Ислам Конференция Ұйымы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ислам Конференциясының Ұйымы 1969 жылы қыркүйек айында

Раббадта 22 мемлекеттің қатысуымен өткен конференция нәтижесінде пайда болды. Конференцияға 22 елдің өкілі және Палестинаның Азат ету Ұйымы бақылаушы ретінде қатысты. Факт ретінде Ұйым өз қызметін Бас хатшылық органы 1971 жылы құрылған уақыттан бері бастады.

Исламға қатысы бар елдің барлығы Ұйымға мүше бола алады. Ұйымның бақылаушы статусы халықаралық ұйымдарға, халықаралық қауымдастықпен танылмаған кейбір елдерге (Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы), бөлек азат ету қозғалыстары мен ұйымдарға (Мороны азат етудің Филиппин Фронты, Палестинаны азат ету Ұйымы) беріледі, атап айтсақ : Араб мемлекеттірінің Лигасы, тағы басқа да мұсылман ұйымдары. Қазіргі таңда Ұйым құрамында 50-ге жуық мемлекет-мүше бар.

Ұйымның негізгі мақсаттары 1969 жылғы Раббад пен 1981 жылғы Меккеде өткен конференциялардың нәтижесінде орнатылды. Мұсылман елдері сол кезде Мекке декларациясын қабылдады. Негізгі мақсаттары: Ислам рөлін күшейту, ислам елдерінің арасындағы көпжақты қатынастарды дамыту, нәсілдік дискриминация мен отаршылдыққа қарсы күрес, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдау, Палестина халқының құқықтары үшін күресінде көмек көрсету, оккупацияланған территорияларды босату, Тәуелсіздік пен ұлт құқығы үшін күрескен ислам халқына көмек көрсету, Ұйым мүшелері мен басқа да елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар жасау.

Ұйым БҰҰ-мен тығыз қатынас орнатты. 1975жылдан бастап, БҰҰ-ның бақылаушысы статусына ие. БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХVI сессиясында « БҰҰ мен ИКҰ арасындағы ынтымақтастық» атты резолюция қабылданды. Онда екі жақ арасындағы істердің координациясы үшін арнайы механизм құру қажеттілігі айтылды.

1972 жылғы Жарғыға сәйкес, Ұйымның жоғарғы органы ретінде мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының конференциясы тағайындалды, ол 3 жылда 1 рет өтеді. Ұйымның саяси органы-СІМ-рлерінің конференциясы, атқарушы орган-Бас Хатшылық, оның уақытша штаб-квартирасы Джидде орналасқан.

Бас Хатшылықтың құрамындағы бөлімдер мынадай қызмет атқаруда: Әлеуметтік-экономикалық, ғылым мен техника, Азия, Африка мәселелері, Халықаралық мәселелер, ақпарат, діни азшылық мәселесі, мұсылмандық үкіметтік емес ұйымдар мәселесі т. б.

Ұйымның бөлек бөлімшелері бар, олар Бас Хатшылықпен бақыланады:

Ислам даму банкі;

Жаңалықтардың Ислам агенттілігі

Ислам елдерінің радио, теледидар қызметінің Ұйымы;

Экономикалық, мәдени мәселелер бойынша ислам Комиссиясы;

Мамандық-техникалық білім бері және зерттеу бойынша ислам орталығы;

Ғылыми-техникалық дамудың Ислам Фонды;

Ислам мәдениетін зерттеу орталығы;

Иерусалим Фонды, Иерусалим бойынша Комитет;

Ислам сауда-әмбебап палатасы;

Ислам астаналарының Ұйымы;

Статистикалық, экономикалық, әлеуметтік зерттеу орталығы;

Сахель зонасының мұсылман афрмкан елдері мен Ислам арасындағы ынтымақтастық Комитеті;

Кеме иеленушілердің Ислам ассоциациясы;

Сауда дамыту Ислам орталығы;

Даму Ислам фонды;

Әділеттіліктің исламдық Соты;

Білім, ғылым, мәдениет бойынша ислам Ұйымы.

Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына қатысуының негізінде экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылды. Қазақстанның өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің сессияларына, атап айтқанда Ислам Даму Банкінің экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөнінде тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінде қатысады.

