МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
І. КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ 5
1.1. Мәдениеттану нені зерттейді 5
1.2. ХХ ғасырдағы мәдениттану ғылымы саласындағы негізгі мектептер 12
1.3. Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
1.4. Мәдениет пен өркениет құрылымы мен функциялары 27
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды.
Мәдениеттану – философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіне, дәлірек айтқанда, мәдениет философиясына жатады.
Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Канттың (1724-1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды таңдандырады жұлдызды аспан және адамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырад. Егер біз философияны И.Канттың ізімен:
Адам деген кім және ол кдйдан келді? Ол не үшін өмір сүреді ? Адам қайда барады, болашағы қалай? деген үш сұраққа сыйғызсақ, онда адам мен мәдениеттің, философия мен мәдениеттанудың арасындағы тығыз байланысты көреміз.

Тақырыбы: МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
І. Кіріспе 3
І ТАРАУ. МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ 5
1.1. Мәдениеттану нені зерттейді 5
1.2. ХХ ғасырдағы мәдениттану ғылымы саласындағы негізгі мектептер 12
1.3. Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар 19
1.4. Мәдениет пен өркениет құрылымы мен функциялары 27
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
І. Кіріспе
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-
ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда
мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине,
бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір
тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының
құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін
тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық
дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген
темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен
Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында
да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті
қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама
экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер
қатарына қосыла алмайды.
Мәдениеттану – философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіне, дәлірек
айтқанда, мәдениет философиясына жатады.
Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Канттың (1724-
1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды таңдандырады жұлдызды аспан және
адамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырад.
Егер біз философияны И.Канттың ізімен:
Адам деген кім және ол кдйдан келді? Ол не үшін өмір сүреді ? Адам қайда
барады, болашағы қалай? деген үш сұраққа сыйғызсақ, онда адам мен
мәдениеттің, философия мен мәдениеттанудың арасындағы тығыз байланысты
көреміз.
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім)
құрамында қылыптасқан. Мәдениет — ашық жүйе, оның негізгі мақсаты, өзін
басқаға, жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа — сұхбаттасуға жақын.
Сондықтан мөдениеттануда өзін-өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы
қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетгі тарату құралдары (таңбалар,
рәміздер, ғибадаттық әдет-ғұрыптар және т.б.) мен оның ішкі мән-мағынасы
(менталитеті, ділі, діні ,санасы және т.б.) бірдей қызмет атқарады. Осы
тұрғыдан төмендегідей тұжырым жасауға болады; мәдениеттану мәдениетті
нақтылы тарихи - әлеуметтік процесс түрінде қарастырады. Бұдан біліп жалпы
философиялық ілімдер мен мәдениеттанудың арасында белгілі бір
алшақтықтуады. Біздің түсінігімізше, медениеттану мен мәдениет философиясы
мүлдем тұтасып кетпеген. Біріншісінің өзіндік ерекшелігі бар;
а) егер философия өз мұрасында объекгивтілікке, жалпыламалықка,
әмбебаптылықка ұмтылса, мәдениетгануға типтілік, интровертивтілік (ішкілік)
субъективтілік тән;
ә) тарихилық және логикалық ғылыми тәсілдерінің арақатынасын мәдениет
философиясы мен мәдениеттануда салыстырсақ, онда философия негізінен
логикалық тәсілге жүгінетінін, ал мәдениеттануда тарихи әдістің басым
болатындығын байқаймыз ( мәдениеттанудың басты міндеттерінің бірі - тарихи
кезеңдер мен өркениет түрлеріне керкем бейне беру) осы сипатта медениеттану
Гегель, Гердер, Кант түсінігіндегі тарих философиясына жақын;
б) мәдениет философиясымен салыстырғанда мәдениеттануда аксиоло-гиялық,
психолингвистикалық және герменевтикалық (түсіндірмешілік) сарындар басым.

