруімен
байланысты тәуекелдің түрі.
ә) Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен бәйланысты тәуекелдің
түрі.
б) Инвестициялык, тәуекел қор нарығындағы өзгерістермен байланысты
тәуекелдің түрі.
Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел деп - контрагенттің
міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына
байланысты тәуекелді айтамыз.
Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
а) Оперативтік тәуекел деп банктің кейбір функцияларымен байланысты
тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық
құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілу
дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және
нақты орындау қабілеті.
б) Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе
жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін
ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық
модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің
толық еместігі.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге
болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің
пайда болуына себеп бола алады:
- Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе
міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен
байланысты.
Проценттік тәуекел нарықтағы проценттік ставканың ауытқуымен байланысты.
Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен
байланысты.
Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын
құнсыздануымен байланысты.
Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейдегі ауытқуымен
байланысты.
Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді
электрондық өңдеу кезіңі пайда болады.
Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын
жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен
байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан-алуан түріне
ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі,
сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерилерге байланысты
жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады.
Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің
өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің
түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға
соғады.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен
анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп көзделген мақсаттарға жету
үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді
айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің
орнын анықтап, оны басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді
қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалык, әдебиеттер
мен тәжірибеде басқару және талдау мақсаттарына байланысты банк
тәуекелдерінің кёптеген классификациялары бар.
Несиелік тәуекел - негізгі тәуекел, себебі несиелеу банк қызметінің негізі
болып табылады.
Несиелік тәуекел түсінігінің көптеген нұсқалары бар. Кейбіреулеріне
тоқталайық: қарыз алушының негізгі қарызды жане несиеге тиесілі пайызды
несие берушіге (банкке) төлемеу қаупі; қарызды өтемеу тәуекелі - қарыз
алушының өз міндеттемесін орындамау мүмкіндігі; ссуданы қайтармау себебінен
таза табыс пен акцияның нарықтық бағасының өзгеруі; қарыз алушының қарызды
жабу мүмкіндігі мен қарызға қызмет жасау (пайыздарды төлеу) мүмкіндігінің
жоқтығы салдарынан банк табысының төмендеуі мен акционерлік капитал
бөлігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Несиелік тәуекелге қарыздық бағалы қағаздар шығаратын эмитент, олар
бойынша пайыздарды немесе негізгі қарыз сомасын төлеуге мүмкіндігі болмауы
да кіреді. Несиелік тәуекел қарыз алушылар мен несие берушілерді де негізгі
қызықтыратын нәрсе.
Міндеттерге қызмет етуге болатын ақша қаражаттарының қозғалысына жалпы
экономикалық ортамен қоса, банктің ішкі ортасы да әсер етеді. Жеке тұлғаның
қарызды өтеу мүмкіндігіне оның қызметпен қамтылу деңгейі, меншікті
капиталдың көлемі және тағы басқалары әсер етеді. Осыған орай банк ссуда
алуға сұраныстың әрбірінде қарызгердің қарызды уақытылы қайтару мүмкіндігін
анықтау үшін талдау жүргізеді. Мемлекетік инвестициялық бағалы қағаздардың
(оларды формальді түрде мемлекеттің несиелеу инструментеріне де
қатынастыруға болады) тәуекелі аз болғанымен, олар бойынша міндетемелердің
орындалмау жағдайы да болған.
Осыған байланысты несиелік тәуекелдің көлемі сыртқы факторлармен қоса ішкі
факторлардың әсеріне де байланысты болады. Несиелік тәуекелді басқарудың
негізгі әрекеті банктің ішкі саясат сферасына қатысты.
Несиелік тәуекел - банктің қаржылық жоғалуына әкелуі мүмкін клиенттердің
келісім-шартта көрсетілген немесе күтілген қаржылык, міндеттерін орындамау
тәуекелі. Несиелік тәуекел - клиенттің банк алдындағы өз міндетін орындау
мақсаты мен мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Шартты түрде несиелік
тәуекелдің келесі түрлерін көрсетуге болады:
несиелеудің тікелей тәуекелі;
несиелеудің шартты тәуекелі;
контрагенттін келісімді талаптарын орындамау тәуекелі;
эмиссиялар мен ориаластыру;
- клиринпік тәуекел.
Несиелік тәуекел операция жүргізілуінің барлық мерзімі ішінде банк
тәуекелге бас ұратын несие мен несиелік өнімдерді ұсынумен байланысты.
Несиелеудің тікелей тәуекелі клиенттің нақты міндеттемені орындамау
мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекел ссудадан бастап тігілу
операцияларымен аяқталатын барлық банк өнімдеріне қатысты. Несиелеу
операциясын жүргізу мерзімінің барлық кезеңінде бар болғандықтан ұзақ
мерзімді несиелеу қысқа мерзімді несиелеуге қарағанда тәуекелі жоғары
болады. Тәуекелдің бұл түрі міндетті болады, бірақ ол нақты бағалауға
мүмкіндік береді. Тәуекелдің есептік көлемі негізінде керекті резерв пен
пайыз көлемі анықталады. Берілген тәуекел негізінен қарыз алушының несие
мүмкіндіпне (коэффициенттер, ақша ағынының талдауы, рейтингтік бағалау,
басқа да әдістемелер) негізделеді.
Несиелеудің шартты тәуекелі клиенттердің мүмкін міндеттемелерді уақытылы
орындамау мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Басқа сөзбен айтқанда,
несиелеудің шартты тәуекелі - бұл несиелеудің мүмкін тәуекелі. Бұл тәуекел
мысалы, аккредитив көрсеткенде кепіл бизнесте пайда болады.