1993 жылы 6 шілдеде Стамбулда Президент Н. Назарбаев Ислам Даму бануі басқармасының төрағасы А. Мұхаммед Алимен кездеседі. Банк Қазақстан ИДБ-ға кіргенге дейін оған техникалық жәрдем көрсетуге, банкке мүше елдериен сауда қатынастарын орнатуға көмектесуге, ал Қазақстан ИКҰ-ға мүшелігін рәсімдеген жағдайда қаржылық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

ИКҰ өзінің тарапынан Қазақстанға мұсылман елі ретінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық саясаттың белсенді субьектісі ретінде үлкен қызығушылық танытты. Бұл орайда ИКҰ-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөнінде Қазақстанның бастамасына ізгі көзқарас танытқанын айтсақ та жеткілікті. Мынаны да атап көру керек: АӨСШК-ні дайындау жөніндегі Арнайы жұмыс тобының мәжілістерінде орталық мәселелердің бірі ретінде ЕҚЫҰ мен ИКҰ сияқты халықаралық құрылымдардың оң тәжірибесін ескеру және пайдалану қажеттілігі қаралды.

Президент Н. Назарбаев 1994 жылы Сауд Арабиясына ресми сапары барысында ИКҰ-ның Бас Хатшысы Х. Аль-Габидпен кездесті, ол өзінің қатарында көргісі келетін Ұйым мүшелерінің тілегін білдірді, мұның өзі Қазақстанға да, ИКҰ-ға да қасымша халықаралық салмақ берер еді. Бас хатшы біздің еліміздің ұйымға мүше болуы мұсылман елдерімен ынтымақтастық орнату үшін кең мүмкіндіктер беретінін және Ислам Даму Банкіне, Дамудың саудтық қоры, Араб экономикалық дамуының кувейттік қоры сияқты басқа да қаржылық және экономикалық ұйымдарға жол ашатынын атап өтті.

Президент Н. назарбаев байқаушы ретінде ИКҰ-ға кіру туралы Қазақстанның өтініші осы кездесу аяқталған соң берілетіндігін мәлімдеді және таяу уақытта Қазақстанның толық мүшелігі туралы мәселе шешілнтіндігіне сенім білдірді. Өз тарапынан Алб-Габид ИКҰ-ның Бас Хатшылығы мұсылман қоғамдастығы тарапынан Қазақстанға қолдау көрсетуді жұмылдыратынына уәде берді және Орталық Азия елдері бойынша сапар жасау ниеті туралы хабарлады, осы сапар барасында ИКҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың болашағы егжей-тегжейлі талқыланбақшы екен. Ол Арал және Семей полигонының экологиялық проблемаларын бірлесіп шешу туралы Қазақстан ұсынысын оң бағалады және өз делегациясының құрамына ИДБ-ның, Ислам ынтымақтастығы қорының өкілдері, экология жөніндегі сарапшылар енетінін атап өтті.

ИКҰ-ға кіру туралы Қазақстан өтініші 1994 жылы қазанда Нью-Йоркта БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысы кезіндегі ИКҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде оң сипатта қаралды.

1994 жылғы қарашада ИКҰ Бас хатшысы Х. Аль-Габид Алматыға келеді. Оны Президент Н. назарбаев қабылдады, және де бас хатшы қазақстанның СІМ-нде келіссөздер жүргізді.

1994 жылы 13-15 желтоқсанда Касабланкіде ИКҰ мемлекеттері мен Үкіметері басшыларының 7-ші конференциясы өткізілді, оған Қазақстан делегациясы да қатысты. Қатысушы елдер мен байқаушылардан басқа БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИДО және басқа да көптеген хвлықаралық және аймақтық ұйымдар, мұсылман қауымдары және шақырылғандар қатысқан Саммит ИКҰ-ның құрылуының 25 жылдығымен сәйкес келді.

1995 жылы желтоқсанда Конакридегі ИКҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ұйымға толық құқықты мүше ретінде қабылданды. ИКҰ Жарғысына сәйкес Қазақстан Ислам Даму Банкінің мүшесі де болды.

Ислам Дамк банкімен байланыстар ИКҰ жұмысының шеңберңнде де, Банк басшылығымен арнайы кездесулер барысында да жүзеге асырылды. Ислам Даму Банкінің Құрылтай шартын Қазақстан Парламенті бекіткеннен кейін Президент Н. Назарбаев 1996 жылы 15 мамырда «Ислам Даму Банкінің Құрылтай шартын бекіту туралы» Заң шығарды. Банк басшылығы ИКҰ-ға мүше елдерден Қазақстанның экспорттық және импорттық операцияларына қызмет көрсетуді ұсынды, мұның өзі ИКҰ-ға мүше елдерге көмек көрсету жөніндегі Банк қызметінің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банк сондай-ақ нарықтық экономиканың түрлі салаларында қазақстандық мамандарды даярлауда, тағылымдамадан өткізуде, семинарлар ұйымдастыруда өз көмегін ұсынды.