1.1. Мәдениеттану нені зерттейді
Медениеттану жеке пән етінде XIX соңғы ширегінде қалыптаса бастады,
сондықган да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас галымдар саласьша
жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар
философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы — мәдениет
философиясын қамтиды Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процесстерді
(материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша
қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің
принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси - моральдық, ғылыми-
көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан
мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және региональды
мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен
мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-катынасын зерттей отырып,
адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын
анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени
өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми
тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар
саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады,
өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын
жүйелі түрде карастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі
ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің,
социологтардың, психолог-тардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат
салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының
айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы
уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атал айткаңда, антропология,
психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым
салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
Антропологаяның басты бағытының бірі - қоғам мен адамды салыстырмалы
тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, "антропология" мәдениет
деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады .Олар;
1. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
2. Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың,
қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы
(бірлігі);
3. Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға
қарсылығы.
Мадениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану
саласындағы көптеген сыншылар "жалпылама" деп есептеп оның эмпирикалық
сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар "әлеуметтік
антропология", әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдстері мен үлгілерін
қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал "мәдени
антропология" деп аталатын антропологияның басты саласы- психология мен
тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау
емес, жалпы мәдениеті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы
орайда ерекше атап ететін бір жәйт, ғасырлар бойы даму жолынан өткен
социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік
ғылкмды әлеуметгік философияға кдрсы қояды.
Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және
тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне
таралып коныстануы мея мәдени таихы қарым-қатынастарын зерттейтін
этнография ғылымы адамзат баласының-өткен заман мен бүгінгі таңдағы
мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге
айрықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай
этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық
және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға
үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін
қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық
белгілеріне сүйене отырып, мәдениетпен "жаратылыстану ғылымдары" ретінде
үйлесімділік тапса, қоғамда жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану
(социологая) ғылымның биологиямен байланысы жоқ.
Социологая мемлекет, таптар, топтар және одан да ұсақ қоғамдық топтарды
этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын
қызметіке қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге
жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын
мәнісінде социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекетшілігіне
байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініл.
Ой елегінен өткізуте көмекгеседі. Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік
мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар
социологиямен тығыз байланысты.
Мәдениеттану саласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарында түрлі— әлеуметтік
топторға жататын адамдардың қызметі мен іс-ерекеті заңдылықтарын зерттейтін
әлеуметтік социологияның мәліметтерінің алатын орны еркше, өйткені олардың
мәдени іс-әрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға байланысты
болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды
ескермеске болмайды. Мысалы жер мен табиғатқа ерекше сезіммен қарайтын ауыл
психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына бармай тұрып,
"шаруа мәдениеті" жайында толық түсінік ала алмаймыз.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық
психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи
тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір
салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш
бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің,
Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып
тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының
мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген
болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың
психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық
мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп
отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең
ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық
мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары
жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық
мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы,
қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп
жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының
өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықгардың немесе
тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен
тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен,
нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік
үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым
саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін
зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт
шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген
болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр
теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен
қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік
табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта
дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына
қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап
емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің
алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей. мәдениеттану ғылымының дамуына
көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-
бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми
ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану
саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар "мәдениет"
мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория
болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады.
Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың
сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы:
мәдениетті "семиотикалық" тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі
Ю.Лотман және мәдениетті "әдебиеттік" (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин)
методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы
басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың "мәдениет" мәселесіне
байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз
және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы
түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді.
Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі
көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық
ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек.
Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз
мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз
байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса
әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды,
тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз
кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген
үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс
әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ
мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те
жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі
болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсак, мәдениет ұғымының шеңбері
бұрынғыдан да кеңей түсті. Әрине, әкімшілік - әміршілік жүйе жағдайында
мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық
ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген
ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де
байланыстырады.
Шындығында да, экономикалық және саяси ерекесіздіктің басты себебі —
мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді
ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдыңда тұрған басты мақсат —
халықтың рухани байлығы- мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз
еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл
мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақгы болмақ.
Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ
соған карамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған
дәлел ретіңце қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік
қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақта жеткілікті сияқты.
Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени
шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.)
санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр, дәлірек айтқанда,
мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің
екінші-"коммуникативтік" жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің,
адамның адамгершшік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты
болып келеді. Ең соңында, мәдениеттің негізі,оның түйіні мен маңызы туралы
мөселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған
ұлттың психоло-гиялық түрімен, сакрализация тесілімен де жеке т.б.
байланыстырады. Қалай болған да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық
негізгі және этностың рухани кеңістігі — мәдени дәстүрлердің дамуында ең
басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету
мақсатыңда сөзсіз мәдениет археологиясьша сүйенеді, оның генезисін, өмір
сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдениет мұрагерліктің тәсілдерін
жетілдіреді.
Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника,
өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен
қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге
мүмкіндік аламыз.
Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениетгану пәні және оның алдында
тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі-адамзаттың ерекше өмір
сүруі тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып
табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзілік
және ұлтық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан
түсіндіріп қана қоймай, оларды бол?.. ай әрі басқара білу. Ең бастысы —
мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусыңдай білуі қажет.
Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы
қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауыш ұмыта
бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл
мәдениеттану пәннің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса
буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмән
келтіруге болмас.
1.2. ХХ ғасырдағы мәдениттану ғылымы саласындағы негізгі мектептер
XX ғасырда мәдениеттану философиядан тысқары тұратын, бірақ онымен
мәдениет философиясы арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса
бастады. Мәдениет философиясынан мәдениеттануға көшу — мәдениеттің
тоқырауын түсінумен жөне адам мен табиғаттың үйлесімділігі бұзылғанын
ұғынған уақытта жүзеге асырыла бастады. Бұрыннан қалыптасқан
үйлесімділіктің рациональдық негіздерін ізденуден бас тартылды, ал мұның
өзі мәдени дәстүрлерді ой елегінен өткізіп қайта қарау болып табылатын сана-
сезімнің философиялық ізденістерін тығырыққа тіреді. Өзіміз байқағандай,
өмірлік философияның қойнауында және оның өсерімен мәдениетті ұғынуға деген
талпыныс мәдениеттану теорияларының дамуына ерекше ыкдал жасады.
Мәдениеттің сан салалары мен түрлеріне жаңаша көзқараспен қарау — мәдениет
мәселелеріне тікелей байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол
мүмкіндік туғызады. Міне, осы жағдайларға байланысты ХХ-ғасырда өткен
кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі жетістіктердің негізінде бірнеше
медениеттану мектептері қалыптасты. Олар:
а) қоғамдық-тарихи мектеп;
б) натуралистік мектеп;
в) социологиялық (әлеуметтік) мектеп;
г) рәміздік (символдық) мектеп.
Енді осы мектептерді жеке-жеке карастырып көрелік.
а) Қоғамдық тарихи мектеп. Бұл мектептің қалыптасуының тамыры Тереңде
жатыр, өйткені оның классикалық дәстүрлері Кант, Гегель, Гумбольд сияқты
ұлы философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Қоғамдық-тарихи
мектептің қалыптасуына тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты, бірақ
олардың қатарында діни адамдардың болғандығын атап әтуіміз қажет. Бұл
ағымның негізгі қайраткерлері Батыс Еуропада- Шпенглер мен Тойнби, ал
Ресейде - Н.Я.Данкдевский болды. Освальд Шпенглер әрі философ, әрі тарихшы.
Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген ; "Закат Европы" деген 2 томдық
кітабы 1921-1923 жылдары жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тарихты түрлі
мәдениеттердің алмасуы деп қарастырады. Мәдениет саласында жалпы-адамзаттық
мирасқорлықтың болуын ІПпенглер жоққа шығарады.
Арнольд Джозеф Тойнби (1889-1975) ағылшынның тарихшысы, социологі, 12
томлық "Исследования истории" (1934-1961) деп алатын көлемді еңбектің
авторы. Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет шеңберіндегі
адамзат дамуын ғылыми ой елегінен өтісізуге тырысып, өркениет терминің
мәденист ұғымына синоним есебінде қарастырды. Тойнби тарихты бір-бірімен
генетикалық байланысы аз бір уақытта жүйелі түрде дамитын өркениеттердің
жиынтығы деп қарастырдық. Оның ойынша, бұл өркениеттер өз дамуында, яғни
шарықтаудан тоқырау мен апатқа ұшырарда бірдей кезеңдерді бастан өткізеді.
Кейіннен ол өзінің бұл көзқарастарын сын көзбен қайта қарап дүниежүзілік
діндерден (христиан, ислам, будда және т.б.) нәр алған мәдениеттердің
барлығы да "тарихтың мәуелі ағашы, адамзат бұтағының мән-мағынасы" деген
қорытындыға келді. Олардың барлығы да бірлікте, тұтастықты, олардың
әрқайсысы тарихтың бір бөлген болып табылады. Өркениетті бар болған сегіз
түрге белген О.Шпенглерге қарағанда, Тойнби өз заманының терең ғылыми
зерттеулеріне сүйене отырып алғашқыда 20-дан 30-ға дейін атап, ал кейіннен
өз дамуында белгілі бір дәрежеге жеііп, мөдениеттің тұрақталған 13 түріне
тоқталды. Тойнби тарихтың қозғаушы күштерінің қатарына ұлы тұлғалар мен
творчество адамдарын да жатқызады (творчестволық азшылық). "Творчестволық
азшылық" белгілі бір мәдениеттің сұраныстарын, қажеттіліктерін өтеуге
қабілетті болып келеді, ал бұл жағдай белгілі бір қоғамның алға қарай
дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай кезде "творчестволық азшылық"
енжар көпшілікті соңынан ертеді, оған сүйенеді, тіпті өз қатарын солардың
көрнекті өкілдерімен толықтырып отырады. "Творчестволық азшылық" өзінің
мистикалық өмірілік ұмтылысын жүзеге асыруға дерменсіз жөне тарихтың
талабына жауап бере алмаса өзінің үстемдігін беделімен емес, қару күшімен
мойындаттыратын үстемдік етуші элитаға айналады, ал өмірдің азабын көрген
халықтың басым көпшілігі "ішкі пролетариатқа" айналады.
б) Натуралистік мектеп. Бұл мектептің басты ерекшелігі- мәдениеттің
биологиялық сипатын әсерлеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар негізінен,
дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылымы саласында
натуралистік мектеппен кеңінен танымал болған "әлеуметтік дарвинизм"
қабысады. Натуралистік мектептің қалыптасуына биологиядан басқа XX ғасырды
пайда болған екі ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше роль атқарды.
Жануарлардың мінез-құлқы туралы бұл ғылым саласындағы ғылыми табыстары үшін
К. Лоренц пен оның әріптестері 1973 жылы Нобель сыйлығын алды. Адамға
биологиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын бұл мектеп өкілдерінің
концепцияларын қысқаша қарастырыл көрейік.
Зигмунд Фрейд (1856-1939) - австралиялық невропатолог, психиатр және
пскхолог, психикалық талдау (психоанализ) мен фрейдизмнің негізін қалаушы.
Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, творчестволық проиестерді
түсіндіруде, тілті бүкіл қоғамның дамуын анықгап көрсетуде де психологиялық
концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Психикалық талдауды этнография,
тарих, дін және мәдениеттің ұлы қайраткерлерінің ғұмырнамаларын жазуда
кеңінен қолдана отырып фрейд пен оның ізбасарлары мәдениет — "жеке адам
психикасының қоғамдық экрандағы көрінісі" деп қарастырды. Фрейдтің ойынша,
мәдениет, біріншіден, адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білімі мен
өмірлік тәжірибесін қамтиды. Міне, осындай жағдайда ғана адам табиғат
күштерін жеңіп, одан өз қажетін алды, екіншіден, мәдениет адамзат баласының
өзара қарым-қатынастарын бір тәртіпке келтіретін барлық институттарды
қамтиды. Бұл анықтамадан биологиялық сарынды оп-оңай аңғартуға болады,
өйткені мәселе адамның оз қажетін қанағаттандыру үшін табиғаттан алар үлесі
және оның тіршілігі жайында болып отыр. Ендеше, Фрейдтің ңағыз атеист
болып, дінге қарсы шығуын, тіпті дінді "ұжымдық невроздың" ерекше түрі деп
қарастыру сырын түсіну онша қиынға соқпайтын сияқты.
Фрейдизм ғылым саласы ретінде марксизм-ленинизмге қарама-қайшы келеді.
Марксистер үшін адам ең алдымен, әлеуметтік құбылыс болып саналса, ал
фрейдистер үшін бұл биологиялық құбылыс, марксистер үшін тарихтың қозғаушы
күші — пролетариат пен таптық күрес болса, фрейдистер әйелдердің ер
адамдарға тәуелдігін қолдай отырып, барлық адамдар үшін қажетті "либидоны"
(ұрпақты жалғастыру инстинкті, жыныстық инстинкті) басты орынға қояды.
Фреңдтің өзі ірі материалист - ғалым және табаңды атеист болса да
марксизм іліміне сын көзбен қарады. Марксизмді "кезекті қиял" деп бағалай
отырып, Фрейд мынандай қорытындыға келді: "Маркстің шығармалары өзінің
қарама-қайшылықтары мен күңгірт жақтарына қарамастан Библия мен Құранның
орнын басты" Фрейдтің мәдениеттану саласындағы концеп-циялары шамадан тыс
турашылдығы үшін марксистер тарапынан ғана емес қатаң сынға ұшырағаны осы
жағдайлардан болар.
в) Социологиялық мектеп. Бұл мектептің мәдениеттану саласыңдағы ғылыми
зерттеулері - қоғамның өзіне, оның құрылымы мен әлеуметтік институттарына
бағытталған. Әрине, өзіне тән бағыт-бағдары болғанымен социологиялық мектеп
басқа мектетперден "қытай қорғаны" арқылы бөлініп тұр, ешбір байланысы жоқ
десек қателескен болар едік. Шын мәніңде, әр мектеп өкілдерінің
концепциялары көп жағдайда бір-бірімен үндес, сабақтас келеді.
Социологиялық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі - Томас Стернз Элиот
(1888-1965) ол ағылшын американ ақыны, модерндік бағыттың сыншысы, "Заметки
к определению культуры" (1948) деген еңбектің авторы. Мәдениет дегеніміз -
деп жазды Элиот, белгілі бір жерді мекендейтін халықтың тұрмыс-тіршілігі.
Мәдениеттің нышандарын сол халықтың өнерінен, әлеуметтік жүйесінен,
дінінен, салт-дәстүрлері мен қалыптасқан дағдыларынан байқауға болады.
Бірақ, бұлардың барлығын тұтастай алып қарастырсақта, бұл мәдениетті толық
бермейді, ендеше, мөдениетті тек өнердің, салт-дәстүрлердің, діни наным-
сенімдердің жиынтығы деп қарастыру мәдениеттің ауқымын түсінбеушілік,
өйткені, мәдениет көз жеткісіз байтақ даладай кең дүние.
Элиот XX ғасырдың ортасына қарай Еуропа мәдениетінің құлдырауға
ұшырағандығын, оның бұрынғы адамгершілік және интеллектуалдық қасиеттерінен
айырылып, қазіргі заманда "сауықтық" мәдениетке көше бастағанын ашына жаза
бастады. Одан әрі мұндай келеңсіз көрініске тосқауыл болар күш — мәдени
элита, сондықтан да оларды барынша қолдау керек деген тұжырымға келді.
Жалпы, "Элита теориясы" (әсіресе саяси) сонау көне заманда өмірге келіп,
одан кейін де өзінің заңды жалғасын тапқан. Көне грек философы Платон
(б.э.д. 427-347) элитаны тарихи процестің қозғаушы күші деп есептеген.
Кейіннен бұл пікірді италяндық Н.Макиавелли, ағылшын Т.Карлейль, неміс
Ф.Ницше және т.б. одан әрі дамытты.
Еуропаның көптеген елдерінің басым көпшілігі бұл процестердің арасында
белгілі бір тепе-теңдік сақтады, ал Жапония сияқты экономикалық жағынан
жоғарғы дамыған мемлекеттерде өркениеттік процесс тек екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін бұрын болып көрмеген қарқынмен дамыды. Вебер белгілі бір
мемлекеттің немесе дәуірдің бет-бейнесін жасауда ең бірінші кезекте мәдени
факторларға сүйенді. Ол мәдени қозғалыс иррационалды, ал оны жасаушы —
рухани интеллектуалды деп қортындылады.
г) Рәміздік (символдық) мектеп — жаппай ақпарат құралдарының қарқынды
дамуының нәтижесінде кейіннен қалыптасқан мектеп болса да, XX ғасырда
қалыптасқан мектептердің арасында үлкен беделге ие болды. Олай болса,
кейбір философтар мен социологтардың, қазіргі замандағы ғылыми-техникалық
революцияның орнын "ақпараттық революпия" басады деген пікірлер дұрысқа
шыққан сияқты. Шындығында да, мәдениетке адамдардың өздерінің түрлі
интеллектуалдық (ғылыми) және сезімдік (өнер) хабарды беру және білдіру
(тіл және тағы баска белгілер) қабілеті тұрғысынан қарайтын болсақ, онда
адамның бүгінгі таңдағы ақпараттық мәдениеттің шыңына шығу сырын айқын
түсінуге болады. Алғашқы қауымдық құрлыс адамы рәміздік жүйе тілінде өзінің
қарапайым ойларын дауыстық қашықтыққа ғана жеткізе алды, ал уақыт шеңбері
тұрғысынан қарастыратын болсақ, тастағы таңбаны суреттер пайда болғанға
дейін адам өзінің жан дүниесінен хабардар ету қасиетінен ада болатын.
Тілдің дамуы, көркемдік өнер мен жазудың пайда болуы- адамның ақпараттық
қабілетін жоғары сатыға көтерді. Одан кейінгі замандарда қатынас құралдары
мен баспасөздің пайда болуы, рәміздік жүйені одан әрі байыта түсті. Дүбірлі
уақиғаларға толы ХХ-ғасыр адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио
мен киноны, телеарнаны, видеоны т.б. кеңінен қолдануы-хабарлар тарату
мүмкіндігінің шексіз екендігін, тіпті сонау космос кеңістігімен де байланыс
орнатуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.
Хабарды беру жылдамдығы мен оларды беру сапасы да айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады. Қоғамдағы бұл өзгерістер мен жетістіктер ғалымдардың
адамзат мәдениетінің қайнар бұлағы — адамның "белгі беру", "хабар беру"
қабілеті, оның тек өзіне төн қасиеті деген қорытындыға келуіне себепкер
болды. Мұндай көзқарастың калыптасуына ақпаратгық хабарларды қабылдау,
дайыңдау, қайта өңдеу, мен сақтау сияқты жалпы зандылықтарын зерттейтін
семиотика, информатика, кибернетика және т.б. жаңадан туындаған ғылым
салаларының дамуын айтуымызға болады. Соңғы кездерге дейін таза
гуманитарлық ғылым болып есептелініп келген мәдениеттану ғылымы осы жаңа
ғылым салаларының арқасында техник әлеміне тікелей шығуға және ЭВМ-ді құру
сферасына қатысуға да мүмкіндік алды. Түрлі ғылым салаларымен қатар жаппай
коммуникация саласында да жемісті еңбек етіп "рәміздік" мектептің көптеген
өкілдерінің ішіндегінен көрнектілері, осы мектептің атасы болып саналатын
ұлы ғалымдар Э.Кассирер мен К.Леви-Строс.
Эрнст Кассирер (1874-1945) неміс философы, "Философия символичес-ких
форм" (1923-1929) атты монументальдық еңбектің авторы. Оның мәдениет
жөніндегі концепциясының негізінде, адамның жаппай жүйелі және ұдайы
рәміздер арқылы (рәміз- белгілі бір идеяны білдіретін бейне, зат, әрекет)
берілетін қабілет басты орын алады, яғни мәдениетті семиотика тұрғысынан
қарастырады. Оның пікірінше, тіл, ғылым, пер, дін, миф, және тюб. Адам өмір
сүріп отырған символдық шеңбердің құрамдас бөліктері. Жануарлардан өзгеше,
адамның силіволдық жүйесінің қоршауында болуының өзі, адам өмірінің өзіңдік
ерекшелігі болып табылады.
Жер бетіндегі басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда адамзат баласы жәй
ғана физикалық емес, нағыз (символдық) өлем дүниесінде өмір сүреді. Тіл,
миф, өнер, дін және т.б. адам баласының басқа да толып жатқан рухани
көріністері — оеы бір жарық дүниенің бөлшектері болып саналады. Кассирер
адамға бұрыннан беріліп дәстүрге айналған "ақылды жануар" деген атақтан
мүлде бас тартып, адамды "рөміздік (символдық) жалуар" деп атауға ұсынады.
Клод Леви - Строс (1908 жылы туған) - француз этнографы, әрі социологі,
құрылымдық антропологияның кегізін қалаушы. Бұл ғылымның негізінде мәдениет
пен алғашқы қауымдық құрылыс тайпаларының әлеуметтік құрылымын талдауда
құрылымдық лингвистік мен информатиканың кейбір әдістерін пайдалану жатыр
Леви-Строс артта қалған көптеген мемлекеттерде этнографиялық зерттеулер
жүргізудің нәтижесінде еуроорталықтық мен нәсілшілдікті жоққа шығарады,
"тағы" ұғымының жалаңдығын дәлелдей отырып сонау неолит дәуірінде
техникалық және индустриалдық прогрестің негізін калаған тағы адамдардың
ойлау қабілетінің өзіндік ерекшеліктері мен күшіне ерекше мән береді. Леви-
Строс қауымдық құрлыс деңгейіндегі халықтарды артта қалған немесе дамымаған
деп айтуға болмайды, өйткені олар кейбір жағдайда, кейбір салаларда бүгінгі
өркениетті елдерді артқа тастап кететіндей жетістіктерге жетуі мүмкін деп
топшылайды. Ол Француз этнографы Жан Жак Руссо сияқты алғашқы қауымдық
құрылыстың адамгершілік негіздерін аса жоғары бағалай келіп, қазіргі заман
өркениетінің салдарынан қаймағы бұзылған адам бойындағы сезімдік жөне
рациональдық бастаманың бірлігін қалпына келтіру қажеттігі туралы ойға
келеді.
Леви-Стростың құрылымдылық антропологиясында "миф-ұжымдық сананың басты
мазмұны, тұрақты әлеуметтік құрылымның негізі" ретінде қарастырылуы ерекше
атап өтетін жәйт болып саналады. Мифтің ерекшелігін француз ғалымы былай
деп айқындайды.
"Миф өткеннен ғана емес, сонымен бірге қазіргі заман мен болашақтан да
хабар береді". Мифология саяси идеологияны еске түсіреді, басқаша айтқанда,
мифология мен идеология синонимдер. XX ғасырда талай мифтер (фашист
рейхының "мың жылдық өмірі" туралы гитлерлік мкф, "коммунизм салтанаты"
жөніндегі миф, дүниежүзілік революция туралы миф) өмірге келсе, ал көне
заманда адам тәріздес құдайдың бар екендігі туралы миф кеңінен тараған.
Ежелгі замандағы мифтерді еске алсақ, түрлі ағымдар мен доктриналарға толы
қазіргі заман идеологиясы сол мифтер негізінде құрылған жоқпа екен деген
ойға да еріксіз келетін сияқгымыз.
1.3. Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
Мәдениет дегеніміз не? — деген сұракқа жауап беру үшін бұл сөздің
этимологиясына, яғни осы бір күрдеді ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне
тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият — қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты культура мен
натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу
деген мағынаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz