Мердігерлік шарты жайында


Мердігерлік шарты диплом жұмысы

Мазмұны

Кіріспе3

1 Шартттар және мердігерлік шарттың арақатынасы6

1. 1 Шарт туралы ұғым6

1. 2 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер13

1. 3 Мердігерлік шартының элементтері21

2 Мердігерлік шарттың жекелеген түрлері32

2. 1 Тұрмыстық мердігерлік32

2. 2 Құрылыс мердігерлігі38

2. 3 Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт45

2. 4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты49

Қорытынды54

Қолданылған қайнар көздер тізімі59

Abstraсt63

Кіріспе

1 Шарттар және мердігерлік шарттың арақатынасы

1. 1 Шарт туралы ұғым

1. 2 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер

1. 3 Мердігерлік шартының элементтері

2 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

2. 1 Тұрмыстық мердігерлік

2. 2 Құрылыс мердігерлігі

2. 3 Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт

2. 4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық

жұмыстардың мердігерлік шарты

Қорытынды

Қолданылған қайнар көздер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алумен, сондай-ақ 1995 жылға Конституцияны қабылдауымен құқықтық реформаларды жүргізуге бет алды. Өйткені бүгінгі күнге дейін көптеген нормативтік актілер қабылданды.

Нарықтық эканомикалық қатынасқа көшумен азаматтық құқықтың рөлі артқанын байқауға болады.

Өткен он жылдықта ең елеулі оқиғаларының бірі жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдау және күшіне енуі болып табылады.

Жаңа Азаматтық кодекс басқа елдердің ұқсас заңдарына қарағанда қазіргі кезеннің талаптарына сәйкес жасалды, сондықтанда оның нормалары бүгінгі күннің талаптарына жауап береді, соңғы кездерде пайда болған экономикалық және өзге де проблемаларды шешудің тәжірибесін ескереді.

Соңғы жылдары жаңа Азаматтық кодекстің қабылдануына қарамай, азаматтық құқық ғылымында қандайда бір сапалы өзгерістер байқалады, атап айтқанда бірқатар оқулықтар мен оқу құралдары шықты, заңи журналдарда көптеген мақалалар жарияланды, бірақ олардың мәні мен мазмұны жекелеген заңдарды және сот практикасын түсіндірумен шектеледі. Жаңа Азаматтық кодекс күшіне енгеннен кейін, әрине мұндай әдебиеттер жаңа заңның ережелерін дұрыс түсіну және дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін қажет еді. Бірақ ол кезең өттіп кетті, Азаматтық кодекс белсенді түрде жұмыс істейді, сот практикасында оны тиімді қолдану қамтамасыз етілді. Көптеген өзгеріске ұшыраған азаматтық құқықтық институттардың мазмұнын терең түсіну кезеңі туды. Құқықтық қолдану практикасында түсіндірмеге қарап шешімі жоқ проблемалар күнделікті жиі кездеседі, бұл үшін тиісті институттардың даму тарихына, олардың басқада азаматтық құқықтық санаттар ішіндегі орны, өзге құқықтық жүйелерді оларды қолдану тәжірибесіне қатысы бар күрделі теориялық таным қажет. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні тек азаматтық заңнамаға түсініктеме ғана емес, сонымен қатар күрделі ғылыми анализ керек.

Біздің тандаған жұмысымыздың тақырыбы мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі шарттың маңызды орын алуына негізделген, шартты барлық азаматтық құқықтық мәмілелердің жиынтығы түрінді көрініп, азаматтармен де, ұйымдармен де жасалады. Көпке мәлім екі немесе көп жақты мәміле шарт болып табылады. Осыған сәйкес ғылыми зерттеудің пәні ретінде мәміленің түсінігі, түрлері, нысаны, оның жарамсыздығының негізі мен салдары, шартты жасау, өзгерту және тоқтату туралы заң ережелері болады.