1996 жылы Қазақстан Республикасын Ислам Даму Банкінің мүшелігіне қабылдаудың шарттарын орындауға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға және 298 мың доллар сомасында ИДБ-ның техникалық көмегін бері туралы келісімге қол қойылды.

Жаңа елорда-Астананың инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға Банктің қатысу мүмкіндіктерін талқылауға айрықша көңіл бөлінді, атағанда қаржыландыратын іс-шаралар мыныдый: жылу жүйелерін қайта құру, жаңғырту, жылуды үнемдеу жөніндегі іс-шаралар (қаланы жылумен

жабдықтаудың жаңа обьектісінің құрылысын салу және қазір жұмыс істеп тұрған жылу энергетика обьектісінің блоктарының бірін қайта жаңғырту, әуежайды, теміржол магистралін жаңғырту, қалада әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының құрылысын салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, байланыс жүйесін қайта құру және дамыту) .

ИДБ-мен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі ретінде оның Қазақстан мен осы банккемүше елдердің арасында экспорттық және импорттық операцияларды қаржыландыруға қатысуы аталды.

1996 жылы 19 қыркүйекте Алматыда ИДБ-ның демеуімен «ҚР-на инвестициялар салу» атты аймақтық конференция өтті. Оның барысында шетелдік кәсіпкерлерге инвестициялық ахуал мен біздің еліміздің экономикасына капитал салу мүмкіндіктері туралы хабарланды.

Н. Назарбаев форумға қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөйледә. ОЛ ИДБ-ның өкілетті делегациясының Қазақстанға келуі және конференцияның өзі қазақстанның принципті жаңа сипатта -Банктің толыққұқықты мүшесі ретінде осы беделді халықаралық қаржылық ұйымның қызмет саласына іс жүзінде қосылуының өте маңызды кезеңін айғақтайды деа атады. Президент қаржыландыру үшін анағұрлым басымдық берілетін бағыттар ретінде аграрлық секторды, химиялық және қорғаныс өнеркәсібін, мұнай-газ құбырларының құрылысын салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды атады. Ол жаңа улорда- Астананы дамытуға бағытталған инвестициялардың маңыздылығын атап көрсетті.

ИДБ-ның басшысы А. Мұхаммед Әли өз кезегінде конференцияның міндеті біздің еліміздің Басшысы айтқан сөздердегі бастамаларды нақты түрде өмірге енгізуге де қатысты екеніне тоқталды. Оның пікірінше Қазақстан мен ИДБ-ға мүше елдердің арасындағы экономикалық әріптестік деңгейі қазіргі бар мүмкіндіктен әлдеқайда төмен. Сонымен бірге ол елдегі саяси және экономикалық тұрақтылық осы елдің ислам мемлекеттері кәсіпкерлерімен қарым-қатынасын дамыту үшін шешуші фактор болып табылады деп есептейтіндігін айтты.

1996 жылы Ислам Баму Банкінің аймақтық өкілдігін Алматыда құру турвлы келісімге қол қойылды, аталған өкілдік Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орта Шығыс пен Кіндік Азия елдерінің ИДБ-мен ынтымақтастығын үйлестіретін болады, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін анағұрлым жедел түрде шешуге жәрдемдесетін болады.

Бұл есеп бойынша ИДБ-ның үшінші аймақтық өкілдігі екенін атап өту керек.

1997 жылғы 9-11 желтоқсанда Тегеранда Ислам Конференциясы Ұйымының 8 Саммиті болды, оған Қазақстан да қатысты. АӨСШК кеңесін шақыру жөніндегі бастаманы қолдау туралы және экологиялық апаттардан зардап шеккен Арал теңізі мен Семей ядролық полигоны аймақтарына көмек көрсету туралы біздің еліміздің делегациясы ұсынған қарарлар бірауыздан қадылданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хатшылық және Халықаралық ислам
Ислам Конференциясы Ұйым құрамындағы институттар
Қазақстан ислам конференциясы ұйымымен ынтымақтастығы туралы
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Ислам конференциясы ұйымы
Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі
Батыс өркениетінің құлдырауы
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz