Мерзім ұғымы



1 Мерзім ұғымы.
2 Мерзімнің түрлері
3 Талап қою мерзімі
4 Талап қою мерзіміің өтуіндегі үзіліс
Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемеларды шешуге уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықты мерзім – деп аталыды.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтарын мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім –бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууы байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді.Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтық субъектілерінің еркіне тәуелсізсипатта болады. Брақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Бұл қозқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені олардың заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындалады, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңіне немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгртуге де, жоюға да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6- тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК- ның 172 бабында 1- тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегегіміз – бұл белгілі бір айдың немесе жылдың нақты саны.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мерзім ұғымы.

Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемеларды шешуге уақыт факторы
маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе
тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе
әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне немесе уақыт мезетіне
байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт
кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықты мерзім – деп аталыды.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық
салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның
қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі
субъектілерінің құқықтарын мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз
етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім –бұл заңдық факт, заң онымен
белгілі бір заңдық салдардың тууы байланыстырады. Құқық теориясы курсынан
білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге
бөлінеді.Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің
басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтық
субъектілерінің еркіне тәуелсізсипатта болады. Брақ заң әдебиеттеріндегі
келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де
жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Бұл қозқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың
өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде
де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені олардың заң шығарушылардың не
шарттағы тараптардың еркі айқындалады, сондықтан да екіжақты табиғаты
болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген
мерзім уақыт кезеңіне немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір
кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгртуге де, жоюға
да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6- тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін
егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК- ның 172 бабында 1- тармаққа
сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім
күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп
белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегегіміз – бұл белгілі бір айдың немесе жылдың нақты
саны.
Оқиғалар дегеніміз- бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын
заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және
т.с.с) Мұндағы фактінің блмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде
не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға
тиіс. Сөзсіз болған оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау
ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар оның нақты
басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен АК- нің 1042 бабында 2-
тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс ьлған күні, ал оны қайтыс болған
деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты
қайтыс болады деп жароиялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның
ашылу уақыты болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерлі орындау нақты
күнмен байланыстырылатын жағжайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге жиі
сілтеме жасау кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін
жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін,
сондай-ақ заңның озінде де айқынджалуы мүмкін. Уақыт кезеңі болып табылатын
мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен,
апталармен кіндермен немесе сағаттармен есептеледі(АК-нің 172 бабының 2-
тармағы) Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл
анықтаудың маңызы зор. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда
жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады.
Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің
аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай
өзгеріп отырады.
Жылдармен есептелінген мерзім – мерзімнің соңғы жылына тиісті айы мен
күніні бітеді( Ак-ның 174-бабының 1- тармағы) Мәселен үш жылдық талап қою
мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелінген мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады.
Мұнда егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы ондай күн жоқ айға
келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті
айлық жалдау мерзімі 2003ж. 31 қаңтардан басталса, 2003 жылдың 31 ақпанында
аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28(
немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда да тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы
мәселе де осылайше шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан
– үш айға деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдық басынан бастап
жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде
қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен
есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталыды. Мәселен,
апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда о өзі басталғаннан кейінгі
келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге
келетін жағдайларда одан кейінге ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні
болып есептелінеді. Бұл арала, мереке, жалпығы бірдей белгіленген демалыс
күні сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн
болып есептелінеді. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін
жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні
– Рождество Христово мерекесі аталып өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс
істемейтін күннен кейінге ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні
болып есептелінеді
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын
анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның
басталуы немесе аяқталуы әуел бастан ақ өте дәлдікпен белгіленеді.
Егер мерзім қандайда бір әрекеттер жасау үшін белгіленген болса, ол
жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінен 24- сағатына дейін орныдалуға
тиіс. Алайда, мұнджай әрекет ұйымда істелуге тиіс операциялар жүргізу
тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мәрзімнің соңғы күні
осы ұйымдардағы соңғы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде де тиісті
операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде
мерзімнің солңғы күнінің 24- сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа
тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жөнелтілген
деп есептеледі.
Мерзімнің түрлері. Мерзім әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге
болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот
мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық
түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтырды жүзеге асыру мерзімі – бұл осы кезеңде уәкілетті
адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған
қандайда бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі.
Оны, әдетте заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де
анықталуы да мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.)
2) субъективтік құқықтарды қолдану мерзімі – бұл осы уақыт аралығында
қлданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар
сақталатын уақыт кезіңі, Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге
беріледі;
3) тыйым салатын мерзім – бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында
белгіленетін мерзім. Мәселен, Нотарият туралы 1997 ж. 14 шілдедегі
ҚР- заңының 8- бабындағы 6- тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын
алған, бірақ нотарияттық іс-әрекеттер жасауға үш жылы боый кіріспеген
адамның нотарияттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханынын
қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді
түрде атап көрсетілген;
4) Кепілдік мерзімі – сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға
арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезіндк байқала қоймайтын
кемшіліктерін анықтауға арналған мерзіәм. Кепілдік мерзімді
мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт,
егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық талаптарда
көзделмеген болса да кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың
мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе
орындалатын жұмыстың сапасын арттыруғы ынталандырады;
5) Шағымдану мерзімі – бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды
талап ету құқығын жүргізуге байланысты субъективтік құқықты бұзған
адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес сондай-ақ оған
жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті
тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң
актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуға міндетті(АК- нің 706-
бабының 1- тармағы);
6) Азаматтық құқықтық міндеттерді орындау мерзімі – шартта белгіленеді.
Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті
орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
7) Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі – немесе азаматтық құқықта аталып
жүргендей, талап қою мерзімі.

Талап қою мерзімі

Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы
уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды
немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау
мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық
құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою
мерзімі деп аталған.
Мерзім ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы,
қыомыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ескіру мерзімі және
айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген. 1991 ж. Негіздерге
иелену мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға (240 бап) да
енгізілді. Бұл мысалдардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің
соттың қатысуынсыз- авқ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.
Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің
атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта
қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты
негізгі үш міндетті атқарады:
- азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы
екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында
туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық
қатынастарға айғақтық және жүйелік енгізеді) ;
- соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді,
сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;
- шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың
белсендігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара
бақылауды күшейтеді.
Талап қою мерзімі институты - азаматтық құқықтың көне институттарының
бірі. Ол Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де болатын. Қазақ КСР-і АК –
ның 75 бабы талап қою мерзімін ққығы бұзылған адамның талап қоюы
бойынша құқық қорғау мерзімі ретінде анықтады.
Бұл анықтамада талап қою субъектісіне тікелей нұсқау бар. Ол құқығы
бұзылған адам ғана бола алады РФ Азаматтық кодексінің 195- бабында талап
қою мерзімі ұғымы бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен
белгіленген мерзім ретінде түсіндіріледі. АК-нің 177 быбы өзгеше
анықтама береді: Талап қою – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын
мүдденің бұзылуынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
Заңдылық оқиғалар
САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Шарт ұғымы
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері
Пәндер