Келісім-шартты орындау уақытына дейін контрагенттің келісім-шарттарын
орындамау тәуекелі несие тобына жатады, өйткені бағалаудың негізгі
аспектісі несиелік шешім қабылдаумен байланысты контрагенттің несиелік
мүмкіндігі. Оның көлемі берілген келісім-шартты басқа клиентпен келісім-
шартқа ауыстыруға қажетті, сонымен қоса нарықтың ауытқуларына байланысты
басқадай ағымдағы шығындар көлеміне байланысты анықталады. Егер
талдамалық келісім-шарт бойынша нарықтық пайыз мөлшерлемесі жойылу келісім-
шартына қарағанда тиімділігі аз болса, онда банк шығын шегеді. Тәуекелдің
мұндай түрі синдицирланған несиелеу кезінде мүмкін: контрагент банк
клиентпен келісім-шарт жасасқаннан кейін өзінің міндеттерін орындауынан бас
тартуы мүмкін. Депозитті келісім-шарт жасасу барысында банктік қаражаттар
белгілі бір кезеңге тартылған және бұл қаражаттарды белгілі бір активті
операцияларға салады. Егер клиент депозиттерді қайта талап етсе, банкте
пассивтермен қамтылмаған активтер қалады.
Келісім-шартты орындау мерзіміне контрагенттің міндеттемелерін орындамау
тәуекелі банк келісімдегі шарттарының өз бөлігін орындауы, бірақ
қаражаттардың жауапты қозғалысының болмауы кезінде жүргізіледі. Бұл кезде
келісім-шарттар бұзьлмауы мүмкін, мысалы сағаттарының айырмашылығы.Осылай
берілген тәуекел несилеудің тікелей тәуекеліне жатады.
Эмиссия мен орналастыру тәуекелі андеррайтинг пен сатушы немесе эмитенттен
бағалы қағаз немесе басқа да қарыз инструментін алуға міндеттеме алып,
бағалы қағаздарды орналастыру қызметі кезінде болады. Бұл тәуекел қазіргі
кезде көптеген банктер қарыздық бағалы қағаздар шығарумен айналысатындықтан
өте маңызды. Келісілген мерзімде инвесторға немесе сатып алушыға инструмент
сатылмау тәуекелі бар болады. Эмиссия мен орналастыру тәуекелінің негізін
банктен қысқа мерзімге алынған бағалы қағаздар немесе басқа да қарыз
инструментінің нарықтық құны эмитентінің қаржылық жағдайының өзгеруі банкті
қаржылық шығынға ұшырататындығы құрайды.
Клирингтік тәуекел клиенттердің тапсырысы бойынша қаражаттарды аудару
операцияларында пайда болады және клиенттің шотынан банктің шотына уақытылы
түспеуінен болады. Берілген тәуекелдер несие тобына жинақталған, себебі
клиенттерге немесе контрагент банктерге қаражаттар ұсынуға байланысты
міндеттемелердің пайда болуымен сәйкес келетіндіктен.
Негізгі анықтама келесі түрде болады: несиелік тәуекел - несие алушының
банкке негізгі қарыздың сомасын қайтармауы, қайтару мүмкіндігінің жоқтығы
немесе қайтару ынтасының жоқтығы салдарынан, басқа сөзбен айтқанда,
несиелік тәуекел - банк алдында клиент өзінің қаржылық міндеттемесін
орындау мүмкіндігі мен ынтасына байланысты тәуекел.
Тәжірибеде барлық тәуекелдер өзара байланысты және өзара тәуелді (мысалы,
несие тәуекелі пайыз тәуекелімен тығыз байланысты орналасқан). Яғни,
несиелік тәуекелді басқару толығымен банктің қарызгердің қаржылық жағдайы
мен оның болашақтағы динамикасын толық және дұрыс анықтау мүмкіндігіне
байланысты. Айта кеткен жөн, несиелік тәуекелді бағалау кезінде клиенттің
қарызды қайтару дайындығына үлкен көңіл бөлген жөн. Осы кезде ең бірінші
сапалык, факторлар, кейін сандық факторлар алынады.
Нарықтық тәуекел жоспарланғанымен салыстырғанда банк табысты ала алмауы
немесе банк шығынға ұшырайтын қаржылық инструментердің бағасының өзгеруі.
Нарықтық тәуекел тобына көбінесе пайыздық, валюталық, өтімділік және т.б.,
яғни қандай да болмасын экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлардың
өзгеруіне (инфляция темпі, қайта қаржыландыру мөлшері, бағалы қағаздардың
бағасы, валюта курсы, биржалық индекстер және т.б.) байланысты тәуекелдер
кіреді. Мұндай кең деңгейдегі нарық тәуекелділігінің анықтамасына несиелік
тәуекел де кіреді.
Кей кезде нарықтық тәуекел шағын деңгейде түсіндіріледі: қорлық нарықтың
конъюнктурасына тәуелді портфельді инвестицияларды басқару кезінде пайда
болатын тәуекел.
Пайыздық тәуекелдерге берілген несиелердің пайыздық мөлшерлемесінен
тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесіне артып кету
тәуекелі жатады. Сондықтан пайыздық тәуекел тікелей және нақты несиелік
тәуекелдің конъюктурасымен байланысты. Акциялар бойынша дивиденттердің
өзгеруінен, облигациялар, сертификаттар, басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие
Лизинг ұғымы мен лизинг операциялары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Лизинг алушының қалауы
Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Тәуекелділік туралы
Пәндер