Бірақ бұл шарттың бір жағы (мәміле ретіндегі шарт) ғана. Шарттың екінші жағын шарттан туындайтын міндеттемелер (құқықтық қатынас ретіндегі шарт) құрайды. Осыған сәкес біз міндеттеменің пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы, міндеттеме бойынша құқықтар мен міндеттемелердің аусуы сияқты мәселелерді қарастырдық.

Жұмыста қарастырылған проблемалар қазіргі кездің өзінде-ақ ғалымдар арасында пікір талас тудырады (М. И. Брагинский, В. В. Витрянский, А. Л. Маковский, Г. Е. Авилов, С. С. Алексеев, Г. Д. Голубов, В. А. Дозорцев, Ю. Х. Калмыков, О. М. Козырь, Е. А. Суханов, С. А. Хохлов, Қ. Сүлейменов, Ю. Басин және тағыда басқа) .

Шарт - ең көне құқықтық құрылымдардың бірі. Одан бұрын қалыптақан міндеттемелік құқық тарихында әрекеттер ғана болды.

Адамдардың арасындағы қарым қатынастың әртүрлі нысандарының дамуы тараптардың келісілген еркі негізінде заңшығарушы ұсынған немесе құқықтық моделді өздерінің жасауына қажеттілік туындады. Мұндай модел ретінде шарттар болды.

Көп жылдар бойын әрекеттер мен шартар міндеттеменің пайда болуының жалғыз негізі ретінде мемлекетпен танылды.

Біздің мемлекетте бүгінгі күнге дейін қатысушылары ретінде мемлекет, кооперативтер, қоғамдық ұйымдар болған шарттырадың басым көпшілігі жоспарлы актілерді орындау үшін жасалды. Мұндай шарттарды контрагенттердің еркі мемлекеттік органдардан туындайтын тапсырмалардың тікелей немесе қосымша әсерінен туындады. Осы арқылы шарт өзінің бастапқы құрастырушы белгісін жоғалтты.

Қазіргі кездегі барлық азаматтық құқыққа тән шарттардың рөлінің арту тенденциясы соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың дамуымен анықырақ байқалады. Бұл тенденция ең алдымен елдің экономикалық жүйесін түбірімен қайта құрумен байланысты. Аталмыш қайта құруда ең маңыздысы жеке меншікті тану, шаруашылық салада мемлекеттік реттеу рөлінің азайуы контрагенттерді тандау еркіндігін бекіту және жаңа азаматтық құқықтың басқада негіздерін іске асыру еді.

Жаңа Азаматтық кодекс «шарт еркіндігі» қағидатын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыру үшін қажетті алғы шарттар жасады. Азаматтық кодекс тарапынан шарттың маңызының өсуін тану оның ерекше бөлімінде көрініс тапты деп айтуға болады. Өйткені ерекше бөлімнің басым көпшілігі шарттарға арналған.

Осыған байланысты әдебиеттеде Азаматтық кодекстің барлық мәтіні шартты реттеу міндетін шешеді деп айту әділ.

Шарттың түрлерінің ішінде ерекше орынға мердігерлік шарт ие деп айтуға болады. Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады) . Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.

Жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы мердігерлік шарттың орынын, оны жасау, өзгертудің, тоқтатудың жалпы ережелерін, сондай-ақ мердігерлік шарттың жекелеген түрлерін анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының алдына қойған міндеттері ретінде мыналар болып табылады:

- шарт туралы ұғымды қарастыру;

- мердігерлік шарты туралы жалпы ережелерды қарастыру;

- мердігерлік шартының элементтері ашып зерттеу;

- тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктерін зерттеу;

- құрылыс мердігерлігі шартының ерекшеліктерін зерттеу;

- жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шартының ерекшеліктерін зерттеу;

- ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шартының ерекшеліктерін зерделеу.

Жұмысты жазу барысында М. М. Агарков, М. Н. Брагинский, В. В. Витрянский, О. С. Иоффе, Е. А. Суханов, Г. Төлеуғалиев, М. К. Сүлейменов, А. П. Сергеев, Ю. К. Толстой сияқты ресейлік және қасақстандық ғалымдардың еңбектері жан жақты зерттелді.

1 Шартттар және мердігерлік шарттың арақатынасы

1. 1 Шарт туралы ұғым

Көп мың жылдықтар бойы шартты қолдану тиімді құқықтық нысан туралы сөз болуымен байланысты. Шарттың негізгі мақсаты заңның көлемінде адамдардың мінез-құлықтарын реттеу, адамдарға мүмкін болатын және қажетті іс-әрекеттерінің шегін, сондай-ақ тиісті талаптарды бұзудың салдарын анықтауға негізделген.

Өз кезегінде заң мен шарттың арақатынасы туралы үш көзқарас айытылған еді. Біріншіден, «ерік теориясы» өкілдерінің пікірінше шарт контрагенттердің ерік актісі, ал заң олардың еріктерін шектейді немесе толықтырады. Екіншіден, «заңның басымдылығы теориясы» өкілдерінің айтуынша шарт заңнан туындайтын құқықтық тиімділікке ие. Үшіншіден, «эмпирикалық теория» өкілдерінің айтуынша тараптардың еркі белгілі бір экономикалық тиімділікке саналы түрде бағытталған, оның үстіне шарттың салдары оны жүзеге асырудың құралдары сияқты болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азамат меншікке ие бола алады. Сондықтан олардың өз таңдауы бойынша шарт жасау құқығы бар [1] .

Шарттың реттеуші рөлі оны заңға және нормативтік құқықтық актілерге байланыстырады. Шарттың талаптары құқықтық нормадан ең бастысы екі белгі арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, мінез-құлық ережелерінің пайда болуымен байланысты, шарт тараптардың еркін білдіреді, ал құқықтық акт оны қабылдаған органның еркін білдіреді. Екінші, қандай да бір мінез-құлық ережелерін әрекет ету шеңберімен ерекшеленеді, шарт тек өзінің тараптары арасындағы іс-әрекетті реттеуге тікелей бағытталған, ал шарттың тараптары болып табылмайтындарға құқықтарды қалыптастырады, бірақ міндеттерді жүктемейді, ал құқықтық немесе өзге де нормативтік құқықтық акт болса барлығына міндетті ережелерді қалыптастырады. Аталып өткен екі белгілер тек азаматтық - құқықтық шартты ерекшелейді [2] .

Шарт азаматтық құқықтық айналымға қатысушылардың белсенділігінің нақты нысаны ретінде болады. Айта кететін жайт, шарттың әлеуметтік - экономикалық мазмұныңың өзгеруіне байланысты, қоғамның тарихи дамуы барысында шаттың конструкциясы өздігінен тұрақты болып қала береді.

Шартқа негізделген қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуымен қатар уақыт өте оған қатысушылардың саны да кеңейді, жеке тұлғалармен қатар бұл орынға азаматтық құқықтың дербес субъектісі болып табылатын әртүрлі ұжымдық құрылымдар, яғни, заңды тұлғалар шыға бастады. Заңнамада көзделген шарттың типтері әралуан болуда, шарттық құқықтық қатынастарды қалыптастыруда қолданылатын элементтерде күрделене түсті, ал шарттар шарт болып қала береді.

Шарттың конструкциясы құқықтың әр саласында, атап айтқанда халықаралық, жария, әкімшілік және тағы басқа қолданылады. Дегенмен де, басқа құқық салаларымен салыстырғанда азаматтық құқықта ол кеңінен қолданылады.

Сонымен азаматтық құқықтық шарт дегеніміз не? Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (соntractus) рим құқында үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырылды.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде көрініс тапқан.

Франция Азаматтық кодексінің 1101- бабына сәйкес «шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдың өз немесе бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді». АҚШ-тың Бірынғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың келісімінен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1-201- бапта «келісімге» анықтама берілген: « . . . жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды». Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-бап: «шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерді өзіне қабылдайтын мәміле болып табылады» деп анықтама берілген [3] .

Кеңес Одағы кезінде және бұл кезеңнен кейін заңи әдебиеттерде шарт туралы әртүрлі анықтамалар, ұғымдар авторлардың көзқарастары көзделген. Әсіресе, орыс ғалымы О. С. Иоффенің зерттеулерінде қарастырылған. Оның айтуынша шарт азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтауы туралы екі не оданда көп адамдардың арасындағы келісім. Кей кезде шарт дегеніміз мұндай келісімнен туындайтын міндеттеменің өзі, ал кей жағдайларда бұл термин оның қатысушыларының барлығының еріктері негізінде пайда болатын міндеттемені бекітетін құжатты білдіреді [4] .

М. К. Сүлейменовтың пікірінше: «Шарт заңи факт ретінде құқықтық қатынас немесе шарттық құқықтық қатынас ретінде шарттың пайда болуының негізі қызмет етеді. Заңи факт және құқықтық қатынас ретіндегі шарт - бұл шарттың дербес салалары, оның дамуының әртүрлі жақтары».

Сонымен қатар заңи әдебиеттерде шарт туралы басқада көзқарастар айтылған.

Мысалы, 1993 жылғы оқулықта шарт екі немесе көпжақты мәміле ретінде қарастырылды [5] . Бірақ шарттың мәміле ретіндегі мәліметі дұрыс па? Мәміле бұл құқықтар мен міндеттерді бекітуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталаған іс-әрекеттер. Ал шарт тек құқықтар мен міндеттерді белгілеп қана қоймай, сонымен қатар келісімде бекітілген іс-әрекеттерді жасауды көздейді. Шарт қандай нақты іс-әрекеттер жасалуы керек екенін және іс-әрекет жасау үшін тараптарға қойылатын заңи талаптар қандай екенін анықтайды. Сондықтан да шарттың рөлі мен функциясы мәмілеге қарағанда кеңірек [6] .

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені мензедейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: «шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады» [7] . Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен кызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

Айта кететін жайт, «Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады және оны келесідей көрсетуге болады: біріншіден, өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; екіншіден, сол шарттық міндеттеменің өзі; үшіншіден, шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.

Азаматтық кодекстің 148-бабының 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап айтқанда, мәміленің нысаны және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және тағы басқа ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактілерден айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, Азаматтық кодекстің 148-бабының 3 - тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі таратың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады.

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады.

Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

«Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Айта кететін жайт, бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығына мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

Азаматтық-құқықтық шарт, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .

Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және тағы басқалары туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.

Г. И. Төлеуғалиевтің айтуы бойынша: «Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады, себебі Азаматтық кодекстің шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың Азаматтық кодексте көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде өзгедей көзделмеген» [8] .

Азаматтық кодекстің 379-бабының 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану Азаматтық кодекстің шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.

Азаматтық кодекстің 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, Азаматтық кодекстің 22-тарауының баптары қолданылады. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар Азаматтық кодекстің 2 және 12-тарауларында немесе шартта Азаматтық кодекстің 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.

Азаматтық кодекстің 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтып өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы меселені шешпейді, мұны Азаматтық кодекстегі елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады.

Шарттын бір белгісі ретінде оның еркіндігін айтып өткен жөн. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:

- шартты жасау не жасамау;

- шарт бойынша серікті жақты тандау;

- шарттың түрін тандау;

- шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу [9] .

Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі Азаматтық кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады.

Шарт еркіндігі туралы ережелер мүлде жаңа деп айтуға болады, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт
Шарт туралы жалпы ережелер
Шарт жасасудың кезеңдері
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері
Шарт ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ Оқу-әдістемелік құралы
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz